Емхана


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ақпараттық жүйені құру негіздері 5
1. 1 Ақпараттық жүйе түсінігі және даму сатылары 5
1. 2 Ақпараттық жүйенің құрылымы 6
1. 3 Ақпараттық жүйені құру әдістері 10
1. 4 Мәліметтер қорына жалпы сипаттама 13
2 қосымша құрылған орта 21
2. 1 Тіл алфавиті 21
2. 2 Айнымалылар, тұрақтылар, стандартты фунщиялар 23
3 емХананың тіркеу орны программасының жұмысын сипаттау 47
3. 1 Программаның жалпы түрі 47
3. 2 Программамен жұмыс жасау 50
Қорытынды 52
Пайдаланылған әдебиеттер 54
қосымша 56
Кіріспе
Менің дипломдық жұмысым емхананың тіркеу орнында отыратын қызметкердің жұмысын жеңілдетуге арналған. Жұмысты жасау үшін алдымен емхананың тіркеу орынының жұмысымен толық танысып өттім. Мұндағы жалпы қарасытылатын мәселелер мынадай:
- Клиентке дәрігерлер туралы ақпарат беру - оның телефон номері, жұмыс жасау күндері және бөлмесінің номері;
- Клиентті тіркеуге алу;
- Клиентті кезекке қою.
Осы және басқа да жұмыстар менің дипломдық жобамның программасында қарастырылған.
Көптеген жылдар бойы алгоритмге деген қызығушылық өсу үстінде . Ол ғылыми зертеулерде, техникада, эконмикада және т. с. с. көптеген салаларда есептеуіш машиналарда қолданумен байланысты. Бұл есептеуіш машиналары берілген алгоритмдерге сәйкес оның кейбір өлшемдерінің құрылымен дәл орындайды.
Бұл мүмкіндіктің тартымды болу себебі, айтып кеткен зертеулер көлеміндегі зерттелінетін процестер көп жағдайда математикалық функция, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер көмегімен сипатталады және осы зерттелінетін процестердің нақты мәліметтерін алу үшін математикалық объектіде кейбір іс - әрекеттер жасау қажет.
Адамға тек, керекті түрлендірулер мен есептеулердің алгоритмдерін сипаттаса болғаны, қалғанын есептеуіш машинасы өзі орындайды. Есептеуіш машиналары тек сандық алгоритмдерді орындайды деп ойламау керек. Сонымен қатар бұл машиналар алгебралық формулалар, текстер және т. б. символдарының нәтижелерін түрлендіре алады.
Алгоритмнің жазу ережесін есептеуіш машинада орындау өте қатал болып табылады - автомат адам үшін ештеңе алдын ала ойлай алмайды. Алгоритмнің ереже түріндегі жиынтығы бағдарламамалау тілі деп аталады. Ал бағдарламамалаудың кейбір тілінде жазылған әрбір алгоритм бағдарламама деп аталады.
Зерттелінетін процестің немесе объектіні ақпараттық моделіне сәйкес құрылған және ақпаратты электронды есептеуіш машинада өңдеу алгоритмін жазу үшін арнаулы бағдарламамалау жүйелері қолданылады.
Алгоритм - орындаушыға қойылған тапсырманы шешу үшін берілген ережелер тізбегі (ағылшын тілінен аударғанда Algorythm) . Алгоритм негізінд ІХғасырдағы шығыстың ұлы математигі Әл-Хорезмидің есімі жатыр.
Алгоритмнің негізгі қасиеттеріне тоқталайық:
Алгоритмнің дискреттілігі. Бұл қасиет алгоритм түрінде жазылған есеп шешімі жеке жәй командаларға бөлініп орындалу ретіне қарай орналасқанын көрсетеді.
Алгоритмнің анықтылығыю Бұл қасиет алгоритмнің әр командасы орындаушыға түсінікті болуы және мәнсіз орындалмауы керектігін көрсетеді.
Алгоритмнің нәтижелігі. Бұл қасиет алгоритмнің ақырлы адам санынан кейін нәтиже алатынын көрсетеді.
Алгоритмнің жалпылығы. Бұл қасиет есепті шешуге арналған алгоритмнің осы типтес есептердің барлық мүмкін мәндері үшін орындалатынын көрсетеді.
Алгоритм адамға түсінікті түрде беріледі. Ең кең тараған түрлері: сөздік, кестелік және блок - схемалық (құрылымдық схема) .
1 Ақпараттық жүйені құру негіздері
1. 1 Ақпараттық жүйе түсінігі және даму сатылары
Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды - түсінікті - бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Ақпарат - латынның «informatio» деген сөзінен шыққан, яғни істің жай - күйі немесе біреудің іс - әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
«Жүйе» түсінігі кең таралған және көптеген мағыналарға ие болады. Көбінесе, ол техникалық құрал ретінде және бағдарламаға сәйкес қолданылады. Жүйе деп - компьютердің ақпараттық бөлігін айтады. Жүйе болып сонымен қатар, көптеген қосымша тапсырмалардың нақты шешімі саналады, ол құжаттарды толықтыратын негіз және басқару жүйесі болып табылады.
«Жүйе» ұғымына «ақпараттық» деген ұғымды енгізу оның мақсатын және қызметін туындатады. Ақпараттық жүйе тапсырманы шешудегі қажетті жағдайларды: топтастыруды, сақтауды, қайта өңдеуді, іздеуді, ақпаратты беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселені талдауға және жаңа өнім тудыруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе - заттармен өзара байланысты, белгілі бір мақсатқа бағытталған ақпараттарды сақтау, қайта өңдеу және оларды беру. Ақпараттық жүйе туралы қазіргі түсінік, оны басты техникалық құрал ретінде қолдану, яғни компьютердегі ақпаратты өңдеу болып табылады.
Міндетті түрде компьютер мен ақпараттық жүйе арасындағы айырмашылықты ажырата білу керек. Компьютер арнайы бағдарламаға сәйкес заттармен жабдықталған, ол ақпараттық жүйе үшін құрал немесе техникалық қор болып есептеледі. Ақпараттық жүйе айқындаушысыз компьютермен өзара әрекетте бола алмайды.
Ақпараттық жүйенің даму сатылары. Алғашқы ақпараттық жүйе 50 жылдары пайда болды. Осы жылдары олар жалақының өнімі (кірісі) мен шығымын есептеу үшін қолданылатын, яғни электромеханикалық бухгалтерлік есептеуіш машинасы ретінде болды. Осыдан келіп қағаз құжаттарды дайындау уақыты мен мүмкіндігі азайды.
60 жылдары ақпараттық жүйеге қарым - қатынас өзгере бастады. Одан алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша кезеңдік өзгерістерге ұшырады. Ол үшін басқару мекемелерінде компьютерлік жабдықталу қажет болды, олар көптеген қызмет атқаруға қабілетті, яғни тек сандарды өңдеу ғана емес, оларды санап бере алатын дәрежеде болды.
70 - 80 жылдары басында ақпараттық жүйе басқармалық бақылауда болатын заттық сапа ретінде кең қолданылды, ол шешім қабылдау процесін тездетуге мүмкіндік береді.
80 жылдар аяғында ақпараттық жүйе концепциясын қолдану тағы өзгереді. Олар стратегиялық ақпарат көзі және кез-келген басқару межесінде, кез-келген деңгейде қолданылды. Осы кезеңнің ақпараттық жүйесі, яғни уақытында қажетті ақпаратты жеткізе алады, басқармалық іс-әрекеттерінде жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді, жаңа тауарларды тудырады, өзіне теңесетін серіктестерді табуға көмектеседі, өнімді төменгі бағасына шығаруға мүмкіндік береді және т. б.
