Қосалқы станцияның электр жабдықтарын таңдау


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Соңғы жылдары кіші және орта кәсіпорындардың саны және электр

жүктемесі өсіуіне байланысты, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптардың деңгейі өсті. Осыған байланысты, қазіргі уақытта трансформаторлық қосалқы станциялардың көбісі қажетті электр қуатын өткізе алмайды және олардың беріп жатқан электр энергиясының сапасы заманның талабына сай емес.

Энергожүйенің проектін жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды технико-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.

Электр станциясында өндірілген электр энергиясы тұтынушыларға әуе желісі арқылы және қосалқы станциялар арқылы беріледі, олар станция генераторын және тұтынушыларды біртұтас біріктіріп, электр торабын түзетін-электрлік жүйені көрсетеді.

Электр станция деп - электр энергиясын өндіруге арналған кәсіпорын немесе қондырғы болып табылады. Сонымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.

Курстық жобада қосалқы станциясының электр жүктемесінің есебіне, кернеудің ауытқуын табуға, трансформатордың типін таңдауға, қысқа тұйықталу тогының есебін шығаруға, электр қондырғыларын таңдауға және сұлбаларды құрастыруға арналған.

Курстық жобаның міндетті бөлігі болып табылатын - арнаулы мәселе және экономикалық есептер жасалған, еңбекті, азаматтық қорғау және электр жабдығьш эксплуатациялаудың қауіпсіздіқ жолдары көрсетілген.

Курстық жобаның соңында қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

  1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі.

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.

Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мыналарды қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының электр энергиясы саласында орындалуы;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электрлік және жылу пайдаланылатын қондырғыларының және техникалық жай-күйі;
  • электр және жылу энергиясы сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуы;
  • электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемді пайдалану, өндіріс режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының күзгі-қысқы жағдайларға әзірлігі.

Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мынадай функциялар мен міндеттерді орындайды:

  • электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайларға әзірлігін бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
  • электр станцияларының, жылу және электр тораптарының Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың зақымдануына алып келетін ірі технологиялық бұзылыстарды тексеруді есепке алады;
  • электр және энергия жабдықтарына рұқсаты бар;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асырады;
  • электр және жылу қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, жеткізу мен таратуды және оларды сатуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының пайдалану техникасы мен қауіпсіздік техникасы ережелері жөніндегі білімдерін біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
  • энергетика объектілерінде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және тиімді өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану жөнінде энергетикалық сараптама жүргізуді, энергия үемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуді ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері:

  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;
  • «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының электр энергетикасында нарық қатынастарын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысы;
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасының көтерме нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі;
  • Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және құру ережесі;
  • Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қалыптастыру ережесі;
  • Қазақстан Республикасының электр энергиясын орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі;
  • Электр энергиясының бөлшек нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру, сондай-ақ осы нарықта рұқсат ету мен қызмет көрсету ережесі;

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мынадай секторлардан тұрады:

  • электр энергиясын өндіру;
  • электр энергиясын жеткізу;
  • электр энергиясымен жабдықтау;
  • электр энергиясын тұтыну;
  • электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет;
  • электр тораптық ережелер.

Электр энергиясын өндіру секторы:

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әр түрлі 63 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 18 992, 7 МВт-ты, мүмкіндігі - 14 558, 0 МВт-ты құрайды.

Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіптік мақсаттағы электр станциялары және өңірлік мақсаттағы электр станциялары деп бөлінеді.

Ұлттық маңызы бар электр станцияларын электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында тұтынушыларға сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциясы жатады:

«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС;

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ;

«Еуразия Энергетика Корпорациясы» АҚ (Аксу МАЭС) ;

«Қазақмыс корпорациясы» МАЭС» ЖШС;

«Жамбыл МАЭС» АҚ;

сондай-ақ қосымша және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеуге пайдаланылатын қуаты күшті электр станциялары:

«Қазцинк» АҚ Бұқтырма МЭК;

«AES Өскемен ГЭС» ЖШС;

«AES Шульба ГЭС» ЖШС.

Өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларына электр және жылу энергиясын қатар өндіретін ЖЭО жатады, олар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтайды:

ЖЭО-3 «Қарағанды-Жылу ЖШС;

ЖЭО ПВС, ЖЭО-2 «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;

Рудненский ЖЭО («ССГПО» АҚ) ;

Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;

Павлодар ЖЭО-1 «Қазақстан алюминийі» АҚ;

Шымкент ЖЭО-1, 2 («Оңтүстікполиметал» АҚ) және тағы басқа.

Өңірлік мақсаттағы электр станциялар - бұл аумақпен біріктірілген, өңірлік электр тораптық компаниялар мен энергия жеткізуші ұйымдардың торабы бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын және жақын орналасқан қалаларды жылумен жабдықтайтын ЖЭО.

Электр энергиясын жеткізу секторы:

Қазақстан Республикасының электр жеткізу желілері кернеуі 0, 4-1150 кВ электр энергиясын жеткізуге және (немесе) таратуға арналған қосалқы станциялардың, таратушы құрылғылардың, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің жиынтығынан тұрады.

Қазақстанда жүйелерді топтастырушы торап қызметін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) атқарады, республиканың өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелерінің арасында электр байланысын, сондай-ақ көтерме тұтынушыларға электр станцияларымен электр энергиясын беру мен жеткізуді қамтамасыз етеді. Қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларынан электр қуатын беретін электр жеткізу желілері «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ теңгеріміне кіреді.

Өңірлік-деңгейдегі электр тораптары өңірлердің өз ішіндегі электр байланыстарын, сондай-ақ электр энергиясының жеке тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді. Өңірлік-деңгейдегі электр тораптары өңірлік электр торабы компанияларының (ӨЭК) теңгерімінде және пайдаланысында болады.

Электр жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) электр энергиясының келісім-шарт негізінде меншіктегі немесе уақытша пайдаланыстағы (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және өзге-де пайдалану түрлері) электр тораптары арқылы көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергия жабдықтаушы ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырады.

Электрмен жабдықтау секторы:

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығындағы электрмен жабдықтау секторы электр өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алып, оны кейіннен жеке тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын электрмен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады.

Электр тораптары:

«KEGOC» АҚ теңгерімінде кернеуі 35-1150 кВ 288 электр жеткізу желісі бар. Электр жеткізу желілерінің жалпы ұзындығы 23569, 226 км (тізбектер бойынша), оның ішінде:

ӘЖ 1150 кВ - 1421, 225 км;

ӘЖ 500 кВ - 5570, 245 км;

ӘЖ 220 кВ - 15975, 808 км;

ӘЖ 110 кВ - 558, 668 км;

ӘЖ 35 кВ - 43, 28 км.

ЖЭТ филиалдарының теңгерімінде қуаттылығы 33697, 15 МВА трансформаторлары орнатылған кернеуі 35 - 1150 кВ 74 электр қосалқы станциясы бар, оның ішінде:

1150 кВ - 3 дана, қуаттылығы 9384, 1 МВА;

500 кВ - 16 дана, қуаттылығы 13816, 5 МВА;

220 кВ - 52 дана, қуаттылығы 10468, 35 МВА;

110 кВ - 1 дана, қуаттылығы 5 МВА;

35кВ - 2 дана, қуаттылығы 23, 2 МВА.

Мысалы:

1. КЕGОС, АҚ-ның «Ақмола жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Астана қ. ) 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4225, 519 км (тізбектер бойынша) 220-1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 7484, 6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 10 қосалқы станция кіреді.

2. КЕGОС, АҚ-ның «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қазанында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1200, 02 км (тізбектер бойынша) 220-500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 1945, 5 МВА кернеуі 220-500 кВ 6 қосалқы станция кіреді.

  1. Трансформаторлы қосалқы станция және тарату пункттерінің жабдықтары жайлы мағұлмат.

Электр қосалқы станциясы - бұл электр энергиясының өндірілуі және таратылуы үшін арналған электрқондырғы.

Трансформаторлық қосалқы станция трансформаторлардың көмегімен бір кернеудегі электр энергиясын басқа кернеудегі электр энергиясына түрлендіру үшін арналған.

Электр тарату құрылғылары (ТҚ) (ЖТҚ- жабық ТҚ, АТҚ- ашық ТҚ) - қабылдау үшін және электр энергиясын тарату үшін қызмет етеді, сондай ақ құрама және жалғағыш шиналардан, қосалқы құрылымдардан (аккумуляторлы), және де өлшеуш аспаптар мен автоматиканың қорғау құрылымдарынан тұратын коммутацилық аппараттарға ие.

Электр таратушы пункт (ТП) - бұл таратушы құрылғы қосалқы станцияның құрамына кірмейді.

Түрлендіргіш қосалқы станция токтың пайда болуының немесе оның жиілігінің түрлендіруі үшін (инвертордың көмегімен) арналған.

Комплектті трансформаторлық қосалқы станция(КТҚС) .

КТҚ (комплектті тарату құрылғылары) - ішкі қондырғы;

КСТҚ (комплектті сырқы тарату құрылғылары) - сыртқы қондырғы;

Қосалқы станцияларды басқару тәсілдері:

  • Күтуші адамдары жоқ, толық автоматтандырылған;
  • Кезекші адамдары бар, автоматтандырылған қосалқы станциялар;
  • Тұрақты күтуші адамдары бар, автоматтандырылған қосалқы станциялар («Достық» қосалқы станциясы, Уфа қаласы, электр газы толтырылған комплексті тарату құрылғысы) .

Коммутацилық аппаратпен, жабдықпен, қорғау құрылғысы мен автоматикадан, толық дайындалған немесе жинақталған түрде құралған шкафтан немесе блоктан құралады.

Қосалқы станцияда реактивті қуаттың өндірілуі және желіге берілуі үшін, синхронды қарымталауыш (басқа электр энергия қабылдағышын қуат коэффициентін көтермей пайдаланылуы үшін) орнатылуы мүмкін.

Электр тораптарында электр энергиясын қабылдауға және таратуға тарату пункттері мен трансформаторлы қосалқы станцияларын кеңінен қолданады. Олардың негізгі электржабдықтары - күш трансформаторлары (қосалқы станцияда орнатылады) , майлы сөндіргіштер, жоғары вольтті сақтандырғыштар, реакторлар, айырғыштар, жүктеме сөндіргіштер, сөндіргіштер мен айырғыш жетектері, релелік қорғау аппаратурасы мен басқа да коммутациялық аппараттар. Трансформаторларды, жоғары вольтті сақтандырғыштарды, айырғыштарды және басқа да аппараттарды қондыруды, электр желілерін, станция мен қосалқы станция жабдықтардың пайдалануын және монтаждауын игерген жоғары білікті электр монтері орындайды. Қосалқы станцияларда трансформаторларды бір кернеуді келесі түріне түрлендіру үшін қондырады. Күш трансформаторының қуаты - бірден бірнеше жүз мыңдаған кВА.

Майлы сөндіргіштер кернеуі 1кВ жоғары жұмыс режимінде, жүктеме және қысқа тұйықталу кезінде электр тізбектерін қосып, ажырататын коммутациялық аппарат ретінде қызмет атқарады. Майлы сөндіргіштер қорғау және басқару аппаратының әсерінен қолдан және автоматты түрде қосылып, сөндіріледі.

Жүктеме сөндіргіштер кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында қуаты I м о л I_{мол} = 200-400 А жүктемеде электр тізбегін қосып, ажыратуға арналған немесе жоғары вольтті сақтандырғышты жинақтағы жүктеме сөндіргіш тізбектегі токтың қысқа тұйықталуын қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай сақтандырғыштар секундтың мыңдаған үлгісіндей жұмыс жасай отырып, тізбектегі токтың қысқа тұйықталуы кезінде тез ажыратады да, электр жабдықтарының жұмысына қолайлы жағдай жасайды. Демек, бұл сақтандырғыштар қорғау қызметімен бірге ток шектеуіш құрал болып табылады.

Үш полюсті айырғыштар - ажыратылған аймақтарда алдын алу және жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жоғары вольтті тарату құрылғыларында қолданылатын электр тізбектерін қосуға және ажыратуға арналған электр аппараты. Қосу және ажырату жүктемесі жоқ кезде орындалуы мүмкін.

Сонымен қатар, жоғары кернеулі трансформаторлы қосалқы станциялардың жақтауларына разрядтауыштарды орнатады. Олар қосалқы станция жабдықтарының оқшауламаларын асқын найзағайдан, кернеулерден қорғайды, қауіпті асқын жүктеме пайда болған кезде ток өткізгіш бөліктерді жермен автоматты түрде қосады. Разрядтауыштарды қосалқы станцияның әуе кірмелерінде орнатады және сенімді түрде жерлендіреді. Қосалқы станциялардағы төмен кернеулі құрылғыларға төмен кернеулі коммутациялық қорғау, өлшеу аппараттары және шина өткізгіштер жиынтығы жатады. Құрылымына қарай ашық (ғимраттан тыс), жабық (панажайда) және қозғалмалы трансформатолы қосалқы станциялар болып бөлінеді.

Қазігі уақытта ашық және жабық жинақты трансформаторлы қосалқы станциялар кеңінен қолданылады. Олар жоғары кернеулі электр аппараттары, сонымен қатар, өлшеу, қорғау автоматика, белгі беру және басқару аппараттарымен қамтылған (жабдықталған) зауыттарда құрастырылған металл қаңқа және жәшік түрде шығарылады. Жинақталған трансформаторлы қосалқы станциялар элекртмонтаждау жұмыстарын жетілдіреді, электр қондырғыларын құру мерзімдерін қысқартады және олардың жұмыс өнімділігін арттырады. Сондықтан көне үлгідегі трансформаторлық қосалқы станциялар орнына жинақталған трансформаторлық қосалқы станциялар қолданылады.

  1. Жоғары кернеулі коммутациялық аппараттарын дамыту болашағы.

20-шы ғасырдың 80-ші жылдарының басында коммутацилық аппараттарды майлы және әуе ажыратқыштардың орнына оқшаулау және доға сөндіргіш, вакуум және электр газы ортасында пайдалану өзгерісі болып жатады (газ түзгіш алтыфтролы ортада SF6) . 110 кВ және одан да жоғары кернеулерде ажыратқыштың электр газына ауыстырушылығының айрықша беталысы ерекше көрінеді.

Электр жабдықтың негізгі лайықтары электр газы қасиеттерімен анықталады, атмосфералық қысымда электр газының электр беріктілігі ауадан 3есе жоғары, ал азғантай ғана электр газы қысымының жоғарылауы кезінде оның электрлік беріктігі трансформатор майынан гөрі жоғары.

Электр газы жабдықтарына жинақылық, үлкен ревизия аралық мерзімдер, номиналды кернеудің 6 кВ-тан 35 кВ-қа дейінгі және кейде 110 кВ кең диапазоны жатады. Бұл аппараттардың өрт қауіпсіздігі жоқ және күтудің жоғары қауіпсіздігіне ие.

Вакуумдық техника контакт аралық жоғары электр беріктігімен сипатталады (10-15мм) : яғни токтың ажыратылуы кезінде электр беріктігінің максималды жылдамдығының қалпына келтірілуі, қозғалғыш бөліктің минималды салмағы, жетектің минималды энергиясы, максималды ресурсы, минималды габарит және аппараттың салмағы.

  1. Қосалқы станцияның классификациясы.

