Ойын әрекеті


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

Кіріспе . . . 3

І ТАРАУ. 5-6 ЖАС БАЛАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ6

1. Іскерлік ойын6

1. 2 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру17

ІІ ТАРАУ 5-6 ЖАС БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ20

2. 1 Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың әрекетін дамыту . . . 20

2. 2 Дидактикалық ойындар22

2. 3. Сюжеттік ойындар . . . 24

2. 4. Эксперимент . . . 33

Қорытынды :37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:39

Қосымшалар

Кіріспе

Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі - ойын.

Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын - түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат) ;

Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы») .

Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру қызметі.

Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі .

Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ойынның қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

Ойынның дамытушылық қызметі , оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады . .

Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халқтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.

Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.

Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ойын арқылы 4-5 жастағы баланы даму, жетілу, қозғалу, қызықтыру ерекшелігін зерттеу және оқыту процесінде ойын әдісін ашу.

Зерттеу объектісі: ойындар - балалардың ойлау қабілетін арттыратын.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
  2. Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды зерттеу.
  3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыр мағынасын іріктеу.
  4. Ойын арқылы балалардың ой-қиялын дамытуын көрсету.

Курстық жұмысының құрылымы мен көлемі: курстық жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. 5-6 ЖАС БАЛАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ

1. 1. Іскерлік ойын

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге қатысты оқытудың әдістері төмендегідей болмақшы: проблемалық-іскерлік ойын; рефлексивті-рольдік ойын; педагогикалық шеберханалар; панорамалық сабақ; лекция; семинар; практикалық сабақтар; педагогикалық оқулар; педагогикалық ринг; педагогикалық идеялар, аукцион; сынақ мерзімін өткізу; бейнетаспаға түсірілген сабақтар көру; ашық сабақтарға кіру, талдау; педагогикалық тренинг.

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. (1) Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Бала ерте жастан - ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым - қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет - сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты - баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындардың мазмұны - қандай да болмасын ақыл - ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял - ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, балалар ды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, балалар ға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.

Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт.

Оның құрылмы төмендегідей:

Міндеті.

Әрекет.

Ереже.

Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Егер оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:

1. Міндеті - әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның ( мақсаттан келіп ) міндеті, оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс - әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;

ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.

3. Ереже - дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орн алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды «ережеге құрылған ойындар» деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс - әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс - әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс - әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс - әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

4. Ойын нәтижесі - бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және тәрбиешінің немесе тірбиешінің көзқарасы тұрғысынан.

Егер ойын нәтижесін баланың көзқарасы тұрғысынан бағаласа, онда тәрбиеші ойынның балаға моральдық және рухани ләззат беру жағын есепке алады. Дидактикалық ойынның міндетін шешу баладан белгілі бір күш - жігерді талап етіп, олардың ойлау іс - әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық танытады. Мұның барлығы балаларды моральдық тұрғыдан қанағаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырады, оларды қуаныш сезімге бөлейді.

Тәрбиеші мен тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде міндеттің орындалғанын, әрекеттің жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор.

Адам өскен сайын ойын өзінің мәнін, жетекші ролін жоғалта бастайды. Бірақ ол кейбір адамдарда өмірлік іске айналады (шығармашылық, техникалық және басқа да мамандықтар) . Ойын тарихы, оның еңбектен пайда болғанын көрсетеді, ендеше ол адамдар үшін еңбектің түрі болып қала береді. Сондықтан дидактикалық ойын - бастауыш сынып балалар ын оқытудың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Мектепке дейінгі балалардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.

Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын балабақшаға келген балалардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол - мазмұнының тәрбиелік - танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.

Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан - ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан - ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып - үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.

Мектепке дейінгі балалардың оқу іс - әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда, оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы, балалар ды іс - әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.

Әдіскер - ғалым Ж. В. Арутюнян мектепке дейінгі балаларына оқытуда ойынды қолдану әдістемесін жасады. Ол «оқытуда ойынды қолдану әдістемесін компоненттердің белгілі бір жүйесінің жиынтығы», деп түсінеді. Оның негізгі компоненті ретінде ойынның мақсатын алады. Оған байланысты жүйенің басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысы.

Ойынның нақты мақсаты

Мазмұны

Құралдары

Ұйымдастыру формасы

Түрлері

Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда тәрбиешіге әдістемелік талаптар қойылады.

Тәрбиешіге қойылатын бірінші талап - ойынның нақты мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей:

Бала қабілетінің қырларын жан - жақты дамыту;

Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту;

Еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру;

Есте сақтау қабілетін дамыту.

Екінші талап - ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шарт - ойынның көмегімен жүзеге асырылатын деректі баланың жас ерекшеліктеріне, бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.

Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыруғ бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.

Дидактикалық ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық таңдау ) ең алдымен балалардың ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік іскерліктерді ( оқу, жазу ), қарым - қатынас іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 6 - 7 жасар балаларға тән көрнекті - әрекеттік және көрнекті - бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда тәрбиеші әрбір бала арқылы ойынның мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға қатынасушыларды қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, тағы басқа сондай болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына, оның түріне байланысты болу керек

Ойынның құралдарына қойылатын талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат ( ойыншықтар, материалдар т. с. с ) балалар ға жақсы таныс болуы керек.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі, олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының тәрбиешінің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын - ала дайындап алуға, ойын процесіне балалар ды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында балалар түрлі іс - әрекеттерді орындайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс - әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс - әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс - әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда балалардың орындаушылықпен (қайта берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта жаңғыртумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс - әрекеттер орындалады. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы сияқты іс - әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек.

Қоғам дамуының осы сатысында ойынның жаңа түрі - рольдік ойын пайда болады. Бұл ойын арқылы балалар өздерінің негізгі әлеуметтік қажеттілігін - үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады, өйткені бұл қажеттілік олардың еңбегіне қатысудың негізінде қанағаттандырылуы мүмкін емес. Өзімен-өзі жүрген балалар өзара бірігіп, қоғамдасып, үлкендердің әлеуметтік қатынасы мен еңбек іс-әрекеттерінің негізгі белгілерін қайталайтын ойын ұйымдастырып, өздері үлкендердің ролін орындауды алады. Сөйтіп, өндіріс пен өндірістік қатынастардың күрделіленуіне байланысты баланың қоғамдағы ерекше орнына олардың үлкендермен ортақ өмірінің ерекше формасы ретінде біреудің ролін ойнау пайда болады.

Рольдік ойында заттың іс-әрекеттерді жаңғырту екінші кезекке ығысады да, қоғамдық қатынастар мен еңбек функциясын жаңғырту бірінші кезекке шығады. Сол арқылы баланың үлкендермен байланыс жасауы мен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізі қажеттілігі қанағаттандырылады.

Рольдік ойынның алғышарттары ерте балалық шақ бойына заттық іс-әрекетте пайда болады. Олар заттың ерекше тегінің- ойыншықтардың іс-әрекеттерін игеруден тұрады. Ерте балалық шақтың өзінде-ақ балалар үлкендермен бірлесе қимыл жасап, ойыншықтарды ұстап-тұрудың кейбір әдістерін үйренеді, ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады. Мұндай іс-әрекеттерді, әдетте, ойын деп атайды, бірақ дәл мына жағдайда осылайша тек шартты түрде ғана айтылуы мүмкін.

Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.

Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.

Рольдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге ынтызарлықты оята отырып орындаушылық қабілетке де жетектейді. Рольдік ойынның мәні ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда. Қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше маңызға ие болады. Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп, өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.

Рольдік ойындар, негізінен, тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми, кәсіптік қарым-қатынасты ойдағыдай жүзеге асыруды көздейді.

« Жаңа таныс »ойыны. Сіз абитурентсіз. Сіздің қолыңызда емтиханға қажетті кітап болмай тұр. Сіз оны бейтаныс замандасыңыздың қолыннан кордіңіз. Енді осы сәтті пайдаланып сол кісімен танысыңыз. Кітабын сұрай отырып, әңгіме арасында тілдік әдеп формулаларын пайдалануыңызға болады.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер - баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардық ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер-өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Баланың дамуына ойынның ерекшелігі
Ойынның бала дамуына ықпалы
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді
Сюжеттік-рөлдік ойынның мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz