Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелер



МАЗМҰНЫ
 
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.9
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.16
1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі ... ... ... ... .17.31

2 АЗАМАТТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32.34
2.2 Азаматтық . құқықтық шарттардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35.48
2.3 Шарттарды жасасу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49.63

3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ . ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64.70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71.72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...73.74
КІРІСПЕ
 
Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі – сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов Қазақстан Республикасының құқық негіздері., -Алматы, 2003ж
2. Оспанов. Қ. И. Құқық негіздері Алматы, 2007.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі , Алматы:, 2008.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық құкығы., Алматы, 2001
5. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өнделіп, толыктырылған, 2-басылымы / Ғ. Сапарғалиев. – Алматы: Жеті жарғы, 2004.
6. Толеугалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқықғы. –
Алматы: ҚазМЗА,2001.380 бет
7. Комментарий к гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая, особенная часть) /Отв. редактор М.К. Сулейменов, Ю.Б. Басин. – Алматы: «Жеті жарғы», 2000. 800 с.
8. Гражданское право. Учебник / Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю. К- Т. 1,2 и 3 – М., 1997-1998 гг.
9. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие.- Т.1 – Алма- Ата, 1978 г.
10. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие.- Ч.1– Алма- Ата, 1980 г.
11. Ғылыми-құқықтық, саяси – қоғамдық журнал «Тураби» 1-96 62 бет
12. Аскназий С.И. Обоснование правовых отношений междугосударственными социалистическими оргнизациями // Учен. Зап. Ленингр. Юрид.
Ин-та. Вып.IV-Л., 1947, 33 бет.
13. Венедиктов А.В. Государственная социалистическая собственность.-
М. –Л., 1948, 665 бет
14. Генкин Д.М. Значение применения института юридического лица во
внутреннем и внешнем товарообороте СССР. – В кн.:Сб. Научных тр-в
Ин-та Народного хоз-ва им. В.Г. Плеханова вып. IX- М.,1955.
15. Толстой Ю.К. Содержание и гражданско-правовая защита права
собственности в СССР – Л.,1955, 88 бет
16. Красавчиков О.А. Сущность юридического лица. Сов.гос-во и право,
1976.
17. Гражданское право. – Т. 1 / Под ред. Суханова И.А. – М: Век. 1993 г.

МАЗМҰНЫ
 
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ
1.1 Мәміленің түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5-9
1.2 Жарамды және жарамсыз
мәмілелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0-16
1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау
тәртібі ... ... ... ... .17-31

2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Шарт ұғымы және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32-
34
2.2 Азаматтық – құқықтық шарттардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35-48
2.3 Шарттарды жасасу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 49-63

3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64-70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..7 1-72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..73-74

КІРІСПЕ
 
Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-
шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің
өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол
кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де
жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар
арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның
әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің
нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық
айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін
мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал
қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы
кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің
мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық
кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де
қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл
қазіргідегідей болмады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның
атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі –
сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар
жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату
шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезінде
кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі
нарықтық экономикада жаппай жекешелендіру бағыт-бағдарына сәйкес пайда
болды.
Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең
түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының
әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет
бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін
нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс
капиталының көлеңкелі бизнеске қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп
болар еді.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Азаматтық қатынастардың дамуы барысында
мәміле институтының элементтерінің маңызы зор. Осыған байланысты туындайтын
қатынастардың ерекшеліктерін талдап, олардың маңызын айқындаудың мәні зор.
Жұмыстың объектісі. Мәмілеге негізделген азаматтық құқықтық қатынастар.
Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін
еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).
Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең
бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.
Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы
маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және
ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап қорытынды жасалады.

1 Азаматтық құқықтағы мәміле түсінігі
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері

Мәміле – азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе
тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.
Мәміленің ең көп тараған түрі – шарт, яғни екі жақты немесе көп жақты
мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәміле болып
саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады.
Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды.
Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз – заңды факті. Заңды фактілердің
оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы белгілі. Мәміле соның ішінде
әрекет болып саналады. Әрекет болғанда да ол азаматтық құқық субъектісінің
заңды әрекеті. Міне осы жерден мәмілеленің белгілері мен өзіндік ерекшелігі
көрінеді. Мәміленің басты ерекшелігі оны жасағанда азаматтық салдар туындап
– белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленіп, өзгеріп, тоқтатылып
жататынында.
Мәміленің өзіне тән бірқатар белгілері бар. Мәміле – азаматтық құқық
субъектілерінің ерікті актісі.
Мәмлемелерде азаматтық құқық қатнастары қатысушыларының еркі көрінеді .
Оны біз адамдардың еркіне бағынбайтын және еркінен тыс болатын оқиғалардан
ажырата білгуіміз керек. Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі
бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда, мәселен,
өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін адамдардың тұрмыстық, өндірістік, азық –түлік
тауарларын сатып алуы және т.б. әрекеттері.
Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және оның сыртқа байқалғандығын ажырата
білу керек. Егер ішкі ерік сыртқа көрінсе, бірақ басқа тұлғаларға
байқалмаса, онда ол заңдық салдарды туындата алмайды. Осы сияқты, егер
сыртқа байқалған ерік мәміле қатысушы ішкі еркімен сәйкес келмесе мәміле
жасалмаған болып саналады. Мысалы, кіріптарлық мәміле. Ол Азаматтық
кодекстің 159 бабының 9тармағында көрсетілген.

Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд
атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын
белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның
мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де
жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде
көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәілелер:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз
еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде
жазбаша жасауы тиіс.
Заң мәміленің қандай жағдайларында 
жазбаша түріде жасалатын айқындайды .Бірақ мәміле жасасудың ауызша 
нысанын қолдану мүмінкіндіктері  үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан
бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір
нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа
реттерде мәмілені қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі.
АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде
атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі
қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша
мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ
мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол
береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу
арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне
қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы
–ешқандай жазбасыз , қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.
Ауызша мәміле жасауға кең  мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше,
оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді.
52 бапқа сәйкес мынадай  мәмілелер жазбаша түрде жасалуы  тиіс:
егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы
көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан
туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,
кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық
есептік көрсеткіштен астан сомаға;
заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.        
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген
реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына
әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін
мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана
жасалады деп саналады.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа
мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру
мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Негізгі және қосымша (акцессорлық)  мәмілелер (шарттар) арасындағы 
айырмашылықтың практикалық маңызы  бар. 
Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені   толықтырады, қамтамасыз етеді 
және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәніне не тараптардың келісуінен
өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің
тағдырына тәуелді болады.
Заңдар кейбір мәмілелер үшін  тараптар қол қоятын құжатты 
қарастыруды ғана талап етпестен, сондай- ақ мәміленің мазмұнын белгілі
бланкіде баяндауды, қойылған  қолдарды мөрмен куәләндіру және 
т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куәләндіре түседі.
Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша
түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті
мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы
міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің
бұзылмауы жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне,  науқастығына немесе сауатсыздығына 
байланысты құжатқа өзі қол  қоя алмайтын болса, онда оның  өтініші бойынша
мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа
адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға
құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя
алмауының себептерін көрсете отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені  орындаған тарап келесі тараптан 
да орындағанын растайтын құжатты  талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде 
орындалатын   мәмілелерден   басқа, ауызша   жасалған кәсіпкерлік 
мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға  құқылы. Қолхат, квитанция,
жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады.
Заң құжаттарына немесе тараптардың  келісімімен белгіленген реттерде 
жазбаша мәмілелер олрды нотариат  куәләндырғаннан кейін жасалады  деп
саналады.
Мәмілелерді нотариалдық куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды заң
мәммілелердің нақты түрлеріне  ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының 5
тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі  құрылтай шартын 
нотариалдық куәләндыруды талап  етеді. Заң талап етілетін нысанды 
оны қарапайымдату жолымен бұзуға  тыйым салады. Мәмілені нотариалдық 
куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен 
не жазбаша түрде жасаудың 
орнына ауызша түрді қолдануменшекте луге болмайды. Керісінше, мәмілеге
қатысушылардың өзара келісіп отырып, белгіленген нысаннан оны
күрделендіруге қарай шегінуіне әбден күрделі және ол тараптар үшін ешқандай
теріс зардаптар туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін
реттерде де, тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап
етпесе де, тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.
Мәмілелердің түрлері. Мәмілелердің тараптардың санына, жасалды
деп саналған уақытына, өтелмелілігіне т.б. жайттарға байланысты бірнеше
түрге бөлінеді.
Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын
мәмілелер – бір жақты мәмілелер деп саналады. Мысалы, меншік құқығынан бас
тарту(Азаматтық Кодекстің 250бабы), сенімхат беру (Азаматтық Кодекстің
167бабы) сияқты мәмілелер жатады. Бірақ, біржақты мәмілені екі немесе одан
да көп адамдардың жасауы да жоққа шығарылмайды.
Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі жақты
мәмілелер деп танылады. Шарттар деп аталатын мейлінше көп тараған мұндай
мәмлелерге сатып алу-сату, мүлікті жалдау т.б. шарттар жатады.
Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп тараптар
жеке ерік білдіретін мәмілелер – көп жақты мәмілелер болып табылады.
Мысалға Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын бірлескен қызмет
туралы шартты атап өтсек болады.
Осылармен қатар, белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді. Бұл белгі бойынша
мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.
Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау ушін негіз болған нәрсеге
байлансыты болады. Жасалғандығының ешқандай негізі жо, әншейін көз
алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші болмаймайды.
Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар абстрактілі
мәмілелерге жатады.

1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер

Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5
тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер
атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар,
сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай
алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.
Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот
шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған
мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін
тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған
жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше
рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ
істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы
келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша
кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі
ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан
тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет
қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі
қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке
өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-
тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен
айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,
олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі
элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Өкілдіктің негізгі белгілері:
1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және
үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды
тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары
бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін
құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген
субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да
өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей
құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы
ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық
қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан
түспейді.
Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық
әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды
тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу
керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай
тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық
қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл
бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер,
прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы
бар тұлғалар.
Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік
берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.
Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі
нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді,
өзгереді және тоқтатылады.
2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз
азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-
де соттағы заңды өкіл туралы  ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет
қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет
қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен
қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары,
қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете
отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы”
Заңының 111 – бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде
қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті
мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға
құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз
құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді,
сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан
қорғайды.
3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер
өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері  өкіл беруші үшін
заңды салдарлар туғызады.
4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай
алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде
белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік
әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың
келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат
мәтінінде көрсетіледі.
Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен
(өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік
қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан
жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-
бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін
асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің
кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттік туындауының негізі – заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай
өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген
өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген
фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады,
әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар
алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып
қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл
болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап
ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда
жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да
көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан
туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы
сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге
байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не
барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға
байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік
етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп
атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік
беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы,
тапсырма шарты).
Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық
хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-
аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл
солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына
және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның
әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті
шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға
қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы
тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар
заңды өкілдер деп аталады.
Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып
табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра
пайдаланушыларды да жатқызады.  Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта
көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле
бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл
асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет
негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан
бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса,
оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді
дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде
қатынасқа түскен адам алады.
Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша
қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл –
бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола
алатын тұлға. 
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың
атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік
туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл
өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген
жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге
бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол
арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай
өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды
(АК-тің 163-бабының 1- тармағы).  Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа
субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын
жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы
кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен
сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).
Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін.
Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен  қосымша құрылымдық
бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың
филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін  жатқызуға
болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл
құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен
шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық
бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті
органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана
атқара алады.
 Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз
атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде
өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл түрі бизнес
сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік
айналымда бұл өкілдік арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.
Рыноктың қажеттілігіне сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге
асыру жолы  нормативтік актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауарлық биржа туралы” Жарлығында
биржалық сауда қатысушыларының арасында брокерлік ұйымдар мен тұтынушы
атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.
 Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс
немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір
мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін
білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің
ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің
ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден көрінеді:
1) коммерциялық өкілдердің өкілеттігі сенімхаттарда жазбаша көрсетілуі
тиіс;
2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа
тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта
өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін
білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға
алушының және т.б.).
3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт
тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;
4) коммерциялық өкілге сауда мәмілелерін жаса кезінде мәлім болған
құпияларды сақтау міндеті жүктеледі.
Коммерциялық өкілдіктің бір сферасы сақтандыру құқықтық қатынасы  болып
табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы” Жарлаығы
бойынша сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлғалардың атынан әрекет
ететін сақтандыру брокерларының қызметіне жол берілген. Қазақстан
Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сақтандыру брокері
ретінде лицензияланған қызмет қажет емес. Шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының территориясында сақтандыру брокерлік қызметтерін өздерінің
филиалдары немесе өкілдіктері арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асыра
алады.
 

1.3. Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының Заңы экспорттық бақылау туралы.

Осы Заң халықаралық және ұлттық қауіпсіздік мүддесіне орай қару-жараққа,
әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери
мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен
технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа,
материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен
көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай
қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібін
белгілейді.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар – азаматтық
мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-
дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру
үшін қолданылуы мүмкін жабдықтар, материалдар, шикізат, технологиялар мен
ғылыми-техникалық ақпарат;
2) жаппай қырып-жоятын қару – химиялық, бактериологиялық (биологиялық),
радиологиялық, ядролық және уытты қару;
3) жеткізу құралдары – жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті
зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы
жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);
4) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтар – қару-жарақпен,
әскери техникамен, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және
технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға
арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық-есептеу
машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге,
иллюстрациялар мен үш деңгейлі шығармаларға авторлық құқықтар,
өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық
микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішінде “ноу-
хау” өндірісінің құпияларына құқықтар;
5) импорт – өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағына тұрақты
пайдалану және тұтыну үшін әкелу;
6) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік    міндеттемесі
– импорттаушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға
пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу  және оны уәкілетті органның
келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша
сендіруі;
7) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) – импортталатын
өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз
үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті
органы берген алушы елдің ресми сендіруі;
8) кері импорт – Қазақстан  Республикасының кеден заңнамасына сәйкес
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан бұрын әкетілген қазақстандық
өнімнің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі;
9) кері экспорт – Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде
өндірілген, оның кеден аумағына бұрын әкелінген өнімді әкету не Қазақстан
Республикасында шығарылған өнімді басқа мемлекеттің кеден аумағынан үшінші
елдерге әкету;
10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік
органдары  – заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
11) өнім – экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер, ақпарат;
12) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу –
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын,
қазақстандық тауарларды өңдеу және  өнімді кейіннен Қазақстан
Республикасының кеден аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан
Республикасының кеден аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;
13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) – экспорттық бақылауға жататын
тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және
ақпараттың тізбесі;
14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) –
өнімнің  экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы
жеке немесе заңды тұлға;
15) транзит – өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан
Республикасының кеден аумағы арқылы өткізу;
16) тұтастай қамтитын бақылау – өнімнің номенклатурасына (тізіміне)
кірмейтін өнімді бақылау;
17) уәкілетті орган – экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді
жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі – экспорттық бақылау ережелерін
сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер)
жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де
сипаттағы іс-шаралар кешені;
19) экспорт – өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде
тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатында  осы аумақтан әкету;
20) экспорттық бақылау – өнім экспортының, кері экспортының, импортының,
кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының кеден
аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық
бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау
жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың
(мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі  осы Заңда және Қазақстан
Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық
актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;
21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар – ядролық қаруды таратпау
жөніндегі халықаралық режимнің талаптарына сәйкес осындай деп айқындалған
материалдар.
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы  Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда
белгіленгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.
Осы Заңның күші осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері
экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне және Қазақстан
Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне
қолданылады.
Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары:
1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту;
3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға
жәрдемдесу;
4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жоятын
қару мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады.
Экспорттық бақылаудың негізгі принциптері:
1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен
әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарын сақтау;
2) экспорттық бақылауды жүзеге асыруда саяси мүдделердің басымдылығы;
3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы бойынша
ақпаратқа қолжетімділік;
4) халықаралық терроризм мен экстремизмді қолдауға жол бермеу;
5) экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бірдей танылған
халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Yкіметі экспорттық бақылау саласында:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік экспорттық бақылау жүйесін
қалыптастырады;
3) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялаудың ережелерін бекітеді;
4) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін
ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережелерін бекітеді;
5) өнімнің транзитіне рұқсат беру ережелерін бекітеді;
6) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеуге
рұқсат беру ережелерін бекітеді;
7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің)
фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын
бекітеді; 
8) өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекітеді.
Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге
асырады және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі
мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді;
2) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік
органдарымен бірлесе отырып, өнімнің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;
4) белгіленген құзыреті шегінде өнімнің экспортын, кері экспортын,
импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының кеден
аумағынан тыс жерде өңделуін бақылайды;
5) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау
саласындағы шараларды әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік
органдарымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда өнімді тиеп жіберу
алдындағы кезеңде және оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді жүзеге
асырады;
8) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді;
9) өнімнің транзитіне рұқсат береді;
10) мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды,
технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге
жатқызу туралы қорытынды береді;
11) өнімді Қазақстан  Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеуге
рұқсат береді.
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік
органдарының құзыреті. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің
мемлекеттік органдары:
1) өнімнің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз
өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі;
2) өз құзыреті шегінде өнімнің экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті
және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуі
мәселелерін келіседі.
 Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері. Экспорттық бақылануға тиіс
өнімнің түрлеріне мыналар жатады:
1) жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы
жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтер;
2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар,
технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын
(мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды
өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
3) экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер,
тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін
химикаттар, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар;
4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде
пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген
нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері, олардың тізімдерін,
тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;
5) зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық
техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар,
олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері
белгілейді;
6) жаппай қырып-жоятын қару түрлері;
7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және әскери мақсаттағы
өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға
байланысты зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.
Экспорттық бақылау және оны жүзеге  асыру  тәртібі.
1. Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан
Республикасы ратификациялаған жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу
құралдарын  және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау
жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге
асырылады.
 2. Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
 3. Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының
лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспорты уәкілетті
мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, кепілдік міндеттеме (түпкі
пайдаланушының сертификаты) негізге алына отырып жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген өнімнің кері экспорты
өнім шығарылған елдің құзыретті органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен
әскери құралымдарының немесе басқа мемлекеттердің Қазақстан Республикасы
аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының қаруланымында
(жарақтанымында) қолданылып жүрген жарақтарды, өнімдерді жөндеу (жаңғырту)
мақсатында Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу, сондай-
ақ өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу
уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
7. Экспорттық бақылауға жататын шикізат не өнеркәсіп өнімі үлгілерінің ең
аз мөлшерін көрмелерде көрсету үшін, экспорттық бақылауға жататын,
коммерциялық құндылығы жоқ осы шикізатқа не өнеркәсіп өніміне ықтимал
сұранысты анықтау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін
өнімді, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспекторлары іріктеп алатын
сынамалар үлгілерін Қазақстан Республикасынан әкету лицензиясыз жүзеге
асырылады.
8. Өнімнің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілуіне
бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда
өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде
мәлімдеуші келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының экспорттық
бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының өнімнің түпкі пайдаланылуын
тексеруге қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздеуге міндетті.
10. Уәкілетті орган өнім шығарылған елдің құзыретті органы берген рұқсаттың
дұрыстығын айқындауға құқылы.
10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау
1. Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер
сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және
зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдіктердің
немесе шетелдік заңды тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу
құралдарын жасау мақсаттары үшін пайдаланылатыны анық белгілі болса, оларға
бұл өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы
экономикалық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде
қатысуға тыйым салынады.
2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) Қазақстан
Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы
Заңның 8-бабының қолданылу аясына жатпайтын өніммен, зияткерлік
шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге
асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын:
1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті
органы немесе өзге де мемлекеттік органы аталған өнім мен зияткерлік
шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген
мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;
2) олардың  аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы
баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп
пайымдауларына негіз болған жағдайларда алуға міндетті.
11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінде белгіленген экспорттық бақылау ережелерінің орындалуын
қамтамасыз ету үшін жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және
қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін жасау кезінде
пайдаланылуы мүмкін өнімге қатысты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге
асыру кезінде экспорттық бақылау ережелерін орындауды қамтамасыз ету,
аталған салада құқық бұзушылықты болғызбау үшін сыртқы экономикалық
қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) фирмаішілік  экспорттық бақылау
жүйелерін құрады.
12-бап.  Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті
пайдаланылуын тексеру
1. Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті
пайдаланылуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасына және
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес
уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің
мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, мына негіздер бойынша өз құзыреті
шегінде жүзеге асырады және тағайындайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) Қазақстан
Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын бұзуы
туралы куәландыратын мәліметтерді алу;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жаппай
қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери
техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарын сақтамауы.
2. Тексеру уәкілетті орган берген тексеруді тағайындау туралы актінің
негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналында тіркелуге тиіс.
Тексеруді тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу
саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда
(бұдан әрі – құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.
3. Тексеруді жүргізудің басталуы тексеруші лауазымды тұлғаның (тұлғалардың)
қызметтік куәлігін міндетті түрде көрсете отырып,  тексерілетін сыртқы
экономикалық қызметке қатысушыға (мәлімдеушіге) тексерудің тағайындалуы
туралы актіні тапсырған кезден бастап есептеледі. 
Тексеруді өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның
түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген
лауазымды тұлға (тұлғалар) ғана жүргізеді.
Өнімді тиеу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын
тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру
жүргізілуі мүмкін. 
4. Тексеруді жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы
зерттеулер, сынаулар, сараптамалар жүргізу қажет болған кездегі ерекше
жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуына байланысты
уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеру жүргізу
мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексеру мерзімін ұзартқан жағдайда уәкілетті орган тексерудің ұзартылғаны
туралы құқықтық статистика жөніндегі органда тіркей отырып, міндетті түрде
қосымша акті ресімдейді, онда  тексерудің тағайындалғаны  туралы алдыңғы
актінің тіркелген нөмірі мен күні және оның ұзартылу себептері
көрсетіледі. 
5. Тексеруді тағайындау туралы акт сыртқы экономикалық қызметтің бір
қатысушысына (мәлімдеушісіне) ресімделеді.
6. Тексеру аяқталғаннан кейін оны жүзеге асырған уәкілетті органның
лауазымды адамы Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы
заңнамасының сақталуы мәніне тексеру нәтижелері туралы екі данада акт
жасайды.
7. Сыртқы экономикалық қызметтің тексерілетін қатысушысына (мәлімдеушісіне)
тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің
аяқталуы болып есептеледі.
Тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде
көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей тапсырылады.
13-бап. Сыртқы экономикалық мәмілелердің есебі
1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) экспорттық
бақылау мақсаттары үшін өніммен сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін
жүргізуге міндетті.
2. Өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы
экономикалық мәмілелерге қатысты құжаттар, егер Қазақстан Республикасының
заңнамасында неғұрлым ұзақ сақтау мерзімі белгіленбесе, бес жыл бойы
сақталуға тиіс.
3. Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер
есебінің ережелері мен нысанын уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға байланысты
халықаралық санкцияларға қатысуы
Қазақстан Республикасының бір мемлекетке немесе бірқатар мемлекеттерге
қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы
және бұл санкциялардың қолданысқа енгізілуі Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе
басқа да халықаралық ұйымдар шешімдерінің негізінде Қазақстан
Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай
санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты қолдана алады.
15-бап.  Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және
Қазақстан  Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу
1. Шет мемлекеттер Қазақстан Республикасы алдында алған міндеттемелерін
бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері бойынша өнімнің экспортына,
импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс
жерде өңделуіне Қазақстан Республикасының шектеулер енгізуге,  оларға
эмбарго белгілеуге  дейін құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мүдделерін
негізге ала отырып, өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне шектеулер
енгізілетін мемлекеттердің тізбесін белгілейді және жекелеген мемлекеттер
мен ұйымдарға қатысты санкция туралы ақпаратты сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылар (мәлімдеушілер) назарына жыл сайын жариялап отырады.
16-бап. Экспорттық бақылау саласындағы ақпаратты беру жөніндегі міндеттеме
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің
мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау
саласына жататын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
2. Қазақстан  Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік
органдары уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау
жүйесінің басқа да мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің
органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан
(мәлімдеушілерден)  экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар
мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар
(мәлімдеушілер) ұсынған құжаттар мен ақпарат тек қана экспорттық бақылау
мақсатында пайдаланылады.
4. Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ экспорттық бақылау
саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге)
қатысты құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау
жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдарының лауазымды
тұлғаларының қызметтік емес мақсаттар үшін жария етуіне, қолдануына
болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға
беруге болмайды.
5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) уәкілетті
органның және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің
мемлекеттік органдарының талабы бойынша аталған органдардың осы Заңда
көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен
ақпаратты ұсынуға міндетті.  
17-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы
халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары мен нысандары
1. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау және жаппай қырып-жоятын
қаруды таратпау режимдерін күшейту саласында шет мемлекеттермен және
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық
ынтымақтастығы:
1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын, сондай-ақ оларды жасау
технологияларын таратуды болғызбау жөнінде шет мемлекеттермен бірге күш-
жігерді және өзара іс-қимылды үйлестіру;
2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға
жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикаға тең құқықты
және өзара тиімді негізде ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасының өніммен, зияткерлік шығармашылық қызметтің
нәтижелерімен, оның ішінде зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне
құқықтармен халықаралық алмасуға қатысуын жандандыру, сыртқы экономикалық
қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жоғары технологиялардың әлемдік
нарықтарына енуі үшін мүмкіндіктерді ұлғайту;
5) экспорттық бақылаудың халықаралық және мемлекетішілік тетіктерін
жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын
бұзу фактілерін және оларды бұзған тұлғаларды анықтау мақсатында жүзеге
асырылады.
3. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық
ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық экспорттық бақылау
режимдеріне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен және
халықаралық ұйымдармен келіссөздер мен консультациялар жүргізу, өзара
ақпарат алмасу, сондай-ақ аталған салада екіжақты және көпжақты негізде
бірлескен бағдарламалар мен өзге де іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге
асырылады.
4. Қазақстан Республикасының мем-лекеттік органдары экспорттық бақылау
саласында халықаралық ұйымдармен, шет елдердің мемлекеттік органдарымен,
сондай-ақ шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды
жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылаудың мемлекетішілік
тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуді мақсат ететін отандық
ұйымдар мен шетелдік үкіметтік емес ұйымдар арасындағы келісімшарттарды
дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдеседі.
18-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
19-бап.  Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау
жүйесінің  уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды
тұлғаларының  шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)  шағым жасау
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен
мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының экспорттық бақылауды жүзеге
асыру кезіндегі шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2. Азаматтық- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Мәмілелердің азаматтық құқықтық ретелуі
Шартпен жасалған мәмілелер
Сенімхат нысаны, мерзімі және ауысуы
Жеке тұлға- азаматтық құқықтың қатынастың субъектісі
Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері
Сенімхаттың мерзімі
Отбасы құқығы түсінігі
Халықаралық жеке құқықтың жүйесі
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Пәндер