Мектеп жасына дейінгі баланың эстетикалық тәрбиесі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І тарау. Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері. 6
1. 1. Балабақша балаларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызы . . . 6
1. 2. Балалардың эстетикалық мәдениеті мн білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі . . . 14
1. 3. Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие берудегі маңызы . . . 21
ІІ тарау. Білім беретін балабақшада эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы . . . 25
2. 1. Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу . . . 25
2. 2. Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру . . . 30
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Балабақшада білім берудің мақсаты - . . . жеке тұлғаның сапалы терең білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру деп көрсетілген.
Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В. Белинский былай деп жазған: "Әдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін". Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таңым ынтымақтыққа, бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке, тәрбиелейді.
Бүгшде балабақшада балабақша және жоғары балаларының ақыл-ойы сана-сезімін жетілдіруде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігін ерекшелей келе, ұстаздардың кәсіби даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді алға қоя отырып зерттеу жұмысының тақырыбына арқау болатын актуалды, көкейкестілігін анықтауды жөнкөрдік.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған кітіп, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең бастысы, адамгершілік, этетикалық сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез - құлқын түзету, әсемдікті түсіне білу. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз әрекеттерінің әдемілігін, қажеттігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерінің жоғарв жетіле бастағанын көрсетеді.
Балабақшада балалар және тәрбиеші, тарбиеленушілер арасындағы, кіші және ересек оқушылар арасындагы таза адамгершілік қатынастардан өзіндік эстетиканы байқауға болады. Қатынас кезінде олар өзара түсінушілікке дағдыланады, ортақ тіл табысады, өмірге өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, Сократ дана айтқандай "әдемілікті бірлесіп іздеуде" таптырмайтын мүмкіншіліктер алады. Қатынас - ол тек қана оймен ғана адмасу емес, сезім және әсерленушілікпен де алмасу. Қатынас неден құралады немесе, басқаша айтқанда, қатынастың әдістері қандай? Олар: - көзқарас, сөз, дауыс ырғағы, ым, ишарат, дене қимылы. Бұл амалдар жеке түрде болсын, біріккен түрде болсын көп мағынаны түсіндіреді.
Баланың өзін - өзі тәрбилеуінің алғашқы сатысы жеткіншек сатысы болып табылады. Бұл жаста ол белгілі мөлшердегі көркем шығармалардың мазмұнын түсінуге тырысады, білім деңгейін кеңейтеді, қоршаған ортадан эстетикалық тәжірибе жинайды, өмір құбылыстары мен өнер шығармаларын саралап, өздігімен бағалауға талпынады.
Эстетика эстетикалық сананың міндетті ісі мен құрылымын ашады. Ал тәрбие теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Бұған нақты дәлелдің бірі « білім беретін мектеп концепциясының негізгі бағыттары» - (2006ж) құжатта орынды нұсқау бар: «Аса маңызды міндет - балаларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, жоғары эстетикалық талғам, өнеор шығармаларын, тарих архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет. Лсы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күшібар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері жақсы пайдаланылсын», - деп көрсетілген.
Ал өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде мектеп орасан зор роль атқаратыны белгілі. Нақосы балабақшада адамының эстетикалық мәдениетінің негіздері қаланады, сондықтан да эстетикалық тәрбие мәселелері біздің елімізге әрдайым жан-жақты тәрбиенің проблемаларымен байланыстыра қарастырылып келеді.
Қоғамның материалдық - экономикалық базасын жаңа адамды қалыптастырудан, оның дамиуынан бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан стетикалық тәрбиенің принциптерін жүзеге асыру мен қатар тәрбиенің бүкіл жүйесін одан әрі жетілдіре түсуге жағдай жасап отыру қажет.
Әрбір адамның творчестволық қабілетінің қанат жаюы оның еңбек саласының артуына әсер етеді, мәдениетін дамытады. Сөйтіп адамның мәдениетінің маңызды бөлігі - өміріміздің барлық саласына ықпал тигізетін эстетикалық мәдениет болып есептеледі.
Эстетикалық тәрбие - жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамы тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделіпроблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Сондай - ақ айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс, ұстаздар тарапынан балаларға сапалы көмек қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі жасамауы керек. Осы тұрғыдан алғанда балабақшада эстетикалық тәрбие беру іс - шарасында, атқарылып жатқан жұмыстар мен әліде болса, шешімін таппай келе жатқан проблемалар жеткілікті. Эстетикалық әсер көбіне оқыту процестері арқылы беріледі. Әдебиет, суркт, музыка сабақтары талапқа сай оқытылмайды. Балабақшада оқушылар мен тәрбиешідер арасында эстетикалық қарым -қатынас, үйлесім және эстетикалық сезім мәдениетінің төмендігін білдіреді. Жоғарыда көкейкесті мәселелердіталдай отырып, біз зерттеу жұмысының тақырыбын, «эстетикалық тәрбиелеу мазмұны мен түрлері» - деп таңдадық.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
білім беретін балабақшада эстетикалық білім берудің деңгейін жетілдіру.
Зерттеу жұмысының тақырыбы мен мақсатына байланысты төмендегідей міндеттер қойдық:
Балалардың ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғатқа, өнерге көзқарастарын қалыптастыру
- білім беретін балабақшада, балаларға көркемдік білім беру және эстетикалық талғам мен эстетикалық тәлім -тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының нәтижелері педагогика ғылымының саласы эстетикалық тәрбие беру ісін байытып оның теориялық мазмұны және деңгейлік сипаттамаларын дамытуға үлес қосады.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Өнер арқылы қоршаған орта табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, балалардың шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруға және тәрбиешідердің эстетикалық тәрбие беру ісіе көмегін тигізеді.
Зерттеудің мәні: Балабақшада эстетикалық тәрбие берудің мазмұнын педагогикалық тұрғыдан талдау.
Зеттеуіміздің кезеңдері:
Бірінші кезең - теориялық ізденіс пен әдебиеттерді талдай отырып, зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын айқындау, зерттеу жұмысының бағдарламасын жасау.
Екінші кезең - жинақталған материалға талдау жасау арқылы оның ғылыми нәтижесін (талдау) қортындылау.
Үшінші кезең - эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт тұрғысынан танымдық-тәрбиелік маңызын және болашақ тәрбиешідерді осы істерге баулу.
Зерттеу обьектісі:
эстетикалық білім беру мен тәрбие негіздері.
Зерттеу жұмысының базасы:
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысымыз кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І тарау
Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері
- Балабақша балаларына эстетикалық тәрбиеберудің
міндеті маңызы .
Философиялық әдебиеттерді алып қарайтын болсақ, "эстетика" деген сөздің өзінде былайша түсініктер берген. "Эстетика" - көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.
Ал "эстетикалық" дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді?
Бұл гректің сөзі, оның тікелей аудармасы "сезінушілік" дегенді білдіреді. Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы -бұл адамдардың сезінуі. Бала мен балалардың өзара қарым-қатынасынан эстетикалық тәрбие туындайды. Қарым-қатынас қоғамда, адамдардың рухани өмірі үшін, яғни қай сала болмасын, адамдардың көзқарасын, позициясын бірте -бірте өзгеруіне алып келеді.
Адамзат баласының жеке бір тұлға болып дамуы мен қалыптасуы өте күрделі процесс. Осы қалыптасу барысындағы оңай емес бір жағы - оған эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие айналаны қоршаған табиғат әдемілігі мен таңқаларлық сұлулықты, көркемдікті, көре, сезе білуге, соншалықты оны терең сезінуге үйретеді. Шын мәніне келетін болсақ, қөркем шығарманы қадірлеп, түсіну арқылы қабылдайды.
Баланың жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына, әсемдікті сезінуіне ықпал ететін пәндердің бірі - бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің кереметтігі - өмірдегі барша бояу түрлерінің байлығын ашып, өзіне деген ерекшеліктерін айқындайтындығында. Бейнелеу өнеріндегі көркемдегіш күштің жоғары деңгейде болуы, көрушіге өте зор ықпал етеді. Сонымен оның эстетикалық тәрбие берудегі әсер етуші мүмкіндіктердің шексіз екендігін айта кетуге болады.
Сондықтан адам баласының өмірдегі табиғат көрінісіндегі әсемдік пен сұлулықты тануға, сезе білуге үйретуде, сезімталдыққа тәрбиелеуде бейнелу өнерінің пәні аса үлкен орын алады.
Бейнелеу өнері туындыларының адамға әсер етіп, жақсылыққа жетелеуші құрал ретінде, оған ұмтылыс пен көтеріңкі көңіл туғызады. Эстетикалық тәрбиеге жүктелетін осындай күрделі міндеттердің бір бұтағы эстетикалық сезіну мен қоршаған ортаны эстетикалық жолмен қабылдау, оны қалыптастыру болып табылады.
Бейнелеу өнері мен эстетикалық тәрбие арасындағы байланысты түсіну барысында балалардың шығармашылық іс-әрекетін, күш-қуатын реттеуге көмектеседі. Осы орайда бала өз бойындағы білімін, балаға эстетикалық тәрбие мен бейнелеу өнерінің өзара байланыстарын жан-жақты, салыстырмалы түрде кеңінен жеткізуі кажет. Уақыт талабына сай оқушылар мен тәрбиешінің өзара қарым-қатынасы педагогикалық жаңа мәніне ие болады. Оқушылар мектеп қабырғасында бірте-бірте өздігінен бейнелеу өнері заңдылықтары түсініктерін қалыптасыруға ұмтылады және үйренуге бейімделеді. Бұл бір жағынан, баланың эстетикалық тәрбие туралы түсінігін қалыптастыру арқылы, бейнелеу өнеріне деген көзқарасы, дүние танымы, ой-өрісі кеңіп, сөйлеу мәдениетінің бірте-бірте қалыптасып дамуына ықпал жасайды. Демек, сабақтарда тәрбиеші өтілетін сабақтың барысы жайында, бейнелеу өнері заңдылықтары туралы айтып шектеліп қана қоймай, эстетикалық тәрбиемен байланыстыра түсіндіруі қажет.
Суретші Б. М. Неменскийдің эстетикалық тәрбие туралы айтқан ойларына сүйенсек: "Эстетикалық тәрбие кең мағанада - бұл үлкендерді тәрбиелеу және терең сезіну, бұл адамның саналы және адамгершілік тәрбиесі ең алдымен адамның адамгершілігінде. Бұл бірінші кезекте адам жүрегіндегі тамаша тәрбиені, тамаша ақылмен жетекшілік еткен және адамның жүріс-тұрысы, оның адамдарға қарым-қатынасы. Мен терең сеніммен және біз сондай сеніммен эстетикалық тәрбиені кең мағынада, адамның жалғыз және аса қажетті тәрбие құралы деп атадық".
Сонымен осы айтылғандардың негізінде адамдарда талғампаздықтың пайда болғанын байқауға болады. Адамның табиғат сұлулығын тануы, оны сұрыптап бағалай білуі, әлі де болса жеткіліксіз. Өмірді жасаушы адам болғандықтан, оның осы сұлулықты өзі жасауға ұмтылуы заңды. Олай болса, адамның эстетикалық белсенділігі өмірдің сұлулығын жасай, оны құра алатындығында. Эстетикалық белсенділіктің іске асуы айналадағы қоршаған ортаның әдемілігін көркемдеп қабылдаулың негізінде болады.
Осы орайда Б. М. Неменский өз ойын былайша білдіреді: "Адамды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу - сонымен оның ойлау және сезіну эстетикасын қалыптастыру, оның өмірге көңіл бөлуі, өнерге, еңбеккке, отбасына, достыққа, күресте. Бұл өмірлік ұсыныс әсемдікті заң бойынша қалыптастыру. Ұсыныс және әрекет, " - деп адам өміріндегі эстетикалық тәрбиенің маңызды екенін түсіндіреді.
Демек, тәрбиешінің өзі эстетикалық тұрғыда тәрбиеленген болуы керек. Себебі ол өзінің дүниетанымы, өнерге деген көзқарасы, сезінуі, түйсінуі, эстетикалық тәрбие туралы түсінігі арқылы, өзінің бойындағы білімін балаға кең түрде жеткізіп түсіндіре алады. Балаларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда көзделетін мақсат - өмір шындығының сұлулығын көре, дұрыс тани білуге, талғамын дамытуға және білімі мен көркемдік түйсінуін үйлесімді ұштастыра білуге үйрету. Бейнелеу өнеріне деген ынтасын, қызығушылығын арттырып, дүниетанымына жағымды ықпал етумен қатар, балаларды еңбек сүйгіштікке баулып тәрбиелеу, күнделікті кездесетін қарапайым және өндірістік заттарға жоғары талғам тұрғысынан қарауға, табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай білуге тәрбиелеп үйрету.
Бала бейнелеу өнері сабағында балаға қоршаған ортадағы шындық туралы көптеген мәлеметтер береді.
Мысалы, заттың нақты бейнесін салу барысында оқушы сол заттың пішінімен құрылысына қарап танысу арқылы оның салмағы, алатын орны, мәні, түр- түсі жағынан қандай дегенде де қарап, байқап білуге үйренеді. Осындай мақсатпен көз, ой тоқтатып, зерттеп қараудың нәтижесінде баланың білім жүйесінің кеңеюіне әсерін тигізеді. Бейнеленуші заттар жөнінде жаңа бір түсінік, ұғым пайда болып, олардың шындығы мен құбылысы туралы сезім пайда болады.
Бұл айтылып отырған бейнелеу өнері пәні бойынша жүргізілетін әрбір жеке сабақтың өзінде тәрбиелік мүмкіндіктің мол екендігі байқалады. Сонымен баланың эстетикалық тәрбие туралы түсінігінің жоғары деңгейде қалыптасуының негізінде, табиғат сұлулығын терең сезіну арқылы балаларына мәнді етіп жеткізілуінде.
Ақын, педагог М. Жұмабаев айтқандай, сұлулық сезімдері адамның табиғат сыйлаған қабілетімен мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Мағжан эстетикалық тәрбиенің тарауларын жан-жақты талдау жасай отырып, бала жаратылыс, табиғат сұлулықтары мен бірге өнерден барынша мол ләззат алып өсуі қажет екендігін айтады.
Бейнелеу өнері пәні бойынша оқу материалдарын жүйелі, бірізді және толық меңгеру Тәрбиешінің дұрыс іріктелген, ғылыми негізделген сабақ материалдарына байланысты. Бейнелеу өнері пәні бойынша тәрбиешідердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, әрбір сабақтың мазмұнына көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар оқу жылына толық сабақ жоспары жасалғаны жөн. Балабақша тардағы тақырыптық сурет салу алдын-ала байқау жүргізілгеннен кейін көз алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады. Тақырыптық сурет салу үрдісінде балалардың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, балалардың сурет салудағы алғашқы біліктілігі қалыптасады. Тәрбиеші балалардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты дұрыс таңдағанына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының құрылымдық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет.
Ойлау үрдісінде оқушылар заттар мен құбылыстардың заңдылық байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезіммен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына елестету сурет салуға дейінгі үрдіс.
Сурет салу барысында салыстыру, лау, абстракциялау, т. б. үрдістер қатар жүріп отрады.
Сонымен бірге, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып қалыптастырады. Аталған қабілеттерді көз алдына елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды.
В. В. Алексеева "Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек. Өйткені ол бала маңызды адамдық негізден қүр қалады", - дейді.
Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Оның осындай болуына тек болмыс туралы әсерлер ғана емес, сонымен бірге эмоциялық ойлау әсер етеді. Эмоциялық бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қылыптастыру мүмкін емес. Бүдан басқа "Көркемөнерсіз өскен баланың мүмкіншілігі шектеледі, ал мүмкіншілік шектелуі қиялдау үрдісінің тоқтауына әкеледі, " - дейді Б. Т. Лихачев. Оның тұжырымдауынша, көз алдына елестету сөйлеу дамуына тәуелді, яғни баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналады.
Қоршаған болмысқа деген байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Тәрбиеші өз сабақтарын құрғанда, балаларды қоршаған ортаның әсемділігінің, пішіні мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.
Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды Тәрбиешінің тыңдатқан музыкалық үзінділерінен, есту - бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да астарласып жүріп жатуы керек.
Сондай-ақ, тәрбиеші әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдануы қажет.
Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың суретке түсіретін бүйымдары эстетикалық қабылдаумен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен тығыз байланысты.
Балалардың көркемдік-шығармашылық іс- әрекеттері әдеби шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық құрылым арқылы көрсеткен кезде анық байқалады.
Олар туған жердің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері туралы алғашқы білім алады. Бейнелеу өнері балабақшада пәндер мазмұндық ерекшеліктері оның елестеу, қиялдау, көру, кеңістікйе, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытыуға бағытталуында.
Тәрбиеші балаларға әртүрлі пән сабағының эстетикалық тәрбиемен қандай байланысы бар екенін және эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, олардың өнерге деген көзқарасы, түсінігі, түсінуі бейнелеу өнерінің заңдылықтарын тиянақтап түсшдіру барысында эстетикаға деген ынтасын қалыптастыруға көмегін тигізеді.
Көркем-эстетикалық жағынан дамыған оқушы бейнелеу шығармашылығында сабақтан-сабаққа өткен сайын нақты, айқын, мәнерлі жұмыстар жасаса, керісінше, дамымаған балалар теледидардан көрген кейіпкерлерді: Ұлдар "машина", қыздар ертегі мазмұнында баяндалатын "ханшаларды" салып, салған суреттері кішкене сәбидің деңгейінде қалып отырады.
Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектеме мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кездестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешелігі және оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі де адамдарды қуантпай, таң қалдырмай қоймайды.
Бейнелеу әрекеті - жас баланың көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет етеді. Бала қолына карандаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге тырысады. Бейнелеу әрекетін жақсы меңгерген сабақтың негізгі мазмұнын қабылдауда кең еркіндік алып, оның бастапқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, балаларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы оқитын қабілеті бар оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған балалармен біріктіре отырып өткізу тиімді болмақ. Себебі, сабақты жақсы оқитын оқушы дайындығы нашар балаға оның жанында немесе алдында отырып, сабақ орындауын қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz