Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы . . . 5

1. 1Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы . . . 6

1. 2. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері . . . 11

II. Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы . . . 15

2. 1 Диверсияның объективтік белгілерінің сипаттамасы . . . 15

2. 2 Диверсияның субъективтік белгілерінің сипаттамасы . . . 17

III. Диверсияның ұқсас қылмыс құрамдарынан айырмашылығы . . . 18

Қортынды . . . 20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 21

Кіріспе

Диверсиянң не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп және XXI ғасырдағы қылмыстың осы түрі кең етек жаюда. Аталған қылмыс құрамы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі "Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар" деген 5-тарауында орын алған және тікелей объектісі бойынша мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне және қорғаныс қабілеттігіне қарсы қылмыс болып табылады. Диверсияның ұғымы Қылмыстық кодекстің 171-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату» деп көрсетілген. [1]

Жалпы бұл қылмыстың түрі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттігіне тікелей қатысты болғандықтан, олардың анықтамаларын берген дұрыс болар.

Экономикалық қауіпсіздік - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. [2] Экономикалық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи және қисынды тұрғыда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен қатар пайда болады.

Мемлекеттің қорғаныс қабілеттігі бұл - мемлекеттің агрессиядан, басқа да ірі зиян мен зардаптан тұратын әрекеттерден қорғану дайындылығының дәрежесі. Қорғаныс қабілеттілігі мемлекет пен халықтың әскери, экономикалық, ғылыми, әлеуметтік және психологиялық мұмкіндіктерін сипаттайтын материалды және рухани элементтерден тұрады.

Жұмыстың мақсаты , диверсияны толық қанды зерттеп, жалпы қылмыстық сипаттамасын ашу, осы арқылы қоғамды теріс әрекеттерден аулақ болуға шақыру. Онымен күресті жалғастырып, тұрғындар арасында тыныш өмірді қалыптастыру, теріс көзқарастағы идеологиядан сақтануға үгіттеу. Диверсияның аса қауіпті және ұлкен масшатабты, яғни мемлекеттік ауқымдағы зардап әкелу мүмкіндігі жайлы қоғамда дұрыс түсінік қалыптастырып, оған немқұрайлы қарамай, жүйеленген алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады. Аталған мақсаттарға байланысты келесідей міндеттер алға қойылған:

  • Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру;
  • Диверсияның ұғымын ашу;
  • Диверсияға қылмыстық құқықтық сипаттама беру;
  • Диверсияның ұқсас қылмыс құрамдарынан, әсіресе терроризмнен айырмашылығын көрсету.

Менің курстық жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімінде, мен конституцияның құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасына, дәлірек айтсақ осы қылмыстардың ұғымына және түрлеріне тоқталдым.

Екінші бөлімінде, диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасын, яғни оның объективтік және субъективтік белгілерін қарастырдым.

Үшінші бөлімінде, диверсияның ұқсас қылмыстардан, әсіресе терроризмнен айырмашылығын, олардың мақсаты мен ниеттерін, зардаптарын, басқа да белгілерін салыстыра отырып зерттедім.

  1. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөліміндегі жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері, эканомикалық қатынастары, қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы (1-баптың бірінші тармағы), Республика қызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармағы), Республика егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармағы), мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық екендігі (3-баптың, 1-тармағы), биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінетіндігі (3-баптың 4-тармағы), идеологиялықтың және саяси әр алуандылықтың танылуы (5-баптың 1-тармағы), меншіктің әр түрі және оның бірдей қорғалатыны (6-баптың 1-тармағы), т. б. мәселелер нақты айқындалған. [3]

Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған Конституциясының ерекше сипаттарының бірі, ол «конституциялық құрылыстың» негіздерін бекітеді. Бұған дейін заңгерлік ғылым «мемлекеттік» және «қоғамдық құрылыс» шеңберінен шықпайтын. Конституцияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституциялық құрылыс деп аталды. Сондықтан, конституциялық құрылыс мемлекет іс-әрекетінің негізгі қағидаларын бекітетін, конституциялық нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттік қауіпсіздікті - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери,

экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы деп түсінген дұрыс. [4]

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі «мемлекеттік қылмыстар» деген ұғым мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деген ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясында көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.

1. 1 Мемлекеттің жәнеқауіпсіздігіне қарсы қылмыстардыңұғымы

Жаңа қылмыстық кодекстің «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» тарауында қылмыстық құқықтық нормалардың жаңа мәні және ерекшелігі келесідей айқындалады.

Біріншіден, заң шығарушы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүесінде аталған қылмыстардың орналасу жерін өзгертті. 1959 жылғы ескі кодекстің «Мемлекеттік қылмыстар» тарауы Ерекше бөлімнің «беташары» болатын, алайда қылмыстық құқықтың демократиялық бастауларының дамуы, қылмыстық заңмен қорғалатын игіліктер мен мүдделердің жаңа иерархиясын құру қажеттігіне әкелді. Сөйтіп, жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстарға 5-тарауды арнайды.

Екіншіден, ҚазКСР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексіндегі мемлекеттік қылмыстар 2 топты біріктірді - аса ауыр мемлекеттік қылмыстар мен мемлекеттік қылмыстардың өзге түрі (барлығы алты қылмыстық құрам) . Шын мәнінде қылмыстардыңекінші тобы мемлекет мүддесін емес, түрлі салалардағы мемлекеттік басқарудың негізіне қолсұғушылық болды (мысал ретінде, мемлекеттің қорғаныс қабілеттігіне, мемлекет аумағының біртұтастығына, теміржол, әуе және су көліктерінің қалыпты жұмыс істеуіне, қаржылық пен кредиттік жүйелерге, т. б. ) . Осыған байланысты екінші топтағы қылмыстарды жаңа қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде басқа тарауларға топтық оъектісі бойынша біріктірілген. «Бандитизм» (237-бап) және «Жаппай тәртіпсіздік»(241-бап) үшін жауапкершілік нормалары «Қоғамдық тәртіпке қырсы қылмыстар» тарауында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын әдейі заңсыз өту» (330-бап) «Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар» тарауында, ал «Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу» туралы нормалар (306-бап) «Көліктегі қылмыстар» тарауында орын алған.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасы 1997 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінде «Мемлекеттік қылмыстар» - «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» деген ұғыммен енгізілді. Барлығы 10 қылмыстық құрамнан тұрады, оның бесеуі ескі кодексте мемлекеттік қылмыстардың аса қауіпті түріне жатқызылса, үшеуі өзге түріне және екеуі қылмыстың жаңа құрамдары болып табылады.

Төртіншіден, мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жауаптылық туралы баптардың тұжырымы ескі кодекске сәйкес идеологиялық ерекшелігінен айырылған.

Бесіншіден, қылмыстық заңнамада мемлекеттік қылмыстарға қарсы күресті қалыптастыру кезеңі криминализациялық және декриминализациялық әрекеттерінің процестерімен қоса бірге жүрді. «Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кіретін өкілеттіктерді шетел мемлекеті немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруына» (168-бап) және «Қарулы бүлікке»(169-бап) қылмыстық жауапкершілік енгізілді, ал Отанға зиян тигізу мен опасыздықтың 2 нысаны - шекарадан қашу және шакарадан қайтып келуден бас тарту үшін жауапкершілік алынып тасталды. Жаңа кодекстегі аударатын басты назар, ондағы қылмыс құрамдарының өзгерістері қоғамдық қауіптің төмендеуімен ешқалай да байланыс жоқтығы, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің басым бағытталған міндеті болып адам мен азаматтың мүддесін, оның құқығы мен бостандығын қоғам мен мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде қорғау болып табылуында.

Қарастырылып отырған тараудағы қылмыстардың қолсұғатын ортақ топтық объектісі ретінде 2 құрамдас бөлікті жатқызады - Конституциялық құрылыстың негіздері мен мемлекеттің қауіасіздігі.

Конституциялық құрылысқа басқаша анықтама беретін болсақ, мемлекет құрылымы өзіне басқару нысанын, мемлекеттік құрылым формасын саяси тәртіпті енгізеді. Мемлекет құрылымы туралы айта отырып, біз, өзіне адам және азамат, меншік нысандары, қоғамның саяси, діни бастаулары сияқты түсініктерді енгізуші қоғам құрылымын болжаймыз.

Конституциялық құрылыс - бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы - мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі. Конституцияда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген.

Олар:

  • халықтық билік;
  • мемлекеттік егемендік;
  • біртұтастық;
  • биліктерді бөлу принципі;
  • құқықтың үстемдігі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Мемлекеттің конституциалық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы
Лаңкестікпен күрес мәселесi
Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері
Қылмыстық істерді қарау кезінде дәлелдемелерді бағалау жөнінде әдістемелік ұсыныс
Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz