Каспий банк


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.

Қарағанды Банк колледжі.

“Қаржы және бухгалтерлік есеп” кафедрасы

Өндірістік тәжірибе бойынша

Есеп беру

Өндірістік тәжірибе өткен уақыт аралығы

(15. 12. 2008-14. 02. 2009)

Б-43 тоының студенті Бердіоңғарова Дидар Мұратқызы

Тәжірибе жетекшісі: Колледж жетекшісі

АҚ «АТФБанк» Қарағанды аға оқытушы

филиалының бөлшек орталықтың Бименова А. А.

директоры Бейсенгалиева М. Т.

Қарағанды-2008ж.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 АТФБанктің қызметін ұйымдастыру . . . 5

1. 1. Банктің даму тарихы . . . 5

1. 2. Банктің іскерлік қатынастар этикасы . . . 2

1. 3. Банк мақсаты мен орындайтын операциялары . . . 9

2 АТФБанктің операцияларын ұйымдастыру және оның есебі . . . 16

  1. Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру . . . 16
  2. Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері . . . 18
  3. АТФБанкінің несиелендіру операциясы . . . 27
  4. Кассалық операцияны жүргізу тәртібі . . . 55
  1. АТФБанк қызметін экономикалық талдауБанк секторын талдауБанктің капиталдар өсімі

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Мен Б-43 тобының студенті Бердіоңғарова Дидар Мұратқызы өндірістік тәжірибені «АТФБанк» АҚ Қарағанды филиалында өткіздім. Тәжірибе барысында бағдарламадағы өндірістік-тәжірибелік жоспар бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындадым.

АТФБанктегі тәжірибемнің ең алғашқы күні мен кабинеттерді аралап көрдім, бөлім қызметкерлерімен таныстым. Ал, екінші күні мен операциялық бөлімде АТФБанктің есеп-айырысу, депозиттік, несиелік операциялардың саясатын оқып, зерттеп білдім.

Операциялық бөлімде мен шотты ашу және жүргізу тәртібімен, ашу үшін керекті құжаттар тізімімен, сонымен қатар құжаттарды тексерумен және олардың төлемдерін есеп айырысатын немесе басқа да шотта тіркеумен таныстым.

Өндірістік тәжірибені қандай дәрежеде меңгергенімді осы есеп беру ақпаратынын көруге болады. Есеп беру жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда АТФБанктің қызметін ұйымдастырылуы, дамуы жайында жазылған. Екінші тарауда жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, төлем карточкаларының мүмкіндіктері, клиенттерді несиелендіру операциялары қарастырылған. Ал, үшінші таруда АТФБанк қызметін экономикалық талдау, яғни банк секторын талдап кету қарастырылды.

Өндірістік тәжірибе есебінің әдістемелік нұсқауларын мен көбінесе АТФБанктің жылдық есеп кітабінен, журнал-газеттерінен, қосымша материалдардан көмек ретінде алдым.

  1. АТФБанктің қызметін ұйымдастыру

1. 2 Банктің даму тарихы

1995 жылы құрылған «АТФ Банк» Акционерлік қоғамы Қазақстандағы банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағыларының бірі болып тоыр. 1995 жылдың маусымында ҚР Ұлттық Банкімен ЖАҚ «Алматинский торгово-финансовый банк» болып тіркелген «АТФ Банк» ҚР Ұлттық Банкінен теңге және шетел валюталарымен жүргізілетін операцияларға №59 генералды лицензия алды. 2001жылы ААҚ «Алматинский торгово-финансовый банк», ал 2002 жылдың маусымында ААҚ «АТФ Банк» болып тіркелді. 2003 жылдың қазан айынан бастап АҚ «АТФ Банк» болып қайта тіркеуден өтті. Банктің табыстылығына қазақстандық және халықаралық құрылтайшылардың белсенді қызметтері, халықаралық стандарттар және банк қызметкерлерінің жоғарғы біліктілігі кепіл болып отыр. «АТФ Банк» 14 жыл ішінде банктік қызметтің барлық саласында айтарлықтай нәтижәлерге қол жеткізді және құрамында 3250 астам адам қызмет атқаратын, заман талабына сай алып компаниялар тобының біріне айналды.

Сыйластық, сенім, еркіндік, сабақтастық және тәуелсіздік кіретін «АТФБанк» құндылықтар жиынтығы - банк қызметі және оның клиенттермен, серіктестермен қарым-қатынасы үшін негізгі тірек болып табылады. АТФБанктің құндылықтары - тұрақтылық пен табыс кепілінің басты шарты. Бизнестің жаңа бағыттарының дамуы, шығын деңгейінің төмендеуі, сонымен қатар үнемі жаңа банктік технологияларды енгізу, бұл - даму деңгейіне қарамастан банк алдында тұрған міндеттер.

«АТФ Банк» АҚ әмбебап қаржылық институт бола отырып, Қазақстанның қор және валюта нарығында жетекші орын алады. Банк Қазақстанның қаржылық институттарының ішінде активтерінің саны бойынша ірі үштікке кіреді. Банк қызметінің негізгі көрсеткіштері сенімді өркендеуді байқатады - 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша банк активтері 7 миллиард 830 миллион АҚШ долларын құрайды.

«АТФ Банк» Қазақстан аймақтарындағы және көршілес мемлекеттердегі нарықта қатысуын жергілікті үкімет органдарымен және кәсіпкерлермен ынтымақтастықты дамыта отырып жүзеге асыруға тырысады. Банк қызметінің жағрапиясы елдің барлық аумағын қамтиды. АТФБанктің Қазақстанның экономикалық тұғырын бекіткен аймақтарының барлығында орналасқан 17 филиалы бар. АТФБанктің Қырғыз Республикасында - «АТФБанк - Қырғызстан» ЖАҚ, Ресей Федерациясында (Омбы) - «Сибирь» ЖАҚ ОКБ және Тәжікстанда - «Сихибкорбанк» ЖАҚ, «еншілес» банктері бар.

«АТФБанк» акционерлік қоғамы 12 жыл бойы Қазақстан халқына банктік өнімдер мен қызметтер ұсынып келіп, 2007 жылы әлемге танымал UniCredit Group-тың мүшесі болды. Орталық және Шығыс Еуропада коммерциялық банктік операцияларды жүргізу үшін АТФБанк акцияларының бақылау пакетін UniCredit Group-тың бөлімшесі болып табылатын австриялық банк Bank Austria-ның сатып алуы туралы келісімі 2007 жылдың маусым айында жасалды. 2007 жылы 14 қарашада UniCredit Group тобының бөлімшесі Австрияның Кредитанштальт Банкі Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операциялар үшін, «АТФБанк» АҚ-ның жалпы шығарылған акционерлік капитал көлемінен 91, 8% сатып алу процесін аяқтады. Келісімнің бағасы шамамен 2, 117 млн АҚШ долларын құрады. Бұл жерде айта кетер жайт, бұл келісім өлшемі жағынан ТМД аумағындағы ең ірі банктік келісім болып табылады. Сонымен қатар, италяндық инвесторлар АТФБанктің ағымдағы даму стратегиясын аса табысты деп санайды және оның ары қарай жүзеге асуын толық қолдайды.

АТФБанктің Қарағанды қаласындағы бөлімшесінің ұйымдастырушылық құрылымы:

  1. Сервис-менеджерлердің қызметі
  2. Заңгерлік қызмет
  3. Бух есеп және есептіліктің нәтижесі бөлімі
  4. Операционды бөлім, оның ішіне кіретіндер: заңды тұлғаларға қызмет көрсету, қаржылық бақылау және төлемдер секторы.
  5. Кассалық оперциялар секторы.
  6. Бөлшек бөлімі, оның ішіне кіретіндер: тұтынушылық несиелендіру секторы және бөлшек қызметтердің сатылу секторы
  7. Инфотехнологиялар секторы
  8. Бірлескен несиелендіру
  9. Кіші және орта бизнесті несиелендіру
  10. Несиелік әкімшілік бөлімі
  11. Несиелерді қамтамасыз ету бөлімі.
  12. Қауіпсіздік қызметі
  13. Күзет және инкассация бөліміБанктің іскерлік қатынастар этикасы

АҚ АТФБанктің 30. 04. 03жылғы № 110 қаулысына сәйкес, банктің барлық қызметкерлері жалпы түр мен клиенттермен қарым-қатынастың келесідей талаптарына бағынулары тиіс:

Төмендегі ережелер АТФ Банк (төменде Банк) қызметкерлеріне қойылатын талаптарды анықтайды, яғни талаптар қызметкердің сырт бейнесіне, түр-әлпетіне, клиенттермен, іскер серіктестермен және т. б. тұлғалармен дұрыс тіл табыса білуіне негізделген.

Берілген ережелер іскер этикасы және клиенттерге қызмет көрсетудің бірыңғай мәдениеті жүйесінде банк қызметкерлерімен орындалуына бағытталған және бұл талаптарды банктің әр қызметкері орындауға міндетті. Әр қызметкер қойылған талаптарды дұрыс қабылдап, төменде көрсетілген ережелерге мүмкіндігінше сай болулары тиіс.

Қолданылатын терминдер:

Келушілер - клиенттер, іскер серіктестер, банк қызмет көрсететін басқа да тұлғалар.

Кездесулерді өткізу және қарым-қатынас ережесі

Қызметкердің клиенттермен қарым-қатынас құруы банктің имиджына сәйкес болуы керек, яғни банкті парасатты, жоғарғы деңгейде қызмет ететін қаржылық ұйым ретінде көрсете білуі керек. Банк қызметкерлері өздерінің сөйлеу мәнеріне аса көңіл бөле отырып, «көшелік» сөйлеу айналымдарынан бас тартулары керек. Қызметкерлер келушілерге жағымды әсер қалдырулары керек. Сондықтан, кездесу жоспарланған немесе жоспарланбаған болса да, қызметкерлерге келесідей мәнерлерді ұстанулары қажет:

Кездесу банк қызметкерімен тағайындалса:

  • Кездесуді холлда тағайындау
  • Қызметкер келушіні алдын-ала бірнеше минут бұрын холлға өзі жеке шығып қарсы алуы керек
  • Кездесу барысында қызметкер келушіге амандасып, оны танымаса өз-өзін таныстыруы керек және бұл рәсім тілектес күлімсіреумен өтуі тиіс.
  • Тиісті қарсы алудан кейін қызметкер келушіні өз жұмыс орнына немесе басқа да кездесуді өткізуге лайықты жерге шақыра алады.

Кездесу жоспарланбаған жағдайда:

  • Келуші банкке келген кезде қызметкер келушіге толығымен назар аударып, көңіл бөлуі керек, атап айтсақ: орнынан тұрып амандасуы, өзін таныстыруы тиіс. Қызметкердің келушілермен кездесуі кезінде әр уақытта жылы шыраймен, сыпайылықпен өтуі керек.

Кездесу барысында қызметкер келушіге жанына отыруын ұсынуы керек. Егер келушіні отырғызатындай мүмкіндік болмаса, әңгімені тұрып, жұмыс столынан шығып, келушінің жанында жалғастыру қажет. Егер келушімен жұмыс істеу үшін қызметкерге жұмыс столында болу керек болса, онда жұмыс столының жанында міндетті түрде келушілерге арналған орындық болуы тиіс. Банк қызметкері келушінің барлық сұрақтарына тапқырлықпен, аса жауапкершілікпен қарауы керек. Банктің қызметтері туралы мәлімет бергенде қысқаша ғана фактілерді атап кетуден бас тартып, оның орнына келушіні қанағаттандыратын қызмет түріне толық сипаттама беріп, оның артылықшылықтары мен кемшіліктерін атап кетуі керек.

Кездесудің соңында келуші өзіне керекті сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алғанын, өзіне деген назардың жоғарғы деңгейде болғанын сезініп кетуі керек.

  • Банк қызметкері тағайындаған кездесуді аяқтар алдында, қызметкер келушіні есікке дейін шығарып салып, қоштасуы керек. Қоштасу көзделген нәтижеге жеткеніңізге немесе жетпегеніңізге қарамастан келушіні жылы шыраймен, сыпайылықпен шығарып салу керек.
  • Егер кездесу жоспарланбаған болса, қызметкер келушінің бұл банкте басқа жұмыстары бар ма екенін алдын ала анықтап, оны есікке дейін немесе келесі қызметкерге дейін шығарып салуы керек. Егер қызметкер келушіні белгілі бір себептермен шығарып сала алмайтындай болса (сізді күтіп отырған басқа да келушілер, аяқталмаған телефонмен сөйлесу), келушіге жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрап, жұмыс столынан тұрып қоштасу керек. Қоштасу жылы шыраймен, сыпайылықпен аяқталуы керек.

АТФБанк қызметкерлерінің сырт келбеті

«АТФБанк» АҚ қызметкерлерінің сырт келбеті банк имиджына сай болуы керек. Қызметкерлер жұмыс орнында таза әрі ұқыпты үтіктелген киімде және тазартылған аяқ киімде болулары міндетті. Киім стилі - іскерлі-кертатпалы.

Ер адамдар үшін - костюм, көйлек, галстук, туфли. Әйел адамдар үшін - костюм немесе көйлек, шұлықтар (жыл мезгіліне қарамастан), классикалық туфли. Ашық, жарқын түсті киімдерге рұқсат етілмейді.

Банктің барлық қызметкерлері, яғни бэк-офистің және фронт-офистің қызметкерлері бейдж тағып жүруге міндетті.

  1. Банк мақсаты мен орындайтын операциялары

АТФБанкінің негізгі мақсаты - Қазақстан халқының әл-ауқатын өсуі және экономикалық өркендеуі мақсатында банк кең ауқымда банк өнімдерімен әр клиенттің қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясына сәйкес Банк операциялардың мынадай түрлерін ұлттық және шетел валютасында жүзеге асырады:

  1. Банк операциялары
  • Жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және депозиттерді қабылдау
  • Банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу
  • Кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, оларды ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, орау және сақтау
  • Аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару және төлемдері бойынша тапсырмаларын орындау
  • Есептеу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдер және басқа да ұзақ мерзімді міндеттерін есептеу (дисконт)
  • Қолма-қол шетел валютасында айырбастау операцияларын ұйымдастыру
  • Төлем карталарының шығарылымы
  • Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау
  • Төлем құжаттарын инкассациялауға қабылдау (вексельден басқа)
  • Аккредетивті ашу және растау, олар бойынша міндеттемелерді орындау
  1. Банктік заңнамалармен қарастырылған басқа да операциялар:
  • Вексельдермен операциялар: вексельдерді инкассациялауға қабылдау, төлемшілерге вексельдерді төлеу жөніндегі қызмет көрсетулерді ұсыну, сондай-ақ домицидельдірілген вексельдерді төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдерді қаржыландыру
  • Лизинг қызметін жүзеге асыру
  • Жеке меншік бағалы қағаздардың шығарылымы (акциядан басқа)
  • Сенімді операциялар: сенім білдірушінің мүддесі және тапсырысы жөнінде ипотекалық займдар бойынша талап ету құқығын басқару
  • Сейфтік операциялар: құжаттамалық түрде шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау, сонымен бірге сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларын жалға беру жөніндегі қызметтер.

2 АТФБанктің операцияларын ұйымдастыру және оның есебі

2. 1. Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру

Акционерлік Қоғам «АТФБанктің» (әрі қарай банк) депозиттік саясаты Қазақстан Республикасының «ҚР банктік қызметі және банктері туралы» (әрі қарай заң) заңына, ҚР нормативтік құқықтық актілеріне, ҚР Ұлттық Банкі 01. 12. 2001жылы берген №239 банк лицензиясына, банк жарғысына сәйкес өңделген.

Депозит (салым) - депозитор (салымшы) банкке ақша беріп, номиналды түрде, бірінші талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, біржола немесе бөліп, алдын-ала келісілген пайыздық ставкалар бойынша сыйақы сомасын қоса, депозитордың өзі немесе оның тапсырысы бойынша үшінші сенімді тұлға арқылы қайтарып алатын ақшасы. Салымшылар (депозиторлар) болып ҚР резидент және резидент емес, жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Депозиттік саясаттың артықшылықтары мен жолдамаларын банк ҚР заңдарынын талаптарына сүйене отырып өздері тағайындайды. Депозиттік саясат банктің әр құрылымдық бөлімшелеріне біркелкі болып келеді және оған түзетулер мен енгізулерді Банк акционерлерінің жиналысында Директорлар Кеңесі тағайындайды.

Жеке және заңды тұлғалардан, ішкі және халықаралық қаржылық нарықтан тартылған салымдарды Банк несиелік ресурстардың қалыптасуына, болашақта орналастыру мақсатымен жібереді.

Депозиттік саясаттың міндеті жинақтау шотында ақша көлемін көбейту болып отыр. Сондықтан, депозиттік саясат жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын тарту, Банк жобаларын қаржыландыру үшін депозит қаржыларының жеткіліктілігі, салымның жаңа турлерін өңдеу мен енгізу үшін және банк салымшыларына қосымша қызмет көрсету үшін негізделген.

Жеке және заңды тұлғалардың салымдарын қабылдаудың шартын Банк өз еркімен анықтайды. Заңды тұлғалардың салымдарын - маркетингтік басқарма, ал жеке тұллғалардың салымдарын - бөлшек бизнестің департаменті анықтайды. Салым қолма-қол және/немесе қолма-қолсыз түрде, ұлттық және/немесе шетел валютасында қабылданады.

Салымның қайтарылу шартына байланысты келесідей түрлерге бөлінеді:

  1. Талап ету салымы - белгісіз мерзімге салынған ақша сомасы, бұл салым түрі бірінші талап ету бойынша қайтарылады.
  2. Жедел салым - белгілі бір мерзімге салынған ақша сомасы, белгіліенген пайыз ставкасы бойынша сыйақы сомасы төленеді.
  3. Шартты салым - келісім шартта белгіленген белгілі бір жағдайларға дейінгі салым түрі. Салым үшінші тұлғаның пайдасына салынса, ол келісім шартта белгіленген жағдайларда ғана салыммен пайдалана алады. Белгіленген шартқа дейін, үшінші тұлға салымшының жазбаша түрдегі рұқсатымен ғана пайдалана алады.

АТФБанктің клиенттеріне ұсынатын депозит түрлері:

«АТФ-Лидер»

«АТФ-Престиж»

«АТФ-Перспектива»

«АТФ-Корпоративный»

«АТФ-Классик»

Депозит түрлері әрқайсысының шарттары мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. АТФБанктің қосымша артықшылығы:

  • Салымшының шотында 500 АҚШ доллар ақша сомасы болса, VISA-Electron пластикалық картасын, жылдық қызмет көрсету үшін бірінші жылға комиссиондық төлемісіз алады.
  • Банк салымшылары, яғни депозит иелері немесе депозит ашушылар келесідей пластикалық карталарын ала алады:
  • VISA-Classicсалым сомасы 500-1000 АҚШ долларына дейін
  • VISA-Goldсалым сомасы 1000 АҚШ долларынан астам болса

«АТФ-Лидер» депозиті бойынша жеке тұлғалармен жасалатын келісімшарт үлгісі №1-қосымшада көрсетілген.

Депозиттің артықшылығы: ай сайынғы капиталдандырумен сыйақы төлеу - депозит бойынша сыйақы ай сайын депозит сомасына қосылып отырады, депозит валютасын шарттың қолданыс мерзімі ішінде сыйақыны жоғалтпай өзгерту мүмкіндігі, есептелген сыйақыны жоғалтпай шартты мерзімінен бұрын тоқтату.

Депозит мерзімі: 12айдан 5 жылға дейін.

Депозиттің ең төменгі сомасы: 45000тг немесе 400АҚШ долларынан бастап.

Бөлшектеп алу мүмкіндігі: төмендетілмейтін қалдықты қолдау шартында сыйақыны жоғалтпай.

Толтыру мүмкіндігі: шектеусіз.

Сыйақы мөлшерлемесі: Теңгеде: 12ай - 10, 0 %; 13-36ай - 11, 0%; 37-60ай - 11, 3%.

АҚШ долларында: 12ай - 7, 5%, 13-36ай - 8, 5%;

37-60ай - 9, 0%

Еурода: 12ай - 5, 5%; 13-36ай - 6, 5%;

37-60 - 6, 5%

«АТФ-Классик» депозиті бойынша жеке тұлғалармен жасалатын келісімшарт үлгісі №1-қосымшада көрсетілген.

Депозиттің артықшылығы: депозит бойынша сыйақы сомасы банктік салым келісімшартының мерзімінің соңында төленеді, келісімшарт 1жылдан астам уақытқа жасалса, депозит бойынша сыйақы әр квартал сайын төленеді.

Депозит мерзімі: 1айдан 10 жылға дейін.

Депозиттің ең төменгі сомасы: 1тг немесе 100АҚШ долларынан бастап.

Бөлшектеп алу мүмкіндігі: қарастырылмаған.

Толтыру мүмкіндігі: қарастырылмаған.

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 10%

«АТФ-Перспектива» депозиті:

Депозиттің артықшылығы: белгілі бір үшінші тұлғаның атына банктік шот ашу мүмкіндігі; шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, сыйақыны төлеудің икемді схемасы.

Депозит мерзімі: 3жылдан 10 жылға дейін.

Депозиттің ең төменгі сомасы: 75000тг немесе 500АҚШ долларынан бастап.

Бөлшектеп алу мүмкіндігі: қарастырылмаған.

Толтыру мүмкіндігі: мөлшерін 15000тг немесе 100АҚШ доллар/еуро кем емес, шектеусіз.

Сыйақы мөлшерлемесі: Теңгеде: 3жыл - 10, 0 %; 5жыл - 10, 5%; 10жыл - 11, 0%.

АҚШ долларында: 3жыл - 6, 5%, 5жыл - 7, 0%;

10жыл - 7, 5%

Еурода: 3жыл- 5, 5%; 5жыл - 6, 0%;

10жыл - 6, 5%

Қарапайым пайыздық формуламен клиенттің депозит бойынша сыйақы сомасын есептеу:

Мұндағы: S=(P*t*I/K)

P-тартылған ақша қаражаттарының бастапқы сомасы

t-уақыт

I-жылдық пайыздық мөлшерлеме

K-күнтізбелік жылдағы мөлшерлеме күн саны

S-алғашқы және үстінен қосылатын қайтаруға жататын барлық сома.

Күрделі пайыздық формуламен клиенттің депозит бойынша сыйақы сомасын есептеу:

S=P*(1+ I*J/ K) *n

J-банк қосылған пайыздардың капиталдандырудың жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны.

n-депозит мерзімі.

Мысал келтіріп кетсем: АТФБанк өзінің заңды тұлға клиентіне депозит шотын 3 теңге сомасында ашты, жылдық пайыздық мөлшерлеме 12%. Табу керек: бір айдағы сыйақы сомасы және негізгі сомасы, бухгалтерлік жазбада көрсету.

Клиентке қайтарылатын негізгі сома мен сыйақы.

(3*30*12%/365) =296 (сыйақы)

3+296=30296

  1. Депозит шотын ашқанда:

Дт-2203

Кт-2201

  1. Клиентке берілетін сыйақы сомасына:

Дт-5211

Кт-2720

Шығын-8330

3. ай соңында негізгі сома мен сыйақы сомасын бергенде:

Дт-2211

Кт-1001

  1. Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері

«АТФБанк» АҚ VISA International Халықаралық төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Төлем карточкаларының артылықшылықтары мен мүмкіндіктері:

  • Сізге қолма-қол ақшаны өзіңізбен бірге алып жүру қажет емес
  • Карточканы жоғалтқан жағдайда шоттағы ақша сақталады
  • Тәуліктің кез-келген уақытында шоттағы ақшаға қол жеткізу
  • Интернет арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерді төлеу.

«АТФБанк» АҚ карточкаларының мүмкіндіктері:

  • карточка шотында қалған ақша туралы ақпаратты, банкомат арқылы жүргізілген соңғы 10 операция туралы көшірмені алу
  • банкомат арқылы төлемдер:
  • ұялы байланыс операторлары қызметін төлеу
  • «Қазақтелеком» АҚ қала телефоны қызметін төлеу
  • «ЖилСтройСберБанк» АҚ салымын толықтыру
  • Төлем карталары бойынша несие алу
  • Жанұя мүшелері мен достар үшін қосымша төлем картасын ашу
  • Интернет желісіндегі қызмет пен тауарларға төлеу
  • ҚР кеден бекеттеріндегі қызметтерді төлеу
  • Карточка шотынан басқа карточка шотына, депозитке, бір жолға өкім бойынша басқа банктен шотқа ақша аудару

«АТФБанк» АҚ жеке тұлғаларға арналған төлем карточкаларының мына түрлерін ұсынады:

VISA-Electron - қол жетілген халықаралық төлем карточкасы. Банкомат және әлем бойынша VISA белгісі бар POS-терминалдарында қызмет көрсетіледі.

ҚР-да және одан тыс жерлерде көп тараған төлем картасы. VISA белгісі бар карточка кез-келген жерде банк қызметтерін қосымша қызмет түрлерін пайдалануға және алуға рұқсат береді:

  • Қызмет көрсету орындарындарында қызмет көрсету немесе зат сатып алуды төлеуге
  • Көлікті жалға алуға, қонақүй бөлмесін жалға алуға, авиарейстер билеттерін тапсырыс етуге
  • Сатып алынған заттарды интернет арқылы төлеуге мүмкіндік береді

VISA Gold - қалталы адамдарға арналған бірегей төлем картасы. Карта иесіне кәдімгідей жеңілдіктерді, жоғары деңгейде қызмет көрсетуді, әрі ыңғайлықты қамтамасыз етеді.

VISA-Business - корпаративтік төлем картасы, іскер адамдарға арналған. Ол ұйым қызметкерлеріне іссапар және өкілдік шығындарды төлеу, банкоматтан және қолма-қол ақшаны беру пунктерімен ақша алу мүмкіндігін береді.

2. 3. АТФБанкінің несиелендіру операциясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ КАСПИЙ БАНК АҚ-ДА НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық жағдайын талдау
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі
Банктік менеджмент
Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары
Банктік менеджменттің негізгі теориялық аспектілері
Банктің актив операцияларын басқару
Kaspi bank АҚ-ның қызмет ету және несиелерді ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің несиелік қызметі: талдау және даму болашағы. «Каспий банк» АҚ негізінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz