Автокөліктердің атмосфераға шығарындылары мен қоршаған ортаға әсері


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Автокөліктің қоршаған ортаға тигізетін әсері

2. Автокөліктен шыққан газбен ауаның ластануы.

3. Автотранспорттан атмосфераға шығатын шығарындылар.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Автокөліктердің пайдаланған газдары атмосфераның төменгі қабатына түсіп, адамның тыныс жолдарына әсер етеді. Мысалы, қалада 500мыңға жуық автокөлік бар. Оның әрқайсысы 1кг бензин жағу үшін 200л оттегін қолданады. Бұл дегеніміз- адамның бір тәулікте жұтатын оттегінің көлемінен де жоғары. Орта есепке шаққанда автокөлік жылына 15мың шақырым жүргенде 1, 5-2т жанар-жағармай және 20-30т оттегін жағады. Автокөліктердің шығарымды газдары 200заттық тектердің қоспасы. Шығарымдылардың құрамына азот, оттегі, диоксид көміртегі және судан басқа оксид көміртегі, көмірсутегі, азотпен күкірт диоксидтерінің зиянды қосындылары, сонымен қатар бетінде тұйықты көмірсутектер, ал олардың бірқатары канцерогенді қасиеттерге ие. Автокөліктердің қозғалтқышындағы жанармайдың толық жанып кетпегендігінен көмірсутегінің бөлшектері шайыр тектес зат тектері бар күйге айналады. Автокөліктердің пайдаланған газдарында зиянды заттардың көп болу себебі - автокөліктердің төмен техникалық деңгейі, ескілігі, қозғалтқыштардағы ақауларды анықтау құралдарының жоқтығына байланысты. Қоршаған ортада автокөліктерді пайдаланған газдарының шығарымдыларын реттеу керек. Ол- халықаралық стандарттарға көшіп, еліміздің жолдарында автокөліктерді пайдалануы өркениетті деңгейге жеткізуге жол беру, шығарымды газдарды қосымша тазалау атмосфераны тазартуға көп үлес қосады.

1. Автокөліктердің қоршаған ортаға тигізетін әсері

Табиғат - көптеген теңескен байланыстардың тұтас жүйесі. Бұл байланыстардың бұзылуы табиғаттағы орныққан зат пен энергия алмасуының өзгеруіне алып келеді, биогендер концентрациясындағы ығысу бір популяцияның құрамы. Қазіргі заманда өндіріс пен тұтынушыға адамның биологиялық қажеттілігінен 100есе артық зат мөлшерімен энергия жұмсалады, осы себеп қазіргі заманғы экологиялық кризис болып табылады (жоғары деңгей және қоршаған табиғи ортаға антропогенді жүктеменің тез артуы) . Бүгінгі күнде адамзаттың өндірістік іс - әрекеті көптеген химиялық элементтерді қамтитын әр түрлі табиғи ресурстарды қолданумен байланысты. Табиғи ортаға техногенді әсердің күшеюі бірқатар экологиялық мәселелерді тудырады. Оның ішінде ең өткірі атмосфера, гидросфера және литосфера күйімен байланысты. Судың немесе ауаның ластануы сияқты бірқатар “өзгерістер” ағзаның өмір сүру әрекеті мен денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін. Басқалары жанама әсер етеді, мысалы: көмірқышқыл газының шығарындылары ғимарат климатында байқалады, ал өз кезегінде өндірістегі қоректену өнімдерінде улануына алып келсе, басқаларының көбеюіне алып келеді.

Атмосфера ауасы өмір тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфераны, ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені белгілі. Көліктің түрлері: автокөліктің қоршаған ортаға әсерлерін жағымды және жағымсыз деп екіге бөліп көрсетуге болады. Әрбір жағымды әсердің түріне бір жағымсыз әсерді сәйкес келтіруге болады.

Автокөліктің қоршаған ортаға жағымды әсері:

  • 1. Қолайлы жағдайда өмір сүру мүмкіндігінің жоғарылауы;
  • 2. Жеке тұлғаның тіршілік кеңістігініңкеңеюі;
  • 3. Тауарлардың кең түрлеріне, өнімдерге дәл дайын болған кезінде қол жеткізуді қанағаттандыру;
  • 4. Тез жүруден қуанышқа бөлену, қолайсыз ауа райы жағдайындағы комфорт және қолайлы болуы;

Автокөліктің қоршаған ортаға жағымсыз әсері:

  • 1. Атмосферадағы газ және энергетикалық тепе теңдіктің бұзылуы;
  • 2. Атмосфераның пайдалы қазбалардың, тұщы су қорларының сарқылуы;
  • 3. Жол көлік оқиғаларында адамдардың өмірінің қиылуы;
  • 4. Биологиялық қорлардың, соның ішінде өсімдік, жануар және адамның улануы;

2. Автокөліктен шыққан газбен ауаның ластануы

Ауаның ластануының негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана автомобиль қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға ұшып шығады. Сонымен қатар автомобиль двигателінің жану камерасы - бұл улы заттарды синтездеп және оны атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық реактор. Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы азот қышқылына айналып шығады. Ішкі жану двигателінен шыққан газ 170 - тен аса зиянды компоненттерден тұрады, оның ішінде 160 - қа жуығы двигательдегі жанармайдың толық жанбауына басты себепкер болатын көмірсутек туындылары. Шыққан газда зиянды заттардың болуы ақыр соңында жанармайдың түрі мен жағдайына негізделеді. Шыққан газ автокөліктің механикалық бөліктерінен шыққан өнім, ал жол бетін антропогендік түзілістегі атмосфера шығындыларының жартысы құрайды. Автокөлік двигателі мен картер шығындылары көбірек зерттелген. Бұл шығындының құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл газы және судан басқа көміртек оксиді, көмірсутегі, азот және күкірт қышқылдары, қатты бөлшектер сияқты зиянды компоненттер кіреді. Жанып шыққан газдың құрамы қолданылған жанармайдың түріне, майға, двигательдің жұмыс режиміне, оның техникалық күйіне және т. б байланысты. Карбюрательдік двигательден бөлініп шыққан газдың уытттылығы көміртек оксидімен азот қышқылынан, ал дизельдік двигательден азот қышқылы мен қаракүйеден тұратынымен негізделеді. Зиянды компоненттердің құрамына беттік қабатында циклдік көмірсутегі адсорбцияланатын (олардың бірқатары концерогендік қасиетке ие) қорғасын мен қаракүйеден тұратын қатты шығарындылар жатады.

3. Автотранспорттан атмосфераға шығатын шығарындылар

Автокөлік дыбысбасқышынан бір қарағанда ешқандай зияны жоқ сияқты көгілдір түтін түрінде шығып жатқан улы газ және азот оксиді бас ауруы, шаршау, тітіркенгіштік, төмен еңбек қабілеттілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Күкірттті газ ұрпақсыздық пен туа біткен мүгедектікке алып келетін генетикалық аппаратқа әсер етуге қабілетті, ал бұл факторлардың барлығы стресс, нервтік ауруларға, өте жақын адамдарына немқұрайлылықпен қарап, жекеленуіне тырысуға алып келеді. Үлкен қалаларда сонымен қатар, қан айналым жүйесінің аурулары және тыныс алу, инфаркт, гипертония кеңінен таралған. Мамандардың есептеуі бойынша атмосфераға автокөліктік транспорттың қосқан үлесі 90% -ке дейін көміртек оксиді және 70% -ін азот оксиді құрайды. Автомобиль соныменқатарауа мен . Ауақабатын , картер газдары, .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөліктердің қоршаған ортаға зиянды әсері: Қазақстан мен Алматы қаласының экологиялық талдауы
Петропавл қаласындағы автокөліктердің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасындағы маркерлік ластағыштар: көздері, шығарындылары және қоршаған ортаға әсері
Семей цемент зауытының атмосфераға шығарындылары және қоршаған ортадағы ауыр металдар ластануы
Мекеме автокөліктерінің қоршаған ортаға әсері және шығарындыларды реттеу
Алматы қаласындағы Айгерім тұсқағаз зауытының атмосфераға шығарындысы және қоршаған ортаға әсерін бағалау
Экологиялық нормалау және атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындылары нормативтерін әзірлеу
Автокөліктердің табиғи ортаға әсері: Алматы қаласындағы ауа ластануы және оны азайту шаралары
Күкірт қосылыстарының қоршаған ортаға әсері және шығарындыларын азайту әдістері
Алматы қаласының автокөлік шығарындыларының қоршаған ортаға экологиялық әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz