Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық аспектілері . . .
1. 2. Танымдық қызығушылық пен шығармашылық белсенділік ұғымы
1. 3. Танымдық қызығушылық пен шығармашылық белсенділіктің қалыптасуы . . .
1. 4. Педагогикалық шеберліктің негізгі критерийлері . . .
1. 5. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау ерекшеліктері . . .
1. 5. 1. Баланың бойындағы болатын қабілеттіліктер . . .
2. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
2. 1. Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту бағытындағы
іс-әрекеттер . . .
2. 2. Оқушының шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған педагогикалық технологиялар мен әдістер
2. 2. 1. Ойын технологиясы
2. 2. 2. Жобалық технология . . .
2. 2. 3. Оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту әдістері . . .
2. 3. Информатикадан жүргізілетін факультативтік курстарды өткізу
әдістемесі . . .
2. 4. Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстарын жүргізу
әдістемесі . . .
2. 5. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі . . .
2. 6. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға арналған сабақ
үлгілері . . .
3. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі әлеуметтік, экономикалық процестер тоғысқан күрделі даму кезеңін бастан өткізіп отырған Қазақстан Республикасы зиялы қоғамның талап-тілектеріне толығымен жауап беретін жауапкершілік сезімі жоғары, шығармашылық белсенділігі мен адамгершілік болмысы бірдей үндескен, бойындағы дара мүмкіндіктерін, интеллектуалдық қабілеттерін өз іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеу мәселесін өзекті етуде. Сондықтан қазіргі заман мектептерінің басты міндеттерінің бірі - оқу-тәрбие жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық - шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, әлемдік өркениет пен ұлттық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
Еіліміздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен үнемі динамикалық қозғалыстағы күнделікті өмір талаптарына байланысты оқушыларға тек білім, біліктілік, дағдыға үйрету жеткіліксіз екендігін дәлдеп отыр.
Яғни, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту мәселесінің өзектілігінің артуы мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру ғана емес, танымдық-шығармашылық іс-әрекет және нителлектуалдық, шығармашылық процесс ретінде қарастыруды міндеттейді.
Қоғам мен білім берудегі ақпараттану жағдайында оқушылардың бойында білім, біліктілік, дағдыны қалыптастыруда және оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына информатика пәні үлкен роль атқарады.
Мектеп информатикасының негізгі міндеттерінің бірі - оқушының ақпаратпен жұмыс істеуін, ақпараттарды өңдеуге қажетті әдіс -тәсілдерді дұрыс таңдап меңгеруін қалыптастыру. Осындай міндеттерді шешудің бір жолы информатика сабағында оқушылардың танымдық әрекеттерін қалыптастыратын және қанағаттандыратын жағдай туғызу. Педагог оқушыны өздігінен білім алуға бағыттайды, оның танымдық қажеттіліктерін зерттейді, шығармашылық жұмыстар атқаруына, оқушының танымдық қызығушылығының қалыптасуына жағдай жасайды
Қазіргі таңда оқушылардың информатика сабағында танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мен дамыту мәселелеріне арналған әдістемелік жұмыстар әлі де жеткіліксіз.
Дипломдық жұмысты орындаудағы негізгі қойылған мақсат - оқушылардың информатика сабағында шығармашылық белсенділігін дамытуға арналған жеке әдістері мен тәсілдерін зерделеп, қалыптастыру жолдарын анықтау.
Жұмысты орындау барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- тақырыпқа байланысты теориялық және әдістемелік материалдарды оқып үйрену;
- оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін зерттеу;
- әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың іс- әрекеттерін бақылау .
Зерттеу объектісі - информатика сабағында оқушылардың танымдық қызығушылықтары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттары, оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен мақсатты оқу қызметін жетілдіруге бағытталған арнайы сыныптан тыс жұмыс формалары тиімді пайдаланылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай жан-жақты дамыған, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын өзіндік рефлексия мен жаңашылдыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндіктер туындайды.
Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын арнайы жұмыстар
үздіксіз, мақсатқа сәйкес жүргізіліп, біртұтас педагогикалық процесте тұлғалық құндылық бағдар ретінде танылуы қоғамның рухани - интеллектуалдық талаптарын қанағаттандырады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері баяндалды.
«Мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде оқушылардың дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық, педагогикалық т. б. әдебиеттердегі талдануына, мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың психологиялық ерекшелігіне сипаттама берілді. Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту жағдайлары мен мүмкіндіктері сараланды.
«Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар» атты екінші бөлімінде жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын диагностикалау әдістері көрсетіліп, оның әдістемесі негізделді. Мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуға бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері талданды.
Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары берілді, ұсыныстар және дарындылықты дамыту мәселесінің болашақтағы зерделенетін бағыттары көрсетілді.
Қосымшада мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту жұмыстары бойынша сауалнамалар, тест, тапсырмалар, интеллектуалдық, шығармашылық ойындар ұсынылды.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық аспектілері
Оқушының оқуға деген қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігі жөнінде мәселелер Кеңес дәуіріндегі педагогикалық ғылымның көп зерттелінген бөлігінің бірі деп айтуға болады. Сол дәуірдегі әлеуметтік -экономикалық өзгерістер ағарту ісіндегі көптеген міндеттерді шешуге бағытталған еді. [6] . Патшалық Ресей дегі ағарту ісіндегі қайта құру жұмыстары және елдегі өнеркәсіп пен сауданың өркендеуі үшін білімді жетілдіру мақсатында европаның И. И. Бецкой и Ф. И. Янкович тәрізді алдыңғы қатарлы педагогтарының ілімдері пайдаланылды.
И. И. Бецкийдің ілімінде «жаңа дәуір адамын» қалыптастыратын оқу мекемелерін құру арқылы адам табиғатына оң өзгерістер әкелу керектігі айтылды. Баланың табиғатын үнемі оқыту арқылы емес, олар үшін сол оқуға қызықтыратын жағдай туғызу арқылы өзгертуге болатындығы дәлелденді. Ф. И. Янкович баланы оқыту барысында әртүрлі қызығушылықты арттыратын ойын элементтерін пайдалану ілімін ұсынды.
Ұлы педагогтар К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий өздерінің педагогикалық теорияларының контекстінде оқытуда жаңа әдістерді қолдану ілімдерін қарастырды: баланың танымдық, қызығушылық қабілетін қолдау барысында, оларды оқуға деген ынтасын арттыру жолдары ұсынылды.
Ғалым -педагогтар баланың танымдық қызығушылығымен қатар олардың шығармашылық әрекеттерін дамытуға да көп көңіл бөліп, осы мәселелер бойынша өз ілімдерін ұсынды. Шығармашылық - тек әрекет емес, ол бала бойында қандай да бір табиғи мүмкіндіктерін ашу. Осыған байланысты баланың шығармашылық қабілетін тек сабақта емес, сонымен қатар сабақтын тыс уақытта да дамыту мәселелері қойылды.
Оқушының шығармашылығы мен шығармашылық белсенділігін зерттеу мәселелері К. Д. Ушинскийдің, В. А. Сухомлинскийдің, М. Н. Скаткинаның, А. К. Маркованың, Д. Н. Богоявленскийдің еңбектерінде қамтылған [5] .
Бүгінгі таңда баланың сабақтағы қызығушылығы мен шығармашылығы жөніндегі мәселелер оқушының әртүрлі іс әрекеті барысында зерттелінуде.
Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет». Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылсы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар:
- Білім беру үрдісіндегі инновациялық даму;
- Ақпараттық даму;
- Жастарды рухани тәрбиелеу.
Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз - бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де - тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі - ананың құрсағынан басталады. А. Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» дейді. «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллекталды түрде дамыту жолдары негізге алынады.
1. 2. Танымдық қызығушылық пен шығармашылық белсенділік ұғымы
“Қызығушылық ” феноменінің ең негізгісі ретінде мектеп оқушысының танымдық қызығушылығын айтуға болады. . Өйткені тек мектепте ғана баланың әртүрлі ғылыми аумақтағы білім алу жүйесіне бағытталған негізгі іс-әрекеті ретінде танымдық іс-әрекет танылған.
Қызығушылық, адамның ең күрделі де ең маңызды білімі ретінде танылып, төмендегідей психологиялық анықтамасы беріледі:
- адамның назарының жинақталып бағытталуы (Н. Ф. Добрынин, Т. Рибо) ;
- Адамның ойлау және эмоциялық белсенділігінің бой алуы (С. Л. Рубинштейн) ;
- әртүрлі сезімді белсендіргіш (Д. Фрейер) ;
- адамның қоршаған ортаға деген эмоциялық - танымдық қатынасы (Н. Г. Морозова) .
Яғни, “ танымдық қызығушылық деп - адамның назарының қандай да бір затты құбылысты, айналадағы жағдайды тануға жинақталып бағытталуын, оның психикалық процесін, қызметін, танымдық қабілетін белсендіретін іс-әрекетті айтуға болады. [3, 9]
Танымдық іс-әрекеттің ерекшілігі - ол адамның тек танымдық қызметін ғана емес, оның кез -келген әрекетін байытып, белсендіретін қабілет.
“Танымдық қызығушылық ” ұғымын жалпы түрде - пәнге деген қызығушылық деп қарастыру қажет [6] .
Оқу пәніне деген қызығушылық - жеке тұлғаның оқу пәні бойынша білімін жетілдіруге бағытталған әрекеті. Пәнге деген қызығушылықты танымдық қызығушылықтың дербес түрі ретінде қарастырылады.
Қазіргі кезде пәнге деген қызығушылықтың қалыптасуы, қоғам мен білім беру жүйесндегі болып жатқан өзгерістерге және ақпараттық қоғамға өтуге байланысты ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Өйткені ақпараттық қоғамдағы ақпараттар көлемінің тым жедел өсуі, оны тез арада игеруге мүмкіндік бермей жатыр.
Танымдық қызығушылық жеке тұлғаның дамуы мен оның психикалық процесінің жиынтығы. Адамның танымдық қызығушылығының әсерінен дамитын интеллектуалды іс -әрекетінде мыналар анықталады:
- белсенді іздеу әрекеті ;
- болжам;
- зерттеушілік іздеу әрекеті ;
- мәселені шешуге дайындығы.
Танымдық қызығушылықтың ең маңызды ерекшелігі - кейбір танымдық мәселені шешу үшін адамнан жаңалық пен кездейсоқ жағдайға қарапайым бағдар жасау емес, одан белсенді, ізденіс немесе шығармашылық жұмыс істеуді талап етеді.
Әртүрлі зерттеу жұмыстарында, әдебиеттерде және күнделікті өмірде белсенділіктің анықтамасының әртүрі кездеседі: эмоциялық, физикалық, әлеуметтік, саяси-әлеуметтік, интеллектуалды, ақылдылық, танымдық, шығармашылық, психикалық, бағдарлы -зертеушілік және т. б.
Оқушылардың оқу үрдісінде қабілетін қалыптастыру үшін - пән бойынша оқушының танымдық және шығармашылық әрекетін үйлестіру қажет.
Оқушының ойлау қабілетінің икемділігін, фантазиясын, елестетушілік қабілетін, зерттеу әдістерін мақсатты түрде жаттықтыру арқылы - оның қабілетінің дамуын арттыруға болады.
Яғни, оқушының шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыру үшін, оқушының өзбетінше жаңа ақпарат алуына бағдар беру керек.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі жүргізілуі тиіс. Мұны оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, іс - әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі - логикалық ойлау операциялары -оқыту технологисының негізіне алынған. Сондықтан оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі қарастырылған. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылған.
Оқыту технологиясының мақсаты - оқу үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау. Осы мақсатқа жету үшін ғалымдар мынадай міндеттер белгілеген.
1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу;
- шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалык операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу;
- логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір кезеңдерінде, оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық
тапсырмаларды, сұрақтарды кұруда, тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде қолдануды енгізу;
- оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын
және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін
жасау,
2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында:
- сабақта игерген шығармашылық іс-әрекет дағдылары бойынша
өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындау;
- шығармашылык жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып. шағын шығармашылық жұмыстар жасау арқылы нақтылы ғылыми-ізденісжұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау.
3. Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда:
- өз бетінше материалдарды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру;
- өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалык заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет.
Оқыту үрдісінің мазмұнындағы бейімді оқыту үрдісін орындау технологияның ішкі құрылымында қарастырылады. Бейімді оқытудың талаптары бойынша әр пән белгілі мамандықтарға негіз болады. Пән бойынша оқушылардың болмысын жасай отырып, онда сабақ барысында игеруге мамандыққа қажетті дағды, іскерліктері мен қабілеттері бойға сіңіріледі.
1. 3. Танымдық қызығушылық пен шығармашылық белсенділіктің қалыптасуы
Шығармашылық - бұрын болмаған жаңа, соны өнім өндірудегі адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты іс-әрекеті, онда шығармашылықты ізденушілікпен, зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға болады,
Осы анықтамалардан мынадай тұжырым жасалынды: «Жоғары қабілетті, шығармашылық мүмкіндіктері бар оқушы - дарынды, яғни шығармашылыққа қабілетті оқушы - дарынды" деп есептеледі.
Адам дайын қабілеттермен туылмайды, өмірге қабілеттіліктің анатомиялық-физиологиялық алғы шартымен ғана келеді. Ал қабілеттілік сол алғы шарттар негізінде қоршаған әлеммен қатынас жасау процесінде оқу мен тәрбие әсерінен дамиды.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты бала қандай қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижемен қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілетідеп аталады. Адамның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі-психологиялық қүбылыс емес, екіншісі-баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тез меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған, әрі оларға тәуелді күрделі жүйе. Адамның психологиялық сипаты білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағалағаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жэйттерге тәуелді. Мысалы балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ ол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес
Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі жүргізілуі тиіс. Мұны оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, іс - әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі - логикалық ойлау операциялары -оқыту технологисының негізіне алынған. Сондықтан оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі қарастырылған. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылған.
Оқыту технологиясының мақсаты - оқу үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау. Осы мақсатқа жету үшін ғалымдар мынадай міндеттер белгілеген.
1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу;
- шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалык операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу;
- логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір кезеңдерінде, оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық
тапсырмаларды, сұрақтарды кұруда, тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде қолдануды енгізу;
- оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын
және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін
жасау,
2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында:
- сабақта игерген шығармашылық іс-әрекет дағдылары бойынша
өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындау;
- шығармашылык жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып. шағын шығармашылық жұмыстар жасау арқылы нақтылы ғылыми-ізденісжұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау.
3. Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда:
- өз бетінше материалдарды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру;
- өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалык заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет.
Оқыту үрдісінің мазмұнындағы бейімді оқыту үрдісін орындау технологияның ішкі құрылымында қарастырылады. Бейімді оқытудың талаптары бойынша әр пән белгілі мамандықтарға негіз болады. Пән бойынша оқушылардың болмысын жасай отырып, онда сабақ барысында игеруге мамандыққа қажетті дағды, іскерліктері мен қабілеттері бойға сіңіріледі.
Мектеп оқушыларын мақсатты деңгейге жеткізу үшін мектепті бітірушілердің болмысы белгіленген. Болмыста дарынды оқушылардың да болуға тиісті құнды сапалық қасиеттер көрсетілген. Олар тәрбие берудің барысында міндетті түрде басшылыққа алынып отырылады.
Оқушылардың білімдері мен өзіндік шығармашылық жұмыстарының негізі, ғылыми ізденіс бастамасы сабақ барысында қамтамасыз етіледі. Сабақ барысындағы ғылыми-шығармашылыққа бағыттаудың тәжірибелік жалғасы сабақтан тыс уақыттағы оқушыларды дамыту жұмыстарында орындалатын өзіндік ізденістері арқылы ұйымдастырылуы шарт.
Дарынды баламен дұмыс барысы оқытудың жаңаша технологияларының қағидаларын негізге ала отырып жоғары қабілетті оқушылардың білім негіздерін меңгерумен қатар шығармашылық тұрғыда (өнімді) ойлауға, өз бетінше ізденуге, ғылыми-ізденіс бастамаларын үйренуге бағытталуы қажет.
Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі - танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz