Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ
Анотация

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы ... ... ..5.8
2.2 Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік фразеологизмдердің лексикалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.13
2.3 Қазақ жерінен тыс өзге елдердегі қазақтардың тіл ерекшелігі ... ..13.14
2.4 Қазақ жерінен тыс елдердегі қазақтардың тіл ерекшеліктері ... ... 15.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Кіріспе
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Шетелдегі қазақтардың тілі қазақ тіл білімінің диалектология саласында өткен ғасырдың 60 жылдарының соңына қарай зерттеле бастады. Қазақ жерінен тыс өзге елдердегі қазақтардың тіл ерекшелігі орналасу аумағы, рулық құрамының жақындығы бойынша қазақ жеріндегі говорлармен (бүгінде сөйленіс деп аталады) бірге, белгілі бір сөйленістер тобының (батыс, оңтүстік, солтүстік-орталық, шығыс) құрамында қарастырылды. Яғни, диалектолог мамандар оларды бүгінгі күндегідей диаспора, ирредента тілі деп емес, қазақ тілінің сөйленістері ретінде, негізінен олардың тіліндегі лексикалық, фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерді зерттеумен шұғылданды. Мақаламызда алыс-жақын шетелдердегі қазақтардың тілі бойынша жүргізілген диалектологиялық зерттеулерге қысқаша тоқталып өтпекпіз.
Бастапқы кезде диалектологтер қазақ жерінің әр өңіріндегі тұрғындардың тіл ерекшелігін зерттей жүріп, жергілікті халықпен көршілес, іргелес отырған өзге республикалардағы қазақтардың тілін де зерттей бастайды. Яғни, өз тұрғылықты қонысында отырып, түрлі тарихи, саяси өзгерістерге байланысты бұрынғы Одақтас республикалардың құрамында қалып кеткен, бүгінде қазақ жерімен шектес саналатын Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Тәжікстандағы шоғырланып қоныстанған қазақтардың тіл ерекшелігі де ғалымдардың назарына ілікті. Бұрынғы одақтас республикалар болып келген Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясындағы (Орынбор облысындағы қазақтардың тілі бойынша, Таулы Алтай Автономиясы Қошағаш, Тұраты елді мекендеріндегі, Батыс Сібір, Қалмақ автономиясыдағы) қазақтар қоныстанған елді-мекендерге жергілікті тіл ерекшеліктерінен деректер жинау мақсатында экспедициялар ұйымдастырылды. Кейінірек алыс шет елдер Моңғолия, Қытайдағы қазақтардың тілі жөнінен зерттеу жүргізу мүмкіндігі туды. Алғашында жазылған материалдардың көпшілігі бір не бірнеше аудан, облыс немесе жеке сөйленістерді сипаттауға арналған болса, кейін келе тұтас аймақтардағы жергілікті халықтың тілі жайындағы зерттеулер монографиялар түрінде жарық көрді. Өзге елдердегі қазақтардың тілі диалектілік дегеннен гөрі сөйленістік сипатта, ауыспалы сөйленістер деп сипатталды. Мәселен, соның дәлелі ретінде жеке сөйленістер бойынша жазылған Ә.Нұрмағамбетовтің (Түрікменстан қазақтарының тілі), Т.Айдаровтың (Өзбекстан қазақтарының тілі), Б.Бекетов, Н.Жүнісовтің (Қарақалпақ қазақтарының тілі), А.Тасымов, К.Құрманалиевтің (Ресейдегі қазақтардың тілі), Б.Базылханның (Моңғолия қазақтарының тілі) еңбектерін [1] атауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақ тілінің грамматикасы» Алматы, 1967 ж.
2. С.М. Исаев «Қазақ тілі» Алматы, 1993 ж.
3. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991 ж.
4. Ш.Бектуров, М.Серғалиев «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
5. К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» Алматы, 1972 ж.
6. М.Серғалиев, А. Айғабылов, О.Күлкенова «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы, 1991 ж.
7. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А.Әбілқаев «Қазақ тілі»
Алматы, 1993 ж.
8. Ш. К. Бектуров «Қазақ тілі лексика – фонетика, морфология-синтаксис» Алматы, 2006 ж
9. Болатов Ж. Қазақ тілінің шығыс говорлар тобы және оның әдеби тілге қатысы. Докт. дисс. қолжазбасы: 10.02.02. Фрунзе, 1970
10. Үдербаев А. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы тіліндегі фонетикалық ареал құбылыстарды салыстырмалы зерттеу. Канд. дисс.: 10.02.02 / Тіл білімі институты. А., 2002; Бәмішұлы Б. Моңғолиядағы қазақтардың тілінің жағдайы. А., 2004.
11. Мұстафаұлы С. Тұрақты тіркестердегі жергілікті ерекшеліктер: (Қытайдағы қазақтар тілі материалы бойынша). А., 2003.
12. Өтебеков Б. Қазақ диаспорасының тілі: (Ауғанстан, Иран қазақтарының тілінен жиналған материал бойынша). А., 2000.
13. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. А., Арыс. 2005.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Анотация

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы ... ... ..5-8
2.2 Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік фразеологизмдердің лексикалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-13
2.3 Қазақ жерінен тыс өзге елдердегі қазақтардың тіл ерекшелігі ... ..13-14
2.4 Қазақ жерінен тыс елдердегі қазақтардың тіл ерекшеліктері ... ... 15-19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0-21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Шетелдегі қазақтардың тілі қазақ тіл білімінің диалектология саласында өткен ғасырдың 60 жылдарының соңына қарай зерттеле бастады. Қазақ жерінен тыс өзге елдердегі қазақтардың тіл ерекшелігі орналасу аумағы, рулық құрамының жақындығы бойынша қазақ жеріндегі говорлармен (бүгінде сөйленіс деп аталады) бірге, белгілі бір сөйленістер тобының (батыс, оңтүстік, солтүстік-орталық, шығыс) құрамында қарастырылды. Яғни, диалектолог мамандар оларды бүгінгі күндегідей диаспора, ирредента тілі деп емес, қазақ тілінің сөйленістері ретінде, негізінен олардың тіліндегі лексикалық, фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерді зерттеумен шұғылданды. Мақаламызда алыс-жақын шетелдердегі қазақтардың тілі бойынша жүргізілген диалектологиялық зерттеулерге қысқаша тоқталып өтпекпіз.
Бастапқы кезде диалектологтер қазақ жерінің әр өңіріндегі тұрғындардың тіл ерекшелігін зерттей жүріп, жергілікті халықпен көршілес, іргелес отырған өзге республикалардағы қазақтардың тілін де зерттей бастайды. Яғни, өз тұрғылықты қонысында отырып, түрлі тарихи, саяси өзгерістерге байланысты бұрынғы Одақтас республикалардың құрамында қалып кеткен, бүгінде қазақ жерімен шектес саналатын Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Тәжікстандағы шоғырланып қоныстанған қазақтардың тіл ерекшелігі де ғалымдардың назарына ілікті. Бұрынғы одақтас республикалар болып келген Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясындағы (Орынбор облысындағы қазақтардың тілі бойынша, Таулы Алтай Автономиясы Қошағаш, Тұраты елді мекендеріндегі, Батыс Сібір, Қалмақ автономиясыдағы) қазақтар қоныстанған елді-мекендерге жергілікті тіл ерекшеліктерінен деректер жинау мақсатында экспедициялар ұйымдастырылды. Кейінірек алыс шет елдер Моңғолия, Қытайдағы қазақтардың тілі жөнінен зерттеу жүргізу мүмкіндігі туды. Алғашында жазылған материалдардың көпшілігі бір не бірнеше аудан, облыс немесе жеке сөйленістерді сипаттауға арналған болса, кейін келе тұтас аймақтардағы жергілікті халықтың тілі жайындағы зерттеулер монографиялар түрінде жарық көрді. Өзге елдердегі қазақтардың тілі диалектілік дегеннен гөрі сөйленістік сипатта, ауыспалы сөйленістер деп сипатталды. Мәселен, соның дәлелі ретінде жеке сөйленістер бойынша жазылған Ә.Нұрмағамбетовтің (Түрікменстан қазақтарының тілі), Т.Айдаровтың (Өзбекстан қазақтарының тілі), Б.Бекетов, Н.Жүнісовтің (Қарақалпақ қазақтарының тілі), А.Тасымов, К.Құрманалиевтің (Ресейдегі қазақтардың тілі), Б.Базылханның (Моңғолия қазақтарының тілі) еңбектерін [1] атауға болады.
Жеке сөйленістерді зерттеуден барып ірі-ірі өңірлерді зерттеу кейінгі жылдарда қолға алынды. Яғни, жеке-жеке сөйленістер өзіндік тілдік ерекшеліктеріне, ұқсастықтарына, сондай-ақ басқа сөйленістерден айырмашылықтарына және әдеби тілге қатысына қарай сөйленістер тобына топтастырылып, ғылыми классификация жасалды.
Зерттеудің нысаны. Қытай қазақтарының тілдік ерекшеліктері.
Ғылыми жұмыстың мақсаты - Қытай қазақтарының тілдік ерекшеліктері жайлы жалпы толық мағлұмат беру.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы;
- Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік фразеологизмдердің лексикалық құрылымы;
- Қазақ жерінен тыс өзге елдердегі қазақтардың тіл ерекшелігі;
- Қазақ жерінен тыс елдердегі қазақтардың тіл ерекшеліктері
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы;
Зерттеудің әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, білім стандартына, оқу бағдарламаларға теориялық талдау, мұрағат деректерді зерделеу, талдау, жинақтау, қорыту және жүйелеу;
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
2 Негізігі бөлім
2.1 Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы
Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мені зор екенін атай келе, былай дейді: "Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың "қазақ" болып қалуынын бірден-бір куәсі - оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол -- оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы" 4, 250-б..
Белгілі бір тарихи себептерге байланысты елден бөлініп, жырақтап қалған осы бір саны бүгінгі күнде милионнан асқан қандастарымыздың тілі қандай дәрежеде, қандай сипатта екенін зерттеу, оны жалпы халықтық мемлекеттік қазақ тілі деңгейінің аясында қарастыру -- тіл білімінің бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі екені даусыз.
Одан беріде Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды. Ал Қытайда түратын қазақтардың тілі тек жекелеген мақалалар түрінде ғана көрініп келеді. Ол жайында Ш.Сарыбаевтың, Ж.Болатовтың және Б.А.Бафиннің бірқатар мақалаларында сөз болған. Бұл мәселе қытай тілші ғалымдарының да назарынан тыс қалмаған. Бұл мәселенің зерттелуі жаңа Жоңго (КНР) құрылғаннан кейін, XX ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстанда өріс алған қазақ тіл білімінің диалектология саласының ғылым ретінде қалыптасуымен тікелей байланысты дамыды. Кейіннен Қытайдың өзінің ішкі саяси өміріндегі өзгерістерге қатысты кеп жылдар бойы үзіліп барып, 80-ші жылдардан кейін қайта жалғасын тапты.
Қытай қазақтары тіліндегі жергілікті ерекшсліктер жайында экспедициялық зерттеулер жасап, ол жайында ой-пікір айтқан ғалымдар қатарына Шынжаң тіл-жазу комитетінің профессоры Ли Сынды, Пекиндегі ұлттар университетінің профессоры Гың Шыминді, Батыс ұлттар институтының ғалымы Уаң Лизыңды, Пекин ұлттар университетінің доценті Чын Янянды, Шыңжандагы тілші ғалымдардан Оқабай Тойынбайұлын, Омарқан Асылұлын, Шынжаң университетінің профессоры Мерқан Кемелқанұлын және Шынжаң қоғамдық ғылым академиясының аға зерттеушісі Жақып Мырзақанұлын, Шынжаң тіл-жазу комитетінің доценті Нұрғабыл Солташарұлын, зерттеуші Тұрсын Мұқашұлын атауға болады.
Алайда бұл зерттеулер біртұтас емес, шашыраңкы түрде қарастырылған. Әрине, мұның өзіндік себептері жоқ емес. Алдымен зерттеп отырған ғалымдардыд барлығы да сол өлкенің тілдік өкілдері. Қалай дегенмен де, осындай азды-көпті кемшіліктеріне қарамастан, бұл зерттеулер Қытай қазақтары тілін зерттеу саласында өте құнды болып табылады.
Жалпы Қытай қазақтары тіліндегі жергілікті ерекшеліктер өте молдығымен, көзге түседі. Ал Қытай тарихындағы халық санасына өшпес ізін қалдырған 1966-1976 жылдар арасындағы "мәдениет зор төңкерісі" жылдары екені белгілі. Міне, осы бір азапты жылдардың сарыны бірқатар тіркестерден байқалады. Олардың қатарында қалпақ кию "қылмысты деп танылу", дазыбау жазу "қылмысты әшкерелеу", жала аудару "ақталу", куреске алу "ел алдында әшкерелеу", өзін-өзі боршалау " өз кінәсін мойындап, өзіне өзі баға беру" т.б.
Бірсыпыра фразеологизмдер көнеден қалған қару-жарақ атауларына қатысты жасалған. Мысалы: жасырын жебе ату "жасырын қастасу", найза ушын қарату "соқтығу". Запқының тасындай зырқырау "тез, асығыс жүру" деген тіркестегі запқы - көне қару аты.
Қытайдағы қазақтар тіліне әсер етіп отырған тілдің ең көлемдісі -- әрине, қытай тілі екені даусыз. Оның кейбірі дыбыстық жағынан қазақ тіліне бейімделіп, бүгінде өз тіліміздің құндылығына айналғандары да жоқ емес. Оған - жамбыл, жамбы. даң сөздерін мысалға келтіруге болады. Мысалы: ақшаң жоқ болса, жамбылга барма. Қытай тілінде: уа теп - мекеме, кеңсе мағынасында қолданылады. Осы сөз дыбыстық жағынан өте ерте замандардан-ақ қазақ тіліне сіңісіп кеткен. Осылайша үлкен әсер еткен тілдің бірі - ұйғыр тілі болып табылары дауссыз. Тіркесу тәсілі жағынан ерекше боп көрінгенімен, ұйғыр тілі әсерінен қалыптасқан фразеологизмдердің құрамындағы сөздер қазақ тілі үшін төл сөздер болып табылады. Мысалы: бедел табу "абыройлы, сыйлы болу", ауыз бузу "жаман сөз айту". Кейбір тіркестерде ұйғыр сөздері өзгермей алынады. Мысалы: қыжалат болу "қынжылу", диқәт қылу "назар аудару" т.б.
Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік фразелогизмдерді зерттеуші Мұстафаұлы Серік әдеби тілден мынадай белгілермен ерекшеленетіндігін көрсетеді.
* Құрамында этимологиялық жағынан терең талдауды қажет ететін түсініксіз сөздер көп кездеседі: марқадам таппау "пайда көрмеу", итпелеуінде отыру "біреудің дегеніне көну" т.б.
* Әдеби тілдегі жай тіркестер бұл өлкеде белгілі бір себептерге байланысты бейнелі сипат алып, тұрақты тіркеске айналған. Мысалы: қалпақ қию "кінәлі болу", есік ашу "достасу", шегара ажырату өштесу т.б. (10, 13-14б).
Қытай қазақтары тіліндегі ДФ-тердің ауқымды бір бөлігі Қытайдағы тарихи, саяси оқиғалармен тікелей байланыста қалыптасқан. Ондай ДФ-тер Қытайдағы қазақ халқының көне тарихынан хабар береді. Мысалы: шығанға шыққан тіркесі бүгінде "аса қу, әккі" мағынасында қолданылса, шығаннан шыққан тіркесі "елден асқан, озған адам" мағынасында қолданылады. Осы тіркес ежелгі Шынжаң қазақтарының сыртқы жағынан Қытай патшалығына қарап келсе де, ежелгі қазақ заңдарына сүйеніп жасаған заң ережелеріне қатысты қалыптасқаны байқалады. Осы заң ережелері бойынша айыптыдан қылмысының салмағына қарай айып алынады. Егер ұры айыпты төлей алмаса, ауылы, тіпті кіші рулары төлейді. Айыпкер ұрлығын қоймай қайталай берсе, оның туыстары "бұл енді бұдан былай өлсе құңсыз, сатса пұлсыз, кісі өлтірсе, құн бермейміз, кісіден өлсе, құн алмаймыз"-деп жариялайды. Осындай жариялаған адамды халық "шығаннан шыққан" деп атаған. Сол секілді перде артында тұру "жасырын нұсқау беру", есік ашу "шетелдер мен беттік байланыс орнату" сияқты тіркестер қытай халқының
тарихындағы елеулі оқиғалар мен қоғамдық өзгерістерден мәлімет береді.
2.2 Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік фразеологизмдердің лексикалық құрылымы.
Қытай қазақтары тіліндегі қолданылып жүрген ДФ-тердің табиғатын түсіну үшін оның лексикалық құрылымына көңіл бөлуіміз керек. 1.Қытай қазақтары тіліндегі жалпы халықтық лексикадан жасалған диалектілік фразеологизмдердің бірқатары әдеби тілде де кездеседі. Алайда, бұл аймақта ол тіркестердің құрамы түрлі лексика-семантикалық өзгеріске ұшыраған. Мұндай фразеологизмдердің көбі сол тұрғылықты халықтың жергілікті әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне сай жасалғандығы байқалады.
Отардагының орны суу дегеннің әдеби тілдегі беретін мағынасы -- "бірдеңенің орны толмай тұрғандай болуы". Мысалы: Жапсарлас көрші ауылдар да адам жіберіп, хал-жағдайын ұғып, қабағына қарайды. Сонда да отардағының орны суып дегендей, мұңға бата береді (Ғ.Қ. I. 197-б.); сәулетін ат тарта алмау "тәкаппарлану, ешкімді менсінбеу", арқар жалақ күн көру "амалдап күн көру". Мысалы: "Сәулетін ат тарта алмайтын еді, жасаған той, ұстаған үйін қара десе өлгеніміз сол емес пе?" (З.С. 261-б); арқар жалақ күн көріспен ғана қалтылдап келіп, азаттықтан соң ауызы асқа, ауы атқа толған (Ғ.Қ.І. 12-б). Сол сияқты ит бас, сиыр аяқты "жексұрын, сұмпайы адам", дөнен итше керігу "ешкімді менсінбеу".
"Ми" сөзінің қатысымен де бірнеше фразеологизмдер қалыптасқан. Мысалы: миынан түтін шығару "жазалау, сазайын беру"; миы өкшесіне тусіп кету "ақылдан айырылу, ақымақ болу, жаңылу".
Үстеу. Үстеу мәндес ДФ-тер іс-әрекеттің қалай орындалғанын бейнелей, әсірелей жеткізеді.
Қоламта басқан тауықтай болу "тыпырлап асып-сасу, зыр жүгіру, жанталасу"; баладан бұзылған аттай болу "жаман әдетке бой үйретіп қалған, оғаштық, сөлекеттік жасау"; бет екі сөйлесу "бетпе-бет сөйлесу", мысалы: Жолдыбай естуінше, бет екі сөйлескен адамы болмаған (Ғ.Қ. 351-б.); қалпын құратпай айту,жеткізу "өзгертпей, сол қалпында". Кенжеғазы Гүлсімге байланысты оқиғаның қалпын құратпай, өз жауапкерлігін де жасырмай ағынан ақтарылып, ақыл сұрады (Т.Қ.І. 247-6.); ой жобамен айту "мөлшерлеп, шамамен айту". Лұтпұлланың ой жобамен айтқан екі ауыз сөзі Жамшидінге тіпті басқаша сезілді (А.Т. 39-6.); тізгін ұшында "тез, дереу, қолма-қол", өлім хабарын тізгін ұшында жеткізді (ҚТТТС. 174-6.); боғын суытпай "тез, уақыт өтпей", мысалы: Болды десе боғын суытпай тус жылыта салайық,-деді (М. Р. 555-6.).
Енді бір тіркестер бір істі оңай, үйреншікті орындалуын сипаттай көрсетеді. Мысалы: қолының ұшында жасау "оп-оңай, тез жасау", шырапасын шыр айналдыру "қолынан еркін келу, баптап орындау". Қимыл сын үстеу мәндес фразеологизмдердің ендігі бір түрлері мағыналық жағынан түрліше болып келеді. Мысалы; суықтың масағы қалғандай "үсік әкетіп бара жатқандай", күшігін аузымен тасығандай "мейірімді қарау", күрік болған тауықтай "бұғып қалу, бой көрсетпеу"; қаңбақ қағып бірге өсу "жастайынан бірге ержету, тұрмыстың тауқыметін бірге көріп өскен". Қытайдағы қазақтар тілінде қолданылатын "жалаңаяқ дәрігер" яғни, "ауыл аймақты аралап жүріп емшілікпен айналысатын дәрігер мағынасына тоқталайық. Осы тіркес бүгінгі таңда дәрігер атауына айналып кеткенімен, ондағы образдылық солғындағанымен, бейнелігін мүлдем жоймаған. Сол секілді ұзатылған қызға қатысты "ат байлар" тіркесі қолданылады. Әдетте, жалпыхалықтық тілде "ат байлар" деп ұлды атайды. Ал, бұл өңірде ұзатылған қыз жұрты келешек сенің барар үйің, ат, байлар қазығың (деген мағынада бейнелі айтылса керек.
Мысалы: Ол тумай қалғыр, осымен бірге туып па еді, күйегі түскірдің күйегі бірге тускен екен де! (КК-151-б.), талағың түскір! (жыжынын бауыры). Бұл мақал жылқы малына қатысты қолданылады қоғамың қатқыр! Бұл жалпы мал атаулыға қатысты қолданылатын қарғыс түрі.Қарғыс түрлерімен бірге мұнда алғыс, бата, жақсы ниет, тілек тілеу мағынасында жасалған ерекше фразеологизмдер де кездесті. Мысалы: Меселің қайтпасын!, Өнерің өрісті болсын! Бұл алғыстар әдетте, жаңа талаптанған, өнерлі жастарға қаратылып айтылады.
Әдеби тілдегі ашулану, кею мағынасын беретін "тас-талқан болу " тіркесінің осы өлкедегі халық тілінде құны-перен болу, дода болу, битке пышақ суыру, бықы-тықы болу, от алып қопага түсу секілді қатар толықтыра алады.
Қытай қазақтарынң әдеби тілі мынадай төрт кезеңді: бірінші - алғаш қалыптасу кезеңін (1930-1950); екінші - даму кезеңін (1950-1962); үшінші -токырау кезеңін (1962-1980); төртінші - кайта даму кезеңін (1980 жылдам қазірге дейін) бастан өткізді деуге болады.
Алғашкы кезеңде - 1930 жылдан бастап мектептер ашылды, араб әліппесіндегі қазақтың төте жазуы, А.Байтұрсынұлы емлесі, грамматикасы жаппай колданылды, Алтайда, Үрімжіде, Шәуешекте қазақ тілінде газеттер шыға бастады. Қазақ мектептері жаппай ашылды. Содан кейін, яғни азаттықтан бастал Шыңжаң казактарының тілі, жазуы бүкіл Қытай бойынша тіл-жазуы сақталып қалған 5 ұлт қатарында саналған мәртебеге ие болды. Өз алдына баспасы, газеті, радиосы болды. Пекинде Ұлттар баспасының казақ редакциясы, Шыңжаң халық баспасының, қазақ редакциясы құрылып, әр салада қырауар кітап, журналдар шыға бастады. Шыңжаңда аз ұлттар тіл-жазуына басшылық ететін арнайы орган құрылып, жұмыс істеді. 1954 жылы А.Байтұрсынұлы әліппесі негізінде толықтырылған Қазақ тілінің емлесін дұрыс колдану ережесі жарыққа шықты. Осы кезеңдегі оқу- ағарту, ғылым-техника, мәдениет т.б. салалардағы дамуда, әрине, тіл-жазудың ерекше орын алғандығы даусыз.
Өкінішке қарай, бұл кезеңнін кейбір көлеңкелі жақтары да орын тепті. 1950 жылдардың соңғы кезінде кейбіреулер - славян жазуына көшуді ұсынды, бұл пікір едәуір қолдау танты. Олардың көздегені сол кездегі ауқымға ілесіп, тұтас қазақ жазуын бір арнаға көшіру болса, енді бір жағынан шеттен кірген атау-термиидерді сол қалпында бұзбай жазу еді. Бұл, әрине, іске аспайтын нәрсе еді. Өйткені Шыңжаңдағы ұлттардан ұйғыр, қырғыздардың тіл-жазуын да ескерусіз қалдыруға болмайды. Ал термин саласында өте сорақылық орын тепті. Баспасөзде, ақпарат құралдарында, радиода жалпы халық ұға бермейтін, дыбыстап дәл айта алмайтын жат терминдер көбейіп кетті. Мысалы: оппортунизм, председатель, революция, ревизионизм т.б..
6О-жылдардың соңында қытай жазуын дүние жүзілік жазу ауқымына сай латын жазуына кешіру мәселесі алға қойылды. 1959 жылы қазақ тілінің жазуы жасалды да славян жазуы мәселесі тоқтап қалды. Ал үшінші кезең, яғни 1962 жылдан бастап Шынжаң қазақтары тілінде тоқыраушылық пайда болды. Бұл ұзақ уақытқа созылды. Түрлі себептерге байланысты бүкіл қазақ арасына кең жалпыласып кетпеді, тек баспасөз, ақпарат құралдарында, оку орындарында, мектептерде ғана бір мезет өріс алды. Іс басындағы мәнсап иелеріне латын жазуымен жұмыс жүргізу тым киын соқты. Ең сорақылығы біздің фонетикалық дыбыс заңдылығымызға үйлеспейтін ханзу әріптерінен гһ, сһ, һ әріптерінің тыкпалап енгізілгендігі болды. Сонымен ұлттық тілдің жазу заңдылығы өрескел бұзылды.
Сонымен 1960 жылдардан басталған әсіре солшылдықтың және мәдени революцияның кесірінен тіліміз дамымай, шұбарланып, тоқырау күйінде қалды. Өзімізде баламасы бола тұрса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Жергілікті жердегі диалект сөздер
Диалектология ғылымының зерттелуі
Жергілікті тілдің ерекшеліктері
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Қазақтар (шетжұрты)
Қазақтар
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Пәндер