1. 2 Ақпараттық жүйенің құрылымы
Ақпараттық жүйе құрылымы оның жеке бөліктерін құрастырушыларды жүйеге бағыныңқылар деп атайды.
Жүйеге бағыныңқы - бұл жүйе бөлігі, белгілі бір белгіге негізделген.
Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымы қолдану аймағынан тәуелсіз. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісімен қаралады, ал жүйеге бағыныңқыларды қамтамасыз етушілер деп атайды. Мұндайда, кез-келген ақпараттық жүйе құрылымы қамтамасыз етушілерді айтады.
Ақпаратпен қамсыздандыру. Ақпаратпен қамсыздандыру жүйе астында өз кезегіндегі қалыптастыруда және нақты ақпаратты қабылдауға бағытталған.
Ақпаратты қамсыздандыру - ақпаратты кодтау және классификациялау жүйесіндегі жалғыз бірлік, ақпараттар ағынының сызбасы, басқарманың реттелуі, сонымен бірге еш мәліметсіз құрылған әдістеме.
Ақпараттар ағынының сызбасы ақпарат қозғалысының бағытын және көлемін айқындайды. Алғашқы ақпарат тараған жер және ақпарат нәтижесін қолдану. Негізгі сызба құрылымының талдау есебі барлық басқару жүйесімен өңделеді. Ақпараттар ағынының сызбасының құрылуы ақпарат көлемін көрсетеді және оның детальдық талдауын қамтамасыз етеді:
еселенетін және қолданбайтын ақпарат;
ақпараттың классификациясы.
Бұл жағдайда басқару деңгейінің ақпараттар қозғалысының өзара қарым - қатынастарын қарастыру керек. Әрбір орындаушыға, тек ол қолдана алатын ақпарат түсуі керек.
Еш мәліметсіз құрылған әдістеме олардың жобалануда ғана теориялық негізде базаға енбейді. Концепцияны түсіну үшін әдістемеге оның негізгі ұғымдарын екі нақты тәжірибелік сатымен түсіндіреміз:
Бірінші саты - фирманың барлық қызмет бөлімдерін тексеру:
ақпарат ағынының сызбасын құрастыру;
құжат айналым жүйесін қайта өңдеу;
ақпараттық объектіні анықтау және реквизит құрамын білу, яғни олардың құрамы мен белгісін айқындайды.
Екінші саты - концептуальды ақпараттық - логикалық моделін құрастыру, бірінші сатыдағы іс - әрекет аймағын тексеру. Бұл моделде барлық объект пен реквизит арасындағы өзара байланысты тұрақтандырады және белсенділігін арттырады. Ақпараттық - логикалық модель қорының негізгі іргетасы болып табылады.
Ақпараттық қамсыздандыруға қажетті:
жүргізілетін жүйенің қызметі мен мақсатының анық, түсініктілігі;
ақпараттың пайда болған нүктесінен бастап оның (қозғалуы) таралуы және оның қолданылуына дейінгі басқарылу деңгейі;
құжаттың кері жүйесінің шынайылығы;
кодтау және жүйелеу жүйесін қолдану;
ақпараттық - логикалық моделдегі әдістеменің туындауы
(ақпараттық өзара байланысының айқын көрінісі) ;
машиналық тасымалдаушының ақпараттар легін тудыруы, ол қазіргі техникалық қамсыздандыруды қажет етеді.
Ақпараттық жүйедегі басқару құрылымының ролі. Кез-келген басқарма үшін ақпараттық жүйенің келесідей тапсырмаларды шешуде қолданылуы және туындауы:
Ақпараттық жүйенің құрылымы, оның функционалдық мақсатына байланысты. Мысалы, коммерциялық фирмада - эффективті сауда-саттық; мемлекеттік орындарда-әлеуметтік және экономикалық тапсырмаларды шешеді.
Ақпараттық жүйе адамдармен бақыланып отыру керек, олар арқылы негізгі әлеуметтік және әдеп (этикалық) ережелеріне енгізіледі.
Нақты, сенімді өз кезегіндегі және жүйеленген ақпарат.
Ақпараттық жүйенің құрылуын үйдің құрылуымен салыстыруға болады. Кірпіштер, шегелер, цемент және қажетті материалдар бірігеді. Оған жоба құру керек, жер иелену, құрылыс және т. б. Яғни, үй салу үшін қажеттіліктер бөлу керек. Ақпараттық жүйе басқарманың бөлігі болып табылады, ал кез келген басқарманың кілттік элементі - құрылым және басқару органы, біркелкі ережелер, негіздер, субмәдениет.
Құрылған ақпараттық жүйе басқарманы басқаруды құрылымын талдаудан басталуы керек.
Басқарманы басқару құрылымы. Басқарма бөлімдерінің барлық комбинациялық жұмысы әр түрлі деңгейдегі басқару органымен нақтыланады. Басқармаға бағыныштылар қойылған мақсатты қамтамасыз етуге арналған келесідей қызметке ие болады:
- басқармалық;
- жоспарлау;
- есептеу;
- талдау;
- тұрақсыздандыру;
- бақылау.
Басқармалық қызмет басқару құрылымын өңдеумен және нормативтік құжаттар жинағынан болады: штаттық фирманың кестесі, бөлімдері, лабораториясы, тобы және т. б. Көбінесе, бұл бөлім жағдайына лабораторияға немесе құрал мүмкіндігіне кіреді.
Жоспарлау (жоспарлық қызмет) берілген тапсырманы жоспар бойынша жүзеге асыру және өңдеу. Мысалы: бизнес - жоспар барлық фирма үшін, өндіріс жоспары, маркетингілік зерттеу жоспары, қаржы жоспары, ғылыми - зерттеу жұмысын жүргізу жоспары және т. б. әртүрлі мерзімге (жыл, тоқсан, ай, күн) .
Есептік қызмет дайын түрлер мен әдістердің фирмада қолданылуының көрсеткішін өңдеумен шектеледі, яғни, бухгалтерлік есеп, қаржы есебі, басқару есебі және т. б. Жалпы жағдайда есепті тіркеу, табу, өңдеу және ақпаратты қалдыру тұрмыстық процестердің шынайы жақтарын көрсетеді.
Талдау немесе аналитикалық қызмет жоспарлары мен тапсырыстарды орындау мазмұнымен байланыста болады. Талдау фирманың тұрмыстық іс - әрекетінің нәтижесіне бір жылда жасалады, оны мамандар жүргізеді, цех, бөлім деңгейіндегі - менеджерлер осы деңгейге келеді.
Бақылау қызметі, бұл менеджерлер арқылы жүргізіледі: жоспарды орындаудағы бақылау, материалдық ресурстардың шығыны, қаржы заттарын қолдану және т. б.
Әрі қарай атқарылуын қамтамасыз ететін қызмет, бағыныңқы жұмысшылардың еңбегін тұрақтандыратын әртүрлі әдістерін қолдану және өңдеу:
қаржылық стимул - жалақы, сыйлық, акция, қызметінің жоғарылауы және т. б. ;
психологиялық стимул - алғыс хат, мақтау қағазы, шен, дәреже, үздіктер тақтасы және т. б.
Атқарушы денгейдің ақпараттық жүйесі. Атқару денгейіндегі ақпараттық жүйені мамандармен атқарушылар қолдайды, яғни, өндірілген істер мен оқиғаларға орай болады. Ақпараттық жүйенің белгісі бұл деңгейде - өткінші жағдайға жауап бере алмайды. Мұнымен айналысу үшін ақпараттық жүйе жеңіл түрде, бөлінбейтін әрекет жасайды және нақты ақпаратты береді.
Ақпараттың көзі және мақсаты, тапсырмасы операциялық деңгейде ерте анықталған және жоғары дәрежеде құрылған. Қойылған тапсырманың шешімін бағдарламау.
Ақпараттық жүйе оперативтік деңгейде фирмамен сыртқы орта деңгейімен байланысты. Егер жүйе нашар жұмыс істесе, онда мекеме ақпаратты сырттан ала алмайды немесе оны сыртқа шығара алмайды. Одан басқа жүйе - ақпараттың негізгі апарушысы, ақпараттың қалған бөлігін жеткізіп, оның атқарушы мазмұнын және архивтік ақпаратқа ие болады. Осы ақпараттық жүйенің үзілуі негативтік қайтымсыз өзгеріске әкетер еді.
Ақпараттық жүйенің тездетілген жобасы инженер - жобалаушының (тездетілген) жеделдетілген қызметіне негізделген. Бұл жүйенің негізгі функцясы болып инженерлік есеп, графиктік құжаттың, жобаланған обьектінің модельдері болып саналады.
1. 3 Ақпараттық жүйені құру әдістері
Қазіргі уақытта экономиканың әртүрлі облысындағы ақпараттық технологиялардың даму тенденциясы ақпараттық жүйенің күрделі түрлерінің дамуына, пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазіргі кездегі ақпараттық жүйенің ірі жобалары төмендегілермен ерекшеленеді:
Процестер мен мәліметтер талдауын және модельдеуін қажет ететін сипаттаудың күрделелігі;
Тығыз өзара әсер ететін компоненттердің жиынтығының бар болуы;
Әрбір компоненттің түпкілікті мақсаты, қойылған есебі бар. Сол мақсатты шешу үшін шешімді қабылдау теориясын қарастырады;
Ақпараттық жүйені енгізуге дайындық.
Жобаны жүзеге асыру үшін құрып отырған ақпараттық жүйе немесе объект міндетті түрде сипатталуы керек және ақпараттық жүйенің толық функциональды және ақпараттық моделі құрылуы керек. Кез-келген ақпараттық жүйені құру кезінде ақпарат өзгеруі мүмкін. Тек қана ақпараттық жүйені құру үшін құрылымды әдістер схема және диаграмма қолданылады. Ақпараттық жүйені құрудың мынадай принциптері бар:
объектілердің сипаттамасының сәйкес келуі;
ақпаратты өңдеуге кететін шығынның аз болуы;
ақпарат қандай да бір кесте бойынша өңделеді және жүйеге түседі;
өзіндік бақылау жасау;
мәліметтерді және процестерді өңдеуде қатені түзету;
интегралдығы (ақпараттық жүйеге ақпаратты бірнеше рет енгізіп, оны бірнеше рет қолдану) ;
ақпараттық жүйенің кез-келген ортаға бейімделуі.
Ақпараттық жүйені құру әдістерінің бірі - оның бағдарламамен қамтамасыз етудің өмірлік цикл түсінігі. Бағдарламамен қамтамасыз етудің өмірлік циклі - бұл үздіксіз процесс.
Ақпараттық жүйені құру үшін соңғы кезде нормативті ISO/IEC 12207 қолданылады. Осы стандарт ақпараттық жүйенің өмірлік цикл құрылымын анықтайды. Яғни, бағдарламамен қамтамасыз етуді құрған кезде қандай амалдар, процестер, бағдарламалау тілі қолданылатынын анықтайды. Ақпараттық жүйені құру кезінде екінші этапқа тек алдыңғы этап аяқталған соң ғана өтеміз және әрбір этаптың өз алдына құжаттамасы болады.
Ақпараттық жүйенің өмірі «қағаздық» кезеңдегі жобалаудан басталады, әрі қарай жүйенің жүзеге асуы және соңында оның пайдаланылуы іске асады.
Талдау. Бағдарламаық элементке кіреді, яғни бағдарламалық қамтамасыз етудің бір бөлігі. Осының ішінде жүйелік талдау деген бар. Бұл компьютердегі жүйенің элементтерінің әрбіреуінің атқаратын рөлін анықтайды. Олардың өзара қатынасын, бір-бірімен байланысын анықтайды.
Жобалау. Жобалау ақпараттық жүйенің құрылуына енетін талаптар мен пәндік саланы оқу арқылы орындалады. Жүйе өмірінің “қағаздық” сатысында таңдау жүргізіледі:
деректер құрылымы мен оның стратегиясының ЭЕМ жадында сақталуы;
ақпараттық жүйенің қызмет ету технологиясы мен ондағы ақырғы пайдаланушылардың өзара байлынысы;
техникалық және стандартты бағдарламалық құралдар, сонымен қатар ақпараттық жүйенің қызмет етуі үшін түпнұсқалық бағдарламалық құралдарды өңдеу;
Жүзеге асыру. Жүзеге асырудың маңызы оны ЭЕМ жадына көшіретін жобаның материалдығымен қорытындыланады. Бұл сатыда ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етілуі жайғастырылады және өңделеді, деректер қорының орындалу этаптары құрылады, көпсанды қосымшалар өңделеді. Бұнда МҚ администраторы алдын-ала, МҚБЖ-нің қосымшаларының өзара байланысын қамтамасыз ететін бағдарламалық “сүзгілер”-сыртқы сызбаларды құрады.
Жүзеге асыру сатысында ақпараттық жүйенің қызмет ету технологиясы тестіленеді және түзетіледі.
Пайдалану. Бұл ақпараттық жүйе сатысы жүйенің дұрыс ақпаратқа
толуынан басталады. Пайдалану келесідей ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қолдайтын барлық қызмет комплекстерін қамтиды: деректердің сөздік-анықтамасына кіріспе, деректерді қорғау, деректерді көпшіліктің пайдалануын ұйымдастыру, жүйе тиімділігін басқару мен талдау және басқалар.
Бұдан өзге, пайдалану сатысына жаңа қосымшаларды өңдеу, сонымен бірге ақпараттық жүйенің алдағы дамуы мен толық жетілуі кіреді.
Ақпараттық жүйе жұмысының тиімділігі сандық сипаттама көмегімен, яғни тиімділік критерийі ақпаратттық жүйенің арасындағы байланысты және оның нәтижесін анықтайды. Тиімділік критерийі ретінде алынған шама жобалау процесінен тәуелді. Ақпараттық жүйені құру кезінде жүйенің мақсаты туралы болжам жасау, эксперименттік деректерді бағалау қажет. Барлық ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы бірнеше мақсаттарға бағытталған:
объектіні басқару тиімділігін арттыру:
қабылдап отырған шешімді қамтамасыз ететін ақпараттың толықтырылуы;
ақпараттық неғұрлым тез жылдамдықпен беру және түсіру;
ақпараттық жүйені қолданушыларының өзара байланысын арттыру;
ақпараттық жүйе ресурстарын тиімді қолдану:
ақпараттық жүйені құруға, дамытуға кеткен шығынды азайту;
ақпараттық жүйедегі бар деректерден шығыстағы ақпаратты максимум алу;
мәліметтер қорында ақпараттың көп болмауын қадағалау.
1. 4 Мәліметтер қорына жалпы сипаттама
Қазіргі заман авторлары «мәліметтер банкі» және «мәліметтер қоры» терминдерін көбіне синоним ретінде қолданады, бірақ 1982 жылы шығарылған техника және ғылым бойынша Мемлекеттік комитеттің мәліметтер банкісін құру бойынша жалпы салалық басқарушы мәліметтерде бұл түсініктер бөлінеді. Онда мәліметтер банкі, мәліметтер қоры және МҚБЖ-не келесідей анықтамалар келтіріледі:
Мәліметтер банкі (МБн) - бұл арнайы ұйымдастырылған мәліметтер жүйесі - мәліметтерді ұжымды көп мақсатты қолдану және ортақталынған жинақтарды қамтамасыздандыру үшін арналған мәліметтер қорының, бағдарламалық, техникалық, тілдік, ұйымдастыру - әдістемелік құралдар.
Мәліметтер қоры (МҚ) - қарастырылатын пәндік аумақтағы объектілерді және олардың қатынастарының күйін бейнелейтін мәліметтердің аталған жиыны.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) - МҚ көптеген қолданушылармен бірігіп қолдану жүргізу және құру үшін арналған бағдарламалық және тілдік құралдар жиыны.
Құрғақ кеңсе тіл қабылдау үшін өте қиын, бірақ бұл анықтамалар барлық үш базалық түсініктердің мақсаттарын кеңейтеді, және біз оларды негізге ала аламыз.
Қолданушылар мәліметтер қорымен жұмыс жасауда көмектесетін бағдарламалар қосымшалар деп аталады. Жалпы жағдайда бір мәліметтер қорымен көптеген әр түрлі қосымшалар жұмыс жасай алады. Бір мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қосымшаларды қарастырғанда олар бір бірінен тәуелсіз және параллельді жұмыс жасай алады деп болжалады және олардың көптеген қосымшалардың бір мәліметтер қорымен жұмысын әр қайсысы дұрыс орындалатындай етіп, бірақ басқа қосымшалармен мәліметтер қорына енгізілетін өзгерістерді есепке алуын дәл МҚБЖ қамтамасыз етеді.
МҚБЖ-дегі терминалогия, тіпті «мәліметтер қоры» және «мәліметтер банкі» терминдері қаржылық қызмет ортасынан алынған. Бұл сөздерді алу - бекерге емес және қаражат массасымен жұмыс және ақпаратпен жұмыс көбіне ұқсас болатындығымен түсіндіріледі, себебі онда да өңдеу объектісінің персонофикация жоқ: жүз сандық екі банкнот екі бірдей байт сияқты айыра алмайды және өзара алмастырылады (әрине сериялық номерден басқа) .
МҚБЖ қалай құрылуы керектігіне арналған ғылыми зерттеулер нәтижесінде жүзеге асырудың әр түрлі тәсілдері ұсынылды. Олардың ең қолайлысы болып стандартизация бойынша американдық компаниясы ұсынған ANSI (American National Standarts Institute) МҚ ұйымдастырудың үш деңгейлік жүйесі табылды.
1. Сыртқы модельдер деңгейі - ең жоғарғы деңгей, мұнда әр модель мәліметтердің өз «көрінісін» алады. Бұл деңгей бөлек қосымшалардың МҚ-на көзқарасын анықтайды. Әр қосымша дәл осы қосымшаға қажет мәліметтерді ғана көреді және өңдейді. Мысалы, жұмысты бөлу жүйесі қызметкердің біліктілігі туралы мәліметтерді қолданады, бірақ оны қызметкер жалақысы, мекен-жайы туралы мәліметтер қызықтырмайды, және керісінше бұл мәліметтер кадрлар бөлімі ішкі жүйесінде қолданылады.
2. Концептуальді деңгей - орталық басқарушы буын, мұнда мәліметтер қоры неғұрлым жалпы түрде көрсетілген, ол берілген мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық қосымшалармен қолданылатын мәліметтерді біріктіреді. Концептуальді модель мәліметтер қорына арналып құрылған пәндік аумақтың (нақты әлем объектілері) жалпыланған моделін бейнелейді. Кез-келген модель сияқты концептуальді модель нақты әлем объектілерінің өңдеу көзқарасы бойынша тек маңызды ерекшеліктерді бейнелейді.
3. Физикалық деңгей - сыртқы ақпарат тасымалдаушыларында орналасқан файлдарда немесе беттік құрылымдарда орналасқан деректер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz