Баланың қиялы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау. Бала қиялдарының теориялық негіздері . . . 5
1. 1. Қиял процесінің ерекшеліктері мен түрлері . . . 5
1. 2. Қиял жеке адам қасиеті ретінде және оның маңызы . . . 14
ІІ тарау. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары . . . 20
2. 1. Бала қиялын дамыту жолдары мен әдістері . . . 20
2. 2. Бала қиялының дамуының нәтижесін бағалау . . . 23
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 27
Қосымша . . . 28
Кіріспе
Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау, түйсік, ес, қиял ерекшеліктеріне тоқталып, оларға анықтама береміз.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық танымдық үрдістерін және мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру.
Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық қолдау жасау.
- Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.
Баланың ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л. С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Зерттеу жұмыстың гипотезасы: Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық таным деңгейін анықтау және талдау.
Атақты психолог ғалымдары Л. С. Выготский, А. И. Леонтьев, А. С. Запорожец, Л. Д. Венгер, Д. Б. Эльконин, Е. И. Игнатьева, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер т. б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады.
Зерттеу жұмыстың пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық таным үрдістерінің маңызы.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
І тарау. Бала қиялдарының теориялық негіздері
1. 1. Қиял процесінің ерекшеліктері мен түрлері
Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, ми уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. «Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады» (М. Жұмабаев) .
Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестері де соғырлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады. Мәселен, біз төртінші сынып оқушыларына қазан төңкерісіне дейінгі қазақ аулының өмірі туралы әңгіме айтқанымызда, кейбір оқушылар сол кездегі қазақ аулына тән өзіндік өмір көріністерін, байлардың сән-салтанатты, кедейлердің ауыр тұрмысы, сол кездегі адамдардың тұрмыс салт ерекшеліктерін онша ажырата алмайтындықтарын көрсетті. Балалардың осы секілді елестерінің солғындығы оларда қазан төңкерісіне дейінгі қазақ аулындағы өмірді бейнелейтін нақты материалдардың жетімсіздігінен туған болып шықты. Кейін осы тақырыпқа қайта оралып, көрнекілік жағына ерекше мән беріогенде (оқушыларға осы жөнінде әңгіме айту, түрлі суреттер көрсету, мұражайларға, театрға апару) балаларды ң қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ аулы өмірі жөніндегі түсініктері нақтылана бастады.
Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалқ процесс: « . . . барлық жан қуаттарын тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (Әл-Фараби) . Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
- әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
- қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
- қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың құшағында, - деп жазады М. Жұмабаев - меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті;
- қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Себебі ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді;
- адам қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным түсінігі әр түрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады.
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп, берген И. П. Павлов болды. Түс көруді ұйқыдағы мидың фантазиясы деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу және оны саналы түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс көру қиялдың ең пассивтік түрі болып табылады.
Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның алу кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо до Винчи: қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның пішінін, табиғат көріністерін табуға болдаы дейді. Бұл айтылғандардың бәрі - ырықсыз қиялдың мысалдары.
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталады. Бұл - қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның творчествалық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі. Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталады. Актив қиял қайта жасау, творчествалық қиял, арман болып үшке бөлінеді.
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды. Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы - көркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек «қызық» жерін теріп оқудан қиял дамымайды. Қиялды өсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны көргендей, естігендей болып отыру қажет. Мәселен, Мұхтар Әуезовтың «Абай» романын қиялы бай адам оқитын болса, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқиғалар оның көз алдында елестеп, галереядағы суреттей жайнап тұрады. Бұл - қайта жасау қиялының көрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз алдында тұрғандай көріп, тіпті сөйлеген сөздерін есіткендей де болады. Өзін романның кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, онымен бірге тұратындай сезінеді.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің ғалымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиян. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамда пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес.
Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей бірінші дайындық сатысы. Прманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.
Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді. Мәселен, А. И. Куприннің «Жекпе-жек» повесіндегі подполковник Ромашевтың қиялы дәл осындай сүреңсіз, құрғақ қиял: «Ромашев өзінің бұл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын».
Әр бір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білуі қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ» деп өте тауып айтқан.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Мектепке дейінгі балалық - адам өміріндегі қысқа кезең, бар болғаны алғашқы жеті жыл. Бірақ баланы ересектерден бөлетін дәл осы кезең, қамқорсыз сәбидің біршама толыққанды, белсенді тұлғаға айналады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін .
В. С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең - қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта) :
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы) ;
2. Екінші кезең - қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
3. Үшінші кезең - ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең - бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы) .
О. М. Дьяченко мен А. И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті - ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е. Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді .
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял - қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л. С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
С. Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял - бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді.
Атақты психолог Л. С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.
Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.
Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы - ой - пікірден оның іске асуына байланысты.
Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз.
6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы - баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі .
В. С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz