Сақтандыру


1. 1 Сақтандырудың мәні мен даму тарихы . . . 6
1. 2 Сақтандырудың түрлері мен нысандары . . . 11
1. 3 АҚШ пен Қазақстанның сақтандыру нарығын салыстыру . . . 152 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының перспективасын талдау
2. 1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларын талдау . . . 19 2. 2 Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер . . . 232. 3 Сақтандыру проблемаларын шешу жолдары . . . 26
Қорытынды . . . 30 Қолданылган әдебиеттер тізімі . . . 33Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады. Бұл ретте сақтандырудың басты мақсатына азаматтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін кенеттен туындайтын, қауіпті әрі залалды, қоғамдық өмірдің материалдық деңгейін күрт төмендетіп жіберетін төтенше табиғи құбылыстар мен техногендік апаттар сипатындағы кездейсоқ сақтандыру жағдайларынан қорғау жатады. Ұлттық сақтандыру рыногы салаларындағы өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және міндетті сақтандыру түрлерін ел экономикасының түрлі аялары мен салаларына қарай дамытуды мемлекеттік реттеу және қадағалау сақтандыру құқықтық қатынастарының тиімді қалыптасуына септігін тигізеді. Осы сақтандыру қызметтерін көрсету рыногын (ұлттық сақтандыру рыногын) құқықтық реттеу теориясы мен сақтандыру практикасы арасының алшақтауы заңи ғылым мен экономикалық ғылым арасындағы ғылыми зерделеу, зерттеу бағыттарының бөлек жүргізілуіне байланысты орын алып отыр. Дегенмен, сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметтін даму зандылықтары және сақтандыру заңнамасы мен сақтандыру құқықтық қатынастары жөніндегі ғылыми зерделеу нәтижелері сақтандыру құқығының, экономиканың сақтандыру секторының және мемлекеттің сақтандыру саласындағы саясатының өзара заңи, сондай-ақ экономикалық байланыстармен шырмалған әрі объективті-субъективтік факторларға қарай байламданған түйін (сақтандыру құқығынын теориялык проблемалары) екенін дәйектеуде. Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму перспективасын талдау. Қазақстан сақтандыру нарығының жағдайына кешенді талдау жүргізіп, оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау. Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру. Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Курстық жұмыстың негізгі объектісі: Қазақстан Респуликасының сақтандыру нарығы болып табылады. Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан Республикасында қалыптасқан сақтандыру қатынастары болып табылады.
Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымдары өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы кездейсоқ оқиғалар туындаған кезде және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастарды шешеді. Сақтандырудың экономикалық мәні-барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанда көмек көрсетілетіндігінде. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады. Сақтандыру объектісі бойынша мынадай түрге бөлінеді: жеке және мүліктік. Жеке сақтандыруға - азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жатады. Сақтандырудың бұл түрі бойынша сақтанушының өзі, сондай -ақ шартта көрсетілген басқа адам сақтандыруы мүмкін. Мүліктік сақтандыруға мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға мүдделерді сақтандыру жатады. Сақтандыру қатынастарының субъектілері сақтандырушы мен сақтанушы. Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи-техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу бөлігіндегі шығыстарды азайтуға; рыноктық экономика қағидаттарында сақтандыру арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген проблемаларын шешуге; халықтың, жеке ұйымдардың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, рыноктық экономикада тұрақты жайғасымдарды алып отыр. Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салықтық-бюджеттік және ақшалай кредиттік саясатты жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады. Қазіргі заманғы сақтық рыногының толыққанды жұмыс істеуі сонымен қатар актуарийлер институтын еңгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді. Курстық жұмыстың мәселелері:
- нарық жағдайында сақтандырудың рөлі мен маңызын анықтау;
- сақтандыру нарығы жөнінде жалпы түсінікті қалыптастыру;
- сақтандыру түрлерін бөліп нақтылау;
- шетел сақтандыру нарығын мысалға келтіре отырып, оны бізге тәжірибе жүзінде енгізуді көрсету;
- Қазақстандағы сақтандыру компанияларын талдау;
- қазақстандағы сақтандыру нарығының мәселелерімен танысу сол мәселереді болдырмау жөнінде іс - шараларды қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және де пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде: сақтандырудың теориялық негіздері, нақтылап айтқанда, сақтандырудың мәні, түрлері мен шет ел тәжірибесі; ал екінші бөлімде: сақтандырудың қазіргі таңдағы негізгі мәселелері мен оны шешу жолдары қарастырылады.
Курстық жұмыстың ақпаратттық базасы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің мәліметтері, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, Сақтандыру нарығы мәселесіне тікелей қатысты жұмыс жазған авторлар: С. Құлпыбаев, В. Д. Мельников, Қ. Қ. Ілиясов, Ә. М. Жұманов, С. М. Найманбаев, С. Ж. Ынтықбаев.
l Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері Сақтандырудың мәні мен даму тарихыСақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың мақсаты: қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Адам мүлікке ие болғанннан бастап, оның сақталуына, апатқа ұшырауынан қауіп қатер төне бастады. Сондықтан өз мүліктерін сақтау үшін адамдар тәуекелді ықтымақты және өзара бөлу жолдарын іздестірді. Адамдар мүлікті сақтау үшін алуан түрлі қорлар құрыла бастады.
Ең алғашқы сақтандыру бастамасы ежелгі Гректер мен Вавилондар да пайда болды. Ең алғашқы сақтандыру полисі 1584 жылы Триполь және Марсель қала арасындағы жүкті сақтауды қамтамасыз ететін 5% мөлшерінде алынып отырды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымдары өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы кездейсоқ оқиғалар туындаған кезде және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастарды шешеді. Сақтандырудың экономикалық мәні-барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанда көмек көрсетілетіндігінде. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық, бақылау функциялары сай келеді. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінеді. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіптің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бөлу функциясы алдын алу функциясы, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі. Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдәстері. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни, бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады. Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - мүліктік және жеке басты сақтандыруда тек сақтық әдісі пайдаланылады [1, 561-568] .
Сақтық қорлары: қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі. Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында- сақтық төлемдерін төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Сақтандыру мемлекеттік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және эканомикаға инвистиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел эканомикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады. Сақтық қызметі сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу саласы тегінде қарыз беруге құқылы [2, 394-400] .
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақытында және толық орындау қабілетімен анықталады.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері, активтердің өнімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер етуі мүмкіндігін ескере отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттілігін сақтау қабілетімен айқындайды. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері мыналарды біріктіреді: жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін; активтердің құны және олардың әртараптандырылуы дәрежесін; сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелердің мөлшерін; төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін; сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақытынасы; көрсетілетін сақтық және сақтандыру қызметінің пайдалылығын жүзеге асырылатын инвеститциялық саясаттың тиімділігі.
Кесте 1.
Қазақстан сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы
Кесте 1 көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар аудиторлық ұйым (өкілеттігі бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып саналады [3, 568-573] .
Агенттікке ҚР заң актілерінде тікелей қарастырылғандардан басқа жағдайларда сақтандырушы ұйымдар мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне араласуға тыйым салынады. Сақтандыру полисі - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат. Сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер бар: 1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері; 2) сақтанушының фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмiрі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы (жеке тұлғалар үшiн) ; 3) сақтанушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн) ; 4) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін) ; 5) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi, сериясы және нөмірi туралы мәлiметтер; 6) сақтандыру объектісін көрсету; 7) сақтандыру жағдайын көрсету; 8) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және мерзімдері; 9) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса, сақтандыру жарнасының) мөлшерi, валюта түрi, оны төлеу тәртібі мен мерзiмдері; 10) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету; 11) сақтандыру полисiнiң қолданылу мерзiмi; 12) сақтандырылған адам (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса; 13) тараптардың қолы; 14) сақтандыру полисiнің нөмірi; 15) сақтандыру полисiнің берiлген күнi; 16) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер [4] .
Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру келісімін жасайтын тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, шағын және орта бизнес, ірі өндіріс кәсіпорындары, қаржы институттары және басқалар сақтанушылар бола алады. Сақтанушыға сақтандырушыны өз еркімен де, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша да таңдауға ерік беріледі. Оған өзіндік ерекшелігі бар қызметке ұқсас сақтандыру компаниясының қызметі ұсынылады. Сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтандырушы сақтану жағдайы туындағанда сақтанушыға жәрдем көрсетудің кепілі болып саналады. Келісімшарт сақтанушының қажетті шарты ретінде есептеледі. Өйткені сақтандырушының қорында шоғырланған көптеген тәуекел жарналарды сақтандырушы бизнесте игеру оңай.
Сақтандыру агенттері мен брокерлер дамыған сақтандыру нарығына белсенді түрде қатысушылар болып саналды.
Сақтандыру агенті - өзіне берілген өкілдікке сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруы бойынша сақтандыру келісімшарттарын жасауға делдалдық ететін жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы сақтандыру келісімі бойынша қабылданған міндеттемелерді сақтандыру агенті сол сақтандыру ұйымынан алынған өкілдіктің шегінде жасаса, егер өзі тікелей қабылдап алған болса, сақтандыру ұйымы орындауы керек.
Сақтандыру брокері - сақтандыру мен қайта сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беруді өз атынан және сақтандырушының тапсыруы бойынша немесе өз атынан, клиенттің тапсыруы бойынша келісімшарттар жасауды жүзеге асыруға делдалдық ететін заңды тұлға.
Кез келген мемлекеттің заңында брокерлік қызметтің лицензиялануы көрсетілген, осы қызметтің тәртібі мен шарттары, брокердің атқаратын ісі, құқығы мен міндеті анықталған. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері бір мезгілде сақтандыру ұйымының лауазымдық қызметін атқара алмайды. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша сақтандыру брокері болып саналмайтын сақтандыру ұйымына немесе оның қызметкерлеріне, сондай-ақ резидент емес ұйымдарға сақтандыру брокерлігін құруға және қызмет етуте қатысуына рұқсат етілмейді.
Қазақстанның заңдық тәжірибесінде тұңғыш рет актуарийлік қызмет деген түсінік ендіріліп отыр. Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен сақтандыру және қайта сақтандырудың келісімшарты бойынша міндеттемелердің мөлшерін экономикалық-математикалық есептеулермен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. Актуарийдің негізгі міндеті компанияның өзіне алған міндеттемесін орындауды жеткілікті түрде қамтамасыз ете алатын төлем қабілеттігі деңгейін бір қалыпта ұстауға арналған ұсыныстар дайындау болып табылады [5, 536-542] .
Актуарий болып қызмет атқаруға ҚР Ұлттық банкі берген лицензиясы бар жеке тұлға құқылы. Оған ие болу үшін «Сақтандыру туралы» Заңда көрсетілмеген, құқықтық-нормативтік актілерге сілтеме жасалынатын біршама шарттар қажет. Актуарийдің қызметі сақтандыруды қамтамасыз ету процесінің барлық құрастырушыларының мониторингісі мен сақтанушының алдындағы міндеттерге байланысты резервтердің жеткіліктігі үшін сақтандыру ұйымдарын үнемі тексеріп отыруды қарастырады. 2005 жылдан бастап «Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры туралы» заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%дық қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған.
Өкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясының негізінде сақтандырушы және қайта сақтандырушы ұйымның аудиті бойынша қызмет ететін аудитор немесе аудиторлық ұйым сақтандырушы нарығының кәсіпқой қатысушысы бола алады. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша сақтандыру ұйымдары әр жыл сайын өзінің жұмысына аудит жүргізіп, оның қорытындысын шығарып отыруға және көшірмесін ҚР Ұлттық банкіне тапсырып отыруға тиіс. Міндетті сырткы аудитпен қатар сақтандыру компаниясының заң бойынша өзінің құрылымында лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі де болуы тиіс. Ішкі аудит компанияның ішкі саясаты бойынша анықталады, бірақ бұл жағдайда өкілетті мемлекеттік органның талаптары да ескеріледі.
Өзара сақтандыру қоғамы - Қазақстанның қаржы нарығына жаңадан қатысушы сақтанушылар бірлестігі. Оның қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Заңмен және ҚР Азаматтық кодексінің «Өзара сақтандыруының» 845-бабымен реттеліп отырады. Ол өзінің мүшелерінің мүліктері мен мүліктік мүдделерін сақтандырады, бірақ жұмыс істеу тәртібі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілетін коммерциялық ұйым емес.
Сақтандыру пулы - белгілі тәуекелдіктерді бірлесе отырып сақтандыратын сақтандыру компанияларының бірлестігі. Оның жұмысы бірлесе сақтану қағидасы бойынша құрылады. Әрбір компания пулға сақтандырылған тәуекелдіктерін қосады, пулда жинақталған жарналардан (сыйлықтардан) белгілі үлесін алады, ал шығындар болатын болса, соншалықты көлемдегі үлесін де төлеп отыруға жауапты. Пулдар шетелдерде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдіктерді, жауапкершіліктерді т. б. сақтандыруларда кеңінен тараған.
«Қазақстан» сақтандыру пулі энергетикалық, инвестициялық, жауапкершілік және т. б. ірі тәуекелдерді сақтандыру үшін сақтандыру индустриясының бастапқы кезеңінде құрылған болатын. «XXI ғасырдың тұрғын үй қоры» деп аталатын пул, тұрғын үйлердің иелері болып табылатын азаматтардың шығындарын, қозғалмайтын мүліктердің, зақымдануы мен жойылып кетуін, табиғи және техногендік аппаттардың салдарынан адам өліміне байланысты өтемдерді жүзеге асыру мақсатымен құрылған [6, 88-93] .
Сақтандырудың түрлері, нысандарыСақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Кесте 2 көрсетілгендей, Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады. "Өмiрдi сақтандыру" азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны. Өмірді сақтандыру саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
2) Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгiленген мерзiм iшiнде немесе өмiр бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
3) Өмiрде белгiлi бiр оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының өмiрiнде алдын ала ескерiлген оқиға (неке қию немесе
бала туу) басталған жағдайларда тiркелген сомада сақтандыру төлемдерiн
жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz