Мюнхен келісімі қарсаңындағы европадағы халықаларық жағдай



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 .тарау. Мюнхен келісімі қарсаңындағы Европадағы халықаларық жағдай.
1.1. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы және батыстық ірі мемлекеттерінің ұстанған саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2 . тарау. Мюнхен келісімі және оның зардаптары.
2.1.Судет дағдарысы және Мюнхен келісімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2. Германияның Чехословакияны толық жаулап алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Кіріспе
1938 жылы 29-30 -қыркүйекте өткен Мюнхен конференциясына биыл 65 жыл толады екен. Жылдар өткен сайын тарих беттері бұл конференцияға қатысты тың ойлармен толықтырылып отырары рас. Өйткені, екінші дүниежүзілік соғысқа жол ашқан осы конференцияның орны тым ерекше. Конференцияға қатысқан мемлекеттер, олардың ұстанған саясаты, 30-шы жылдардағы халықаралық жағдай осы Мюнхен келісімі арқылы көрінген еді. Сондықтан Мюнхен келісіміне қатысты мәселені зерттей отырып ең алдымен, оған баға беруге керек шығар. Бұлай болуында да өзіндік себебі бар. Әр зерттеушінің Мюнхен келісімі туралы пікіріне тоқтала отырып, бәріне ортақ тұжырымды анықтауға болады.
30-шы жылдардағы халықаралық жағдайдың күрделі болуы, саяси сахнаға фашистік бағыттағы Германия, Италия, Жапония секілді мемлекеттердің шығуымен ғана емес, Англия, Франция, АҚШ сынды ірі мемлекеттердің бұлыңғыр саясаттарына да байланысты. Егер Англия, Франция, басқыншы мемлекеттерге дер кезінде тосқауыл қоюға ұмтылғанда, тарихта орын алған үлкен олқылықтар болмаста ма еді.
Мюнхен келісімі тарихи зерттеу жұмыстарында айтарлықтай қарастырылған.
Мюнхен келісімі қарсаңындағы халықаралық жағдай, оның барысы, онда қабылданған құжаттар және т.б. көптеген деректемелер арнайы топтастырылған еңбектерде көрініс тапқан./1/. Осы деректерге көз жіберте отырып, мемлекет және үкімет басшыларының, елшілердің, белгілі саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерін байқауға болады. Осы арқылы Мюнхен келісіміне қатысы бар мемлекеттердің қандай саясат жүргізгенін анықтай аламыз.
Мюнхен келісімін қарастырған зерттеушілер көп-ақ. Олардың әрқайсысы оны өз қырынан қарастырып баға беруге ұмтылған. Сондықтан олардың Мюнхен келісімінің қыр-сырын барынша ашып көрсетуге тырысқандығы байқалады.
Мюнхен келісіміне қатысты алғашқы ғылыми еңбектер сол уақытта-ақ жарық көре бастады./2/. Мюнхен келісіміне қатысты алғашқы пікірлер тұжырымдар айтылған бұл жинақтарда ғылыми негіз жоқ еді. Мұндай талаптарға біршама жауап беретін еңбектер 40-шы жылдардың соңына қарай шыға бастады./3/. Бұл еңбектер Мюнхен келісімі проблемасын ғылыми ортаға енгізуімен құнды болып табылады.
Мюнхен келісімінің жан-жақты ғылыми талаптарға сай зерттелінуі 50-ші жылдарда жүзеге аса бастады. Осы жылдардың ішінде Н.Я Попов, В.А. Матвеев, Э.Ротистейн сынды зерттеушілер монографиялық еңбектерін жариялады./4/. Бұл жылдары Мюнхен келісімі проблемасын өз еңбектерінде басқа да зерттеушілер қарастырып өтті./5/.
Мюнхен келісіміне қатысты 60-шы жылдары жарық көрген зерттеу жұмыстары біршама аздау. Мүнда В.Т.Поляков пен В.Т.Трухановский монографияларын атап өтуге болады./б/. Өз зерттеу еңбектерін Англияның саяси қадамдарына арнай отырып, бұл зерттеушілер Мюнхен проблемасындағы англия орнын көрсетеді. 60-шы жылдары жарық көрген зерттеу жұмыстары Мюнхен проблемасын жекелеген мемлекеттің саясаты негізінде ашып беруге тырысты.
70-шы жылдары жарық көрген монографиялық еңбектерден В.Крал, И.Д.Овсяный, В.Я.Сиполе, В.К.Волков, З.С.Белоусова сынды зерттеушілердің жұмыстарын атап өткен жөн. Әсіресе чех ғалымы Вацлов Кралдың зерттеу жұмысы мәселені ашып көрсетудегі толыққандылығымен, жүйелілігімен ерекшеленеді. Бұған қоса ғалымның сүйенген дерек көздерде оның еңбегін қомақты етіп түр. Аты аталған зерттеушілердің қалғандардың Мюнхен келісіміне тікелей болмаса да, көп мөлшерде жанасатын түрғындағы монографияларын жазған.
Мюнхен келісімі, оған итермелеген алғышарттар, жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі халықаралық жағдай туралы жазылған зерттеу жұмыстары 80-ші жылдары да көптен жарық көрді. Солардың ішінде жоғарыда аты аталған ғалымдардың еңбектері елеулі орын алады. В.Крал, в.Г.Трухановский, В.Я.Сиполе, Ф.В.Волков, Н.Ю.Борисов сынды зерттеушілердің еңбектерінен көптеген құнды тұжырымдар кездестіреміз./7/.
Осы 90-шы жылдары Мюнхен келісіміне тоқталып, ол туралы айтып өткен зерттеу жұмыстарынан У.Ширердің еңбегін айтуға болады. Бұл еңбектің құндылығы сол мезгілде, яғни оқиға өрттен мезгілде жазылуында болып түр./8/.
Монографиялық зерттеу еңбектерінің бірқатары айтылып, оларға қысқаша тоқталып өткен соң, осы тақырыпқа арналған жалпы жұмыстардың да бар екендігін айту керек. Жекелеген авторлардың бір мәселе төңбрегіндегі зерттеулері жинақ ретінде жарық көріп, көптеген құнды ойлар айтқан еді./9/.
Мюнхен келісімі туралы монографиялық, топтама еңбектерден өзге, мерзімдік баспа беттерінде жарық көрген мақалалар өте көптеп саналады./10/. Олардың әрқайсысы өзіндік пікірін білдіре отырып, мәселені аша түсуде азда болса үлес қосты.
Мюнхен келісіміне қатысты әдебиеттер осы көлеммен ғана шектеліп отырған жоқ. Біз, қарастырған тақырыбымыз ға орай, әдебиеттерді үйлестіре отырып пайдалануға тырыстық. Сондықтан, көптеген зерттеу жұмыстарының, мақалалардың және т.б. назардан тыс қалуы ғажап емес.
Ал, өзіміз пайдаланған әдебиеттерге келетін болсақ, ондағы құнды ойларды дұрыс қолдану керек дер едік. Өз заманының ой ағымына сай жазылған еңбектердің тіптен шындыққа сай келетін тұжырымдарын таба біліп, оны бұрмалай пайдалану керек дегіміз келеді.
Мюнхен келісімі екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына тікелей алып келген үлкен қателік еді. Өз еңбегімізде біз осы қателікті ашып көрсетіп, оған неліктен жол берілді соны анықтамақпыз. Бұл тақырыптың өзектілігіне келетін болсақ, ең алдымен ірі мемлекеттердің саясатына көз жіберту қажеттілігін айтсақ, одан кейін әр мемлекеттің өзіндік ерекшеленген ескерген саясаты болуы керектігін ауызға алар едік. Осы екі мәселеге кеңірек көңіл бөлу, Мюнхен келісімі арқылы жүзеге асады. Осы келісімнің тарихын зерттей отырып, өр мемлекет өзі үшін қарекет ету керектігін байқар едік.
Сонымен, Мюнхен келісімін Еуропадағы халықаралық жағдайы түбірімен өзгертіп, жаңа күш салмағын байқатқан алғашқы ірі келісім болып, адамзат үшін таусылмас қасыретке толы, екінші дүниежүзілік соғыстың бастамашысы деп бағалар едік.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Құжаттар мен деректер.
1.1. Новые документы из историй Мюнхена.-М.Госполитиздат, 1958.-160с.
1.2. Документы и материалы Мюнхенского сговора, 1937-1939 .М.-Политиздат, 1979.-471с.
1.3. Год кризиса, 1938-1939; Документы и материалы : В 2-х т.-М.:Политиздат, 1990.
2. Моногорафиялар.
2.1. Белоусова З.С. Франция и Европейская безопасность.-М.: Наука, 1976.-418с.
2.2. Борисов А.Ю. Мюнхенская трагедия (Размышления спустя полвека);[Мюнхен. Конфер. Англий, Франций, Германий и Италий 1938 г. по Чехословак] -М: Знание, 1988.-63с.
2.3. Волков В.К. Мюнхенский сговор и Балканские страны.-М.:Наука, 1978.-327с.
2.4. Волков Ф.Д. Тайны Уайт- холла и Даунинг-стрит. -М.: Мысль, 198О.-462с.
2.5. Климовский Д. Зловещий пакт из историй германо-польских отношений межвоенного двадцатилетия.-Минск, изд БГУ. 1968. -175с.
2.6. Крал В Они, которые потрясли Чехословакия: Пер. с чешк.-М.:Прогресс , 1980. -386 с.
2.7. Крал В. Пкан Зет: Пер. с чешск.-М.: Прогресс, 1978. -340с.
2.8. Матвеев В.А. Провал Мюнхенской политики (1938-1939гг.)-М.: Госполитиздат, 1955. -264с.Овсяный И.Р. Тайна в которой война рождалась. (как империалисты подготовили и развязали вторую мировую войну).-М.: Политиздат, 1971. -320с.
2.9. Поляков В.Т. Англия и мЮнхенский сговор (март-сент. 1938г.) М.: Изд-ва Акад наук СССР, 1960. -334с.
2.10. Попов А.Я. США-организатор и активный участник мюнхенского сговора с фашистскими агрессорами.-М.: Знание, 1952.-ЗІС.
2.11. Проэктор Д.М. Фашизм: путь агрессий и гибели.-М.: Наука, 1985.-544с.
2.12. Ротштейн Э. Мюнхенский сговор.Пер. с англ. -М.: Изд. Иност.лит, 1959.-427с.
2.13. Сиполе В.Я. Совестский союз в борьбе за мир и безопасность, 1933-1939.-М.: Мысль, 1974. -428с.
2.14. Взлет и падение третьего рейха. В 2-х Т. -М.: Воениздат, 1991, Т.1,651 с.
2.15. Цветков Г. Политика США в отношений СССР накануне второй мировой войны. Киев, Политиздат, 1973. -192с.
3. Жалпы әдебиет.
3.1. Внешняя политика Чехословакий. 1918-1939. Сб.статей .-М.: Изд.иност.лит., 1959-660с.
3.2. Возрождения республики. 1938-1945. -М.: Прогресс, 1988. -414с.
3.3. История международных отношений и внешней политики СССР. 1917-1967 гг. В 3-хт. -М.: Межд.отношения, 1967, Т.1, 440с.Мюнхен-предверие войны: (Итс.очерки). -М.: Наука, 1988.-ЗО8с.
3.4. 1939 год. Уроки истории. -.: Мысль.-508с.
3.5. Причины возникновения второй мировой войны. Сб.Статей. -М.: Наука, 1982.
3.6. Европа в международных отношениях. 1917-1939 гг.-М.:Наука, 1979. -458с.
4 Мерзімдік басылым.
4.1. Бенэш Э. (Возрождение) Воспоминание о трагедии. // Новое время-1989, №11, с.39-42.
4.2. Иванов А.Т. Великобретания и мюнхенский сговор: В свете архивных документов. //Новая и новейшая история, 1988, №6, с.21-38.
4.3. Орлов А.С. Мюнхен: Скачок к войне. // Военно-исторический журнал, -1988, №9, с.60-66.
4.4. Несвадба Ф. Сражение проигранное без боя. //Новое время, 1988, №39, с. 31-32.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3

1 -тарау. Мюнхен келісімі қарсаңындағы Европадағы халықаларық жағдай.
1. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы және батыстық ірі мемлекеттерінің
ұстанған
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 8
1.2. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2 - тарау. Мюнхен келісімі және оның зардаптары.
2.1.Судет дағдарысы және Мюнхен
келісімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2. Германияның Чехословакияны толық жаулап
алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..48

Кіріспе

1938 жылы 29-30 -қыркүйекте өткен Мюнхен конференциясына биыл 65 жыл
толады екен. Жылдар өткен сайын тарих беттері бұл конференцияға қатысты тың
ойлармен толықтырылып отырары рас. Өйткені, екінші дүниежүзілік соғысқа жол
ашқан осы конференцияның орны тым ерекше. Конференцияға қатысқан
мемлекеттер, олардың ұстанған саясаты, 30-шы жылдардағы халықаралық жағдай
осы Мюнхен келісімі арқылы көрінген еді. Сондықтан Мюнхен келісіміне
қатысты мәселені зерттей отырып ең алдымен, оған баға беруге керек шығар.
Бұлай болуында да өзіндік себебі бар. Әр зерттеушінің Мюнхен келісімі
туралы пікіріне тоқтала отырып, бәріне ортақ тұжырымды анықтауға болады.
30-шы жылдардағы халықаралық жағдайдың күрделі болуы, саяси сахнаға
фашистік бағыттағы Германия, Италия, Жапония секілді мемлекеттердің
шығуымен ғана емес, Англия, Франция, АҚШ сынды ірі мемлекеттердің бұлыңғыр
саясаттарына да байланысты. Егер Англия, Франция, басқыншы мемлекеттерге
дер кезінде тосқауыл қоюға ұмтылғанда, тарихта орын алған үлкен олқылықтар
болмаста ма еді.
Мюнхен келісімі тарихи зерттеу жұмыстарында айтарлықтай қарастырылған.
Мюнхен келісімі қарсаңындағы халықаралық жағдай, оның барысы, онда
қабылданған құжаттар және т.б. көптеген деректемелер арнайы топтастырылған
еңбектерде көрініс тапқан.1. Осы деректерге көз жіберте отырып, мемлекет
және үкімет басшыларының, елшілердің, белгілі саяси қайраткерлердің іс-
әрекеттерін байқауға болады. Осы арқылы Мюнхен келісіміне қатысы бар
мемлекеттердің қандай саясат жүргізгенін анықтай аламыз.
Мюнхен келісімін қарастырған зерттеушілер көп-ақ. Олардың әрқайсысы
оны өз қырынан қарастырып баға беруге ұмтылған. Сондықтан олардың Мюнхен
келісімінің қыр-сырын барынша ашып көрсетуге тырысқандығы байқалады.
Мюнхен келісіміне қатысты алғашқы ғылыми еңбектер сол уақытта-ақ жарық
көре бастады.2. Мюнхен келісіміне қатысты алғашқы пікірлер тұжырымдар
айтылған бұл жинақтарда ғылыми негіз жоқ еді. Мұндай талаптарға біршама
жауап беретін еңбектер 40-шы жылдардың соңына қарай шыға бастады.3. Бұл
еңбектер Мюнхен келісімі проблемасын ғылыми ортаға енгізуімен құнды болып
табылады.
Мюнхен келісімінің жан-жақты ғылыми талаптарға сай зерттелінуі 50-ші
жылдарда жүзеге аса бастады. Осы жылдардың ішінде Н.Я Попов, В.А. Матвеев,
Э.Ротистейн сынды зерттеушілер монографиялық еңбектерін жариялады.4. Бұл
жылдары Мюнхен келісімі проблемасын өз еңбектерінде басқа да зерттеушілер
қарастырып өтті.5.
Мюнхен келісіміне қатысты 60-шы жылдары жарық көрген зерттеу жұмыстары
біршама аздау. Мүнда В.Т.Поляков пен В.Т.Трухановский монографияларын атап
өтуге болады.б. Өз зерттеу еңбектерін Англияның саяси қадамдарына арнай
отырып, бұл зерттеушілер Мюнхен проблемасындағы англия орнын көрсетеді. 60-
шы жылдары жарық көрген зерттеу жұмыстары Мюнхен проблемасын жекелеген
мемлекеттің саясаты негізінде ашып беруге тырысты.
70-шы жылдары жарық көрген монографиялық еңбектерден В.Крал,
И.Д.Овсяный, В.Я.Сиполе, В.К.Волков, З.С.Белоусова сынды зерттеушілердің
жұмыстарын атап өткен жөн. Әсіресе чех ғалымы Вацлов Кралдың зерттеу жұмысы
мәселені ашып көрсетудегі толыққандылығымен, жүйелілігімен ерекшеленеді.
Бұған қоса ғалымның сүйенген дерек көздерде оның еңбегін қомақты етіп түр.
Аты аталған зерттеушілердің қалғандардың Мюнхен келісіміне тікелей болмаса
да, көп мөлшерде жанасатын түрғындағы монографияларын жазған.
Мюнхен келісімі, оған итермелеген алғышарттар, жалпы екінші
дүниежүзілік соғысқа дейінгі халықаралық жағдай туралы жазылған зерттеу
жұмыстары 80-ші жылдары да көптен жарық көрді. Солардың ішінде жоғарыда аты
аталған ғалымдардың еңбектері елеулі орын алады. В.Крал, в.Г.Трухановский,
В.Я.Сиполе, Ф.В.Волков, Н.Ю.Борисов сынды зерттеушілердің еңбектерінен
көптеген құнды тұжырымдар кездестіреміз.7.
Осы 90-шы жылдары Мюнхен келісіміне тоқталып, ол туралы айтып өткен
зерттеу жұмыстарынан У.Ширердің еңбегін айтуға болады. Бұл еңбектің
құндылығы сол мезгілде, яғни оқиға өрттен мезгілде жазылуында болып
түр.8.
Монографиялық зерттеу еңбектерінің бірқатары айтылып, оларға қысқаша
тоқталып өткен соң, осы тақырыпқа арналған жалпы жұмыстардың да бар
екендігін айту керек. Жекелеген авторлардың бір мәселе төңбрегіндегі
зерттеулері жинақ ретінде жарық көріп, көптеген құнды ойлар айтқан еді.9.
Мюнхен келісімі туралы монографиялық, топтама еңбектерден өзге,
мерзімдік баспа беттерінде жарық көрген мақалалар өте көптеп саналады.10.
Олардың әрқайсысы өзіндік пікірін білдіре отырып, мәселені аша түсуде азда
болса үлес қосты.
Мюнхен келісіміне қатысты әдебиеттер осы көлеммен ғана шектеліп
отырған жоқ. Біз, қарастырған тақырыбымыз ға орай, әдебиеттерді үйлестіре
отырып пайдалануға тырыстық. Сондықтан, көптеген зерттеу жұмыстарының,
мақалалардың және т.б. назардан тыс қалуы ғажап емес.
Ал, өзіміз пайдаланған әдебиеттерге келетін болсақ, ондағы құнды
ойларды дұрыс қолдану керек дер едік. Өз заманының ой ағымына сай жазылған
еңбектердің тіптен шындыққа сай келетін тұжырымдарын таба біліп, оны
бұрмалай пайдалану керек дегіміз келеді.
Мюнхен келісімі екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына тікелей алып
келген үлкен қателік еді. Өз еңбегімізде біз осы қателікті ашып көрсетіп,
оған неліктен жол берілді соны анықтамақпыз. Бұл тақырыптың өзектілігіне
келетін болсақ, ең алдымен ірі мемлекеттердің саясатына көз жіберту
қажеттілігін айтсақ, одан кейін әр мемлекеттің өзіндік ерекшеленген
ескерген саясаты болуы керектігін ауызға алар едік. Осы екі мәселеге
кеңірек көңіл бөлу, Мюнхен келісімі арқылы жүзеге асады. Осы келісімнің
тарихын зерттей отырып, өр мемлекет өзі үшін қарекет ету керектігін байқар
едік.
Сонымен, Мюнхен келісімін Еуропадағы халықаралық жағдайы түбірімен
өзгертіп, жаңа күш салмағын байқатқан алғашқы ірі келісім болып, адамзат
үшін таусылмас қасыретке толы, екінші дүниежүзілік соғыстың бастамашысы деп
бағалар едік.

І тарау. Мюнхен келісімі қарсаңындағы Европадағы халықаралық жағдай.
1.1. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы және батыстың ірі
мемлекеттерінің ұстанған саясаты.

Версаль бітім шарттары (1919 ж) және онымен байланысты келісімдер,
ғасырдың басындағы империалистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтары жойған
жоқ еді:
Мұның өзі, бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан мемлекеттердің
қайтадан наразылық білдіруіне мүмкіндік берді.
Версаль бітім шарттарымен тығыс байланысы бар Вашингтон конференциясы
да (1921-1922) тынық мұхиты аймағында жаңа тартыстарға итермеледі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары, кейінгі уақыттағы
халықаралық жағдайға түбегейлі өзгерістер алып келді. Бірінші дүниежүзілік
соғыс қарсаңында ірі империалистік мемлекеттер отар елдерді бөліп
иеленуден, дамыған капиталистік елдерді бағындыруға кірісе бастаған болса,
соғыстан кейінгі жағдайда толықтай отарлауға кірісті.
Бірінші дүниезүзілік соғыстан кейінгі кезеңде халықаралық сахнада
елеулі сапалық өзгерістер орын алды. Бейбітшілікті қолдаушылар мен соғысқа
ұмтылушылар арасындағы салмақ өзгерген-ді. Бірінші дүниежүзілік соғыста
қағылып қалған Германия, Италия, Жапония мемлекеттеріндегі реакцияшыл
күштер реваншистік ұрандар көтерді. Версаль шарттарының әділетсіздігін,
оның халықтар құқын төмендететіндігін және т.б. айта отырып, оны жоюды
талап етті.
Бұған қоса 20-шы жылдардың соңы 30-шы жылдардың басында, әлемдік
экономикалық дағдарыс орын алды. Осындай жағдайда Европаның бірқатар
мемлекеттерінде ел билігіне реакцияшыл күштер келді. Фашистік және
авторитарлық тәртіпке негізделген мемлекет жүйесі 20-шы жылдары Венгрияда
(1920 ж), Италияда (1922 ж), Болгария мен Испанияда (1923 ж), Албанияда
(1924 ж), Грецияда (1925 ж), Литва Полыиа және Португалияда (1926 ж)
орнаған еді.11. 20-шы жылдардың соңымен 30-шы жылдардың басында әлемді
түгелдей қамтыған экономикалық дағдарыс, алдыңғы қатарлы мемлекеттер
ішіндегі реакцияшыл күштердің белсенді әрекет етуіне негіз болды.
АҚШ, Англия, Франция ішіндегі фашистік партиялар билікке келу үшін
әрекет жасағанымен кең қолдауға ие болған жоқ. Ал, Германиядағы фашистік
күштер 1933 ж қаңтарда мемлекет билігіне келді. Германияда фашистік билік
басына келуі, халықаралық жағдайдың өзгеруіне себепші болып, екінші
дүниежүзілік соғысқа алып келді.
Фашистік диктатура туралы сөз қозғар болсақ, ең алдымен Германия мен
Италияға тоқталатынымыз сөзсіз. Өйткені бұл екі мемлекетте де фашизмнің
классикалық түрі өмір сүрген еді. Германияда да, Италияда да, фашистік
партиялардың басшылары монополистік капиталдың, ірі жер иелерінің және
әскері гоптардың неғүрлым реакцияшыл, шовинистік, аса агрессияшыл
топтарының мүддесін көздеді.12. Бұл бағыттағылардың ерте ме, кеш пе
әлемдік үстемдікке ұмтылары сөзсіз еді. Өйткені ішкі рынокты толық
қамтамасыз етіп, өз билігін орнатқан ірі монополия иелеріне, сырт жерлерден
жаңа рынок табу қажеттігі туындайтын. Бұл ойларына жету үшін ірі монополия
иелеріне басқыншы идеология мен сол басқыншылықты жүзеге асыратын
әскерілерге сүйенді. Біз, ойымызды сабақтай отырып, ең алдымен 30-шы
жылдардағы халықаралық жағдайға тоқталып өтейік.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықта, соғыста жеңіліс
тапқан мемлекеттер өзді-өзіне келумен болды. Ал 30-шы жылдарға қарай бұл
мемлекеттер өз өкпелерінен білдіре бастаған еді. Реакцияшыл күштердің
мемлекет билігіне келуі әлемдегі жағдайдың күрт өзгеруіне алып келді.
Кеңестер Одағын есепке алмағанда, әлемдегі мемлекеттердің екі топқа
бөлінгендігін байқауға болады. Оның бірін, әлемдікке үстемдікке ие болып
отырған АҚШ, Англия, Франция құраса, екіншісіне Германия, Италия, Жапония
секілді "өкпелі" мемлекеттер кірді. Бұлардың бірі өз үстемдігін нығайта
түсуге ұмтылса, екіншілері "өз үлестерін" алуға толпынды, әрі бұған жету
жолын соғыс арқылы көрді. Империалистік соғыста Жапон билеушілері бүкіл
Қиыр Шығысқа үстемдік жүргізгісі келетіндігін анық көрсете бастады.13.
1931 ж. Жапония Солтүстік-Шығыс Қытайда жаулап алып, Маньчжау-Го қуыршақ
мемлекетін құрды. Жалпы, Жапонияның басқыншылық саясатын, Жапонияның әскері
министрі генерал С.Аракидің 1933 ж"өзініің мемлекеттік саясатын жүзеге
асырып отырған Жапония Кеңеңс Одағымен қақтығысатыны сөзсіз және Тримор,
Забайкал мен Сәбір территориялары соғыс жолдарымен жаулануы тиіс",- деп
мәлімдеуінен анық байқауға болды.
Жапонияның мұндай саясатына АҚШ, Англия наразы болды. Әрине, мұнда
олар өз мүдделеріне нұқсан келген туыстарын ғана келіспейтін. Бұл мүдде
Қытаймен байланысты еді. Вашингтон келісімдері бойынша Қытайда АҚШ ұсынған
"ашық есік" және "тең мүмкіндіктер" принциптері бекітілген болатын. Мұндай
принциптер экономикалық қуаты мол мемлекеттер үшін тиімді болды. Сондықтан
да Жапонияның Қытайды жаулап ала бастауы осы тұрғыдан қауіпті еді. АҚШ
Қытай секілді ірі рыноктан айырылуды жөн көрмеді. Бірақ АҚШ Жапониямен
ашықтан-ашық соғыс жүргізуге даяр еместін. Бірден-бір шешім дипломатиялық
күрес деп табылды да, Жапониямен күрес сол арқылы жүрді. Англия Қиыр
Шығыстағы өз үстемдігінен айырылғысы келмегенімен, Жапонияға қарсы күш
қолдануға дәрменсіз еді. Англия ірі теңіз державиясы болғанымен Қиыр
Шығыстағы әскері күшімен Жапониямен тіке-тіресе алмайтын. Осыған орай,
ағылшынның белгілі саяси қайраткері Лорд Сесілдің "Англияның Қиыр Шығыстағы
ұстанатын саясаты Жапониямен қақтығыспау",14. -деген сөзіне сүйене
отырып, Англияның да дипломатиялық күресті таңдап алғанын байқаймыз.
Жапонияның күшеюіне АҚШ-та, Англия да қауіппен қарады, бірақ ашық соғысудан
бас тартты. Олардың таңдаған (саясаты) жолдары Жапонияның бетін Кеңестер
Одағына бұру болды, яғни Жапонияның басқыншылығымен Кеңес Одағын әлсірету
мақсатында пайдалану. Кеңестер Одағының бұл бағыттағы әрекеттері, келесі
бөлімде болатындықтан тоқталмадық. Қиыр Шығыстағы соғыс ошағы бір ғана
Жапониямен байланысты болса, Европадағы жағдай күрделірек еді. Үкімет
билігіне 1922 жылы келген Муссолини Италияны соғыс ошағына айналдырды.
"Ежелгі Римнің құдыретін" қалпына келтірмек болған Муссолини 1930 жылы "сөз
тамаша ғой әріне, бірақ мылтық, зеңбірек, әскері кемелер мен ұшақтар тіптен
керемет",~деген еді.15. Муссолинидің былайша сөйлеуі, оның соғысқа
әзірлігін көрсетсе керек. Дегенменен Италияның экономикалық куаты Европаның
басты мемлекеттерінен әлсіз болды. Мұның өзі оның басқыншы әрекеттерінің
жүзеге асырылуына тосқауыл қойды.
Муссолини аталып отырған жылдары, яғни 30-жылдардың бас кезінде
бірінші кезекке дипломатиялық күресті қойды. Осы арқылы Италия өзі тиімді
жағдайларға қол жеткізіп, соғыс әрекеттеріне көшуді ойластырды. Италияның
дипломатиялық қадамдары туралы, алда сөз болатындықтан, келесі бір соғыс
ошағына айналған мемлекетке тоқталайық. Бұл мемлекет фашистік Германия еді.
1933 жылы 30-шы қаңтарда үкімет билігіне келген Гитлер алғашқы күндерінен-
ақ, соғысқа өзірлене бастады. 1933 жылы 3 ақпанда Герман әскери күштерінің
басшыларымен өткен мәжілісте Гитлер "саяси құдыреттілікке" жету үшін
армияны нығайту турасындағы өз ойларын білдіріп өтті. Гитлердің
басшылығындағы Германия 1914 жылғы шекараларды мойындамайтындығын және жаңа
территорияларды жаулап алуға ұмтылатындығын жасырған жоқ.16.
Германия жаңа территориялардың қажеттігін айта отырып, бірінші
дүниежүзілік соғыстың қателіктерінен аулақ болуға ұмтылды. Гитлердің сөзіне
сүйенетін болсақ "Европаның оңтүстігіні мен батысын жаулауға бағытталған
германдық кресшілердің жорығынан бас тартып, өз назарларын Европаның
шығысындағы жерлерге аударған".17. Германия, дипломатиялық күреске де
айрықша мән берді. Германияның соғысқа даярлығы, 1933 ж.күзінде анық
көрініс тапты. Бұған Гарманияның 1933 ж. 14 қазанда Женевада өтіп жатқан
қару-жарақты қысқарту мен шектеу туралы конференцияны тастап шығуымен 19
қазанда Ұлттар Лигасының шығатындығын мәлімдеуі дәлел бола алады. Жаппай
қарулануға және басқыншы әрекеттерге тежеу салар кедергілерден арылған
Германия өз мақсаттарын жүзеге асыруға құлшына кірісті. Жоғарыда аталған
басқыншы мемлекеттерге қысқаша тоқталуымыз еңбегіміздің ауқымына сай
негізделіп отыр. Бұл мемлекеттердің негізгі ерекшеліктерше тоқталмай олар
жүгізген саяси күресті айқын сезіну мүмкін емес.
Ендігі мәселе, басқыншы бағыттағы мемлекеттердің алғашқы дипломатиялық
қадамдары мен бұл мемлекеттердің өзара ортақ тіл табысуы турасында болмақ.
Дипломатиялық жолдармен, халықаралық жағдайды өзгерту усынысы, 1932 жылы
Муссолини аузынан шықты десе болады. Әріне, бұл жерде басқыншы мемлекеттер
тарапынан болған қадамдар, сөз болып отыр. Турин қаласында 1932 жылдың
күзінде сөз сөйлеген Муссолини Европадағы бейбіт өмірді қамтамасыз етуде,
Ұлттар Лигасының дәрменсіз кейіпін айтып өтті. Бұл жағдайдан арылу үшін
Ұлттар Лигасын жойып, 19 ғасырдың тәжірибесіне қайта оралуды ұсынды.
Европадағы мәселелердің барлығын Англия, Франция, Германия және Италия
шешіп, өз бақылауларына алу керектігін айтқан. Муссолини, басқыншы деп
атауға сай келмесе де, үстемдік етуші мемлекеттердің Одағын құру ойын
білдірді.18. Муссолини тек сөз жүзінде ғана мәлімдеп қоймай, бүны іс
жүзіне асыруға бағытталған әрекеттерге кірісті. 1933 жылдың көктем айлары
аталған төрт ел арасында дипломатиялық қатынастар "төрттік пакт" бағытында
өрбіп жатты. Нәтижесінде 15 шілде де Римде төрт мемлекет "келісім және
ынтымақтастық туралы пактіге" қол қойды.19. Бұл "төрттік пактіге" Англия,
Франция, Германия елшілері және Муссолини қол қойды. "Төрттік пакт"
қабылдағанымен заңдық күшіне енуі екіталай еді. Бұған ең алдымен Франция
және Германия мен Италия арасындағы қайшылық мүмкіндік бермейтін. Бұған
қоса "төрттік пактіге" деген кіші Антанта (Чехославакия, Румыния,
Югославия) мен Польшаның да көзқарастары кереғар болды.20. Сонымен
"төрттік пакт" заңды күшіне енген жоқ. Алайда, оның халықаралық жағдайдың
өзгергендігін анық байқайтынын көреміз. Европа ісінде жетекшілікті иеленіп
тұрған Францияны Англия ығыстыра бастады. Бұл орайда Англия француз-герман
және француз-итальян қарама-қайшылықтарын өз мүддесу үшін пайдалана білді.
Франция ұстанған солқылдық саясат, оған сенім артқан мемлекеттер тарапынан
көңіл қалушылқ кейіпті қалыптастырды. Германия мен Италияның жағдайын айтар
болсақ, бұл "пакт" олардың сөзсіз жеңісі еді. Екі елді өз саясаттарын
басқыншы бағытта жүргізу мүмкіндігін алды. Өйткені, Англия мен Франция
бүкіл әрекеттері арқылы соны меңзегендей еді.
Ұлттар Лигасының шыққан уақыттан кейінгі жерде Германияның басқыншы
әрекеттеріне көз жұмған ірі мемлекеттер, басқыншы мемлекеттер одағының
құрылуына бар жағдайды жасады.
Германия да, Италия да еркін қимыл жасауға болатынын түсінді. "Төрттік
пакт" болашақтағы Мюнхен келісіміне бағытталған даярлық іспетті болды.
Германия мен Италия дипломатиялық жолдармен өз саясаттарын жүргізе бастады.
1934 ж. 26 қаңтарда Германия мен Польша арасында қаруға жүгінбеу туралы
Декларацияға қол қойылды.21. Бұл декларациядан соң герман-поляк
қатынастары бірқатар келісемдермен толықтырылды.22. Германия Польшаны
қара теңізден солтүстікке қарай жатқан жерлерді бөлшектеуге қатыстыратынын
сездірді.
Франциядан "көңілі" қалған Полына бұған қуана келіскен еді. Ал
Германияның негізгі мақсаты Польша, Франция, КСРО және т.б. елдердің
одақтасуына жол бермеу болатын. Басқыншы мемлекеттер сыртқы саясатын-да
дербестік алуы, олардың тезірек жақындауына жол ашты. 1935 ж. 3 қазанда
Италия Эфиопияға шабуыл жасады.22. Ірі державалар Италияның бұл әрекетіне
көз жұмып қарады десе де болады. Ұлттар Лигасының жарғысы бойынша
басқыншыға қарсы қолданатын шаралар өз мәнінде жүзеге асырылмады.23.
Нөтижесінде Ұлттар Лигасының ұжымдық қауіпсіздік міндетін атқара алуына,
көптеген елдер күмәнмен қарай бастады. Ал басқыншы мемлекеттер Ұлттар
Лигасының қауіптенбеуге де болатынын түсінді. Басқыншы мемлекеттердің өзара
тілеулестігі осы соғыс мәселесінде анық көрінді. Италияға қарсы
экономикалық шаралар жарияланғанда Германия қол ұшын беретіндігін
мәлімдеді.
Германия мен Италия арасындағы жақындасу кейбір мәселелердің жойылуына
алып келді. Атап айтқанда 1935 ж. 11-14 сәуірде Стреза қаласында болған
ағылшын-француз-итальян келіссөздерінің нәтижелері жоқ етілді. Бұл
келіссөздер Германияның Австрияны және Рейн аймағын жаулап алуына тосқауыл
қоюы тиіс болатын.
Германияда қарудың көшегімен әрекет етуге көшті. 1936 ж. 1 наурызда
Гармания Рейн қарусыз аймағына өз әскерерін енгізді.24. Бұл Францияның
мүддесіне бағышталған әрекет еді. Алайда, Англия бұл мәселеде Францияны
қолдамады, фашистік Германия әрекетін мойындау болып табылды. Германия
қарулы күштерін нығайта түсуге мүмкіндік алды. Басқыншы мемлекеттердің -
қарудың көмегімен әрекетке көшуі, халықаралық жағдайдағы күштер
арасалмағының өзгергендігін көрсетті. Мұның заңдық негізін қалыптастыру
үшін бақыншы мемлекеттер өзара келісім жасауы ғана қалған еді. 1936 ж. 18
шілде де Испанияда Франко бастаған реакцияшыл күштер халық майданы үкіметке
қарсы шықты.25. Германия мен Италия Испаниядағы реакцияшыл күштерге жан-
жақты көмек көрсетті.Олардың бірлесе қимыл жасауы, яғни бір бағытта әрекет
етуі басқыншылар одағын құруды тездетті. 1936ж. 26 тамызда Гитлер соғысқа
экономикалық даярлық туралы меморандумында Германиямен одақтас ретінде
Италия мен Жапониямен атап өткен-ді.26. Германия өз одақтастарын
анықтамаған еді. Германия мен Жапония арасындағы байланыстарды нығайтуға
бағытталған қадамдар 1935 жылдан басталды.27. 1935 ж. желтоқсанында
Токиодан Берлинге герман-жапон одағын құру жайын талқылау үшін бас штаб
өкілі аттандырылады. 1936 ж. басынан бұлкеліссөздері Берлиндегі Жапон
елшісі жүргізеді.
1936ж. 21 қыркүйекте Жапон үкіметі бұған дейін қол қойылатын герман-
жапон келісімдерін бекітті. Жапонияның мұндай саясаты Германияның ойынан
шығатын. Германия Жапониямен тығыз қатынас орнатқаннан кейін, Италиямен де
жақындасуға көшті.
1936 ж. 23 қыркүйекте Гитлер өзінің сенімді адамы Г.Франкты Римге
аттандырады. Муссолинимен кездесіп Гитлердің ұсыныстарын айтқан Г.Франк
Жерорта теңізі аймағы Италияның ықпал ету аумағына кіретіндігін атап өтті.
Бұған қоса Г.Франк Муссолиниді Германияға шақырған Гитлердің тілегін
жеткізді.28. Германия тарапынан жасалған бұл қадам Муссолинидің көңілінен
шықты. Келіссөздерді жалғастыру үшін Муссолини сыртқы істер министрі
Г.Чианони Берлинге жіберді. 23 қазанда Германияның сыртқы істер министрі
Фон Нейрат пен Г.Чиано құпия протоколға қол қойды.29. Бұл протокол герман-
итальян одағын біріктірген алғашқы ресми құжат еді. 1936 ж. 24 қазанда
Гитлер Чиано мен Нейратты қабылдай отырып, Жапониямен жақындасу керектігін
де айтып өтті. Осы уақыттан бастап екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық
"Бермен-Римост" деп атала бастады. Гитлер мен болған кездесуден кейін
Италия үкіметі Жапония мен қарым-қатынасты нығайтуға кірісті. 1936 ж. 18
қарашада жапон үкіметі Италияның Эфиопияны жаулап алғандығын таныды. Италия
өз тарапынан Маньчжоуго үкіметін мойындады. Басқыншы саясат ұстанған
мемлекеттер арасындағы қатынас нығайған сайын, өзара келісімге келу уақыты
да жақындай түсті. 1936 жылдың күз айларындағы дипломатиялық қадамдары
ішінде "Коммунистік интернационалға қапсы келісімді " атап өтуіміз керек.
Германия мен Жапония 25 қарашада қол қойған бұл келісім "Антикоминтерндік
пакт" деген атаумен танымал. Құжаттың атынан көрініп тұрғандай, екі ел
коммунизмге қарсы бірлесе отырып әрекет етуге келісті. Бұған қоса екі ел
арасында "қосымша құпиялы әскери келісімге" қол қойылды. Бұл келісім
бойынша Кеңес Одағымен келісімге келмеу және онымен соғыс болған жағдайда
бір-біріне көмекке келу келісілді.
Герман-жапон арасындағы "Антикоминтерндік пакт" басқыншы мемлекеттер
арасындағы тілеулестік пиғылды әлемге ашықтан-ашық өйгіледі. Жапонияның
Тынық мұхиттағы үстемдікке ұмтылғанын қолдаған Германия ондағы өз
мүдделерінен бас тартты. Оның есесіне Германия Жапонияның қолдауына сүйене
алатын болды. 1938 ж. 20 ақпанда бастады. Гитлер мен болған кездесуден
кейін Италия үкіметі Жапония мен қарым-катынасты нығайтуға кірісті. 1936 ж.
18 қарашада жапон үкіметі Италияның Эфиопияны жаулап алғандығын таныды.
Италия өз тарапынан Маньчжоуго үкіметін мойындады. Басқыншы саясат ұстанған
мемлекеттер арасындағы қатынас нығайған сайын, өзара келісімге келу уақыты
да жақындай түсті. 1936 жылдың күз айларындағы дипломатиялық қадамдары
ішінде "Коммунистік интернационалға қапсы келісімді " атап өтуіміз керек.
Германия мен Жапония 25 қарашада қол қойған бұл келісім "Антикоминтерндік
пакт" деген атаумен танымал. Құжаттың атынан көрініп тұрғандай, екі ел
коммунизмге қарсы бірлесе отырып әрекет етуге келісті. Бұған қоса екі ел
арасында "қосымша құпиялы әскери келісімге" қол қойылды. Бұл келісім
бойынша Кеңес Одағымен келісімге келмеу және онымен соғыс болған жағдайда
бір-біріне көмекке келу келісілді.
Герман-жапон арасындағы "Антикоминтерндік пакт" басқыншы мемлекеттер
арасындағы тілеулестік пиғылды әлемге ашықтан-ашық әйгіледі. Жапонияның
Тынық мұхиттағы үстемдікке ұмтылғанын қолдаған Германия ондағы өз
мүдделерінен бас тартты. Оның есесіне Германия Жапонияның қолдауына сүйене
алатын болды. 1938 ж. 20 ақпанда рейхстагта сөйлеген сөзінде Гитлер
Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін танып, жапон әскерлерініқ Қытайдағы
әрекеттерін толық қолдады.30. Герман-Жапон арасындағы "Антикоминтерндік
пактісі" Италияның да мүддесіне сай келетіндігі Муссолини саясатынан көріне
бастады. Италия Германияның "шығыстық саясатын" толық қолдайтындығын
білдірді. Германияда Италияның "пактіге" қосылғанын қалаған еді. 1937ж. 22
қазанда Римге келген Риббентроп Муссолиниге "пактіге" қосылу туралы үсьшыс
айтты.31. Екі арадағы кейбір даулы мәселелердің шешімі табылған соң
Италия "пактіге" қосылатындығын білдірді. 1937 жылдың 6 қарашасында
Берлинде Италия "Антикоминтерндік пактіге" қосылатындығын куәландыратын
құжатқа қол қойды. Германия мен Жапония Италияны тең дөрежелі ел ретінде
мойындады. Бұл дегеніміз Германия мен Жапония арасындағы келісімдер Италия
үшін де ортақ деген сөз еді. Осы келісімге орай, Италияның сыртқы істер
министрі Чиано күнделігінде мынадай жолдар айтылған еді: "Үш ұлт бір
бағытта жүруге міндеттенеді. Бұл бағыт түптің-түбінде соғысқа алып келері
сөзсіз".32. Италия келісімге қол қойғаннан кейін бір айдан соң Ұлттар
Лигасынан шыққанын мәлімдеді. "Антикоминтерндік пакт " аумағында біріккен
Германия, Италия және Жапония, әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпек
болған Ұлттар Лигасын жоққа шығара отырып, фашистік-милитаристік одақты
қүрды. Берлин-Рим-Токио саяси одағы фашистік-милитаристік блокты құрудағы
алғашқы кезеңі еді. Міне, 1938 ж. дейінгі Германия, Италия және Жапонияның
саяси бағыттарына зер сала отырып, олардың түйіскенін көрдік. Әрине бұл үш
мемлекет арасында кей мәселелер бойынша келіспеушіліктер болды. Германия
мен Италия "австрия мәселесінде", Германия мен Жапония "Қытай мәселесінде"
бір-бірімен толықтай келісе алмады. Дегенменен, бұл мәселелер де біршама
шешімін тапты. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы халықаралық жағдайды
түбірімен өзгертті. Бүны неден көруге болады дегенге келетін болсақ ең
алдымен Ұлттар Лигасының өз міндеттерін жүзеге асыра алмауын айтар едік.
Қауіпсіздік кепілі саналуы тиіс халықаралық ұйым басқыншы мемлекеттер
саясатына мәнді жауап бере алмады. Өздерін еркін сезіне бастаған басқыншы
мемлекеттер өзге елдерді жаулауға кіріскен еді. Басқыншы мемлекеттерге және
олар ұстанған саяси бағытқа өлемнің ірі мемлекеттері қалай қарады соны
қарастыруға көшейік.
АҚШ-тың 30-шы жылдардағы сыртқы саясаты дәстүрлі негізгі бағыттарынан
ауытқыған жоқ еді. Латын Америкасында "Монро доктринасы", Азияда "ашық
есік", Европада "тыс қалу" саясатын ұстану АҚШ сыртқы саясатының негізгі
қағидалары болды.
АҚШ-тың Европаға қатысты "тыс қалу" саясатының маңызы ерекше болатын.
Мұның мәнін АҚШ Европадағы қайшылықтарды өз мүддесі үшін тиімді пайдалану
арқылы көрді.ЗЗ. 1935 ж. 31 тамызда Рузвельт қол қойған бейтараптық
туралы заң АҚШ-тың ұстанатын саяси бағытын әйгіледі.
АҚШ-тың бейтараптығы сыртқы саясатындағы ұстанған бағытына толық сай
келді. Өз мойнына еш міндет алмай, қажетті жағдайда еркін қимылдап шешуші
дауысқа ие болу АҚШ-тың көздеген бағыты болды. Әрине АҚШ өзінің мүддесін
көздеді және сол үшін аянбай күресті де. Басқыншы мемлекеттерге қарсы АҚШ
тек қана экономикалық мүдделеріне нұқсан келген жағдайда ғана әрекет етті.
Гитлер үкімет басына келген соң, екі ел арасындағы шиеленіие түсті. Сауда
қатынастары бірте-бірте "Экономикалық соғысқа" айналды. Екі арадағы
жағдайдың мұндай сипат алуы, АҚШ-тың Англия және Франциямен жақындасуына
итермеледі. Бірақ АҚШ басқыншы мемлекеттерге қарсы турып, ұжымдық
қауіпсіздікті нығайтуға ұмтылған жоқ.34. АҚШ үшін саудасын нығайту
жолындағы әрекеттері басты еді. Сондықтан да болар Италия Эфиопияны жаулап
алғанда оны айыптаудан бас тартып, Италияға мұнай жеткізуді ұлғайта
түсті.35. Жапонияға қатысты саясатында да АҚШ "қымсынып" жатпады.
Жапонияны Азиядағы басқыншылық саясатына тосқауыл қоюды, бірлесе
жүзеге асыруды ұмтылған КСРО-ның ұсыныстарын қабылдамай АҚШ Жапониямен
экономикалық байланыстарын нығайта берді.36. Жапонияның басқыншылық
саясатын "іштей құптаған" АҚШ оның бағытын Кеңес Одағына бұруды көздеді.
Басқыншы бағыт ұстанған мемлекеттердің "Антикоминтерндік пактіге" қол
қоюына қарсы үн қатпаған АҚШ, жоғарыда аталған саяси бағытынан
танбайтындығын анық көрсеткен еді.
Англияның басқыншы мемлекеттерге қатысты саясаты өзіндік
ерекшеліктерімен сипатталады. Германиямен Италиядағы фашистік тәртіпті
қолдай отырып, ағылшын үкіметі тығыс байланыс орнатуға ұмтылды. Англия
фашизмді Кеңес Одағын жоқ ететін күш ретінде қарастырды. Англияның Германия
және Италиямен жақындасуға ұмтылуын 1933 жылдың 15 шілдедегі келісімдерін-
ақ көре алар едік, "төрттік пакт" туралы бұған дейін айтылғандықтан көп
тоқталу артық болар. 1934 жылы Антони Иден Германияға сапар шегіп Гитлермен
жолықты.37. Екі арадағы нығаюын жақтаған Иденге Гитлер қарулану
мәселесіндегі шектеулерді жоюды талап етті. Германияға Версаль бітім
шарттары бойынша қарулануға тыйым салынған баптарды жеңілдету туралы 1935
ж. 1-3 ақпанда Лондонда ағылшын-француз келіс сөздері өтті.38. Онда
Германиямен келіссөздер жүргізу мәселесі қаралды. Екі жақтың ақылдаса келе
Германиямен тығыс қатынас орнатуды мәлімдеуі ең алдымен Англияның
"сіңірген" еңбегі болатын.
Англияның, Германияның күшеюіне мүмкіндік жасағанын 1935 ж. 18
маусымдағы ағылшын-герман соғыс кемелері туралы келісімнен байқаймыз.39.
Германияның әскери теңіз флоты 5 есе ұлғаю мүмкіндігін алды.
Англияның Германия және Италиямен тығыз байланыс орнатып, олардың
әрекеттеріне көз жұмып қарауы жалғаса берді. Германияның Рейн қарусыз
аймағын басып алуы да, Италияның Эфиопиядағы басқыншылығы да, Германия мен
Италияның Испаниядағы басқыншылығы да Англия үшін тиімді еді. Бұл
жағдайлардың барлығында да Англия басқыншыларды қорғаштау әрекеттерін
жүргізді. Англия ұстанған "бітістіру" саясаты өзі үшін тиімді деп
қарастырылған еді. Европадағы үстемдік жағдайын сақтау мақсатында Англия
Кеңес Одағына соққы беруі тиіс болды. Бүнымен катар Францияның да күшеймеуі
Англия үшін тиімді еді. Осы екі міндетті шешуге Германия және Италия сынды
басқыншы мемлекеттер көмектесе алады деп қарастырылды. Сондықтан да,
басқыншы мемлекеттер одағының құрылуына Англия үмітпен қарады. Әрине,
Англия бұл мемлекеттерден қауіптенбеді деп айта алмас едік. Бұған 1935 ж.
шілдедегі У.Черчильдің "қазіргі уақытта Англия үшін аса қауіпті мемлекет
Германия"; деген сөздері куә.40. Англияның "бітістіру" саясатының
нәтижесі Мюнхен келісіміне алып келді. Европа ісіндегі жетекшілігін,
басқыншылармен келісімге келуге пайдаланған Англия, Мюнхен келісімінің
ұйымдастырушысы ретінде қарастырылуын біз заңды деп табамыз. Өзге
мемлекеттер ісіне немқұрайлы қараудың неге алып келетінін оқиғалардың дамуы
көрсетті. Францияға келетін болсак, оның жағдайы басқаша еді. Франция
Европадағы көптеген кіші мемлекеттердің қауіпсіздік тірегі болатын. Бұған
қоса Германияның күшеюі оның өз қауіпсіздігіне де нұқсан келтірер
еді. Франциябасқыншы мемлекеттерге қарсы дипломатиялық күрес жүргізіп
көрді. Айталық ол Европадағы ұжымдық қауіпсіздік жолында біршама қадамдар
жасады. Бүның ішіне француз-кеңес өзара келісімін де кіргізуге болады.
Бірақ Францияның дипломатиялық қадамдары Англия үшін тиімсіз болатын.
Франция өз тарпынан батыл саяси қадамдар жасаудан тайсақтады, нәтижесінде
Англияның ықпалына түсіп, дегеніне көнді. Францияның Европадағы ұжымдық
қауіпсіздік жолындағы дипломатиялық қадамдары Балқан елдерін, Кіші
Антантаны және Кеңес Одағын біріктіруге бағытталды.41. Франция
Германиямен қатынасын Англия көмегімен анықтауға ұмтылса, Италиямен тікелей
өз дипломатиялық әрекеттерді жүзеге асырды. 1935 ж. 7 қаңтарда Римде қол
қойылған француз-итальян келісімі ойымызды дәлелдей түседі.42.
Италияның Эфиопияны жаулауына мүмкіндік ашқан Франция, Германияға
қарсы одақтас іздегені анық. Бірақ, Франция қателескен болатын. Басқыншы
мемлекетпен одақтас болу үшін, сондай саясат қажет еді, яғни басқыншы болу.
Өзінің дербес сыртқы саясатын жүргізе алмаған Франция, Англияның қуыршағына
айналды. Бұл әсіресе Рейн қарусыз аймағына Герман әскерлері басып кіргенде
анық сезілді.43. Басқыншылар одағына қарсы бола отырып Франция, Англия
ұстанған саясатқа көнді. Әрине мүнда, Францияны ақтап, Англияны қаралауға
ұмтылып отырған жоқпыз. Францияның дербес сыртқы саяс ат жүргізе алмауы, ең
алдымен өзінің әлсіздігінен болды. Ойымызды қорыта айтар болсақ, Мюнхен
келісімі қарсаңындағы халықаралық жағдай аса шиеленісті еді. Оның бір
жағында "Антикоминтерндік пактіге" біріккен басқыншы мемлекеттер түрса,
екінші жағында өз тәуелсіздіктеріне алаңдаған елдер турды. Алайда
халықаралық саясатта өзіндік орны бар ірі мемлекеттер ұстанған "жалтақ"
саясат көп кешікпей-ақ нәтижелерін көрсетті.

1. 2. Ұжымдық каупсіздік жүйесін құру мәселесі.

Европадағы 30-шы жылдардың бас кезіндегі саяси хал-ахуал көптеген
мемлекеттер үшін алаңдаушылық туғызды. Фашизмнің күннне-күнге бел алып
күшейе түсуі, бұл мемлекеттердІң қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндігі айқын
болды.
Фашистік Германияның "Шығыстағы жерлерге" көңіл бөліп, жауап алуға
ниеттенуі КСРО-ң бей-жай отыруна мүмкіндік бермейтін еді. Өзінің
қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған КСРО-ның бұл бағыттағы қадамдары
толықтай жүзеге асқанда, фашизмнің кең қанат жайып, соғыс өртін тұтатуына
тосқауыл қояр еді. Төменде осы мәселеге кеңінен тоқталып, нақты мысалдар
арқылы көз жеткізіп көрелік. КСРО басқыншы мемлекетті анықтау туралы
декларацияның жобасын 1933 жылы 6 ақпанда Женевада өтіп жатқан әскери
қаруды қысқарту мен шектеу туралы конференциясында ұсынды. Бұл ұсыныстың
қалыптасқан жағдайда отар орны аса маңызды еді. Басқыншы мемлекеттердің
ортақ белгілерін анықтау онымен күресуді жеңілдете түсетін. Конференцияға
қатысушы мемлекеттерден КСРО ның ұсынысын Франция, Кіші Антанта елдері,
Скандинавия мемлекеттері және т.б. елдердің делегаттары қолдады.44.
Ұсынысты Европаның көптеген мемлекеттері қолдағанымен, АҚШ, Англия,
Германия, Италия, Жапония сынды ірі мемлекеттер қарсы болды. Мұның өзі КСРО
ұсынысының қолдауға ие болмайтындығын байқатты. КСРО басқыншыны айқындау
туралы қадамдарын, алғашқы сәтсіздіктен қаймықпай жалғастыра берді. 1933 ж.
19 сәуірде М.М.Литвинов үкіметінің тапсыруымен Москвадағы Польшаның елшісі
Ю.Лукасевичке конференция шақыру туралы ұсыныс білдіреді. Конференцияда
Кеңес Одағымен шабуыл жасаспау туралы келісімге отырған Шығыс Европа
елдерімен арада басқыншылықты айқындау туралы протоколға қол қою көзделді.
Бірақ поляк үкіметі бұған қарсы екендіктерін білдіреді.45.
Дегенмен Кеңес Одағының бұл бағытта жүргізген дипломатиялық қадамдары
өз нәтижелерін берді десе де болады. 1933 ж. З- шілде де басқыншылықты
анықтау туралы конвенцияны КСРО, Эстония, Латвия, Польша, Румыния, Туркия,
Иран және Аүғанстан қабылдады. Оның ертесінде, яғни 4 шілде де мұндай
конвенция КСРО, Румыния, Чехословакия, Туркия және Югославия мемлекеттері
арасында да қабылданды. Ал 5 шілде де басқыншылықты айқындау туралы КСРО
мен Литва арасында конвенцияға қол қойылды. Осы конвенцияға 22 шілде де
Финляндия қосылды.46. Бұл конвенциялардың қабылдануы кеңістік
диломатияның өте ірі жеңісі еді. Кеңес Одағының кез-келген елмен бейбіт
өмір сүру үшін әрекет ететіндігін М.М.Литвинов Лондонда өтіп жатқан
Дүниежүзілік экономикалық конференцияда мәлімдеді.47. Басқыншылықты
болдырмау, оған қарсы ұжымдаса отырып тойтарыс беруде ірі мемлекеттердің
алатын орны ерекше еді.
Францияның келісім жүргізуге келісе отырып Кеңес Одағы мынадай
ұсыныстар айтты.
КСРО белгілі бір шарттар негізінде Ұлттар Лигасына кіруге келіседі.
КСРО Германия тарапынан болатын басшылыққа Ұлттық Лигасы аясында аймақтық
келісім жасауға қарсы емес.
КСРО бұл келісімге Франция, Бельгия, Чехословакия, Польша, Литва, Латвия,
Эстония және Финляндияның не осы елдердің бірқатарының, бірақ міндетті
түрде Франция мен Польшаның қатысқанын қалайды.48.
Кеңес Одағының Ұлттар Лигасына мүшелікке ұмтылуы халықаралық ұйымның
мүмкіндіктерін пайдалану еді. Өйткені, Ұлттар Лигасының жарғысында,
басқыншы мемлекетке қарсы экономикалық және соғыс шаралары қарастырылған.
Бұған қоса Ұлттар Лигасына мүше болу Франция мен жасалатын келісім үшін де
қажет еді. Францияның одақтық келісімдері Ұлттар Лигасының жарғысымен
байланысты болды. Сондықтан екі ел арасында келісім жасалуы үшін КСРО
Ұлттар Лигасына мүше болуы тиіс болатын.
Кеңес Одағы ұсынған келісім жобасына 1934 ж. сәуірдің соңында Франция
өз жобасын ұсынды. Олардің бірі жүгізіп отынған саяси бағыттарына сәйкессіз
деп тапты.49. Бұл Германия еді. Ал, Польша мен Финляндия тыс қалуды дұрыс
деп есептеді.50.
Кеңес француз және кеңес чехословак келісімдері Европадағы ұжымдық
қауіпсіздік мәселесіне басқаша қарауға мүмкіндік берді. Кеңес Одағы
Франциямен арадағы қатынастарын дұрыс жолға қоя отырып, Англия сынды ірір
мемлекетпен де бір бағыттағы саясат жүргізуге келіспекке ұмтылды. 1936 ж.
бас кезінде Ұлыбританияның сыртқы істер министрі А.Иденмен болған
кездесуінде, М.М.Литвинов екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартып,
КСРО, Франция және Англия арасында келісім жасау мәселесін айтады. Әрине,
Европадағы халықаралық жағдайдың басты реттеушісі қызметін қолында ұстағысы
келген Англия мұндай ұсынысты қабылдамаған еді. Ұлттар Лигасымен санасуды
әлдеқашан қойған еді. 1935 жылдың кезінде Италия Ұлттар Лигасының мүшесі
Эфиопияны жаулап алуға кірісті.51. Кеңес Одағы Италияға қарсы Ұлттар
Лигасы жарғысында сай әрекет етуге әзір екендігін мәлімдеген еді. Мұны 1936
ж. 1 шілдедегі Ұлттар Лигасы ассамблеясының мәжілісінде М.М.Литвинов
сөйлеген сөзінен аңғарамыз.
Кеңес Одағы ұжымдық қауіпсіздік құру идеясын мен мінберлерден айтып
қана қоймай, іс-жүзінде де әрекет етті. Айталық француз делегаттарының
басшысы Л.Блюммен болған әңгімесінде М.М.Литвинов КСРО, Франция, кіші және
балқан Антантасы елдері қатысқан өзара көмек туралы келісім жасалуды
ұсынады.52. Алайда Л.Блюм бұл ойды құптамайтындығын білдіреді.
Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Кіші Антанта секілді сыртқы
саяси одақтың да өзіндік орны болды. Әрине оның орнын дабыра етіп көрсету
артықтау болар, дегенменен елеп ескермеу мүмкін емес.
Германия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы КСРО-ның және Германияның геосаяси мақсаттары мен мүдделерi
Молотов Риббентроп пактісі: шығу тарихы және мәні
КСРО мен Германияның қарым - қатынасына алғашқы сына қағу
1918-1939 жылдардағы Франция
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың барысы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
Германияда фашизмнiң пайда болуы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Германияның әлеуметтiк саяси бағыты
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс
Пәндер