Муниципалдық менеджмент



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 . 5.

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 .19.

1.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ...6 . 14.
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14. 19.

II МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТКЕ ТҮСІНІК ... ... ... ... .20 . 27.

2.1 МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ БҰЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРІНІҢ СИСТЕМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20 . 23.
2.2 МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23 . 27.

III АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШІЛІКТЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28 . 37.

3.1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28 . 31.
3.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР МЕН ЖОБАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 . 37.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38 . 40.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41.
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік- экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканың ерекшелігі. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр.
Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты- аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.
Аймақ экономикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, геогрфиалық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты – аймақтың әлеуметтік – экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады. Және де муниципалдылық менджметтүсінігі қазіргі кезде басқарудың тиімді түрі ретінде қаралады нарықтың экономикасын талаптарына сай келеді. Жергілікті жеке меншікті басқару формасы бойынша муниципалды меннджмент. Жергілікті өзін - өзі басқаруға ұқсас болып келеді. Жергілікті өзін - өзі басқаруға тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай – ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Муниципалдық менеджмент басқарудың жаңа системасы болып қана қоймай, ол нарықтың экономиканы түсініп соған толық жетудегі мақсатқа сәйкес келетін шешім болып табылады. Яғни республикада басқарудың командылық - әкімшілік системасының көріністері қалдықтар әлі де жергілікті демократиялық басқаруды тенейді.
Бұл курстық жұмысымдағы барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалары:
- бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:
- жеке аймақтардағы депрессифті жағдайдан шығару:
- әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:
- экономиканы тұрақтандыру:
- аймақаралық көлік жүйесін дамыту:
- экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу:
- кәсіпкерлікті дамыту.
Жалпы, аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде жалпы аймақ, аймақтық саясат түсінігі, оларды жүзеге асыру қарастырылған.
Екінші бөлімінде муниципалдық менджментке түсінігін беріп оның тұжырымын жоспарлаудың қарастырылған
Үшінші бөлімінде Алматы қаласының дербес аймақ ретінде дамуына сипаттама беріп, экономикалық даму жолына талдау жасап, экономикасын реттеу ерекшеліктері қарастырылған.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. "Қазақстан-2030" даму стратегиясы.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтж жоспары туралы. 2000 жылдың 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N722 Қаулысы.
3. Қазакстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын жасау ережелерiн бекiту туралы 2000 жылдың 3 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкiмiнiң N432 Каулысы.
4. Құрманбаев С.Қ Муниципалдылық менеджмент Алматы 2000.
5. Ихданов Ж., Орманбеков Э. - Экономиканы мемлекетiк реттеудiң өзектi мәселелерi. Алматы; Экономика, 2002.
6. Коньюнктурные обследования. Агентство по статистике и анализу РК - 2003 - январь.
7. Казахстан 1991-2001 годы: Информационно-аналитический сборник. Агенства РК по статистике – Алматы: Экономика.
8. Web – сайттан http: www minfin.kz.
9. Web – сайттан http: www.government.kz.
10. Web – сайттан http: www.almaty.kz.
11. Web – сайттан http: www.stat.kz.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 – 5.

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...6 -19.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. .6 – 14.
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14– 19.

II МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТКЕ ТҮСІНІК ... ... ... ... .20 – 27.

2.1 МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ БҰЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРІНІҢ
СИСТЕМАСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
– 23.
2.2 МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ
ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...23 – 27.

III АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
ЕРЕКШІЛІКТЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28 – 37.

3.1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8 – 31.
3.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЖОСПАРЛАР МЕН
ЖОБАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...31 – 37.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...38 – 40.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .41.

КІРІСПЕ
Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның
бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі
өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік- экономикалық
реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен
қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге
асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге
және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. әр аймақ
еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа
аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи
ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи
белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық
экономиканың ерекшелігі. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып
отыр.
Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты- аймақтарға
экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды
қамтамасыз ету.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың
қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің
шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие.
Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр
орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық
бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан-
жақты зерттеуден құрылады.
Аймақ экономикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен
стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың
мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық
мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек
аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, геогрфиалық және тағы
басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана
экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты – аймақтың әлеуметтік – экономикалық даму
ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын
анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады. Және де муниципалдылық
менджметтүсінігі қазіргі кезде басқарудың тиімді түрі ретінде қаралады
нарықтың экономикасын талаптарына сай келеді. Жергілікті жеке меншікті
басқару формасы бойынша муниципалды меннджмент. Жергілікті өзін - өзі
басқаруға ұқсас болып келеді. Жергілікті өзін - өзі басқаруға тұрғын халық
тікелей сайлау жолымен, сондай – ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты
қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және
басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Муниципалдық менеджмент басқарудың жаңа системасы болып қана қоймай, ол
нарықтың экономиканы түсініп соған толық жетудегі мақсатқа сәйкес келетін
шешім болып табылады. Яғни республикада басқарудың командылық - әкімшілік
системасының көріністері қалдықтар әлі де жергілікті демократиялық
басқаруды тенейді.
Бұл курстық жұмысымдағы барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық
тапсырмалары:
- бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:
- жеке аймақтардағы депрессифті жағдайдан шығару:
- әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:
- экономиканы тұрақтандыру:
- аймақаралық көлік жүйесін дамыту:
- экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу:
- кәсіпкерлікті дамыту.
Жалпы, аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы, аймақтардың
экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде жалпы аймақ, аймақтық саясат түсінігі, оларды
жүзеге асыру қарастырылған.
Екінші бөлімінде муниципалдық менджментке түсінігін беріп оның
тұжырымын жоспарлаудың қарастырылған
Үшінші бөлімінде Алматы қаласының дербес аймақ ретінде дамуына
сипаттама беріп, экономикалық даму жолына талдау жасап, экономикасын реттеу
ерекшеліктері қарастырылған.

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ
НЕГІЗДЕРІ.

Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып
жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету
жолдары алады.

Аймақтық экономика – бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды
салалардың бірі болып тадыблады. Аймақтық экономикалық пәні, Қазақстан
Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық
орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды
табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған
қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық
байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің
маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін
зерттеу болып саналады.

Аймақтық экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аймақтық аспетіде
әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің барлық элементтерінің
қағидаларын, заңдылықтарын зерттеумен, талдаумен және болжаумен айналысады,
сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың
жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын
негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық
экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын
зерттеумен айналысады.
Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын, оның
аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі демографиялық
проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық қатынастардың құрылу және
оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды. Әлемдік шаруашылық
жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының құрылмдылық қайта құру
бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті орналастыру факторларын
анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны тиімді пайдалану жолдарын
қарастырады.
Аймақтық экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория
аймақ деген ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория – бұл
географиялық жағдаймен және тағы басқа да белгіленген белгілі бір
территорияны сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. әртүрлі
белгілері бойынша басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін
құрайтын өзара байланысты бүтінділікке ие территорияны анықтайды.
Аймақ территориядан белгілі бір мақсаттары және тапсырмаларымен
ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде өзінің критериялары қолданылады:
• экономикалық-әкімшіліе басқару диспозициясы;
• еңбекті аумақтық бөлудегі рөлі;
• әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу;
• экономикалық кеңістік – бұл олармен байланысы: жергілікті пунктер,
егістік, жерді иелену, көлік инженерлік торабы және тағы басқа.

Әр аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен байланысты өзіндік
экономикалық кеңістіктің сапасы келесідей сипаттамалармен анықталады:

• тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі капитал, табиғи
ресурстар);
• орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық қызмет);
• байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар,
капитал, еңбек қозғалысының жағдайы).

Аймақтық экономика – бұл табиғи экологиялық жағдайлармен тығыз
байланысты, еліміздің территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-
экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды
зерттейтін ғылым саласы болып табылады.

Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық
экономиканы дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде
туындайтын барлық проблемалар аймақтық факторлар мен жағдайлардың іс –
әрекетімен тығыз байланысты. Аймақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек
әлеуметтік бағытталған ғана емес, мемлекетпен реттелетін нарық қүру болып
табылады. Осындай реттеу жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет
ету жағдайын жасау керек. Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы,
еңбек ресурстарын пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға
байланысты.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін
қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және
аймақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді
толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз
ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дұрыс қатынасты
таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді
аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет.
Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту,
құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек
және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жүргізу үшін аймақ таңдау)
баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аймақтық
өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық байланыстарды құру үшін өнделетін әдістер қолданатын үлкен
жобалы жұмыстар мен эксепдициялар алдын-ала жүргізілуі тиіс. Салалық және
аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін, оның дамуындағы
диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Нарықтық жағдайда аймақтардың рөлі және қызметі халықтың өмірінің
қызметі арасында экономикалық қатынастар қалыптастыруда көрінеді.
А.К.Осипов аймақтық рөлін толығырақ сипаттап, оның қызметтерін бөлді:
• институтционалды қызметтер – бір жағынан экономикалық дербесті, екінші
жағынан, халыққа еркін өмір сүру, қай жерде өміп сүруінен тәуелсіз
және әлеуметтік және заңды қорғамауына конституциялық құқықты
кепілдейтін, мемлекеттің жалпы экономикалық бірлігінің саясатын
анықтайды;
• экономикалық қызметтерді, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,
экономикалық қызметті еркін жүзеге асыруға мүмкіндік және жағдай
туғызуға бағытталған;
• әлеуметтік қызметтері, халықтың әлеуметтік дамуын, аймаққа
экономикалық потенциалын қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен құқығын
кепіл етеді;
• экологиялық қызметтері, халықтың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етеді,
табиғи қорғау және басқа да қоршаған ортаны жақсарту бойынша шараларды
жүзеге асырады.

Қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері
экономикалық, әлеуметтік, әкімшілдік бағыттардың бірігуіне негізделеді.

Реттеудің нарықтық әдістері жалпы танылған маркетинг жүйесі мен
экономикалық тұтқалары мен ынталары арқылы мемлекеттік реттеуден шығады.
Мақсаттар мен тапсырмалар жүйесі көзқарасынан қарайтын болсақ,
аймақтық экономика өзінің мазмұны бойынша қайшы, ал ең алдымен жалпы
республиканың мүддесі үшін дамиды. Аймақтық экономиканы зерттеудегі басты
артықшылықтары аймақтардың экономикасына әсер ететін процестерді білу,
әсіресе: еңбек бөлінісін жетілдіру, аймақтық шаруашылықтарды территориялдық
ұйымдастыру, экономика құрылымдық қайта құру, халықаралық қауымдастықты
және жеке аймақтардың өндіргіш күштерін орналастыруды дамыту болып
табылады. Нарықтық қатынастардың құрылуы және даму барысында мамандану және
шаруашылықтың кешенді дамуы деген түсінік қалыптасады, яғни қазіргі кезде
Қазақстанның жалпы шаруашылық кешенінің қызмет етуін жақсарту үшін әр
аймақтың жинақ қорын көтеру ғана емес, сонымен қатар әрбір аймақ
тұрғындарының мүдделерін біршама толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету
қажет.
Аймақтардың дамуын болжау әдістемесі 15 жылға дейінгі кезеңді
қамтитын өндіргіш күшті орналастыру мен дамытуды ретроспективті талдаудың
міндетті түрде жүргілуін қарастыруы керек. Бұл әдісте ретроспективті
кезеңде аймақтардың әлеуметтік даму аспектілерін бағалау, ішкі аймақтық
дифференциясын ескере отырып маңызды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге
асыру деңгейі қарастырылуы тиіс. Табиғи, экономикалық және ғылыми
ерекшеліктерін ескеріп халықтың өмір сүру деңгейі баңалануы тиісті.
Экономикалық талдаудың басты бағыттары болып депрессивті зоналар мен
экономикалық өсуі тез территориялардың пайда болуы, аймақтық шаруашылық
кешенін құру және аймақтық ресурстарды пайдалану тиімділігіне нарықтық
маманданудың әсер етуін анықтау болып табылады.
Аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы аймақтардың экономикалық
және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
Аймақтық дамудың маңызды тапсырмаларының бірі жеке аймақтардағы халық
өмірі деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл тапсырманы
орындау үшін аймақтардың экономикалық деңгейі мен ерекшеліктерін ескере
жеке аймақтардың шаруашылық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын қолдану
үлкен мәнге ие.

Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалар – бұл экономикалық
құрылымын реформалау, жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан шығару,
әлеуметтік инфрақұрылымын жасау, экономиканы ұрақтандыру, аймақаралық
транспорттық жүйені дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу.

Аймақтың дамуы үшін қаржы-қаражат орны ерекше. Аймақтық экономиканы
дамытуды тездетуге бағытталған құралдардың екі көзі бар:

• сыртқы инвестициялар – экзогенді көзі
• ішкі инвестициялар – эндогенді көзі.

Эндогенді дамытуды ынталандыру тәсілдері табиғи ресурстарды,
“экономикалық ортаны” (өндіріс, транспорт, коммуникация, жинақталған
экономикалық потенциал және басқалар) және ) адам капиталы (білім,
квалификация, шығармашылық потенциал, кәсіпшілдігі, халықтың жан тазалығы
және тағы басқа) жағдайын қамтитын проблемалы аймақтардың ішкі потенциалын
белсендірумен байланысты.

Қазір бар технология мен өндірісті ұйымдастырудың атақты тәсілдеріне
негізделген эндогенді аймақтық дамуды ынталандырудың мүмкін болатын
әдістеріне келесілерді жатқызуға болады:

• тікелей мемлекеттік реттеу;
• қызмет секторын ынталандыру;
• шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
• арнайы зоналар құру.
Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік меншікке негізделеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда меншікті мемлекетсіздендіру әлі жүріп
жатқандықтан, бұл әдісті эндогенді аймақтық дамытуда қолдану қиынға соғуда.
Секторлық ынталандыру құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттың тапсырмасы
ғана болып табылмайды, кейбір жағдайларда оны аймақтық экономикалық
саясаттың тапсырмасы ретінде қарастырылады. Әсіресе, бұл қызмет сферасына
қатысты.

Қазіргі күні Қазақстандағы және басқа елдердегі шағын бизнес ұлттық
және аймақтық экономикалық саясаттың әдістерінің бірі ретінде
қарастырылады. Өзінің құрылымдық өзгерістерге бейімдегі мүмкіндігі мен
икемділігіне байланысты көптеген үкіметтер ұлттық және аймақтық деңгейде
шағын фирмаларды қолдайды. Мұндай қолдау несие бөлуде және жеңілдікпен
қаржыландыруда, кадрларды қайта оқытуға көмек көрсетуде, қаржы
кәсіпорындарының өндірісін басқаруда, инвестицияны ынталандыруда,
технологиямен қамтамасыз етуде және басқа да жағдайларда көрінеді.

Шағын және орта бизнесті аймақтық экономикалық саясат шегінде
ынталандыру, олар экономикалық өсуге мүмкіндік жасаса және аймақта жаңа
жұмыс орнын ашса ғана жүргізіледі. Көмек түрі фирманың ерекшелігіне
(капитал сиымдылықты фирмаларға капитал, қызмет көрсетудің сауда
фирмаларына, айналмалы капитал, жаңа технология мен құрал-жабдық
қажеттілігі) және өмір цикліне байланысты болып табылады.

Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың
ерекшелігін, олардың шешілетін стратегиялықжәне тактикалық тапсырмалардың
сипатын ескеретін, икемді және дифференцацияланған болуы керек.

Елдің азық-түлік қорын қалыптастыратын аймақ тобы үшін экономикалық
тұтқалар мен ынталар халықты жұмыспен қамтуды өсіру және ауыл шаруашылық
өнімін өңдеуді тереңдету, техникалық қызмет көрсету орталықтарын, көтерме
азық-түлік нарығын, сауда үйлері мен биржаларын, маркетингтік қызмет,
лизингтік компания ұйымдастыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға
мүмкіндік етуі керек.

Экологиялық нашар және артта қалған аймақтар және де депрессивті
шағын және орта қалалар мен шалғай аудандар үшін мемлекеттік реттеу
әдістері экономиканы белсендіру және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мен
экологияның және әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсарту бойынша белгілі
бір жобаларды және мақсатты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруға, сонымен
қатар шетелдік технологиялық және гуманитарлық көмек тартуға араласуға
бағытталуы керек .

Республикалық билік ең алдымен аймақтық инвестициялық банктар мен
қорлардың қызметін заңды және нормативті – құқықтық қамтамасыз ету арқылы
аймақтарға қолдау көрсетуі тиіс. Экономиканы мемлекеттік реттеу аймақтың
потенциалын анығырақ ашу мақсатында аймақтарды әртүрлі бағыт қағидасы
бойынша жүргізілуі қажет.

Экономиканы реформалаудың нақты мақсатының негізгі параметрі аймақ
экономикасының әлеуметтік тапсырмаларды шешуге, өмірдің жоғары деңгейіне
жетуге бағытталғандығы болып табылады. Ол үшін республикалық, аймақтық және
жергілікті органдардың инвестиция облысындағы қызметін заң негізінде
шектеу, кәсіпкерлік қызметті ынталандырудың аймақтық механизмін әзірлеу,
аймақтардаға жағдайды үнемі мониторингке алу және алған мәліметтерді
саясаттық әзірлеу үшін уақытылы пайдалану қажет.

Мемлекеттік реттеудің құралдарының жиынтығы келесі негізгі
элементтерді қамтиды:

1. экономикалық болжау – экономиканың болашақ жағдайын және онымен
байланысты сфералар жағдайын көріп білу.

2. Индикотивті жоспар (болжау) әзірлеу – елдің барлық шаруашылық кешенінің
дамуын болжау.

3. Шаруашылық етуші субъектілердің белгілі бір тобы бойынша адрестік жоспар
әзірлеу және жүзеге асыру.

4. Шаруашылық етуші объектілерге жаната әсер етудің құралдарын қолдану.
5. Елдің (аймақтық) әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықты
тапсырмаларын шешу бойынша мақсаттар кешенді бағдарламалар әзірлесу және
жүзеге асыру.

Экономикалық болжау – әлеуметтік эканомикалық дамудың стратегиасын
және практикасын әзірлеу, дамудың мақсатын анықтау үшін бастапқы
негіз болып табылады.

Эканомикалық дамуды болжау – бұл барлық эканомикалық немесе оның
аймақтарының жеке сферасының көп салалы кешеннің даму бағдарламасын
әзірлеу және жүзеге асыру .

Бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асырудың маңызды қағидалары:

1. мақсатты бағытталғандығы, яғни алдын-ала бекітілген және сандық
анықталған мақсаттық құрылымға жетуге бағытталған шаралар;
2. жүйелік – мақсаттқа жету үшін қажетті өзара байланысқа шаралар жиынтығы,
осы шаралардың елдің және аймақтық даму жағдайымен байланысты;
3. ресурстармен қамтамасыз етілуі – алдын-ала белгіленген бағдарлама
шаралары материялдық, еңбек және қаржы ресурстармен қамтамасыз етіледі;
4. Басымдылық – бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде
проблемаларды маңыздылық рангің анықтау.

Экономикалық қызметті жүзеге асыруды үнемі сұраныс пен ұсыныстың тепе-
тендігі қамтамасыз етілетін қандай да бір ауытқулар болып отырады.

Жалпы аймақтық экономиканы дамытуды мемлекеттік реттеу маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекет тарапынан көптеген
шаралар жүргізілуде.

Аймақтық дамудың басты мақсаты аймақтардың экономикалық құрылымын
жетілдіруге көмек көрсету. Әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі мақсатты
бағыттардағы аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруды аралас тұтқаларды
қолдану қажет: жанама әсер ету және бақылау түрінде болып табылады.
Мемлекеттік мүдделерді орындаушылар болып мемлекеттік аймақтық
инвестициондық компаниялар шығуы мүмкін. Сонымен қатар, аймақтық
экономикалық және инвестициондық саясатты жүзеге асыру үшін аймақтар
орталық үкіметпен құрылған аймақтық даму компаниясының үлесіне кіре алады
немесе оларды бірігіп аймақтық келісім ретінде құру немесе оларды өз
мақсаттары үшін жеке өзі ұйымдастыру қажет.

Секторалық ынталандыру тек құрылымдық және өндірістік саясаттың ғана
тапсырмалары емес, сонымен қатар жеке жағдайларда аймақтық экономикалық
саясат тапсырмалары ретінде де қарастырылады. Әсіресе, бұл қызмет секторына
қатысты болып табылады. Қазіргі кезде қызмет секторын күшейту оларды
ынталандыру қажет.

Жоғарыда айтып өткендей, көптеген үкімет ұлттық және аймақтық
деңгейде құрылымдық бейімделуге икемділігі мен қабілеттілігі үшін кіші
фирмаларды қолдайды. Кейбір елдерде кіші фирмаларға басты түрде аймақтық
микросаясат арқылы жүзеге асырылатын қаржылық көмек бөлінеді: жеке капитал
жоғары тәуекелдіктен өзінің қаражатын аймақ экономикасына қосуға қарсы
болғандықтан іске асатын құрал-жабдықтарды модернизациялау және жаңасын
иеленуді қаржыландыру, қарыз және несиелерді сақтандыру, инвесторлар үшін
салық жеңілдіктері, ұзақ мерзімді несиелеу жөніндегі бағдарламалар жасап
шығарылады. Сондықтан, кәсіпкерлікті ынталандыру аймақтық билік
органдарының тапсырмасы болуы тиіс.

1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

Қазақстанның саяси өмірінде алдынғы орынға ұлттық қауіпсіздіктің
стратегиялық мүддесі мен аймақтың даму қажеттігін ескеретін мемлекеттік
саясаттың басты әрі тиімді бағыты бола алатын аймақтық саясатты жетілдіру
шығып отыр.
Аймақ – бұл өндіріс және әлеуметтік – тұрмыстық сфера, биліктің
аймақтық және жергілікті құрылымдары арасында белгілі бір үлесімділік
бекітілетін, табиғи және өндіріс ресурстарын толлық пайдалануға мүмкіндік
беретін тиімді қатынастар күшейтілетін, халықтың әртүрлі қажеттіліктерін
тиімді қанағаттандыруға ұйымдастыратын күрделі әлеуметтік – экономикалық
кешен, саяси - әкімшілік құрылымы.
Көптеген елдердің ғасырлар бойындағы тәжірибесі адамдарды
орналастыруды аймақтық тәсілі консервативті, өзгермейтін фактор екенін
көрсетеді.

Бүгінгі күні Еуразияның дамыған елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың
негізгі тенденциясы болып табылады:
1. билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік дербестік
беру;
2. елдің және аймақтын экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке табиғи
ресурстық потенциялын пайдалану мүмкіндігін ескере бірігіп әзірлеу;
3. территорияның экономикалық дамуының деңгейлерін теңестіру.

Бұған байланысты ұлттық үкіметтін компетенциясы мағыналы өзгерістерді
басынан ескеретін, ал аймақтар өзін басқаруды және халықаралық сценаға шығу
талап ететін жағдайдағы жаңа нақтылық мәселені туындайды.
Көптеген саяси эксперттер өркениетті елдердің экономикасында жаңа
әлеуметтік саяси нақтылықтын пайда болғаны туралы айтып кетеде. Мысалы, АҚШ-
тың мемлекеттік департаментінің кеңесшісі Дж. Ньюхаус “Мемлекет масштабы
өте кең ауқымды, сондықтан күнделікті тұрмыстық мәселелерді басқара алмайды
деп санаған.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде саяси өмірдің демократиялық жолын
таңдады. Соңғы жылдары аймақ экономикасы маңызды мәселелер қатарына шықты.
Дағдарыстан шығу қажеттілігі өзімізде бар экрермткалық потенциалды,
аймақтын өндіріс күштерін тиімді пайдалану мәселесін тудырды. Құрылған
өндірістік потенциал ұлттық байлықтын белсенді, әрі мәнді бөлігі болып
табылады. Аймақтың өнеркәсібінің және басқа шаруашылық салаларының пайда
болуы салыстырмалы көп капитал салымымен материалдық ресурстарды талап
етеді.
Мұңдай уақытта экономикалық өсу таза интенсивті сиппатқа ие. Бірақ
аймақтық шаруашылықтың пайда болуы құрылымдық қайта құрулармен, өндірісті
техникалық жаңартумен бірге жүреді. “Өмірдің өзімен бас тартылған моральды
ескіргенді қайта қалпына келтіруге болмайды.
Республикадағы мәселелі аудандардың болуын ескере құрылымдық
өзгерістерге, әлеуметтік дамуды теңестіруге мүмкіндік жасайтын
бағдарламалар жүзеге асыру мақсатты. Бұл үшін негізгі құрал көздері
территорилық бола алады. Ол игілікті жағдайы бар және жеңілдікті
мемлекеттік капитал салуға ынғайланған аймақтарда туындау мүмкін.
Барлық аймақтар донор және дотация алатын болып бөлінеді. Трансферт
түріндегі қордан қаржылық көмек “қолдауды қажет ететін аймақтар” немесе
“қолдауды ерекше қажет еттін аймақтар” мәртебесіне ие аймақтарға бөлінеді.
Олардың қатарына бекітіленген және реттелінетін табыстың бір тұрғынға
санағандығы көрсеткішінің орташа республикалық көрсеткіштен төмен аймақтар
жатады. Қаржыландырудың қосымша көзі Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың
аймақтық қорын құру болып отыр. Бұл қор рыноктық инфрақұрылымды дамыту
тапсырмаларын шешуге мүмкіндік жасайды, олар:
а) кәсіпкерлікпен бәсекені қолдаушы аймақтық бағдарламаларды әзірлеп,
жүзеге асыруға қатысады;
б) товарлар мен қызметтің монополистік рыногына шығатын шаруашылық етуші
субъектілерге әртүрлі көмек (қаржылық, материялдық, техникалық,
ұйымдастырушылық-әдістемелік, т.б.) көрсетуді жүзеге асырады.

Аймақтар арасындағы теңсіздіктін өсуі мен экономикалық, әлеуметтік
және экологиялық мәселелердің тереңдеуіне байланысты аймақтардың біразы
және республикалық бағынудағы қалалар ғана экономикалық өсуімен дамуы
мүмкіндігіне ие. Олардың көбі инвестицияны талап етеді. Сондықтан үкімет
үшін өзінің барлық қуатын мәселелі аймақтарға көмек көрсетуге бағыттап,
барлық аймақтардың даму мәселелерін шешіп, және бір уақытта әрбір аймақ
үшін басымдылықты, әрі тиімді болатын жеке бағдарламаларын әзірлеуге қажет.
Бұған байланысты бірнеше басымдылықты мақсаттарды анықтауға болады:
1. құрылымдық қайта құру және әлсіз дамыған аймақтарды дамыту;
2. өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы салдарынан қатты жапа шеккен
аймақтарды қайта құру;
3. созылып кеткен жұмыссыздызпен күрес немесе жұмысын жоғалтқан тұлғалар
мен жастарға еңбекке орналасуға көмек көрсету;
4. халық тығыздығы аз аймақтарға дамуға ықпал ету;
5. мемлекеттік аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары
келесілер долуы тиіс:
6. аймақтық бағдарламаны әзірлеу және тікелей бюджеттік қаржыландыру;
7. ынталандыру үшін облыстарды және әкімшілік тірліктерді субсидиялау
және несиелеу;
8. ацмақтық реттеудің заң негізін құру;
9. берілген аудандарда жеке кәсіпкерлікті ынталандыру.

Аймақтың жағдайын талдау және диагностикасы келесі ұсыныстарды
жасауға мүмкіндік береді:
1. облыстарға қаржылық және басқа көмек түрін көрсетуді мемлекеттік
бюджеттен қолдауға көшу қажет.
2. мемлекеттік көмек мақсатты сипатқа ие болу керек. Бұл мемлекеттік
құралдардың шығындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет.
3. бюджетаралық қатынастардын заң негізін жетілдіру қажет.

Аймақтардағы басқару жүйесін өзін-өзі басқарушы өндірістік
бірліктерді құру жолымен өндірісті дамыту арқылы жетілдіру қажет. Бұл
мәселені шешу үшін салық саясатына мәнді өзгерістер енгізу керек. Оның мәні
либеральды бағытта болуы тиіс. Осы тапсырманы шешкеннен кейін ғана
жергілікті өзін-өзі басқару идеясын жүзеге асыруға болады.
Мемлекеттік стратегия ұлттық деңгейде әзірленеді және аймақ
саясатының негізі бола алады. Аймақтық дамудын мемлекеттік стратегиясының
мәні мемлекеттін, аймақтын, жергілікті өзін-өзі басқарудын әртүрлі меншік
субъектілерінің және барлық азаматтардын мүддесінің үлесуіне бағытталған
қызметте жатыр.
Мемлекеттік және жергілікті билік органдарының ара қатынасын жақсарту
үшін қажет:
• нормативті – құқықтық негізді бекіту;
• мемлекеттік және облыстық салықтық түсімдер арасындағы көздерді бөлу
жолымен бюджеттік салықтық жүйеге өзгерістер енгізу;
• рационалды аудандау негізінде жүзеге асырылатын территория мәртебесіне
реттеулер жүргізу.

Аймақтардың экономикасын басқару құрылымын жетілдіру үшін, ұлттық
және жергілікті деңгейлерде өзара әрекет етудің мәселелерін шешу керек.
Орталық пен аймақтар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қалыптасқан
жүйесінің тиімділігін көтеретін бірнеше жағдайлар бар.
Бірінші және басты жағдай – орталық жағынан аймақтарға бағытты
дифференциалдау. Табиғи, экономикалық, әлеуметтік потенциалы бойынша
әртүрлі аймақтармен бірдей қатынас жүргізуге болады.
Екіншісі – қатынастың қарастырылып отырған субъектілері арасындағы
өкілеттілікті анықтау бөлу, яғни орталық компетенциясын шектеп, аймақтарға
еркіндік беру.
Үшіншісі – аймақтын экономикалық еркінділігінің кеңеюі. Аймақтық
экономикалық саясатты толық либерелизацияланған кезде ғана жетеміз.
Осыларды ескере, соңғы жылдары реформалардың ауыртпалығы аймақ
деңгейіне жайлап, біртіндеп ауысуда. Сондықтан адрестік, ортаықтандырылған
көмекті белсенді пайдаланып, әлеуметтік сфераның оьъектілеріне мақсатты
субвенцияларды енгізіп, жергілікті бюджеттен жоғарыда тұрған бюджеттерге
салымдардын тұрақты жылдық нормасын бекіту қажет.
Тарихи қалыптасқан Қазақстанның ауыл шаруашылық моделі бәрімізге
мәлім шығару өнеркәсібіне бағытталған. Бұған қарамастан ол өзінің басынан
аймақтарды дамытудағы әртүрлі әлеуметтік- эканомикалық теңсіздікті откерді.
Бүгінгі күні өнеркәсіп өнімінің өсуі мен бюджеттің толықтырылуы өндірілетін
өнімге экспорттық сұраныс бар аймақтарда ғана бар: Атырау, Батыс Қазақстан,
Маңғыстау және т.б.
Қорыта келгенде, аймақтардың эканомикасын мемлекеттік реттеуді
жетілдіру үшін:
1. Орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын
жалғастыру керек.
2. Аймақтарға көмек көрсетудің негізгі принциптері келесілер болуы
тиіс:жалпы Республикалық еңбекті бөлудегі аймақтардың перспективалары
мен орнын анықтау, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік
жасайтын шаруашылық құрылымын құруға орталықтанған қаржылық
құрылымдарды бағыттай.
3. мемлекеттік басқару органдарынан жергілікті органдарға әлеуметтік-
экономикалық бағдарламаларды беру кезінде оларды қаржыландыру көлемі
азаймау керек.
4. Бюджетті әзірлеу барлық облыстар мен аймақтардың әкімнің қатысуымен
жүзеге асырылуы керек. Сол кезде біз аймақтарды қаржыландырылғанға
байланысты мәселелерді шеше аламыз.

Ең негізгі бағыт – орталық пен аймақ арасындағы қаржылық –
экономикалық өзара қатынас жасаудың сптималды моделін таба алу.
Басқару тиімділігі шаруашылық етуші субъектінің өзінің ресурстарына
билік ете алуы жоғары болған салтын артады. Басқа сөзбен айтқанда,
басқарудың қатаң жүйесі басқарудың төменгі деңгейінің еркіндігін шектелген
соң ба тиімсіз болып, кері байланыс заңын бұзып, өзін реттеудің бұзылуына
әкелді. Аймақтық экономика қатаң орталықтандыру кемшіліктерін жоюға
негізделген.

II МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТКЕ ТҮСІНІК.

2.1 МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ БҰЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРІНІҢ
СИСТЕМАСЫ.

“Менеджмент” түсінігі қазіргі кезде басқарудың тиімді түрі ретінде
қаралады нарықтың экономикасын талаптарына сай келеді. Жергілікті жеке
меншікті басқару формасы бойынша муниципалды меннджмент. Жергілікті өзін -
өзі басқаруға ұқсас болып келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланғандай.
Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың
өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін - өзі басқару танылады.
Жергілікті өзін - өзі басқаруға тұрғын халық тікелей сайлау жолымен,
сондай – ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және
қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін
- өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қоса Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет
тәртібін заңмен белгіленген өкілеттігі олардың заңмен белгіленген
өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Нарықтың байланыстардын даму шал шандығымен аймақтарды ірілендіру
процесі құқықтық, қаржылық және әлеуметтік – экономикалық шарттары
жергілікті өзін - өзі басқару органдары тиімді жұмыс істеуін талап етеді.
ТМД – елдерінің, жергілікті өзін - өзі басқару заңының үлгісіне
сәйкес. “Муниципалдық құрылым” – бұл қалалық және ауылдық халық, бір
аумақпен біріктірілген, сол арада муниципалды өзін - өзі басқару жүзеге
асатын. Жергілікті және меншікті болу, жергілікті бюджет және сайланбалы
жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ескере муниципалдық құрылымың
шекарасын, тарихи жағдайда және басқа да жақтарын қарастыра, Мемлекеттік
билік органдары белгілейді.
Муниципалдық менеджмент басқарудың жаңа системасы болып қана қоймай,
ол нарықтың экономиканы түсініп соған толық жетудегі мақсатқа сәйкес
келетін шешім болып табылады. Яғни республикада басқарудың командылық -
әкімшілік системасының көріністері қалдықтар әлі де жергілікті
демократиялық басқаруды тенейді.
Әрине басқарудың жаңа системасын бола тура муниципалдық менеджменте
Қазақстан Респуликасында керекті құқықтық актілердің өзіне болмауына және
экономикалық дағдарысын салдарынан үлкенқиындық көруде. Бұл системанын
тиімділігі, дүние жүзінің көптеген қалаларда нарықтың экономикалық
қалыптасуымен дәлелденген және мақсатқа лайықтылықпен.
Басқа да жаңа экономикалық пәндер – сияқты муниципалдық менджментте
өзінің жаңа терминалогиясын, жаңа түсінігін енгізеді, және де
болашақ Мемлекеттік және муниципалдық басқарушы маман осы жаңалықтарда
білуге тиіс.
Сонымен ”муниципалдық“, ”жергілікті“ сияқты терминдер сол аумақтағы
өндірістерде, зауыттарда және басқа да салаларда қолданылады.
”Муниципалдық меншік“ түсінігі – бұл муниципиялдық аумақтың меншігін
білдіреді. Муниципалдық меншікпен жергілікті өзін - өзі басқару органдары
басшылық етеді. Жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасын
атқарушы орган біріңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму
қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын
жүргізіледі қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдарын қарауына мыналар
жатады:
1. аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламарын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету;
2. коммуналдық меншікті басқару;
3. жергілікті атқарушы органдарын басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдарын жұмысын ұйымдарға
байланысты өзге де мәселерді шешу.
4. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асыру.
5. жергілікті атқарушы органдарын құзыреті ұйымдастырылуы және олардың
қызмет тәртібі заңмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Муниципалдық басқарудың аймақтық негізі
МУНИЦИПАЛДЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Басқару обьектілерінің функциялары
Басқару ғылымының дамуы
Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі
Өндірістік кәсіпорында персоналды басқару
Муниципалдық қызметтің міндеттері мен принциптері
Кадрлар потенциалының тиімділігі
Фирманың ұйымдастыру құрылуымен басқару нормасы
Территориялық басқару жүйесі
Пәндер