Қылмыстық істі қозғау



Кіріспе
§ 1. Қылмыстық істі қозғау сатыларынын мәні мен маңызы
§ 2. Қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен себептері
§ 4. Қылмыстық іс бойынша өндірісті жоққа шығаратын мән.жайлар
Қорытынды
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
қылмыстық іс жүргізу кодексінің ( ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушыларлар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;
қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;
- қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.
Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу" - қылмыстық іс қозгау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жургізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мынадай ойларды растай түседі:
-қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде
1. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлiм. Б. Төлеубекова А., Жеті Жарғы 2000.
2. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. У. Нурмашев А., Жеті Жарғы 2008.
3. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Жалпы бөлiм. Б. Төлеубекованың ред. жетекшiлiгiмен. А., “Has”, 112-бет, 2004.
4. Тарасов-Родионов П.И. Предварительное следствие. М., “Госиздат”, 227-236 беттер, 1955.
5. Миньковский Г.М. Окончание предварительного расследования и осуществление права обвиняемого на защиту. М., 18-19 беттер, 1957.
6. Миньковский Г.М. Уголовный процесс РСФСР. Воронеж, 224-бет, 1968.
7. Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования. Киев, 10-11 беттер, 1957.
8. Жогин Н.В., Фаткуллин Г.Н. Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М., “Юридическая литература”, 304-бет, 1965.
9. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Жалпы бөлiм. Б. Төлеубекованың ред. жетекшiлiгiмен. А., “Has”, 29-бет, 2004.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ
Кіріспе

Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін
айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру
рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол
"Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің
құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
қылмыстық іс жүргізу кодексінің ( ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық
немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс
жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушыларлар қылмыстық іс қозғау
сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде
анықтаған;
қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық
қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық
қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті
тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын
айқындауға мүмкіндік береді;
- қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау
арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да
нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын,
оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.
Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын
түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі
талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде
көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық
орындауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу" -
қылмыстық іс қозгау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың
үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге
асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы болып
табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа
дейінгі іс жүргізу" - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні
бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жургізу
деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мынадай ойларды
растай түседі:
-қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі дайындық әрекеттері
өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;
-қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі
дайындықтың болуы мүмкін емес;
-қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық
қатынастарының жоқтығын көрсетеді.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз — бұл қылмыстық процестің ең
бірінші және міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе
дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау
жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышартгың бар-жоғын анықтайды.
Қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсумен бірдей емес.
Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен
басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен
қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу
әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс
қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс
қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы — қылмыстық ізге түсу
қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі
жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған және бұл адам
corpus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық
субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық
тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген
адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын
кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы -бұл басқа мәселе. Оған қоса,
уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің
нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай
жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға
негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер
болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін
көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім
қабылдау тәжірибеде "факті бойынша қылмыстық іс қозғау" деп аталады (бұл
шартты атау, ресми терминологияға жатпайды). Егер қылмыс жасаған деп
сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысында анықталатын болса, онда бұл
адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.
Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім
қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны
жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау
секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін
қолдануға құқылы.

§ 1. Қылмыстық істі қозғау сатыларынын мәні мен маңызы

Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар жөніндегі мәселе
айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады. ҚР ҚІЖК қылмыстық процесті
бастау және қылмыстық істі қозғау құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар
тізбесін белгілейді. Оларға анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің
бастығы, тергеуші, прокурор жатады (ҚІЖК-нің 185-186-баптары). Аталған
органдар мен лауазымды адамдардың бәрі өздерінің құзыреті шегінде қылмыстық
іс қозғау туралы мәселені шешеді.
Бұл тізбе мейлінше толық болғандықтан, кеңейте түсіндіруді қажет
етпейді. Осыған байланысты бұл тізбенің заң арқылы қылмыстық ізге түсу
органдарына жатқызылған қатынастар субъектілерінің аясымен сәйкес келмеуі
түсіндіруді талап етеді. ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес қылмыстық
ізге түсу органдарының тізбесіне тергеу бөлімінің бастығынан басқа,
қылмыстық іс қозғау құқығы бар барлық органдар мен тұлғалар кіреді. Бұл
жағдайда тікелей түсіндіру мынаны білдіруі тиіс: тергеу бөлімі бастығының
қызметі шектелген, ол айып тағылатын кезге дейін аяқталады. Алайда ол мүлде
олай емес. ҚІЖК-нің 63-бабындағы 2-бөлігінің мазмүны бойынша тергеу
бөлімінің бастығы тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана отырып, қылмыстық
іс қозғауға, қылмыстық істі өзі жүргізуге қабылдауға және алдын ала
тергеуді жеке өзі жүргізуге құқылы болып шығады.
Сонымен, тергеу барысында тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана
алатын тергеу бөлімінің бастығын да қылмыстық ізге түсу құқығы бар
тергеуші ретінде түсіну қажет.

Мұндай ерекшеліктерді ескерудің маңызы зор,өйткені қылмыстық іс
жүргізу құқығының жалпы қисынына сүйенетін болсақ, қылмыстық іс қозғау
құқығы бар субъектілердің қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын
субъектілерге айналуы істің дәлелдемелерін түсіну және кейін бағалау
тұтастығын қамтамасыз етуі тиіс.

Г.В. Дроздовтың атап көрсеткеніндей, қылмыстық іс қозғау сатысының
мазмұнына сондай-ақ заңды органдар мен лауазымды адамдардың мынадай
әрекеттері кіреді: а) қылмыс туралы ақпаратты қабылдау, оны тиісінше
ресімдеу және тіркеу; ә) бұл ақпаратты қарау және қажет болған жағдайларда
қылмыстың болғаны жөніндегі нақты мағлұматтарды анықтау үшін тексеру
жүргізу; б) заңға сәйкес іс жүргізуді бастау, қылмыстық іс қозғаудан бас
тарту немесе тергеуге яки сот қарауына жататыны жөніндегі қылмысқа қатысты
арызды (хабарламаны) жіберу туралы шешім қабылдау. Экстраполяциялық
көзқарас аталған әрекеттерді — бұл өздерінің қылмыстық іс қозғау құқықтарын
жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлімі бастығының,
тергеушінің, прокурордың біртұтас қызметін құрайтын өзіндік кезеңдер деп
тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар қатынастар субъектілерінің мәртебесі
(құқықтық жағдайы, құқықтар мен міндеттемелер жиынтығы) әр түрлі болып
келеді. Бұл олардың құзыретіндегі айырмашылықтар қылмыстық іс қозғау
жөнінде шешім қабылданатын дербес іс жүргізу жағдайларын талап ететінін
білдіреді. Басқаша айтқанда, қылмыстың жасалғанын көрсететін белгілер
тиісті негіздерді алғаш рет ашқан немесе көрген осы субъектілердің кез
келгені үшін қылмыстық іс қозғауға негіз бола алмайды.
Егер анықталған тергеуден тыс қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс
қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетгі адамның құзыретіне
кірмейтін болса, онда қылмыс жөніндегі арыз немесе хабарлама қылмыстық іс
қозғау туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау құқығы және тиісті уәкілетті органдар мен
адамдар құзыретінің көлемі толық көлемде сәйкес келмейді.
Қарастырып отырған сатыда прокурорға ең кең өкілеттіктер берілген.
ҚІЖК-нің 62, 190, 192-баптарының 6, 7-бөліктерінің мағынасынан оның
тергеуге алынғанына қарамастан, прокурордың өзі қылмыстық іс қозғауға
құқылы екені көрінеді. Прокурор өкілетгігінің кеңдігі жария айыптауды ғана
емес, сондай-ақ жеке және жеке- жариялы айыптауды да қамтиды. Мұнда
прокурор мынадай қылмыстық істерді қозғауға құқылы:
- кез келген жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 62, 190-баптары);
- егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы
немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше
пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса,
жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке айыптау ісі бойынша (ҚЖК-нің 33-
бабы);
-егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы
немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше
пайдалануға қабілетсіз адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі
мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке-
жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 34-бабы);
-коммерциялық және өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстық әрекет бойынша (ҚР Қылмыстық кодесінің 228-232-бап-тары)
мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммер- циялық немесе өзге
ұйымдарға зиян келтірсе және басқа ұйым-дардың, сондай-ақ азаматтардың,
қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа
тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың
келісімі бойынша жүзеге асырылады (ҚІЖК-нің 35-бабы).
Прокурор сотқа дейінгі әрекетке оқтын-оқтын ғана қатысатындықтан,
ал қылмыстық іс қозғау — бүл прокурордың заңды қадағалау жөніндегі өзіне
жүктелген міндетті жүзеге асыру құралы болып табылатындықтан, бұл жағдайда
қылмыстық іс қозғау құқығының бірден-бір іс жүргізу салдары туады, ол
қозғалған қылмыстық істі соттылығына қарай құзыретті органға тапсырумен
аяқталады. Мұнда прокурордың сотқа дейінгі әрекеттің заңдылығын қадағалауы
толығымен сақталады. Бүл жерде прокурордың қылмыстық ізге түсуді жүзеге
асыру құқығы адамды қылмыстық жауапқа тартатын кезден басталатынын есте
сақтау қажет. Алайда бұл жағдайда да прокурордың қылмыстық ізге түсуге
қатысуы үздік-создық сипатта болады.
Өз құзыретінің көлемі бойынша қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі
адам тергеуші болып саналады. Уәкілетті адамдардың бүл санатына ішкі істер
органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және
қаржы полициясы органдарының тергеушісі жатады (ҚІЖК-нің 64-бабының 1-
бөлігі). Заң шығарушылар тергеуші іс қозғауға құқылы қылмыстық істер
көлемін тергеушінің қай ведомствоға қарайтынына және қылмыстық ізге түсу
органдарында (прокурор мен прокуратура органдарынан басқа) тергелуіне қарай
жіктеген.
Уәкілетті органдар тергеу көлеміне қарай былайша орналасады. (ҚІЖК-
нің 192-бабы):
1) ішкі істер органдарының тергеушілері Қылмыстық кодекстің
177-бабы бойынша;
2) ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері — Қылмыстық
кодекстің 38-бабы бойынша;
3) қаржы полициясының тергеушілері — Қылмыстық кодекстің 36-бабы
бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
4) Қылмыстық кодекстің бірқатар нормалары бойынша балама тергеу
көзделген, ол тұтас алғанда жоғарыда келтірілген көлемнің
арақатынасына әсер етпейді.
Тергеушінің уәкілеттігін тергеумен өзара байланыста жіктеу дегеніміз
жалпы ереже бойынша мынаны білдіреді:
- бұған дұрыс негіз болған жағдайда тергеуші өзіне бөлінген тергеу
шегінде қылмыстық іс қозғауға міндетті;
- егер қылмыстық әрекеттің белгілері ол тергейтін құрамның тізбесіне
жатпайтын болса, тергеуші қылмыстық істі өзі қозғауға және бұдан кейін оны
тергелуі бойынша, немесе қылмыстық іс қоз-ғамастан, қылмыс туралы арызды
немесе хабарламаны қылмыстың тергелуі бойынша беруге құқылы (ҚІЖК-нің 188-
бабы).
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы уәкілеттігінің көлемі жөнінен тергеу
бөлімінің бастығы тергеушіге жақындайды, мұны ҚІЖК-нің 63-бабының 2-
бөлігінен байқаймыз. Тергеу бөлімінің бастығы тергеушінің уәкілеттігін
пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға құқылы деген нұсқау қарастырылатын
бөлікте тергеуші мен тергеу бөлімі бастығының уәкілеттігі толық сәйкес
келеді деген сөз емес. Тергеу бөлімінің бастығы қылмыс туралы арызды немесе
хабарламаны қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін, сондай-ақ қылмыс
жөніндегі арызды немесе хабарламаны қылмыстық іс қоз-ғамай-ақ тергелуге
жіберу үшін өзі басқаратын бөлімнің кез келген тергеушісіне беруге құқылы.
Тергеу бөлімі бастығы уәкілеттігінің бұл ерекшелігі іс жүргізу сипатынан
гөрі көбіне ұйымдық-басқару сипатына ие болады.
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі субъект — бұл анықтаушы және
анықтау органы (ҚІЖК-нің 186-бабының 1-бөлігі). Заң шығарушылар бұлармен
қоса, анықтау органының бастығына да осындай қүқық берген (ҚІЖК-нің 66-
бабының 4-бөлігінің 4-тармағы). Нақты қылмыстық іс жүргізу шегінде анықтау
органы бастығының өзіне бағынышты анықтаушыға қатысты іс жүргізу жағдайы
тергеу бөлімі бастығының өзіне бағынышты тергеушіге қатысты жағдайына
ұқсайды.
Анықтаушы, анықтау бөлімінің бастығы, анықтау органы қылмыстық іс
қозғауға құқылы қылмыстық істердің аясы, біріншіден, олардың қай
ведомствоға жататынына қарай (ол анықтау органдарының тізбесін қамтитын 65-
бапта белгіленген), екіншіден, оған берілген құзыреті көлеміндегі
шектеулермен анықталады. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдауда да
анықтаушының дербестігі шектеулі сипатта болады: анықтаушының қылмыстық іс
қозғау туралы қаулысы оны анықтау органының бастығы бекіткеннен кейін ғана
іс жүргізу күшіне ие болады (ҚІЖК-нің 66-бабының 5-бөлігі).
Анықтаушының қылмыстық іс қозғау жөніндегі өз құқығын жүзеге асыру
жағдайлары іс бойынша алдын ала тергеу жүргізудің міндеттілігі мен міндетті
еместігіне қарай ерекшеленеді. Егер іс бойынша алдын ала тергеу міндетті
түрде талап етілмейтін болса, онда анықтаушы қылмыстық іс қозғайды, қаулыны
анықтау органының бастығына бекіттіреді де, бұдан әрі тергеушінің сотқа
дейінгі әрекеті секілді өз уәкілеттіктерін жүзеге асырады (ҚІЖК-нің 67-
бабының 3-бөлігі). Егер іс бойынша міндетті түрде алдын ала тергеу ісі
жүргізілетін болса, онда анықтау органы бастығының тапсыруымен анықтаушы
кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық іс қозғауға уәкілетті
болады. Басқа жағдайларда қылмыстьіқ іс қозғау туралы шешімді уәкілетті
тергеуші қабылдайды.
Сот қылмыстық ізге түсу органы болмағандықтан, сотқа қылмыс туралы арыз
немесе хабарлама түсетін жағдайларда заңда қылмыстық іс қозғаудың арнайы
тәртібі көзделген. Сот мұндай хабарлама мен арыздардың бәрін прокурорға
жолдайды, ал прокурор өз кезегінде қылмыстық іс қозғау туралы шешім
қабылдап, тиісті материалдарды (арыз, хабарлама, қаулы) тергелуге жолдайды.
(Бұл тәртіптің жеке айыптау істерін қозғайтын жағдайларға қатысы жоқ). Сот
хабарламаның, арыздың прокурорға жолданғаны жөнінде арыз берушіге
хабарлайды. Сот тікелей істі (қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік) қарау
барысында қылмыстардың белгілерін табатын жағдайларда прокурордың атына
жеке қаулы шығарып, онда іс бойынша анықталған заңды бұзу фактілеріне,
қылмыс жасауға итермелеген және тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін
себептер мен жағдайларға прокурордың назарын аударады. Прокурор қабылданған
шаралар туралы,оның ішінде қылмыстық іс қозғау және оны тергеуге жолдау
жөнінде жеке қаулы шығарған сотқа бір ай мерзім ішінде хабарлайды (ҚІЖК-нің
183, 387-баптары).

§ 2. Қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен себептері

Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды жан-жақты және әділ қарау,
сондай-ақ шешу — алдын ала тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау
сатысындағы маңызды іс жүргізу міндеті.
Заң қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін мынадай белгілі
бір шарттардың болуы талап етіледі деп белгілеген: 1) қылмыстық іс
қозғаудың себебі; 2) қылмыстық іс қозғаудың негізі; 3) қылмыстық іс
жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың жоқтығы.
Қылмыстық іс қозғауға себеп — бұл тергеушіні, анықтаушыны, прокурорды
дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабардар етудің заңда қатаң
белгіленген негізі, мұндай негіздер болған жағдайда аталған органдар
қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарауға міндетті.
ҚР ҚІЖК-нің 177-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп
болады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кінәсын мойындап келу;
3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда
басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4)бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға заңды органдардың
қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары жазбаша түрде де немесе ауызша
болуы мүмкін. Жазбаша арызды берген адам оған қол қоюы тиіс. Ауызша арыз
хаттамаға түсіріледі де, оған арыз беруші және арызды қабылдап алған
лауазым иесі қол қояды. Ауызша арыздың хаттамасында хаттаманың қайда және
қашан жасалғаны, арызды кімнің (қылмыстық ізге түсу органының лауазымды
адамы) қабылдап алғаны, арыз беруші туралы толық мәліметтер (аты-жөні,
туған жері мен жылы, тұрғылықты орны мен жұмысы, жеке басын куәландыратын
қандай құжат көрсетілді, оны кім және қашан берген) көрсетілуі тиіс.
Арыз берушіге көпе-көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін жауаптылығы
міндетті түрде түсіндіріледі, осыдан кейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 351-
бабы бойынша әдейі, жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы
ескертіліп, бұл туралы хаттамаға белгі соғылады, ол арыз берушінің қол
қоюымен куәландырылады.

Заңмен белгіленген осы міндетті рәсімді орындау кейін заңды түрде
алынған шын мағлұматтарды қолға түсірудің кепілі болады, осындай
мағлұматтардың негізінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілетін
болады.

Қылмыс туралы ауызша хабарлама телефон арқылы да берілуі мүмкін.
Ішкі істер органындағы кезекші мүндай арызды қылмыс туралы арыздар мен
хабарламалар журналына тіркейді, осыдан кейін ол тексеру шаралары барысында
қолдау табатын болса, міндетті түрде жазбаша ресімделуі тиіс. Азаматтардың
әрқашан тікелей ауызша немесе жазбаша арыз беру мүмкіндігі бола бермейді,
сондықтан олар мұндай жағдайларда бұл туралы өздеріне қолайлы әдіспен, яғни
оны хат арқылы поштамен жолдай алады.
Әдебиетте "хат" термині арқылы кейде арызды немесе басқа өтініш
түрлерін жөнелтудің техникалық әдісі ғана түсініледі.
А.Р. Михайленко "хат" дегеніміз - бұл ең алдымен сөзді қашықтыққа
жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ оны қағазға түсіріп, уақыт кеңістігінде
сақтауға мүмкіндік беретіндей етіп жазып алу деп анықтайды. Бұған қоса,
қылмыс туралы арызды
хатпен ғана емес, бандероль, сәлемдеме жәшік және т.с.с. арқылы да
жіберуге болады".
Қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны жеткізудің мұндай
әдістерін тиісті іс жүргізу ресімінен өткізген соң қылмыстық іс қозғауға
себеп ретінде қарастыру керектігімен келіскен жөн.
Азаматтардың жеке және жеке-жариялы айыптау істері бойынша
шағымдарын да себеп ретіндегі арыздар орнына қарау қажет, олардың тізбесі
ҚІЖК-нің 33, 34-баптарында көрсетілген.
Алдын ала тергеу органдарына авторлар әр түрлі мән-жайларға
(қорқу, түбіме жете ме деп үрейлену, зүлымдық, жала, кек алу) байланысты
беймәлім болып қала отырып, "домалақ" арыз түсіретін жағдайлар тәжірибеде
бар.
Біздің қоғамда "домалақ" арызға қашан да мүлде теріс пікір
қалыптасқан. Солай бола тұрса да, заң шығарушылар мұндай арыздардың
құқықтық табиғаты мен іс жүргізу салдарын айқындаған. "Домалақ" арыздар,
егер оларда қылмыстың белгілерін көрсететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты
Қылмыстық іс қозғау
Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде
Оған қылмыстық сот өндірісінің негізгі бастамалары
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
Қылмыстық іс қозғау жайлы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ
Қылмыстық іc қозғау
Пәндер