Жер қатынастары және оларды жетілдіру



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I. Негізгі бөлім.
1.1. Жер қатынастары және оларды жетілдіру түсінігі,мазмұны ... ... ... ... .4
1.2. Жер қатынастарындағы мемлекет пен нарықтың рөлі ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Жерді жекешелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн.га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала Астана және Алматы арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи – шаруашылық аумақ пен 2 табиғи – шаруашылық таулы облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл 112,2 млн.га, шөлейт 37,3 млн.га және дала 62,4 млн.га аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде – 34,4% ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, 43,9% мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5% елді мекендердің жерлері, 4,1% өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4,0% орман, 1,3% су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0,55% құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны – 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін оқулықта жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайларына мол көңіл бөлінді. Ғылыми еңбектерге сүйеніп, Қазақстан территориясында тұрған халықтардың жер қатынастарының дамуы көне заманнан Ресейге қосылғанға шейін сарапталды. Қазақстандағы көшпелі қалықта ұзақ мерзімде феодалдық жеке және феодалдық - рулық, тумалық жер, жайылым және шабындықтарға меншіктік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге қосылғаннан кейін, 1917 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты мақсаты орындалды. Қазақстанда барлық республиканың жерлері мемлекеттік меншікке ауысты,азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.
1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды, жаңа Жер кодексі еңгізілді, "Меншік туралы", " Қожалық шаруашылығы туралы ", "Қазақстан жер реформасы туралы" т.б. заңдар қабылданды. Республика Конституциясында 1995 жылы мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік енгізілді. Жерге меншікті негіздері және жағдайлары алғаш рет Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы Жер туралы жарлығында кейін 2003 жылғы Жер Кодексінде бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылы 20 маусымындағы Жер Кодексіне сәйкес жер қатынастары дегеніміз - бұл жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға жекеленген субъектілерде жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдаланумен қорғау жөніндегі қатынастар. Жер кодексі ең алдымен жер қатынастарын реттеудің міндеттерін және жер туралы заңнамалардың қағидаларын анықтайды. Жер қатынастары экономикалық топта болады, өйткені жер мемлекет меншігі болып саналады және де заңмен белгіленген негіздерде жеке меншікке берілуі мүмкін.
Жер құқықтық қатынастарының барлық экономикалық және экологиялық ерекшеліктері жер туралы заңнаманың нормаларымен көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, оның ішінде жер
1. Сводный аналитический отчет о состоянии и использовании земель РК за 2011 год., Астана, 2012 г., Агентство по управлению земельными ресурсами РК., с. 250.
2. Земельный кодекс РК. Алматы: Жети жаргы, 2003. – 255с.
3. Государственный (национальный) доклад «О состоянии и использовании земель Республики Казахстан на 1 ноября 2000 года». - Астана: Государственное Агентство по управлению земельными ресурсами, 2001. - с. 5-19, 25-54, 57-75.
4. Комов Н.В. Управление земельными ресурсами России. Российская модель землепользования и землевладения.(Справочное пособие). - М.,1995. - с.11-19, 25-27, 54-59, 125-133, 174-185,205-207.
5. Еренов А.Е. Возникновение и развитие социалистических земельных правоотношений в Казахской ССР. - Алма-Ата: изд. АН Каз. ССР, 1963. - с.42-43, 47, 51-52, 53-64, 65, 79-81.
6. Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: «Борки», 1997.- с.27-30, 118-119.
7. Сабирова А.И., Григорук В.В., Сейфуллин Ж.Т. и др. Земельные отношения (анализ, рекомендации). Алматы: КазНИИЭОАПК, 2001.- с.5-10, 17-27, 77-83, 84-96, 105-110, 115-120.
8. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами Казахстана в рыночных условиях. - Алматы: КазНИИЭОАПК, 2001.- с. 216.
9. Гендельман М.А.Волков С.Н. и др. Научные основы землеустройства.,курс лекций - Акмола: ААГРУ, 1995.- с.10-11, 14-16, 42-50, 51-57, 75, 105-110.
10. О собственности на землю в некоторых зарубежных странах. (обзорная информация). - Алматы: ГосНПЦзем, 2000. - 21с.
11. Николенко Г. С. Экономическая оценка земли. Алма-Ата, «Кайнар»,1968.- 322с.
12. Землеустройство и земельные отношения.(Сб. нормативных актов)- Алматы: "Каржы-каражат", 1996.-с.3.
13. Государственный (национальный) доклад «О состоянии и использовании земель Республики Казахстан на 1 ноября 2003 года. – Астана : Агентство по управлению земельными ресурсами, 2003.
14. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. - Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2000.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
I. Негізгі бөлім.
1.1. Жер қатынастары және оларды жетілдіру түсінігі,мазмұны ... ... ... ... .4
1.2. Жер қатынастарындағы мемлекет пен нарықтың рөлі ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Жерді жекешелендіру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Кіріспе
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн.га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала Астана және Алматы арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи - шаруашылық аумақ пен 2 табиғи - шаруашылық таулы облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл 112,2 млн.га, шөлейт 37,3 млн.га және дала 62,4 млн.га аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде - 34,4% ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, 43,9% мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5% елді мекендердің жерлері, 4,1% өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4,0% орман, 1,3% су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0,55% құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны - 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін оқулықта жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайларына мол көңіл бөлінді. Ғылыми еңбектерге сүйеніп, Қазақстан территориясында тұрған халықтардың жер қатынастарының дамуы көне заманнан Ресейге қосылғанға шейін сарапталды. Қазақстандағы көшпелі қалықта ұзақ мерзімде феодалдық жеке және феодалдық - рулық, тумалық жер, жайылым және шабындықтарға меншіктік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге қосылғаннан кейін, 1917 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты мақсаты орындалды. Қазақстанда барлық республиканың жерлері мемлекеттік меншікке ауысты,азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.
1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды, жаңа Жер кодексі еңгізілді, "Меншік туралы", " Қожалық шаруашылығы туралы ", "Қазақстан жер реформасы туралы" т.б. заңдар қабылданды. Республика Конституциясында 1995 жылы мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік енгізілді. Жерге меншікті негіздері және жағдайлары алғаш рет Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы Жер туралы жарлығында кейін 2003 жылғы Жер Кодексінде бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылы 20 маусымындағы Жер Кодексіне сәйкес жер қатынастары дегеніміз - бұл жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға жекеленген субъектілерде жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдаланумен қорғау жөніндегі қатынастар. Жер кодексі ең алдымен жер қатынастарын реттеудің міндеттерін және жер туралы заңнамалардың қағидаларын анықтайды. Жер қатынастары экономикалық топта болады, өйткені жер мемлекет меншігі болып саналады және де заңмен белгіленген негіздерде жеке меншікке берілуі мүмкін.
Жер құқықтық қатынастарының барлық экономикалық және экологиялық ерекшеліктері жер туралы заңнаманың нормаларымен көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, оның ішінде жер қатынастары, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының нормаларына сай дами бастады. Жер құқығы -- жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінде пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді.
Жер - табиғи ресурс, өндіріс құралы, кеңістіктік базисі ретінде кез - келген мемлекеттің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік - экономикалық қолайлылығының негізі. Осы қағиданың негізінде, мемлекеттің бүкіл жер қорын тиімді пайдалануды және оны қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеудегі мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды.
Қазіргі таңда әлемнің дамыған көптеген мемлекеттерінде жер жеке меншікте. Бірақ, көп жағдайларда әлемдік құқық жүйесінде жердің жеке меншігіне елеулі шектеулер қойылған. Басқа мүліктерге тән шексіз иелік жүргізу жерге байланысты құқықтарға тиесілі емес. Сонымен қатар, меншік иесі қоғамдық мүддеде бола отырып, оны қоғамның заңдарымен пайдалану құқығына белгілеген міндетке мүдделі болады.
Жер процесі - бұл жер құқығының материалдық нормаларымен жүзеге асыру процедурасын орындайтын институт. Жер қатынастарының міндетімен мақсаттары жер кодексінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келеді. Олардың бастысы - жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және оларды қорғау. Жерді пайдаланудың тұрақты, уақытша (жалға беру) және жеке меншік деген түрлері бар. Кодекске сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар - тұрақты жер пайдаланушылар, ал шетелдіктер мен шетелдер, заңды тұлғалар кемінде 10 жылда тек жалға алуға ғана құқығы бар, бірақ олардың жер телімдерін кепілдікке беруден басқа ешқандай келісім жасауға құқығы бар. Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Қазіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару агенттігі жүйесіне кіріп отыр.
Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көпфункционалдық, ғылыми - техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және көпфункционалдық. Ал көпфункционалдық кадастрдың ішінде атқарушы, орталық негізі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.
I . Негізгі бөлім.

1.1. Жер қатынастары және оларды жетілдіру түсінігі, мазмұны.
Жер қатынастары дегеніміз - бұл жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға жекеленген субъектілерде жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдаланумен қорғау жөніндегі қатынастар. Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждықтарына бөліп беруге және осы себепті ауыл шаруашылық алқаптары көлемінің үнемі қысқарылуына байланысты экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт күрделене түсуде.
Ауыл шаруашылық өндірістің биологиялық негізі болып: топырақтың құнарлылығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға ұшырағандығы, топырақ құрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері және өсімдік тіршілігі ортасының басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады. Ауыл шаруашылық өндірістің биологиялық жағы, өз кезегінде, экономикалық және территориялық жағдайлармен байланысты, өйткені соңғылары салалардың мамандандырылғандығын, алқаптардың құрамы мен орналасуын, территорияларының реттілігін, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру агротехникасын, жалпы өндірістің рентабельдіктігі мен тиімділігін себептейді. Сонымен, ауыл шаруашылық дақылдарды өсірудің биологиялық жағдайлары бір жағынан өндірістің экономикалық тиімділігін, ал екінші жағынан бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесін өздеріне сәйкесті бейімдеуді себептеп отырады.
Қазіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттырудың объективтік негізі ретінде топырақтың құнарлылығын сақтап қалумен одан ары жоғарылатуды ұққан ерекше маңызды. Сонымен қатар алаптар құрамы мен территориялық реттілігі элементтерінің орналасуы, салалардың мамандандырылғандығы мен дақылдардың құрамы шығындардың барынша қысқарылуын және пайданың артуын қамтамасыз етуге тиісті.
Демек, жерге орналастырудың экологиялық - экономикалық мәні
жер учаскелерінің экономикалық түрғыдан тиімді межелерін, аудандарын жерге орналасуын, сондай - ақ өндірістің мақсатқа сәйкес мамандандырылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе - теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қамтамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды.
Территориялық реттілігінің элементтеріне жұмыс учаскелері, ауыспалы егістік талаптары, алқаптық жолдар торабы мен орман белдеулері, каналдар және т.с.с. жатады.
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шартты түрде 4 - топқа бөлуге болады:
Біріншісі - Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Екіншісі - Парламент әзірлеп, Президент бекітетін зандар;
Үшіншісі - ведомстволық нұсқаулар мен ұсыныстар;
Төртіншісі - облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің өзі қүқықтық құзырларындағы аймақтық шешімдері.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне
жатады. Сонымен қатар, жер заңында белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай
құжат ретінде 2001 жылдың 24 - ші қаңтарында бекітілген " Жер туралы " заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа 2003 жылғы Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепциясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену және жер пайдалану принципі, жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және қысқа мерзімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім-шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа арналған. Сонымен қатар әртүрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.
Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналастырудың құқықтық негізі ретінде "Азаматтық Кодекс", "Шаруа қожалығы туралы" (1998 ж.), "Ауыл шаруашылық серіктестіктері туралы" (2000 ж.), "Жер салығы туралы" (2000ж.), "Ипотека туралы" (1995 ж.), "Жер Кодексі" (2003 ж.) және тағы бірқатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жанама түрде қатысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті. Мысалы, жекешелендіру заңын да көп укладтық аграрлық экономикаға, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларына көшу жағдайлары қамтылған.
"Шаруа қожалығы туралы" заңда оларға жерді иеленуге, пайдалануға немесе жалға алуға қатысты құқықтық шарттар белгіленген.
"Жер салығы туралы" заң жерді тиімді пайдалануға және жерге орналастыру, топырақтың құнарлылығын арттыру шараларын қаржыландыруға қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз етуге тиісті.
Үкіметтің Қаулылары, заң актілері ретінде жеке заңдарды нақтылай отырып, ережелер мен нұсқауларды бекітеді.
Ведомстволық құжаттар, инструкциялар және әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар жерді иелену немесе пайдалану құқығын рәсімдеу тәртіптері мен ережелерін, іздестіру - зерттеу және жобалау жұмыстарының әдістемесін, нормативтік базасын реттеп отырады.
Аталған нормативтік актілер бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының, сонымен бірге жер - кадастрлық және бағалау жұмыстарын, әр түрлі зерттеулер мен іздестірулерді жүргізудің құқықтық негізі болып табылады.
Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негізде құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын, соның ішінде, әсіресе, жердің маңызы зор есепке алу қажеттілігін есептейді.
Жер қорларын ұтымды және тиімді пайдалану - халық шаруашылығындағы маңызды мәселе. Ол халық шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс үлестіруді, қоғамға керек ауыл шаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың құнарлығын сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды көздейді. Осы мәселені шешу үшін жер қатынастарын толық, қомақта жүргізу керек. Ұйымдастыру- шаруашылық қызметін атқара отыра, мемлекеттік жер иесі және аумақтық басымдылық құқығының тұтқасы ретінде бірыңғай жер қорын басқаруды жүзеге асырып, жер қатынастарына ерекше мемлекеттік мәнділік береді.
Жер қатынастары мәліметтері, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтері мемлекетпен тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау мақсатында, сондай-ақ, жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын қорғауда қолданады. Сондықтан жер қатынастары мәліметтерінің экономикалықпен қатар, құқықтық та маңызы зор.
Жер қатынастық мәліметтердің көп мәні жерлерді мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін бөліп беруде аз емес. Халық шаруашылық, қоғамдық мүдделер жағынан қарағанда осы мақсаттар үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз немесе аз жарамды, сондай-ақ пайдалануға, иеленуге берілмеген жерлерден бөліп берген жөн. Сондықтан, осы мәселелерді шешуде жер қорын пайдалану, үлестіру, оның нақтылы жай-күйі, сондай-ақ ауыл шаруашылық алқаптардың өнімділігі туралы мәліметтердің керектігі туындайды. Сөйтіп, бұл мәліметтер жерді бөліп берудің ең қолайлы жолын негіздеу үшін қажет. Мемлекет жерді кәсіпорындарына, мекемелерге, ұйымдарға, азаматтарға пайдалануға, иеленуге беретіндіктен кадастрлік мәліметтер жерлердің нысаналы, ұтымды пайдаланылуын, қорғалуын мемлекеттік тұрғыда бақылауды жүзеге асыру үшін керек.
Өндірістің дамуымен оның төңірегіне табиғи қордың шоғырлану үлесі өсе береді де, сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, биологиялық процестердің өзара байланысы күшейе түседі. Өндіріс тек қана материалдық игілік жасаумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау, табиғатта экологиялық тепе-теңдігін сақтау тиіс. Осыған байланысты табиғат қорларын, соның ішінде жер қорларын қорғау ең бір маңызды халық шаруашылық мәселе, сондықтан оған мемлекеттік назар аударылады.
Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының сапалық жай - күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек. Жекелеп салық салу мәселесі де жеке табиғи-экономикалық аймақтар бойынша жердің сапасын есепке алу, бағалау керектігін талап етеді. Кадастрлік мәліметтер жерлердің жай - күйін жақсарту, оларды пайдалану бойынша шараларды жоспарлау үшін де керек.
Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру - шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластанудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын-алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шараларды жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.
Мысалы, алқаптардың бір түрінен екіншісіне аудару керектігін негіздеу үшін олардың нақты жай-күйін білу қажет, сондай-ақ олардың аудандары, кеңістік орналасуы, бедері, топырақтары, геоботаникалық құрамы, шаруашылық пайдалану және т.б. туралы толық мәліметтер болуы қажет. Топырақтардың құнарлығын төмендетпеу үшін, оларды қорғау мақсатында мемлекет жақсарту жұмыстарын, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, суару, екпе орман салу, эрозияға қарсы шараларды толық аумақта жүргізу үшін қаржы - қаражат іздестіруге міндетті.
Жер қатынастарының шаруашылық әрекетті талдау, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жерлерін нәтижелі пайдалануында көп маңызы бар. Осыған байланысты ауыл шаруашылық алқаптардың жай-күйін және көлемдерін ескеру, олардың өнімділігін салыстырмалы бағалау, жеке дақылдарды өндіру нәтижелігіне қарасты, қажеттілік пайда болады. Жер қатынастары мәліметтерінің жер салығын, жалпы төлем алу шығындарын өтеу сомасын белгілеуде маңызы өте зор.
Сонымен, қазіргі уақытта жер қатынастарының міндеттері кәдімгідей кең және жауапкершілікті. Олар Қазақстан Республикасының жер қорларын ұтымды және нәтижелі пайдалануын, мемлекеттің және барлық жер пайдаланушылардың мүдделіктерін айқындайды. Бұл мемлекеттік жер қатынастарының халық шаруашылықтық маңызға ие екенін айғақтайды.
Қазақстандағы жер қатынастарының мақсаттары мен арналуы оның міндеттерін және мазмұнын анықтайды. Қатынастар жүйесінің бірлігі, өз кезегінде, қолданатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық деңгейде сәйкесті тәртіпте жүргізуін, жеке әр жер учаскесінен бастап, жалпы мемлекеттік дәрежеде болғанын қажет етеді. Мемлекетке есепке алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мемлекеттік жоғарғы басқару органдарының міндеті болғандықтан сол органдар жер қатынастарының мазмұнын және жүргізу тәртібін белгілейді.
Мемлекет жер қатынастарының арналуын, міндеттерін, мазмұнын, құрамдық бөліктерін және оны жүргізудің тәртібін анықтайды. Ол жер кадастрлік мәліметтердің, құжаттың мазмұнын, кадастрлық есептің рәсімін, жер қатынастарына жүргізілетін бақылау және қатынастық жұмыстарды орындауды, ұйымдастыруды белгілейді.
Жер қатынастарының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті Мемлекеттік жер қатынастарының объектісі Казақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып саналады. Мемлекеттік жер қатынастары осы қордың толық саны және сапалық сипаттамасын беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы дұрыс, қажетті мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.
Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы бойынша мемлекеттік жер қатынастары Қазақстан Республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер қатынастарын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципі қамтамасыз ету болып табылады.
Қатынастар мәліметтері топографиялық - геодезиялық, аэро - ғарыштық, картографиялық, жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Қатынастар мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.
Жер қатынастарында есепке алудың негізгі бірлігі болып жер пайдалану табылады. Қазіргі қабылданған есепке оқу тәртібінің айырмашылығы - есепке алудың және бірлігіне жер учаскені қосу. Бұның себебі, жер реформасын жүргізу нәтижесінде жерді мемлекеттік заңды тұлғалармен қатар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар да пайдаланушы және иеленуші субъектілері болып саналады. Сонымен қатар жаңа жағдайда басқа есепке алу бірліктерін қолдануда - жер кадастрлік квартал, жер пайдалану және иеленетін жер, аудан, облыс деп қолданған дұрыс.
Жер қатынастарында әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп керсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі - оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.
Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға (жер учаскенің құқықтық субъектісі) аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның белгілі-бір даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.
Кадастр сөзі латынның capitastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз салық салынатын заттардың тізімі деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен бір жақты түсінікте жер кадастрі - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастр әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей: Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі сала қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны (еңбек жасалатын орын) ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады.
Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.
1. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
2. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше - жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды.
Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жердің осындай ерекшеліктері жер қатынастарының мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы түрде жер қатынастарына келесі әрекеттер тән: жерлерді есепке алу; жерлерді баяндау; жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады. Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады. Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.
Жер қатынастарының осы аталған әр әрекеті - өзінше бір қатар техникалық тәсілдерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау, салық салу объектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді. Қатынастарды жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде және әр елде әр түрлі қойылған. Бір жағдайда қатынастарда ең басты көңіл - жерлерді есепке алуға, басқа жағдайда - жерлерді жаратылыс - тарихи немесе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда - жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да үйлестіруге бөлінген. Барлық жағдайларда жер қатынастарының құрамдық бөліктері болып, жерлерді сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан әр елдің әр уақытта жүргізілген жер қатынастары бір-бірінен мазмұны және жүргізу техникасы, ұйымдастырылуы бойынша кәдімгідей айырылады. Қатынастардың барлық әрекеттері бірден және бір уақытта пайда болып, жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса, көптен кейін оларды бағалау басталды.
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан (егіншілік пайда болғаңда) туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты (жыртылатын жер, жайылым), яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті. Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуына және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді. Құлдық мемлекет шаруаларға көп салық салып, әр түрлі міндеттіліктерді орындауға мәжбүр етті. Жердің көп ауданы мемлекет иелігінде болды. Сондықтан құлдық құрылыста жерлер және иеленген жерлер есепке алынып, қайта саналды, жоспарлар құрастырылды, жерлердің және алқаптардың аудандары туралы мәліметтер көрсетілетін арнайы құжаттар құрылды. Құлдық қоғамның тиісті даму сатысында жерлерді сапа бойынша есепке алу басталды. Жерлердің сапасын салыстырмалы бағалау қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке меншіктік пайда болуымен жерге салық салу үшін жерлерді есепке алу мәліметтердің қажеттілігі туындады.
Жер қатынастары салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте қатынастардың құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілік пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер қатынастары мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай олар топтарға (кластарға) бөлінді. Оған тарихтың көне ескерткіштері куә.Олар кәзіргі дәуірге дейін көптеген жүздеген жылдан бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер қатынастарының болғандығын куәләндіреді. Мысалы, Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдары топырақтарды 9 класқа бөлген. Ежелгі Римнің жер қатынастарында жер учаскелерінің көлемдері бойынша олардың сапасы, пайдалылығы, қолданатын өңдеу тәсілдері туралы мәліметтері баяндалған. Сонымен қатар жер бетінде дәл өлшеулердің жүргізілгендігі және сапасын анықтау туралы карталардың жасалғандығы келтіріледі. Жер иелері өздерінің жерлері, шаруа жабдықтары туралы толық мәліметтерді беріп отыруға міндетті болған.
Жер қатынастары арнайы шара ретінде феодалдық өндіріс тәсілі жағдайында әрі қарай дамыды, рәсімделді. Жерге жеке меншіктік күшейген феодалдық қоғамда әр түрлі жер иелеріне салық салу мөлшері бірдей болған жоқ. Ірі жер иелері жер салығын төлеуде көптеген жеңілдіктерді пайдаланған. Дамып келе жатқан капиталистік мемлекеттер өсіп кеткен мемлекеттік аппаратын, армиясын қамтамасыз ету мақсатымен және басқа да мәселелерді шешу үшін қаражат көбейтуге мәжбүр болды. Сондықтан феодалдық-басыбайлы қатынастарының жойылуына, жерді пайдаланушылардың, иеленушілердің салықтанатын санын көбейтуге, пайдаланатын жерлердің бәріне салық салуға мүдделі ретінде жерді есепке алушы, зерттеуші, баяндаушы және бағалаушы жер қатынастары қызметі қажет болды.
Капиталистік кұрылыс жағдайында жер қатынастары күрделі шара ретінде арнайы жер - қатынастық қызметі арқылы жүзеге асырылады. Жер қатынастарының қазіргі түсініктегі негізгі түрлері капиталистік қоғамда қалыптасқан. Сондықтан салық салу мақсаты жерді бағалау мәні және тәсілдері бойынша айырылады. Капиталистік мемлекеттерді жер қатынастарымен қатар жерді заңды тіркеу жүргізіледі. Оның міндеті жерді иелену және меншіктеу құқығын рәсімдеу болып табылады. Жерді тіркеу жерге жеке меншік құқығын қорғауға көзделген. Оның мәліметтерінің құқықтық маңызы бар. Олар тұлғалық және мүліктік болып бөлінеді. Біріншісі жер иелері бойынша, екіншісі - пайдаланатын жерлер бойынша жүргізіледі. Заңды жерді тіркеуді жүзеге асыру нәтижесінде жер иесінің жерге құқығы рәсімделеді. Ол нотариалдық мекемелерде арнайы құжаттармен заңдастырылады. Көпшілік капиталистік елдерде жерді заңды тіркеу арнайы жер кітаптарында жүргізіледі. Көптеген мемлекеттерде жер қатынастары мен заңды жер тіркеу арасында тығыз байланыс бар.
Жер - қатынастық материалдарды жер - құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен қолданады. Олар тек қана салық салу мүддесінде емес, басқа да қажеттіліктер үшін (жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақтар эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау) пайдаланылады. Жер қатынастарының негізгі міндеті жер иелерінің алатын пайданың бөлігін мемлекеттің алу мақсатымен тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді. Бұл капиталист жер қатынастарының мәнімен есептеледі - әр елде және әр уақытта жүргізілген жер қатынастық жұмыстарының мазмұны мен әдістемелерінің ерекшеліктері болса да, жалпы оларға жер туралы мәліметтерді алу тән болған. Жер қатынастары жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір сатысында пайда болып, жетіле берді. Ең алдымен зерттеу, есепке алу, бағалау, алқап түрлері және олардың сапасы бойынша топтастыру әдістерін, тәсілдерін жетілдіре түсті. Жаңа әдістерді, құралдарды қолдану арқасында жүйелі түрде жер кадастрлік ақпарат дәлдігі жоғарылады, құжаттардың рәсімі, мазмұны жетілді. Жер қатынастары арнайы дайындықты, білімді талап ететін күрделі шараға айналды.
1.2. Жер қатынастарындағы мемлекет пен нарықтың рөлі.

Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының территориясында жерге орналастыру жаңа негізде қалыптасты: жерге деген мемлекеттік монополия жойылды, жерді ақылы пайдалану жүйесі енгізілді. Ауыл шаруашылық алаптарының басым бөлігі мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болды, көптеген жерге орналастыру, жер кадастры жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жер нарығында қарқынды дамып жатқан ауыл және қала маңы жер нарығы болып табылады. Жер нарығы - сауда нарығына ұқсамайды, ол бір орында тұрмайды және бір орында тұруы да мүмкін емес және онда жер учаскелерінде көптеген операциялар жүргізіледі. Бұл - жердің халықтың экономикалық өмірінен тәуелсіздігімен және өзіндік ерекшелігімен түсіндіріледі. Жерді қолдан жасап алуға, өндіріп алуға болмайды, ол табиғи ресурс, халқымыздың қазынасы. Жердің тағы бір ерекшелігі - орнының тұрақтылығы. Жер учаскесінің бағасы орналасқан орнына тікелей байланысты. Оған қоса жер учаскесінің бағасына табиғи жағдай да әсер етеді: топырағы, межесі, бедері, қойнауы.
Жер табиғи зат ретінде, адам әрекетінің әсерінсіз келесідей қасиеттерге ие: жердің ең басты қасиеті - ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында топырақ жамылғысы сапасынан тәуелді. Топырақ жамылғысы жердің сұраныс бағасына да үлкен әсер етеді, оның пайдасы, мақсатты пайдаланылғанда және еңбек процесімен қосылғанда азық алу көзі болып табылады. Жердің кеңістік шектелуі ондағы өнім алудың шектелуін көрсетпейді, тек сол табиғи шептермен шектелген ауданда ғана пайдалану қажеттілігі мен мүмкіндігін көрсетеді. Жердің белгілі бір табиғи шептермен шектелуі жер рентасының пайда болуының себебі болып табылады. Жердің орны тұрақты болғандықтан, тұрған орнында ғана пайдаланылады. Жер учаскесінің орналасқан орны экономикалық -әлеуметтік, әкімшілік және табиғи факторларын анықтайды. Жердің тағы бір ерекшелігі, басқа құралдармен алмастыруға келмейді, яғни жердің орнына басқа ешқандай құралды пайдалануға келмейді. Жер ресурстарының шектеулілігіне байланысты жердің құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында, қосымша қаржыны қажет етеді. Жер учаскесіндегі топырақ жамылғысы, тұйықталған су, орман, ғимараттар онымен үзілмес байланыста болады.
Жер нарығының ерекшелігі - жер учаскесінің пайдаланылуында, жерге зат ретінде, сұраныс пен ұсыныстың болуы. Жер көп қасиетті, табиғи объект ретінде экологиялық функцияны атқарады. Топырақ сияқты, жердің жоғарғы қабаты немесе кеңістік базисі ретінде шаруашылық объектісі болады, ол экономикалық қатынастарға байланысты. Сонымен қатар, адамдардың өмір сүру ортасы ретінде әлеуметтік ролі бар. Мемлекет территориясы ретінде саяси сипатқа ие. Жер нарықтық экономикада зат ретінде кеңістік қызметін атқарады. Нәтижесінде қоғамның және жеке адамның қызығушылығына шек қойылады. Сол үшін нарықтық қатынастардың пайда болуы, жер учаскелерінің тіркелуіне, санағына жоғары талап қояды. Жер ең басты жылжымайтын мүлік объектісі және кеңістік базисі. Жер нарығы көптеген нарықтық элементтерден құралған қиын жүйеден тұрады. Ол екі бөлшекке бөлінеді: бірінші реттік және екінші реттік нарығы. Бірінші реттік нарығы мемлекетпен жеке тұлғалар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтамасыз етеді. Сату - сатып алу институты пайда болған сәттен бастап республикада мемлекетпен сатылған жер учаскесі және жер иелену құқығы бойынша 58,2 мың іс жасалып, тіркелген. Жеке меншік - жер нарығының жалғыз міндеті емес. Сондықтан, зерттеудің мақсаты - мемлекетпен берілетін, сатылатын, бірінші жер нарығының жолдарын, сонымен бірге жер нарығы учаскесінің құрылымын, бірінші реттік нарығы қатысушыларының қызығушылығын және жер учаскесіне қойылған талаптардың себебін анықтау қажет.
Жеке меншікке келесі мақсаттарда пайдалануға жер учаскелері берілуі мүмкін: өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылысына.Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың жеке меншігінде: жер учаскелері, құрылыс астындағы немесе құрылыс жері, сонымен бірге тұрғын үйлер немесе тұрғын үй салуға берілген жер учаскесі белгіленген мақсатта болады.
Қазақстанда бірінші реттік жер нарығының пайда болуы:
1. тұрақты жер пайдалану құқығы төмендегі мемлекеттік жер пайдаланушыларға, заңды тұлғаларға беріледі:
2. ғимараты бар, объектісінде кондоминиумы бар, шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығымен;
3. ерекше қорғалатын аймақта жер пайдаланушылықты жүргізу үшін;
4. ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге;
5. ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы заңымен қарастырылады.
Мемлекет меншігіндегі жерге жер пайдалану құқығы жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тегін, ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілгенде ақылы беріледі. Жоғарыда көрсетілген мақсатта екінші рет тегін жер учаскесін алуға рұқсат етілмейді. Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен сату бағасы бойынша беріледі. Зерттеу қорытындысында белгіленгендей, Қазақстанда Жер реформасын жүргізу кезінде шаруашылық субъектісінің құрылымы мен жер иелену формасы өзгерді. 2001 жылы 3,6 млн. азамат өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылысы үшін жеке меншікке жер учаскесін алған. Бұл жалпы Қазақстан Республикасы аумағының 0,16% (434,0 мың.га) құрайды. Зерттеу қорытындысында көрсетілгендей бағасы шамамен 13,0 млрд.теңге болатын, 155,2 мың.га жерде мемлекетпен жеке меншікте жер пайдалануға беру мақсатында 55,1 мың іс жүргізілген. Соның ішінде уақытша жер пайдалануға бағасы шамамен 10,5 млрд. теңге, ауданы 49,7 мың.га жер болатын 48,0 мың жер учаскесі сатылды.
Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, бірінші реттік нарығында, Қазақстанда тұрақты пайдалануға берілген жер учаскелері көп үлесті алады. Оның құрамына: шаруа (фермерлік) қожалықтары, мемлекеттік емес ауыл шаруашылық заңды тұлғалар (акционерлік қоғамдар, ауыл шаруашылық кәсіпорын кооперативтері және басқалары), мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар кіреді. Бұл жерлер 93 млн.га жерді алып, Қазақстан Республикасының - 34,2% құрайды. Ең аз үлесті уақытша пайдалануға сатылған 49,7 мың.га немесе республика аумағының 0,02% жерлер алады. Зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанда бірінші реттік нарығы жер пайдаланушылық құрамы бойынша және жер учаскесінің пайдалану құқығы бойынша әртүрлі. Қазақстан жерінің көп бөлігі мемлекеттік меншікте, бірақ, бірінші реттік нарығында жер айналымы пайда болады, әсерін тигізеді және екінші реттік нарығының пайда болуына негіз болады. Жер нарығындағы жер көлемін жалпы мемлекет аумағындағы жерден нарықтық істерді жүргізуге тыйым салынған, яғни сатуға, сатып алуға, кепілге беруге болмайтын жерлерді алып тастап анықтауға болады. Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн.га, соның ішінде 34% ауыл шаруашылық мақсатындағы және 43,9% босалқы жерлер. Жер қорының көп бөлігі (81,6%) жайылымы бар ауыл шаруашылық жерлеріне берілген.
Жер реформасын жүргізу кезінде меншік түрлеріне бөлінуде көптеген өзгерістер болды. Ауыл шаруашылық мақсатындағы ауданы 89,9 млн.га немесе 96,6% жер мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындарының еншісінде. Мемлекеттің жеке меншігінде 3,2 млн.га жер немесе ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің 3,4%. Қазіргі заман талабына сай белгілі себептерге байланысты жер нарығы айналымынан 200 - 210 млн.га жер шығарылды. Жер нарығының потенциалдық көлемінде 50 - 60 млн.га жер қалады. Болашақта жер нарығы қандай жағдайда дамитынын, жердің қанша бөлігі сату - сатып алуда болатынын және қанша жер учаскесі иелерін өзгертетіні анықталуға тиісті.
Қазақстан Республикасында екінші реттік нарығының пайда болуы: бірінші жер иелерінің, яғни жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жерлерін жылжымайтын мүлік ретінде қайта бөлу екінші реттік жер нарығының пайда болуына әкелді. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жер пайдаланушы мен жер иеленуші мемлекеттің қатысуынсыз өздігінен иелік етеді. Екінші реттік жер нарығы бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы жер айналымына қойылатын талаптар бар. Соған сәйкес, ауыл шаруашылық жерлері бір меншіктен екінші меншікке ауысып, яғни екінші реттік жер нарығына қатысуда. Бұл құқық жер пайдаланушылықтың ауданына шек қоймайды. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" заңына сәйкес, уақытша пайдаланудағы немесе ұзақ мерзімді ауыл шаруашылық өнімін өндіруде пайдаланудағы жер пайдаланушылық ауданы жергілікті атқарушы органмен жергілікті жердің ерекшеліктері мен талаптарына сай бекітіледі.Жер пайдаланушылық меншігі анықталғанша жер мемлекет меншігінде болады. Екінші реттік жер нарығының масштабы әзірше белгісіз, негізіне елді мекен жерлеріне әсер етеді. Жер үлесін жүргізу заңға сәйкес уақытша тоқтатылған. Ұсыныстар:
1. Қазақстанда жер қатынастарының реттелуі онжылдық уақытта жүргізіліп жатыр. Іс жүзінде жерге деген мемлекеттік монополия жойылды. Жерді ақылы пайдалану енді, азаматтардың пайдасына жерді тегін қайта бөлу жүргізілді. Ауыл шаруашылық жерлерінің көп бөлігі мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындарында.
2. Жер нарығы көптеген әлеуметтік-экономикалық категориядан тұрады. Жер нарығы көптеген нарықтық элементтерден құралған қиын жүйеден тұрады. Ол 2 ішкі жүйеге бөлінеді: бірінші реттік жер нарығы және екінші реттік жер нарығы. Бірінші реттік жер нарығының мақсаты жерлерді мемлекеттік меншіктен жеке меншікке ауыстыру немесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға беру. Бірінші реттік жер нарығының ауданы 50 - 60 млн.га немесе республика аумағының 18% алады.
3. Жер пайдалану құрылымына қазіргі жер нарығы өзгерістер енгізуде. Бірінші реттік жер нарығында, Қазақстанда тұрақты пайдалануға берілген жер учаскелері көп үлесті алады. Оның құрамына: шаруа (фермерлік) қожалықтары, мемлекеттік емес ауыл шаруашылық заңды тұлғалар (акционерлік қоғамдар, ауыл шаруашылық кәсіпорын кооперативтері және басқалары), мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар кіреді. Ең аз үлесті уақытша пайдалануға сатылған 49,7 мың.га немесе республика аумағының 0,02% жерлер алады.
4. Жер нарығының дамуының әлеуметтік базасы жасалды. Көптеген жеке меншік иелері пайда болды. Жер нарығында өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылысын, тұрғын үй салу үшін берілген жерлер ұтымды пайдалануда. Ауыл шаруашылық алаптарында жер нарығының дамуына заңнамамен уақытша тоқтатылып тұр.
5. Нарықтық механизм дамыған мемлекеттердің өзінде де өздігінен реттелмейді, сондықтан жер айналымын мемлекеттік реттеуді қажет етеді.
Жермен және жерді пайдалану құқығымен жасалынатын мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және олармен мәміле туралы" Жарлығына сәйкес мемлекеттік тіркеуден заңмен белгіленген тәртіпте өтеді.
Жер материалдық өндірістің негізі, нарық қатынастарының объектісі ретінде қаралады. Нарықтық экономика жүйесінде жерге жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы Шу ауданының жер ресурстарын басқару
Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Арал ауданының жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасында жер құқықтық қатынастарын реттеу тарихы
ЖЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасында жер меншігі құқығының түсінігі
Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
Пәндер