Жеке басты сақтандыру
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Тарау. Жеке басты сақтандырудың теориялық негіздері
1.1. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері ... ... ... ... ... .. 6
1.2. Жалпы сақтандыру және жеке басты сақтандыру сақтандыру ... ... ... ...13
1.3. Жеке басты сақтандыру рыногы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІ Тарау. «Мұнай Сақтандыру Компаниясы»АҚ негізінде жеке басты сақтандыруды талдау
2.1. Көкшетау қаласы бойынша «Мұнай Сақтандыру Компаниясы»АҚ . ның іскерлігінің талқыламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. 2007 жылғы «Мұнай Сақтандыру Компаниясы» АҚ іскерлік қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31

Кіріспе
Осы курстық жұмыста жеке басты сақтандырудың проблемалары қарастырылуда. Жеке басты сақтандырудың қазіргі кезде экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады .Қазақстанда жеке басты сақтандыру даму кезеңінде болғанына қарамастан ол бұрын қалыптасқан. Содан бері ол дамып, сақтандыру жүйесі арқылы адамдарды кездейсоқ қауіп – қатерден қорғау мен әртүрлі мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде.
Жеке басты сақтандыруда өндіріс үрдісіндегі адамдардың қарым – қатынасы, айырбас, қолданыс, материалдық игіліктері, арнайы экономикалық қарым – қатынастар жүзеге асады. Ол барлық шаруашылықты субъектілер мен қоғам мүшелеріне залалды өтеуге кепілдігін береді.
Қайта өндіріс үрдісі табиғи күштер мен қоғамдық сипаттарды өзара әрекеттестіреді. Адам мен табиғат арасындағы, қоғамдық қайшылықтар кездейсоқ сипатты жағымсыз салдар көрінісін туғызады.
Қоғамдық өндіріс пен әртүрлі әлеуметтік – экономикалық қарым – қартынастарға қатысты қауіп төндіреді. Осы фактілердің барлығы барлық әлемде жеке басты сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына әсер етті. Елуінші жылдардағы экономика қоғамдық өндірістің өсу қарқынымен қоса жеке басты сақтандырудың өркендеу екпінімен сипат алды. Барлық қоғамдық өндіріс құрылымдарының іскерлік саласына төнген қауіп – қатер Қазақстанда жеке басты сақтандыру нарығының дамуына әкелді. Соңғы кезде жеке басты сақтандыру теориясын экономикалық санаттың қатарында не жеке санат ретінде бөліп қарастыру жайында талас туды. «Сақтандыру жүйесі» атты тарауда Қазақстан жеке басты сақтандыру нарығының қиыншылықтарын қарастырып, елдің елеулі экономистері ұсынған сақтандырудың даму бағыты мен негізгі ойларды қамтиды. Технологиялық апаттары мен өндіріс саласында туындаған қауіптер, өзінің болашағына деген сенімсіздік республиканың көптеген тұрғындары үшін және де Қазақстан үшін ерекше маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Байтореев В.Д., Кузнецова Н.П. Страховой рынок Казахстане и малое предпринимательство. - СПб., 1995 ж.
2. Дегтярев Г.П. Страхование в переходный период: основные принципы // Общество и экономика. - 1992 ж. - №2 - бет.83.
3. Левант Н.А. Долгосрочное страхование жизни в условиях нестабильной экономики // Финансы. - 1996 ж. - №6 - бет.42-44.
4. Семенов Д.В. Социальное страхование в современной Казахстана: каким ему быть // Охрана труда и социальное страхование. - 1997 ж. - №6 - бет.41-44.
5. Страховое дело. Учебник / Под ред. Л.И. Рейтмана. - М.: Рост, 1992
6. Сухов В.А. Страховой рынок Казахстана. - М.: Анкил, 1992
7. Шахов В.В. Введение в страхование: экономический аспект. - М.: Финансы и статистика, 1992 ж.
8. Шахов В.В. Некоторые итоги и перспективы развития страхового рынка Казахстана // Финансы. – 1997ж. - №3 - бет. 41-43.
9. Шахов В.В. Страхование как самостоятельная экономическая категория // Финансы. - 1995 г. - №2 - бет.38-41
10.Белянкин Г.А. “Платежеспособность страховой компании”// Финансы, №5, 1998-354 бет.
11 Худяков А.И. «СТРАХОВОЕ ПРАВО РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН».-Алматы: Ж-Ж.1997ж.-320 б.
13.Закон РК «О страховой деятельности» 18.12.2000 ж №126-2
14.Постановление Правительства РК "Об утверждении Положения о
лицензировании страховой деятельности на территории Респуб¬лики
Казахстан" 19.04.1996ж.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І Тарау. Жеке басты сақтандырудың теориялық негіздері
1.1. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері
... ... ... ... ... .. 6
1.2. Жалпы сақтандыру және жеке басты сақтандыру сақтандыру
... ... ... ...13
1.3. Жеке басты сақтандыру рыногы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІ Тарау. Мұнай Сақтандыру КомпаниясыАҚ негізінде жеке басты
сақтандыруды талдау
2.1. Көкшетау қаласы бойынша Мұнай Сақтандыру КомпаниясыАҚ – ның
іскерлігінің талқыламасы

... 19
2.2. 2007 жылғы Мұнай Сақтандыру Компаниясы АҚ іскерлік қорытындысы

... ... ... ... ... ... . 26
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
Кіріспе
Осы курстық жұмыста жеке басты сақтандырудың проблемалары
қарастырылуда. Жеке басты сақтандырудың қазіргі кезде экономиканың маңызды
салаларының бірі болып табылады .Қазақстанда жеке басты сақтандыру даму
кезеңінде болғанына қарамастан ол бұрын қалыптасқан. Содан бері ол дамып,
сақтандыру жүйесі арқылы адамдарды кездейсоқ қауіп – қатерден қорғау мен
әртүрлі мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде.
Жеке басты сақтандыруда өндіріс үрдісіндегі адамдардың қарым –
қатынасы, айырбас, қолданыс, материалдық игіліктері, арнайы экономикалық
қарым – қатынастар жүзеге асады. Ол барлық шаруашылықты субъектілер мен
қоғам мүшелеріне залалды өтеуге кепілдігін береді.
Қайта өндіріс үрдісі табиғи күштер мен қоғамдық сипаттарды өзара
әрекеттестіреді. Адам мен табиғат арасындағы, қоғамдық қайшылықтар
кездейсоқ сипатты жағымсыз салдар көрінісін туғызады.
Қоғамдық өндіріс пен әртүрлі әлеуметтік – экономикалық қарым –
қартынастарға қатысты қауіп төндіреді. Осы фактілердің барлығы барлық
әлемде жеке басты сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына әсер
етті. Елуінші жылдардағы экономика қоғамдық өндірістің өсу қарқынымен
қоса жеке басты сақтандырудың өркендеу екпінімен сипат алды. Барлық
қоғамдық өндіріс құрылымдарының іскерлік саласына төнген қауіп – қатер
Қазақстанда жеке басты сақтандыру нарығының дамуына әкелді. Соңғы кезде
жеке басты сақтандыру теориясын экономикалық санаттың қатарында не жеке
санат ретінде бөліп қарастыру жайында талас туды. Сақтандыру жүйесі
атты тарауда Қазақстан жеке басты сақтандыру нарығының қиыншылықтарын
қарастырып, елдің елеулі экономистері ұсынған сақтандырудың даму бағыты мен
негізгі ойларды қамтиды. Технологиялық апаттары мен өндіріс саласында
туындаған қауіптер, өзінің болашағына деген сенімсіздік республиканың
көптеген тұрғындары үшін және де Қазақстан үшін ерекше маңызды.
Мүліктің жойылуы мен табыстың құлдырауына қатысты залалды қалпына
келтіру кепілдігі адамдарды өмірдегі әртүрлі жағдайлардан сақтау мен
қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты қамтмасыз етуге ықпалын
тигізеді. Жеке басты сақтандыру компанияларының резервтері республикадағы
экономиканың дамуын қаржыландыру үшін ірі масштабты инвестициялардың
сенімді көзі болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшу бірқатар маңызды құрылымдық өзгерістерді
туғызып, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жүйесіне ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік монополиядан жеке басты сақтандыру нарығындағы сақтандыру
опрацияларына көшуі жүзеге асырылды. Қазіргі кезде шаруашылықты
субъектілердің жеке басты сақтандыру мүддесін есепке алып, жұмыстарын
орындайтын жаңа жеке басты сақтандыру компанияларының қалыптасу үрдісі
белсенді атқарылуда.
Нарықтың қазіргі жағдайы әрі қарай даму мен ұйымдардың жеке басты
сақтандыру қатынасындағы әлемдік қағидаларының бейімделуін талап етеді.
Осының барлығы заңнамалық және ақпараттық базалардың қалыптаспауы, жеке
басты сақтандыру саласында методологиялық жоспарламалардың, сонымен қатар
нарықтық экономика талаптарының жеке басты сақтандыру қорғаныс нысанына
қатысты.
Осыған байланысты нарықтық экономика жолына тұруға ұйымдардың
методологиялық негіздері ториялық дәйектемелеріне ие, жеке басты сақтандыру
нарығының даму ерекшеліктерін, тенденцияларды анықтауда, қаржы қатынастарын
зерттеу және тәжірибелік нұсқауларды жоспарлап, оларды жеке басты
сақтандыру саласаында іске асыру ерекш орын алған. Осы сұрақтар бойынша
отандық әдебиеттерден мәлімет алу жеткіліксіз болғандықтан, осы сұрақтарды
толық қарастырып, қамтып, жұмыстың негізгі мақсатын анықтау үшін курстық
жұмыс себеп болып отыр.
Қорытындыда өткізілген зерттемелерден шығатын тұжырымдамалар мен
ұсыныстар баяндалған.
Мақсаты: жеке басты сақтандыру нарығының даму ерекшеліктерін,
тенденцияларды анықтауда, қаржы қатынастарын зерттеу және тәжірибелік
нұсқауларды жоспарлап, оларды жеке басты сақтандыру саласаында іске асыру
ерекш орын алған. Осы сұрақтар бойынша отандық әдебиеттерден мәлімет алу
жеткіліксіз болғандықтан, осы сұрақтарды толық қарастырып, қамтып, жұмыстың
негізгі мақсатын анықтау үшін курстық жұмыс себеп болып отыр.

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда –
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
дейгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға
болады. [2; с 25-28]
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілітіндігінде. Демек,
сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының
көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай
келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдуруды және сақтық қорын қатаң
мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты
қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәукелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
(кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың
жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар
мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды
ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін
қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің
резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті
қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл
қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға,
экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды ―
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру
және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қоралрын қалптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс,
үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзін сақтандыру негізінде
ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де
болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар – жемшөп,
тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының
кәсіпорындарда (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың
босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың
сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты
төлемдер есебінен қалыптастын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв
қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық
немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-
бір бөлігі. [8; с 41-43]
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің бағасы
сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге
сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін
(сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының
қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін.
Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін
сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне
қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша
қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы
мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық
төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де
оқиғалар туындаған кезде жеке қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де
тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының)
шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру – заңнамалар актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілермен белгіленеді.
Сақтық қызмтеі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымның сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтық қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы
сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік
құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылықты
сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-
құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы
сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін
сақтық өнімі болып табылады.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық
қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Жазатайым жағдайда және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немсе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу , сондай-ақ шарттардан
туындайтын міндеттемелер боынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты
сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады.
Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек
қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан
қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің
көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру
мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін
өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты)
жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе
сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп
соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңмен
сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас
сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші
субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол,
теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің
жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан
басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшілердің
жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы
қызметкерлері сақтандырылады. [6; с 42-44]
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда
болады: ол жеке басты және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz