Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы



КІРІСПЕ
І. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы жалпы ұғым
ІІ. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
ІІІ. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетел азаматтарының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар жарлығынан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар жарлығында баяндалған ережелерден басқалары белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
қаулысымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібі
3. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан-2030. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы Егемен Қазақстан, 11.10.1997ж.
4. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 6 ақпан 2008 ж.
5. Назарбаев Н.А. Обращение к студенческой молодежи Казахстана. Казахстанская правда, 06.01.1998г.
6. Назарбаев Н.А. На пороге ХХ1 века, Алматы, 1996г.
7. Назарбаев Н.А. Конституция служит народу: Доклад на торжественном собрании, посвященном дню Конституции 29.08.96г. Казахстанская правда, 30.08.1996г.
8. Назарбаев Н.А. Дух и суть нашего Основного Закона подчинены интересам человека. Обращение Президента к казахстанцам в связи с Днем Конституции. Казахстанская правда, 30.08.1997г.
9. С.А. Табанов, А.Ә. Оразова «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының» (конституцияларының) Алматы, 2005ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

Заңтану пәндер кафедрасы

ҚР Конституциялық құқық пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық
жағдайы

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2009

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы
жалпы ұғым

ІІ. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi құқықтары,
бостандықтары және мiндеттерi

ІІІ. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан
Республикасынан кетуi

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған
сәйкес шетел азаматтарының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың
Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және
Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық
жағдайы туралы заңдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19
маусымдағы N 2337 заң күшi бар жарлығынан және Қазақстан Республикасының
басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала
алады.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар
жарлығында баяндалған ережелерден басқалары белгiленген болса, халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.

1. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы
жалпы ұғым
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа
мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан
Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа
мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы
жоқ адамдар болып танылады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары барлық құқықтар
мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының
Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген
мiндеттердiң бәрi жүктеледi. Қазақстан Республикасының заңдары мен
халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары тегiне, әлеуметтiк
және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына,
бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына
қарамастан заңның алдында бiрдей болады.
Шетел азаматтарының өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы
Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың
құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың
Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан
бөлiп алуға болмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп, соған iшкi
iстер органдарының берген рұқсатын және шетелдiк азаматтың Қазақстан
Республикасында тұруға ықтиярхатын не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн алған
шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң
мiндеттi шарты мұндай рұқсат алуға үмiткер адамның Қазақстан
Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында болу
кезеңiнде өзiнiң төлем қабiлетiн растауы болып табылады.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негiзде жүрген, сондай-
ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр
немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан
жәбiрленушi деп танылған шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша
болатындар деп есептеледi. Олар белгiленген тәртiппен тiркелуге және
өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан
кетуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары
болған шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға баспана құқығын
бередi.
Саяси баспана беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының
Президентi шешедi.

2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi
құқықтары,бостандықтары және мiндеттерi

Еңбек қызметi және демалыс - Шетел азаматтары Қазақстан
Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен
тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық
құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiк
азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы
жөнiндегi шектеулер белгiленуi мүмкiн.
Шетел азаматтары жекелеген қызмет орындарына тағайындала
алмайды немесе еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрiмен, егер бұл қызмет
орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына
қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары еңбек
қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды
пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады.
Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары Қазақстан
Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде демалыс алуға құқылы.
Денсаулық сақтау - Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары
денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын
пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтарына Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау органы белгiлеген тәртiппен дәрiгерлiк
көмек көрсетiледi.
Әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру - Қазақстан Республикасында
тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары әлеуметтiк және зейнетақымен
қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын
пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.
Егер зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақы тағайындау үшiн белгiлi бiр
еңбек стажы талап етiлсе, шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының
заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте
олардың шетелдегi жұмыс стажын есептеуге болады.
Тұрғын үй құқығы, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар -
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары тұрғын үй
қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады
және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары жеке меншiк құқығында
тұрғын үйге (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) және басқа
мүлiкке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың,
өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторлық
құқығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген
жағдайларды қоспағанда, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға
ие бола алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары өздерiнiң
мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бiрдей пайдаланады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтары Қазақстан
Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер
мен тәртiпте мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды пайдалануға
құқылы.
Бiлiм алу - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте Қазақстан
Республикасының азаматтарымен бiрдей бiлiм алуға құқылы. Қазақстан
Республикасы азаматтарының бiлiм алуға конституциялық құқығын iске асыруды
қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiк азаматтардың Қазақстан
Республикасында тегiн жоғары бiлiм алуына шектеулер белгiленуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетел
азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында
қарастырылған тәртiпте, Қазақстан Республикасында бiлiм алуына болады.
Оқу орындарына қабылданған шетел азаматтары Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес оқушылар мен студенттердiң құқықтарын
иеленiп, мiндеттерiн орындайды.
Мәдениет жетiстiктерiн пайдалану - Қазақстан Республикасындағы шетел
азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мәдениет
жетiстiктерiн пайдалануға құқылы. Олар тарих және мәдениет ескерткiштерiне,
басқа мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Қоғамдық бiрлестiктерге қатысу - Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын шетел азаматтары саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партиялар мен
қоғамдық бiрлестiктерден басқа қоғамдық бiрлестiктерге, егер бұл олардың
жарғыларына (ережелерiне) қайшы келмейтiн болса, кiруге құқылы.
Ар-ождан бостандығы - Қазақстан Республикасында жүрген шетел
азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей ар-ождан
бостандығына кепiлдiк берiледi.
Дiни нанымға байланысты дұшпандық пен өшпендiлiктi өршiтуге
тыйым салынады.
Некелiк және отбасылық қатынастар - Қазақстан Республикасындағы шетел
азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен
некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен
халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен
бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және
мiндеткерлiкте болады.
Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк -
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарына тұрғын үйiне, жеке басының
ары мен намысына тиiспеуге кепiлдiк берiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер
таңдау - Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының
болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп-тұра алады және Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер
таңдай алады. Жүрiп-тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл
мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың
денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары
мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет
болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген органдарының
актiлерiмен белгiленедi.
Салықтар мен алымдар - Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен
халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан
Республикасындағы шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бiрдей негiзде салықтар мен алымдар салынады.
Шетел азаматтарының құқықтарын қорғау - Қазақстан Республикасындағы
шетел азаматтары өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын
қорғау үшiн сотқа және басқа мемлекеттiк органдарға өтiнiш жасауға құқылы.
Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларда, сотта Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бiрдей процессуалдық құқықтарды пайдаланады.
Сайлау құқығындағы шектеулер - Қазақстан Республикасындағы шетел
азаматтары өкiлдi және басқа сайланбалы мемлекеттiк органдарға және
қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ақ республикалық
референдумдарға қатыса алмайды.
Әскери мiндеттiлiкке қатынас - Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын
шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

3. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан
Республикасынан кетуi

Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және
болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібі
Қазақстан Республикасының Конституциясына, \"Халықтың көші-қоны туралы\"
Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің
\"Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі
туралы\" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығына сәйкес
жүзеге асырылады және:
1) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және
Қазақстан Республикасынан кетуінің;
2) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы және
тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің;
3) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүруінің және транзиттік өтуінің;
4) шетелдік азаматтардың болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың,
сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды.
Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібінің күші, егер
Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ
адамдарға да қолданылады.
Шетелдік азаматтарды жеке істері бойынша Қазақстан республикасына
шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар шетелдік азаматтарға Қазақстан
Республикасының заңдарында және Тәртіпте көзделген құқықтар мен міндеттерді
уақытылы түсіндіруді, шетелдік азаматтарға қатысты белгіленген құқықтық
нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған
және оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан
Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін
заңдарда белгіленген жауаптылықта болады.
Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарының осы Тәртiптiң
талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-
қимылда iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
Шетелдiк азаматтар, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық
шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының визасы
болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар (бұдан әрi -
төлқұжат) бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және жолаушы
қатынастары үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы Қазақстан Республикасына
келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi. Визаның қолданылу мерзiмi
шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6
ай бұрын аяқталуы тиiс.
Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және
Қазақстан Республикасына келiп кетуге (келу-кету) визаларды Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Сыртқы
iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал
ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкiлеттiк берiлген
органдары бередi.
Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасынан кетуге (кету) және
Қазақстан Республикасынан кетiп, қайта келуге (кету-келу) визаларды
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi, сондай-ақ ол уәкiлеттiк берген аумақтық iшкi iстер органдары
бередi.
Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және
оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетелдiк азаматтарға кету және кету-келу
визаларын берудi осы ұйымдар жүргiзедi.
Қабылдаушы ұйымдардың өтiнiшi бойынша шетелдiк азаматтарға Қазақстан
Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бiрнеше
мәртелiк виза берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданылу
мерзiмiн ұзарту үшiн:
1) халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының заңдарда белгiленген
тәртiппен ресiмделген жазбаша өтiнiштерi;
2) Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша, турист ретiнде және
мемлекеттiк емес ұйымдардың шақыруы бойынша iскерлiк мақсаттармен немесе
тұрақты тұруға келетiн шетелдiк азаматтар үшiн, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтарға iшкi iстер
органдарының рұқсаты;
2-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке
сәйкес шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе
жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша
өтініштері.
Келу визаларын берудiң негiздемесi шетелдiк азаматтардың Қазақстан
Республикасында болу мақсаттарына сәйкес келуi тиiс. Қазақстан
Республикасына туыстары мен таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке iстерi
бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде
келген шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа
орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген
жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсатымен байланысты емес
өзге де қызметпен айналыса алмайды.
Шетелдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ Қазақстан
Республикасына уақытша келген шетелдiктердiң тиiстi рұқсатсыз еңбек
қызметiн жүзеге асыруына тыйым салынады.
Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге
визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі
мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы
уәкiлеттi өкiлдерi бередi.
Визалардың санаттары мен түрлерiн, оларды берудiң, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзiмдерiн қысқарту мен ұзартудың тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер министрлiгі айқындайды.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген негіздер бойынша
шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан
Республикасынан кетуiне тыйым салынуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдiк
азаматқа көшi-қон карточкасы беріледi.
Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы
тиiс.
Көшi-қон карточкалары: Қазақстан Республикасының дипломаттық,
қызметтiк және инвесторлық визасы бар адамдарға; әуе, теңiз және өзен
кемелерi экипаждарының мүшелерiне; поезд, оның iшiнде рефрижератор,
локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темiр жол көлiгiмен
тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға; Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына;
халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының
жүргiзушiлерiне берiлмейдi. Көшi-қон карточкасын беру ережесiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген органдар айқындайды. Қазақстан
Республикасына уақытша келген шетелдiк
азаматтарды тiркеу Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк
азаматтардың өздерiмен бiрге осы Тәртiпте белгiленген ретпен тiркелген
төлқұжаты болуы және оларды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың талап етуi
бойынша көрсетуге мiндеттi. Шетелдiк азамат төлқұжатын жоғалтқаны туралы
тез арада, азаматтың өтiнiшi бойынша ол туралы анықтама беретiн, iшкi iстер
органына хабарлауы қажет. Қазақстан Республикасында уақытша болатын
шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен
күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша
тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Шетелдiк азаматтарды тiркеу жеке
басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында шетелдiк азаматтардың төлқұжаттарын
тiркеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен
келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен
Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi айқындайды. Тiркеу
шетелдiк азаматтың ұлттық паспорты мен визасының қолданылу мерзiмiнен
аспайтын кезеңге ресiмделедi. Қазақстан Республикасымен келудiң және
болудың визасыз тәртiбi туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан
Республикасына келген азаматтарды тiркеу тоқсан тәулiктен аспайтын мерзiмге
жүргiзiледi және кейiннен дәл осындай мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Шетелдiк
жұмыс күшiн тартуға заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген рұқсаты бар
шетелдiк азаматтарды тiркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзiмiне ресiмделедi.
Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқитын шетелдiк азаматтарды
тiркеу бiр оқу жылына ресiмделедi. Шетелдiк азаматтар Қазақстан
Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шарттарға сәйкес паспорттарды тiркеуден босатылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен оның өкiлдiктерiнде:

1) шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшыларының,
дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң, консулдық лауазым иелерiнiң,
дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң әкiмшiлiк-техникалық
және қызмет көрсететiн қызметшiлерiнiң, әскери атташе аппараты мен сауда
өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ
егер қонақтар көрсетiлген өкiлдiктер мен мекемелердiң аумағында тұратын
болса, шетелдiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
ҚР шетел азаматтарының меншік құқығы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы
Әкімшілік құқық туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Қазақстан республикасы шетел азаматтарының құқықтарының қорғалуы
Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері
Пәндер