PHP тілі


Дәріс құрамына кіреді: тілдің тарихы (PHP/FI -дан PHP5-ге дейін) ; оның мүмкіндіктерінің сипаты ( платформалардың, хаттамалардың, деректер базасының, электронды коммерцияның қосымшалары мен PHP қолдайтын функциялардың қысқа тізімі) ; өолдану аумағы ( командалық жолдағы серверлік қосымшалар, GUI қосымшаларын жасау) ; қолдану тәсілдері (қалай PHP HTML-кодына енгізіледі және т. б. қарапайым мысалдар) ; PHP бірінші скриптін жасау. PHP -мен жұмыс жасауға қажетті программалық жабдықтаманы орнату және баптау.

PHP тарихы

PHP тілі практикалық есептерді шешу үшін қажетті құрал ретінде жасалған. Оны құрастырушы, Расмус Лердорф оның online-резюмесін қанша адам оқып жатқанын білгісі келгендіктен Perl тілінде CGI - қабықшасын жазған, яғни бұл статистиканы білу үшін қажет болған Perl скриптердің жиыны.

Анықтама. CGI (Common Gateway Interface - шлюздардың жалпы интерфейсі) HTTP хаттамсы бойынша жұмыс жасайтын серверлік қосымшаларды жасауға арналған стандарты. Мұндай қосымшалар (оларды шлюз немесе CGI-программалары деп атайды) нақты уақыт режимінде сервер іске қосады. Сервер қолданушының сұраныстарын CGI- программаға береді, ол бұл сұраныстарды өңдеп, нәтижесін қолданушы мониторын а қайтарп береді. Сонымен, қонақ әртүрлі факторларға байланысты өзгеретін динамикалық ақпаратқа ие болады. Шлюздің өзі (CGI скрипті ) әртүрлі программалау тілдерінде жазылуы мүмкін - Cи/C++, Fortran, Perl, TCL, UNIX Shell, Visual Basic, Python және т. б.

Сосын қабықшаның өнімділігі үлкен емес екендігі анықталғандықтан, оны Си тілінде қайта жазуға тура келді. Осыдан кейін программа кодын қателерді жөндеу және толықтыру үшін ашық түрде жариялады. PHP тілінің бірінші нұсқасының сайты бар серверлердің қолданушылары бұл құрал-жабдықпен қызықты, онымен қолданатын үміткерлер пайда болды. Тез арада PHP жеке жобаға айналып, 1995 жылы бұл өнімнің бірінші нұсқасы Personal Home Page Tools (жеке үй бетіне арналған құралдар) деген атпен шықты. Бұл құралдар өте қарапайым болды: тек бірнеше арнайы командаларды орынадйтын код анализаторы және қонақ кітапшасын құруға қажет утилиталар жиыны, кіру, чат санаушысы және т. б.

1995 жылдың ортасына қарай PHP/FI (Personal Home Page / Forms Interpreter - дербес үй беті/ формалар интерпретаторы ) деп аталатын өнімнің екінші нұсқасы шықты. Оның құрамына қазіргі PHP -дің базалық мүмкіншіліктерін, html-формаларын автоматты түрде өңдеу және html-кодына кіруді қамтыды. PHP/FI синтаксисі Perl синтаксисіне ұқсас, бірақ қарапайым болды.

1997 жылы PHP - PHP/FI 2. 0 Си-реализациясының екінші нүсқасы шықты. Бұл уақытқа қарай PHP -ді бүкіл әлем бойынша бірнеше мың адам қолданған, бұл шамамен Internet домендерінің 1% құрайтын 50 мың домен. PHP разработчиктерінің саны бірнеше адамға өсті, бірақ бұған қарамастан PHP/FI 2. 0 әлі де бір адамның үлкен жобасы болып қала берді. Бұған дейін бета-нұсқаларда ғана өмір сүріп шын мәнінде PHP/FI 2. 0 1997 жылдың қарашасында шықты.

PHP 3. 0 қазіргі кездегі PHP -ге ұқсайтын бірінші нұсқа болды. Ол PHP/FI 2. 0 -ден айырмашылығы зор болды және нақты қолданбалы есептерді шешуге арналды. Оны құрастырушылар, Энди Гутманс (Andi Gutmans) және Зив Сураски (Zeev Suraski), 1997 жылы PHP/FI кодын қайтадан жазды, өйткені олардың ойынша электронды коммерция қосымшаларын құруға алдыңғы нұсқа жарамсыз болды. Жобаны құруда PHP/FI разработчиктерінен көмек алу үшін Гутманс және Сураски олармен бірігіп, PHP3 -ті PHP/FI -дің мұрагері деп жариялады. Біріккеннен кейін PHP/FI құрастыру аяқталды.

Ядроның кеңейтілу мүмкіндігі - PHP 3. 0-ның мықты жақтарынының бірі. Өзінің кеңейту модулін қосқысы келгендіктен PHP 3. 0-ң кеңейтілу мүмкіндік қасиеті көптеген программистердің көңілін аударды. Сонымен қатар, PHP 3. 0 деректер базасымен, әртүрлі хаттамалармен, API-мен жұмыс жасауға мүмкіндік берді. ОБП-ды қолдайтын қуатты да толық синтаксисінің жасалуы да сәттілікке қарай басқан қадам болды. PHP 3. 0 пайда болған сәттен бастап тек тілдің ішкі құрылысы мен функционалдылығы ғана емес аты да өзгеріске ұшырады. PHP аббревиатурасында дербес қолдану жайлы сөз болған жоқ, PHP қысқартылуы PHP: Hypertext Preprocessor дегенді білдірді, мағынасы: «гипертекст препроцессоры».

1998 жылдың аяғына қарай PHP қолданатындар саны бірнеше он мыңдыққа өсті. Жүз мыңдаған web-сайттар осы тңлдң қолдану арқылы жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Интернеттің 10% серверінде PHP 3. 0 орнатылды.

Шын мәнінде PHP 3. 0 9 айлық тестілеуден кейін 1998 жылдың шілдесінде шықты. Қысқа қарай Энди Гутманс мен Зив Сураски PHP -ң ядросының өңдеуге көшті. Олардың тапсырмасына күрделі қосымшалардың өнімділігін арттыру, PHP негізінде жатқан код модульділігін жақсарту кірді.

Жаңа ядро «Zend Engine» (құрастырушы есімдерінен: Zeev және Andi) деп аталды және 1999 жылдың ортасында көрсетілді. Осы ядроға негізделген және өосымша функциялардың жиынын әкелген PHP 4. 0 2000 жылдың мамыр айында шықты. Өнімділіктің артуымен қатар РНР 4. 0 мынадай жаңалыөтар енгізді: сессияны қолдау, шығу буферизациясы, қолданушы енгізген ақпаратты қауіпсіз өңдеу және бірнеше жаңа тілдік конструкциялар.

Қазіргі кезде Zend Engine өнімін жақсатру және бірінші бета-нұсқалары бар PHP 5. 0-ке жаңалықтарды енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Айтарлықтай өзгерістер тілдің объектілі моделінде болды, оған шынымен көптеген жаңалықтар енгізілген.

Бүгінгі таңда программистердің жүз мыңдағаны PHP қолдануда, бұл Интернет желісінің домендерінің 20% -н құрайды.

PHP мүмкіншіліктері

«PHP барлығын істей алады», - құрушылар айтады. Біріншіден, PHP серверде жұмыс жасайтын скриптерді құру үшін қажет, бұл сол үшін жасалған. PHP кез-келген CGI- скриптер шешетін есептерді орындай алады, соның ішінде html-формалар деректерін өңдеу, html беттерін динамикалық генерацияау және т. б. Бірақ PHP қолданатын басқа да аумақтар бар. PHP қолданатын аумақтарды 3-ке бөледі.

  • Бірінші аумақ, айтып кеткендей, бұл - серверде орындалатын қосымшаларды құру (скрипттер) . Осындай скрипттерді құру үшін PHP көп қолданылады. Мұндай тәсілмен жұмыс жасау үшін PHP-парсер (яғни php-скрипттерөңдеушісі), скриптті өңдеу үшін web-сервер, скрипт нәтижесін көру үшін браузер, php-кодын жазу үшін мәтіндік редактор қажет болады. PHP парсері CGI-программатүрінде немесе серверлік модуль түрінде кездеседі. Web-серверді және оны компьютерге орнатуды біз кейінірек қарастырамыз. Бұл курстта біз серверлік қосымшаларды құруды PHP тілін қолдану мысалы ретінде қарастырамыз.
  • Екінші аумақ бұл - командалық жолда орындалатын скрипттер. Яғни PHP көмегімен web-сервер және браузерден тәуелсіз белгілі бір машинада орындалатын скрипттерді жасау. Мұндай жұмыс үшін PHP парсері ғана қажет (бұл жағдайда оны командалық жолдың интерпретаторы деп атайды (cli, command line interpreter) ) . Жұмыстың мұндай әдісі әртүрлі есептерді жоспарлағыш көмегімен жұмыс істейтін скрипттер үшін немесе мәтінді қарапайым өңдеу үшін жарамды.
  • Соңғы аумақ бұл -клиент жағында орындалатын GUI қосымшаларын құру (графикалық интерфейс) . Шын мәнінде бұл PHP-ді қолданудың ең жақсы әдісі емес, әсіресе бастаушылар үшін, алайда егер сіз PHP-ді жақсы меңгерсеңіз, РНР-ң мұндай мүмкіншілігі қажет те болуы мүмкін. Бұл аумақта РНР-ді қолдану үшін РНР-ң кеңейтілімі болып келетін PHP-GTK атты арнайы құрал қажет.

Сонымен, PHP-ді қолданатын аумақ үлкен әрі әртүрлі. Алайда ұқсас тапсырмаларды орындайтын көптеген программалау тілдері бар. Неліктен РНР-ді оқып үйрену керек? Бізге бұл не береді? Біріншіден, РНР оқып үйрену үшін өте қарапайым. Синтаксистің негізгі ережелері мен жұмыс жасау принциптерімен танысу жеткілікті, содан кейін өз программаларын құруды бастауға болады. Ал басқа тілдерде мұндай тапсырмаларды орындау қиынға түсуші еді.

Екіншіден, РНР-ді барлық баршаға мәлім платформаларда, әртүрлі серверлерде, барлық операциялық жүйелерде қолдайды. Бұл да өте маңызды. Мысалы, тағы да бір программалау тілін үйрену үшін, Windows ОЖ-нен Linux -қа немесе IIS серверінен Apache серверіне көшуді кім ұнатады?

РНР-да 2 әйгілі парадигмалар үйлескен - объектілі және процедуралық. РНР4 процедуралық программалауды қолдайды, бірақ объектілі стильде программа жазуға болады. РНР5-тің алғашқы нұсқаларында-ақ тілдің объектілі бағытталған моделі бойынша барлық кемшіліктері жойылған. Сонымен, қалаған жұмыс стилін таңдауға болады.

Бүгінгі РНР туралы әңгіме қозғасақ, ол өзінің бірінші нұсқаларына қарағанда анағұрлым өзгеше. РНР көмегімен суреттерді, PDF-файлдарды, флэш-роликтерді құруға болады, оның құрамына көптеген қазіргі таңдағы деректер базасын қолдау енгізілген, XML және кез-келген форматтағы мәтіндік деректермен, файлдық жүйемен жұмыс жасауға арналған функциялар бар. LDAP директорияларға рұқсатты басқаратын, SNMP желілк құралдармен жұмыс жасау хаттамасы, IMAP, NNTP және POP3 хабарлама беру хаттамалары, HTTP гипермәтінді беру хаттамалары және т. б. арнайы хаттамалар көмегімен РНР әртүрлі сервистермен жұмыс жасауды қолдайды.

Әртүрлі тілдердің бір-бірімен әсерлесуіне назар аударсақ, Java объектілерін қолдау және оларды PHP объектілер тұрғысынан қарастыру туралы еске сала кету керек. Алыстатылған объектілерге рұқсат үшін CORBA кеңейтілімін қолдануға болады.

Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау үшін РНР Perl және UNIX-жүйелерінен мұрагерлікке алған тұрақты өрнектермен жұмыс жасау механизмін (біршама өзгеріске ұшыраған) қолданады. XML-құжаттарын өңдеу үшін DOM, SAX стандарттарын және XSLT-трансформацилары үшін API-ді қолдануға болады.

Электронды коммерция қосымшаларын құру үшін бірнеше функциялар бар, мысалы, төлемді жүргізу функциялары Cybercash, CyberMUT, VeriSign Payflow Pro және CCVS.

Программалық жабдықтаманы орнату және баптау

Тілдің мүмкіншілігін, қолдану аумағын қарастырдық, тарихын оқыдық. Енді қажетті құралдарды орнатуға көшуге болады. Клиент-сервер технологиясы көмегімен шешілетін есептерді практикалық негіз ретінде қарастырсақ, және сәйкесінше сервер өңдейтін скрипттерді құру үшін РНР қолданатындықтан, біз web-сервер және РНР интерпретаторын орнатуымыз қажет. Web-сервер негізінде Apache серверін қарастырайық. Программа жұмысының нәтижесін қарау үшін бізге web-браузер қажет, мысалы Internet Explorer.

Apache 1. 3. 29 Windows XP операциялық жүйесіне орнату

Бір нәрсені орнату үшін алдымен сәйкес программалық жабдықтама болу керек (ПЖ) . Apache орнату үшін оны http://www. apache. org сайтынан алуға болады. Біз apache_1. 3. 29-win3x86-no_src. exe алдық. Бұл Windows-қа арналған Apache серверін автоматты орнатылуы (басқаша - wizard) . Бұл программа барлығын өзі (дәлірек айтқанда, сіздің жағынан көп күшті қажет етпей) серверді орнатуға тырысады. Орнату файлын іске қосқаннан кейін келесі терезе шығады ( 1. 1 сурет) .


1. 1. сурет Apache серверінің автоматты орнатылуы

1. 3. 29 нұсқалы HTTP-Apache серверін орнату үшін Next батырмасын басамыз. Айтпақшы, бұл программа компьютерде орнатылған web-серверді өзгертуге не өшіруге мүмкіндік береді.

Next батырмасын басқаннан кейін программа лицензия талаптарымен келісуге мүмкіндік береді ( 1. 2 сурет) .


1. 2. сурет Лицензиялық келісу

Келесі экран Apache сервері жайлы ақпаратты қамтиды, дербес жағдайда оның Windows-та жүзеге асырылуын туралы (суреті келтірілмеген) .

Келесі қадамда желілік домен, сервер атын және администратор e-mail-н енгізу керек. Программа сіздің доменіңізді, хостты компьютердің бапталуына байланысты автоматы түрде анықтауға тырысады ( 1. 3 сурет) .


1. 3 сурет. Сервер жайлы негізгі ақпарат

Жоғарыда көрсетілген формаға ақпаратты енгізгеннен кейін, орнату типін таңдау керек: толық (сервердің барлық компоненттері орнатылады) немесе қолданушымен анықталатын (оргату компоненттерін таңдауға болады) (1. 4 сурет) .


1. 4. сурет. Орнату түрі

Сервердің компоненттерін таңдауы көп емес, бұл - сервердің жұмыс жасауына қажет құралдар мен оның құжаттамасы (1. 5 сурет) .


1. 5 сурет. Қолданушы орнатылымның компоненттерін таңдау

Біз толық орнатылуды таңдаймыз. Келесі қадамда программа сервер орнатылатын папканы таңдауды сұрайды. Берілген бойынаш сервер c:\Program Files\Apache Group\ папкасына орнатылады (1. 6 сурет) .


1. 6 сурет. Сервер орнатылатын папка

Келесі экранда (1. 7 сурет) енгізілген деректердің растығын дәлелдеп, орнатыду бастаймыз. Орнатудың кез келген терезесінен артқа қарай жүріп, алдында енгізген деректерді өзгерту мүмкін.


1. 7. сурет Орнатудың басталуы

Install батырмасын басқаннан кейін сервердің орнатылуы басталады. Қолданушыдан басқа қосымша әрекеттер талап етілмейді. Бір жағынан, бұл автоматтандырылған орнатылудың жақсылықтарымен қатар кемшіліктері де бер. Мысалы, қолданушының өзінің директорияларымен қоса серверді баптау файлдары жатады (c:\Program Files\Apache Group\Apache\users\) . Егер бір компьтерде бірнеше сервер администраторы емес қолданушылар жүмыс жасаса, бұл қауіпсіз емес. Айталық, біз орнатуды іске қостық, барлық қажет деректерді енгіздік, ол барлық әрекетті сәтті орындады, сервер орнатылды. Сервер орнатылғанын қалай білуге болады? Браузер терезесінде http://localhost/ деп тереміз. Егер барлығы дұрыс орнатылса, біз Apache серверінің сәлемдеме терезесіне көшеіз (1. 8 сурет) .


1. 8. сурет. Сәлемдеме беті

Сонымен, сервер орнатылды. Онымен енді қалай жұмыс істейміз. Скрипттерді қайдан жүктеу және қолданушылардың файлдары қайда орналасуы керек? Сервермен өңделу керек файлдарды сервердің түбірінде (біздің жағдайда, бұл- c:\Program Files\Apache Group\Apache\htdocs) не қолданушылар директоиясында сақтауға болады (біздің жағдайда, бұл - c:\Program Files\Apache Group\Apache\users\) . Сервер түбірінің және қолданушылар директориясының орналасу жері сервер қалыптарын жазылған, яғни сервера, httpd. conf конфигурациясы файлында (оны мына жерде табуға болады: c:\Program Files\Apache Group\Apache\conf ) . Бұл жолдарды өзгерту үшін сервер конфигурациясы файлындағы сәйкес айнымалыларды өзгерткен жөн. ServerRoot конфигурациясы файлындағы айнымалы сервердің түбірлі директориясы үшін жауап береді, а переменная ал UserDir айнымалысы - сервер қолданушылардың файлдары орналасатын директориясы (қауіпсіз жұмыс үшін UserDir айнымалысын өзгеруге кеңес береміз, мысалы, c:\users\) . Сервердің түбірінде орналасқан test. html файлына рұқсат алу үшін, браузерде http://localhost/test. html (яғни хост аты, файл имя) теру керек. Егер де test. html файлы user қолданушы директориясында орналасса, онда оны көру үшін то браузердее http://localhost/~user/test. html деп теру керек.

Windows үшін PHP 4. 3. 4 орнату

PHP орнатуына көшейік. Оның дистрибутивін PHP ресми сайтынан - http://www. php. net алуға болады. Жеңілдік үшін сервер кезіндегі сияқты автоматты инсталляторды таңдап алу керек. PHP орнату кезінде ең бірінші терезе сәлемдемеден және бұл продуктқа авторлық құқық бар екені жөнінде ескертпеден (1. 9 сурет) .


1. 9. сурет. PHP автоматтық орнату программасы

Содан кейін лицензияны оқу керек және оған келісім беру (не бермеу) керек (1. 10 сурет) .


1. 10 сурет. Лицензиялық келісім

Орнату типін таңдаймыз: стандартты немесе мамандар үшін. Біз стандартты орнатуды таңдаймыз (1. 11 сурет) .


1. 11. сурет. Орнату типі

Келесі терезеде программа PHP орнату үшін директорияны таңдауды ұсынады. Ол жерге библиотекалардың, кеңейтілімдердің файлдары, командалық жол интероператоры, модульдер ж. т. б. көшіріледі. (1. 12 сурет) .


1. 12. сурет. PHP орнатылатын папканы таңдау

Келесі терезеде SMTP-сервердің, яғни, пошталық хабарламаларды жіберу сервердің адресін және поштаны жіберушінің кері адресін енгізу. Бұл терезені мысал ретінде келтірмейміз.

Келесіде Далее предлагается выбрать из списка сервер, с которым будет работать PHP жұмыс істейтін серверді тізімнен таңдап алу ұсынылады. Біз Apache орнатқаннан кейін, тізімнен соны таңдаймыз (1. 13 сурет) .


1. 13. сурет. PHP жұмыс істейтін серверді таңдау

Келесі терезе инсталляцияны бастайды (1. 14 сурет) .


1. 14. сурет. PHP автоматты орнатудың басталуы

Қажетті файлдарды көшіоген соң біз келесі хабарламаны алдық (1. 15 суретін қара) :


1. 15. сурет. PHP-мен жұмыс істеу үшін Apache - ні автоматты орнату мүмкін емес туралы хабарлама

Мұның мағынасы, PHP-мен жұмыс жасау үшін Apache серверін қолмен орнату керек.

Ең бірінші Сначала следует выбрать, как мы хотим установить PHP-ді қалай орнатуды қалайтынымызды таңдаймыз, өйткені ол 2 түрде болады: CGI-скрипт (php. exe) немесе SAPI-модульдерінің жиынтығы (например, php4isapi. dll), олар сервермен қолданылады. Соңғысы жаңа мүмкіндіктерге ие, бірақ жеткіліксіз дарланбағандықтан, дұрыс жұмыс істейтініне күмән бар, әсіресе особенно на платформах старше Windows 2000 платформасынан жоғарыларында (көп 500-қателер шығуы мүмкін, ASP сияқты серверлік модульдерде жаңылу болады) . Сондықтан да, егер абсолютті тұрақтылық керек болса, CGI түріндегі PHP орнатуын таңдау керек.

Егер серверлік модуль ретінде PHP орнатқымыз келсе, сервердің (httpd. conf ) конфигурациясы файлында былай жазуымыз керек:

LoadModule php4_module

c:/php/sapi/php4apache. dll

AddType application/x-httpd-php . php . phtml

AddModule mod_php4. c

Если мы устанавливаем как cgi-программу ретінде PHP орнатқымыз келсе, онда httpd. conf былай өрнектеледі:

ScriptAlias /php/ "c:/php/"

AddType application/x-httpd-php . php . phtml

Action application/x-httpd-php "/php/php. exe"

Бұл орайда қауіпсіздікпен мәселелер туындауы мүмкін. Интерпретатордың (c:\php\) атқарылатын файлдары жататын диреторияны нақтыға түзету ұсынылады (мысалы, c:\abc_php\) . PHP ді серверлік модуль ретінде орнатуға кеңес береміз.

PHP. INI (c:\Windows папкасында) файлын түзету керек, өйткені PHP сервердің түбірлік дирториясы, қолданушы директорисының және өзінің кітапханасын қайда орналасқанын білу керек. Бұл үшін php. ini файлында doc_root, user_dir және extension_dir айнымалылары жауап береді . Оларды былай жариялайық:

doc_root = "c:\Program Files\Apache

Group\Apache\htdocs"

user_dir = "c:\users"

extension_dir = "c:\php\extensions"

Сонымен қатар, РНР -ді іске қосқанда жүктелетін кеңейтілімдерді таңдауға болады. Windows -қа арналған РНР құрамына бастапқыда өте аз кеңейтілімдер кіреді. Кеңейтілімді енгізу үшін 'extension=php_*. dll' жолын php. ini-де түсіндіріп өту керек. Мысалы, MSSQL -мен жұмыс жасау үшін қажет кеңейтілімді жүктеу үшін 'extension=php_mssql. dll' түсіндіру керек. Кейбір кеңейтілімдер қосымша кітапханаларды қажет етеді. Сондықтан қосфымша кітапханаларды жүйелік директорияға (c:\php\dlls папкасынан) көшіріп алу қажет. Бірінші орнатылымда РНР-ді кеңейтілімсіз баптап, орнату керек.

Сервер және РНР-ң конфигурациялық файлдарында жасалған баптауларды іске қосу үшін серверді қайтадан іске қосу керек.

РНР жұмыс жасайтынын тексерейік. Бұл үшін қолданушы директориясында (c:\users\nina) келесі мазмұндағы мәтіндік файлды жасайық (1. php) :

<?php

echo"<h1>Привет всем!</h1>";

?>

Бұл файлды http://localhost/~nina/1. php жазу арқылы браузер көмегімен жүктейік егер бірдеме қате болса, онда экран бетіне осы мәтін шығады. Егер барлығы ойдағыдай болса, скрипт сервер арқылы өңделіп экранға «Привет всем!» жолы шығу керек.

Linux-қа РНР-ді орнату

РНР-ді Linux -қа орнатудың екі тәсілі бар: пакеттерді қолдану және http://www. php. net сайтынан алуға болатын РНР кодын компиляциялау арқылы. Біз бірінші тәсілде тоқталайып, PHP+Apache орнаталуын AltMaster2. 2 (http://altlinux. ru) мысалында қарастырайық.

Apache орнату үшін біресімді пакетті таңдау керек. Оны мысалға Synaptic пакеттер менеджері арқылы жасауға болады. «Пакет -> Установить» менюін қолдану арқылы (1. 16-сурет) қажет пакетті таңдау керек. Осыдан кейін белгіленген пакеттерді «Действия -> Выполнить» меню арқылы орнатуға көшу керек. Apache орнатқаннан кейін қайта жүктелу немесе келесі команданы орындау керек:

/etc/init. d/httpd start

# /etc/init. d/httpd start

Starting httpd:

[ OK ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Креатив» мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын жобалау
PHP және MySql
Adobe Dreamweaver бағдарламасында "Дәріхана" сайтын құру
WEB - сайттар түрлері, жобалау кезеңдері. Бағдарламалық жабдықты таңдау
Қазіргі Web сайттар туралы
Фармацевтикалық қойма ақпараттық жүйесін жобалау
Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
Спорт тақырыбына арналған веб - портал құру
Мәліметтердің автономды базалары
Кафедраның тәрбие жұмысына бағытталған мобильді қосымшаның сервері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz