Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюді және қорғауды түсіндіру . . . 6

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюді және қорғауды түсіндіру . . . 6
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға туған жердің табиғатын аялау мен қорғауға тәрбиенің алатын орны . . . 7
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу . . . 15
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінің қалыптасуы . . . 15 2. 2 Табиғатты аялау мен қорғауға тәрбие берудегі ұлы ағартушылардың алаты орны . . . 18
2. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары . . . 21
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37

Кіріспе

Өзіңнің туған ауылыңның, қалаңның табиғатын сүю, тұрған жеріңді қадірлеу-Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың, патриоттық сезімге тәрбиелеудің негізі. Табиғатқа ұқыпты қарауға, оның байлығын молайтуға деген ынталылықты ең балғын шақтан бастап тәрбиелеу қажет. Тәрбиешінің алдында тұрған міндет-балаларды табиғатқа араластыру, оны сезім мен әрекет арқылы қабылдауға мүмкіндік беру. Балаларды табиғатты бақылауға, оның қарапайым көріністеріндегі керекті бейнелерді көре білуге, жануарлармен және өлі табиғат құбылыстары арасында көзге көрінетіндей байланыстар орната білуге үйрету қажет. Егерде тәрбиеші жергілікті жердің табиғаты мен ондағы ересек адамдардың қызметін өзі білген жағдайда ғана, бұл міндеттерді орындай алатын болады. Баланың қоршаған шындықты тануы- табиғаттағы заттармен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы. Табиғатты тануға және балалардың әр-түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы табиғатқа бақылау орнына, объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты болмақ. Дидактикалық ойы н, көрнекіліктерді, ойыншықтарды көрсету -балалардың табиғатты тануына үлкен роль атқарады.

Естиярлар топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияда, серуендерде, ойында және баулу жолымен жүргізіледі.

Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары және заттар жайындағы әңгімесі балалардың білімін едәуір молайтады. Тәрбиешінің әңгімесі сәбилер тобына қарағанда естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында көбірек орын алады.

Тәрбиеші балалардың бақылағандарын толықтырып отырулары керек және қабылдауға болмайтын объектілермен құбылыстармен таныстыруы жөн. Кейде бақылағандарды әңгімемен толықтыру қажеттігі туады. Мысалы: балалар серуен кезінде құмырсқалардың илеуін көрді. «Олар не істеп жатыр?»-деп сұрады балалар. «Кәнеки, байқап көрелік»-деп тәрбиеші, бақылау процесінде құмырсқаның қайда жорғалап бара жатқанын түсіндірді. Құмырсқаларды аз уақыт бақылағаннан соң, тәрбиеші құмырсқалардың тіршілігі жөнінде әңгімелеп беруі тиіс.

Мұның бәрі олардың жетілуіне жағымды әсер етеді, дүниені материалистік тұрғыдан тануларына негіз жасайды. Еңбек балалар бақшасында жер участкесіндегі және табиғат мүйісіндегі кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып қолдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбек дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн.

Курстық жұмысының мақсаты:

Курстық жұмысының тақырыбы мен мақсатына байланысты төмендегідей міндеттер қойдық:

Балабақша балаларының ақыл-ойы, танымдық қабілетін, қасиеттерін, табиғатқа көзқарастарын қалыптастыру

- жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға көркемдік білім беру және талғам мен тәлім -тәрбие жұмыстарын жетілдіру.

Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.

- курстық жұмысының тақырыбына сәйкес бастауыш пен жоғары сынып оқытушыларыныа әдістемелік нұсқау ұсыну.

Курстық жұмысының теориялық маңыздылығы:

Зерттеу жұмысының нәтижелері педагогика ғылымының саласы тәрбие беру ісін байытып оның теориялық мазмұны және деңгейлік сипаттамаларын дамытуға үлес қосады.

Курстық жұмысының тәжірибелік құндылығы:

Өнер арқылы қоршаған орта табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, оқушылардың шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруға және мұғалімдердің тәрбие беру ісіе көмегін тигізеді.

Зерттеудің мәні: Балабақшадағы тәрбие берудің мазмұнын педагогикалық тұрғыдан талдау.

Зеттеуіміздің кезеңдері:

Бірінші кезең - теориялық ізденіс пен әдебиеттерді талдай отырып, курстық жұмысының ғылыми аппаратын айқындау, зерттеу жұмысының бағдарламасын жасау. Екінші кезең - жинақталған материалға талдау жасау арқылы оның ғылыми нәтижесін (талдау) қортындылау.

Үшінші кезең - тәрбие беруде ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт тұрғысынан танымдық-тәрбиелік маңызын және болашақ мұғалімдерді осы істерге баулу.

Зерттеу обьектісі:

Балабақшада білім беру мен тәрбие негіздері.

Курстық жұмысының базасы:

Курстық жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысымыз кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюді және қорғауды түсіндіру

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюді және қорғауды түсіндіру

Балалар балабақшадағы тірі табиғат мүйісі- мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат пен көрнекі және әрекетті түрде таныстырудың ең қажетті жағдайларының бірі. Балалардың табиғат туралы нақтылы білім молаяды. Тірі объектімен танысқан кезде олардың бақылағыштығы, табиғатқа деген қызығушылығы арта түседі. Табиғат мүйісін күтіп баптаған кезде еңбекке бейімденудің және еңбексүйгіштік, тірі затқа аялай қарау көзқарасы, тапсырылған іске деген жауапкершілік сияқты бала бойында бағалы қасиеттер қалыптасады. .

Бөлмеде өсетін өсімдіктер үйдің ішін көріктендіреді, сонымен бірге білімі және тәрбиелік міндеттерді іске асыруға өте қолайлы. Бөлме өсімдіктері арқылы балалар өсімдіктермен жалпы танысады, бағып- күту, оларды түптеп және қайта отырғызу арқылы еңбекке дағдыланады.
Сәбилердің екінші тобындағы балалар ағаштың жапырақтары жасыл және сары болатынын білуі тиіс. Сары жапырақтардың ағаштан үзіліп түсетінін білу керек.

Екінші топтағы балаларды еңбекке баулу. Олар тәрбиешілерімен бірге құстар мен балықтарға жем береді, гүлдердің жапырақтарын сүртеді. Өз участіктерін жинауға көмектеседі. Тәрбиешінің тапсыруы бойынша, балалар жапырақ түсе бастаған кезде, өздері білетін ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, өзара түсі, пішіні жағынан салыстырады. «Ағаштың жапырағына қарап ажырат» ойындарын ойнайды.

Мектепке даярлық тобы. Балалардың еңбегін ұйымдастыру олардың жасына байланысты. Сәбилердің бірінші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтуін бақылайды, ал сәбилердің екінші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Естияр топта барлығын тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепке даярлық тобында кезекшілерден басқа балалар өсімдіктермен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді. Бақылау-мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процес. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі. Табиғатқа деген көзқарастары ынта-ықыластары сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді.

Тәрбиешінің табиғи объектілермен табиғат құбылыстарын бақылау ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі тәсілі болып табылады. Объектіге және балаларды жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге, бір аптаға дейін созылатын ұзақ болуы да мүмкін. Еңбектің маңызы. Еңбек- балалар бақшасында тәрбиелік- білімдік жұмыстың әдісі ретінде маңызды орын алады. Балалар заттармен және табиғат құбылыстарымен тікелей араласа отырып, ол жөнінде нақтылы білім алады. Өсімдіктің өсіп жетілуі мен оларды адамның күтуінің арасындағы кейбір байланыстарды анықтайды.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға туған жердің табиғатын аялау мен қорғауға тәрбиенің алатын орны

Дегенмен . . . жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш класс оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі класс балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс - тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізуді ұсынады. Білікті ұстаз -ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән беріледі. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі жоспарлары мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» (1981 ж. ) диафильмі құнды құрал.

Алпысыншы жылдардан кейінгі кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. «Жыл он екі ай» кітабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбек. Жинақтағы әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш «Қыс», көктем, жаз, қыс, күз атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбекте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының сүйсіне тыңдап, қызықтап оқитын кітабының бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады. Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1-11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық.

«Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жазды күні» т. б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең - тақпақтары енген.

Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетінін хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегі балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі карай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруін шебер суреттеген, Абай өлеңдерінен бастап қазіргі авторларды да қамтыған бірқатар шығармалар берілген. Балабақша тәрбиешісіне арналған «Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік беретін сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері берілген.

Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т. б.

Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.

Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.

Осы оқу іс-әрекеттерді тиімдідұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып, білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.

Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың «Әр қашан күн сөнбесін» (1977), «Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік - жануарларға арналған өлең - тақпақ, жұмбақтар берілген.

Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог.

Шакура Майғаранованың «Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы» (1988 ж. ) кітабында тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгіме үлгілері берілген. Мысалы «Тиын мен кірпі», «Кемпірқосақ», «Жауын», «Араның ұясы», т. б. Тіл дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнері сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Алты жастағы баланы табиғат сырымен (жұпар иісі аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсіндіру арқылы бала сұлулықты көріп-біліп оған қуанады, адамгершілік, мейірбандылық сезімдері қалыпасады. Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелі түрде серуен, саяхат, сабақ кезінде жиі ұйымдастырып тұру қажет.

1964 жылы Ресей бағдарламасының негізінде, республика көлемінде тұңғыш рет балабақша бағдарламасы қазақ тілінде жарық көрді, бағдарлама қосымша өзгерістер мен жаңалықтар да енгізілді. Мысалы: «Балаларды айналамен және табиғатпен таныстыру» бөлімінде жергілікті табиғат ерекшелігіне сай, республика көлемінде өсетін өімдіктер мен мекендейтін жануарлар, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты адамдар еңбегі мен өмір тіршілігінің өзгеріп отыруының енгізілгенін баяндайды.

Халық педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданушы педагогика ғылымының докторы, ғалым Серғазы Қалиевтың халық дәстүрлерін оқу-тәрбие ісінде қолдануға арналған ғылыми мәні зор еңбектері бар. Ғалым табиғатты қорғаудағы біздің ата-бабаларымыздың бай тәжірибесі мен ой-сезімі жайында түсінік береді. Ертеден - ақ, сауатсыз кездің өзінде қазақ халқы табиғатты аялай білген. Қазақ халқының табиғатқа сүйіспеншілігін, олардың аңыз-ертегілерінен, мақал-мәтелден, ою - өрнектерінен байқауға болады. Мысалы, түс киіз бен сырмаққа, текеметке түсірілген өрнектер даланың хош иісті гүл бәйшешегін, бұлақ суларын, тау жоталарын немесе арқар мүйізді, құс тұмсығын, қарлығаштың қанатын елестетуі тегіннен тегін емес. Сондай - ақ халық емшілері жануарлардың емдік қасиеттерін байқап тәжірибеде кеңінен қолданған. Мысалы, күйкентайдың ұясын, борсықтың терісі мен майын өкпе ауруларына, иттің жүнін құлақ ауруларына немесе жылан, құрбақамен қорқытып, шошытып емдеу, т. б. Халық арасынада хайуанаттар мен жәндіктерді сақтау жөнінде ежелден қалыптасқан әртүрлі ырымдар бар. Ата-бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң үйің өртенеді, құмырсқаның илеуін бассаң аяғың сынады, аққуды, тырнаны атуға болмайды, шөпті жұлма, көктей соласың деген сияқты әртүрлі тыйым-ырымдарын баланы табиғатты қорғау мақсатында пайдаланған. Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Бір жәндікті құрту басқа бірнеше жәндіктің тіршілігіне хауіп төндіруі сол арқылы адам баласының күн көрісіне нұқсан келтіру деген сөз. Адамның қиялына қанат бітірген тек табиғат қана

Сондай-ақ ғалым «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты еңбегінде табиғатқа сыр мен сымбат тәрбиесі ретінде қарайды. Мәселен, « Бала тілі шыға бастаған кезден-ақ өзін қоршаған ортаның ішкі сырларын отбасының үлкендерінен сұрап-білгісі келеді. Айталық балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдың т. б. табиғат құбылыстарының пайда болуы жұмбақ. Осыны үлкендерден сұрап-білгісі келген бала: «Күн қайдан пайда болады?», «Жаңбыр мен қар неге жауады?» деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Табиғат сырын ғылыми тұрғыда ұрпақтарға өресі жетпеген ата-аналар «Оны құдай жаратты» немесе «Ол саған неге керек. Жоқтан өзгені сұрайсың» - деп жазғырады. Білмегенді білуге деген құмарлық болса бойына туа біткен қасиет. Осы қасиетті жетілдіріп, жетектеп пісіріп отыру үлкендердің парызы - дейді.

С. Қалиев пен Б. Баймұратованың мектеп жасына дейінгі балалар үшін құрастырған «Өзіміз оқып үйренеміз» (1991 ж. ) кітабында балаларға жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар жайында жұмбақ, өлең-тақпақтар, әңгімелер берілген.

Табиғат адам баласының өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы ғана емес, көркемдік сұлулықтың әлемі, молшылық, байлык көзі, таным негізі. Табиғаттың сан алуан жұмбақ сырларын адам баласы әлі де зерттеп біткен емес. Сонау Әл-Фараби өмір сүрген X ғасырдан бастап бүгінге дейін қаншама жүздеген жылдар өтті. Ғылымның, техниканың дамығандығы соншалық қоғамға әр түрлі жаңалықтар мен өзгерістер еніп жатыр, оның бәрінің бұлағы табиғат болып отыр. [1. 50]

Табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс пайдалану адамзат алдындағы тұрған өзекті мәселе.

тәрбиенің негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың қоршаған ортаны танып - түсінуге негіз жасайды. Табиғатты қорғау адам өмірінің қажеттілігі үшін ғана емес, жеріміздегі тіршіліктің жалғаса беруі үшін де қажет екенін түсіндіру шарт. Белгілі ғалым - педагогтар Н. В. Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншылдық, , адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздің барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:

а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;

б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру
Балалардың экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие жолдарын анықтау
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру ерекшеліктері
Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz