Шетелдегі заң шығару билігінің конституциялық үлгісі
Кіріспе
§ 1. ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ
§2. ПАРЛАМЕНТТEРДІ ЖІКТЕУ
§3. ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТAPЫHЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
§4. ПАРЛАМЕНТ ӨКІЛЕТТІГІ
§ 5. ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ
§ 6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ

Шетелдерің конституцияларын құқықтық - салыстырма тәсілімен талдай отырып, белгілі бір өзіне тән ерекшелік сипат¬тарына қарамай, бәріңде де парламент мемлекеттік биліктің жоғары өкілеттік органы болатынын көреміз. Соңдай-ақ Пар¬ламенттің, сайып келгенде, заң шығарушылық қызметіне, мем¬лекеттік бюджетті қабылдауда, мемлекет басшыларын және одан да басқа мемлекеттік билік органдарын құруда, сол сияқты заң¬дарды орындау барысы жайлы үкіметті бақылауда шексіз құқыққа ие болатыны анықталды.
Мысал ретінде АҚШ Конституциясын алайық. Оның І-ба¬бына көз жүгіртсек, Ақш-тьщ конституция заңдарына байла¬нысты барлық заңдық өкілеттік сенат пен палаталар өкілдері¬нен тұратын құрама Штаттары Конгресіне берілетініне куә бо¬ламыз. Сол сияқты Жапония Конституциясының 41-бабында да:
"Мемлекеттік биліктің жоғары органы және мемлекеттің бірден¬бір заң шығарушы органы Парламент болып табылады", - деп жазылған.
Эстония Республикасы Конституциясыңда заң шығарушы¬лық билігі Мемлекеттік жиналысқа тиесілі (59-бап) екені жа¬зылған. Осы Конституцияның 65-бабыңда Мемлекеттік жина¬лысқа негізгі өкілеттік құқық бекітіліп, осыған орай Мемлекеттік жиналыс: заңдарды қабылдайды; Президентті сайлайды; Пре¬мьер-министрге каңдидатқа үкіметті құруы үшін өкілеттік бе¬реді; Үкіметке, Премьер-министрге немесе министрлерге сенім¬сіздік жайлы шешім қабылдайды; мемлекеттік бюджетті қабыл¬дап, оның орыңдалуы жайлы есепті бекітеді; Президенттің ұсы¬нысымен Мемлекеттік сот төрағасын, Эстония Банкі кеңесінің төрағасын, мемлекеттік бақылаушыны, әділет канцлерін, қорға¬ныс күштерінің қолбасшысын немесе Бас қолбасшысын таға¬йындайды, сондай-ақ елдің Конституциясына сәйкес Мемле¬кеттік өмірдің басқа да мәселелерін шешеді.
Түркия Республикасы Конституциясының 7-бабыңда: "Түрік ұлты атынан заң шығарушылық міндеті Түркияның Ұлы ұлттық жиналысына

Шет мемлекеттерінің конституциялық құқығы
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі
Заңтану пәндер кафедрасы
ҚР Конституциялық құқық пәні бойынша
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
ТАҚЫРЫБЫ: Шетелдегі заң шығару билігінің конституциялық үлгісі
Орындаған: _______________________
Тексерген: _______________________
АЛМАТЫ – 2010
Жоспар:
Кіріспе
§ 1. ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ
§2. ПАРЛАМЕНТТEРДІ ЖІКТЕУ
§3. ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТAPЫHЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
§4. ПАРЛАМЕНТ ӨКІЛЕТТІГІ
§ 5. ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ
§ 6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ
Кіріспе
Шетелдерің конституцияларын құқықтық - салыстырма тәсілімен талдай
отырып, белгілі бір өзіне тән ерекшелік сипаттарына қарамай, бәріңде де
парламент мемлекеттік биліктің жоғары өкілеттік органы болатынын көреміз.
Соңдай-ақ Парламенттің, сайып келгенде, заң шығарушылық қызметіне,
мемлекеттік бюджетті қабылдауда, мемлекет басшыларын және одан да басқа
мемлекеттік билік органдарын құруда, сол сияқты заңдарды орындау барысы
жайлы үкіметті бақылауда шексіз құқыққа ие болатыны анықталды.
Мысал ретінде АҚШ Конституциясын алайық. Оның І-бабына көз жүгіртсек,
Ақш-тьщ конституция заңдарына байланысты барлық заңдық өкілеттік сенат пен
палаталар өкілдерінен тұратын құрама Штаттары Конгресіне берілетініне куә
боламыз. Сол сияқты Жапония Конституциясының 41-бабында да:
"Мемлекеттік биліктің жоғары органы және мемлекеттің бірденбір заң
шығарушы органы Парламент болып табылады", - деп жазылған.
Эстония Республикасы Конституциясыңда заң шығарушылық билігі
Мемлекеттік жиналысқа тиесілі (59-бап) екені жазылған. Осы Конституцияның
65-бабыңда Мемлекеттік жиналысқа негізгі өкілеттік құқық бекітіліп, осыған
орай Мемлекеттік жиналыс: заңдарды қабылдайды; Президентті сайлайды;
Премьер-министрге каңдидатқа үкіметті құруы үшін өкілеттік береді;
Үкіметке, Премьер-министрге немесе министрлерге сенімсіздік жайлы шешім
қабылдайды; мемлекеттік бюджетті қабылдап, оның орыңдалуы жайлы есепті
бекітеді; Президенттің ұсынысымен Мемлекеттік сот төрағасын, Эстония Банкі
кеңесінің төрағасын, мемлекеттік бақылаушыны, әділет канцлерін, қорғаныс
күштерінің қолбасшысын немесе Бас қолбасшысын тағайындайды, сондай-ақ елдің
Конституциясына сәйкес Мемлекеттік өмірдің басқа да мәселелерін шешеді.
Түркия Республикасы Конституциясының 7-бабыңда: "Түрік ұлты атынан заң
шығарушылық міндеті Түркияның Ұлы ұлттық жиналысына тиесілі. Бұл міңдет еш
уақытта ажыратылмайды", - деп жарияланған. Осы Конституцияның 87-бабында
Ұлы ұлттық жиналыс міндетіне: заңдарды шығару, өзгерту, жою; Министрлер
Кеңесі мен министрлерді бақылау; Министрлер кеңесіне белгілі бір мәселелер
бойынша заң күшіне ие қарарлар қабылдауға өкілеттік береді; Мемлекеттік
бюджет жайлы заң жобаларын қарап, әрі оның орыңдалуын бекітеді, тағы басқа
да конституцияда қарастырылған мәселелерді шешеді. Сондықтан мемлекет
басшысын да Улы ұлттық жиналыс сайлайтыны жайлы ескерте кетеміз.
Қырғыз Республикасында, Конституцияның 54-бабына сәйкес "қырғызстан
Республикасыңда Жоғарғы Кеңес тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілетті орган.
Жоғарғы Кеңес заң шығарушылық бөлікті жүзеге асырып, сондай-ақ бақылау
қызметтерін де орындайды", - деп жазылған. Міне, осыған ұқсас ережелер
дүние жүзіндегі барлық жазылған конституциялардың бәрінде де бекітілген.
§ 1. ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ
Ең алдымен бір палаталы, екі палаталы (бикамералық), кейде ерекше
жағдайларда (мысалы, Оңтүстік Африка Республикасының 1984 жылғы
Конституциясы бойынша парламентке ақ түстілер, түрлі түстілер және
иңдиялықтар үшін жеке палаталар құрылған) үш палаталы парламенттер бар
екенін де ескеруге тура келеді.
Парламенттердің құрьшу реттері, әрине, олардың ең алдымен құрылымына
байланысты болады. Мысалы, бикамералық парламенттердің төменгі палаталары
мен бір палаталыпарламенттер іс жүзіңде барлық елдерде де тікелей сайлау
арқылы, яғни, тұрғыңдардың тікелей дауыс берулері арқылы сайланады. Ал,
жоғарғы палаталардың құрылу тәртібінің біраз ерекшеліктері бар әрі оның
төменгі палаталардың құрылу тәсілдерінен өз айырмашылығы бар. Төменде, сол
ерекшеліктердің негізгілері жайлы айтып өтейік.
1. Көптеген елдерде парламевттің жоғарғы палатасы тікелей сайлау
арқылы құрылмайды. Осының дәлелі ретіңде индиялықтардың парламентінің
штаттар Одағы мүшелері екі сатылы сайлау жолымен сайланады. Осындай екі
сатылы сайлау арқылы Норвегия парламенті де (стортингтер) құрылады.
Сайлаушылар парламент депутаттарын палаталарға бөлмей сайлайды. Кейін
барып, стортингтер депутаттары жоғарғы палатаны (лагтинг) сайлайды. Олар
барлық депутаттардьщ төрттен бір бөлігінен тұрады. Ал, қалған депутаттардың
төртген үш бөлігі төменгі палатаны (одельстинг) құрайды. Ал, енді
Францияның Жоғарғы палатасы (сенат) үш сатылы сайлау арқылы сайланады.
2. Парламентгердің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы сайланады.
Бірақ, төменгі палаталардың құрылу барысында қолданатын реттерлев белгілі
бір айырмашылықтары болады. Мысалы, АҚШ-та бір сайлау корпусы конгрестің
екі палатасының да (жоғарғы палатаны - сенатты және төменгі палатаны
өкілдер палатасын) депутаттарын сайлайдыІ. Алайда, есте тұтатын бір жағдай
жоғарғы палата құрамы палата өкілдерінің сайлауындай аумақтық бір мандатты
сайлау округі бойынша сайланбайды, олар әрбір штаттан екі сенатордан
сайланады, Дауыс беру нәтижелері мажоритарлық жүйе бойынша көпшілік
даусымен анықталады.
Италияның екі парламентінің палатасы да тікелей елдің тұрғындары
арқылы сайланады, Алайда, сенат сайлауында (жоғарғы палата) мажоритарлық
та, тепе-тендік те сайлау жүйелері қолданылады. Бұл елдің қолданыстағы
зандарына байланысты сенат мүшелері облыстарға бөлінген сайлау округтары
бойынша сайланады. Ең көп дауыс алумен бағалау арқылы өткен депутат
сайланды деп саналады.
Жапония парламентінің жоғарғы палатасына (кеңестер палатасы) 152
депутат префектуралық 47 сайлау округтерінен, ал қалған 100 депутат саяси
партиялар тізімі бойынша сайланады.
3. Тікелей сайлау арқылы жоғарғы палаталардың құрылуы. Дәл осы жолмен
ФРГ парламентінің (Бундесрат) жер өкілдігі палатасы құрылады. Ол 16 жер
өкілдігі мүшелерінен тұрады. Бұларды ФРГ өкіметі тағайындап, кері шақыра
алады. Бундесратқа жер өкілдерінің саны тұрғындарының санына байланысты
тағайындалады. Оның үстіне Бундесрат мүшелері жер өкіметі шешімімен
тағайындалғандықтан, жер өкілдігі палатасына сайлау өткізілмейді. Бундесрат
"мәңгілік" орган болып табылып, жерлерде болатын сайлаулар нәтижесінде
оқтын-оқтын өз қүрамын өзгертіп, соның әсерінен өкімет құрамын да
өзгерістерге ұшыратып отырады. Бундесрат жер өкілдері арасынан белгілі
кезекпен бір жыл мерзімге өз президентін сайлайды. Бундесрат президенті
федеральдық президент қызметін, егер ол қызметін атқаруға қабілетті
болмаса, атқарады.
4. Кейбір елдерде парламевтrің жоғарғы палаталары аралас жолдармен
құрылады. Мұндай реттер барысында сайланатын және тағайындалатын, сол
секілді мирасқорлық (оған Бельгия мен Ирландия сенатын мысалға айтуға
болады) элементгер қатар жүреді. Италия сенаты құрамына өмірлік сенаторлар,
құқықтық хақы барлар (республиканың бұрынғы президенттері), сол секілді ел
президентінің өзі тағайындайтын еңбегі сіңген, абыройлы бес азамат енеді.
Венесуэлада Республика Президенті қызметін халықтық сайлауда дауыс
беру нәтижесінде немесе президент міндетін конституциялық мерзімнің
жартысынан көп мезгілінде атқарушы (егер ол, әрине, президенттік қызметін
атқарған кезінде ешқандай құқық бұзушылық жасамаса) әрбір азамат сенатор
болуға құқығы бар. Индия парламентінің штаттар Одағының 12 мүшесін
президенттағайындайды (олар әдебиет, ғылым, өнер және қоғамдық қызметте
тәжірибесі бар немесе арнайы атақтары барлардан алынады).
5. Парламенттің төменгі палатасы санына қарағанда жоғарғы палата
caнының аз болуы. Оған мысал ретінде Францияның 577 депутаттардан тұратын
төменгі палатасына (Ұлттық жиналыс) қарағанда жоғарғы палатасы (Сенат) 318
сенаторлардан тұратынын айтуға болады. АҚШ-тың сенаты - 100 сенаторлардан,
ал өкілдік палатасы - 435 мүшелерден түрады, Ал, Жапония парламенті 252
кеңесшілерден және 511 өкілдерден қүралады.
6. Әдeтre, Жоraрrы палата мүшелерінің өкілеттік мерзімі ұзағырақ
болады. Мысалы, Жапонияда Жоғарғы палата мүшелерінің (кеңесшілер палатасы)
өкілеттігі - 6 жыл, ал төменгі палата мүшелері (өкілдік палатасы) - 4 жыл
ғана. АқШ-та төменгі палата екі жылға сайланса, ал сенаторлар 6 жылға
сайланады.
7. Парламентгердің жөғарғы палаталары құрылымына ішінара жаңарту
тәртібін енгізу. Мысалы, әрбір үш жыл сайын Франция сенатының үштен бір
бөлігі қайта сайланады; әрбір екі жылда АҚШ сенатының үштен бірі
жаңартылады; әрбір үш жылда Жапония палата кеңесшілері құрамының жартысы
жаңартылады,
8. Кейбір елдерде жоғарғы және төменгі палаталарra сайлаулар бір
мезетте өткізілмейді. Францияда сенатқа және үлттық жиналысқа сайлауды бір
кезенде өткізбей, әр түрлі уақытта өткізеді. Жапонияда да осындай тәртіпте
өткізіледі.
Шетелдер тәжірибесінде жоғарғы палатаны феодальдық тәсілмен құру түрі
де кездеседі. Мысалы, осы тәсілді қолданатын Ұлыбританияда лордтар палатасы
құрамына төмендегілер кіреді:
1) Мұрагерлікті пэрлер, яғни, барон нан төмен емес титулдарды иеленген
мұрагерлікті дворяндар династиясы. Бұлар титулмен бірге парламенттің
жоғарғы палатасына мұрагерлікті сақтай ала отырып, оны мұрагерлеріне бере
де алады.
2) Өмірлік пэрлер, яғни, ерекше еңбектері үшін барон немесе баронэсса
деген, мұрагерлікке беру құқы берілмеген, дворян тутулдарына ие болғандар.
3) 26 рухани лордтар (Контерберий және Йорктік архиепископтар; Лондон,
Дарем және Уинчестер епископтары мен ағылшын шіркеулерінің бас
епископтарының 21 өкілі). Бұлар шіркеулік лауазымдарда қызмет етіп жүрген
кезде ғана палата мүшелері болып саналады.
4) Шағым арыз бойынша 20 лорд корольдық актімен өмірлікке
тағайындалып, ерекше жалақы алады. Лордтар палатасының сандық мөлшері
заңмен анық көрсетілмеген. Сондықтан да монарх пэрлер титулын беру құқығын
пайдалана отырып, олардың қатарын үздіксіз толықтырып, жоғарғы палата
құрамын шексіз ұлғайта алады.
§ 2. ПАРЛАМЕНТТEРДІ ЖІКТЕУ
Әрине, бүгінгі дүние жүзіндегі 180 парламенттің бір-біріне ұқсамайтын
өзгешеліктерге ие екені түсінікті. Алайда, бұл оларды құрылым міндетіне,
әлеуметтік құрамына, Т.б. ерекшеліктеріне қарай жіктеуге нұқсан келтіре
алмайды.
Әлемдік тәжірибе бойынша парламенттерді дәстүрлі жүйелеу құрылысы -
бикамерализм (яғни, екі палаталы қүрьтымнан) болып табылады. Мұндай екі
палаталы парламент төмендегі федеративтік мемлекеттерде бар: Ақш (сенат,
өкілдер палатасы), ФРГ (Бундесрат, Бундестаг), Ресей (Федерация Кеңесі,
Мемлекеттік Дума), Канада (Сенат, Депутаттар палатасы), Бразилия, (Сенат,
Депутаттар палатасы), Швейцария (Кантондар Кеңесі, Ұлттық кеңес), Т.б. Екі
палаталы парламенттер төмендегі (унитарлық) мемлекеттерде бар: Ұлыбритания
(лордтар палатасы, қауымдастық палатасы), Нидерландия (бірінші және екінші
палата), Италия (Сенат, Өкілдік палатасы) және т.б.
Анықтама үшін. Парламенттердің ең күшті әрі ықпалды жоғарғы палаталары
- АҚШ-тың сенаты. Жапонияның кеңесшілер палатасы, Италияның сенаты және
т.б. Бұлардың бәрі де тікелей сайлау жүргізу нәтижесінде құрылады. Бұлардың
"әлсіз" жағын сөз етсек, ең бастысы (мысалы, немістердің Бундесраты,
Ұлыбританияның Лордтар палатасы, Индияның Штаттар Кеңесі), заң
әдебиеттеріне сүйенсек, сайлау корпустарының қатысуынсыз құрылады.
Қазіргі кезде көптеген парламенттер бір палаталы. Өйткені ерте дамыған
елдер өздерінің тәуелсіздігін алулары нәтижесінде бикамерализм әдісінен бас
тартқанын айта кеткен жөн.
Оның үстіне, басқаша айтқанда, парламенттердің эволюциялық құрылымында
бикамерализм әдісінен бас тарту бағыты жандануда. Мысалы, 1950 жьmы Жаңа
Зеландия Парламентіндегі Заң шығарушы Кеңес таратылған: 1953 жылы Дания
Конституциясы бір палаталы парламент түзді (фолькетинг), 1917 жылы Швеция
парламентінің жоғарғы палатасы жойылды; 1976 жылы Португалия Конституциясы
бір палаталы Республика Ассамблеясын қарастырды; 1975 жылдан бастап
Грецияның парламенті бір палаталы болды. Ал осыған қарамастан, керісінше,
Польша, Румыния, Чехияның заң шығарушы органдарында жоғарғы палата қайта
құрылып (ұйымдастырылып), жұмыс істеуде. Дәл қазіргі кезде АҚШ-тың 49
штатында екі палаталы парламент жұмыс істесе, біреуінде ғана бір палаталы
парламент жұмыс істейді. Сондай-ақ, Кентукки штатының заң шығарушы
жиналысында 138 мүшесінің (тұрғындар саны - 3,8 млн.) 38-і 4 жылға
сайланатын сенат мүшесі, ал қалған 100-і әр екі жылда қайта сайланатын
өкілетті палата мүшелері. Зандарды қабылдау бойынша дайындық жұмыстары
комитеттерде жүргізіледі. Заң шығарушы жиналыс құрамы 246 адам.
Парламенттарий жұмыстарын сессиялық түрде - жылына 60 күн істейді[1].
Парламент өкілеттігін конституцияландыру барысында оларды төмендегі үш
топқа бөледі:
- абсолютті белгілі міндеттері бар парламенттер. Мысалы, Ақш, Франция
конституциялары осы елдердің парламенттерінің заң шығарушылық қызметі
объектілеріне нақты да айқын мәселелер тізімін береді;
- айқын да нақты міндеттері жоқ парламенттер, яғни, олар кез келген
мәселелер бойынша заң актілерін шығаруға құқықты (Ұлыбритания, Жаңа
Зеландия, Италия, Ирландия, т .б. елдердің парламенттері);
- біршама белгілі мінделері бар парламентгер. Олар әрекет ету
шеңберлерінің қозғалмалылығымен ерекшеленеді. Өз шеңберлері төңірегінде
өздерінің заң шығару қызметін жүзеге асырады (мысалы, Индия парламенті).
Парламенттер депутаттары өздерінің әлеуметтік құрамы бойынша
әлеуметтік-топтық және кәсіби сипатынан гөрі партиялық бірлігіне қарай
көзге түседі. Міне, осы тұрғьщан алғанда парламенттерді екі негізгі топқа
бөлуге болады:
- әлеуметтік бірыңғай партиялар фракциясынан тұратын парламенттер
(мысалы, Ақш конгресі);
- әлеуметтік бірыңғай емес партиялар фракциясынан тұратын парламентгер
(мысалы, Греция, Италия, франция, Швеция, Индия, Финляндия, Жапония).
Енді партиялық фракциялардың үйымдастырылу тәртібі жайлы аздап айта
кетейік. Мысалы, Францияда (1959 жылғы 3 маусымдағы) Ұлттық жиналыс
тарапынан қабылданған регламент бойынша депутаттар өздерінің саяси бағыты
бойынша фракция құра алатын болған. фракция 20 депутаттан бола алады. Ал,
егер де депутат бірде-бір фракция мүшесі болмаған жағдайда, өз қалауы
бойынша әрі сол фракция бюросының келісімімен кез келген фракцияға мүше
бола алады.
1956 жылғы 7 мамырдағы сайлау жайлы федеральдық Заңға сәйкес бір саяси
партияға тиесілі Германия Бундестагының депутаттары белгілі бір
мақсаттарына жету мен бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында белсенді
Фракциялар құра алады. Фракция партия органы болып табылмайды, қайта
парламентгің конституциялық бір органы болып саналады. Депутаттар тобы
фракция деп тек құрылатын депутаттар саны Бундестагтағы барлық
депутаттарлын 5 процентінен кем болмаған жағдайда ғана саналады. Оның
үстіне депутаттардың бәрі бір партиядан, не болмаса федеральдық жерлердің
ешбірінде өздерінің саяси мақсаттары жағынан бірімен-бірі бәсекелеспейтін
партиялардан болуы керек. Кімде кім өз партиясы қатарынан шықса, онда бір
мезетте өз фракциясын да тастап кетуі тиіс. Ең кемі 26 депутаттан тұратын
"Топ" деп аталатын бірлестікке ұйымдасуға болады. "Топ" деп аталатын
мәртебе алу үшін Бундестаг келісімін алу керек. Осындай талаптар
қойылғанына қарамай кейде тәжірибеде өз франкциялары мен партияларына
берілгендігімен қатар әрі депутаттардың жеке көзқарастарына байланысты
талас-тартыс туып жатады. Депутаттар бүкіл тұрғындардың өкілі болып
табылады. Соңдықтан да олар тек тұрғындардың бір бөлігі болып табылатын
топтың жеке мақсат-мүддесіне емес, барлық қоғамның мақсат-мүддесіне қызмет
етулері қажет. Егер де депутат өз партиясы қатарынан шығарылса, онда ол
тиісті фракциясын да тастайды. Бірақ, мұндай жағдайда ол депутаттық
мандатынан ажыратылмайды.

Депутаттардың құқықтық жағдайы конституция, конституциялық және де
басқа зандар, регламент пен әдет-ғұрып арқылы анықталады.
Парламент депутаты, әдетте тұрақты негізде жұмыс істейді, яғни, ол
кәсіби парламентарий болып есептеледі. Басқаша айтқанда, депутаттық қызмет
ешқандай мемлекеттік немесе басқадай қызметпен сыйыспайтын, тек бір ғана
занды депутаттық жұмысымен айналысуды талап етеді.
Алайда, кейде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Түрікменстанның 1992
жылғы 30 қыркүйектегі "Халық өкілдері мәртебесі туралы" атты заңына сәйкес
Халық өкілі Түрікменстанның халық билігінің Жоғарғы өкшелі органы - Халық
Мәслихатына тікелей халықтың өзі сайлайтын мүшесі болып табылады.
Халық өкілі өзінің өкілеттігін тегін, яғни, өнеркәсіптегі орнынан,
қызметінен немесе қоғамдық қызметінен қол үзбей атқарады.
Алыс шетел мемлекеттерінің мемлекеттік тәжірибелерін зерттеу барысында
парламент депутаты өзін сайлаған окургтың сайлау корпусының ғана емес,
бүкіл үлттың өкілі болып табылатынына көзіміз жетеді. Мұны депутаттарға
бұйрықты мандат беріліп әрі кері шақырып алуына тыйым салынғанынан-ақ
көреміз. Сондай-ақ, Италия Конституциясы бойынша: "Парламентгің әрбір
мүшесі барлық ұлттың өкілі болып табылады әрі өз қызметін міндетті
мандатсыз атқарады". Ал Франция Конституциясына сай: "Кез келген бұйрықты
мандат занды емес". ФРГ-нің негізгі заңында төмендегіше: "Германия
Бундестагының депутаттары ешқандай жарлық пен тапсырмаға жүгінбейтін, тек
өз ар-ожданы үшін ұстанатын бүкіл халықтың өкілі" .
Алайда, мұндай бұйрықты мандат пен кері қайтарып алу құқығына тәуелсіз
парламент депутаттарын толығынан тәуелсіз деп те айтуға болмайды. Мұндай
тұжырымға айтар нақты дәлеліміз бар. Сонымен, әдетте, депутат бір партияның
мүшесі болып, партиялық тәртіпке саналы түрде бағынады, сайып келгенде,
депутат сайлау кампаниясында өзін қаржыландырғандарға тәуелділіктен шыға
алмайды; сондай-ақ болашақ депутат өзі дауысқа түсетін окгругтік сайлау
корпусына да тәуелді келеді. Өйткені, оның тағдыры ақыр соңында дауыс беру
арқылы шешілетіні анық.
Депутаттық мандатқа төмендегі екі негізгі құрам: индемнитет және
иммунитет кіреді.
Индемнитетке келсек, депутат парламенттік қызметі үшін, оған кететін
қаржылық шығындарды қоса есептегенде, лайықты сыйлық алады.
Мысалы, американ конгрессменінің бір жылдық депутаттық индемнитеті
133.600 доллардың үстінде.
Германия Бундестагы депутаттарының қаржылай тәуелсіздігі оның
Бундестагтағы депутаттық орнына сәйкес келетін қаржылай жалақымен (диета)
қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ФРГ парламенті құрамында кемінде 8 жыл
істеген депутаттар зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақымен қамтамасыз
етіледі.
Канада парламенті қауымдастық палатасының депутаты, мысалы, 1987 жылы
бір жылда 56.100 канада доллары (1 Канада доллары - 0,77 Ақш доллары)
көлемінде жалақы алған. Оның үстіне жыл сайын салық салынбайтын 18.700
доллар көлемінде жәрдем ақы берілген. Сондай-ақ, депутат өз резиденциясын,
Оттавадағы және өз сайлау округіндегі штатты қызметкерлерін ұстап тұру үшін
жылына 100.400 доллар көлемінде дотация алған, тағы да депутаттың
сапарларға жүріп-тұру, телефонмен сөйлесу, почталық және т.б. шығындарын
қазына көтеретінін айтуға болады. Сөйтіп, қауымдастық палатасының бір
депутатына бір жылда орташа есеппен кеткен шығын 300 мың долларға түскен
(Канадада адам басына шаққанда орташа табыс 15 мың долларды құрайды).
Литва Республикасының (1992 жылғы 19 қараша) "Литва Республикасы
Жоғарғы Кеңесі депутаттары мен Үкіметі мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан
қамтамасыз ету туралы" заңына сәйкес Литва Республикасы Жоғарғы Кеңесі
депутаттары мен осы Жоғарғы Кеңес ұйымдастырған үкіметтің мүшелеріне,
олардың өкілеттік мерзімі өткеннен соң, олар кыэметтен босағанда орташа
қызметкерлер жалақысының 6 айлық көлемінде жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ,
Жоғарғы Кеңес депутаттарына 6 айлық пайдаланылмаған демалыс ақысы төленген.
Егер Жоғарғы Кеңес депутатының немесе Үкімет мүшесінің өкілеттік
мерзімі әйелдер үшін - 52, ерлер үшін - 57 жаста немесе әйелдердің жұмыс
стажы 30 жылдан, ал ерлердің жұмыс стажы 35 жылдан кем болмаған жағдайда
тоқтатылса, онда оларға алып жүрген еңбек ақы мөлшерінің 75 проценті
көлемінде зейнетақы тағайындалады.
Ұлыбританияда қауымдастық палатасының мүшелері алатын жалақының бір
жылдық мөлшері 37.854 ф. ст. Оның үстіне жылына офис ұстауға, жүріп-тұру
шығындарын төлеуге, Лондонда жалдап тұратын үй үшін және т.б. жағдайларға
бөлінеді. қауымдастық палатасының мүшелері сонымен қатар Вестминстер сарайы
мен өзінің сайлау округтері аралығына, Вестминстер мен үйі арасында, құрама
корольдіктің кез келген жеріне, егер бұл сапар тікелей қызметтік
міндеттеріне байланысты болса, тегін жүріп-тұруға құқы бар. Оның үстіне
парламент депутатына кеңселік-хатшылық шығындар: хатшы немесе көмекші
жалдауға, кеңсеге қажетті құрал-жабдықтарға, қызметкерлерге жалақы төлеу
мен жалдап алынған жұмыскерлерді қамсыздандыруға қаржы бөлінеді.
Ал, лордтар палатасы мүшелері парламентте істегені үшін ешбір ақы
алмайды. Оларға тек парламент қызметіне байланысты болған көлік және тағы
басқа шығындар ғана төленеді.
Жапония Парламентінің қатардағы депутаттары ай сайын 1 млн. иен
мөлшерінде айлық алады (жапондардың жалдамалы жұмысшысының орташа айлық
табысы 350-400 мың иен), ал екі палатаның төрағаларын қаржылап қамтамасыз
ету үшін 1 млн. 835 мың иен белгіленген. Оның үстіне палата төрағалары,
олардың орынбасарлары, парламент комиссияларының арнайы және тұрақты
басшылары жұмыс істеген кезінде (жұмыс күні конституцияда белгіленгендей
150 күн), бір күнге есептегенде, 4500 иеннен қосымша сыйлық ретінде жалақы
алады. Оларға темір жол мен ұшақтарды пайдаланғаны үшін жарым-жартылай
шығындары өтеледі. Ай сайын депутаттарға көлік, почта шығындары үшін
мемлекеттік қазына 750 мың иен қаржы төлейді. Токиодан алыс префектурадан
келген барлық парламентарийлар қазыналық пәтерлермен қамтамасыз етіледі.
Парламент депутаттары жұмысқа екі хатшы жалдауға қүқылы. Оларға әр айда 280-
400 мың иен жалақыны мемлекет қазынасы төлейді. Оның үстіне белгілі бір
жағдайларға орай парламентарий мемлекеттік қаржыландырудың қосымша көзі
есебінен өз хатшыларының немесе көмекшілерінің қосымша санын 10 адамға
дейін жеткізе алады. Парламент депутаттарына автомобильдер берілмейді,
бірақ парламент жанында әрбір депутатқа қызмет көрсететін арнайы автопарк
бар. Әрбір парламент фракциялары өзіне енетін депутаттар санына байланысты
белгілі бір мөлшерде жеңіл машиналарды пайдалануға құқылы. Ерекше тәртіп
ретінде парламенттік қызмет стажы 25 жылдан асқан адамға автомобиль
беріледі.
Парламент депутаттарына нақты бір мемлекеттерде берілген иммунитетке
сәйкес, олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін, бірқатар құқықтар мен
артықшылықтар беріледі. Сонымен қатар: сөз және дауыс беру бостандығы,
депутаттың дербес қүқығы. Сонымен, ФРГ-де депутат парламентте айтқан сөзі
үшін және дауыс беруде өз бағытын ұстағаны үшін ешқандай қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайды. Ал, депутаттық дербес қүкыкгы алсақ, депутат
қылмыс үстінде ұсталғаннан басқа жағдайларда, парламенттің немесе оның
тиісті палаталарының санкциясынсыз оны қылмыстық қудалауға немесе қамауға
алуға болмайды. Иммунитетінен айыру тек депутаттың өз палатасы шешімімен
ғана жүзеге асырылады.
Депутаттық мандаттың әрекет ету мерзімінің тоқтатылуы: парламенттік
өкілеттік мерзімі аяқталғаңда; депутатқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz