ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5
Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық
аспектілері

1.1. ҚР банктік қызметтер нарығының мәні мен ерекшелігі ... ... ... ... ...6.8
1.2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі..8.13

Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін
талдау
2.1. ҚР.дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.21
2.2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.27

Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің
ролін арттыру жолдары
3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді
реттеу және дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.31
3.2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі ... ... ... ..31.33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34.35

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36.37
КІРІСПЕ

Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. Жалпы, банктік қызмет көрсетулер бұл банк (қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы) арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық категория болып табылады. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында мұндай қарым-қатынастар келісім – шарт негізінде жасалады және оған мүше бола отырып әрбір жақ өз мақсатын көздейді. Клиент үшін бұл қаржылық қажеттілкті қанағаттандыру болып табылады. Ал банктің негізгі мақсаты – бұл банктік қызметтерді ұйымдастыра және жүргізе отырып табыс алу. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында кез-келген банктік қызметтер табыс әкелуі тиіс, себебі әрбір коммерциялық банктің құрылудағы мақсаты – табыс алу болып табылады.
Қазіргі кездегі еліміздің банктік жүйесінің ерекшелігі – ол банктік іске жаңа технологияларды енгізе бастаумен, нарықтық үлгіге негізделген банктердің пайда болуымен, банктік қызметті реттеуге бағытталған заңнамалар жүйесінің ілгері қарай дамуымен сипатталады. Сол себептен де банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылым-дарының бірі болып табылады. Банктердің экономикадағы функционалдық ролі, банктік қызметті заңшығарушылық жолмен қадағалау, банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас, бұлардың барлығы тек банкке ғана тән ерекшеліктер жүйесін құрайды. Банктік қызмет көрсету нарығы сыртқы ортамен үнемі белсенді қарым -қатынаста болады және ол ашық жүйе болып табылады.
«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, «банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.» Банктік қызмет – бұл банктік операц-ияларды жүзеге асырумен байланымты қызметті білдіреді.
Банктік қызметтер нарығын сегменттеу ең алдымен банктің нарықтағы жағдайын талдау, сондай-ақ банк нарығын бәсекелес банктердің нарығымен салыстыру (бәсекелес банктердің қандай да бір нарық сегментіндегі үлесін анықтау) және де басқарудағы маңызды шешімдерді қабылдау үші өте қажет болып табылады. Банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау маркетингтік қыз-меттің ең маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Зерттеудің күрделілігі бәсекелес банктер мен басқа да қаржылық мекемелер туралы нақты әрі тың мәліметтердің қажеттілігімен түсіндіріледі.
Қазақстандағы банк ісінің дамуымен байланысты, клиенттердің қажеттіліктерінің өсуіне және сыртқы орта шарттарының қатаңдануына байланысты банктер алдында банктік қызметтер порфелін инновациялық банктік қызметтерді енгізу жолымен кеңейту мәселесі туындады. Инновациялық банктік қызметтердегі жаңалықтар, ең алдымен, аударым жүйесінің жеңілдетілуімен байланысты. Алдыңғы қатарлы қазақстандық банктердің қызметін зерттеу негізінде инновациялық банктік қызметтердің есебінен тұтынушыларға ұсынылатын банктік қызметтердің түрі кеңейтілгені мәлім болды. Қазақстандық банктер әлемдік деңгейдегі «Western Union» және «Money Gram» ақшалай аударымдар жүйесінің мүшелері болды. Сондай-ақ, қазіргі заманның актуальды мәселелерінің бірі – бұл экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды ұзақ мерзімді инвестициялау болып табылады. Елдің 2015 жылға дейінгі инновациялық – индустриялық даму Бағдарламасының қабылдануы бұл мәселенің шешілуіне оң әсерін тигізді. Осыған байланысты, қазақстандық банктердің тәжірибесінде банктердегі инвестиициялық жобаларды қаржыландырудың жаңа әдісі жобалық несиелендіру жүзеге асырыла бастады.
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуына орай аса көңіл бөлетін мәселелердің қатарына банктік қызмет саласын реттейтін заңдарды дамыту жатады. Ал банктік қызмет аясының жоғарғы деңгейде дамып, халықаралық деңгейге сәйкес болуы осы саланы реттеуге арналған заңдардың тиімді түрде жүзеге асуымен тығыз байланысты.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «ҚР-дағы банктер мен банктік қызметтер туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар 1995 жыл 31 тамыздағы Жарлығы.
2. Н.Назарбаев. / «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. / Алматы, «Білім», 1998.92-с. 54-55 беттер.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Ред.басқарған Ғ.С. Сапарғалиев. / Алматы, «Жеті Жарғы»- 1999ж. 26 бет.
4. Екінші деңгейлі банктерді халықаралық стандартқа көшіру тәртібі туралы ереже./ 12 желтоқсан 1996/292 Ұлттық Банк жаршысы, 6-н 1997
5. Пруденциалдық нормативтер туралы ереже./ 23 мамыр 1997, 222-н. Ұлттық Банк жаршысы, 26-н. 1997
6. Екінші деңгейлі банктерге шектеу шараларымен әсер етуді қолдану тәртібі туралы ереже./ ұлттық Банк жаршысы, 25-н, 1997.
7. Банковское дело. Учебник под.ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливецкой / М: Финансы и статистика, 1995
8. Банковское дело./ Справочное пособие под.ред. О.И.Лаврушина, / М:Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1992
9. Банковское дело. Справочное пособие под.ред. Ю.А.Бабичевой, / М: Экономика, 1993
10. А.Д.Голубович, М.В.Кулагин, О.М.Мирилеская / Валютные операции в коммерческих банках. / М: Менатеп-ИНФОРМ, 1994
11. О.А.Маркова и другие / Коммерческие банки и их операции. / М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995
12. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. / Учебник под.ред. профессораЛ.Н.Красавиной, / М: Финансы и статистика, 1998
13. Сейітқасымов А.А. / «Ақша, несие, банк.» / Алматы, 2001ж.
14. Көшенова Б.Н / «Ақша, несие, банктер.» / Алматы, 1999 ж.
15. Мақыш С.Б. / «Ақша айналысы және несие» / Алматы, 2004 ж.
16. Мақыш С.Б. / «Коммерциялық банктердің қызметтері» /Алматы, 2004ж.
17. Саниев М.С. / «Ақша несие банктер» / Алматы, 2001 ж.
18. Климова Н.Н. / «Формирование и развитие банковских услуг» / Алматы, 2005 ж.
19. Салимова Ж.Д. / «Инновационные банковские услуги и процесс их развития в РК,» / Қарағанды, 2004 ж.
20. Арыстанов А.К. / «Развитие банковской системы в условиях рыночной экономики.» / Алматы, 2003 ж.
21. Лисак Б.И., Ким.А.Б. / «О стандартах качества обслуживания клиентов в банках.» / «Банки Казахстана»-№3-2005г.
22. Давлетова М.Т. / «Современное состояние банковской системы и перспективы развития рынка банковских услуг в Казахстане.» / «Финансы Казахстана»-№10-2005г.
23. Шаяхметова К.О. / «Теоретические и практические аспекты развития банковской системы РК.» / «Вестник КазНУУ» - 11 – 2004 г.
24. Аралбаева А.А. / «Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдардың дамуының ейбір мәселелері.» / Банки Казахстана-11-2005 ж.
25. «Системный подход к исследованию рынка банковских услуг.» / «Вестник КазЭУ»/ 2005г.-2-105 стр.
26. «Инновационные аспекты деятельности коммерческих банков на рынке банковских услуг.» / Материалы международной научно-практической конференций Ч 3/ Алматы, КазЭУ им. Т.Рыскулова./ 2004.-326стр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5
Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық
аспектілері
1. ҚР банктік қызметтер нарығының мәні мен
ерекшелігі ... ... ... ... ...6-8
2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі..8-13

Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін
талдау
1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және
қазіргі жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 14-21
2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1-27

Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің
ролін арттыру жолдары
3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді

реттеу және
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28-31
2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі ... ... ... ..31-
33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .34 -35
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
-37

ЖОСПАР

Кіріспе

Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер
НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Қазақстан Республикасының банктік қызметтер нарығының мәні мен
ерекшелігі
1.2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі

Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік
ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ

2.1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және
қазіргі жағдайын талдау
2.2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын
талдау

Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк
ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары

3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді

реттеу және дамыту
3.2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып
табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып
және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік
ерекшеліктері мен ережелері бар. Жалпы, банктік қызмет көрсетулер бұл банк
(қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы) арасында
пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық
категория болып табылады. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында
мұндай қарым-қатынастар келісім – шарт негізінде жасалады және оған мүше
бола отырып әрбір жақ өз мақсатын көздейді. Клиент үшін бұл қаржылық
қажеттілкті қанағаттандыру болып табылады. Ал банктің негізгі мақсаты – бұл
банктік қызметтерді ұйымдастыра және жүргізе отырып табыс алу. Нарықтық
экономикалық қатынастар жағдайында кез-келген банктік қызметтер табыс
әкелуі тиіс, себебі әрбір коммерциялық банктің құрылудағы мақсаты – табыс
алу болып табылады.
Қазіргі кездегі еліміздің банктік жүйесінің ерекшелігі – ол банктік
іске жаңа технологияларды енгізе бастаумен, нарықтық үлгіге негізделген
банктердің пайда болуымен, банктік қызметті реттеуге бағытталған заңнамалар
жүйесінің ілгері қарай дамуымен сипатталады. Сол себептен де банктік жүйе –
нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылым-дарының бірі болып
табылады. Банктердің экономикадағы функционалдық ролі, банктік қызметті
заңшығарушылық жолмен қадағалау, банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас,
бұлардың барлығы тек банкке ғана тән ерекшеліктер жүйесін құрайды. Банктік
қызмет көрсету нарығы сыртқы ортамен үнемі белсенді қарым -қатынаста болады
және ол ашық жүйе болып табылады.
ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы Заңның 1-бабына сәйкес,
банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктік қызмет – бұл банктік операц-
ияларды жүзеге асырумен байланымты қызметті білдіреді.
Банктік қызметтер нарығын сегменттеу ең алдымен банктің нарықтағы
жағдайын талдау, сондай-ақ банк нарығын бәсекелес банктердің нарығымен
салыстыру (бәсекелес банктердің қандай да бір нарық сегментіндегі үлесін
анықтау) және де басқарудағы маңызды шешімдерді қабылдау үші өте қажет
болып табылады. Банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау
маркетингтік қыз-меттің ең маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің күрделілігі бәсекелес банктер мен басқа да қаржылық мекемелер
туралы нақты әрі тың мәліметтердің қажеттілігімен түсіндіріледі.
Қазақстандағы банк ісінің дамуымен байланысты, клиенттердің
қажеттіліктерінің өсуіне және сыртқы орта шарттарының қатаңдануына
байланысты банктер алдында банктік қызметтер порфелін инновациялық банктік
қызметтерді енгізу жолымен кеңейту мәселесі туындады. Инновациялық банктік
қызметтердегі жаңалықтар, ең алдымен, аударым жүйесінің жеңілдетілуімен
байланысты. Алдыңғы қатарлы қазақстандық банктердің қызметін зерттеу
негізінде инновациялық банктік қызметтердің есебінен тұтынушыларға
ұсынылатын банктік қызметтердің түрі кеңейтілгені мәлім болды. Қазақстандық
банктер әлемдік деңгейдегі Western Union және Money Gram ақшалай
аударымдар жүйесінің мүшелері болды. Сондай-ақ, қазіргі заманның актуальды
мәселелерінің бірі – бұл экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды
ұзақ мерзімді инвестициялау болып табылады. Елдің 2015 жылға дейінгі
инновациялық – индустриялық даму Бағдарламасының қабылдануы бұл мәселенің
шешілуіне оң әсерін тигізді. Осыған байланысты, қазақстандық банктердің
тәжірибесінде банктердегі инвестиициялық жобаларды қаржыландырудың жаңа
әдісі жобалық несиелендіру жүзеге асырыла бастады.
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуына орай аса көңіл
бөлетін мәселелердің қатарына банктік қызмет саласын реттейтін заңдарды
дамыту жатады. Ал банктік қызмет аясының жоғарғы деңгейде дамып,
халықаралық деңгейге сәйкес болуы осы саланы реттеуге арналған заңдардың
тиімді түрде жүзеге асуымен тығыз байланысты.

Бөлім 1. Қазақстан Республикасының нарық жағдайындағы банктік қызметтер
нарығының теориялық аспектілері

1.1 Қазақстан Республикасының банктік қызметтер нарығының мәні мен
ерекшеліктері

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі болып табылады. Банктер нарықтық экономикадағы басты
қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша
нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады.
Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме
жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды. Осы жаңа
міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін
құрайды. Нарықтық экономикада банктер монополитерге айналады және барлық
қаржылық капитал арқылынақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып,
ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Банктер өз
қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық
(министрліктер, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган)
басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып
табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып
және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік
ерекшеліктері мен ережелері бар. Банктік қызмет түсінігінің теориялық
мағынасы мен оның банктік операция және банк өнімі түсініктерімен
байланысы отандық және шетелдік әртүрлі экономистердің еңбектерінде
зерттелінді.
Банктік операция – бұл меншік және тартылған ресурстарды ұйымдастыру
мен орналастыру бойынша екінші деңгейлі банктердің Орталық Банкпен
лицензияландырылған қызметі болып табылады. Ал, банктік қызмет көрсетулер
бұл банк (қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы)
арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық
категория болып табылады. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында
мұндай қарым-қатынастар келісім – шарт негізінде жасалады және оғна мүше
бола отырып әрбір жақ өз мақсатын көздейді. Клиент үшін бұл қаржылық
қажеттілкті қанағаттандыру болып табылады. Ал банктің негізгі мақсаты – бұл
банктік қызметтерді ұйымдастыра және жүргізе отырып табыс алу, бұл жедел
(мысалы, делдалдық операциялар арқылы қызмет көрсету негізінде) немесе
блашақтық (мысалы, несие пайызы) болып бөлінуі мүмкін. Нарықтық
экономикалық қатынастар жағдайында кез-келген банктік қызметтер табыс
әкелуі тиіс, себебі әрбір коммерциялық банктің құрылудағы мақсаты – табыс
алу болып табылады. Банк пассивтік операцияларды орындай отырып өзінің
ресурстық қорын ұлғайтады, сол арқылы болашақ активтік операцияларының
негізін құрайды. Банктік қызмет көрсетуде бірқатар ерекшеліктер тән, олар
базалық және айрықша деп екі топқа жіктеледі. Базалық ерекшеліктері
экономикалық әдебиеттерде кеңінен танымал, сондай-ақ ол қызмет
көрсетулердің барлық түрлерінде кездеседі. Банктердің экономикадағы
функционалдық ролі, банктік қызметті заңшығарушылық жолмен қадағалау, банк
пен клиент арасындағы қарым-қатынас, бұлардың барлығы тек банкке ғана тән
ерекшеліктер жүйесін құрайды. Бұл ерекшеліктер өз кезегінде функционалдық,
спецификалық және мінездемелік болып жіктеледі. Төменде банктік қызмет
көрсетулердің ерекшеліктерінің топтамасы көрсетілген.
Банктік қызмет көрсетулердегі ерекшеліктер:
Базалық ерекшеліктері:
• Сақтай алмау мүмкіншілігі.
• Сапалық тұрақсыздық.
• Ақпарат көзіне тікелей бағыныштылық.
Айрықша ерекшеліктері:
• Функционалдық:
1. Экономиканың барлық салаларымен байланыста болу.
2. Экономиканы төлем құралдарымен қамтамасыз ету.
3. Айналыстағы ақша көлемін қадағалау.
4. Универсалды қызмет көрсетуге бағдарлану.
5. Нарықтық қатынастар жағдайындағы мамандандырылғандық.
• Спецификалық:
1. Қатаң мемлекеттік қадағалау.
2. Заимдық құралдарды пайдалану.
3. Үшінші тұлғалар алдындағы құпиялылық.
4. Әртүрлі ақша формаларын қолдану.
5. Табыстылық және тәуекелділік.
• Сипаттылық:
1. Индивидуалды сипатта болу.
2. Клиент сеніміне тәуелділік және клиент тәуекелімен байланыс жасау.
Осы көрсетілген банктік қызметтердің ерекшеліктері негізінде нарықтық
экономикалық қатынастар жағдайындағы банктік қызметтер классификация-сын
төмендегі кесте түрінде көрсетуге болады.
Кесте 1

Критерийлер Қызмет түрлері
Банктік қызметтің спецификасы Спецификалық
Спецификалық емес
Банктік операциялардың сипаты Активтік, пассивтік және делдалдық
операциялар бойынша
Алынатын табыс пен жұмсалатын Пайыздық операциялар бойынша
шығынның түрі Пайыздық емес операциялар бойынша
Тұтынушылардың категориялары Жеке тұлғаларға қызмет көрсету
Заңды тұлғаларға қызмет көрсету
Қызмет көрсету деңгейі Қарапайым қызмет көрсетулер
Комплекстік қызмет көрсетулер
Қызмет көрсетудің индивидуалдық Индивидуалдық қызмет көрсетулер
деңгейі Универсалдық қызмет көрсетулер
Табыстылық деңгейі Жедел табыс әкелетін
Белгілі бір мерзімде табыс әкелетін
Табыс әкелмейтін қызмет түрлері
Қызмет көрсетуге төлемдер Ақылы қызмет көрсету
Ақысыз қызмет көрсету
Табыстылық тәуекелінің деңгейі Тәуекелсіз
Тәуекелдің белгілі бір үлесі бар
Жоғары тәуекел деңгейі
Жаңартулар деңгейі Дәстүрлі
Жаңартылған
Инновациялық
Қызмет көрсету деңгейі Жедел
Қысқамерзімді
Ортамерзімді
Ұзақмерзімді

Банктік қызмет көрсету нарығы сыртқы ортамен үнемі белсенді қарым
-қатынаста болады және ол ашық жүйе болып табылады. Жалпы, нарықтық
экономикада банк жүйесі үш түрлі ролді атқарады. Біріншіден, жетілген банк
жүйесі төлем жүйесін басқарады. Нарықтық қатынастарда коммерциялық келісім-
шарттардың көпшілігі электрондық немесе чектік төлемдер арқылы жасалады.
Екіншіден, басқа да қаржылық делдарман қатар, банктер несие саясатының
аясында, халық салымдарын әртүрлі проекттерге жұмсайды. Мұндай
инвестициялық процесстің тиімділігі негізінен банк жүйесінің заимшыларды
дұрыс таңдай білу қабілеттілігіне байланысты. Үшіншіден, коммерциялық
банктер Орталық банктің ақша-несие саясаты бойынша іс – қимыл жасайды,
әртүрлі экономикалық жүйеде айналыста жүрген ақша көлемін реттеу процессіне
қатысады.

1.2 Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері мен жіктелуі

ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы Заңның 1-бабына сәйкес,
банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктік қызмет – бұл банктік операц-
ияларды жүзеге асырумен байланымты қызметті білдіреді. Аталған Заңның 30 –
бабына сай банктік операцияларға мыналар жатады:
• заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
• жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
• банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
• заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
• кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
• аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
• есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және
өзге борыштық міндеттелерін есепке алу (дисконт);
• заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімен белгілеу және қайтару шартымен
ақшалай формада несиелер беру;
• заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корресподент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу;
• сенім (траст) опереациялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және
оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын
басқару;
• клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-
ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
• сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметтерін көрсету,
сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
• ломбардтық операциялар; тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктері кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
• төлем карточкаларын шығару;
• банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және
жөнелту;
• шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
• төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
• чек кітапшаларын шығару;
• бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
• аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
• ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
• үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
• брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
• дилерлік – мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
• кастодиандық;
• клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді
(бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі. Сонымен қатар, ҚР-дағы екінші
деңгейлі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкіл-
діктері, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің қызметтері жөнінде экономикалық басылымдарда әр түрлі
пікірлер айтылады. Көбінесе банктің қызметі олардың жүргізетін
операцияларымен теңестіріледі. Олардың бәрін талдап, мынауы дұрыс, мынауы
дұрыс емес деп жату бұл жұмыстың мақсатына жатпайды. Сондықтан банктің
барлық сыртқы орталықпен жасайтын қарым-қатынастарының банк операцияларына
тән ерек-шеліктерін ескеріп, банктің негізгі үш қызметі бар деп түсінген
жөн. Оның біріншісі, кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша
қа-ржыларын олардың банктегі шоттарына, депозитке, әр түрлі салымдарға
шоғырландыру болып табылады. Сөйтіп, банктер басқа кәсіпорындарына, жеке
тұлғаларға несие беру үшін тиісті ресурстар жинайды. Бұл банктердің несие
қызметін жүргізуінің басты жағдайы.
Сонымен қатар, басқа субъектілер де, маңызды шараларын іске асыру үшін
қаржы жинаулары мүмкін. Бірақ мұнай ақша жинау мен банктің ақша шоғыр-
ландыруының арасында біраз айырмашылықтар бар. Біріншіден, банк өз ақ-шасы
немесе басқалардың бос ақша қаржыларын жинайды. Екіншіден, банк, жи-наған
ақшасын өзінің тікелей қажетіне жұмсамайды, оны клиенттерге, олар-дың
керегіне жұмсауға береді. Үшіншіден, шоғырланырылған ақша банктің меншігі
бола алмайды, ол банкіге салған субъектілердің меншігі болып қала береді.
Төртіншіден, басқа заңды немесе жеке тұлғалардың уақытша бос қар-жыларын
шоғырландыру,банкке заңды түрде бекітілген құқық.
Банктің екінші негізгі қызметі болып ақша айналымын реттеу болып
табылады. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бүкіл елдің төлем
айналымы банктер арқылы өтеді. Ол үшін банктер әр түрлі төлем құралдарын
(еліктемелерді)шығарады, несиелер береді. Осының нәтижесінде ақша айнал-ымы
жөнге салынып отырылады. Бұл да банктің ақша-несие ретіндегі Заңмен
бекітілген құқығы.
Банктің үшінші қызметі – делдалдық. Банктер өнімін немесе қызметін
сатушы мен сатып алушының ортасында, олардың жұмысы делдалдық болып
көрінеді. Банктің делдалдық жұмысы несиелік ресурстарды шаруашылық жү-
ргізуші субъектілердің арасында, шаруашылықтың әртүрлі салаларының ара-
сында аусып жүруінен көрінеді және олардың тиімді пайдаланылуы мен бар-лық
шаруашылық қызметтерінің жақсартылуына үлкен әсер етеді. Өйткені, олардың
біреулері бос ақшасын банкіге салып, олардан пайыз түрінде сыйақы алады, ал
екіншілері, уақытша, қосымша қаржыға қажеттігін банкіден алған несиемен
жауып, өндіру мен өткізу процесстерінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екі
жағдайда да банктің клиенттері ұтыста болады.
Банктің мазмұны мен қызметтері оның экономикадағы маңызын көрсетеді.
Банкті маңызы деген сөзді оған жүктелген міндеттер деп түсіну керек,
яғни,ол не үшін керек, неге қолданылады, не үшін дамиды. Банктің қызметтері
сияқты оның маңызы да ерекше. Банктің айырбастау саласында істейтіндігін
ескерсек, оған жүктелген міндеттер мен оның экономикаға тигізетін ықпалын
осы сала арқылы қарау керек. Солай болса, банкіге жүктелген міндеттер
мыналарды қа-мтамасыз етеді:
• Өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті
бос капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
• Ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау.
Уақытша бос ресурстарды шоғырландыру атқарымынан көрінгендей, бан-
ктер бір жағынан уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан,
оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж, шаруашылық жүргізетін
субъектілерге беруші. Банктер, уақытша бос ақшаның тозаңдай ағымын жина-
стырып, ақша ресурстарының орасан зор ағымына айналдырады. Оларды шоғ-
ырландыру және өндірі пен айналымның керегін қамтамасыз етуге бағыттау,
банктердің экономикалық орталықпен қарым-қатынасы, онымен әрекеттесті-
лігінің ең маңызды атрибуты.
Банктердің ақша-қаражатын шоғырландыру, кеіннен оларды қайта бөлу, өн-
діріс пен айналымның үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы
өндірістің процессін жеделдетеді.
Капиталдың, тауардың, ақша айналымының өсу негізінде пайда болған бан-
ктер, ақша айналымын тәртіпке салу, оны рационализациялайтын, басқа ешкі-
мде жоқ қасиетке ие. Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржы-
сын сақтауды, ішкі және сыртқы экономикалық айналымдардағы сауда опера-
цияларына сәйкес аударуды, қамтамасыз еткен және олар, бір елдің ақша бел-
гісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Әрине, одан
бері банк ісінің технологиясы және көлемі айтарлықтай өзгерді.
Есеп айырысудың ежелгі, банкирлік үйлер қолданған, қарапайым нысанда
қазіргі электрондық тораптардың негізінде ұйымдастырылған есеп айырысу,
шаруашылықтарға айналым уақытын жеделдетіп, тауар өндірушілердің ара-сында
шаруашылық байланыстарды кеңейтуге мүмкіншілік алды. Сондықтан, банктер
экономикалық өмірдің бөлінбейтін атрибутына айналды. Банксіз еш-бір
кәсіпорын, ешқандай бірлестіктер, бөлек заңды және жеке тұлғалар өмір сүре
алмайды деуге де болады.
Сөйтіп, банктің мазмұнында, қызметтерінде қамтылған жағдайларға және
оның экономикадағы міндеттеріне сәйкестігі, банктің маңызын суреттейді.
Сонымен қатар, банктің маңызын анықтауға сан және сапа жағынан қарау керек.
Сан жағынан қарағанда, банктің көрсететін немесе нарықта сататын, қызмет-
терінің қанша түрде және қанша көлемде екендігімен бағаланады. Мысалы,
шаруашылық жүргізуші субьектілерге, жеке тұлғаларға, оның ішінде эконо-
миканың маңызды салаларына, қанша несие берілгендігі ескеріледі.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында, шағын және орта бизнес-
тердің, ауыл шаруашылық өндірістерінің дамуы маңызды. Сондықтан банктің
маңызын сан жағынан бағалағанда, осы салаларға қанша несие берілгендігіне
көңіл аудару қажет. Бұл жөнінде қанша Үкімет қаулылары болса да, арнаулы
мемлекеттік қорлар құрылып жатса да, шағын және орта бизнесті дамытуға
несие беру, бұрынғыға қарағанға көбейгенімен, әлі де ойдағыдай емес. Ресми
деректерге сүйенсек, 2001 жылдың басында баолық экономикаға салынған ба-нк
ресурстарының 26,5% осы мақсатқа берілген. Кейде іс жүзінде мынандай да
жағдайлар орын алуы мүмкін. Банктің берген несиесі үлкен сомада. Бұл
жөнінде банктің бедел көрсеткіші жоғары. Бірақ, ол соманың басым көпшілігі
сатып алу, қайта сату, (коммерция) үшін беріліп, өнім өндірушілер қаржы жа-
ғынан тапшылық көріп жатса, банктің ел экономикасын дамытудағы маңызын
төмен болды деуге болады.
Егер банктің маңызын сапа жағынан қарау керек болса, оның әрекеттерін-
ің елдің және бөлек субьектілердің экономикасының өсуіне қандай дәрежеде
ықпал еткенін бағалау керек. Мысалы, банкіден алған несиені пайдаланудың
нәтижесінде Отандық өндірушіленр қанша қандай сапада өнім шығарады, қа-нша
жұмыс орнын құрды, халыққа және шаруашылықтарға керекті өнімдер қаншаға
өсті, банктің несиесін және де басқа да банк қызметтерін пайдалану
нәтижесінде қанша пайда түсті деген мәселелерді қарау керек. Мұның бәрі
елдің кіші экономикадағы банктің маңызы болып абылады. Банкінің үлкен
экономикадағы маңызын елдің басқа да жалпы экономикалық көрсеткіштер-мен
байланыстырып бағалау төтенше көңіл аударарлық мәселе.
Дәстүр бойынша, банктер ұдайы өндіріспен тікелей байланысты.
Сондықтан, олардың маңызын бүкіл экономиканың көрсеткіштерімен байланысты-
рып бағалау, банктердің шаруашылықтарға, өздерінің қызметтерін көрсете
отырып, қандай нақты көмек көрсеткендерін суреттейді.
Мысалы, банктің төлем құралдарын шығаруы, сонымен бірге ақша бірлі-
гінің тұрақтылығына, өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Банк айналымға
ақша шығара отырып, оның бүкіл өндіріске және айналымға қалай ықпал ететіні
мен байланыстыруы керек. Өйткені, айналымға артық ақша шығып кетсе, ұлт-тық
ақша бірлігінің сатып алу қабілеті кемиді, инфляциялық ахуал туындауы
мүмкін, капитал мен жиналған құндылықтардың құны төмендейді, ал айналы-
мдағы ақша жиынының жеткіліксіздігі - өндірілген өнімді өткізуді қиындыққа
апарады, өйткені төлем құралы жетіспегентіктен оны сатып алушылар уақы-
тында төлей алмайды, соның салдарынан өндірісті қысқартуға тура келеді, ал
оның салдарынан жұмыссыздық пайда болады. Сонымен, банктің жұмысына
көбінесе ( басқа да себептермен қатар), ақша бірлігінің тұрақтылығы
тәуелді, ал мұның өзі банк жұмысының, оның экономикадағы міндеттеріне
қаншалық-ты сәйкес екендігін дәлелдейтін маңызды компоненті.
Айырбастау саласында істейтін болғандықтан, банктер қоғамдық
өнімді өндіру, бөлу, пайдалану процестерінен қашық тұра алмайды. Сондықтан
үл-кен экономика деңгейінде банктің маңызын бүкіл экономикаға қандай әсер
ет-кені арқылы ашу керек.
Жоғарыда, банктің маңызын сан жағынан да бағалау керек дегенбіз.
Бірақ, тек несие көлемінің өскені жағдайды толық суреттей алмайды. Банк әр
уақыт-тада несиені көбірек беруге ұмтылмайды. Өндірістің даму бағытын,
нарықтың жағдайын ескермей есепсіз несие берілсе, өндірісте де, банктің
жұмысында да жағымсыз жағдайлар туыуы мүмкін. Сондықтан несиенің қайтпай
қалу қаупі банкті сабырлы несие саясатын ұстауға мәжбүр етеді. Дегенмен,
қаншалықты қиын болса да, банк неге арналғанын ұмытпау керек, өзінің жеке
мүддесін, бү-кіл қоғамның мүддесімен байланыстыруы керек. Өйткені, банктің
өзі сол қоғ-амдық мүдделерден пайда болған.
Өкінішке орай, қазіргі банктердің осыны ұмытып кеткендері анық. Олар-
дың өз мүдделері қоғам мүддесінен жоғары, ол тек пайда табу үшін істейді
және кез келген жолмен (кейде арам айла-амалмен). Сондықтан Қазақстан
экономикасының осы уақытқа дейін (тәуелсіздік алғанымызға он жыл өтті)
дағдарыстан толық шығып кете алмай отырғаны, тікелей банктердің жұмыс-ымен
байланысты деуге болады. Олардың бүгінгі күнгі экономикадағы маң-ызы өте
төмен, ішкі мазмұндары, экономикалық субьектілер ретінде, неге ар-
налғандығына сәйкес келмейді. Көптеген банктердің жабылып жатқанының бір
себебі осында. Өйткені, арам айла-амалдардың жолы қысқа, ұзаққа бара
алмайды.
Сонымен қатар, дүние жүзілік практикадан белгілі, кейбір елдердің
банк-терінің өз мүдделерін, әдісін тауып, қоғам мүдделерімен байланыстырып,
елі-нің экономикасын өркендуіне үлкен әсер еткені. Оған мысал ретінде,
дүние жүзілік соғыстан қирап шыққан Германия мен Жапонияның қысқа мерзімде,
ірі банктердің көмегімен, экономикасы өркендеген елдердің қатарына қосылғ-
андықтарын келтіруге болады.
Бұл жөнінде, жоғарыда талай аталған Ресей экономисі, академик О.И.Лав-
рушин өте ұтымды жазған: Банктер өндірістің экономикалық субьектісінің
бірі бола тұрып, өзі өсіп, өркендеп келе жатқан елдің, қоғамның азаматы.
Банктің азаматтық саясаты оның жұмысынан лажсыз көрінуі керек.

Бөлім 2. Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет
тәжірибесін талдау

2.1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және
қазіргі жағдайын талдау.

Банктік қызметтер нарығын сегменттеу ең алдымен банктің нарықтағы
жағдайын талдау, сондай-ақ банк нарығын бәсекелес банктердің нарығымен
салыстыру (бәсекелес банктердің қандай да бір нарық сегментіндегі үлесін
анықтау) және де басқарудағы маңызды шешімдерді қабылдау үші өте қажет
болып табылады.
Банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау маркетингтік қыз-
меттің ең маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Зерттеудің күрделілігі
бәсекелес банктер мен басқа да қаржылық мекемелер туралы нақты әрі тың
мәліметтердің қажеттілігімен түсіндіріледі.
Банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау әдістемесін нақты
мысал арқылы қарастырайық.
Мәселен, белгілі бір аймақта үш банк мекемесі өз қызметін атқарады
делік (Банк А, Банк В, Банк С), және бұл банктер өздерінің жылдық қорытынды
баланстарын жариялаған. Яғни, бұл банктердің кез келген мұндай ашық
жарияланған, аудиторлық тексеруден өткен мәліметтер арқылы өздерінің
маркетингтік зерттеулерін жүргізе алады.

Кесте 2

А-банкінің жылдық қорытынды балансы.
(мың теңге)
АКТИВ Жылдың басы Жылдың соңы
Касса 1 40
2. ҚР ҰБ-нің есеп- шотын-дағы қаражаты 16204 61178
3. Корреспондент- банктердегі есеп-шоттар 101491 181522
4. Банк дебиторлары - -
5. Несиелер:
-қысқа мерзімді 326981 199527
-орта және ұзақ мерзімді 591793 230455
6. Бағалы қағаздар, банк акциялары 4487 35272
7. Негізгі құралдар,ғимарат т.б. 960 1684
8. Басқа да активтер 10223 324938
БАЛАНС 659 874 1 426 892
ПАССИВ Жылдың басы Жылдың соңы
1. Жарғылық қор 256205 449541
2. Резервтік қор 6397 42661
3. Басқа да қорлар 11670 33051
4. Табыс 13200 73743
5. Ағымдағы есеп-шоттар 11170 59228
6. Корреспондент банктердің есеп-шоттары - -
7. Кәсіпорындардың жедел салымдары мен 322532 241216
депозиттері
8. Азаматтардың салымдары - -
9. Өзге банктерден алынған несиелер 14000 397300
10.Кредиторлар мен өзге де міндеткерліктер 24659 99896
11.Басқа да пассивтер 50 30256
БАЛАНС 659 874 1 426 892

Кесте 3
В-банкінің жылдық қорытынды балансы.
(мың теңге)
АКТИВ Жылдың басы Жылдың
соңы
Касса 45 3550
2. ҚР ҰБ-нің есеп- шотын-дағы қаражаты 2520 7800
3. Корреспондент- банктердегі есеп-шоттар 7553 57263
4. Банк дебиторлары 2750 4600
5. Несиелер:
-қысқа мерзімді 68356 27498
-орта және ұзақ мерзімді 180720 25380
6. Бағалы қағаздар, банк акциялары - 1920
7. Негізгі құралдар,ғимарат т.б. 93 228
8. Басқа да активтер 13635 9711
БАЛАНС 122 450 291 172
ПАССИВ Жылдың басы Жылдың
соңы
1. Жарғылық қор 31544 42425
2. Резервтік қор 105 6200
3. Басқа да қорлар 44 3510
4. Табыс 632 10036
5. Ағымдағы есеп-шоттар 6301 103043
6. Корреспондент банктердің есеп-шоттары - -
7. Кәсіпорындардың жедел салымдары мен депозиттері82886 68037
8. Азаматтардың салымдары 5 58
9. Өзге банктерден алынған несиелер 420 50000
10.Кредиторлар мен өзге де міндеткерліктер 438 7650
11.Басқа да пассивтер 75 213
БАЛАНС 122 450 291 172

Кесте 4
С-банкінің жылдық қорытынды балансы.
(мың теңге)
АКТИВ Жылдың басы Жылдың
соңы
Касса 20 1998
2. ҚР ҰБ-нің есеп- шотын-дағы қаражаты 1913 5209
3. Корреспондент- банктердегі есеп-шоттар 12627 288951
4. Банк дебиторлары 84 3019
5. Несиелер:
-қысқа мерзімді 26244 21884
-орта және ұзақ мерзімді 350462 103420
6. Бағалы қағаздар, банк акциялары - 3710
7. Негізгі құралдар,ғимарат т.б. 74 308
8. Басқа да активтер 2403 33199
БАЛАНС 75 249 730276
ПАССИВ Жылдың басы Жылдың
соңы
1. Жарғылық қор 21265 45030
2. Резервтік қор 415 5229
3. Басқа да қорлар 146 309
4. Табыс 2075 17800
5. Ағымдағы есеп-шоттар 10243 340824
6. Корреспондент банктердің есеп-шоттары - -
7. Кәсіпорындардың жедел салымдары мен 23440 160535
депозиттері
8. Азаматтардың салымдары 6550 25468
9. Өзге банктерден алынған несиелер 8760 86400
10.Кредиторлар мен өзге де міндеткерліктер 1253 33497
11.Басқа да пассивтер 1102 15184
БАЛАНС 75 249 730 276

Қарастырылып жатқан аймақтағы банктік қызметтер нарығының сегмен-
тациясы жоғарыда жарияланған банк баланстарының актив және пассив ст-
атьялары бойынша жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда қаржы құралдарын жеткізушілер келесідей ірі топтарға жік-
телуі мүмкін: кәсіпорындар мен мекемелер, жергілікті халық, кредитор-бан-
ктер, корроспендент-банктер және тағы да басқа кредиторлар.
Сату саласында берілген қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиелер
нарығының анализі жүргізілуі мүмкін.
5-кестеде берілген аймақтағы банктік қызметтер нарығының қаржы құрал-
дарын тарту саласындағы жағдайы туралы мәліметтер көрсетілген. Келтірі-лген
деректер бойынша үш банктің де қаржы ресурстарының сомасы өткен жылмен
салыстырғанда 3,3 есеге өскенін байқауға болады. Бұл кезде кәсіп-орындар
мен мекемелерден тартылған құралдар сомасы – 2,1 есеге, жергіл-ікті
халықтан – 3,9 есеге, басқа банктерден (берілген аймақтан тыс жатқан)
тартылған ресурстар – 23 есеге ұлғайған.
Кесте 5
Қаржы ресурстарын тарту саласындағы банктік қызметтер нарығының жағдайы.

Ресурсты жеткізушілер Сомасы, мың теңге Өсу деңгейі
Жылдың басы Жылдың соңы
Кәсіпорындар мен мекемелер 456 563 972 883 2,1
оның ішінде:
Ағымдағы есеп-шоттар 27 614 503 095 18,1
Жедел салымдар мен депозиттер 428 849 496 788 1,1
Жергілікті халық 6 555 25 526 3,9
Басқа да банктер 23 100 533 700 23,0
Өзге кредиторлар 26 350 141 043 5,3
Барлығы 512 648 1 673 152 3,3

Жоғарыдағы кестенің қарастырылып жатқан аймақтағы банктердің көр-
сететін қызметінің жалпы көлемінің бір жылдағы өсімін көрсетеді.
6-8 кестелерде қарастырылып жатқан әрбір банктің банктік қызметтер на-
рығындағы қаржы ресурстарын тарту саласында атқаратын істерінің нәтиж-елері
туралы мәліметтер берілген.

Кесте 6
А–банкінің қаржы ресурстарын тартудағы қызметінің
нәтижелері.

Ресурсты жеткізушілер Сомасы, мың теңге Өсу деңгейі
Жылдың басы Жылдың соңы
Кәсіпорындар мен мекемелер 333 693 300 444 0,9
оның ішінде:
Ағымдағы есеп-шоттар 11 170 59 228 5,3
Жедел салымдар мен депозиттер 322 523 241 216 0,7
Жергілікті халық - - -
Басқа да банктер 14 000 397 300 28,4
Өзге кредиторлар 24 659 99 896 4,1
Барлығы 372 352 797 640 2,1

Кесте 7
В–банкінің қаржы ресурстарын тартудағы қызметінің
нәтижелері.

Ресурсты жеткізушілер Сомасы, мың теңге Өсу деңгейі
Жылдың басы Жылдың соңы
Кәсіпорындар мен мекемелер 89 187 171 080 1,9
оның ішінде:
Ағымдағы есеп-шоттар 6 301 103 043 16,3
Жедел салымдар мен депозиттер 82 886 68 037 0,8
Жергілікті халық 5 58 11,6
Басқа да банктер 420 50 000 119,0
Өзге кредиторлар 438 7 650 17,5
Барлығы 90050 228 788 2,54

Кесте 8
С–банкінің қаржы ресурстарын тартудағы қызметінің
нәтижелері.
Ресурсты жеткізушілер Сомасы, мың теңге Өсу деңгейі
Жылдың басы Жылдың соңы
Кәсіпорындар мен мекемелер 33 683 501 359 14,8
оның ішінде:
Ағымдағы есеп-шоттар 10 243 340 824 33,3
Жедел салымдар мен депозиттер 23 440 160 535 6,8
Жергілікті халық 6 550 25 468 3,9
Басқа да банктер 8 760 86 400 9,9
Өзге кредиторлар 1 253 33 497 26,7
Барлығы 50 246 646 724 12,9

Кестелерден көріп отырғанымыздай, берілген аймақтағы қызмет етуші ба-
нктердің ішінде қаржы құралдарын тарту саласында белсенді банк ретінде С-
банкі танылып отыр. Осылайша, мәселен, С-банкінің кәсіпорындар мен
мекемелерден тартылған қаржы ресурстарының өсу деңгейі – 14,8 %-ды құ-раса,
бұл көрсеткіш А-банкінде – 0,9% және В-банкінде – 1,9%- көрсеткен. Сондай-
ақ, С-банкі халық салымдарын тартуда белсенді саясатты ұстаған, оның сомасы
бір жылда 3,9 есеге өскен. Сонымен қатар, С-банкі өткен жы-лы басқа да
кредиторлардан тартылған ресурстар көлемі жағынан да ең үл-кен нәтижеге
(26,7%) жетіп, жоғары өсу деңгейін көрсеткен.
В – банкі бір жыл ішінде берілген аймақтағы жеткізушілерден тартылған
ресурстар сомасын ұлғайтты: соның ішінде кәсіпорындар мен мекемелер-ден
тартылған ресурстар – 1,9%, жергілікті халықтан – 11,6%, басқа да кре-
диторлардан тартылған ресурстар – 17,5% өсті. Бұл жерден көріп отырғаны-
мыздай, банктегі халық салымдарындағы қаржы сомасы болымсыз деңгейде ғана
ұлғайған.
А – банкі кәсіпорындар мен мекемелерден тартылған ресурстардың қыс-
қаруына жол беріп алған. Кәсіпорындардың жедел салымдары мен депози-
ттеріндегі сомаларының күрт төмендеуінің нәтижесінде оларды тартылған халық
салымдарының ресурстары ретінде пайдалана алмады. Ал басқа да
кредиторлардан тартылған қаржы ресурстары өзге екі банкпен салыстырға-нда
ең аз көрсеткіштерді көрсетті.
Басқа да банктерден алынған несиелердің өсім деңгейі А,В және С бан-
ктерінде тиісінше – 28,4%, 119,0%, 9,9% көрсетті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Ұлттық банктің ақша-несие саясатын талдау
Төлем балансы және оның мәні
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын талдау
Коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының жіктелуі
Пәндер