Жоғары жағынан қосалқы станцияны схемасының құрылымына қарай үш топқа бөлуге болады:

1) жоғары кернеулі ажыратқышы жоқ қосалқы станциялар (оңайлатылған схемалар) қысқа тұйықтауыштар мен айырғыштарды қолдануды үнемдеу үшін;

2) жоғары кернеулі, құрамасыз шиналардан қоректенетін, айырғыштар саны аз қосалқы станциялар;

3) бір немесе бірнеше жүйелі құрама шиналы қосалқы станциялар.

Тағайындалуы бойынша қосалқы станциялар былай бөлінеді:

-жүйелі;

-тұтынушы.

Жүйелі қосалқы станцияларлар электросистема құрамына кіреді және үлкен энергетикалық аудандардан қоректенетін электр желілілерін ұйымдастыру үшін арналған.

Тұтынушы қосалқы станцияларлар бөлек территориядан энергиямен қоректенетін өнеркәсіп аудандары немесе басқа кәсіпорындарға арналған.

Тұтынушы қосалқы станцияларлар 4 түрге бөлінеді:

  1. Аудандық қосалқы құрамына кіреді және аудандарды қоректендіруге арналған.
  2. Негізгі төмендеткіш қосалқы станциялар (НТҚС) - аудандық қосалқы станциялардан U=110, 220, 330 кВ кернеуімен қоректенеді. Тұтынушыларды U=6, 10, 35 кВ кернеуімен қамсыздандырады.
  3. Цехтық трансформаторлық қосалқы станциясында- кернеуді 6 кВ-тан 0, 4 кВ-қа түрлендіру жүріп жатады;
  4. Терең енгізуші қосалқы станциясы (ТЕҚС) . Терең енгізу деп - қоректеу жүйесін, қуатты жоғалтудың төмендеуі мен трансформациялау сатысының кемуін, тұтынушыға энергияны барынша жақындатуын айтамыз. ТЕҚС (Терең енгізуші қосалқы станциясы) айналу білдігін қоректендіру үшін қолданылады.

Келесі белгілеріне байланысты бөлінеді:

  1. Қосалқы станцияның құралымыныңбасты сұлбасыныңкүрделілігі жоғарғы кернеу жағында. Қосалқы станцияның электр құралымының басты сұлбасы негізгі электр жабдығының, трансформаторлардың, желілердің, құрама шиналардың, жалғау олардың арасында орындалған коммутацилық аппараттар құрамын ұсынады. Мұндай сұлбалар бір желідегі орындалудың барлық элементтерінің сөндіру жағдайында орындалады.
  2. Толық сұлбаасқын кернеуден қорғау құралы, жоғарғы кернеудің жағында басты сұлбаларын, төменгі кернеудің тарату құрылғысының сұлбаларын құрайды (вентильді разрядтауыштар, асқын кернеуден қорғау ток шектеуіші, кернеу мен ток өлшеуіш трансформаторлар, статикалық конденсаторлардың батареялары, меншікті қажеттілік трансформаторлары (МҚТ), таратушы шиналар 6×0, 4 кВ) .

Қосу түріне қарай қосалқы станцияларлар келесі түрлерге бөлінеді:

Радиалды желіден қоректенетін тұйық қосалқы станцияларлар.

  1. Тармақты қосалқы станцияларлар(отпаечные подстанций)
  2. Өтпелі қосалқы станцияларлар, берілу желісіне қосылады немесе екі желілі бір жақты немесе екі жақты қоректеуге қосылады.
  3. Түйінді қосалқы станциялар, электр беріліске екі немесе одан да көп сәйкес келеді. Мұндай қосалқы станциялар жүйелі қосалқы станцияларға қарайды және аудандық қосалқы станциялардың рөлін атқарады.

Трансформатор санына қарай қосалқы станциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

- бір трансформаторлы;

- екі трансформаторлы.

Түйінді қосалқы станцияларға үш немесе төрт трансформаторлы қосалқы станциялар қолданылуы мүмкін.

1. 4. Таңдап алу және тиімді пайдалану туралы жалпы мәлімет.

Электр жабдықтарын дұрыс таңдап алу - оны дұрыс пайдаланудың қажетті шарты. Кешенді электрлендіруді жобалағанда, электр жабдықтарының сапалы жұмысын, электрлендірудің арзан болуын ескереді. Кейбір себептерге байланысты ол талаптар орындала бермейді.

Жобалау сатысында қоршаған ортаның жағдайын дәл болжау мүмкін емес, сондықтан электр жабдықтарын таңдап алу орташа көрсеткішке шамалап жасалады. Ол кейде, нақтылы жағдайда, әлдеқайда өзгеше болады. Мұндай үйлесімсіздіктер есеп бойынша алынған жұмыс ережесі арасында да, кернеудің ауытқулары мен басқа да өлшемдері арасында да байқалады.

Бастапқы ақпараттың күңгірттігі, таңдаудың дәлдігін бұзады.

Жобалау кезінде, электр жабдықтары мен технологиялық нысандардың эксплуатациялық қасиеттерінің нашарлауы ескерілмейді. Бұл, әсіресе техниканы күрделі жөндеуден өткізгенде анық байқалады.

Сондықтан пайдалану кезінде, электр жабдықтарын таңдап алу мәселесін мұқият тексеріп, нақтылы жағдайға байланыстыруға тура келеді. Мұндай тексерулер технологиялық үлкен шығындарға соқтыратын жауапты нысандарда міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Жабдық таңдап алу әдісі, жалпы алғанда, электрмен жабдықтау сапасы, жұмыс ережесі және эксплуатацияның басқа да шарттары туралы нақтылы мағұлматтарды электр жабдығының өлшемдерімен салыстыруға саяды. Таңдау туралы шешім шектеу принципімен, болмаса үйлесімділік принципімен қабылданады.

Шектеу принципі - электр жабдығы өлшемдерінің, мәндері соған ұқсас факторлары, эксплуатациялау кезінде байқалған өлшемдік мәндеріне тең, не олардан артық болса, онда электр жабдығы жарамды деп есептеледі. Мысалы, асинхронды моторды, Рн > > Рф шарты негізінде қуатына қарай таңдап алады. Мұндағы, Рн, Рф - таңдап алынған мотордың қалыпты қуаты мен нақтылы жүктелуі.

Үйлесімділік принципі - электр жабдықтарын таңдап алуда нысандарды немесе процесті электрлендіруде ең жақсы нәтиже береді-ау деген бірнеше нұсқаларды салыстыра қарастыру. Мұнда, үйлесімділік көрсеткіші ретінде техникалық және экономикалық сипаттамалар алынады.

1. 4. 1. Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау.

Электр жабдықтарын таңдауда ескерілетін негізгі техникалық сипаттамаларға: климаттық орындалу мен орналастыру деңгейі, бөгде заттар мен судың (ерітінділардің) тиюінен сақталу деңгейі, қалыпты параметрлері (кернеу, ток, қуат, айналу жиілігі және т. б. ), қосымша сипаттамалары оталау қасиеттері, артық жүктелу қабілеті, қорғаныс сипаттары және т. б.

Климаттық орындалу мен орналастыру деңгейіне қарай таңдау - өндірістен шығарылатын электр жабдықтары арнайы бір климаттық аудандарға және белгілі бір орындарда орналастыруға ынғайланып жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергиясын түрлендіру және тарату
Электрмен жабдықтау схемасы
ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕЛЕРІН ЕСЕПТЕУ
Бөкейорда ауданы 35/10 кВ «Бисен» қосалқы станциясын қайта құру
«Құлсары» 110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру
Қосалқы станцияның есептік сұлбасы
Электр энергияны жіберу қызметттері
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ СҰЛБАСЫ
Кернеуі 35/10 кв «Қараоба» қосалқы станциясы
Жақсыбай қосалқы станциясының электр құрылғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz