Апелляциялық сатыда іс жүргізу



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1.2
I . тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Аппеляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру.құкықтық талдаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.10
1.2. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы ... ... ... ... .10.11
1.3. Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.13
II . тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1. Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.18
2.2. Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, қатаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құкық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден қорғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотгыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазакстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазакстан Республиксынық Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 жылы қабылданған. 2012жылғы толықтырулар мен өзгертулерімен.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1997 жыл.
4. Қазакстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
туралы. ҚР 25.12.2000 жылғы №132-11 конституциялық заңы.
5. ҚР Президентінің "Прокуратура туралы" заң күші бар Жарлығы.
21.12.1995. №2709 заңы.
6. ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетені №9/2003 жыл.
7. Канафин Д.К. Апелляционное производство в уголовном процессе Республики Казахстан. Учебное пособие. А.:2002 г.
8. Фемида. Журнал, Алматы, № 12,2003, № 2,2004 жыл.
9. Правовая реформа в Казахстане. Журнал, Алматы. №1 (23) 2004.
10. Заң. Журнал, Алматы. № 3;9-12, 2004.
11. Ғаламтор сайттары:
12. Проблемы казахского обычного права. С.Зиманов. Алматы, 1989 жыл. 15. Ш.Уәлиханов. 5 томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1961.
13. Культелеев Т. Уголовное обычноеправоказахов.Алма-Ата; 1955.
14. Ларин А.М. О недопустимости переложения обязанности доказывания на обвиняемого. «Советское государство и право», №3, 1965, с. 125.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1-2
I - тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
0.2 Аппеляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құкықтық талдаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-10
1.2. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы ... ... ... ... .10-11
1.3. Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-13
II - тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1. Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-18
2.2. Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, қатаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы -- бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құкық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден қорғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотгыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.
Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқыктары мен бостандықтарының соттық корғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың құқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде көрсеткен. Апелляциялық сатыдағы (инстанциядағы) өндіріс - күшіндегі заңның новелласы болып табылады. Алайда, кылмыстық іс жүргізудің бірде-бір сатысы жана ҚІЖК-сі қабылданған уакыттан бері мұндай өзгертулерге ұшыраған жоқ.
Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заңшығарушы істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта қаралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚІЖК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек.
Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.
Апелляция институты Қазақстанның қүқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандыктан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл жерде қылмыстық іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек.
Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі мен ғылыми жаңалылығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізудің жаңа сатысы, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру, яғни апелляциялық сатысын кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады. Курстық жұмысты жазу барысында, қылмыстық сот өндірісіндегі жаңа саты, апелляциялық сатының мәнін, мазмұнын ашуға, тәжірибеде қолданылуын зерттеуге, тарихи және салыстыру-қүқықтық талдаулар жасауға және қылмыстық іс жүргізу сатыларының ішінде алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.
Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық
келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістің
мазмұнын анықтау;
апелляциялық шағымдануға қүқықты тұлғаларды, олардың тәжіри-
беде қалыптасқан шағымдану, наразылық білдіру әрекеттерін зерттеу;
апелляциялық сатыда істі қарау тәртібін және оның бұрынғы кассациялық, апелляциялық сатылардан айырмашылығын ашу;
апелляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құқықтық талдау-
ларын шығару.

І-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі және тәртібі.

Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық
талдаулар.

Апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдауларын, мен үш бөліммен қарастырдым: 1) қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерін қайта қарау институты; 2) кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта карау институттары және 3) кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту.
1. Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты
Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі кұкығы да дамып, жетілдіріліп отырды. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін оның аумағында қылмыстық іс жүргізудің екі түрі қолданылды: Біріншісі, қазақтардың дауларды, құқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу: Екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу. Сот өндірісінің екінші түрі бойынша іс орыс тілінде және Ресей заңдары негізінде жүргізілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісі елдегі биліктің еңбекші тап кеңестерінің қолына көшкендігін әйгілеп берді. Революция жасақтаған кеңестік өкімет органдары Қазақстандағы бұрынғы соттарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазакстандағы сот жүйесінің кұрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуіне және мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерді қамтыды.
Қазақтардың ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндіріс жайлы толықкқанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляииялық кайта карау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандыктан, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.
Дәстүрлі кұқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әр түрлі нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-бірінен тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте қайнасып жатқандай еді. Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалар мен институттардың күні кешегі- XIX ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім, сондықтан да болар, қазақтың дәстүрлі құқығындағы қайсы бір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.
Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың дәстүрлі құқығында қылмыстық және азаматтык құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер-білінбес қана болды. Қазақтардың құқықтық пікірінің дамуы жөнінде XIX ғасырдағы әйгілі қазақ ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш.Уәлиханов былай дейді; Қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек, тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес.
Қазактың белгілі ғалымы, заңгер Т.Культелеев те өз кезегінде: Қазақ құқығында арнайы қылмыс деген термин болмаған, оның орнына жаман іс немесе жаман қылық деген сөздер қолданылған деп ой түйеді. Шын мәнінде. қылмыс ұғымы жаман іс-әрекет пен астасып, ол қоғамға келтірілген шығын ретінде емес, жәбірленушінің немесе онын туыстарының наразылығы ретінде бағаланды, Ал, мұндай жағдай, әрине, жәбірленушінің немесе оның туыстарының қарсы жақтан сыйақы төлеуді талап етуімен аяқталатын. Сондықтан, тіпті адам өліміне байланысты іс те екі жақтың келісімімен, құн төлеу арқылы шешімін табатын. Бұл кісі қазасының орнына жатыстырылатын материалдық өтем деп қабылданды.. Феодализм тұсында қоғамдық қатынас жеке меншікке негізделгендіктен, құқық та көбіне осыған ыңғайланды. Сол үшін де, жауаптылық жасалынған іс-әрекеттің ауыр, жеңілдігімен емес, ашығын айтқанда, жәбірленуші мен кінәлінің қай қоғамдық топқа жататындықтарымен өлшенді. Ол (уақыттарда қазақ қоғамында қылмыс пен азаматтық тәртіп бұзушылық ұғымдарының арасында нақтылы шектеулер болған жоқ. Жәбірленуші - талапкер, ал қылмыскер - жауапкер деп аталды. Қылмыстық іс-әрекеттің де, азаматтық құқық бұзушылықтың да нәтижесі келтірілген зиян деп бағаланды.
Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген қылмыстық және азаматтық-құқықтық нормалар және дәстүрлі құқық нормалары болды. Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесін зерделей отырып, онда мынадай элементтердің бар екендігін байқаймыз: а) әдет-ғұрып; ә)билер сотының іс-тәжірибесі; б) билер құрылтайының ережесі. Бұл үш белгі өзара тығыз байланысты. Билер сотының іс-тәжірибесі немесе сот өнегесі, сондай-ақ, билер құрылтайының ережесі қолданыстағы құқықтық дәстүрлерді тұрақты түрде толықтырып, өзгертіп отырды.
Заңдық күші бар әдет-ғұрыптар негізінен арнайы еш жерде жазылмаған, олар қысқа қайырылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі жолмен жеткізіліп келген. Міне, хан Тәуке осылардың бәрін жинап, бір зандар жинағының -- Жеті жарғының аясына жүйелеп топтастырған.
Билер сотының іс-тәжірибесі қазақтың дәстүрлі кұқығын дамытуда маңызды рөл атқарды. Атақты билердің жекелеген нақыл сөздері немесе үкімдері сондай ұқсас істерді қараған кезде үлгі ретінде қолданылды. Сөйтіп, келе-келе олар заңдық күшке ие болды.
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін билердің шешімдері еш жерде қағазға түсірілмеген. Олар калайда ауыздан-ауызға таратылып отырған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана билер кітабы енгізілді. Онда билер шығарған үкімдердің немесе шешімдердің қысқаша мазмұны жазылды. Кейбір жағдайларда билер сотының үкімдері жазба кұжат ретінде жеке рәсімделді.
Қазақтардың қылмыстық дәстүрлі құқығы тарихын зерттеу барысында Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі саяси жағдайына назар аударудың мәні зор. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін мұндағы ең жоғары мемлекеттік билік ханның қолында болды. Ханның билігін қорғау тек сұлтанға тапсырылды. Сот және заң шығару міндеттерін хан билер кеңесімен бірлесе отырып, қазақтардың дәстүрлі құқығы негізінде жүзеге асырды. Егер дәстүрлі құқықта қайсыбір құқықтық жағдайды реттейтін норма жоқ болса, хан сол кемшіліктің орнын өзінің заң шығарушылық қызметімен ыңғайластырды. Мұндай кезде ханның соттық шешімі дәстүрлі құқыққа енгізілген маңызды толықтырылу деп есептеліп, соның негізінде жаңа құқықтық норма жасалынды. Хан жүргізген соттық талқылау ең соңғы сот инстанциясы деп саналды. Хандар мен сұлтандар ықпалды билерді қатыстыра отырып, аса маңызды істерді қарады.
Билер соты процестің бәсекелестігіне негізделді. Екі жақ дауды шешу үшін өздерінің қалаулары бойынша сөздерін бір биге немесе бірнеше биге арнады. Талапкерге шағымға қатысты дәлелдемелерді тапсыру міндеттелді. Жауапкерге өзін ақтайтын барлық дәлелдемелерін ұсынуға мүмкіндік берілді. Бұдан басқа, егер тараптар арасында келісім орнаса, қылмыстық процесті кез келген сатыда тоқтатуға рұқсат етілді. Соттық тергеу ісі басынан аяғына дейін ешқандай жазбасыз, ауызша жүргізілді.
Қазактардың дәстүрлі құқығы билер соты шығарған шешімдерге тарптардың шағымдану мүмкіндігін қарастырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл институттың өзіне тән ерекшеліктері де болды.
Шағымдану құқығына ешқандай шек қойылмады. Билер сотының шешімі жөнінде басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерік берілді. Шешім жарияланғаннан кейінгі шағымдану мерзіміне де шек белгіленбеді. Шағымданушы өзінің қалауы бойынша, өзі сенім білдірген кез келген биге өтініш білдіруге құқылы болды. Би талапкердің, сондай-ақ, екі жақтың тілегіне сүйеніп, істі өндірісіне қабылдады. Істі қараған хан (би) шығарылған шешімнің әділдігіне көзін жеткізсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар етті. Егер хан (би) алдыңғы шешімді қостап бекітсе, шағымданушы судьяға жабушы ретінде айыпталып, тиісінше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса, хан (би) шешіміне шағым түскен биге келіп, екеуі кінәлаушымен жәбірленушінің көз алдында істі қайтадан қарады. Шешімнің әділетсіздігі дәлелденген жағдайда, хан (би) жаңадан шешу үшін істі әлгі биге кері тапсырды. Сол жерде, егер шешім қабылдаған бидің біржақтылығы әшкереленсе. онда хан (би) істі басқа биге өткізді.
2. Кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары.
1917 жылдың 25 қазанында Ресейде жаңа өкімет - Кеңестер өкіметі жарияланды. Осы кезеңде сот жүйесіндегі институттар, сондай-ақ сот шешімдерін қайта карау мәселелері шешімін қалай тапты дегенге келер
болсақ, Кенес өкіметі өзінің сот құрылысы және сот өндірісі саласындағы
жұмысын, ең алдымен ескі сот аппаратын жойып, жаңа өкіметтің талабы мен
мұратына сай келетін жаңа сот жүйесін кұруға бағыттағанын атап өткеніміз жөн. Осы бағытта жасалған алғашқы қадам 1917 жылы Сот туралы №1
декреттің кабылдануымен басталды. Міне, осы декрет арқылы революцияға
дейінгі қолданыста болған ескі сот жүйесін таратудың негізі қаланған еді.
Сондай-ақ, осы және кейін қабылданған сот туралы №2 және №3 декреттер арқылы сот шешімдерін қайта қараудың жалғыз нысаны -- кассация белгіленді.
Сот туралы № 1 декрет революцияға дейінгі сот институттарын, соның ішінде апелляцияны да жоюмен қатар жаңа сот жүйесІн бекітті. Ол жергілікті соттар және революциялық трибуналдардан құралды.
1918 жылдың 7 наурызында жарияланған Сот туралы №2 декретте
аппеляциялық өндіріске рұқсат етілмейтіндігі және сот шешімдерін қайта
қараудың жалғыз нысаны кассация екендігі нақтылана түсіп, бірінші рет
үкімнің күшін жоюға негіз болатын жайт-таратып көрсетілді.
1918 жылдың 20 шілдесінде қабылданған Сот туралы №3 декрет негізінен Сот туралы № 1 және №2 декреттердің ережелерін толықтырып, кассациялық өндіріске қатысты нормаларды нақтылап берді. Осы декретке сәйкес сот шешімінде 500 рубльге дейін ақшалай өтем алуға және 7 күнге дейін бостандығынан айыруға жаза тағайындалған істер бойынша кассацияға рұқсат етілмеді.
1922 жылы сот реформасын жүргізудің нәтижесінде РСФСР-дың сот құрылысы туралы ереже қабылданды. Осы ережеге байланысты РСФСР аумағындағы екі тармақты сот жүйесі (халық соттары және революциялық трибуналдар) қолданылуын тоқтатты. Кассациялық инстанция ретіндегі алты халық судьясы қатыстырылатын халык соттары, губерниялық революциялық трибуналдар. Халық судьяларының кеңесі таратылып, олардың уәкілеттігі губерниялық сотқа берілді. Ол бірінші инстанциядағы сот ретінде аса маңызды кылмыстық және азаматгык істерді қарады және халық соттары қарайтын істер үшін кассациялық соттың міндетін атқарды.[6,10]
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқа Қазақстанның губерниялық (облыстық) соттары үшін қылмыстық істер бойынша кассациялық инстанция болып танылды. Кассациялық алқаның сот мәжілісі құрамына төрағалық етуші және екі мүшесі енгізілді.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот ретінде мемлекеттік маңызы бар істерді карады. Оның кұрамына да төрағалық етуші және екі мүшесі енгізілді.
Кассациялық шағым, наразылық жасау құқығын процесс барысында айыптаушының міндетін атқаратын прокурор, азаматтық талапкер және оның мүддесін қолдаушы өкілдері, айыптаушы, оның заңды өкілдері және қорғаушылары иеленеді.
Сонымен, 1959 жылғы сот құрылысы туралы заң бойынша Қазақ КСР-інде сот әділдігі республиканың Жоғарғы соты, облыстық соттары, аудандық (қалалық) халық соттары арқылы жүзеге асырылды.
Осы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (1959 жыл) Қазақ КСР аумағында еліміз тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданғанға дейін (І997 жылдың 13 желтоксаны) қолданыста болды.
Міне. сол уақыттан бастап, біздің мемлекетіміздің қылмыстық іс жүргізуінде сот шешімдерін қайта қарау институтының мүлдем жаңа тарихы басталды.
3. Кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту'
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің ең тиімді құрылысы билікті үш тармаққа бөлу қағидасын бекітті. Олар - заң шығарушылық атқарушылық және сот билігі. Осылардың ішіндегі сот билігін жүргізу тек бірыңғай соттарға жүктелген.
Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандықтан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеуді ең алдымен апелляциялық өндіріс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.
1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі сот шешімдерін қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:
-соттың әлі заңдық күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық);
-соттың күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндіріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндірісті қайта бастау сатыларын қолданысқа жіберді. Ал, ҚІЖК-нің соттардың қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау туралы ережесін қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырды.
"Заңдық күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық, кассациялық шағымдану және наразылық білдіру" ҚІЖК қолданысқа енгізілгеннен кейін 1998 жылдың I каңтарынан бастап өмірге жолдама алды. 9 баптан тұратын бұл тарау кассациялық өндірістің негізгі ережелерін реттейтін мынадай жайттарды қарастырды: сот үкімдеріне шағымдану және наразылық білдіру субъектілері (396-бап), және шағымдарды, наразылықтарды өзгерту, толықтыру, кері қайтару жөніндегі олардың құқықтары туралы (402- баптың 3, 4-тармақтары), шағымдану және наразылық білдірудің тәртібі мен мерзІмдері туралы (398,399-баптар), шағым беруге, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібі туралы (400-бап), шағымның берілгендігі, наразылыктың білдірілгендігі жөнінде тараптарды хабардар ету (401-бап) және істің қаралатын уақыты мен орны жайлы тараптарды құлақгандыра отырып, істі апелляциялық инстакциядағы сотқа жіберу туралы (402-бап), бірінші сатыдағы соттың қаулысьша шагымдану, наразылық білдіру туралы (403-бап).
2001 жылдың 11 шілдесіндегі "Заң тараудың тақырыбынан және көрсетілген баптардың мазмұнынан кассациялық деген сөзді алып тастап, аталмыш тарауға мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізді:
-396 бап (Үкімге апелляциялық және кассациялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы) апелляциялық шағымдануға және наразылық білдіруге жататын үкімдердің қатарынан Қазакстан Республикасы Жоғаргы сотының
үкімдері алып тасталды;
-397-бап (Заңды күшіне енбеген үкімдерге берілген шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар) а) үкімдерге байланысты шағымдар, наразылықтар ұсынылатын алқалардың атаулары өзгертілді: сот алқасы ендігі жерде "қылмыстық істер жөніндегі алқа" деп аталады, яғни тиісінше "облыстық және оларға теңестірілген соттардың..." және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының..." деген тіркестерге жалғасып жазылады; ә) сот органдарының қатарынан "Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Президиумы" алып тасталынды; б) бап бір бөлікті үш тармақтың орнына екі бөлікке бөлінген;
-398 - бап (Үкімге шағымдар, наразылықтар беру тәртібі) -өзгеріссіз қалдырылды.
-399-бап (Үкімге шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері) -- он күннің ішінде деген сөздер он тәулік ішінде деп өзгертілді;
-40О-бап (Шағым беруге, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібі) - төрағалық етуші ұзақ уақытқа жоқ болып, оны сол соттың басқа судьясына ауыстыруға байланысты өткізілген уакытты қалпына келтіру жөніндегі өтініш кұкығы туралы толықтыру сақталынды (2000 жылдың 5 мамырындағы заң);
1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы заңның 5-бабы апелляциялық, өндіріс нормаларын енгізудің мынадай тәртібін белгіледі: Осы Кодекстің қылмыстық істерді соттың апелляциялық тәртіппен қарауы туралы ережелері олардың іске асырылуы үшін қажетгі жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2000 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енгізіледі. Аталған нормалар күшіне енгізілгенге дейін апелляциялық тәртіппен қарауға жататын істердІ кассациялық шағым жасау, наразылық білдіру тәртібімен тиісті сотгар қарайды.
Сонымен, қазіргі уакытта ҚІЖК-нің 404-бабы мынадай редакцияда жұмыс істейді;
1. Апелляциялык тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немес наразылық білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді.
2. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген бөлігінде және тек шагым немесе наразылық білдірілген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бүзылуы белгілі болса, сот осы Кодексте көзделген ережелердІ сақтай отырып, үкімді, сондай-ақ, шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірмеген адамдарға катысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей құкық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылыктарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылыктарын білдіруге, іс кұжатгарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіңдік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.
Жаңа заңнаманың жағымды жетістігі ретінде істі қайта қараудағы тексеру тәртібінІң сақталып қалғандығын айтуға болар едІ. Қылмыстык істер бойынша кандай да бір даулы мәселелер туындай қалған жағдайда, соттарға өз бастамасымен бұл жөнінде баяндама жасауды міндеттейтІн осынау көне римдік тәртіп кезінде Еуропа елдерінің заңнамаларынан еркін орын алса, кейін КСРО мемлекеттерінің кодекстеріне еніп, Қазақстанның аумағында да кеңінен қолданылды.Істерді кассациялық қайта караудың көп жылдық тәжірибесі шағым мен наразылық, әдетте, сот шешімінің тек қайсыбір бөлігін ғана қозғайтындығы жөнінде сот өндірісіне қатысушылардың көздерін әбден жеткізді. Айталык, сотталушылардың барлығы бірдей үкімге шағымдана бермейтіндігі туралы қаншама мысалдар бар немесе сотталушылардың тек кейбіреулеріне ғана байланысты наразылықтар жасалады, яки шағымдар мен наразылықтар көбіне үкімнің тек белгілі бір бөлігіне ғана қатысты болады. Міне, осындай шағымдар мен наразылыктарды қараған соттың кейбір шешімдері басқа сотталушылардың мүддесіне кері әсерін тигізуі мүмкін ғой. Сондыктан да, (ҚІЖК 404-баптың 2-бөлігі) үкімнің шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігіне де және шағым бермеген, наразылык білдірмеген адамдарға қатысты да төрелік айтуды соттьң құзырына қалдыра отырып, мынадай норманы бекітті: Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот осы кодексте көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді, сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылык білдірмеген адамдарға катысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы. Яғни, үкімнің шағым және наразылық жасалмаған бөлігіне қатысты шешім қабылдау мәселесі белгіленді.

1.2. Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы.

Кіріспе бөлімінде атап өткендей, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, аткарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрайды.
Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң болып табылады. Бұл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот. Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта карау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады.
Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс.
ҚР ҚІЖК-сі аппеляциялық өндірісті заңды күшіне енбеген сот шешмдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді. Үкімнің заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Басқаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға міндетті болып саналады және өзінің құқықтық күшіне байланысты заң актісіне тең болып табылады.
Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚІЖК-нің кез-келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он тәуліктік мерзім белгілейді. Осыған сәйкес, сот үкімдері мен шешімдеріне аппеляциялық наразылық келтіру және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қам тамасыз етеді. Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды камтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгілікті және демократиялы жүргізілуіне кепілдік туғызу болып табылатын кылмыстық процестің ерекше сатысы.
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей құқық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылықтарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.
Апелляциялық инстанция -- тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот.

1.3. Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі.

Еліміздің ұлттық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. ҚР ҚІЖК-нің 396-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда, тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға. ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және онын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекетгік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, обылыс прокурорлары мен оның орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзыреті шегінде наразылық білдіруге құқылы.
Аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың болмауы, заңды күшіне енбеген сот қаулыларың, үкімдерін қарайтын алпелядиялық өндірістің жоқ болуына әкеп соғады. Шағымдау және наразылық келтіру - аппеляциялық қайта қарау сатысының бастамасының жалғыз ғана шарты болып табылады.
Аппеляциялық өндіріс соттың бастамасымен басталуына заңмен тыйым салынған. Тараптардың аппеляциялық өндірісті қозғау құқығын түсіндіру үкім шығарған сотқа жүктелген. Заңшығарушы I инстанциялы соттағы төрағалық етушіге сотталушыға және басқа да қатысушыларға мынаны түсіндіруді міндеттейді:
төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға), процестің басқа да ,
қатысушыларына үкімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін, сот отырысының хаттмасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын,
сондай-ақ істі аппеляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру кұкығын түсіндіреді;
ақталушыға оның заңсыз ұсталумен, айыпкер ретінде тартумен,
бұлтратпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген
зиянның орнын толтыруға деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық іс жүргізудің мәні, маңызы
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
Апелляциялық сатыдағы сот
Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі
Апелляциялық сатыдағы сот шешімдерін қарау
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС
Апелляциялық сатының мәні
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің тәртібі
Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары
Пәндер