Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері . . . 4

2 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі және сот төрелігі . . . 7

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 11

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 12

КІРІСПЕ

Халықаралық одақ жастарды қорғау және олардың құқықтарының қолдануының жүзеге асуы туралы сұрақтарға маңызды көңіл бөледі.

1959 жылғы бала құқығының үндеуі, 1989 жылғы баланың құқықтары туралы Конвенция, 1985 жылғы кәмелетке толмағандарға қатынасты сот төрелігін атқару туралы Біріккен Ұлттар ұйымының кішігірім стандарттық ережесі (Пекин ережелері) қоғамның барлық мүшелерінің тең, ажырамас құқығын мойындаудың куәсі және еркіндік пен әділдікті қамсыздандырудың негізі және бала құқығының маңызды екенінің айғағы.

Кәмелетке толмағандарға қатынасты сот төрелігін атқару туралы Біріккен Ұлттар ұйымының кішігірім стандарттық ережесі (Пекин ережелері) мемлекеттерге кәмелетке толмағандаға қатысты ұлттық заңнамаларды осы ережеге сәйкестендіруді ұсынды.

Өйткені, әр бала өзінің ерекшеліктеріне сәйкес айрықша қамқорлыққа, қорғалуға құқығы бар. Сондықтан, қоғам шегінде оларға қажетті құқықтық қорғау, міндеттерін атқаруға қолғабыс қажет.

1989 жылғы баланың құқықтары туралы Конвенцияның 1 бабына сай бала деп он сегіз жасқа толмағандар (егер ол заңға сай ерте кәмелет жаста деп табылмаса) ұғымы танылған.

Отбасы қоғамның негізгі ұясы, барлық қоғам мүшесінің оның ішінде баланың қалыпты өсуі мен игілігі үшін табиғи орта болып табылады. Баланың толық және жарасымды дамуы үшін оның өсуі отбасылық айналада болуы қажет, отбасының тарапынан баланы қолдап-қорғау жауапкершілігі талап етіледі. Сонымен қатар, балаға құқықтық қорғау керек.

Сондықтан біздің қоғамымыз адамның өзінің негізгі құқықтарына, жеке тұлғаның қадірі, құндылығына деген сенімін арттыруын растауы және осы әлеуметтік озықтыққа, өмір шартының жақсартылуына бағытта іс-әрекеттерге жігерлену қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекетімен де кәмелетке толмағанның, оның отбасыларының игілігі үшін барлық шаралар қолданылуда.

Бала құқығы, оның, ата-ананың және кеңейтілген отбасының бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігі ҚР-ның азаматтық, неке-отбасылық, әкімшілік жауапкершілік туралы заңнамаларында көзделген.

1 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері

Әкімшілік жауапкершілік - бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған) . Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырылмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.

Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.

Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру ережелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады. Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал дипломатиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.

Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 - 43 баптарында қарастырылған:

1) қажетті қорғану;

Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;

Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

3) аса қажеттілік;

Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен асуға жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

4) негізді тәуекел;

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

Егер тәуекел адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрумен, экологиялық апатпен, қоғамдық жұтау немесе өзге де аса ауыр зардаптармен көрiнеу ұштасса, тәуекел негiздi деп танылмайды.

5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;

Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

6) бұйрықты немесе өкімді орындау;

Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

7) ақыл есінің кемдігі (33 бап) .

Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап) :

1) кінәлі адамның өкінуі;

2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;

5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;

6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;

7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.

8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап) :

1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру;

2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;

3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;

4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;

5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғаныс немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.

2 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі және сот төрелігі

Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауапкершілігі - бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерi Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен кем болмауға және он айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстiң 61 және 62 - баптарында көзделген мән - жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, сондай - ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.

Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән - жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.

Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатылады.

Қазақстан Республикасы мемлекетімен де кәмелетке толмағанның, оның отбасыларының игілігі үшін барлық шаралар қолданылуда.

Оған дәлел 1994 жылдың маусым айында Қазақстан баланың құқықтары туралы Конвенцияға қосылып, халықаралық стандартты түрдегі бала мүддесін қамсыздандыруды сақтау міндеттемесін қабылдауы. Ал, 2002 жылдың 08 тамызында Қазақстан Республикасының "Баланың құқықтары туралы" заң қабылданды. Сонымен қатар, бала құқығы мен мұддесін қорғауға бағытталған бірқатар заң актілері қабылдануда.

Бала құқығы, оның, ата-ананың және кеңейтілген отбасының бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігі ҚР-ның азаматтық, неке-отбасылық, әкімшілік жауапкершілік туралы заңнамаларында көзделген.

Ал, қылмыстық заңнамаларда кәмелетке толмағанның қылмыстық жауапкершілігіның басқа жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінен ерекшелігі бар.

Жасөспірім қылмысын азайту, бала еркіндігі және баланың құқығын сақтау, қорғау сұрағының өзектілігіне байланысты Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары (жасөспірімдер соты) құрылуда.

Алдымен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары ҚР Президентінің 23 тамыз 2007 жылғы жарлығымен Астана и Алматы қалаларында құрылып, олар 2008 жылдың 05 шілдесінен бастап қызметтерін атқаруда. Осы соттармен атқарылған жұмыстар соттар жүйесінде жасөспірімдер соттарының жасөспірімдердің құқығын және заңды мүддесін қорғауда елеулі орын алатынын көрсетті. Және осы уақытта Қазақстанның басқа облыстарында да кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары құрылу қажеттігін дәлелдеді.

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің 04 ақпан 2012 жылғы №266 жарлығымен Қазақстанның барлық облыстық аймақтарында оның ішінде осы Маңғыстау облысында да кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары құрылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының негізгі міндеті бала құқығын қорғау және оларды оңалту.

Сот өзінің құзыреті шегінде кәмелетке толмағандарға байланысты қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарайды. Яғни, бұл ретте жасөспірімдер сотының соттылығына кәмелетке толмағандармен кішігірім, орташа ауырлықтағы және ауыр дәрежедегі қылмыстарды жасауына байланысты және балаларға қарсы жасалған қылмыстар бойынша қылмыстық істер, балалармен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік істер (қоғамдық орында ішімдік ішуге, есірткі қолдануға, кешкі сағат 22-00ден кейін заңды өкілсіз түрлі ойын-сауық орындарында болуға, ата-аналық міндетті орындамауға байланысты), баланы, оның еркіндігін, құқығын қорғаудан, баланың мекен-жайын анықтау, ата-аналық құқығынан айыру (шектеу), айыруды (шектеуді) қалпына келтіру, бала асырап алу, жасөспірімдерді арнайы білім мекемелеріне жолдау, қамқоршы және қорғаншылық мәселелерінен туындайтын даулар бойынша азаматтық істер жатады.

Кәмелетке толмағандар жөнінде сот төрелігін атқарудың мақсаты кәмелетке толмағандардың игілігін, оған қоғамда маңызды өмірмен қамсыздандыру, заңға қайшы әрекеттер жасауға бейім уақытта тәртіпке келтіру, заң шараларын қолдануды қысқарту бағытында жұмыс жасау болып табылады.

Жасөспірімдер сотының тәжірибесінен жазалауды азайтуда өзгерістер бар екендігі көрінеді. Ол жөнінде Алматы қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қылмыстық істерді қараудағы тәжірибесінен байқауға болады.

Яғни, осы соттың қызметін атқару сәтінен бастасақ, 2008 жылы жаза тағайындалған жасөспірімдер саны 44 болып, оның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғандардың саны 9, немесе 20 пайызды құраған. Ал, 2009 жылы барлығы 62 кәмелетке толмағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы 4-не тағайындалған (6 пайыз), 2010 жылы 103, оның ішінде 5-не, яғни 5%, бас бостандығынан айыру жазасы, 2011 жылы 79 кәмелетке толмағандар жазаланып, ішінен бесеуіне, яғни 6 пайызына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Көріп отырғанымыздай, бас бостандығынан айыру жазасы азайған.

Сонымен қатар, басқа да Қылмыстық Кодексте көзделген шаралар қолданылады.

Сондықтан, сот тәжірибелерінен, және басқа да алынып жатырған шараларға байланысты заңдарға өзгерістер енгізілуде.

Оған мысал ретінде Қылмыстық Кодекстің 67 бабының 3 тармағын атауға болады. Осы бапқа байланысты кәмелетке толмаған бала егерде ауыр қылмысты бірінші рет жасап, келтірілген зиянның есесін толтырып, жәберленушімен татуласса сотпен қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Барлық алынып жатырған шаралар кәмелетке толмағандарды өмірдің талабына бейімделуге оқталуына, түзетілу жолына түсуіне, қоғамға қайтарылуына мүмкіншілік туындатуға, жаза тағайындауда тұлғаның ерекшелігін, анықталған мән-жайлар ескеріліп мөлшерлес ұстаным негізінде тағайындауға, кәмелетке толмағанға шығын келтірмеуге бағытталған.

Тағы да бір негізді мәселе осы кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарауға кәмелетке толмағанның заңды өкілінің, адвокаттардың, психологтардың (әлеуметтік психологтардың), оқытушылардың, қамқорлық және қамқоршылық органының өкілдерінің қатысулары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әрекерт қабілеттілік
Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
Ювеналды юстиция
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Девиантологияның ғылымның басқа салаларымен пәнаралық байланысы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жайында
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz