Қарақшылық талан-тараждың нысаны ретінде



Жоспар
Кіріспе
І МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері
1.2 Талаң.тараждың ұғымы
ІІ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТАЛАН.ТАРАЖДЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Қарақшылық түсінігі
2.2 Қарақшылықтың саралану құрамдары
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты ерекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.
Меншікке қарсы қылмыс болып азаматтық құқық бойынша меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүние, заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар, айналымнан алынбаған басқа да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес меншік құқығы дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады.
Қарақшылық — ұрлықтың ең қауіпті нысаны. Ол бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытумен шабуыл жасау ретінде белгіленеді. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қол сұғудан емес, шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен мен ұштасатын шабуыл жасауда болып отыр. Қарақшылықтың тікелей объектісі: бірінішіден, меншіктік нақты нысаны, екіншіден, шабуыл жасалатын адамның өмірі мен денсаулығы. Қарақшылық жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын не қорқытумен жасалатын шабуыл.
Қарақшылық күш қолану бөтеннің мүлкіне иелек етудің құралы бролып табылады. Сондықтан да күш қолдану иелік етуден бұрын жүзеге асырылады. Егер кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлауды жүзеге асыру барысында меншік иесінің немесе өзге де адамдардың қарсылығына тап болып күш қоолданса, онда оның әрекеті қарақшылық ретінде сараланады. Егер кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, бірақ қылмыс істеген жерде көзге түсіп қалып, қашып құтылу мақсатымен жәбірленушіге күш қолданса, онда оның әрекеті қарақшылық емес, ұрлық және жеке адамға қарсы қылмыс ретінде сараланады.
ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (өзгертулер мен толықтырулар) Астана: Елорда, 2010. – 56б.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ,2011. – 148б.
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім:- Алматы: Жеті Жарғы, 2000. – 520 бет.
4. Алауханов Е. Қылмыстық құқық . Ерекше бөлім. Алматы, «Жеті жарғы» 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
І МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері
1.2 Талаң-тараждың ұғымы
ІІ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТАЛАН-ТАРАЖДЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Қарақшылық түсінігі
2.2 Қарақшылықтың саралану құрамдары
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде
танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің
меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы
бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды.
Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа
да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-
қатер жасаумен байланысты ерекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда
қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен
тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына
байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге
бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің
мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың
мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті
иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік
мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге
қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен
табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын
бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау,
мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған
меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік
құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.
Меншікке қарсы қылмыс болып азаматтық құқық бойынша меншік
обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген
материалдық дүние, заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар,
айналымнан алынбаған басқа да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер
жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы,
яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға
арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып
табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға
болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес меншік құқығы
дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған
билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік
иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады.
Қарақшылық — ұрлықтың ең қауіпті нысаны. Ол бөтен мүлікті ұрлау
мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті
күш көрсетумен немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытумен шабуыл жасау
ретінде белгіленеді. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қол сұғудан емес,
шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш
көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен мен ұштасатын
шабуыл жасауда болып отыр. Қарақшылықтың тікелей объектісі: бірінішіден,
меншіктік нақты нысаны, екіншіден, шабуыл жасалатын адамның өмірі мен
денсаулығы. Қарақшылық жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш
көрсетумен немесе осындай күш қолданамын не қорқытумен жасалатын шабуыл.
Қарақшылық күш қолану бөтеннің мүлкіне иелек етудің құралы бролып
табылады. Сондықтан да күш қолдану иелік етуден бұрын жүзеге асырылады.
Егер кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлауды жүзеге асыру
барысында меншік иесінің немесе өзге де адамдардың қарсылығына тап болып
күш қоолданса, онда оның әрекеті қарақшылық ретінде сараланады. Егер кінәлі
адам бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, бірақ қылмыс істеген жерде көзге түсіп
қалып, қашып құтылу мақсатымен жәбірленушіге күш қолданса, онда оның
әрекеті қарақшылық емес, ұрлық және жеке адамға қарсы қылмыс ретінде
сараланады.

І МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам
игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік
иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау
кепілдіктері заңмен белгіленеді. Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық
қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс
дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең
алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді.
Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол
заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел
қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді. Сондықтан саналы азаматтар құқық
қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның
өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін
қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-
ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда
қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау
органдарының олармен терең және нақты күресуін қажет етеді. Қылмысты
болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының
бірі болып табылады.
Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін
жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып,
жікке- нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын күш
қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдарі
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданып жүрген қылмыстық
заңдақылмыстардың мынадай нысандарын атап көрсеткен: ұрлық (175 бап); тонау
(178 бап); қарақшылық (179 бап); алаяқтық (177 бап); сеніп тапсырылған
бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176 бап);
Қылмыстардың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің
ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады.
Сондықтан да қылмыстардың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық
белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі
кепілі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы: Қазақстан
Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік
меншікпен жеке меншік табылады және бірдей қорғалады. Меншік субьектілері
мен обьектілері, меншік (6 баптың I-тарауы) иелерініңөз құқықтарын жүзеге
асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6
бап II-тарау). Адамның құқықтары мен бостандық жүйесінде меншікке құқықтың
алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке бастық сәттілігін сипаттайтын
көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да
олардың атқаратын міндеті көп. Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке
құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде
саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол
бұзушылықпен пара-пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылық қорғау Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып
табылады. Меншікке қарсы қылмыс-мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне
залал келтіре отырып немесе залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты
қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе
абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз. Меншікке қарсы қылмыстың болып азаматтық
құқық бойынша меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен
мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез
келген материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар,
айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер
жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы,
яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға
арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып
табыламы.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға
болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы
дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған
билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік
иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады.
Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын
тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң
мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету
мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет
жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
жәнә т.б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б ие бола
алады.
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға
берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т.б шарттар бойынша
коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және
т.б құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы
өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет.
Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса,
ал азық түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б Мүлікті,
техниканы шаруашылық мқсатта пайдалануды, сондай-ақ ұйымдар да жүзеге
асырады. Олар мүлікті алдарындағы мақсатты орындау үшін пайдаланады
пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.
Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу
мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің
мүліктің заңдық жағдайын анықтап өзгерте отырып, мүлікке байланысты
құқықтық қатынастарды белгілеу немесе тоқтату құқығы (мысалы, сату,
айырбастау, сыйлау,жойып жіберу, жедел басқаруға беру және т.б). Билік ету
құқығы тек меншік иесіне тиесілі. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке
қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл
мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік
иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік
ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған
басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге
құқылы. (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің -188 бабының 3
тармағы). Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға
қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстың
ерекше бөлімінің меншікке қарсы қылмыстар тарауында бекітілген баптардың
диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей
объектісі бөтенінің меншігі екендігін көрсетеді. Кейбір қылмыстарда (ұрлық,
тонау, алааяқтық, т.б). Тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес
келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты
нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке мншік,муниципалдық не
жекенген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек
деген пікір айтылған,мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан
Республикасының конститутциясы мнешіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды
жарйялап отыр. Сондықтан да ұрлықты бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқандай
әрекетерді саралау үшін ұрлаған мүліктің қандай нысандағы меншік
екендігінін маңызы жоқ.
Объктивтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы
қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың,
объективті жағы үш міндетті белігіден тұрады іс- әрекет, зардап және іс-
әрекет пен зардап арасындағы себептің- зардаптық байланысы. Тек қарақшылық
пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыс болып табылады, себебі бұлардың
міндетті белгісі- тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардай зардап
қылмыс құрамын ың тегінен жатыр. Қылмыстық зардапты әрқашанда материалдық
сиппат болады, мүліктік залал туындайды.
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамының объективтік
жағының міндетті түрдегі элементті қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып
немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады. Меншікке қарсы
қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола
алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы бір қылмыста- мүікті иеленіп алу немесе
ысырап етеге –қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға
тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамының нышаны
ретінде алынады,мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық
(Қылмыстық кодекстің 177 бабы 2 бөлімінің в тармағы), алдау немесе
сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық кодекстің
182 бабының 1 бөлігі), жерге заттай құқық бұзу (Қылмыстық кодекстің 3
бөлігі). Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке
қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап
жауаптылық көзделген қылмыстарға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп
алу немесе ысырап ету (Қылмыстық кодекстің 176 бабы ) алаяқтың (Қылмыстық
кодекстің 177 бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік
залал келтіру (Қылмыстық кодекстің 182 бабы),көрнеу қылмыстық жолмен
табылған мүлікті сатып алу немесе сату (Қылмыстық кодекстің 183 бабы),
интелектуалдық меншік құқығын бұзу (Қылмыстық кодекстің 184 бабы ), жерге
заттай құқықтарды бұзу (Қылмыстық кодекстің 186 бабы), бөтен адамның мүлкін
қасақана жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 188 бабы), автомобильді
немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және
ауырлататын мән-жайлардың болмауы (Қылмыстық кодекстің 185 бабтың 1
бөлімі).
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабынын 1 бөлігі) жатады. 14 жастан бастап
жауаптылық көзделген қылмыстарға ұрлық (Қылмыстық кодекстің 175 бабы),
тонау (Қылмыстық кодекстің тің 178 бабы), қарақшылық (Қылмыстық кодекстің
174 бабы), қорқытып алушылық (Қылмыстық кодекстің 181 бабы), ауырлататын
мән-жайлардың автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз иелену (Қылмыстық кодекстің 185 бабының 2-4 бөліктері),
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабының 2,3 бөліктері).
Субъективтік меншіке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады,
меншікке қарсы тек бір қылмыс қана- бөтен мүлік абайсызда жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 88 бабы) кінәнің абайсыз нысанында жасалуы
мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу
мақсатынсыз болып бөлінеді. Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың
субъективтік жағының міндетті белгісі- пайда табуды көздеу немесе сондай
себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың
объективтік жақтарына қарай, мүлікті алу мін байланасты ұрлау деп аталатын
қылмыстрға және ұрлау мен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады.
Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету,
алаяқтық, тонау, қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу
мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады
алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрнеу,
қымыстық жолымен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интелекттуалдық
меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз аңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал бөтен мүлікті
қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру
пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.

1.2 Талан-тараждың ұғымы
Заңға сәйкес талан-тараж де пайдакүнемдік мақсатта айыптының бөтен
мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе қзге иеленушісіне залал келтіре
отырып өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін
алып қоюын және айналдыруын айтамыз. Осындай заңдылық түсінік Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175-бабының ескертуінде арнайы
көрсетілген.
Осы анықтама сәйкес ьалан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға
болады.
Талан-тараждың топтық объектісі меншік нысандары қатынастарының
жиынтығы, ал тікелей объектісі болып меншіктің нақты нысандары,
мемлекеттік, жеке, қоғамдық ұйымдардың меншігі болып табылады.
Талан-тараждың заты болып Адам еңбегі арқылы істелген материалдық
тұрғыдағы бұйымдар мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай
бағалы қағаздар жатады.
Талан-тараждың затына Адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған
әртүрлі табиғи байлықтар жатпайды.
Талан-тараждың объективті жағының белгілеріне:
1) мүлікті алу;
2) мүлікті заңсыз алу;
3) мүлікті тегін алу жатады.
Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды
иеленушінің иелігінен шын мәнінде кінәлінің өзінің немесе басқаның иелігіне
алуын айтамыз. Талан-тараждың тағы бір белгісі оның заңсыз істелуі, яғни,
бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немес өзге де заңды
иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады.
Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге
асыру ьалан-таражға емес, өз бетінше билік ету (327-бап) немес басқа қылмыс
құрамын құрайды.
Талан-тараждың елеулі беолгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып
табылады. Тегін алуға мүліктің ешқандай құнын төлемей алу немесе болмашы
құнын төлеу арқылы, құны бағалы мүлікті әдейі құнсыз мүлікке алмастыру
арқылы алулар жатады. Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы – меншік иесіне
немесе өзге де заңды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы
залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталған деп танылады.
Келтірілген залалдың мөлшері талан-таражға ұшыраған мүліктің, заттың
құнымен есептелінеді.
Талан-тарждың міндетті белгілерінің бірі – негізінен заңға қайшы іс-
әрекетімен келтірілген қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті
байланыс болып табылады.
Талан-тараждың субъективті жағы кінәлінің тікелей қасақаналық
нысанымен сипатталады.
Субъективті жақтың міндетті белгілеріне – пайдакүемдік ниет және
пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен пайдакүнемдік мақсаттың
орын алмауы – іс-әрекетті талан-таражды қылмыс құрамына жатқызуға жол
бермейді.
Талан-тараждың субъектісі – 14-ке толған адам, ал иеленіп алу немесе
ысырап ету арқылы талан-таражға салудың субъектісі болып 16-ға толған
арнаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленген, ысырап еткен) адам танылады.
Қылмыстық заңда бөтеннің мешігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін
жауаптылық меншік қатынастарына өол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып,
жікке-нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немес жасырын, күш қолданып
немесе күш қолданбай, алдау немесе сеніиге қиянат жасау тәсілдері арқылы
жүзеге асырылу мүмкін. Мүлікті алудың осындай тәсілдері істелген іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілігіне тікелей әсер етеді, сондықтан заң шығарушы
қазіргі қолданып жүрген қылмыстық заңда талн-тараждың мынадай алты түрлі
нысандарын атап көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немес ысырап ету.
Талан-тарждың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің
ерекшіліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады.
Сондыұтан да талан-тараждың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының
заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс
саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
Қазіргі қолданып жүрген Қылмыстық кодексте бөтеннің мүлкін ұсақтап
талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілмеген. Мұндай іс-
әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Тонау немесе
қарақшылық жасағанда талан-таражға салынған заттың құнына қарамастан ондай
іс-әрекет қылмыс деп танылады.
Қазіргі қолданып жүрген Қылмыстық заңда талан-тараждың түрі негізінен
үшке бөлінеді: а) жай – яғни талан-таражға түскен мүліктің құны заңда
белгіленген айлық есептік көрсеткіштен белгілі бір еседен асып түсетін (бұл
тонауға және қарақшылыққа жатпайды); б) талан-тараждың екінші түрі –
азаматтарға едәуір залал келтірген (негізінен ұрлық құрамы бойынша); в)
талан-тараждың – үшінші түрі ірі мқлшер немесе ірі залал, яғни заңмен
белгіленген есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны
немесе залалдың мөлшері.
Талан-таражға түскен мүліктің құны қылмыс істеген уақыттағы зиянмен
белгіленген айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді. Талан-таражға ұшыраған
мүліктің бағасы мемлекеттік өткізу бағасымен, егер мүлік нарық немесе
комиссиялық бағамен алынса, осы бағалармен есептелуі қажет. Талан-таражға
түскен заттың бағасы белгісіз болса, онда оның бағасы сарапшының
қорытындысы бойынша анықталады.

ІІ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТАЛАҢ-ТАРАЖДЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Қарақшылық түсінігі
Қарақшылық (ағылш. piracy; skyjacking; лат. pirata; гр. peirates -
грабитель, разбойник (морской разбой).
1. Қылмыстық запдар және халықаралық құқық бойынша — күш қолдану
немесе оны қолдану қаупін тудыра отырып, әзге мүлікті иелену мақсатында
езен немесе теніз кемелеріне шабуыл жасау түрінде керінетін қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыс; ашык теңізде сауда, азаматтық кемелерді заңсыз
басып алу, тонау немесе суға батыру.
2. Ауыспалы мағынасында пайда табу мақсатымен (кітапты, пластинканы,
кассеталарды шығару және т.б.) интеллектуалдык (зияткерлік меншікті заңсыз
пайдалану.
Қарақшылық — ұрлықтың ең қауіпті нысаны. Ол бөтен мүлікті ұрлау
мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті
күш көрсетумен немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытумен шабуыл жасау
ретінде белгіленеді. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қол сұғудан емес,
шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш
көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен мен ұштасатын
шабуыл жасауда болып отыр. Қарақшылықтың тікелей объектісі: бірінішіден,
меншіктік нақты нысаны, екіншіден, шабуыл жасалатын адамның өмірі мен
денсаулығы. Қарақшылық жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш
көрсетумен немесе осындай күш қолданамын не қорқытумен жасалатын шабуыл.
Шабуыл жасау деп меншік иесіне, мүліктің өзге иеленушісіне басқа
адамға, мысалы, күзетшіге ашық не жасырын түрде, күтпеген жерден шабуыл
жасап, күш көрсету арқылы әсер етуді айтады. Шабуыл бүркемеленген сипатта
болуы мүмкін (арттан жасырынып келіп ұру), сондай-ақ жәбірленушінің нерв
жүйесіне уытты немесе елітетін құралдармен ашық, сондай-ақ жасырын түрде
әсер етуден көрінеді. Әсер етудің мұндай тәсілдерін көбіне жәбірленуші
сезіне бермейді, дегенмен ол шабуыл жасау сипатынан айырылмайды. Сонымен
бірге жәбірленушіге ішімдікпен, есірткімен немесе басқа да елітетін
заттармен өсер ету, егер оны жәбірленуші өз еркімен қабылдаса, шабуыл деп
есептеуге болмайды.
Қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап, оның бөтеннің мүлкіне иелік
жасағанына немесе жасамағанына қарамастан аяқталды деп саналады. Сондықтан
да қарақшылық құрамы заңда формальдық құрам ретінде қарастырылған.
Қарақшылық субъективті жағынан тңкелей қасақаналықпен және
пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады. Қарақшылықтың субъектісі болып 14-ке
толған есі дұрыс кез келген адам танылады.
Қарақшылық – талан-таражға салудың ең қауіпті түрі болып табылады.
Қылмыстық заңда қарақшылық, яғни бөтен мүлікті талан-таражға салу
мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті
күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл
жасау деп (179-бап) анықталған.
Қарақшылық құрамын күш қолданумен бірге адамның өмірі мен денсаулығына
қауіпті күш қолданамын деп қорқытумен де ұштасқан әрекеттер құрайды. Мұндай
ретте қорқыту шын мәнінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы және
қарсыласқан жәбірленушінің ешбір күмәні болмауы керек.
Қарақшылық күш қолану бөтеннің мүлкіне иелек етудің құралы болып
табылады. Сондықтан да күш қолдану иелік етуден бұрын жүзеге асырылады.
Егер кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлауды жүзеге асыру
барысында меншік иесінің немесе өзге де адамдардың қарсылығына тап болып
күш қоолданса, онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талан - таражға салудың объективті белгілері
Меншікке қатынасты қылмыстар
Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстар туралы
Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
Ұрлық қылмысының криминологиялық мәселелері
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
Пәндер