Азаматтық процестегі тиісті және тиісті емес тараптар


Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
мемлекеттiк университетi
Азаматтық құқық және iс жүрiзу кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Азаматтық іс жүргізудегі тараптар»
Пән: ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы
Мамандығы: 5В030100 - Құқықтану
Орындаған: күндізгі оқу
нышанының 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: ., аға оқытушы
Курстық жұмыс
___ 2013 ж.
Бағасы
, 2013
Мазмұны:
КІРІСПЕ . . .
І-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАР . . .
1. 1. Азаматтық процестегі тараптар түсінігі . . .
1. 2. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері . . .
ІІ-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР . . .
2. 1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
Кіріспе
Тұлға азаматтық іске қатыса отырып, нақты анықталған жағдайға иеленеді. Іске қатысушының процессуалдық жағдайын қате анықтау соттың әділ емес шешім шығаруға әкелетін қателігі болып табылады. Тараптар қатысуынсыз іс қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық істегі құқықтық жағдайын ғылыми және тәжірибе жүзінде зерттеуге көп мән беріледі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды процессуалдық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық қатынастьар болып табылады.
Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі.
Курсттық жұмыстың мақстаты- Азаматтық іс жүргізу тараптарын толық түсініп, білу.
Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық жоқ. Екеуінде де тұлға құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді. Ал бір тұлға құқығы мен басқа тұлғаның міндеті құқықтық қатынас болып табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және нәтижесінде бір затты білдіреді.
Осылай істегі тарап түсінігін материалды-құқықтық қатынастар субъектілері түсінігімен анықтайды. Даулы материалды-құқықтық қатынас қатысушылары істе сәйкес емес тұлға қатысқан жағдайдан басқасында істегі тараптар болып табылады. Азаматтық істі қозғағанда талапкердің қорғау туралы өтінген субъективтік құқығының оған тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны не даулы екендігі туралы, сондай-ақ талапкер жауапкер ретінде жауапқа тартуды өтінген тұлға талап бойынша жауап беруі тиіс екені туралы нақты бекітіп айтуға болмайды. Негізгі жағдайды сот істі қараған кезде ғана анықтайды. Сондықтан, тараптар болып материалды-құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері танылады.
Талапкер мен жауапкер процестің тараптары болып табылады, олар құқық туралы дауларын сотта шешетін адамдар. Талапкер - өз мүддесін немесе мүддесі көзделіп талап қойылған азамат немесе заңды тұлға. Талапкердің құқықтары мен заңды мүдделері бойынша сот дауы пайда болып, ол сотпен шешіледі.
Сотқа талап-арыз қоюшы адам әрқашан талапкер бола бермейді. Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, азаматтар не прокурор басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап арыздарының негізінде қозғалуы мүмкін.
Жауапкер өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар немесе заңды тұлғалар. Жауапкер бұл құқық жөніндегі даудың екінші тарабы, ол талап қоюшының көзқарасы бойынша оның құқығын бұзған немесе дау бойынша құқығы мен заңды мүдделеріне дауласады. Процесте тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары ғана емес, сонымен біргеҚазақстан Республикасының соттарында құқық туралы даулар қаралуға тиіс болса шетелдік құқық субъектілері де (шетелдіктер азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар), халықаралық ұйымдар) тараптар болуы мүмкін. Азаматтық процеске бірнеше тараптар мен бірнеше қатысушылар қатыса алады. Сонымен, азаматтық процесс - бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, оның әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық ісжүргізудегі құқықтық қатынастар - бұл азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен процесс қатысушыларының бірінің арасында туындайтын қоғамдық қатынастар
Кодексте көзделген жағдайларда сотқа басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы өтiнiштермен жүгiнген тұлғаларға талап қоюдан толық немесе iшiнара бас тартылған кезде (осы Кодекстiң 55 және 56-баптары), жауапкерге республикалық бюджеттiң қаражатынан олар жұмсаған сот шығындары толық немесе қойылған тараптардың талап қоюшыға бас тартылған бөлiгiне бара-бар өтеледi.
Iске қатысушы тұлғалардың iс материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жазып алуға және көшiрмелер түсiруге; қарсылықтарын мәлiмдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; iске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтiнiш жасауға, соның iшiнде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтiнiш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге; сот процесi барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн келтiруге; iске қатысушы басқа тұлғалардың өтiнiштерi мен дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге; сот жарыссөздерiне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешiмi мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдарда берiлген басқа да iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздерiне берiлген барлық iс жүргiзу құқықтарын адал пайдалануға тиiс.
Iске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдарда көзделген салдарларды туғызатын жағдайда, өздерiнiң iс жүргiзу мiндеттерiн атқарады. Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. Өз мүдделерiн немесе талап қойылған мүдделердi көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. Өздерiне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады.
Заңда көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкiн. Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнуге заң бойынша құқығы бар адамдардың өтiнiшi бойынша мүдделерi қозғалып iс басталған адамға сот пайда болған процесс туралы хабарлайды және ол адам сотқа талап қоюшы ретiнде қатысады.
Азаматтық процесте мемлекет бiр тарап болуы мүмкiн. Тараптар iс жүргiзу құқықтарын тең пайдаланады және бiрдей iс жүргiзу мiндетiн мойынына алады. ҚР АІЖК-і 48-бабының 5-бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн (жүктердi тасымалдау шартын мысалға келтiре отырып) қарастырайық. Жүктердi тасымалдау шартын орындау кезiнде тасымалдаушы тиiстi жүктi тасымалдау үшiн жарамды күйдегi көлiк құралын беруге мiндеттi. Яғни, тасымалдаушы қандай да бiр жағдайда, қажеттi көлiк құралының түрiн өзi анықтайды. Ол жүк пен қыл-қыбырдың қалдықтарынан таза, реквизиттерi алынған күйiнде, қажет болған жағдайларда жуылған, дезинфекцияланған күйiнде бередi. Жүк жөнелтушi жүктi жөнелтпеуге (тасымалдауға) бiрқатар талаптарды сақтай отырып бередi. Олардың бiр бөлiгi жалпы сипатқа ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы талаптар жүктiң саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып түюiн анықтауға таралады.
І-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАР
1. 1. Азаматтық процестегі тараптар түсінігі
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. (АІЖК-нің 44-бабы) . Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.
Тараптар - сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.
Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы - сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі:1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады; 2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.
Жауапкер - талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субьективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер - сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субьектілері.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі (АІЖК-нің 45-бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі (АІЖК-нің 46-бабы) қажет. [1]
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі - азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі - сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтықіс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын болса оны толық ааматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әркет қаббілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. [2]
Тұлға азаматтық іске қатыса отырып, нақты анықталған жағдайға иеленеді. Іске қатысушының процессуалдық жағдайын қате анықтау соттың әділ емес шешім шығаруға әкелетін қателігі болып табылады. Тараптар қатысуынсыз іс қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық істегі құқықтық жағдайын ғылыми және тәжірибе жүзінде зерттеуге көп мән беріледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды процессуалдық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық қатынастьар болып табылады. Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Азаматтық іс жүргізу кодексінде тек істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында бұл түсінік толықтай өңделген:
- тарап бұл даулы материалды - құқықтық қатынастың ықтимал субъектісі;
- тарап бұл құқық туралы даудың субъектісі;
Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық жоқ. Екеуінде де тұлға құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді. Ал бір тұлға құқығы мен басқа тұлғаның міндеті құқықтық қатынас болып табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және нәтижесінде бір затты білдіреді. Осылай істегі тарап түсінігін материалды-құқықтық қатынастар субъектілері түсінігімен анықтайды. Даулы материалды-құқықтық қатынас қатысушылары істе сәйкес емес тұлға қатысқан жағдайдан басқасында істегі тараптар болып табылады. Азаматтық істі қозғағанда талапкердің қорғау туралы өтінген субъективтік құқығының оған тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны не даулы екендігі туралы, сондай-ақ талапкер жауапкер ретінде жауапқа тартуды өтінген тұлға талап бойынша жауап беруі тиіс екені туралы нақты бекітіп айтуға болмайды. Негізгі жағдайды сот істі қараған кезде ғана анықтайды. Сондықтан, тараптар болып материалды-құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері танылады. [2]
Тараптар дегеніміз- шын мәнінде немесе болжанған материалдық құқыққатынасының субъектісі ол талапкер немесе жауапкер болып табылады. Тараптар істің барысында материалдық құқықтық және процессуалдық құқықтық қызығушылыққа ие болады.
Тараптардың белгілері:
1. Материалдың және процессуалдық мүдделерінің қарама-қарсы болуы.
2. Заңды күшіне енген сот шешімінің толық әсер етуі.
3. Іс бойынша сот шығындарын төлеу міндеттерінің жүктелуі.
Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар-талапкерлер болып табылады.
Талап қоюшының талабына сәйкес сотта жауапқа тартылатын тұлға жауапкер болып табылады.
Азаматтық іс жүргізуде мемлекетте бір тарап болуы мүмкін.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері АІЖК 47, 49-баптарында қарастырылған. Іске қатысушы тұлғалар іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелер табыстауға, сұрақтар қоюға, өтінім жасауға, түсініктемелер беруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, хаттамамен танысуға, оған ескертпелер келтіруге, сот актілеріне шағымдануға т. б. әрекеттер жасауға құқылы [1] .
Одан басқа талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талаптың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талаптан бас тартуға құқылы.
Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл туралы қолхат жазып беруі тиіс. Тараптар істі бітімгершілікпен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.
Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға міндетті.
Азаматтық процесте бірнеше талапкер және бірнеше жауапкер бірге бір мезгілде іске қатысуы мүмкін. Мұндай қатысу іс жүргізуде тең қатысу деп аталады.
Тең қатысу АІЖК 50- бабында қарастырылған.
Тең қатысудың мақсаты:
а) Сот процесін жылдамдату және жеңілдету.
б) Сот пен тараптардың жұмысын оңайлату (дәлелдемелерді шоғырландыру)
в) Сот шығындарын азайту.
Тең қатысу мынандай екі жағдайда пайда болады:
а) Даудың пәні жалпы құқыққа немесе міндетке негізделсе (мыс:мұрагерлік құқық, міндеттемелік құқыққа жауапкершілік)
б) Талап бір негізден туындаса (мыс:бірнеше тұлғаның бірігіп залал келтіруі)
Тең қатысу активті, пассивті және аралас болып үшке бөлінеді.
а) Бірнеше талапкердің бір жауапкерге қарсы талап қоюы активті қатысу деп аталады.
б) Бір талапкер бірнеше жауапкерге қарсы талап қойса пассивті қатысу болып табылады.
в) Біренше талапкер бірнеше жауапкерге қарсы талап қоятын болса бұл аралас қатысу деп аталады.
Тең қатысу -міндетті не факультетті болуы мүмкін.
Міндетті қатысуда сот тең қатысушылардың барлығын іске қатысуға мңндеттейді. [2]
Факультативті қатысу-бірнеше қатысушының бірыңғай талабын өзара бір қатысушыға тапсыру мүмкіндігі. Істі жүргізуді тапсыру сенімхат арқылы немесе ауызша жүргізіледі. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.
Тиісті емес жауапкедің түсінігі, оны ауыстыру шарттары, тәртібі, салдары.
Заңсыз немесе негізгіз жауапкер ретінде іске тартылған тұлға - тиісті емес жауапкер деп аталынады. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады
Тиісті емес жауапкерді ауыстыру үшін талапкердің келісімі керек және ол сот ұйғарымымен рәсімделеді.
Егер тарапты ауыстыру сот талқылауы үстінде жүргізілсе, істі қарау кейінге қалдырылады.
Тарап ауыстырылғаннан кейін істі әзірлеу және қарау басынанан жүргізіледі. Егер тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талапкер келісімін бермесе іс қойылған талап бойынша қаралады ( 51- бабтың 2 -тармағы ) және шешім шығарылады.
Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Құқық мирасқорының процеске кіру тәртібі және оның құқықтық жағдайы.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 54- бабының 1- тармағы бойынша даулы немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы т. б) сот ол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстырады[7]
1. 2. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz