Азаматтық алу



Кіріспе
Азаматтық алу
§2. ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
3. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
Қорытынды
Әрине, белгілі бір мемлекет азаматтығына тиістілігіне қарай әрбір адам құқық, бостандық және міндет шеңберінде бағыныш¬ты болады.
Сөйтіп, азаматтық - адамның белгілі бір мемлекетке саяси және құқыктық тиістілігін білдіреді. Соңдықтан да мемлекет өз азаматына құқық пен бостаңдық беріп, елден тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасайды, Азамат та өз кезегіңде мемле¬кеттің барлық ережелерін сақтап, оңдағы қаралған заңдарды мүлтіксіз орындайды.
Мысалы, қырғыз Республикасы Конституциясының 13-ба¬іына сәйкес Кырғыз Республикасына адамдардың тиістілігі және оның мәртебесі азаматтығымен анықталады, қырғыз Республи¬касының азаматтары Конституцияны, республика заңын және басқалардың құқығын, бостандығын, абыройы мен ожданын сақтауға міндетті.
қырғыз Республикасы азаматы болып танытқандардың бас¬қа мемлекеттің азаматтығына тиістілігі таныпмайды. Қырғыз Республикасының бірде бір азаматын өз азаматтығынан айыруға және өз азаматтығын өзгерту құқына тыйым салынады. Қырғыз Республикасы шеттегі өз азаматтарын қорғап, оларға қамқор¬лық жасайды. Осы іспетті ережелер, басқаша түрде берілгені¬мен Эстония, Болгария, Өзбекстан, Түркия, Польша және тағы басқа көптеген елдердің конституцияларында да бекітіліп беріл¬ген.
Шетелдіктер деп, басқа бір белгілі мемлекеттің аумағында тұрғанымен, бірақ ол елдің азаматтығын алмағанларды айтады. Сөйтіп, шетелдіктерге басқа елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Азаматтық мәселелерін реттеу әрбір мемлекеттің ішкі конституциясына жататынын ерекше айту қажет. Гаага конвенция¬сының азаматтық жайлы заңдар коллизиясына жататын (1990 ж.) тұжырымының өзінде-ақ: "Кім өзінің азаматы боларын әрбір мемлекет өздерінің заңдарына сәйкес анықтайды" деп жазылған. Сондықтан да әр түрлі мемлекеттердің азаматтық жайлы занда¬рында
1. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар жарлығы
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібі
3. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан-2030. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы Егемен Қазақстан, 11.10.1997ж.
4. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 6 ақпан 2008 ж.
5. Назарбаев Н.А. Обращение к студенческой молодежи Казахстана. Казахстанская правда, 06.01.1998г.
6. Назарбаев Н.А. На пороге ХХ1 века, Алматы, 1996г.
7. Назарбаев Н.А. Конституция служит народу: Доклад на торжественном собрании, посвященном дню Конституции 29.08.96г. Казахстанская правда, 30.08.1996г.
8. Назарбаев Н.А. Дух и суть нашего Основного Закона подчинены интересам человека. Обращение Президента к казахстанцам в связи с Днем Конституции. Казахстанская правда, 30.08.1997г.
9. С.А. Табанов, А.Ә. Оразова «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының» (конституцияларының) Алматы, 2005ж.
10. «Конституционное право РК» Акадеимческий курс. Сапаргалиев Г.С.
11. «Конституционное право РК» Копабаев О.К., Копабаева А.О. Электронды кітап
12. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. А., 1998г.
13. Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы. А., 2004 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Әрине, белгілі бір мемлекет азаматтығына тиістілігіне қарай әрбір адам
құқық, бостандық және міндет шеңберінде бағынышты болады.
Сөйтіп, азаматтық - адамның белгілі бір мемлекетке саяси және құқыктық
тиістілігін білдіреді. Соңдықтан да мемлекет өз азаматына құқық пен
бостаңдық беріп, елден тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасайды,
Азамат та өз кезегіңде мемлекеттің барлық ережелерін сақтап, оңдағы
қаралған заңдарды мүлтіксіз орындайды.
Мысалы, қырғыз Республикасы Конституциясының 13-баіына сәйкес Кырғыз
Республикасына адамдардың тиістілігі және оның мәртебесі азаматтығымен
анықталады, қырғыз Республикасының азаматтары Конституцияны, республика
заңын және басқалардың құқығын, бостандығын, абыройы мен ожданын сақтауға
міндетті.
қырғыз Республикасы азаматы болып танытқандардың басқа мемлекеттің
азаматтығына тиістілігі таныпмайды. Қырғыз Республикасының бірде бір
азаматын өз азаматтығынан айыруға және өз азаматтығын өзгерту құқына тыйым
салынады. Қырғыз Республикасы шеттегі өз азаматтарын қорғап, оларға
қамқорлық жасайды. Осы іспетті ережелер, басқаша түрде берілгенімен
Эстония, Болгария, Өзбекстан, Түркия, Польша және тағы басқа көптеген
елдердің конституцияларында да бекітіліп берілген.
Шетелдіктер деп, басқа бір белгілі мемлекеттің аумағында тұрғанымен,
бірақ ол елдің азаматтығын алмағанларды айтады. Сөйтіп, шетелдіктерге басқа
елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Азаматтық мәселелерін реттеу әрбір мемлекеттің ішкі конституциясына
жататынын ерекше айту қажет. Гаага конвенциясының азаматтық жайлы заңдар
коллизиясына жататын (1990 ж.) тұжырымының өзінде-ақ: "Кім өзінің азаматы
боларын әрбір мемлекет өздерінің заңдарына сәйкес анықтайды" деп жазылған.
Сондықтан да әр түрлі мемлекеттердің азаматтық жайлы зандарында әр түрлі
қарама-қайшылықтар (коллизия) кездесіп қалады. Оны олар мемлекетаралық
дәрежеде екі тарапты немесе көп тарапты келісімдер жасау арқылы шешіп
отыруға тырысады. Мысалы, қос азаматтықты болдырмау және азаматтығы жоқ
жайлы келісімдерді айтуға болады. Осы тұрғыдағы келісім ретінде 1995 жылғы
қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық-
құқықтық актілерді: "Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келетін
Қазақстан Республикасы азаматтарына, сондай-ақ қазақстан Республикасына
тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарына азаматтық алуды
жеңілдету жайлы", сондай-ақ "Ресей федерациясы аумағында тұрақты тұратын
қазақстан Республикасы азаматтарының және қазақстан Республикасы аумағында
тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтық мәртебесі жайлы"
келісім-шарттарды атауға болады. Мұндай халықаралыққұқықтық актілер қос
азаматтықтын пайда болмауын алдын алады, сөйтіп Ресей мен қазақстан
азаматтарына осы аталған екі аумақта тұрақты тұру жайларын нақты анықтап,
құқықтық мәртебе береді, әрі тіркеу барысында азаматтық алу тәртібін
жеңілдетеді. Ресей Федерациясымен жасалған бұл келісім Ресейге, Т.б.
елдерге орыс тілді тұрғыңдардың жаппай қоныс аударуын тежейді. Әлбетте, бұл
саяси-экономикалық тұрғъщан алғанда ТМД республикаларындағы әлеуметтік
шиеленісті бөсеңдетуде қолайлы жағдай туғызады.
Мысалы, тек 1995 жылдың 9 ай мерзімі арағығинда қазақстаннан тысқары
жаққа 251809 адам кетті. Мұның көпшілігі қазақстанның Ресей Федерациясына
эмиграция жасады[1].

§1. Азаматтық алу

Болса да, азаматтық "қан құқы" немесе "тек құқы (негіз құқы)"
принциптері негізінде алынады. Мұның алғашқысында туылған жеріне қарамай
(мысалы, Эстония Республикасы Конституциясыньщ 8-бабына сәйкес әрбір бала,
ата-анасының бірі Эстония азаматы болып табылса, туылғаннан соң Эстония
азаматы құқығына ие бола алады) ата-анасының азаматтығын алады, ал
екіншісінде - ата-анасының азаматтығына қарамай, нәресте қайсы мемлекет
аумағында дүниеге келсе (мысалы, Мексика), сол елдің азаматы бола алады.
Туылу жеріне орай азаматтық алуды шет елдерде - филиация, ал шетелдіктерді
азаматтыққа алуды - натурализацияленді. Бірақ, соңғы жағдайда бірнеше
шарттар сақталуы тиіс. Кейбір елдерде натурализация жасалынатын
азаматтардың құқық шеңбері шектелуі де мүмкін. Мысалы, Ақш Конституциясына
сәйкес осы елдің Президенттігіне тек Ақш-та туыпған азамат сайланады, ал
сенатор болу үшін 7 не 9 жыл Ақш азаматы болу талап етіледі (яғни, Палата
өкілдігіне мүшелікке немесе сенатор больm сайлану үшін Ақш азаматтығы
танылуы осы көрсетілген мерзімнен кем болмауы тиіс).
Азаматтықты қалпына келтіру үшін азаматтар бұрын белгілі бір
мемлекеттің азаматы болуы тиіс.
Азаматтықты таңдау (оттация). Бір мемлекеттің аумағынан екінші бір
мемлекет аумағына өткенде ғана жүзеге асырылады.
Азаматтықтын тоқтатылуы мына кездерде жүзеге асырылады: азаматтықтан
шыққанда, азаматтығын жоғалтқанда, азаматтықтан айырғаңда, басқа елдің
азаматтығын тандағаңда (оттация) және т.б. себептермен.
Азаматтығы жақтық және көп азаматтыдық. Азаматтығы жоқтық деп қандай
бір мемлекетке тиісті азаматтығын көрсететін ресми құжаттарды ұсына алмауды
айтады.
Көп азаматтылықтың жиі кездесетін түрі қос азаматтық (бипатризм). Бұл
жағдайда адам екі мемлекеттін азаматы болып есептеледі. қос азаматтық,
мысалы Австрия, Мексика, Польша, Канада, Испанияда орын алған. Мысалы,
Испания Конституциясының ІІ-бабында: "Мемлекет Испаниямен ерекше байланыста
болған не болып отырған Латын Америкасы немесе тағы басқа да елдермен қос
азаматтык беру жайлы келісім-шарт түзе алады. Бұл елдерде испаңдықтарды
өздерінің алғашқы азаматтығын жоғалтпай-ақ, тіпті бұл елдер өз азаматтары
деп санамағанның өзінде де, екі тарап келісілген негізде қол астына
алуларына болады".
Литва Республикасы Конституциясының І2-бабында қарастырылған заң
бойынша кейбір жағдайларда адамдарға бір мезетте Литва Республикасының және
басқа да мемлекеттін азаматы болуға жол беріледі.
Қазіргі кезде көптеген елдер көп азаматтыққа әлі де теріс қарайды.
Өйткені, бұл азаматтардың бұл жағдайда саяси құқықтары мен бостандығы
шектеледі деп санайды. қос азаматтық туралы пікір 1993 жылғы қазақстан
Республикасы Конституциясында қарастырылғаны белгілі. Алайда, 1995 жылғы
қазақстан Республикасы Конституциясында қос азаматтық шығарылып тасталды.
Азаматтықты тұтас саяси-құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде
ғана, тек оның демократиялық мемлекет жағдайында объективті кажеттілігін
ғана емес, сондай-ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен дамуындағы
мәнін де түсінуге болады. Азаматгық қоғамның табиғи-тарихи даму процесінің
жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде
азаматтық мемлекеттің өз тұрғындарының саяси-құкықтық көрінісі болып
табылады. Ол мемлекет тұрғындарды тудырады және ол оның "меншігі" болып
табылады деген сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті
кұратын факторлардың бірі болып табылады. Сондыктан азаматтыққа,
азаматтықтың мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап, белгілеу үшін саяси-
құқықтык, маңыз беріледі. Сөз жоқ, мемлекет те азаматтыққа осылайша ыкпал
етеді.
Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтың
кеңестік кезендегі саяси-құқыктық құбылыс ретінде қалыптасу ерекшелігін
жалпылап болса да көрсеткен жөн. Осы процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі
азаматтык институтына таптық көзқарас болып табылады. Азаматтық институты
да барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты идеяландырылған. Ол маркстік-
лениндік ілімге негізделген және социалистік емес мемлекеттерде танылған,
жалпыәлеуметтік көзкарастан түбірімен өзгеше жаңа көзқарас болды. Бұл
көзқарастың мәні неде?
Азаматтық институтына таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи
қалыптасқан біртұтас әлеуметтік кауымдастық ретінде кай тапқа жататындығына
қарай екі бөлікке: еңбекшілерге және қанаушыларға бөлінді. Азаматтық
институтына мұндай көзқарас езіндік қана емес, прогрессивті, демократиялық
және ізгі, тарихи болашағы мол көзқарас деп есептелді. Кеңес мемлекетінің
азаматтық туралы зандары нак осындай идеялармен дамытылды. Алайда,
азаматтық институты жоғарыда аталған касиеттердің бір де біріне ие болған
жоқ. Біріншіден, азаматтықтың жартыкеш институты құрылды. Оның жартыкештігі
азаматтардың екі бөлікке бөлінуінде: бір бөлігіне, яғни, еңбекшілерге,
формальды түрде құқықтар мен бостандықтардың бүкіл кешені берілді. Бұл
бөлік толыкқанды азаматтар деп танылды. Қайталап айтамыз, еңбекші азаматтар
құқықтар мен бостандықтарды формальды түрде иеленді. Іс жүзінде еңбекші
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары елеулі дәрежеде бос қиял болды.
Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің қожайындары
деп жарияланғанымен, олардың толыққанды азамат болуы мүмкін емес. Бұл
туралы кейін егжей-тегжейлі айтылады.
Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды
немесе құқықтары шектелді. Олар - қанаушылар деп аталатындар. Олар барлық
саяси, көптеген әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарынан
айырылды. Таңғаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігі азаматтықган аласталған
жоқ, мемлекетгің азаматтары деп есептелді.
Азаматтық дегеніміз жәй саяси-құқықтық құбылыс емес, ол азаматтық
қоғамның өз табиғатымен белгіленуі, тұтас болуы және азаматтылық сияқты
биік ұғымда көрінуі тиіс. В.Дальдың анықтамасы бойынша, — "білім ұғымы мен
деңгейі азаматтық коғам құру үшін қажет"[2]. Азаматтылық бір жағынан,
ұлттық, сондай-ақ жалпы азаматтық мораль нормаларын, дағды, әдет, саяси-
құкықтық міндеттерді игеруден, екінші жағынан, оларды жүзеге асыру
қабілетінен көрінеді. Азаматтылық адам тек өзінің жалаң міндетін орындаған
кезде ғана емес, сондай-ақ жеке басына келетін зардаптардан қорықпастан
мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне
қарсы тұрған кезде көрініс табады. Егер тұтас мемлекет, оның жекелеген
органдары мұндай қылықтарды ізгі ниетпен қабылдай алса, онда олардың
өміршең, болашағы болғаны. Егер де мемлекет, оның органдары "былғанған
беделін" корғаштаса, онда оның тарихи болашағының болмағаны. Сондықтан
азаматтылықгың жүйе негіздеушілік қасиеті бар. Азаматтылықтың мұндай
қасиеті мемлекет пен азаматтардың арасында қалыптасатын саяси және құқықтық
қатынастарда, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге
асырылады.
Кеңес мемлекетінің саяси және құқықгық қатынастары (байланыстары) ішкі
қарама-қайшылықта болды, сондықтан азаматтылыққа қатыстының бәріне әсер
етпеуі мүмкін емес еді. Бір жағынан, КСРО-ының жартылай құқылы азаматтары
өтпелі кезенде, барлық азаматтар 1936 жылдан кейін мемлекеттің уәкілетті
органдарын қалыптастыру кезінде "жоғары" саяси белсенділік көрсетті. Бұл
процеске азаматтардың барлығының біртұтас ойлап, саясатын біртұтас
қолдануды ерікті түрде де, еріксіз түрде күштеу жолымен де жүргізген
Коммунистік партия басшылық етті. Мемлекеттің "халыктық" сипаты туралы
мықты идеялық теперіш пен насихат азаматтардың маркстік (пролетарлык) саяси
санасын қалыптастырды. Осы сананы өз "биігінде" қолдау үшін мемлекет
азаматтардың барлығын да "нысанада" ұстады, біресе азаматтардың үлкен
тобына, біресе олардың жекелеген мүшелеріне катысты саяси террор қолданды.
Осындай жағдайда азаматтар санасының қалыптасуы бұлталан сипат алды: отанды
сатып кету мен саяси оқшаулану ұштасып кетті. Бүкіл кұрылым (мемлекетгік,
партиялық, кәсіподақтық, комсомолдық) саяси сананың тек жағымды жақтарын
ғана атап көрсетті, оны сананың негізгі және бірден-бір қасиеті деп
есептеді. Саяси оқшаулау туралы айтып қана қойған жоқ, оның мүмкіндігін де
қалт жібермеді. Өкілетті органдардың кез келген сайлауы (Кенестердің барлық
буындарында), әсіресе, 1936 жылдан кейін барлык уакытта сайлаушылардын
депутаттыққа кандидатка жүз процент дерлік дауыс беруімен етті. Бұл барша
өкімет билігінің "органдар жоғары азаматгылық көрсетудін нәтижесінде
қалыптасқанын" куәландыруы тиіс болды. Кеңестер формальды түрде басқа
мемлекеттік органдарды - үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекетгік
органдардың басшыларын сайлады. Сөйтіп, азаматтар мемлекеттік органдардың
бүкіл жүйесін төте немесе жанама түрде "қалыптастырып", "жоғары"
азаматтылық көрсетті. Алайда, іс жүзінде бұл мұндайды тарих бедерінен табу
қиынға соғатын бұлжытпайтын саяси алдау-арбау болды.
Жоғары азаматтылықты азаматтар емес, мемлекет, оның органдары
қалыптастырды. Құрылған мемлекеттік органдардың бірден бір саяси факторы
Коммунистік партия, дәлірек айтқанда, партиялық номенкулатураның партия
органдарына басшылық жасаған шағын тобы болды. Бірақ, азаматтар осы
құбылыстың мәнін жеке басқа табыну кезінде-ақ (Раскольниковтың Сталинге
жазған атакты хатын еске алсақ та жетеді) түсіне бастағанымен не айтуға, не
жазуға рұқсат етілген жоқ. Бұл туралы, жеке басқа табыну нәубеті ашылғаннан
кейін тарихта болып еткен кұбылыс ретінде, айтыла да, жазыла бастады. Кеңес
азаматтарының саяси санасынын шынайы болмысы туралы жазуға Кеңес мемлекеті
таратылғанға дейін рұқсат етілген жоқ. Саяси өмір туралы, Коммунистік
партияның диктатурасы туралы шындықты батыл айткан жекелеген азаматтар
"өзгеше ойлайтындар" "диссиденттер" аталып, елден қуыдды, азаматтығынан
айырылды. Жоғары, шынайы азаматтылық көрсеткен мұндай азаматтар мүндай
қасиеттен жұрдай адамдар ретінде көрсетілді.
Әрине, азаматгардың мүліктік жағдайы әркелкі қабатына бөлінген қоғамда
толық құқылық, тең қүқылық мүмкіндігі - шартты кұбылыстар. Ауқатты
азаматтар құқықтық мүмкіндіктерді көбірек пайдалана алады. Мұны жасыруға
болмайды. Мұндай ниеттің шынайылығына, нақ мемлекетгің қолдауына мұқтаж
адамдардың кез жеткізгендері жен. Біріншіден, мемлекет ниеті заң арқылы
жүзеге асырылады. Заң демократиялық, гуманды азаматтардың тұрмыс жағдайы
төмен, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды әлеуметтік тұрғыда қоддауды
кездейтін болуы тиіс. Осындай "нысандағы" занды әзірлеу мен қодцау ғаламат
күш жұмсауды талап етеді. Екіншіден, жалаң тендік жасау - жартыкеш іс, ең
бастысы - нағыз тепе-тендікті қамтамасыз ету. Сырткы белгілері бойынша
Кеңес заңдарының әлемдегі ең прогрессивті зандардың бірі болғаны белгілі.
Бірақ ол тап ойдағыдай жұмыс істеген жоқ. Сайлау женіндегі зандардың барлық
демократиялық алғышартгары болды, бірақ сайлаушылардың шын еркін
білдірмегендіктен сайлау көз бояушылықпен өтті. Кеңестердің "халық
өкілдерінен" тұрған барлық буындары бар биліктің иесі саналғанмен, іс
жүзінде партия органдарының айткандарыи орындайтын жалған органдар болды.

§2. ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Көп елдерде шетелдіктердің күкықтык мәртебесі негізінен өз азаматтары
мәртебесіне теңестіріледі. Дегенмен, белгілі бір шектеулер де жоқ емес.
Мысалы, шетелдіктер әскери қызметке шақырылмайды, сайлау қүкын
пайдаланбайды және т.б. Айталық, Болгария Конституциясының 26-бабында:
"Болгария Республикасына келуші шетелдіктер, болгар азаматтығын жүзеге
асыруды талап ететін конституция мен зандардағы қүқықгар мен міндеперден
басқа жағдайларда, Конституцияда көрсетілген барлық қүкыкгар мен міндеперге
ие" делінген.
Құрама Мексика штаттары Конституциясының 33-бабында шетелдіктерге
елдегі саяси істердің кез келгеніне араласуға тыйым салынған.
Кейбір елдердің конституциясында саяси себептер нәтижесіне қарай
шетелдіктерге баспана беру қарастырылған. Мұндай ережелер, мысалы, Ресей,
Молдова Республикасы, Польша, Өзбекстан, Италия конституцияларында және
Германияның Негізгі заңында көрсетілген. Алайда, саяси баспана беру деген
сөз, тоқтаусыз азаматтық береді дегенді білдірмейді. Бұл екеуі мүлдем
бөлек, өзара байланыссыз мәселелер әрі әр түрлі тәртіппен шешіледі.
Кейбір елдердің конституциясы өз азаматтарын және өз аумағында заңды
түрде тұрған шетелдіктерді жер аударуға тыйым салады. Сол секілді,
халықаралық келісім-шарпарда қарастырылмаған болса, конституциялары бойынша
басқа мемлекеттерге өз азаматтарын да, шетелдіктерді де беруге
(экстрадииия) тыйым салынады. Мысалы, Беларусь Республикасы
Конституциясының 10-бабы бойынша, Беларусь Республикасы халықаралық
келісімдерінде қарастырылмаған болса, Республика азаматтарын шетел
мемлекетіне беруге тыйым салынған, Осы іспетті ережелер Болгария,
Түрікменстан, Украина, Қырғыз Республикасы, Испания, Дания, Т.б. елдердің
конституцияларында да қарастырылған. Ал, енді Мексика Конституциясына (33-
бап) келсек, онда федеральдық атқарушы үкіметке (тіпті ескертусіз, алдын
ала сот істерін жүргізбей-ақ) шетелдіктердің кез келгенін, ел ішінде болуын
қаламаса, елден қуып шығуға құқық береді.

3. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан
Республикасынан кетуi

Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және
болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібі
Қазақстан Республикасының Конституциясына, \"Халықтың көші-қоны туралы\"
Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің
\"Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі
туралы\" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығына сәйкес
жүзеге асырылады және:
1) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және
Қазақстан Республикасынан кетуінің;
2) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы және
тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің;
3) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүруінің және транзиттік өтуінің;
4) шетелдік азаматтардың болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың,
сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды.
Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібінің күші, егер
Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ
адамдарға да қолданылады.
Шетелдік азаматтарды жеке істері бойынша Қазақстан республикасына
шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар шетелдік азаматтарға Қазақстан
Республикасының заңдарында және Тәртіпте көзделген құқықтар мен міндеттерді
уақытылы түсіндіруді, шетелдік азаматтарға қатысты белгіленген құқықтық
нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған
және оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан
Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін
заңдарда белгіленген жауаптылықта болады.
Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарының осы Тәртiптiң
талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-
қимылда iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
Шетелдiк азаматтар, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық
шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының визасы
болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар (бұдан әрi -
төлқұжат) бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және жолаушы
қатынастары үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы Қазақстан Республикасына
келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi. Визаның қолданылу мерзiмi
шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6
ай бұрын аяқталуы тиiс.
Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және
Қазақстан Республикасына келiп кетуге (келу-кету) визаларды Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Сыртқы
iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал
ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкiлеттiк берiлген
органдары бередi.
Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасынан кетуге (кету) және
Қазақстан Республикасынан кетiп, қайта келуге (кету-келу) визаларды
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi, сондай-ақ ол уәкiлеттiк берген аумақтық iшкi iстер органдары
бередi.
Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және
оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетелдiк азаматтарға кету және кету-келу
визаларын берудi осы ұйымдар жүргiзедi.
Қабылдаушы ұйымдардың өтiнiшi бойынша шетелдiк азаматтарға Қазақстан
Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бiрнеше
мәртелiк виза берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданылу
мерзiмiн ұзарту үшiн:
1) халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының заңдарда белгiленген
тәртiппен ресiмделген жазбаша өтiнiштерi;
2) Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша, турист ретiнде және
мемлекеттiк емес ұйымдардың шақыруы бойынша iскерлiк мақсаттармен немесе
тұрақты тұруға келетiн шетелдiк азаматтар үшiн, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтарға iшкi iстер
органдарының рұқсаты;
2-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке
сәйкес шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе
жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша
өтініштері.
Келу визаларын берудiң негiздемесi шетелдiк азаматтардың Қазақстан
Республикасында болу мақсаттарына сәйкес келуi тиiс. Қазақстан
Республикасына туыстары мен таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке iстерi
бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде
келген шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа
орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген
жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсатымен байланысты емес
өзге де қызметпен айналыса алмайды.
Шетелдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ Қазақстан
Республикасына уақытша келген шетелдiктердiң тиiстi рұқсатсыз еңбек
қызметiн жүзеге асыруына тыйым салынады.
Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге
визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі
мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы
уәкiлеттi өкiлдерi бередi.
Визалардың санаттары мен түрлерiн, оларды берудiң, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзiмдерiн қысқарту мен ұзартудың тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер министрлiгі айқындайды.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген негіздер бойынша
шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан
Республикасынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі. Азаматтық қорғаныс мақсаттары мен міндеттері
Азаматтық құқықтықта сенімхат
Қазақстан Республикасының азаматтығының жалпы мәселелері
Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі
Сенімхатты құқықты рәсімдеу тәртібі
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы
Азаматтық құқықтың түсінігі және жүйесі
Пәндер