Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары . . . 4
2 Кеден ережелерін бұзушылық үшін жауапкершіліктің заңды табиғаты . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11
КІРІСПЕ
Рефераттық жұмысымда алдымен, әкімшілік мәжбүрлеуге түсінік бердім. Әкімшілік мәжбүрлеубасқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез - құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал - тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.
Әкімшілік - мәжбүрлеудің белгілері:
1) Заңның негізінде қолданылады. Құқық нормасымен мыналар реттеледі: қандай шаралар, қандай жағдайда, қандай тәртіпте, кім қолдануы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларының айқын регламентациясы жеке басқа, тұрғын жеріне және азаматтардың жеке меншігіне қол сұғылмаушылық қағидаларын сақтау үшін қажет;
2) Юрисдикциялық (іс жүргізушілік), құқық қолданушылық актілері арқылы жүзеге асырылады;
3) Жеке тұлғаларға арналған, яғни әкімшілік - құқықтық нормаларды бұзған нақты құқық субъектілерге ғана қолданылады;
4) Әкімшілік мәжбүрлеуге соттан тыс қолдану тәртібі тән.
5) Ведомстволық шектеулері болмайтын (жол жүру қауіпсіздігі ережелері, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) мемлекеттік басқару сферасында жалпыға міндетті мінез - құлықережелерін қалыптастыратын әкімшілік - құқықтық нормаларды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез - құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал - тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, бұл оның жекеленген түрлеріне белгілі дифференциация жасамайды. Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігі оларды қорғау мақсатында мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі түрлерін қолдану қажеттілігімен байланыстырады.
Әкімшілік - ескерту (алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың ішіндегі жұмысым, кеден ережесі - мемлекеттік шекара арқылы өткенде контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды (мысалы, қару -жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын, улы заттар, сонымен қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ жеке басын қарау.
1 Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез - келген өзге мемлекет сияқты, заңды түрде міндетті болып табылатын өте көп әр түрлі ережелер бар. Міндетті болатын ережелердің маңызды ерекшеліктерінің бірі олар әкімшілік санкциялармен қорғалады, ал оларды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саналады. Бұл сияқты құқық бұзушылықтардың негізгі белгілері мен заңдық сипаттамасы 2001 жылғы 30 қаңтарда қабылданған « ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде» қаралған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігін мынадай бірнеше белгілер сипаттайды. Біріншіден, бұл іс-әрекет немесе әрекетсіздік, яғни әрекет, екіншіден, қоғамдық қауіпті әрекет, үшіншіден, құқыққа қарсы әрекет, төртіншіден, кінәлі әрекет, бесіншіден, жазаланатын әрекет.
Әкімшілік құқық бұзушылық - бұл заңдық патологияның, ауып кететін мінез - құлықтың бір түрі, ол не іс-әрекет, не әрекетсіздік нысанында болады.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен принциптерiн белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілібір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айырықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді.
Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады.
Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік - мәжбүрлеу сипаты тән.
Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды.
Сонымен бірге, карантин, кедендік тексеру және өзге де осы сияқты мәжбүрлеу шаралары туралы айтқанда жалпы тыйым емес, құқық нормаларының диспозициялары емес, керісінше, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың тікелей жедел қызметінен, адамдардың мінез-құлқына, олардың еркіне тікелей ықпал ететін нақты актілерінде, мысалы, карантин аумағындағы адамдарды обсерваторға орналастыру, жолаушылардың жеке басына тексеру жүргізу және т. б. көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеудің нақты шаралары еске алынып отыр.
Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлықына сырттай мемлекеттік - құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады. .
Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілетті берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді. Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.
Әкімшілік мәжбүрлеудің маңызды белгілерінің бірі оны қолдану негіздерінің ерекше заңдық қасиеті болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың негізі мыналар болып табылады: біріншіден, әкімшілік құқық бұзушылық жасау, екіншіден, құқықтық нормамен қаралған ерекше жағдайлардың, мысалы, эпидемияның, эпизоотияның, техногендік сипатты апаттың және өзге де төтенше жағдайлардың пайда болуы, олар болған кезде әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылық пен адам кінәсі болмаса да қандай да бір қауіпті салдардың пайда болуының алдын алу, оларды таратпау мақсатында пайдаланылады. Әкімшілік мәжбүрлеу негіздерінің мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге түрлерінің негіздерінен түбегейлі айырмашылығын ерекше атап айту керек, мысалы, қылмыстық жазаның негізіне тек қана құқық бұзушылық жасау, яғни қылмыс жатады.
Әкімшілік мәжбүрлеу құқықтық жауапкершілік ұғымын қамтиды, бірақ онымен шектелмейді, өйткені мемлекет органдарының қолданатын кез-келген мәжбүрлеу шарасын заңдық жауапкершілік шараларының тобына жатқыза беруге болмайды. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әр түрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғы шарт жасайды.
ӘҚБ туралы Кодекстің 36 - тарауында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың мүмкіндігі қаралған. Олар өзге ықпал ету шаралары қалмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, істі тиісті уақытында және дұрыс қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау мақсаты үшін қолданылады.
2 Кеден ережелерін бұзушылық үшін жауапкершіліктің заңды табиғаты
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде, Қазақстан азаматтығының бар-жоғына тәуелсіз, сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) басшылыққа алуы тиіс кеден заңдары бекіткен ережелерді құрайды. Бұл ережелерге сәйкесінше кедендік ережелерді анықтау, кеден бақылауынан өту, кедендік рәсімдеуді жүргізу, кеден төлемдері мен салықтарын іске асру, кеден жеңілдіктерін пайдалану және басқа да ережелер кіреді. ҚР әкімшілік заңдарына арнайы сілтемесіз бұл ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша негізгі өндірісті кеден органдарының уәкілетті лауазымды органдары мен сот арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдар мен халықаралық шарттар бекіткен, орындалуы бақылау кеден органдарына жүктелген ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кеден режимдерін, кеден бақылауын қолдануды және кедендік рәсімдеуді қоса өткзудің, кеден төлемдері мен салықтарын салудың және төлеудің, кеден жеңілдіктерін берудің және пайдаланудың тәртібіне қол сұғатын тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті не әрекетсіздігі кеден ережелерін бұзушылық болып табылады, ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және Қылмыстық кодексте жауапкершілік қарастырылған.
«Тұлға» ұғымына заң шығарушы жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ лауазымды тұлғаларды жатқызады.
Егер лауазымды тұлғалардың қызметтік міндетіне, онда орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден ережелерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жауапкершілікке тартылуы лауазымды тұлғалар мен басқа жұмысшыларды жауапкершіліктен босатпайды. Лауазымды тұлға құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеті не әрекетсіздігі үшін жеке тұлғалармен теңдей жауапкершілікке тартылады.
Тек бой бермейтін, тежеусіз күш қана жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерді жауапкершіліктен босатуы мүмкін.
Кеден ережелерін бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану жауапкершілікке тартылған тұлғаны кеден төлемдері мен салықтарын төлеуден босатпайды. Егер құқық бұзушылық өз сипаты бойынша қылмыстық жауапкершіліккке тартылмағанымен, анықтама жүргізу кеден органдарының құзыретіне жүктелсе, заңды тұлға мен жеке кәсіпкер кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылмайды.
Жауапкершіліктің маңызды бөлігі - әскери қызметшілер мен тәртіп жарғыларының күшін қолданатын өзге де тұлғалардың кеден ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік болып табылады.
Бұл тұлғалар қатарына Қарулы күштердің, шекара және ішкі әскерлердің, басқа да әскери құрамалардың әскери қызметшілері мен жиынға шақырылған әскери міндеттегілердің, ҚР ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының тұлғалары жатады.
Қазақстанның әскери бөлімдер мен басқа да әскери бөлімшелері және мемлекеттік құрылымдар (Қазақстан Республикасы оның құрамына кіреді), ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Шетелдік заңды және жеке тұлғалар жалпы негізде жауапкершілікке тартылады.
Жауапкершілік шарасы ретінде ескерту ауыр салдары жоқ кеден ережелерін бұзушылық үшін негізгі жаза түрінде қабылдануы мүмкін және жазбаша түрде іс бойынша үкім шығарылуы қажет.
Айыппұл - ең төменгі жалақының (есептік көрсеткіш) мөлшерінде аралас сомамен белгіленетін жаза түрі.
Лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарып алу мен әрекетін кідірту жазаның негізгі түрі ретінде субъектілердің шағын тобына:
-кеден қоймаларының, бажсыз сауда жасайтын дүкендердің, еркін қоймалар мен уақытша сақтау қоймаларының иелеріне;
- кеден тасымалдаушыларына және кеден брокерлеріне, сондай-ақ кеден рәсімдеу жөніндегі мамандарға қолданылады.
Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын, арнайы дайындалған, құны жасырылған тауарлар мен көлік құралдарының кеден құқық бұзушылығының тікелей объектілері болып табылатын, кеден шекарасы арқылы кесіп өтуге арналған заттарды Қазақстан заңдарында бекітілген тәртіпте тіркелуі - тауарлар мен көлік құралдарының мәжбүрлі өтеусіз түрде мемлекет бюджетіне берілуі және жазаның негізгі түрі немесе қосымша түрдегі қолданылуы.
"Кеден ісі туралы" заңда кеден ережелерін бұзғаны үшін жазаға тарту мерзімі (258-бап) анықталған, мұның ішінде:
- ескерту, айыппұл, лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарып алу және олардың күшін кідірту жазаларына жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға кеден ережелерін бұзушылық ашылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей, ал занды тұлғаларға алты айдан кешіктірмей салынуы мүмкін;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz