Жер кадастры



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.Жер кадастрының ғылыми негіздері
1.1.Жер кадастры туралы түсінік және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2.Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 7
1.3.МЖК жүйесіндегі автоматтандырылған ақпараттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.ҚРдің жер қоры . мемлекеттік жер кадастрының объектісі
2.1.Жер кадастрының объектісі және оның классификациясы ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Жер қорының жер санаттары /категориялары/ мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3.Жер учаскесі . негізгі жер кадастрлық бірлік /жер пайдалану, жер иелену, жер алқаптары түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.Жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу және кадастрлық есепке алу
3.1.Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізілу негіздері ... ... ... ... ... ... ..18
3.2.Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің мақсаттары мен әдістері ... ... ... ... 22
4.Топырақтарды бонитеттеу және жерлерді кадастрлық бағалау ... ... ... ... ... ..24
4.1.Топырақтарды бонитеттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
4.2.Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... 42
4.3.Жер учаскелерін жылжымайтын мүлік ретінде бағалау әдістері ... ... ... ... ...50
5.Жер салығының экономикалық мазмұны, есептеу мен төлеу тәртiптерi
5.1.Жер салығының экономикалық мазмұны мен есептеуі ... ... ... ... ... ... ... ... .58
6.Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жуйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарына ие. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га кұрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 кала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республика территориясында 8 табиғи-шаруашылық аумақ пен 2 табиғи-шаруашылық облыс бөлініп отыр. Жерлердің көбі шөл (112,2 млн. га), шөлейт (37,3 млн. га) және дала (62,4 млн. га) аумақтарында. Барлық жер қоры жеті санатқа (бөлінеді, оның 34,4%-ы - ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, 43,9%-ы - мемлекеттік қордағы жерлер, 7,5%-ы - елді мекендердің жерлері, 4,1%-ы - өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер, 4,0%-ы - орман, 1,3%-ы - су қорлары, 0,55 %-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері. Республикамыздың табиғи шаруашылық жағдайы бірдей емес және әкімшілік бөлімдері көп.
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайлары айқындайды. Оқулықта автор республиканың ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың жер қатынастарының көне заманнан бастап Ресейге қосылғанға дейінгі дамуын сараптады. Ұзақ мерзім бойы жерге (жайылымдарға және шабындыктарға) феодалдық жеке және феодалдық-рулық (тумалық) меншік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне (егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда) көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге косылғаннан бастап 1917 жылга дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты жүзеге асырылды. Кеңес үкіметі уақытында республиканың барлық жерлері мемлекеттік меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.
1990 жылдан бастал Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды. Қазақ ССР-нің жаңа Жер кодексі енгізілді, «Меншік туралы», «Қожалық шаруашылығы туралы», «Қазақ ССР-де жер реформасы туралы» т.б. заңдар қабылданды. Республика Конституциясына (1995 ж.) мемлекеттік жер меншігімен қатар жерге жеке меншік енгізілді. «Жер туралы» (1995 ж.) Президентіміздің 2003 жылғы ҚР «Жер кодексі» Жарлықтарында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілді, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілді, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілді.
Жер реформасының дамуы жағдайында республикада жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесін кұру өте қажет. Кәзіргі уақытта барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын Республикалық жер ресурстарын баскару агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру жер катынастарын өзгертудің мемлекеттік басты құралы болып саналады, бірақ профессор Ж.Т.Сейфуллин енбектерінде көрсеткендей, реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді.
Жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесінің негізі болып Қазақстанның мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда
1. «0 земле» Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 22 декабря 1995г., №2718. Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов//. – Алматы: Жети жаргы, 1998.- С.7-77.
2. Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан. – Алматы, Борки, 1997.
3. ҚР жер кодексі, Астана. 2003.
4. Волков С.Н., Хлыстун В.Н., Улюкаев В.Х. Основы землепользования. Уч. Пособие. – М., Колос, 1992.
5. Дегтярев И.В. Земельный кадастр. – М.: Колос, 1979.
6. «Жер құқығы» Қазақстан Республикасы Мүхитдинова Н.Т. 1998 ж.
7. Жер кадастры. (Оқұлық). Алматы, «Агроунивериздат», 2001ж.
8. Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж., Игембаева С.К. Мемлекеттік жер кадастрының жаңа технологиясы. Алматы, «Агроунивериздат», 2008 ж., 247с.
9. 3емельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов (с комментариями)// - Алматы: Жети жаргы, 1998.
10. Землеустройство и земельные отношение. //СБ. Нормативных актов// – Алматы: Каржы-каражат, 1996. – С. 3.
11. Николенко Г.С. Экономическая оценка земли. – А-Ата., Кайнар, 1968.
12. Порядок ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан. . //Сб. нормативно-правовых актов. – Алматы: Жети жаргы, 1998. – С. 139-152.
13. Порядок залога земельных участков и прав землепользования в обеспечение ипотечных кредитов. Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов. – Жети жаргы, 1998. – С. 153-156.
1. Порядок купли-продажи находящихся в государственной собственности земельных участков или права постоянного землепользования. Земельное законодательство Республики Казахстан //Сб. нормативно-правовых актов. Алматы, – Жети жаргы, 1998. – С. 108-122.
14. Руководящие принципы управления земельными ресурсами. Европейская экономическая комиссия. ООН – Нью-Йорк, Женева, 1996.
15. Рутгайзер В. Оценка рыночной стоимости недвижимости. Учебное пособие и практическое пособие.- М., Дель, 1998.
16. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2000.
17. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами в рыночных условиях. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2001.
18. Совершенствование правовых основ земельной реформы в Республике Казахстан. //Под редакцией Еренова А.Е. – Алматы: Жетижаргы, 1996.
19. Ткачук С.А. Управление земельными ресурсами (вопросы общей теории). Учебное пособие. – Целиноград: ЦСХИ, 1986. – С. 32-43.
20. Оценка сельскохозяйственных угодий российской федерации. Руководящие материалы по оценке земель. – М., 1983.
21. Временная методика по определению нормативной цены сельскохозяйственных угодий. – Алматы: Госкомзем, 1995.
22. Фродан Д., Ордуэй Н. Анализ и оценка приносящей доход недвижимости. – М., Дело ЛТД, 1995.
23. Эккерт Д.К. Оценка земельной собственности. – К., Красная гора, 1993.
24. Улюкаев В.Х., Варламов А.А., Петров Н.Е. Земельное право и земельный кадастр. Учебник – М.: Колос, 1996.
25. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 2003ж
26. Болатов Ж. «Налоги с недропользователей» - Астана, 2002г.
27. Петрова Г.В. «Налогообложение недропользователей» -Москва 1999г.
28. Салық кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңы», 2005 ж.
29. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесі» ҚР Үкіметінің 2003 жылы 20-қыркүйектегі бекіткен №958 қаулысы
30. «Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау инструкциясы», 2004 жыл 24 желтоқсан
31. .Варламов А.А. Земельный кадастр. Том 1.Теоретические основы государственного земельного кадастра. Москва. Колос С. 2004. 383 с.
32. Магазинщиков Т.П. Земельный кадастр. - М.: Высшая школа, 1987.
33. Серикбаева Ш.Б. Государственная регистрация прав на землю РК. Учебное пособие. Алматы. Юрист. 2005.109
34. Сборник нормативных актов по регулированию земельных отношений Республики Казахстан, Астана, 2003г. 245 с.
35. Порядок переоформление правоудостоверяющих документов на земельные участки в соответствии с земельным кодексом РК. Алматинский горкомитет по управлению земельными ресурсами. 2004г.
36. Указания по формированию земельного кадастрового дела земельного участка утвержденный Агентством по управлению земельными ресурсами от 17 декабря 1997г.
37. Положение о порядке предоставления права частной собственности на земельные участки и права землепользования» (утверждено постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 июня 1996 г. N 760).
38. Мизамбаева Л.Б. Методические указания. Ведение земельно-кадастровой книги и отчета об использовании земель района.1997. 31 с.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1.
Жер кадастрының ғылыми негіздері
1.1
Жер кадастры туралы түсінік және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2
Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы ... ... ... ... .7
1.3
МЖК жүйесіндегі автоматтандырылған ақпараттар ... ... ... ... ... ... . ... .8
2.
ҚРдің жер қоры - мемлекеттік жер кадастрының объектісі
2.1
Жер кадастрының объектісі және оның классификациясы ... ... ... ... ..11
2.2
Жер қорының жер санаттары категориялары мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3
Жер учаскесі - негізгі жер кадастрлық бірлік жер пайдалану, жер иелену, жер алқаптары түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3.
Жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу және кадастрлық есепке алу
3.1
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізілу негіздері ... ... ... ... .18
3.2
Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің мақсаттары мен әдістері ... ..22
4.
Топырақтарды бонитеттеу және жерлерді кадастрлық бағалау ... ... .24
4.1
Топырақтарды бонитеттеу ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
4.2
Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау ... ... ... ... ... .42
4.3
Жер учаскелерін жылжымайтын мүлік ретінде бағалау әдістері ... ...50
5.
Жер салығының экономикалық мазмұны, есептеу мен төлеу тәртiптерi
5.1
Жер салығының экономикалық мазмұны мен есептеуі ... ... ... ... ... .58
6.
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жуйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 9

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 1

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарына ие. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га кұрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 кала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республика территориясында 8 табиғи-шаруашылық аумақ пен 2 табиғи-шаруашылық облыс бөлініп отыр. Жерлердің көбі шөл (112,2 млн. га), шөлейт (37,3 млн. га) және дала (62,4 млн. га) аумақтарында. Барлық жер қоры жеті санатқа (бөлінеді, оның 34,4%-ы - ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, 43,9%-ы - мемлекеттік қордағы жерлер, 7,5%-ы - елді мекендердің жерлері, 4,1%-ы - өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер, 4,0%-ы - орман, 1,3%-ы - су қорлары, 0,55 %-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері. Республикамыздың табиғи шаруашылық жағдайы бірдей емес және әкімшілік бөлімдері көп.
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайлары айқындайды. Оқулықта автор республиканың ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың жер қатынастарының көне заманнан бастап Ресейге қосылғанға дейінгі дамуын сараптады. Ұзақ мерзім бойы жерге (жайылымдарға және шабындыктарға) феодалдық жеке және феодалдық-рулық (тумалық) меншік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне (егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда) көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге косылғаннан бастап 1917 жылга дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты жүзеге асырылды. Кеңес үкіметі уақытында республиканың барлық жерлері мемлекеттік меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.
1990 жылдан бастал Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды. Қазақ ССР-нің жаңа Жер кодексі енгізілді, Меншік туралы, Қожалық шаруашылығы туралы, Қазақ ССР-де жер реформасы туралы т.б. заңдар қабылданды. Республика Конституциясына (1995 ж.) мемлекеттік жер меншігімен қатар жерге жеке меншік енгізілді. Жер туралы (1995 ж.) Президентіміздің 2003 жылғы ҚР Жер кодексі Жарлықтарында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілді, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілді, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілді.
Жер реформасының дамуы жағдайында республикада жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесін кұру өте қажет. Кәзіргі уақытта барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын Республикалық жер ресурстарын баскару агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру жер катынастарын өзгертудің мемлекеттік басты құралы болып саналады, бірақ профессор Ж.Т.Сейфуллин енбектерінде көрсеткендей, реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді.
Жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесінің негізі болып Қазақстанның мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көп функционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және көп функционалдық. Ал көп функционалдық кадастрдың атқарушы, орталық негізі - автоматтандырылған ақпараттық жүйе, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.
Сондықтан, жер кадастрының жаңа жүйесі негіздерін ғылыми дәлелдеп көрсеткен оқулық жоғары және орта оқу орындары студенттеріне, мұғалімдерге және жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесі, жергілікті атқару органдары мамандарына керекті құрал болады деп сенеміз.
Жер кадастр - мемлекеттің устаған жерлердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүесі, жер қатынастарды реттеуге усынылған, жерлердің қуқықтық, шаруашылықтық және табиғаттық жағдайы техникалық, экономикалық және қуқықтық жағдайы туралы сүреттеме туралы ақпаратты қурайды. Жер кадастрдың қурулуының мақсаты жоғары акімшіліктерді, жылжымайтын мүліктін және жер учаскелердің нарығын жерлер туралы толық ақпаратпен камтамасутыру, нарықтық қатынастарды жетілдіру және өркендету, бюджетке түсімді көбейту. Мемлекеттік жер кадастрырдың жүргізүі топография-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және де басқа изденістер мен зерттеулердің мәліметтері мен негізделеді.
Жер кадастр - жерге орналастыру және кадастр мамандықттарың басты фундаментальдық ғылымі-техникалық пәні болады, онда мынадай сурақтар қаралады:
-Жер кадастрдың және жылжымайтын мүліктін қуруының және жүргізуын теориялық негіздері, бул пәннің басқа ғылымның салаларымен байланысы, республиканың жер қорының сипаттамасы; жер және қалалық кадастрдың жоспарлау және үйымдастыру принциптері; қала, аудан, елді мекендердің шеғарасы ішінде жер учаскелердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі;
-Мемлекеттік, коммерциялық мекемелерге және азаматтарға жерлерді мемлекеттік тарапынан берудің тәртібі және керекті қужаттардың қурамы; - кадастрлық есептілік объектілерін шығару принциптері;
-Қалалардың және басқа елді мекендердің шекарасын орнату, тарихтық, табиғаттық қорғау режимдерін сақтау үшін бөлінген жерлердің шекарасын орнату тәртібі, принциптері және әдісі;
-Жерлер мен жылжымайтын мүліктерді бағалау әдісі және оған қужаттарды дайындау тәртібі.


1. ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жер кадастры туралы түсінік және мазмұны
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түі алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.
Кадастр сөзі латынның саріtastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз салық салынатын заттардың тізімі деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны еңбек жасалатын орын ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады.
2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.
3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
4. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше - жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды.
Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән:
1. Жерлерді есепке алу;
2. Жерлерді баяндау;
3. Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады. Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады. Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан егіншілік пайда болғанда туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты жыртылатын жер, жайылым, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуы және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Мысалы, жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және занды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына қүқықтық негіз салынып, жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т.б.
Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:
- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалары және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту, қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;
- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқан жерінде карталарда бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге қүқық беретін құжаттар жасау;
- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жер пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;
- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;
- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.
Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік қүрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды.
Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Зандарының тиісінше атқарылуына, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды орындауын қамтамасыз етуге саяды. Өздерінің құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары барлық жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары үшін міндетті. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

1.2 Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
Қазақстанда жер мемлекеттің меншігіндегі болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, қүқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларынсоның ішінде әсіресе, жердің маңызы зор есепке алу қажеттілігін есептейді.
Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.
Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластаудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.
Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; 06.06.1996 ж. №710 бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастр мәліметтер топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық,картографиялық,жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады.
Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі,оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады. Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға жер учаскенің құқықтық субъектісі аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.
1.3 МЖК жүйесіндегі автоматтандырылған ақпараттар
Автоматтандырылған жүйе мемлекеттік жер кадастры (жылжымайтын мүлік кадастры), (АЖ МЖК) иерархиялық жүйе, үш деңгейден тұратын: республикалық, облыстық, аудандық.АЖ МЖК құрылымында бөлінеді:
Негізгі жүйелер: жылжымайтын мүлік обьектілерін қалыптастыру, жылжымайтын мүлік обьектілерін мемлекеттік есепке алу, аналитикалық-ақпараттық;
Көмекші жүйелер: басқару ведомоства аралық қатынастарын, іс жүргізу;
МЖК қамтамасыз ету жүйесі сервисы.
Ақпараттық әсері өзара элементтердің негізгі және көмекші жүйе тиіс жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлік органдарын басқаруда ұйымдастыру ерекшеліктеріне тәуелді) синхронды негізінде жалпы база мәліметтері құрылымымен келісілген немесе синхронды форматтармен алмасу негізінде.
Жүйе астына қалыптастыру обьектілерді жылжымайтын мүлік қамтамасыз етуі тиіс;
Негізгі кадастрдың мақсаты - кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдалануы, шығындар және т.б. мәліметтерден тұратын құжаттар, материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрыс талданады. Керек болса толық және сенімді мәліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар орындалып, материалдар түзетіледі. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік жер кадастры құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.
Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нәтижесінде жер қорының мөлшерлері, олардың негізгі санаттары бойынша үлестіріледі және бағалау туралы мағлұматтар алынады. Негізгі кадастр жерлерді түсіру, зерттеу, жазу, бағалау бойынша көп аумақты, қомақты жұмыстарды жүргізумен байланысты. Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер ведомстволық бағыныштыққа қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде орындалады.
Жерлерді күнделікті есепке алу міндетіне, үлестіру жерлердің сапалық жай күйі және пайдалануы туралы өзгерістері мәліметтерін анықтап, жер кадастрлік құжаттарға түсіру, сондай-ақ жаңа жер учаскелері туралы мәліметтерді жазу.
Негізгі құжат рәсімінің тізімін, сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын басқару Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыныс жасайды. ҚР Үкіметінің Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі туралы қаулысы бойынша негізгі жер-кадастр құжаттарына мыналар жатады:
1. Жер учаскесінің жер-кадастрлік ісі.
2. Ауданның қаланың мемлекеттік жер-кадастірлік кітабі.
3. Жер-кадастрлік картасы.
Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде қүжаттар жерлердің барлық санаттары бойынша кадастрлік құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол құжаттар ҚР Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының шешімдері.
Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік құжатқа жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы-картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында - жер учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша белгілі байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлік құжатта негізгі жер кадастірлік құжатта бар материалдарға қосымшалар және түсініктемелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу және кадастрлік құжатты толтыру үшін алғашқы құжаттардың мәліметтері пайдаланылады. Оларға түсіру және зерттеу, жоспарларды түзеу материалдары, түтендеу, жерді үйлестіру, орманды үйлестіру, мелиорация және т.б. мәліметтер жатады. Жер кадастырының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлік құжаттардың және материалдардың, жұмыстардың түрлері:
1. Жер учаскелерін тіркеу - зандық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуін, ауытпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;
2. Жерлерді есепке алу - тіркеу мәліметтері, есепке алу, және беру құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, қүқық субъектлері бойынша есепке алуды жүргізу;
3. Жерлерді бағалау - жерлерді аймактау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары;
4. Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі - компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерін бағдарламамен қамтамасыз ету.
1-кесте. Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Мемлекеттік жер кадастры
Жер кадастрының автоматтаңдырылған ақпараттық жүйесі
Жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу сан және сапалық, жерлерді бағалау топырақтарды бонитеттеу жерлерді экономикалық және құндық бағалау
Кәзіргі жер кадастрына оның міндеттерінің күрделігі мен объектісінің айрықшалығына себептелген көп қызметтігі тән. Сондықтан Қазақстан Респубикасының мемлекеттік қүрамын келесі өзара байланысты байламдарға бөлуге болады: құқықтық, қаржылық, көп қызметтік.
2-кесте. Ммемлекеттік жер кадастрының құрамы және мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры байламдар
Құқықтық
Қаржылық
Көп қызметтік
Құқық белгілеудегі қүжаттарды рәсімдеу; жер учаскелерін тіркеу; учаскенің жоспарларын және
құжаттарын беру; сервитут, ауыртпалықтар, учаскені қайтып алу, шығындарды өтеу.
Жерлерді бағалау; базалық аймақтау; сату, сатып алу, мәмілелерді рәсімдеу; ипотека; кепілдікке беру; оларды рәсімдеу; салық салу; жалға алу төлемі.

Жер учасін есепке алуды, беруді жүргізу; жерлерді сапалық сипаттау; жер туралы мәліметтердің қосынды жүйесі топырақ, өсімдік берер, экологиялық жағдай, кеңістік орналасуы.
Қарап отырсақ, жер кадастрының құқықтық байламы негізін жер учаскелеріне құқықты куәліктейтін құжат беру мен кейін тіркеу және жер кұқығына қатысты барлық мәліметтерді тұрақты өзгертуді пайдалануда оның бөліну бөлінбеуін, шектеуін, сервитут сияқты ауыртпалықтарды анықтаудың да маңызы зор. Осы байламға құқықты механизм қолданатын мемлекеттік мүддесіне жер учаскелерін бөліп беруді, алып қоюды келісімдеу немесе сот шешімі бойынша жүргізілетін жұмыстар мен әдістерді де жатқызуға болады. Жер кадастрынан қаржылық байламы жер үшін төлем ипотекалық кредиттеу, жер учаскелерін және жерді пайдалану құқығын сату мөлшерін анықтау үшін жүргізіледі.
Жер кадастрының көп функциялық байламы жер учаскесін сипаттаушы мәліметтер жиынтығынан құнарлық, топырақ және өсімдік жамылғысы, геоморфология, гидрология, орналасуы, экологиялық жағдайы және т.б., жерлерді сан және сапалық есепке алудан кадастр ақпаратын жинауын, сақтауын, беруін жер учаскелерінің, кварталдарының, аудандардың, қалалардың, облыстардың, Республиканың электрондық карталарымен қоса қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйені жүргізуден, жер туралы есеп жасау және есеп беруден тұрады.

2. ҚР дің ЖЕР ҚОРЫ - МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
2.1 Жер кадастрының объектісі және оның классификациясы
Казақстан мемлекеттік жер кадастрының мәні көбінесе оның объектісіне байланысты. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі болып, Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады.
Егер, қоғамдық өндірісте жердің міндет атқаруында өзгешеліктер шығатын болса, онда жер қоры жердің 1 айырмашылық топтары негізінде бөлінуі мүмкін:
1 негізінен, өндірістің басты құралы ретінде пайдаланылатын жерлер;
2 негізінен, кеңістік базис түрінде пайдаланылатын жерлер;
Бірінші топқа ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жерлері жатады, ал екінші топқа қалған барлық жер түрлері кіреді. Бұндай бөлінулер негізінен дұрыс секілді, бірақ олар тым біржақты, ал халық шаруашылығында жерлерді пайдалану соншалықты көп қырлы.
Практикалық мәселелерді шешу үшін және жер қорын, құқықтық реттеу үшін, көрсетілген бөлінулер жеткіліксіз. Сондықтан жер қорының сипаттамасы кадастр объектісі ретінде көбірек толық болуы және оның халық шаруашылығының бөлек салаларында міндет атқаруы көрсетілуі керек. Өндірістік талабын ескере отырып, бәрінен бұрын жер сипаттарға категорияға бөлінеді.
Республиканың мемлекеттік органдары республика шегінде бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік етеді, пайдаланудың келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалану тәртібін белгілейді, сондай-ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық, аудандық қалалық, мемлекеттік органдар, кезегінде жерді ұтымды пайдалану және қорғау, жердің пайдаланылуы мен олардың жерге орналасуына мемлекеттік бақылау жасау бойынша көптеген мәселелерді шешеді. Сондықтан, бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік-шаруашылық органдарының шаруашылық және құқықтық қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша жер қорын есепке алынуының нақты қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасының аймақтары және облыстар бойынша жер қорының жағдайы, бөлінуі кестелерде келтірілген.
4-кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандай Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490,2 млн. га құрайды, өзара 15 әкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауданында Қарағанды - 42798,2 мың га, Ақтөбе - 30062,9 мың және Шығыс Қазақстан - 28322,6 мың га облыстары ие.
2-кесте. Қазақстан Республикасының территориясы, аудандар мен елді мекендер саны 01.01.2007 ж.

Облыстар атауы
Аумағы мың га
Аудандар саны
Қалалар мен пос. саны
Ауылдық елді мекендер саны
1
Ақмола
14621,9
17
25
672
2
Ақтөбе
30062,9
12
9
413
3
Алматы
22396,3
16
28
773
4
Атырау
11863,1
7
12
154
5
Шығыс Қазақстан

28322,6

15

41

833
6
Жамбыл
14426,4
10
16
338
7
Батыс Қазақстан

15133,9

12

5

480
8
Қарағанды
42798,2
9
53
525
9
Қызылорда
22601,9
7
16
213
10
Қостанай
19601,1
16
13
694
11
Маңғыстау
16564,2
5
5
39
12
Павлодар
12475,5
10
9
411
13
Солтүстік Қазақстан
9799,3
13
5
733
14
Оңтүстік Қазақстан
11724,9
12
48
938
15
Алматы қ.
28,0
-
1
1
16
Астана қ.
71,0
-
3
9
17
Барлығы
272490
161
289
7276

3-кесте. Қазақстан Республикасының табиғи ауыл шаруашылық аймақтары бойынша жер қоры мың га 01.01.2007 ж.

Аймақтар
Барлық жерлер
Аш алқаптар
Соның ішінде егістік
1
Орманды дала
758,2
506,2
262,5
2
Далалық
26448,0
23514,7
12051,8
3
Құрғақ далалық
62386,8
55617,1
10768,0
4
Шөлейт
37258,8
33858,7
205,7
5
Шөл
112152,3
83473,9
184,5
6
Тауалды-шөлді
12268,8
10241,8
1745,0
7
Субтропикалық шөл
4376,7
3800,7
51,8
8
Субтропикалық тауалды-шөлейт

3509,9

3053,5

666,0
9
Орта азия таулы облысы

10138,6

7064,4

435,2
10
Оңтүстік сібір таулы облысы

3174,3

1433,1

240,0
11
Республика бойынша барлығы

272490,2

222568,7

26610,7

Қазақстан Республикасының территориясы табиғи - климаттық, топырақтық жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10 табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген 5-кесте. Республика жерінің ең үлкен ауданы кұрғақ далалы - 62386,8 мың га, шөлейт - 37 мың га, далалық - 26448,0 мың га аумақтарында орналасқан. Ең үлкен егістік аудандары: далалық - 26448,0 мың га және далалық - 10768,0 мың га аймақтары орталығы орналасқан. Жалпы егістік ауданы республикада - 26610,7 мың га, ал ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы- 222568,7 мың га құрайды.

2.2 Жер қорының санаттары мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы
Мемлекеттік жер кадастры жүйесінің әрекеті нәтижесінде жер қорының құрамы негізінен нысаналы мақсатына сәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2. Елді мекендердің қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің жерлері;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
5. Мемлекеттік орман қорының жерлері;
6. Мемлекеттік су қорының жерлері;
7. Мемлекеттік запастағы жер.
Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің және басқа да жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысушылар пайдалануында болады. Бұл жерлердің бөлек санаттарға бөлінуі маңызды шаруашылық мәнге ие. Бұл қарастырылған санаттағы жерлер ерекше бағаланады және талқыланады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылық кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, олардың аш даму жоспарына сәйкес, базарларды аш өнімдерімен және өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. Елді мекенді жерлерге қалалар, қала типтес поселкелер және ауыл елді мекендік жерлері жатады. Жалпы бұл категориядағы жерлер кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен кұрылыстар және т.б. орналастыратын орын ретінде қолданылады.
Қала жерлеріне қала шегімен шекаралығын бөліп жатқан барлық жерлер жатады. Қала шегі - бұл оларды бірыңғай жер қорының басқа санаттарынан бөліп тұратын қала жерінің сыртқы шекарасы. Оны тиісті мемлекеттік органдар бекітеді және жерге орналастыру тәртібін белгілейді. Кала жерлері құрамына: қала құрылысы жерлері, жалпы пайдаланудағы жерлер, ауыл шаруашылығына пайдаланатын және басқа алқап жерлері, қалалық ормандар иеленген жерлер, көлік және өнеркәсіптер пайдаланатын жерлер, т.б. жерлер кіреді.
Үшінші санатқа өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің пайдалануына берілген. Өнеркәсіптік жерлерге қазба және өңдейтін өнеркәсіптік жерлері кіреді. Көлік және байланыс жерлеріне барлық түрдегі көлік және байланыс темір жол, әуежай, автомобиль, су, құбыртасымалы кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарының жерлері жатады. Қорғаныстық жерлерге Қорғаныс Министрлігіне қажет үшін бөлінген учаскелер кіреді.
Төртінші санатқа ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлер - ұлттық парктер, қорықтар, заказниктер және т.б. жатады.
Қорықтар жерлеріне жер учаскелері белгілі тәртіппен бөлінген, ғылыми және мәдени байлығы бар табиғи объектілер жатады, олар тиісті ведомствоның қарауында болады.
Бесінші - мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына орманы бар, сондай-ақ ормансыз, бірақ орман шаруашылығының мұқтаждарына және орман шаруашылық кәсіпорындары, үйымдары мен мекемелерінің пайдалануына берілген жер учаскелері кіреді.
Алтыншы - мемлекеттік су қоры жер санатына: су айдындары өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар, ішкі теңіздер, аумақтық сулар мұздықтар, батпақтар гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер, сондай-ақ, су қорғау өңіріне, су айдындары жағаларын бойлап бөлінген жерлер.
Жетінші - мемлекеттік босалқы жерлері, меншікке немесе жер пайдалануға мерзімсіз немесе ұзақ мерзімге пайдалануға берілмеген жерлер жатады. Жалпы, бұл жерлер жаңа кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін қор қызметін атқарады және пайдалану мен меншікке беріледі.
4-кесте. Қазақстан Республикасы жер қорының санаттар бойынша құрылысы және бөлінуі 01.01.2007ж.

Жер санаттары
Ауданы, көлемі, мың га
Жиынына % есебінде
1
Аш мақсатындағы жерлері
86824,1
33,2
2
Елді мекендер жерлері
21938,7
8,4
3
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа мақсаттағы жерлер

2519,4

0,9
4
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері

4540,8

1,7
5
Орман қоры жерлері
23245,5
8,9
6
Су қоры жерлері
4020,9
1,5
7
Босалқы жерлер
118068,0
45,2
8
Жер жиыны
261157,4
100

2.3 Жер учаскесі - негізгі жер кадастрлық бірлік жер пайдалану, жер иелену, жер алқаптары түсінігі
Жер учаскесі - бұл мақсатты міндет атқаратын, субъекттік кұқығы бар, сол сияқты жер пайдаланудағы немесе жер меншігіндегі болатын, жоспарда картада және жергілікті жерде шекаралары белгіленген жер аумағының учаскесі. Атап айтқанда, ол мемлекетіміздегі жер қорының пайдаланылуына сипаттамалық экономикалық мән береді. Сонымен бірге ол белгілі субъекттің пайдалану және иеленушінің қүқықтық объектісі ретінде есептеледі. Яғни жер учаскелері жеке және заңды тұлғалардың иеленуінде және жеке заңды тұлғалардың тұрақты немесе уақытша пайдалануында, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер болуы мүмкін. Жер пайдалану түсінігі түгел алғанда көп қырлы. Бұл түсінікті анықтау барысында бәрінен бұрын қоғамдық-өндірістік қатынастарға сүйену керек, олар жер пайдаланудың мәнін табиғат құбылысы ретінде анықтайды. Сондықтан, кең мағынада жер пайдалану жерді пайдалануы - бұл
әлеуметтік - экономикалық құбылыс.
Оның экономикалық мәніне, құбылыстық сипат сияқты, жер пайдалану құқығы түсінігінің негізі жатады. Кәсіпорындар формалары негізін өндіріс құралдарының меншік формасы құрайды. Сонымен жер пайдалану, шындығында өндіріс әдісімен және өндірістік қатынастармен байланысты. Дегенмен жер пайдалану түрлері қоғамның өндірістік күшін дамыту деңгейімен анықталады. Нақты жер пайдаланушыларға мемлекет бекіткен, нақты жер учаскесін пайдалану оған құжат беру нәтижесінде құқықтық түрге ие болады. Жер пайдаланушыға пайдалануға берген территория шаруашылық ретінде және құқықтық қатынас бойынша ерекшеленеді. Ол бөлек тұлғаның пайдалану құқығы объектісі ретінде шаруа қожалығы немесе тұлғалар тобы ретінде айқындалады.
Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі - мемлекеттік және меншік түрлерімен шартталған.
Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы - жер учаскесі сияқты болып келеді.
Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз уақытқа тұрақты пайдалануға берілген. Сондықтан бұндай жерді пайдалану түрі негізгі болып есептелінеді. Ал қазіргі жағдайда, яғни жаңа заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалану қысқа мерзімді - 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді 5-49 жылға дейін енгізілуі мүмкін. Және жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады. Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғаларға және азаматтарға қызметтік учаскелер ретінде тұрақты пайдалануға беріледі.
Жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі түрінде болады. Меншік иесінің тиісті жерді иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жеке меншікке жататын жер учаскесі қозғалмайтын мүлік деп саналады. Меншік иесі өзінің жер учаскесін заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда жер учаскесін заңдылық бабы бойынша сатуға, шаруашылыққа, серіктестікке жарналық капитал ретінде енгізуге, кепілдікке беруге және мұра етіп қалдыруға, жер учаскесін жалға беру, жалдау немесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде уақытша пайдалануға беруге құқылы.
Жер пайдаланудың экономикалық мәнін көрсетуші - жер алқаптары. Жер алқаптарының өңдіріс құралдары сияқты жерді пайдалануда экономикалық, шаруашылық формалары болады. Алқаптардың өзара қатынасы арқылы ауыл шаруашылық өндірісіндегі жерлерді пайдалану сипаттамасы бойынша және белгілі бір шамада шаруашылықтың бағыты мен мамандандырылғандығы туралы пікір айтуға болады.
Жер алқабы деп нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған территорияларды айтады. Мемлекеттік жер кадастрында ол негізгі элемент болып есептеледі. Жердің құралы ретінде көрінуі оның тікелей түрде нақты шаруашылық қолдануында жатыр, бұл түрде ол белгілі бір жер алқабы түрінде болады, яғни нақты сол территория үшін пайдаланылады. Жерлерді ауыл шаруашылығында пайдалану арқасында біз адамдар тіршілігі үшін ең керекті өнімдерді аламыз. Ауыл шаруашылық алқаптарында мәдени өсімдіктерді өсіреді және мал шаруашылығына азық дайындайды. Сондықтан, бұндай өнімді алқаптар кадастрде ерекше топқа жатады - ауыл шаруашылық алқаптары ретінде бөлінеді. Егістік жерлерде негізгі ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі, оның ішінде бірінші орында астық. Жер пайдалану құрамында уақытша пайдаланылмай жатқан жыртылған жерлер де болады. Олар тыңайма. Бұл да бөлек алқаптардың бірі болып саналады.
Көпжылдық жемісті ағаштар егілген жер учаскелері байлар, жүзімдіктер, т.б. ауыл шаруашылық алқаптарының ең бағалы түрі болып саналады. Егістік жер секілді, олар жүйелі түрде күтімді қажет етеді. Егістіктен айырмашылығы учаскелерде көпжылдық ағаштарды және бұталы жерді өсіреді, жер есебінде бұл алқапты бірнеше түрге шабындықтар мен жайылымдардың маңызды шаруашылық мәні бар. Оларды әдетте табиғи азықтық алқаптар деп атайды. Олар белгілі үлесті мал шаруашылығы азығы қорын жасайды. Ауыл шаруашылығында қолданбайтын жерлер - алқаптар да болады.
Жер пайдалану құрамында, пайдаланатын жерлерден басқа және пайдаланбайтын жерлер шұңқыр, жыра, сай, батпақ, т.б. болуы мүмкін. Оларды табиғи жағдайы бойынша есептейді. Әрбір алқаптар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп әдетте, бір текті алқаптан тұратын және бекітілген сыртқы шекаралары бар территорияны түсінеді. Көрсеткіш ретінде ол белгілі шаруашылық мәні бар және өлшемімен сипатталады. Бөлек контурлардың аудандарын жинау алқаптардың аудандарын анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан дәлірек контурлар бастапқы есепке алу элементі ретінде шығады және жер есебінде есеп бірлігі болады.

3. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
3.1 Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Жер учаскесінің жерін пайдалануға және (немесе) меншік құқығын алуға мүдделі физикалық және заңды тұлғалары Шымкент қаласы жер қатынастары бөліміне, жекелеген жағдайда жер учаскесі орналастырылған орны бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді.
Өтініште көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның нақты көлемі, орналасқан орны, сұралынатын қолдану құқығы.
Өтінішке қоса тіркеледі:
- жеке басты куәландыратын куәлік;
- салықшының тіркеу нөмірі (СТН);
- инвентарлық іс;
- жер учаскесін бекіту негізі.
Жер учаскелері меншіктер иелері атынан және жер қолданушылар атанынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер - кадастрлық жұмысты орындаушы - тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер қолданушылар атынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер - кадастрлық жұмысты орындаушы - тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушының рәсімделген сенімхаты бар болса өтініш жасай алады.
Жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе жер - кадастр жұмыстары іске асырушы олардың өкілетті тұлғасына бекітілген тәртіпте қажетті мәліметтер (геодезиялық тірек желісінің қосынының координат каталогы, жер-кадастрлық істерінің көшірмесі және басқа да) кімге жұмыс жасалады. Жер учаскесіне қатысты, сонымен бірге көршілес жер учаскесінің қажеттілігі бойынша мәліметтер ұсынылады.
Жұмыс сапасы үшін және мәліметтің растылығына жер-кадастрлық жұмыстарын орындаушы тұлға жауап береді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет көлем және мақсатты нысанды анықтау үшін тұрғылықты орны бойынша жер учаскесін зерттеумен ұсынылған құжатты тексеруді іске асырады. Айтылған өзгерістер болғанда, олар бекітілген тәртіпте атқару органында қайта бекітілуге жатады.
Жер учаскесінің шекарасын белгілеу (қайта белгілеу) табиғи шартқа, геодезиялық қамтамасыз ету, жоспарлы-картографиялық материалдардың барлығына, геодезиялық құралдармен жабдықталу деңгейінің мүмкіндігі кезекті тәсілдермен орындалады:
- геодезиялық;
- аэрофотогеодезиялық.
Тәртіп бойынша жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстарды іске асыруда геодезиялық (теодолиттық жолдар, қиылыстырулар, полярлық әдістер және перпендикулярлық әдістер). Жер учаскесінің бұрылыс нүктелерінің координатымен анықталады.
Жер учаскесіне пайдаланушылар немесе меншік иесі тілек бойынша нақты координатсыз шекара (қайта белгілеуге) белгілеуге жіберіледі немесе (координатты анықтаудың графикалық тәсілі) берілген аумақ түрі үшін масштаб талаптарына және сапасы бойынша жауап беретін аэрофото жоспарлар және қазіргі карта негізінде графикалық координатын анықтаумен белгіленеді. Жер учаскесі жоспарында бұрылыс нүктесі координаты жоқ болғаны туралы тиісті жазба жасалады, немесе қор масштабының көрсетілуімен графикасы мен координаты анықталады.
Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен белгіленеді. Жер учаскесінің шекаралары елді мекенде белгіленген үлгідегі межелік белгілермен бекітіледі.
Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстар нақты жүйемен орындалады:
- Дайындық (кіріс материалдарын жинау, геодеректердің үзіндісін алу, жұмыс сызбасын дайындау және т.б.);
- Далалық (бұрыштарды геодезиялық өлшеу және желі шаралары, шекараларды тану, межелік белгілерді қою, шекаралардың желісін айдау т.б.с.).
- камеральды (далалық өлшем материалдарын өңдеу, көлемін есептеу, соңғы құжаттарды рәсімдеу);
Жер учаскесінің шекарасын белгілеу бойынша жұмысты аяқтағаннан кейін жер - кадастрлық картасына координаттары бойынша учаскенің шекарасы енгізіледі, егер координаттар анықтамаса, онда учаске шекарасы сипаттау бойынша байланыстыра картаға, топографикалық карта және жоспарға, фотокартаға, фотожоспарға (фото ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастры туралы
Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Жер кадастрының принциптері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Жерді пайдалануды есепке алу
Жер кадастрлық мәліметтердің мазмұнын
Жер кадастры жайлы мәліметтер
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Пәндер