Қазақстан Республикасының төлем балансы және оның құрылымы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕР ... ... ... .4
1.1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Төлем балансы теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ ТАРАУ. ҚР ТӨЛЕМ БАЛАНСЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1. Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу әдістері ... ... ... ...9
2.2. Төлем балансының сальдосын өлшеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІІ ТАРАУ. ҚР ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... 16
3.1. Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселелері...16
3.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
КІРІСПЕ

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді есептеу орта ғасырда пайда болған. Төлем балансы терминін шотландық экономист (ХVІІ ғ.) Джеймс Стюарт ойлап тапқан. ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған.
Макроэкономикалық зерттеулердің пәні болып елдегі өндірістің жалпы көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының сальдосы мен валютаның айырбас бағамы сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау табылады. Бұл талдаулардың мақсаты – осы көрсеткіштердің өзгеруін түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес саясатты жасақтау жүйеленген және уақытылы негізде келіп түсетін экономикалық статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді. Сонымен қатар, дұрыс экономикалық шешімдерді қабылдау үшін елдің сыртқы жағдайын тұрақты түрде бағалау мен өлшеу қажет. Біз білетініміздей, елдің басқа елдермен арасындағы қаржы ағымдары мен экономикалық операциялар мәліметтері жүйеленіп төлем балансында көрсетіледі де, ол елдің сыртқы жағдайын талдау мен қажетті өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.
Әр мемлекетте өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білуі үшін оларға кезеңдік статистикалық мағлұмат керек. Осы мағлұматтарды төлем балансынан көруге болады. Ол – бір кезеңде сол елдің сыртқы экономикалық іс- әрекет балансын айқындайтын статистикалық құжат.
Бұл тақырып өзектілі, себебі төлем балансы экономиканың сыртқы көрінісі болып табылады. Қазіргі жағдайларда төлем балансы нақты және дәлді балансталған болмаса, экономикалық болжау немесе халықаралық валюталық- қаржылық қатынастарға белсенді қатысу қиын. Мемлекетаралық қатынастардың объективті дамуы төлем балансын құруға аса дәлділікті талап етеді. Сонымен қатар төлем балансының жағдайы мемлекет тұрғындарының шекаралардан өту бостығының дәрежесін, төлем балансы негізінде сыртқы есеп айырысу бағаланады, оның арқасында валюталық бағамға түзету енгізу туралы шешімдер қабылданады. Валюталық бағам ауытқулары жиынтық ұсынысқа және жиынтық сұранысқа әсер етеді, яғни өзінің макроэкономикалық нәтижелері бар.
Курстық жұмыстың мақсаты – төлем балансының құрылымын, оған әсер ететін факторлар және төлем балансын реттеудің негізгі әдістерін ашып қарастыру.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Сейтқасымов Ғ.С. “Ақша, несие, банктер” А.,2001
2. Байгисиев М. “ Халықаралық валюта қтынастары және валюталық құқық” А.,2004
3. Көшенова Б.А. “Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары” А.,2000
4. Мақыш С.Б. “Ақша айналысы және несие” А.,2004
5. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банктер операциялары” А.,2002
6. Мамыров Н.Қ. “Халықаралық экономикалық қатынастар” А.,1998
7. Доғалова Г.Н. “Халықаралық экономика” А.,2000
8. Елемесов Р.Е. “Халықаралық экономикалық қатынастар” А.,2001
9. Авдокушин Е.Ф. “Международные экономические отношения” M.,1996
10. Ломакин В.К. “Мировая экономика” M.,1998
11. Руководство по Платежному балансу. Пятое издание, 1993.МВФ. США, Вашингтон -1993. 250 бет.
12. Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі, Қазақстан және ТМД елдері 2006ж.
13. Қашықов Ш, Нұрғалиев Ө. «Экономикалық теория негіздері», Қарағанды 1997ж
14. Сахариев А.С. Сахариева А.А. «Әлем экономикасы» Алматы «Дәнекер» 2005 ж.[32-34]
15. Ілиясова Қ.Қ,Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы 2005ж.[492-493].

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

______________кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

_________________ пәні бойынша

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының төлем балансы және оның құрылымы

Орындаған: ___________

Тексерген: ___________

Қарағанды 2014
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕР ... ... ... .4
1.1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Төлем балансы теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ ТАРАУ. ҚР ТӨЛЕМ БАЛАНСЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1. Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу
әдістері ... ... ... ...9
2.2. Төлем балансының сальдосын өлшеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІІ ТАРАУ. ҚР ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... 16
3.1. Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселелері...16
3.2. Қазақстан Республикасының төлем балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді есептеу орта ғасырда пайда болған.
Төлем балансы терминін шотландық экономист (ХVІІ ғ.) Джеймс Стюарт ойлап
тапқан. ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда
дами түсті. Осыған негізделе отырып Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) барлық
елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін
жасаған.
Макроэкономикалық зерттеулердің пәні болып елдегі өндірістің жалпы
көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының сальдосы
мен валютаның айырбас бағамы сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау
табылады. Бұл талдаулардың мақсаты – осы көрсеткіштердің өзгеруін
түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу
бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге
жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес
саясатты жасақтау жүйеленген және уақытылы негізде келіп түсетін
экономикалық статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді. Сонымен қатар,
дұрыс экономикалық шешімдерді қабылдау үшін елдің сыртқы жағдайын тұрақты
түрде бағалау мен өлшеу қажет. Біз білетініміздей, елдің басқа елдермен
арасындағы қаржы ағымдары мен экономикалық операциялар мәліметтері
жүйеленіп төлем балансында көрсетіледі де, ол елдің сыртқы жағдайын талдау
мен қажетті өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.
Әр мемлекетте өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білуі үшін оларға
кезеңдік статистикалық мағлұмат керек. Осы мағлұматтарды төлем балансынан
көруге болады. Ол – бір кезеңде сол елдің сыртқы экономикалық іс- әрекет
балансын айқындайтын статистикалық құжат.
Бұл тақырып өзектілі, себебі төлем балансы экономиканың сыртқы
көрінісі болып табылады. Қазіргі жағдайларда төлем балансы нақты және дәлді
балансталған болмаса, экономикалық болжау немесе халықаралық валюталық-
қаржылық қатынастарға белсенді қатысу қиын. Мемлекетаралық қатынастардың
объективті дамуы төлем балансын құруға аса дәлділікті талап етеді. Сонымен
қатар төлем балансының жағдайы мемлекет тұрғындарының шекаралардан өту
бостығының дәрежесін, төлем балансы негізінде сыртқы есеп айырысу
бағаланады, оның арқасында валюталық бағамға түзету енгізу туралы шешімдер
қабылданады. Валюталық бағам ауытқулары жиынтық ұсынысқа және жиынтық
сұранысқа әсер етеді, яғни өзінің макроэкономикалық нәтижелері бар.
Курстық жұмыстың мақсаты – төлем балансының құрылымын, оған әсер
ететін факторлар және төлем балансын реттеудің негізгі әдістерін ашып
қарастыру.

І ТАРАУ. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы

Әрбір елдің көпқырлы, кешенді халықаралық экономикалық қатынастары оның
халықаралық операцияларының баланстық (тепе- теңділік) есебінде көрініс
табады. Бұндай есепті қалыптасқан дәстүр бойынша төлем балансы деп атайды.
Төлем балансы дегеніміз тауарларды, қызмет көрсетулерді, капиталдарды әкету
мен әкелу көрсеткіштері формасында (нысанында) елдің дүниежүзілік
байланыстарын анықтайтын құндық өлшем. Халықаралық операциялардың баланстық
есебі елдің сыртқы экономикалық операцияларының көлемін, құрылымын және
сипатын сандық және сапалық тұрғыдан анықтайтын құндық көрсеткіш. Барлық
операциялар бойынша валюта ағындарының көрсеткіштері төлемдер мен кірістер
деп белгіленеді.
Экономикалық мазмұны бойынша белгілі бір мерзімдік және белгілі бір
кезеңдік төлем баланстарын ажыратады. Белгілі бір мерзімдік төлем балансын
статистикалық көрсеткіш ретінде дәл атап айту мүмкін емес, себебі ол күн
сайын өзгеріп тұратын төлемдер мен кірістер арақатынасы түрінде көрініс
береді. Төлем балансы жағдайын ұлттық және шетелдік валютаға деген осы
сәттегі сұраныс пен ұсынысты анықтайды және мұның өзі валюта бағамын
қалыптастыру факторларының бірімен саналады.
Белгілі бір кезеңдік (ай, тоқсан, жыл) төлем балансы осы кезең
аралығында жүзеге асырылған сыртқы экономикалық мәмілелердің статистикалық
көрсеткіштері негізінде жасалады да, елдің халықаралық экономикалық
қатынастардағы өзгерістерін сараптауға мүмкіндік береді. Кезeңдік төлем
балансы көрсеткіштері экономикалық дамудың агрегаттық көрсеткіштерімен
(жиынтық ішкі өнім, ұлттықтабыс т.с.с.) байланысты сондықтан мемлекеттік
реттеу объектісі болып табылады. Кезеңдік төлем балансының жағдайы ұлттық
валюта жағдайымен, оның тұрақтылығымен немесе валюта бағамының өзгерістері
сипатымен тығыз байланыста болып келеді.
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан төлем балансы әрқашан тепе-теңдік
жағдайында тұрады. Бірақ негізгі бөлімдері бойынша егер кіріс төлемдерден
жоғары болса, онда оңды сальдо орын алады, ал төлемдер түсімдерден артып
кетсе, теріс сальдо бой көрсетеді. Сондықтан, төлем балансын жасау және
сальдоны есептеу әдістері елдің сыртқы экономикалық операцияларын
сипаттайтын көрсеткіштерді дұрыс сараптауды ұйымдастыру жолында үлкен рөл
атқарады.
Төлем балансының әртүрлі анықтамалары бар. Егер төлем балансының
шетелдік әдебиетердегі анықтамасына зер салатын болсақ, онда олардың
көпшілігі төлем балансын елдің сыртқы экономикалық қызметтің статистикалық
өлшемі дегенге саяды.
Американдық экономистер Виссерман мен Уэйрдың төлем балансы
проблемаларына арналған еңбегінде мынадай мынадай анықтама берілді. Төлем
балансы белгілі бір кезең ішіндегі осы елдің резиденті мен басқа елдер
өкілдері арасында орын алған экономикалық операциялардың статистикалық
көрінісі. Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) әдістемелік нұсқауларында
былайынша айтылған: “Төлем балансы дегеніміз аталған кезеңнің статистикалық
көрсеткіштері жинақталған кесте, онда:
а) белгілі бір ел мен басқа елдер арасындағы тауарлармен, қызмет
көрсетулермен және табыстармен операциялар;

б) осы елдің иелігіндегі монетарлық алтынға байланысты меншіктік
өзгеру, сондай- ақ басқа елдерге қатысты қаржылық талаптар мен міндеттер;
в) біржақты аударулар және конпенсацияланушы (орын толтыру) жазбалар
көрсетіледі”. Осы нұсқауларға байланысты төлем балансына атқарылған
операциялар ғана емес, сонымен бірге операциялардың тепе- теңдігіне қол
жеткізу үшін дайындалған жасанды көрсеткіштер де кіреді.
Францияның ресми ақпарат көздерінде мынадай анықтама берілген: “Елдің
төлем балансы дегеніміз – тұрақты түрде жасалатын статистикалық ведомость,
онда есептелген көрсеткіштер ретінде белгілі бір кезең ішіндегі резиденттер
мен резидент емес тұлғалар арасындағы қаржылық ағындар қозғалысы
көрсетіледі”. Германиядағы төлем балансы туралы зерттеулердің бірінде:
“Әдетте төлем балансын жүйеленген барлық экономикалық мәмілелер баланс
формасында жинақталған статистикалық көрсеткіштер деп түсінген абзал”
делінген.
Төлем балансын жасау теориясы мен практикасы дүниежүзүлік экономикадағы
өзгрістерге сәйкес және жетілдіріліп отырады. Халықаралық төлем
қатынастарында “баланс” термині баланстық есеп, сальдо немесе есепшот
қалдығы, есепшот жағдайы, тепе-теңділік және т.б. түсініктерді анықтау үшін
қолданылады. Сондықтан, төлем балансы елдің халықаралық операцияларының
есебі ғана, сонымен қатар осы операциялардың белгілі бір жағдайының
көрінісі де табылады.
Төлем балансы құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Сауда балансы, яғни тауарларды әкету мен әкелу арақатынасы;
2. Қызмет көрсетулер және коммерциялық емес төлемдер балансы;
3. Ағымдағы операциялар балансы;
4. Капиталдар мен несиелер қозғалысы балансы;
5. Ресми валюта резервтерімен операциялар.
Сауда балансы, тарихи тұрғыдан сыртқы сауда ұлттық және дүниежүзілік
шаруашылықтарды байланыстыратын халықаралық экономикалық қатынастардың
бастапқы формасы болып табылады. Сыртқы сауда арқасын халықаралық еңбек
бөлінісі қалыптасады.
Төлем балансында сыртқы сауда көрсеткіштері дәстүрлі маңызды орын
алады. Тауарлардың экспорты импорты арақатысы сауда балансын түзеді. Сыртқы
сауданың едәуір бөлігі несие жүзінде асатындықтан тиісті кезеңде атқарылған
мен түсімдер арасындағы айырмашылықтар болады Осы айырмашылықтарға
байланысты кезінде төлем балансы атқарылған ақшалай төлемдер мен нақты
түсімдер арақатысы ретінде анықталған еді.
Теріс сауда балансы ұнамсыз құбылыс саналады және әдетте елдің
дүниежүзілік шаруашылықтағы позициясының әлсіздігін көрсетеді.
Қызмет көрсетулер балансы көлік тасымалы, сақтандыру, электрондық,
телеғарыштық, телеграф, телефон, пошта және байланыстың басқа да түрлері
бойынша халықаралық туризм, ғылыми-техникалық және өндірістік тәжірибеде,
эксперттік қызметтер көрсетулер, шетелдерде дипломатиялық, сауда және басқа
да өкілдерді ұстау бойынша, ақпараттар алмасу, жарнама, жәрмеңке т.с.с.
үшін төлемдер мен түсімдерден тұрады. Қызмет көрсетулер дүниежүзілік
экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқан секторы болып
табылады және оның төлемдер мен түсімдер көлемі мен құрылымына әсері
тұрақты өсу үстінде.
Ағымдағы операциялар бойынша төлем балансы сауда балансы және
“көрінбейтін” операциялардан тұрады. Бұл операциялардың ағымдағы деп аталуы
тауарлар мен қызмет қызмет көрсетулердің дүниежүзілік саудасын капиталдар
мен кредиттер нысанындағы қаржылық ресурстарының халықаралық қозғалысын
ажыратып алу үшін қажеттігі де болып отыр.
Капиталдар мен кредиттер қозғалысының балансы мемлекеттік және жеке
меншік капиталдар капиталдарды әкету мен әкелу, берілген және алынған
халықаралық кредиттер арақатысын көрсетеді. Экономикалық мазмұны бойынша
бұл операциялар кәсіпкерлік капиталдың және қарыз капиталының халықаралық
қозғалысы деген атаулармен екі категорияға бөлініп қарастырылады.
Кәсіпкерлік капитал құрамына тікелей шетелдік инвестициялар (шетелде
кәсәпорындарды сатып алу немесе құрылысын жүргізу) және портфельдік
инвестициялар (шетелдік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу) кіреді.
Тікелей инвестициялар ұзақ мерзімді капиталды шетелге шығарудың маңызды
нысаны болып есептеледі және төлем балансына едәуір әсер етеді. Тікелей
инвестициялар халықаралық өндіріс дамиды, ұлттық экономикалық дүниежүзілік
шаруашылыққа интеграциялануы артады.
Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы мерзімдік белгісі бойынша
жіктеледі:
1. Ұзақ және орта мерзімді операциялар құрамына бір жылдан артық
уақытқа берілген мемлекеттік және жеке меншік займдар мен несиелер кіреді.
Мемлекеттік займдар мен несиелерді алушыларға негізінен лидер елдерден
кейіндеп қалған елдер жатады. Ал, қаражатты беруші кредитор- елдер қатарына
жетекші, дамыған елдерді көреміз.
2. Қысқа мерзімді операциялар қатарына бір жыл мерзімге дейін
берілетін халықаралық несиелер, шетелдік банктердегі ұлттық банктердің
ағымдағы есеп шоттары (авуарлары), ақша капиталдарының банкаралық қозғалысы
жатады.
Төлем балансының статистикалық көрсеткіштерін жинау мен өндеу
әдістерінің ұдайы жетілдіруіне қарамастан едәуір қателіктердің де орын
алатындығы жасырын емес. Сондықтан, төлем балансында “қателіктер мен
қалдырулар” айырықша көрсетеді бұл бапта статистикалық қателіктер есепке
алынбаған операциялар кіреді.
Төлем балансының қорытынды баптары өтімді валюталық активтер мен
операцияларды көрсетеді. Бұл операцияларға мемлекеттік валюта органдары
араласатындықтан орталықтандырылған, ресми алтын- валюта резервтері көлемі
мен құрамында өзгерістер пайда болады.

2. Төлем балансы теориялары

Елдің төлем балансын мемлекет реттейді. Бұл ертеден келе жатқан
теория ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында шотландық Д.Юманың стандарт
шартында автоматты түрде теңестірудің классикалық теориясы өте жоғары
деңгейде дамыған. Бұл теория алтын стандарт шартымен бірге қалып қойды.
Бірақ соңғы он жылдықтарда бұл теорияға қызығушылық қайта артты. Бұрынғы
жағдайда автоматтық реттегіш (регулятор) ретінде “резервтің қорытынды
өзгерістері” танылса, валюта, валюта курсының “қалқымылы” жағдайында
автоматты регулятор ретінде ұлттық валюта курсы айырбасталуының
“қалқымылы” болуы саналды.
Төлем балансы оның құлдырауына байланысты төмендейді, оның жақсаруына
байланысты жоғарылайды. Ол өздігінен автоматты түрде көптеген ағымдағы
операциялардың өзгеруіне әкеледі. Капиталдың қозғалуына ықпал етеді.
Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық әдіс қалыптасты. Оны
Дж.Робинсон, А Лернер, Л Мецлер ойлап шығарды. Эластикалық әдіс төлем
балансының өзегі – сыртқы сауда болып табылады.
Сауда балансының сальдосы = Рэ Ри * К болып табылады.
Мұнда: Рэ – экспорттық тауарлар бағасының деңгейі;
Ри – импорттық тауарлар бағасының деңгейі;
К – валюта курсы.
Төлем балансының тепе-теңдікке жеткізу құралы - валюталық курс
өзгерімділігі болып табылады. Осыған сәйкес ұлттық валютаның девальвациясы
экспорттық бағаларды төмендетеді, ал ревальвация (құнын арттыру) шетелдік
тұтынушылар үшін біздің тауарларымызды қымбаттатады. Ол елде шығарылған
тауарлардың бізге әкелінуін арзандатады.
С.Александрдың еңбегі Дж.Мид және Я.Тинбергеннің идеясына сүйене
отырып, абсорбциондық тұрғыдан келіп, жалпы алғанда, кейнсияндық теорияға
сүйенеді. Бұл тұрғыдағы төлем балансын (атап айтқанда, сауда балансы) жалпы
ішкі өнімнің негізгі элементтерімен, біріншіден, ішкі тұтыну мен
инвестциялық сұраныстың жиынтығымен байланыстыруға тырысады.
Абсорбциондық тәсіл төлем балансы жағдайының жақсарғанын (оның ішінде
ұлттық валютаның девальвациясы арқылы), елдің табысының оның ішінде
абсорбцияның жалпы көтерілгенін, яғни тұтыну мен капиталды салудың өскенін
көрсетеді. Бұл жерде кейнсиандықтар қорытындысынша: экспортты ынталандыру,
ал импортты ұстау, атап айтқанда, отандық өнім мен қызмет көрсетудің
бәсекелесуін көтеру қажет (тек ұлттық валютаны девальвация жасау жолымен
ғана емес). Бұл теориялардан басқа да көп тәсілдер қарастырылады. Соның
ішінде монетаристік тәсіл. Бұл жерде, әрине, елдегі төлем балансы қорытынды
сальдосының ақша айналымына ықпалы қарастырылған ақша факторына айырықша
көңіл бөлінеді. Монетаристердің көзқарасы бойынша, елдің рыногындағы тепе-
теңдіктің болмауы төлем балансындағы тепе-теңдіктің болмауын анықтайды.
Осыған байланысты үкіметке берілетін басты ұсыныстар: тікелей ақша
айналымына ғана емес, сондай-ақ, елдің халықаралық есеп балансына
араласпау. Төлем балансының дефицитін болдырмау үшін, тек қана ақша
массасын қатаң қадағалау қажет. Бұл проблемаға монетаристер аса көңіл
бөлмеу керек дейді, себебі төлем балансына деген дефицит – айналымдағы
артық ақшадан тезірек құтылу үшін экономикаға көмек көрсетеді.

ІІ ТАРАУ. ҚР ТӨЛЕМ БАЛАНСЫН ТАЛДАУ

2.1 Төлем балансының шоты және оны мемекеттік реттеу әдістері

Белгілі бір мемлекеттің төлем балансы – бұл олардың резиденттерінің
арасындағы және сыртқы әлеммен жасалған экономикалық келісімдерінің белгілі
бір мерзімдегі статистикалық есеп берулері болып табылатыны белгілі. Төлем
балансында ағымдағы операциялар есебі – NX, капитал қозғалысының есебі –
KA және арнайы резервтік активтердің өзгерісі – ΔR белгісімен есептеледі.
NX және КА сомаларын негізінде арнайы есеп беру шотының балансы деп те
атайды.
BP=NX+KA
Егер, арнайы есеп беру шотының балансы шетел тауарларының таза сатып
алымдарын, қызмет көрсетулер және активтерін көрсетсе, валюталық реттеу
органдары дисбалансты орталық банкте сақталып тұрған шетел валюталарының
резервтерін пайдалану арқылы қаржыландырулары керек.
NX+KA=ΔR
Өзіне арнайы резервтік активтерді кірістірген жағдайда оның жалпы
сомасы нөлге тең болады. Ағымдағы есеп балансы сыртқы келісімдердің
масштабтары мен бағыттарын анықтайтын болғандықтан, ол төлем балансының
жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады. Елдің импортты
экспорттан асып түскен жағдайда ағымдағы операциялар балансының дефицит
көлеміне сәйкес теріс ағымдағы операциялар балансы сыртқы саудадағы борыш
есебінен жабылуы тиіс. [12-147]
Сонымен, операциялар шотын (NX) оны қаржыландыру көзінің негізгі
сомасы ретінде қарастырған жағдайда мынаған ие боламыз:
NX=ΔR-ΔKA=ΔNFA,
Бұл жерде: ΔR – таза резервтердегі шетел валютасының өзгерісі;
ΔКА – таза ликвидті міндеттемелердің сыртқы әлем алдындағы өзгерісі
(капитал кірісі мемлекеттің басқа мемлекеттер алдындағы ликвидті
міндеттемелерінің өскенін білдірсе, капитал шығысы елдің басқа
мемлекеттерге ликвидті міндеттемелерінің өскенін білдіреді).
ΔR және ΔKA арасындағы айырмашылық мемлекеттің таза шетелдік
активтеріндегі өзгеріс көлемін көрсетеді (ΔNFA). ΔNFA – мемлекеттің басқа
елдерге ликвидті міндеттемелер көлемінің таза өсімі.
NX мемлекеттің таза сыртқы активтерінің қаншалықты өскенін көрсетеді.
Егер мемлекеттің ішкі шығындары оның түсімдерінен аз болып және NX оң
нәтижелі болған жағдайда мемлекеттің басқа елдерге ликвидті міндеттемелері
өседі. Ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы шетелдік валюталық
резервтердің және мемлекеттің кірістер көлемінің азайғанын көрсетеді.
Егер NX оң болып және мемлекет халықаралық қаржы нарығында кредиттер
берген жағдайда оның жағдайы өседі. Себебі шетелдіктер осы мемлекеттің
экспортының әрбір бірлігін бүгінде өздерінің импортымен төлемей, соңында
осы алынған кредиттер пайыз көлемінің өсуімен үлкен сомада төленеді.
Егер NX теріс болып, мемлекет халықаралық қаржы нарығында борышты
болған жағдайда оның жағдайы төмендейді.
Сонымен қатар, NX=ΔR – ΔKA = ΔNFA теңдігінде ұзақ мерзімдік кезеңдегі
ағымдағы операциялар балансының күнделікті дефицитінің нәтижесі теріс
көлемде болуы мүмкін, таза шетлдік активтер көлемінің қысқаруына алып
келеді. Осының нәтижесінде мемлекет нетто-қарызгерге айналып мемлекет
алдында қарызды қалай төлеу керек туралы проблема туындайды.
Теңдікті жалғастыра отырып, мынаған ие боламыз:
(Sp-I)+(T-G)=ΔNFA
Жеке сектордағы инвестициялар және жинақтарды тең деп пайымдайық.
Бұндай жағдайда мемлекеттік бюджеттің артықшылықтары мемлекеттің басқа
елдерге қатысты міндетті төлемдерінің өсуін көрсетеді. Ол сыртқы қарыздың
азаюымен немесе шетелдік валюталық резервтердің көбеюімен сипатталады.
Осыған байланысты төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше
негізгі әдістері бар.
Бірінші – тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда (сандық
шектеулер арқылы) және кедендік т.б. жинақтар, шетелге шетелдік
инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардың пайда
келтіруіне тыйым салу және шектеу; осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және т.б.
Тікелей бақылаудың бұл түрі елдің көптеген фирмаларына (қатты) үлкен
қиындықтар және өшпенділіктер туғызады.
Қысқа мерзімді жоспарда төте бақылау жақсы нәтиже береді.
Ұзақ мерзімде бұл әдістер жағымды және жағымсыз нәтиже туғызады.
Жергілікті өндірушілерге “қолайлы жағдай” жасау шетел инвесторларының
табыстарын өткізуге тыйым салу олардың қызығушылығын төмендетеді. Сондай-ақ
шетелдік мамандарды тартуда қиындықтар туындайды.
Отандық экспорттаушылар үшін шетелдерге тауар және қызмет көрсету
жүйелерінің кеңеюіне кедергілер келтіреді.
Бұл өшпенділік туғызбайды, керісінше, тікелей шара отандық фирмалар мен
экспорттың көмек қаражат (субсидия) жасалуын қолдайды. Бірақ ол қымбатқа
түседі, оның қолданылуы мемлекеттің бюджетіне байланысты.
Мемлекеттік ықпалдың келесі әдісі – дефляция (инфляциямен күрес), ішкі
экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған, бірақ жанама әсер төлем
балансының жағдайын жақсартады. Дәстүрлі дефляция саясат көпшілігінде
өндіретін көлемін төмендетеді, импорттың қысқаруына және экспорттың өсуіне
әкеп тірейді.
Сол мемлекеттерде несие-банк жүйесі дамыған болса, қысқа мерзімді
капиталды келуге ықпал етеді.
Бірақ дефляция, сонымен қатар, қарама-қайшы жағдайлар да туғызады.
Мысалы: ұлттық
валюта айырбас курсы жоғарылайды, ол импорттың көбеюіне жол ашады. Бірақ
ұлттық валютаның курсының өсуі мемлекетте экспорттық табысты төмендетеді.
Күшті экономикалық дағдарыстарды болдырмау үшін мемлекет тарапынан
валюта курсының тұрақты және “қалқымалы” курсына қатаң бақылау жасалуы
керек.
Төлем балансы тапшы елдер мынадай саясаттарды қолдануы тиіс:
1. Дефляциялық саясат: бюджеттік шығындарды қысқартады; ішкі сұранысты
қысқартады; жалақыны және бағаны ұстап тұрады.
Ал, негізгі құралы – қаржы және ақша-несие шаралары. Бюджет
тапшылығының қысқаруы ұлттық банктің ставкасының өзгеруі, несиенің
шектелуі, ақша массасының өсуі шегінің белгіленуі. Бірақ жұмыссыздықтың
өсуі және өндіріс күштерінің толық пайдаланылмауы өндірістің төмендеуіне
жұмыс күшін қамсыздандыруының төмендеуіне ықпал етеді.
2.Девальвация (құнсыздану). Бұл саясатта ұлттық валюта курсының
төмендеуі, экспорты ынталандыру, импорттық тауарды шектеуге бағытталады.
3.Валюталық шектеу. Экспорттаушылар экспорттан түскен пайданы кеңінен
пайдалана алмайды. Белгілі бір мөлшерін мемлекеттік ұлттық банкке сатуға
тисті. Ал қалғанын өзі пайдалана алады.
4.Каржы және ақша-несие саясаты. Төлем балансының тапшылығын азайту
үшін экспорттаушыларға бюджеттік субсидия қолданылады. Импорттың салыққа
протекционистік көтерме, пайыздық салықты алып тастау, құнды қағазды шетел
иеленушілерге төлеу.
5.Төлем байланысына қатысты қолданылатын мемлекеттік ықпалдың арнайы
шаралары оның негізгі баптарынын сауда балансынын қалыптасуына байланысты
”көрінбейтін” операциялар және капитал қозғалысы.
Капитал қозғалысы балансы – қаржылай құйылымдарын көрсетеді.
Сауда баланысы:
1. Активті – біздің елге келетін кірістер.
2. Пассивті – біздің елден кетіп жатқан шығын.
Сауда балансының жағдайы анықталған кезеңдегі мемлекеттің сыртқы
экономикалық жағдайын мәлімдейді. Сондықтан да мемлекет оны үнемі реттеп
отыруы қажет. Ол үшін мемлекет импорттық және экспорттық операцияларға
тікелей бақылау орнатады. Салықты реттеу, табыстарды ауыстыруға тыйым
салады т.б.
Квоталық – тауарлардың санын шектеу.
Төлем балансына мемлекеттік ұлттық валютаның айырбас бағамын реттеу
арқылы әсер етуі:
Револьвация - ұлттық валюта бағамын жоғарылату.
Девольвация - ұлттық валюта бағамын төмендету.
Төлем балансының экономикаға әсер етуі валюта бағамына әсер ету арқылы
жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипатымен статистикалық
мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта бағамы елдің
тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің бес функциясын
орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік
экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының бірі.

2.2. Төлем балансының сальдосын өлшеу тәсілдері

Төлем балансын жасаудағы ең басты мәселенің бірі оның сальдосын өлшеу
болып табылады. Төлем балансының оң (актив) немесе теріс (пассив) екендігін
анықтайтын әдіс бойынша оны негізгі және теңгермелі баптарға бөліп
қарастырады.
Төлем балансы сальдосы түсінігі белгілі бір операциялар жиынтығын
баланстық қорытындылауды білдіреді. Төлем балансының сальдосы түсінігі
белгілі бір операциялар жиынтығын баланстық қорытындылауды білдіреді. Төлем
балансының сальдо көрсеткіші құрылымдық сипатта болады. Оның мөлшері
бірінші кезекте таңдалған баптарға тәуелді. Бірақ мұндай таңдаулар қалай
болса солай жасалмайды. Ол белгілі бір мәселеге бағынышты және тиісті
талдауды қажетсінетін баптардан құралады.
Төлем балансы баптарын ХВҚ- ның әдістемесі бойынша жіктеу оның
сальдосын шығаратын әдістер эволюциясын байқауға мүмкіндік береді. Бұл
схемаға сәйкес белгілі бір операциялар топтамасының қорытынды көрсеткішін
анықтауға болады екен. Ал, ол өз кезегінде белгілі концепциялардың біріне
сай келіп, төлем балансының осы топтамасының сальдосын шығаруға
көмектеседі.
Халықаралық айырбастың тарихы мейлінше дамыған нысанына (формасына)
сыртқы сауда жататыны белгілі. Алғашқы төлем баланстарының негізгі
баптарының мазмұнын сыртқы сауда бойынша есептеулер құраған болатын.
Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне байланысты халықаралық айырбас
саласында қызмет көрсетулер үлесі арта бастады. Қазіргі төлем балансында
сауда мен қызмет көрсетулер операциялары негзгі баптар қатарынан орын
алады. Сауда балансы мен қызмет көрсетулер балансы ел экономикасының ішкі
жағдайымен тығыз байланысты және сонымен бірге елдің дүниежүзілік
шаруашылықтағы позициясын да барынша анық көрсетеді. Сыртқы сауданың
тапшылығы немесе жеткіліктілігі болуы дүниежүзілік рыноктағы осы ел
тауарларының бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Экономиканың қуаттылығы
немесе әлсіздігі шұғыл экономикалық шаралар қолдануға итермелейтіні де
даусыз.
Төлем балансының ағымдағы операциялар сальдосы елдің сыртқы
экономикалық жағдайын сипаттау үшін жиі қолданылады. Ағымдағы оперпациялар
балансы елдің шетелге өткізген шынайы құндылықтарының көлемі немесе өзінің
ішкі жиынтық өнімін ұлғайтқан шетелдік өнімдер келуі деңгейінің көрсеткіші
болып есептеледі. Ағымдағы операциялар балансы елдің шетелге өткізген
шынайы құндылықтарының көлемін немесе өзінің ішкі жиынтық өнімін ұлғайтқан
шетелдік өнімдер келуі деңгейінің көрсеткіші болып есептеледі. Ағымдағы
операциялар елдің техникалық- экономикалық тұрғыдан “табысына сәйкес” өмір
сүруі дәрежесін бағамдаудың тиімді құралы болып тадылады.
Батыс сарапшыларының пікірі бойынша ағымдағы операциялар балансының екі
ерекшелігі бар. Біріншіден, ағымдағы операциялар өзінің табиғаты бойынша
түпкі көрсеткіш болып есептеледі. Олар, мысалы, капитал қозғалысы
оперпацияларында орын алатын жауап операцияларға түрткі болмайды.
Екіншіден, ағымдағы операциялар қысқа мерзімді тұрғысынан ең орнықты болып
саналатындықтан, экономикалық тендецияларды тереңдете көрсетеді. Ал,
капитал қозғалысы операциялары болса тек қана экономикалық емес, сонымен
қатар саяси себептерге байланысты толқулар мен тербелістерге ұшырап
отырады. Міне, сондықтан да ағымдағы операциялар балансы күні бүгінге дейін
ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ
Мемлекеттің төлем балансының экономикалық мәнін ашу
ҚР Ұлттық төлем балансы және оның ерекшеліктеріне талдау
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Қазақстан Республикасының халықаралық сауда саясаты
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Валютаның әлемдік тәжірибедегі нарығы
Валюталық бағамның экономикадағы орны және оны экономикалық реттеу
Пәндер