Біріккен сабақ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.22
1. ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІРІККЕН ОҚЫТУ ҰҒЫМЫ
1.1 Біріккен оқыту әдістемсі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.2 Біріккен оқыту әдістемесінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.12
2. ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІРІККЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
2.1 Бастауыш сыныптарды біріктіріп сабақ өту тәсілдері ... ... ... ... ... ... ...13.16
2.2 Бастауыш сыныптарда біріктіріп сабақ өтудің міндеттері ... ... ... ..17.22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес бугін мектептегі бастауыш сыныптарды біріктіріп оқыту әдістемесі жетілдіріліп келеді.
Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.
Елбасы: "XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады"-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. [1]
Білім алудың негіздемелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" заңына, "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жылдағы жолдаулары, 2008 жылдың 6 ақпанындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" жолдауы және т.б. мемлекеттік құжаттарға сай жасалған.
Қазақ елінің 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.
"Бастауыш-білім негізі" деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім берудің басты міндеті сапаға зейін аудару, ұғымдар, ережелер, амалдар-педагогикалық іс-әрекеттер арқылы қалыптастырылып, жүзеге асырылуы тиісті. Бастауыш мектеп-баланың дамуының іргетасы қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.
Бастауыш мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекеттіміздің болашақтары-жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке тұлғаны қалыптастырды. Сондықтан да, бастауыш сыныпта баланың дамуына түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың дамуын барынша қамтамыз етілуі тиіс. Сол себепті бастауыш сыныпта біріктіріп оқыту әдісінің тиімділігін талдау өзекті болып табылды. [2]
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. К.Д Ушинский. Человек как предмет воспитания. Пед. Соч. Т.5 – М.: Педагогика. 1990.-
2. Педагогика / под ред С.А Смирнова. М.: 1999
3. Фридман Л.М. Педагогический опыт глазами психолога. 1987
4. Педагогика - Алматы 2003
5. Курманалина Ш, Мұқанова Б, Ғалымова Ә, Ильясова Р. Педагогика оқулық - Астана 2010
6. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
7. Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
8. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
9. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001.
10. . А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1958.
11. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995. Макаренко А.С. Собрание сочинений в 4-х томах. – М: Правда, 1987. – 573с.
12. Макаренко А. С .Педагогические сочинения в 8 томах /Сост. Д.Виноградова,
13. А. А. Фролов. – М: Педагогика, 1984. – 400 с.
14. Макаренко А.С. О воспитании / Сост. и автор вступ. ст. В .С . Хелемендик. – М:Политиздат, 1990. – 415с.
15. Неверов В.В .Союз труда и красоты. – М.: Просвещение,1979. – 152 с.
Нежинский Н.П. А.С. Макаренко и современная школа.– Киев: Радянська школа, 1970. – 311 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес бугін мектептегі бастауыш сыныптарды біріктіріп оқыту әдістемесі жетілдіріліп келеді.
Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.
Елбасы: "XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады"-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. [1]
Білім алудың негіздемелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" заңына, "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жылдағы жолдаулары, 2008 жылдың 6 ақпанындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" жолдауы және т.б. мемлекеттік құжаттарға сай жасалған.
Қазақ елінің 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.
"Бастауыш-білім негізі" деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім берудің басты міндеті сапаға зейін аудару, ұғымдар, ережелер, амалдар-педагогикалық іс-әрекеттер арқылы қалыптастырылып, жүзеге асырылуы тиісті. Бастауыш мектеп-баланың дамуының іргетасы қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.
Бастауыш мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекеттіміздің болашақтары-жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке тұлғаны қалыптастырды. Сондықтан да, бастауыш сыныпта баланың дамуына түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың дамуын барынша қамтамыз етілуі тиіс. Сол себепті бастауыш сыныпта біріктіріп оқыту әдісінің тиімділігін талдау өзекті болып табылды. [2]


Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Бастауыш мектептегі біріккен оқыту әдістері
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Бастауыш мектепте біріктіріп оқыту әдістерінің мүмкіндіктері
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш мектептегі біріккен оқыту әдістерінің тиімділігін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo бастауыш мектепте біріктіріп оқытудың маңызын айқындау;
oo бастауыш мектептегі біріктіріп оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру
oo бастауыш сыныптарды біріктіріп оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: біз бастауыш мектептегі біріккен оқытудың мүмкіндіктері тақырыбын зерттеу барысында ғылыми әдістемеде қолданылып жүрген талдау, саралау, салыстыру т.б әдістері арқылы топталып, сипаттама жасадық.
Курстық жұмыстың теориялық негізі: бастауыш сыныптарды біріктіріп оқытудың тиімділігі тақырыбын зерттеу барысында біз С.Ахметовтың Бастауыш кластарда білім берудің жолдары, Т. Сабыровтың Оқушылардың оқу белсенділігін артыру жолдары, К.Б. Сейтәлиевтың Тәрбие теориясы, Ж.У. Қобдикованың Деңгейлеп,саралап оқыту педагогикалық технологиямы, С.С.Тілеуова, А.З.Әлімбектің Педагогика, Қ. Жарықбаевтың Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы т.б құралдарды қолдандық.
Курстық жұмыстың жаңалығы: біздің зерттеу жұмысымыздың ғылыми жағалығы бастауыш мепктепте біріккен мүмкіндіктері тақырыбын алғашқылардың бірі болып зерттеуімізде. Сонымен қатар біріккен оқытудың мүмкіндіктерін талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тізімінен тұрады.

1- ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІРІККЕН ОҚЫТУ ҰҒЫМЫ
1.1 Біріккен оқыту әдістемсі туралы түсінік

Біріккен сабақ - жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында жүргізілетін сабақтар. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Оссыған орай, ғылыми - зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан - жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Иектептегі әрбір оқушы даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесін сапасын жан - жақты және әділ бағалануға қол жеткізу.
Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеудеге, адамның адамгершілік болмысынын қалыптасуына басты назар аударылуы. Білім мазмұнында жаңа процессуальдық біліктілік ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін жәнке қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі. Саралап және даралап оқытуға басым бағыт беріледі. Ақпаратты білім дәстүрлі тәсілдері- ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік құралдармен байытылады. Оқытудың механиткалық естілуінен - ақыл-ой процесінің дамуына статистикалық білім модулінен динамикалыққа, орта білетін оқушыға бағдарлап оқытудан саралап және даралап оқытатын бағдарламаға оқытудың сыртқы мотивациясының. [3]
* ішкі адамгершілік еркін басқаруға мектеп және қоршщаған ортасының шығу процесіне басым бағыт беріледі.
* Бастауыш сатыда мектепке дейінгі біліммен сабақтастықта қарастырылған бағдарлама мен оқу - әдістемелік кешендер жетілдіріледі. Онда жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың табиғи жалғасы ретінде мектепке дейінгі білім мектептің бастауыш сатысында сабақтаса әрі қарай жалғастырылады. Бастауыш саты үздіксіз білімнің барлық кезеңдерімен тығыз байланыстағы оқыту қызметін қалыптастыруға көмектеседі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және жеке мүмкіндігін ашуға, білім алуға, білім алуға жағымды жағдай жасайды.
* Жалпыға міндетті орта білім стандарттарын (жалпы бастауыш білім) білім объектісі ретінде білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірбиесінде білім объектісі ретінде - оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай, білім мазмұнын жаңарту мен оқытуды түрлі формаларын пайдалану және жаңа білім моделіне көшуді іске асыру жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Математика білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнын жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғары, сипаттағы біліктер деп саналатын категориялар арқылы бейнеленген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып, анықталады. Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білім, дағдыларды, қатынастарды ғана бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу жетістіктерінің біртіндеп даму динамикасын көрсетеді.
* Оқулықтағы жаттығулар оқу-танымдық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруға бағдарланған. Жаттығулар ұсынылғанымен, тапсырманы өздері құрастырып, тұжырымдап, орындауға немесе өзгертулер енгізуге, түрлендірулер жасау ұсынылады. Бұл ұстаным оқушының өздігінен ойланып, іс-әрекет жасауына өз білімін дамытуға мүмкіндік беретін алғашқы қадамдар болып табылады.
* Жаңа білім моделіне көшудің бұрынғы жүйеден айырмашылығы оқушының жетістігінің өлшемдері жасалады. Оқыту нәтижесі барлық пәндік түйінді кампетенциялар түрінде беріліп, оқушылар білімін өлшеу, яғни бақылап-бағалау, тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық бақылау, тест жұмыстары түрінде көрсетіледі.
* Оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптасыру үшін оны жан-жақты дамытуда олардың дербес ерекшеліктерін ескеру қажет. Саралап, даралап, оқыту әдістерін жүзеге асыру барысында көрініс табады. Мұнда әртүрлі деңгейде (көбіне 3 деңгейде) үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест сұрақтары дайындалады. Бұл оқушы білімін сараптап, оны одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Білім деңгейінің жетістіктері дәстүрлі білім, білік, дағдымен қатар оқушылардың іс-әрекет қызметі салыстырмалы, бағалау, интерпретация, зерделеу, модельдеу, пікірталас т.б. түрінде көрініс табады.[4]
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру жүйесінен тыс өтпейтіні белгілі. Білім беру саласындағы басты мақсат - еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің ұстанымы да осыған келіп саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты мектептердегі оқыту жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік база құру: арнайы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар әзірлеу өзекті мәселелерді шешу қажет.
Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.
Бірнеше сыныппен қатар жұмыс істеу оқу-тәрбие жұмысына айтарлықтай қиындық туғызады. Шағын жинақты мектептердің әлі күнге дейін ШЖМ ерекшелігін ескере отырып әзірлеген қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілмеуі, мұғалімдердің барлығы дерлік мұндай мектептерде жұмыс істеуге арнайы дайындығы жоқ екендігі, оқу-материалдық базаның әлсіздігі де жағдайды күрделендіре түсуде. Сонымен қатар оқу бағдарламалары барлық типтегі мектептер оқушыларының білім, білік, дағдыларына бірдей талап қоятындықтан, шағын жинақты мектептердің білім сапасына, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізуде. Қолданыстағы оқулықтар мен дидактикалық материалдар шағын жинақты мектептердің оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігін ескермейді және қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізуге бағытталмаған. ШЖМ үшін әдістемелік құралдар әзірлеу ШЖМ жағдайында оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз.
Шағын жинақты мектептерде оқытуды тиімді ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлері бар: атап айтсақ, бірпәндік және біртақырыптық оқытуға негізделген сабақтар. Шағын жинақты мектепте оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда біртақырыптық сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық оқытудың мақсат-міндеттері төмендегідей:
* бірнеше сыныптағы мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіру арқылы жүйелі білім беру;
* сабақты тиімді әдіс-тәсілдер негізінде ұйымдастыру арқылы мұғалім қызметін оңтайландыру және уақытын үнемдеу;
* әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып меңгеруіне жағдай туғызу.
* Біртақырыптық сабақтардың тиімділігі мынада:
* оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;
* жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза оқытуға мүмкіндік туады;
* мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа баулиды;
* оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімінің сапасын анықтай алады. [5]
Осыған орай, бұл үлгідегі мектептер, мүмкіндігінше, бірнеше сыныптың оқу материалын біртақырыптық жүйеге ыңғайластыруы және соған сәйкес оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау керек.

1.2 Біріккен оқыту әдістемесінің маңызы

Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады.
Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі төмендегі жағдайларға байланысты:
* Сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;
* сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;
* тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды оқыту үдерiсінде дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;
* сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуынын анықтау;
* оқу-тәрбие жұмысының сабақ үстіндегі және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;
* оқушылардың өзiндiк жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;
* оқушылардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен оқып бiлу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару;
* оқушылардың бiлiмі мен тәрбиелілік деңгейлерi дамуының ғылыми диагностикасы;
* оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау.[6]
Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінде пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім білімнің бір саласынан екінші бір саласына көшпей, оның назары бір пәнге бағытталады. Бірпәндік оқыту жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтар жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.
Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі бір ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз - бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқыту. Біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы қарастырылды.
Біріншіден, шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының оқуға деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды.
Екіншіден, біртақырыптық сабақтарды өткізгенде, оқушылардың оқу әрекетін табысты жоспарлау білігі, бір-бірін тексеру немесе өзін-өзі бақылау кезінде жұмыстың барысын бақылау, яғни оқушыны өзіндік жұмыстарға даярлығын анықтайтын біліктер қалыптасады.
Үшіншіден, біртақырыптық сабақтар оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, жолдастарының жауаптарын тыңдау, диалог жүргізу мәдениетіне үйретеді, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Осыған байланысты сөйлеу қарым-қатынасының аясы кеңейеді, бұл, әсіресе, шағын жинақты мектептер жағдайында өте маңызды.
Төртіншіден, біртақырыптық сабақтар практикалық және оқу әрекеттерінде ұжымда жұмыс істей білуге, басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Әрбір сыныппен тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар оқу материалы мазмұнының күрделілігімен анықталады. [6]
Әрине, біртақырыптық сабақтарды әзірлеу және өткізу мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу материалын жоспарлау жұмысы тұрса, екінші жағынан, сабақ құрылымын жетілдіру және оны ұйымдастыру жұмысы тұрады. Оқушылардың белсенділігі, ең бірінші кезекте, сабақ кезеңдерінің реттілігін қатаң сақтауынан емес, сабақты тақырып бойынша жоспарлап, оны әрбір сабаққа сәйкес мақсаты нақты анықталған жағдайда көрінеді.
Біртақырыптық сабақтарды жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге негізгі дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Шағын жинақты мектепте біртақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе, мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, қалай оқыту керек, т.б. мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты. Сондықтан мұғалім біртақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандартымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет.
Біртақырыптық сабақты жоспарлау - бұл мұғалімнің сабаққа тиянақты дайындығының көрінісі, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, кәсіби біліктілігіне, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет.
Сабақтың жоспары тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейіне қарай құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру қажет. Әдістемелік құралдың соңында пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды оқытуға арналған сабақ үлгілері ұсынылған.
Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақты жоспарлауға қажетті ұстанымдар:
Әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту міндеттері, мазмұны мен оқыту құралдарының кірігуі мен саралануы. Әр сынып оқушыларында түрлі деңгейде меңгерілетін сұрақтар, құбылыстар мен түсініктер туралы ортақ ұғым болуы.
1. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру - бірқатар педагогикалық қызметтерді жоғары сынып оқушысының атқаруы (бақылау, жаңа материалды түсіндіру, қиындықтарды жеңуде төменгі сынып оқушыларына көмектесу). Дайындық жұмыстары: ақыл-кеңесшілерді іріктеу, ақыл-кеңес беру, олардың әрекетінің маңыздылығын көрсету, атқаратын қызметтерді бөлу, сабаққа және сабақ үстіндегі дайындық кезеңінде тапсырмалар беру.
2. Өзара оқыту. Өзара бір-бірін оқыту процесінде оқу әрекеттері және қарым-қатынасы арқылы білім, білік, дағдыларын меңгеру негізі. Оқыту кезінде мұғалім рөлін атқара отырып, оқушы ақпаратты беріп қана қоймайды, қарым-қатынас жасауда өз білімін өзектендіреді.
3. Өзара әрекет ету еркіндігі. Оқушылардың ортақ әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру сыныптағы барлық оқушыларға жағымды қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
4. Әртүрлі жастағы оқушылардың өзара әрекетін реттеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың ортақ әрекетінің мазмұны мен формалары, сондай-ақ олардың бірге жұмыс істеуіне ынталандыратын тәсілдер мен құралдардың таңдалуы. Әрқайсысына ортақ мақсатты меңгеруге және одан жеке өзіне мән іздеуге көмектесуі; ортақ нәтижеге жету және тұлғаның жеке жетістіктерін дамыту үшін әрекеттердің маңыздылығын қарастыруы; оқу үстіндегі және оқудан тыс әрекеттеріндегі оқушылардың өзара әрекетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары және төменгі сынып оқушыларының өзара әрекетінің түрлі әдістері мен формаларын қолдануы. Әрекеттің мазмұнын, сабақтың әр кезеңіндегі жоғары және төменгі сынып оқушыларының рөлін, қызметін нақты анықтауы.[7]
Біріктірілген сыныптарда сабақты жоспарлауда төмендегі жайттарды ескеру қажет:
* артық жүктемеден қашу (оқу еңбегіне уақытты қысқарту есебінен, ең алдымен, оқу материалының мазмұны мен көлемін қатаң іріктеуден);
* бастауыш мектеп сабақтарында кемінде 2-3 рет үзілістер (жаттығулар) жасау;
* оқушылардың өзіндік жұмысын міндетті түрде қосу;
* оқушылардың өзіндік жұмысының көлемі мұғалімнің басқа сынып оқушыларымен орындалатын жұмысына тәуелділігін;
* шағын жинақты мектептегі сабақ екі бөліктің алма-кезек ауысып отыруынан құрылатынын: мұғалімнің басқаруымен және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары;
* оқушылардың жұмысын кезектесіп орындалуы мұғалімнің басқаруымен жүргізу қажеттілігі,
* оқушылардың өзіндік жұмысына арналған үлестіру материалдарының кез келген түрін қолдану.
Әртүрлі жастағы оқушылардың ортақ әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру тәсілдері:
* ортақ мәселелер мен міндеттерді барлығына бірдей түсінікті және қызықты етіп қою;
* ізденімдік тапсырмалар қолдану, іздендіру жағдаятын құру;
* шығармашылық тапсырмалар орындату;
* орындалған тапсырмалардың нәтижелерін бірге талқылау, ойын элементтерін қолдану, сайыстар өткізу.[8]
Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастыру мазмұны ұқсас тақырыптарды пәнішілік және пәнаралық кіріктіре оқыту арқылы жүзеге асырылады. Мазмұны ұқсас тақырыптарды пәнішілік кіріктіре оқытуда жаңа тақырыптар екі сыныпқа ортақ түсіндіріледі де, жаңа оқу материалын бекіту барысында жаттығулары дараланып, өзіндік жұмыстар мен деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Ал пәнаралық кіріктіре оқытуда білім мазмұнының жүйелілігін сақтай отырып, бір сыныпта бірнеше пән бойынша мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту жүзеге асырылады. Мұнда екі пәндегі жаңа тақырып (мысалы, биология және химия, т.б. пәндерді кіріктіре оқытуда) мазмұны ұқсас болғандықтан сыныпқа ортақ түсіндіріліп, оқушылардың әр пән ерекшклігіне сәйкес өзіндік жұмыстармен ұштастырылады.
Кіріктіру - тығыз байланысқан бір бүтінді жасаудың нәтижесі. Оқытуда бұл түрлі пәндердің элементтерін (тақырып, бөлім), ғылыми түсініктерін және таным әдістерін біріктіру пәнаралық байланысты шешу арқылы жүзеге асады. Әдебиеттерде, мысалы, бастауыш сыныптағы табиғаттану, жоғары сыныптағы жаратылыстану пәндерімен келтірілген. Соңғысы биология, химия, физикамен біріктірілген. Олар осы пәндердің үйлестірілген мазмұнына сәйкес бір пәнде логикалық құрылымымен беріледі.
Үйлестіру - өтілетін ұғымдар мен құбылыстар және олардың оқу танымдылығы мен уақыттары ортақ туыстас пәндердің оқу бағдарламаларын ыңғайластыру (пәнаралық байланыстың тар мағынасы).
Оқытудағы осы бірлікті жүзеге асыру - оқушының дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған кешенді бағыттың педагогикалық шарттарының бірі. Кешендік бағыт және оқытудың тәрбиелік міндеті жайлы ұстаным пәнаралық байланыстың тәрбиелік рөлін күшейтеді. Бұл, әсіресе, гуманитарлық пәндер төңірегінде айқын көрінеді.[9]
Қорыта келгенде, мұғалім жұмысының табысты болуы оқушылардың жалпы дайындығына, олардың жас ерекшелігіне, сабаққа керекті құрал-жабдықтардың, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың оқу-танымдық, әрекетін ұйымдастыра алуына, оқу жұмысында проблемалық сұрақтарды қоя білуіне, сондай-ақ мұғалімнің басшылығымен орындалатын және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының арақатынасына тікелей байланысты.

2- ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІРІККЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
2.1 Бастауыш сыныптарды біріктіріп сабақ өту тәсілдері

Біріктірілген сыныптарда сабақ ұйымдастыруда деңгейлеп - саралап оқыту, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, дамыта оқыту, ынтымақтастықта оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде, оқыту технологиялары қолданылады. Біртақырыптық сабақтар, негізінен, дамыта оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылады.
Дамыта оқытудың тиімділігі - мұғалім мен оқушы арасында тең қарым-қатынас орнайды. Өйткені, дамыта оқытуда мұғалім дайын білімді түсіндіріп беруші, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы ретінде көрінеді. Бұлай оқыту бала интеллектісінің көзін ашып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. [8]
Дамыта оқытудың басты ұстанымдары төмендегідей:
* сабақтың құрылымын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы;
* оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде көрнекі-нақты, практикалық, көрнекі-бейнелі, дерексіз, абстрактілік, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен амалдарын қолдана отырып, сапалы түрде теориялық ойлау қабілеттерін дамыту ұстанымы;
* пәнді оқытуда жеке және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы;
* оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары
Түбір сөз
Лалагүлдің классификациясы
Оқу жұмыстарының негізгі түрі - біріккен сабақ
Шетел тілін оқытудағы қазіргі замандағы әдістемесі және оның кезеңдері
«Сөз құрамы» тақырыбын оқытуда көмекші мектептің 5-7 қазақ сынып оқушыларының грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының жағдайын анықтау
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Қазақ тілінен ұйымдастырылатын оқу жұмыстары. Оның түрлері
Пәндер