«12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында «Алгоритм» тақырыбын оқытудың әдістемесі»»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШІРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі . . . . . . . . . . . . .
1.2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7
1.3. 12 жылдық мектептің психологиялық.педагогикалық
ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА «АЛГОРИТМ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. 12 жылдық бастауыш эксперимент сыныптарында информатика
пәнін оқыту ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында оқыту
технологиялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
4.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65

КІРІСПЕ
Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Жаңа ХХІ ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желілерді, электрондық және коммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім берудің замануи жүйесі ақпараттық ортада өмір сүретіндей оқушыларды дайындау, оларды осы ортада тәрбиелеу қажет екендігін ұсынуда.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
24. 12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана,2001 жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1б
25. 12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны // Қазақстан Тарихы. -2006. -3.-С. 3-10б
26. Ізмұқанов М «12 жылдық оқу мерзіміне көшу туралы» // Бастауыш мектеп. -2004–С.1-3-5б
27. Құланбай Ә «Он екі жылдық білім беру жүйесі» // Егемен Қазақстан. 2003.-С. 22 қаңтар
28. Аймауытов Ж «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» Қызылорда, 1929ж -58б
29. Рахметова С.Р «Бағдарламалар. 12 жылдық мектептің 1-4 сыныптары» Алматы: «Атамұра»,2004ж-19б
30. Құрманалиев М «Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатымыз» // Қазақстан Мұғалімі. -2006.-30 қыркүйек. –Б.3
31. Құсайынов А «Он екі жылдық оқу:салыстырмалы көзқарас» // Егемен Қазақстан. -2001. –С.24 тамыз
32. Құсайынов А «Сапалы білім-заман талабы» // Егемен Қазақстан. -2007-2 қараша.-№339-340.-Б.8
33. Құсайынов «Білім реформасы:Дамыған елдер тәжірибесі // Егемен Қазақстан. -2005. -23 маусым. –С.139.-4б
34. Құтпанбаев Ә «Он екі жылдық білімнің қажеттілігі // Ұлт Тағлымы. -2001. –С.4-5.-73-79б
35. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білм беру тұжырымдамасы // Қазақстанның Білім және Ғылым Әлемі. -2006. -2.-С.5
36. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы // Мектеп. -2006. -2.- С. 6-11б
37. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан Мұғалімі. -2004-С. 20 қаңтар
38. Әбілқасымова А «Мектеп реформасы: 12 жылдық білім беруге көшу қажет пе? // Егемен Қазақстан. -2004-С.24 ақпан
39. Өтеғали Е «12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» // 12 жылдық білім беру. -2007.-12б
40. Буранбаев Л.С «Жалпы білім беру мекемелерінің қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу» эксперимент жұмысының нәтижелері // Шағын Мектеп. -2004. -2 -1-13б
41. «6 жасар балалардың психологиялық аспектілері» // ХХ1 ғасыр мектебі. -5-7б
42. «12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгісі» Информатика негіздері 2008ж-№2-24б
43. «Информатика негіздері» 2003-№5, 29-30
44. Мәдиева Қ. «12 жылдық білім беруді жүзеге асырайық» // Қазақстан мектебі. -2005.- №7. -3 б.
45. Бабанский Ю.К., Сластенин В.А., Сорокин Н.А и др. «Педагогика». – М.:Просвещение, 1988. – 479 б.
46. Денев Д.Ж. «Бастауыш кластар педагогикасы. ІІ бөлім – Дидактика – Благоевград кітап баспасы. 1983.
47. Огородников И.П. «Сабақтың тиімділігін көтеру» - М, Білім, 1990.
48. Рутинштейн С.Л. «Ойлау және оны зерттеу жолдары» - М. 1968-347 б.
49. Ж.А.Қараев т.б. «Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен оқу бағддарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» Алматы.: РБК, 1998.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШІРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі . . . . . . . . .
. . . .
1.2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері. .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . .7
1.3. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА АЛГОРИТМ ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. 12 жылдық бастауыш эксперимент сыныптарында информатика
пәнін оқыту ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында оқыту
технологиялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта
информатика пәнін оқытудың үлгілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . .
4.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .
КІРІСПЕ
Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам
өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда
қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді
әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы
өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында ХХI
ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық дей келе,
кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің
негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық
жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Жаңа ХХІ ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін:
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желілерді, электрондық және
коммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім
берудің замануи жүйесі ақпараттық ортада өмір сүретіндей оқушыларды
дайындау, оларды осы ортада тәрбиелеу қажет екендігін ұсынуда.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір
өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге
сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың
үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа
үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12
жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын
шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология
ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта
білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл
білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта
қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап
ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты
жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын
және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу
құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін
керек етеді.
Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын,
сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды,
әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз
дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.
Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап
мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық
орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі.
Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер
енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны
белгілі. Осыған орай, ұсынылып отырған дипломдық жұмысымның тақырыбының:
12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында Алгоритм тақырыбын оқытудың
әдістемесі - деп аталуына себеп болды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында Қазақстанда 12 жылдық жалпы орта білім беруге
көшудің негіздемесі деп аталып, онда әлемдік білім тәжірибелерін саралай
отырып, өзіндік білім реформасын қалыптастыруды көздеген Қазақстандағы 12
жылдыққа көшу мәселесі қарастырылған.
Жұмыстың екінші тарауында 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында
Алгоритм тақырыбын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері деп аталып, 12
жылдық білімге көшу жағдайында бастауыш эксперимент сыныптарда информатика
пәнін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, дұрыс сөйлеу
білу мәнерін
12 жылдық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі - білім беру
мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту, пәндерді оқытудың әдістемелік
жүйесіне жаңашыл тәсілдерді, технологияларды енгізу арқылы оқушылардың
интеллектуалды қабілеттерін анықтап,оны одан әрі дамыту.
Мектеп информатикасын оқытуда информатика пәні мұғалімдеріне көп
міндеттер арттылуда.
Информатика курсын оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша 12 жылдық
мектеп жағдайында информатиканы оқыту әдістемесі жайында мәселелер әлі де
толыққанды зерттелінген жоқ. Бұл жөнінде тек жекелеген мектеп
мұғалімдерінің іс-тәжірибелеріне сүйенуге болады.
Жұмыстың өзектілігі : 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқытудың
оқу-әдістемелік жүйесі әлі нақты қалыптаспағандықтан, информатика пәнінің
әртүрлі мазмұндық бағыттарын оқыту әдістемесін даярлап,оларды оқыту
әдістері мен тәсілдерін қарастыру..
Ұсынылып отырған 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарындаАлгоритм
тақырыбын оқытудың әдістемесі атты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты –
информатика пәні бойынша аталған тақырыпты оқытудың кейбір әдістемелік
ерекшеліктерін ұсыну болып табылады.
Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде еліміздің білім
беру жүйесінің 12 жылдыққа көшу жағдайлары , оның ғылыми теориялық
негіздемесі қарастырылған. Екінші бөлімде 12 жылдық білім беру жағдайында
информатиканың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері қарастырылып, аталған
тақырып бойынша информатиканы оқытудың әдістері жайлы мағлұматтар берілді
және курсты оқытудың нақты әдістемесі қарастырылған.
12 жылдық мектеп, оқушыларды әлеуметтік қорғалуы жағынан қамтамасыз
етуді, білім сапасын арттыру арқылы олардың құзіреттіліктерін
қалыптастыруды, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді мақсат тұтады. Бұл,
түрлі жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндігі бар мәселені шешу
жолын таба білетін, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілігі
қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыруды көздейді. Білім беру үдерісін
бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық,
педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең
зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен
әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-
адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде білім беру мен оқыту
процесін жетілдіру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Қоғамда болып
жатқан оң өзгерістер мұғалімнен өткен жолдарға философиялық, психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан қайта қарап, талдау жасай алатын адамды тәрбиелеу
және білім беруге қатысты құндылықтар мен ұғымдарды қалыптасқан жағдай
тұрғысынан қайта қарастыра білетін, шығармашылық ізденісті, жаңаша
педагогикалық ойлауды талап етеді.
Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар білім беру үрдісінде
оқушының қабілетін дамытуға мүмкіндік береді және оқушының танымдық іс-
әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері
артады.Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды
даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, игерілген білім мен біліктерді
тестік бақылауға арналған программалық құрал.

1.1 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен
қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы,
сондай-ақ адамның интеллектісіне, әлауқаттылығына, оның икемділігіне,
жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы
бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі —
өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана
емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны
жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар
алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік
жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык,
танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы [1].
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың
негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
• қоғам дамуынын қарқындылығы;
• постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас
ауқымының кеңеюі;
• халықаралык ынтымақтастык, нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық
проблемалардың туындауы және өсуі;
• қоғамның демократиялануы;
• экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
• адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру
философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру
әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің
жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер
байқалып отыр.
Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы
білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының
бірі болып табылады.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің
келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар
жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары
білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім
сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.
Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты
экономикалық есуді толық камтамасыз ете алмайды. Қазақстанның білім беру
жүйесінің даму деңгейіне кері ыкпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылыктың болмауы.
2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге
бағдарлануы.
3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты
қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін
ескірген жүйенің сақталуы.
4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік касиеттерінің
жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінін болмауы, өзіндік
кызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік
жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Реслубликасының жалпы
орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтканда, орта білім мазмұны мен
құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап
етеді. Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір
халықаралық білім беру стандарты қалыптасты [1,3].
Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру
әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардын ішінде
дамыған еддерден: АКШ., Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен
12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері
таңдады. Қазақстанның 12 жылдық. білім беруге көшуі білім берудің жаңа
ұлттық моделін жобалаудың стратегиялык міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік
береді.
1.2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері
12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде
өзін~өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге
бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны
дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп
түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны бірдей
қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз
коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен
елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім
қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны
Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси
жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері
негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке,
отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік
құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани
білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының
мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға
мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді ұйымдастыру
тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім
болу.
3. Оқу-танымдық құзыреттілік — оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-
танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет
өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай
білуді, сәйкес функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді
игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік
әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау
және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.
4. Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-
қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі
нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін
қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде,
халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын
қарастырады
5. Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше
іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен
акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің
көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі
6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси,
қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе
мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық
жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі
өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете
білуді қарастырады.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек,
экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді
азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді.
Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді,
түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық
жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет
сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке
және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкпал етуді
қарастырады.
1.3. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының
табиғи логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен
қоғамның жеке адаммен жан-жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар
болсақ, онда осы байланыстың негізгі жүйелері осы арқылы өтеді.
Психологияда мынадай негізгі танымдақ процесстер бөле-жара айтылады:
түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу және қиял. Үйлесімді өзара іс-
әрекет және оны оқыту кезінде осы процестердің барлығын қалыптастыру
тұлғаның тұтастай дамуына жағдай жасайды.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға білім беру мен жалпы мақсатқа
жетуді іске асыру бірқатар психологиялық-педагогикалық шарттарды сақтауды
қажет етеді:
- үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттерінің жеке тұлғаға
бағдарлануы;
- әрбір балаға іс-әрекет түрін, әріптес, құрал-жабдық, т.с.с таңдау
мүмкіндігін беру;
- бала табыстылығына қатысты көрсеткіштері педагогикалық бағалауға
бағыт ұстау баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі табыстарымен
салыстыру;
- баланың эмоциялық-құндылық, әлеуметтік жекебастық, танымдық,
эстетикалық тұрғыдан дамуына және оның даралығын сақтауға ықпал ететін
білім алу ортасын құру;
- бала дамуының аса маңызды факторлары ретінде жетекші іс-әрекетті
қалыптастыру;
- зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттің, белсенділіктің бірлескен
және дербес, қозғалғыш және тұрақты нысандарының теңгерімділігі.
Бастауыш мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан
әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы
балалардың маңызды ерекшеліктері – олардың айналадағы өміріне: адамдарға,
оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.
Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге
құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты
бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл
бөлуі керек.

орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі,
бұрын балабақша жағдайында мектепалды дайындығынан өтетін не отбасы
жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, партаға
отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға
физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар
зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр. Орыстың алдыңғы қатарлы бала
тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский,
В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониндармен қатар қазақстандық педагог-
психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова және тағы басқалар. Мектепке
баланы 6 жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені осы жастағы балалардың
білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым. Сонымен қатар мектепке
дейінгі тәрбие жүйесін сақтау орынды. Ал егер 5 жастағы балалар мектепке
даярланар болса,онда балабақшадағыдай жағдайы болу керек. Бұл балалардың
мектепке дайындығы тексеріледі. Ол үшін 12 жылдық мектептің бірінші
сыныбына қабылданатын балалардың оқуға дайындық деңгейін анықтау атты
әдістемелік құрал басшылыққа алынды. Ол бойынша “Әлеуметтік зерттеу”, “Ата-
аналар туралы мәліметтер”, “Ата-аналарға арналған сауалнама”, “Медициналық
зерттеулер”, “Балалардың денсаулық құжаты” т.б. жинақтай келе оқушының
психологиялық мінездемесі, психологиялық дайындық ерекшеліктері, таным
деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталды. 1-жарты жылдықта жылдық
қорытынды тексеру жұмыстары алынады. Эксперимент барысында сынып пен
салыстырмалы сынып арасында айырмашылық байқалды. Айырмашылықтың болуы,
яғни эксперименттік сыныптағы білім, білік және оқу дағдыларының сапасы
жоғары болуы, біріншіден, бала санының аздығына, екіншіден сабақтағы
жұмысбастылықтың болмай, сабақ ұзақтығының 35 минут болуында және жеке
оқулық материалдарының балаға түсініктілігінде деуге болады. Білім
сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы, ұстаз, балалар қауымдастығы
осының тетігі.
Алты жастан оқыту - баланың ақыл-ойының
дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін
мейлінше қолайлы кезең болып табылады
ҚР 2015 жылға дейінгі білім берудегі
дамыту тұжырымдамасынан
6 жасар баланың оқудағы жетістігі - мектепке дейінгі психологиялық
тұрғыдағы дайындық деңгейіне байланысты болып келеді.
6 жасар баланың дамуында қоршаған ортамен байланысындағы
үйлесімділік қатынасын 6 аспекті бойынша қарастыруға болады. Олар:
медициналық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық,
интеллектуалдық аспектілер.
6 жастан 1 сыныпқа оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі.
Оқыту процесі бұл жаста негізінде ойын түрінде жүргізіледі. Сондықтан
балалардың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, сабақта ойын
элементтерін көбірек пайдалану қажет. 12 жылдық білім беруде оқу жүктемесін
азайтып, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденуге жұмсауға мүмкіндік
туғызу көзделеді. Сабақтың ұзақтығы 35 минут 5 күндік оқу болады. Ал мұның
өзі білім беру парадигмасының пәндік білім беруден тұлғалық-бағдарлық
бағытқа көшуінен туындап отыр. [18]
Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық
десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет.
Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған
принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру,
пәнаралық байланыста оқыту және т.б нәтижеге бағдарланған білім жүйесін
құру болды. Оқулық - нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы.
Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық-бұл оқушы мен оқытушының
бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені
жөнінде дәлелді қорытынды шығады.
Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның барлық рухани
және дене күшінің дамуы қатар жүреді. Баланың осындай барлық ерекшеліктері
қолайлы факторлардың әсерімен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ықпалдың
көмегімен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкіндіктерін ескерудің
арқасында ғана осы жасқа лайықты оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс
анықтауға, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге болады.
Оқушылардың білімді меңгеруіндегі басты мәселе-ойлау арқылы іс
қылудың тәсілдерін үнемі үйрету, ойлау әрекеттері түрлерін (талдау,
жинақтау, пайымдау,т.б.) меңгертудің маңыздылығы сөзсіз.
Ойлау қалыптаспай тұрып үйретіп отырған білімді қабылдау да жүзеге
аса алмайды, өйткені білімді меңгеру оны талдау, жинақтаусыз мүмкін емес -
деп жазған С.Л.Рутинштейн О мышлениях и путиях его исследования. [6]
Орыстың педагогика ғылымдарының аса көрнекті қайраткері К.Д.Ушинский
оқу жетістігі жаңа материалдың ескімен байланысында деп білді. Жаңа
мәліметтерді ескінің легіне қосып тіндестіру жаңа міндетті түрде ескінің
негізінде құрылып, ескі үздіксіз қайталанған сайын жаңа үстемеленіп қосылып
отыру керек. Ол жаңа ұғымды меңгеру кепілдігі: кепілдік мықты болған
сайын жаңа ұғым берік әрі жеңіл меңгеріледі, - деп түсіндірді.
12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларының жаңа
материалдарды оқып үйренуге дайындау жұмыстарын сараптауда аса көңіл бөлген
мәселелер мыналар:
- Жаңа материалды оқып-үйренуге дайындауға бағытталған
тапсырмалардың саны.
- Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты дайындық
тапсырмалардың мазмұны.
Математика мен информатика пәнінің күрделі тақырыптары өтуге ыңғайлы
кезеңдерге бөлінген. Бұл бөлімдер оқу жылы ішінде біртіндеп енгізіліп
отырылады. Мұғалім қиын тақырыпты үш кезеңге бөледі:
1-кезең: Перспективалық дайындық. Басқаша айтқанда, біртіндеп
ұғындырылатын тақырып. Бұл кезде тірек ұғымдары, іскерлік жаттығулар,
оқушылардың жауаптары арқылы оқытуды бастау жүзеге асырылады.
2-кезең: Оқулықпен жұмыс кезеңі. Бұл кезде түсініктер нақтыланып,
тақырып бойынша материалдар жинақталады. Оқушылар жинақтау схемалары арқылы
саналы түсінуге бағытталады. Олар мектепте және үйде өз беттерімен
тапсырмалар орындап, өз ойларын схемалар арқылы дәлелдеуге жұмыстанады.
Сонымен қатар осы кезеңде бірқатар ұғымдар алдын-ала түсіндіріліп
отырылатындықтан, оза оқыту шарттары да орындалып, оқушылардың
материалдарды қабылдау мүмкіндіктері артады.
3-кезең: Үнемделген уақыттарды пайдаланып, жұмыс істеу арқылы
іскерлік дағдысы қалыптасады. Бұл қатені үнемі түзетіп отырудан гөрі, одан
алдын-ала сақтандыруға үйретеді. Сонымен әрбір оқылған тақырып жаңа
тақырыпты оқуға негіз бола алады. Мұғалімдердің осы саладағы
біліктілігімен, оқушылардың жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындылығының
алатын орнын анықтау мақсатымен қала мен ауданның бірнеше мектебіне
сауалнамалар жүргізілді.
Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді, мұғалімдердің сұрақтарға
берген жауаптарын, осы мәселе туралы пікірлерді жан-жақты талдай келіп,
жаңа материалдарды оқып үйренуге оқушыларды дайындау мәселесі педагогикалық
істе өзінің нақты қолданысын әлі де толық таппай отырғаны оқушылардың білім
сапасын арттыруда үйрету, жетілдіру, жаттықтыру бағыттарына аса назар
аударудың тиімді екенін көрсетеді.
4 жылдық бастауыш, 6 жылдық негізгі және 2 жылдық жалпы орта білімді
қамтитын құрылым тұлғаның сихологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
1.3. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің негізгі мәселелері
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу
арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған
жаңа ұлттық үлгіні жасауды, жалпыға арналған білімнен, білім әркімге
өмір бойы үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді
қамтамасыз етуді мақсат етеді.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең- кезеңімен
көшу басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін
Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып,
білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.Бұл тұжырымдама
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына; Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына,
Қазақстан Республикасының білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан экономикалық,әлеуметтік, саяси жаңғырудың
қарқынды жолында атты Жолдауына, Болоньедегі Еуропа елдері білім
министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО –ның үздіксіз білім беру туралы
ұсыныстарына сәйкес әзірленді.Біздің елімізде қалыптасқан білім жүйесі
академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кеуіміз керек. Бірақ жыл асқан
сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің
ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен
оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай
оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз.
Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып,
оқу материалдарын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған
білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының
басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім
беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына
мүлдем ұқсамайды.Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай
білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез
икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ.Осыған байланысты мұндай тұлғаға
қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік,
әлеуметтік жауапкершілік,терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл
оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға
тікелей мұрындық болады.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз
пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген
шығармашылық әлуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып,
келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық,
мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-
педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа
құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2
сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негіделген
жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
Қазақстан халқына Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу
–Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Жолдауында Қазақстан Республикасының
президенті Н.Ә.Назарбаев елдің басты байлығ адам екенін баса айтқан. Елді
жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен,
қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және жеке амандығына байланысты.Осы
міндеттерді жоғары бейінді, білікті педагогтар ғана шеше алады.
12 жылдық білім беруде оқушыларды бейіндік оқытуға даярлық жұмыстары
Негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1. Білім алуға құштарлығын арттыру.
2. Өзін таныта білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
3. 12 жылдық білім беруде жеке тұлғаға бағдарланған оқыту
технологиясын қолдану.
4. 12 жылдық білім беру қарсаңында информатика пәнін меңгерту.
5. Жоғарғы сыныптарға негізгі мектепті бітірушілерді жан-жақты
зерттеп, жұмыстар жүргізе отырып, бағдарлы сыныптарға іріктеу
жұмыстарын ұйымдастыру.
6. Бейінді білім беру арқылы жаңа білім мазмұнына тәжірибені енгізу,
жүзеге асыру.
7. 12 жылдық білім беруде оқытудың жаңа оқыту әдістемесін енгізу
арқылы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жоғары мамандар
дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
1. 12 жылдық білім беру қарсаңында мұғалімдердің кәсіби құзырлығы
дамиды.
2. Оқушылардың білім реформасына көзқарасы айқындалады.
3. Мұғалімдер оқытудың жаңа әдістемесін енгізу арқылы біліктілігі мен
қабілеттілігін жетілдіреді.
4. Бағдарлы оқыту арқылы оқушылардың ҰБТ-ға дайындық жұмыстары
жандандырылады.
5. Мектептегі бағдарлы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің
шығармашылық деңгейі артады.
6. Оқушылардың кәсіптік бағдары анықталып, қоршаған ортаға баланың
көзқарасы бейімделеді.
7. 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қарсаңында пән мұғалімдерінің
сұраныстары толық қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың қазіргі заманғы
стратегиясын басшылыққа ала отырып, 2012-2013 оқу жылында мынандай
міндеттер қойылып отыр:
1. Білім беруді басқару саласында:
- басқару тиімділігін арттыру бойынша жұмыстары Қазақстан
Республикасының білім беру Тұжырымдамасын 2015 жылға дейін,
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшуінің 2007-2024
жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыруға бағындыру;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2010 жылғы
Жолдауының, Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасының, ТМД қатысушы мемлекеттердің
мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің і съезі резолюциясының,
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің
Тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беру
Тұжырымдамасының және басқалардың бағдарламалық белгілеулерін
мақсатты енгізу мен зерделеуді ұйымдастыру;
- ҚР БжҒМ-нің 2010 жылғы 9 шілдедегі № 367 Қазақстан Республикасының
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруінің жаңа
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа көшуі және Қазақстан
Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
беруінің типтік жалпы білім беру бағдарламалары жөніндегі
бұйрығының орындалуын қамтамасыз ету;
- Өзін өзі тану пәнінің мектепке дейінгі мекемлердің және жалпы
білім беретін мектептердің білім беру үрдісіне енгізілуіне қажетті
жағдай жасау;
- Баларды мектепке дейінгі білім берумен толық қамтуды қамтамасыз ету
жөніндегі Балапан мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталған
мектептке дейінгі тәрбиенлеу мен оқытуды дамытудың стратегиялық
мақсаттарын іске асыру бойынша дербес жауапкершілікте болу;
- Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың және Қазақстанның әлемдік
білім беру кеңістігіне кіруінің алғышарты ретінде көптілді оқыту
мәселелеріне көңіл бөлуді күшейту;
- Оқушылардың бейінді дайындығын мамандықты таңдау нақтылығын
қамтамасыз етуші бейіндендірудің маңызды кезеңі ретінде қарастыру;
- Мектеп оқушыларының тұлғалығын әлеуметтендіру мақсатында мектептер
мен қосымша білім беру ұйымдарының арасында ынтымақтастықты орнату;
- Қала мектептерінің білім беру қызметінің сапа көрсеткіші ретінде
ҰБТ мен МАБ нәтижелерінің оңды қозғалысын сақтау;
- Білім беру үрдісі субъектілерінің даму шарты ретінде қазіргі
мектептегі білім беру сапасын жетілдіру қалалақ іздену тақырыбын
іске асыру негізінде инновациялық менеджмент қағидаларын енгізу
бойынша жұмысты жалғастыру;
- Педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыру бойынша жұмыста білім
беру жүйесі қызметкерлерін аттестациялаудың жаңа Ережесін
пайдалану.
2.Қаланың және білім беру мекемелерінің әдістемелік қызметтері:
- ТЭЖ қалыптастырушы кезеңі жағдайларында андрогогикалық парадигма
негізінде педагогтарды кәсіби жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру;
- әдістемелік қызметтердің қызметін білім беру жүйесіндегі оқытудың
құзіретті моделіне көшу жөніндегі білім беру жүйесінің мемлекеттік
стратегиясын іске асыруға бағыттау;
Оқу орнының білім кеңістігіне ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;
- инновациялық педагогикалық ойлар мен технологиялар банкін құру
бойынша жұмысты жалғастыру;
- 12 жылдық білім беруге көшу жағдайларында педагог кадрлардың
біліктіліктерін арттыру әдістемелік қызметінің ролін арттыру.
3.Қала педагогтары:
- белсенді субъектілі позицияны кәсіби және жеке өсу, өмір бойы
үздіксіз білім алу негізі ретінде қалыптастыру бойынша жұмысты
жалғастыру;
- Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі және мектептегі білім
беруді іске асыруды қамтамасыз ету;
- Физика – математикалық пәндердің мұғалімдері Қазақстан
Республикасыныңтұрақты дамуға көшудің 2007-2024 жылдарға арналған
Тұжырымдамасының мәтінінде нақты ғылымдарды меңгеру сапасын
арттыруды қамтамасыз етсін;
- Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің мұғалімдері біліктілікті 12
жылдық мектептегі жаратылыстану білімі сапасының өлшемі ретінде
қарастырсын;
- Информатика мұғалімдері оқушылардың Информатика білім беру саласы
бойынша дайындық деңгейіне мазмұн мен талаптардың міндетті ең аз
мөлшерін әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне кірудің маңызды
шарты ретінде қамтамасыз етсін.
1.4. Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы
Бастауыш мектептерде оқудың сипаттық ерекшілігі болып, оқушылар ең
алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемінің күрт өсуі
болып саналады. Бұл олардың көпшілігінде ақпаратты саналау мен есте
сақтауда едәуәр қиындықтар туғызады. Өйткені, бастауыш мектеп оқушыларында
адаптация - жағдайда бейімделу барысы мүлдем баяу, ал меңгеретін ақпарат
өте тез ұлғаяда. Сондықтан да осы кезеңдегі педагогика ғылымының ең бір
басты мәселесеі оқыту процесінің тиімділігін арттыру есебінен,
материалдардымеңгерудің жалпы уақытын қысқарту, оқыту үрдісінене жаңа
көзқарас, мектеп пәнінің реестеріне кіретін әрбір ғылым пәнінің моделін
балалардың ойлау жүйесінде құрастыру проблемасына алдын алғы әзірліктер
жасау (В.В Давыдов). Оқушылардың акпарат тасқынының салмағын қалыпты
көтеруі үшін, оларды ақыл-ой әрекетінің: заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша
ойлау объектпен түсінік арасындағы иерхиялық тәуелділікті табу, теңеу,
жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру секілді әдіс-
тәсілдеріне баулыған жөн. О
сы тапсырмаларды шешу үшін бастауыш мектеп тәжірбиесінде компьютерлік
технология да табыспен қолданылып келеді.
Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компбютерде қолданудың
бұрыннан белгілі мысалының бірі, Массачусет технологиялық институтында
(АҚШ) С.Пейперт жұмыс болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан
Ж.Пиаженің теориялық концепциясы негізінде балалардың интеллектуальды
қабілетін дамыту бойынша, соның ішінде мектеп жасындағы және мектепке
дейінгі балаларды да қоса, зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізіне екі идея
алынды:
1) Интеллектуалдық дамудағы маңызда өзгеріс, тек мәдениеттілікті өзгерту
арқылы ғана мүмкін
2) Мәдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін жақын арадағы неғұрлым
сенімді жол компьютерді мектеп тәжірбиесінде жедел қарқынмен
қолданысқа енгізу.
Бізге белгілі басқа да экспериментті зерттеулер 1980 ж адам
ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымымен Моптгомери (АҚШ, Мэрлин штаты
) округы мұғалімдері мен әкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Онда 165
бастауыш толық емес орта және толық орта мектептің оқушылары қатысты.
Эксперимент процесі кезінде мынандай әрекеттер болды: Біріншіден, әр түрлі
мақсатта қойылған тапсырмалар қай сынаптарда табыспен жүруі мүмкіндігін
анықтау, Екіншіден, компьютермен жұмыс істеуі шектеулі және информатикамен
есептеуіш техникадан әзірлігі өте төмен мұғалімдермен қол жеткізген
табыстарын бағалау болатын. Осы зерттеулердің нәтижелері кейіннен АҚШ- тың
басқа штаттарында қайталанып, мектептердің тәжірибесіне енгізілді.
Информациялық технологияның қаулап өсуі мен информациялық қоғамның
қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да
информациялық мәдениетті қалыптастыру талабы туындады. Осыған орай, енді
тек оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияны менгеруі ғана
емес, өмірге жаңа көзқарас, ойлау стилін қалыптастыру, жаңа қоғамның
адекватты талаптары туындады.
Біздің қоғамды ақпараттандыру концепциясына сәйкес, информатиканы
оқытудың бастапқы базалық кезеңін оныншы сыныптан жетінші сыныпқа түсірді.
Бұлай ету себебі, бұл мектеп білімін ақпараттандырудан бөлек,
информатикалық білім мен іскерлікті басқа да оқулық пәндерінде, бұрынғыдан
ерте кезенде кең және ұтымыды пайдалану мақсатында көздеді. Біріншіден осы
жастағы балаларды информатикаға оқытудың оң тәжірибесі біздің
республикамызда да, шет елдерде де дамыды. Екіншіден, информатика – ойлауды
дамыту, оқушыларда ғылыми өмірлік көзқарас қалыптастыру үшін оқыту тап осы
жастағы топтарда барынша игі жемісін беріп отырғаны белгілі болды.
Информациялық технологияны ерте жастан оқыту үшін пропедевтикалық кезен
(1-6 сыныптар) ұсынылады. Оның негізгі міндеті- оқушыларды компьютермен
алғашқы таныстыру, оқулық ойындық бағдарламаларды, қарапайым компьютерлік
тренажерды пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің алғашқы
элементтерін қалыптастыру. Бұл міндетті шешу – жоғары сынып оқушыларын
алдағы уақыттарда компьютерді қолдану деңгейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz