Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары



Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болған және болып қала береді, ол халықтың әл-ауқатын әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, кедейлікті төмендету тетіктерін, халықтың әлеуметтік жағынан алғанда осал топтарын әлеуметтік қолдауды енгізу жолымен көтеруге бағытталған.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі зейнетақы жүйесін, мүгедектік пайда болған кездегі, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша, жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруды, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мен әлеуметтік қызмет көрсетулер жүйесін қамтиды. Оның қатысушылары арасындағы ынтымақтастықсыз қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақылық жүйе болып табылады.
ҚР Конституциясымен Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы келгенде, ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылғанда және өзге де заңдық негізде әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі.
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реформалау жүзеге аса бастады. Азаматтарға зейнетақымен қамсыздандырудың тең құқығын беру принциптеріне негізделген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы (әрі қарай - Заң) қабылданды.
Республикада 2006 жылдың соңына қарай Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы алатындардың саны 1638,6 мыңнан астам болған. Мемлекеттік базалық зейнетақылық төлемді 1660,2 мың адам алған.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 6700 теңгені құраған. 2006 жылғы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - 9912 теңге. Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 9700 теңгені құраған. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақыны есепке алғанда 12912 теңгені құраған.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын индекстеліп, көтеріліп отырады. Зейнетақы төлемдерін бұрынғы еңбек өтіліне қарай дифференциалды арттыру жүзеге асырылды, ол миллионнан астам адамды қамтыды. Күш құрылымдары ардагерлерінің зейнетақылары да өсті. Елдегі барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер өз уақытында, ай сайын төленіп тұрады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақының мөлшерін бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықтаған кезде әділдік орнату үшін зейнеттік заңнамада көзделген зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табысты шектеу 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгереді, ол 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттырылады деп атап өтті. Бұл ретте ортақ сипаттағы зейнетақының орташа мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25%-ға дерлік артады. Ортақ сипаттағы зейнетақының ең жоғары мөлшері 2008 жылы 21 713 теңгеге дейін, немесе 76%-ға өседі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болған және болып қала береді, ол халықтың әл-ауқатын әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, кедейлікті төмендету тетіктерін, халықтың әлеуметтік жағынан алғанда осал топтарын әлеуметтік қолдауды енгізу жолымен көтеруге бағытталған.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі зейнетақы жүйесін, мүгедектік пайда болған кездегі, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша, жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруды, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мен әлеуметтік қызмет көрсетулер жүйесін қамтиды. Оның қатысушылары арасындағы ынтымақтастықсыз қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақылық жүйе болып табылады.
ҚР Конституциясымен Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы келгенде, ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылғанда және өзге де заңдық негізде әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі.
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реформалау жүзеге аса бастады. Азаматтарға зейнетақымен қамсыздандырудың тең құқығын беру принциптеріне негізделген Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР Заңы (әрі қарай - Заң) қабылданды.
Республикада 2006 жылдың соңына қарай Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы алатындардың саны 1638,6 мыңнан астам болған. Мемлекеттік базалық зейнетақылық төлемді 1660,2 мың адам алған.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 6700 теңгені құраған. 2006 жылғы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - 9912 теңге. Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 9700 теңгені құраған. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақыны есепке алғанда 12912 теңгені құраған.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын индекстеліп, көтеріліп отырады. Зейнетақы төлемдерін бұрынғы еңбек өтіліне қарай дифференциалды арттыру жүзеге асырылды, ол миллионнан астам адамды қамтыды. Күш құрылымдары ардагерлерінің зейнетақылары да өсті. Елдегі барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер өз уақытында, ай сайын төленіп тұрады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақының мөлшерін бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықтаған кезде әділдік орнату үшін зейнеттік заңнамада көзделген зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табысты шектеу 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгереді, ол 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттырылады деп атап өтті. Бұл ретте ортақ сипаттағы зейнетақының орташа мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25%-ға дерлік артады. Ортақ сипаттағы зейнетақының ең жоғары мөлшері 2008 жылы 21 713 теңгеге дейін, немесе 76%-ға өседі.
Сол сияқты Заңмен барлық жұмыс істеуші азаматтардың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақылық жарналар аудару есебінен зейнетақы жинақтарын құру құқығы бекітілген.
Сонымен қатар, агенттердің (жұмыс берушілердің) қызметкерлердің кірісінен ұсталатын міндетті зейнетақылық жарналарды өз уақытында аудармау оқиғалары бар.
Заңның 22-бабына сәйкес агенттің міндетті зейнетақылық жарналарды, сондай-ақ өсімдерді өз уақытында ұстауына (жазуына) және аударуына бақылау салық органдарына жүктелген, соған байланысты осы мәселе бойынша азаматтардың шағымдары мәлімдеушілерге заңнама нормаларын түсіндіре отырып, тиісті органдарға жіберіледі.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланы әлеуметтік қорғауға ерекше мән бере отырып, Үкіметке 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 34740 теңгеге дейін немесе 2 есе арттыруға тапсырма берді. Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақылар едәуір өсетін болады. Жұмыс істейтін әйелдердің декреттік демалыста және бір жасқа толғанға дейін нәресте күтімі жөніндегі демалыста жүрген кезінде зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беретін болады.
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы ҚР Заңында белгіленген жұмыс өтілі бар азаматтар мемлекеттік арнайы жәрдемақы алуға құқылы.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатындарға зейнет демалысы жасына жеткен кезде аталған жәрдемақыны алу немесе зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақылық төлемдер тағайындау арасында таңдау жасау құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 Тізім бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зиянды және ауыр еңбек жағдайында өз өтілдерін өтеген адамдарға 8 айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде арнайы жәрдемақылар төленетін болады.
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мүгедектік бойынша, асыраушысынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолы
Еңбекке құқық қабілеттілігі
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінен оқу әдістемелік нұсқау
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен лекция жинағы
Еңбекті қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Мамандықтың пәндер каталогы
Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Еңбеке құқығындағы қағидалары
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Пәндер