Нарық ұғымы және мәні


Жоспар.
I Кіріспе
Нарық ұғымы және мәні.
II Негізгі бөлім
- Нарық қатынасының даму кезеңі. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы рөлі. Қазақстан нарық жолында.
- Нарық механизмінің мәні және ерекшелігі. Нарықтың түрлері және атқаратын қызметі. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Қазіргі заманғы нарық теориясы. Нарықтық жүйенің мәні. Нарық құрлымдары және бәсеке.
III Қорытынды
Нарықтың даму қажеттігі.
IV Пайдаланылған әдибеттер тізімі.
Нарық ұғымы және мәні .
Нарық дегеніміз не? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық құрлымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған қоғамда нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай - ақ алыс - беріс жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен жинап және тауарларды почта арқылы бере алады. Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиді. Алайда, қандай нарық болса да оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке : бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.
Жоғарыда аталғандай әрбір экономикалық жүйе негізгі үш сұрақты шешу қажеттігіне ұшырайды : не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім өндіру керек? Нарықтық экономика бұл сұрақтар негізінде нарықтың көмегімен шешіледі ( баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке механизмі арқылы) .
Нарық - бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оны ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.
Нарық - бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынастар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге айналады.
Нарық, айырбас, айналыс - бұл категориялар өзара тығыс байланысты және тұрмыста оларды бір-бірімен шатастырады.
Дегенмен, олардың өздеріне тән белгілері, ерекшеліктері бар және олар тауар қатынастарының тарихи дамуының әртүрлі сатылары болып табылады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің қалыптасуы, қызметтер мен еңбек өнімдерін айырбастау қажеттігін туғызады.
Бұл мағынада айырбас дегеніміз бүкіл экономикалық дәуірлерге тән экономикалық категория болып табылады.
Нарық қоғамдық еңбек бөлінісі мен шаруашылықты жүргізу субъектілерінің өзара оқшаулауына негізделген тауар өндірісінің табиғи-тарихи даму процесінің нәтижесі болып табылады.
Нарық деп алдында адамдар тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзара айырбастайтын жерлерді атаған, бұлар әдетте қала ортасындағы алаңдар болды.
Тауар өндірісінің дамуына қарай нарық дамып және ол туралы түсініктер күрделене түсті. Осыған орай, экономикалық әдебиеттерде нарыққа сан-қилы анықтамалар беріледі.
Бір бөлігі нарықты үстірт қараудың негізінде жоғарыдағы алғашқы адамдар түсінігінен көп ұзай алмай ұйымдастырылмаған у-шуы көп кәдімгі базармен теңейді. Енді бір бөлігі, нарықты «керемет күш» деп, экономикалық өмірде болып жатқан олқылықтар мен қайшылықты тез арада жоятын «күш» дейді.
Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды.
Алайда қандай нарық болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.
Біріншіден, бұл бағалар. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгертуге қажеттігін анықтау қызметін атқарады.
Екіншіден, бұл сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігін бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша сомасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауардың саны.
Үшіншіден, бұл бәсеке. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту.
Нарық дегеніміз - ұдайы өндірістің барлық сатыларында : өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну сфераларында сатып алу -сату арқылы жүзеге асырылатын ұйыдық-экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.
Еліміздің соңғы кезенде басқарудың экономикалық әдісіне көшуі нарықтық айырбасқа кең жол ашты. Кейбір экономикалық әдебиеттерде, ел арасында, осы әдісті «батыстық модельдерді» қайталау емес пе деген ойға сайып жүр. Бүл әрине дұрыс ой емес. Социализм тұрысында 1965 жылы басталған экономикалық реформа, социалистік елдердегі нарықтық қатынастың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс.
Нарықтың мәнін талдауда тағы бір айтатын жәй, ол теориялық дискуссиядағы нарық пен жоспарды біріне-бірін қарсы қою. Негізіне келсек ұдайы өндіріс - жоспарлы ұйымдасқан процесс, онда нарықтың икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалану маңызды мәселе. Осыған байланысты, нарық ұдайы өндірістің үйлесімді дамуының негізгі бағыты болады. Сондықтан, экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігін құрап, онымен тығыз байланыста болады.
1. Нарық қатынастарының даму кезеңдері.
Нарықты экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлісінің дамыумен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады :
- Нарық элементтерінің пайда болуы;
- Натуралды айырбас кезеңі нарығы;
- Тауар баламасы кезеңінің нарығы;
- Тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шартты бола
бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қызметті тығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып, бірігіп кеткен жоқ, сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1-Т2, балама - Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде «таза» құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1-тауар емес балама -Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иеленушілері - несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы - қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790 жж. ) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себебтері туралы зерттеу» деген басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге, А. Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» рөлін атқаруы қажет. Мемлекет «laisserfaire» («мейлі өзімен өзі жүрсін») саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы қажет. Бірақ, А. Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінші, ол жеке капиталдың монополияларды мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінде күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А. Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбарының пікірінше - жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады.
Кейінен, қоғамдық өндірістің күрделенуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолына ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасады.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасыда жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыныс сұрақтары әкімшілік- әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге- өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектеріне қаржы - несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуді мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz