Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе 2

І. Мәтіндік бөлім.

1. 1 . ІШЖО жобасы, оның мазмұны мен жасау әдістемесінің реттілігі4

1. 2 . ІШЖО принциптері11

1. 3 . ІШЖО жобасының құрылымдық бөліктері20

ІІ. Техникалық бөлім.

2. 1 . Атырау өңіріндегі жобалық шешімді негіздеу24

ІІІ. Сызба бөлім 30

Қорытынды 34

Қолданылған әдебиеттер 36

Кіріспе

Ішкішаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) - жерге орналастырудың негізгі түрлерінің бірі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, серіктестіктерге, кооперативтерге және басқа шаруашылықтық құрылымдарға тұрақты (мерзімсіз) пайдалануға немесе жалға алу шартымен белгілі бір мерзімге бекітілген жерлерде ауылшаруашылық өндірісін территориялық ұйымдастыру болып табылады.

Қазіргі уақытта ауылшаруашыдық өнімі өндірумен әр түрлі ірі мемлекеттік кәсіпорындар (тұқым дайындайтын және басқа мамандандырылған шаруашылықтар), мемлекеттік емес (шаруа қожалықтары, ұжымдық кәсіпорындар мен кооперативтер, акционерлік қоғамдар және т. б. ) айналысады. . Олардың көпшілігі Әр түрлі шаруашылықаралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер қатарына кіргенмсн, бірақ барлығы да өз еріктілігін сақтайды және негізгі жер пайдаланушылықтар болып табылады. Сонымен қатар ішкішаруашылық жерге орналастыру объектісі ретінде ғылыми-зерттеу мекемелерінің және машина сынау станцияларының тәжірибелік шаруашылықтары жоғары оқу орындарының колледждердің оқу - тәжірибелік шаруашылықтары, өнеркәсіптердің, ұйымдар мен мекемелерлін қосалқы ауылшаруашылықтары болуы мүмкін.

ІШЖО - дың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шылын жұмсап, максимальды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.
ІШЖО - дың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскссін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін (өндірісті территориялық ұйымдастыру) территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді ессрлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина - трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру - жерге орналастырудың бір түрі. Оның жобалау объектісі - ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорынның иелігіндегі, пайдалануындағы немесе арендаға алған жері, оны территориялық ұйымдастыру.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру дегеніміз ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік территориялық ұйымдастыру шараларының жүйесі: жерді, адамдардың еңбегін, ауыл шаруашылық техниканы тиімді пайдалану үшін, топырақ құнарлығын қорғау және жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін. Шаруашылықтың территориясын ұйымдастыру жолында мына мәселелер шешіледі:

1) Топырақтың құнарлығын сақтау және жақсарту.

2) Ауылшаруашылық алқаптарды неғұрлым жақсы пайдалану жыртылатын жерлерді неғұрлым интенсивті пайдалану.

3) Эрозияны тоқтату және оның болмауына әсер ету.

4) Суарылатын жерлерде топырақтың тұздалмауына ирригациялық эрозияның болмауына әсер ету.

5) Мәдени ландшафтарды қорғау және жаңадан құру.

6) Жерді пайдалануда бос қалған жерлердің болмауына және шаруашылықты ұйымдастырудың прогрессивтік, ғылыми негізделген жүйелерін еңгізу үшін ұйымдастыру территориялық жағдай жасау.

7) Адамдардың жұмыс істеуіне, дем алуына, тұрмысын жақсартуға жағдай жасау. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының мазмұны табиғи және экономикалық жағдайларға және шешілетін сұрақтарға байланысты әр түрлі болады. Оған қарамастан ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының келесі шартты құрамды бөліктерге бөлуге болады:

1. Өндірістің бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру.

2. Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық немесе басқа инженерлі ғимараттарды орналастыру.

3. Ауылшаруашылық алқаптарды ұйымдастыру.

4. Ауыспалы егіс жерлерін және олардың терреторияларын ұйымдастыру.

5. Жеміс - жидек және жүзімдіктер территориясын ұйымдастыру.

6. Мал азықтық алқаптардың территориясын орналастыру.

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай - ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу. Жер кодексі, шаруа қожалығы және жекешелендіру заңдары бойынша шаруа қожалығын екі жолмен құруға болады. Бірінші жол - әрбір жұмысшыға тиісті жер негізінде. Бұл әдістің мағынасы мынаған жатады. Ауылшаруашылық кәсіпорында (совхоздармен колхоздар да т. б. ) жұмыс істеп жүрген және бұрын осыған өткен адамдарға сол кәсіпорын жерінің құрамы мен ауданына қарай, жер үлесін береді Оның ауданы бip жағынан сондай адамдардың санына, екінші жағынан жер иeлeнyшiлiктiң жалпы ауданына байланысты, өйткені жер үлeciнiң мал бағу үшін иеленушіліктің (жер алаптарының түлерібойынша) сондағы азаматтардың санына бөлінеді, шаруа шаруашылыгының жер иеленушіліктері арнайы жасаған жер қоры құрылады. Демек, алдымен сондай жер қорын жасау кажетті. Шаруа қожалығы туралы заң бойынша ондай қор әрбір мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның жер иеленушіліктері есебінен жасалуға тиісті. Ол үшін кәсіпорын иеленетін жерлер мұқият тексеріп, арасындағы сондай табиғи - экономикалық зона бойы орташа деңгейден төмен тиімділікпен пайдаланылып жүрген алаптар алынып, арнайы, жер құрамына енгізіледі. Бұл жұмыстарды жергілікті атқару комитетінің шешімі бойынша аудандық жерге орналастыру комиссиясы жүргізеді. Сонан соң тілек білдірген азаматтарға шаруа қожалығын құру мақсатына осы қордан жер үлесі бөлініп беріледі.

I . Мәтіндік бөлім.

1. 1. ІШЖО жобасы, оның мазмұны мен жасау әдістемесінің реттілігі.

Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шарттарды түрде 4 топқа бөлуге болады:

Біріншісі − Қазақстан Республикасының Конституциясы;

Екінші - Парламент әзірлеп, Президент бекітетін заңдар;

Үшіншісі − ведмостволық нұсқаулар мен ұсыныстар;

Төртіншісі − облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің өзі құқықтық құзырларындағы аймақтың шешімдері.

ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресуртар мемлекет меншігіне жатады. Сонымен қатар, жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай құжат ретінде 2001 жылдың 24 - ші қаңтарында бекітілген «Жер туралы» заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепсиясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену және жер пайдалану принциптері, жер иелену мен жер пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және қысқа мерзімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа арналған. Сонымен қатар әр түрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.

Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналасутырудың құқықтық негізі ретінде Азаматтық Кодекс, «Шаруа қожалығы туралы» (1998ж. ) , « Ауыл шаруашылық серіктестіктері туралы», «Жер салығы туралы», «Ипотека туралы» және бір қатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей қатысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті. Мысалы, жекешелендіру заңында көп укладтық экономикаға, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларына көшу жағдайлары қамтылған.

Жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік − экономикалық және құқықтық негіздері техникалық, бірінші кезекте, геодезиялық әдіс − тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық тезника көптен бері жерге орналастыру жобалары мен схемалардың план - картографиялық негізін жасауға, ал жобалау аяқталғаннан кейін оларды жер бетіне түсіруге қолданылады. Ол арқылы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс − қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі. Бұл:

- план - картографиялық негізді таңдау және оның дәлдігін бағалау;

- іздестіру және топографиялық − геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;

- план − картографиялық материялдарды жасау дәлдігі;

- жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жобалау және жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;

- жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс − қимылдар.

Жерге орналастыру жобаларын жасағанда және жер кадастрын жүргізгенде негізгі картографиялық материялдар болып табылатын топографиялық пландар аэрофототүсіру әдістері арқылы алынады. Бұл пландар толықтығы мен нақтылығына қарағанда жерге орналастырулық жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.

Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынадай жобалау тәсілдері қолданылады:

- аналиткалық( координаталары бойынша) ;

- графикалық( пландық сызықтық өлшемдер арқылы) ;

- механикалық( планиметр арқылы) .

Қазіргі кезде геодезиялық жұмыстарды жүргізу барысында, ғылыми − техникалық прогрестің жетістіктері ескерілген өлшеу аспаптары мен құралдары, соңғы үлгідегі компьютерлер мен аэрофото және аэроғарыштық әдістер мен материялдар кең қолдануда.

Техникалық әдістер арқылы жерге орналастыру іс − қимылдары, олардың құқықтық, әлеуметтік − экономикалық мәні іс жүзінде жүзеге асырылады. Қазіргі жерге орналастыру елдің экономикасына соның ішінде аграрлық саласына жаңа нарық қатынастарын енгізумен байланысты. Ол Конституция мен жер заңдары негізінде жүзеге асырылатын агралық саясаттың құралы болып табылады. Жер Кодексінде бұрынғыдай жер пайдалану мен жер иеленудің әр түрлі формалары мен ережелері ескерілген. Бұл заңның негізгі мақсаты жойылған колхоздар мен совхоздардың негізінде құрылған шаруа қожалықтарына, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, өндірістік кооперативтерге, сонымен бірге ауыл тұрғындарының қосымша шаруашылықтарының, қала тұрғындарының бау бақшалығының, өнеркәсіп, энергетика басқа да шаруашылықтарының әрі қарай дамуына қолайлы территориялық жағдай жасау. Жер реформасының негізгі мақсаты−жерге иесін қайтару.

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай - ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

ҚР Конституциясында 30. 08. 1995 жылы референдумда қабылданған жерге негізгі ммлекеттік құқығы мен қатар жеке еншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.

Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сондай - ақ бар заңдамалар негізгінде жер қатынастарын жетілдру және ретттеу қажеттігі туындайды.

Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік және жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге ораластыру қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.

Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.

Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.

ҚР да жерге ораластыру жүйесі қызмет етеді, онда жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру төмендегілерді өңдеу жолымен:

- ғылыми негізделген болжадар түріндегі бас республикалық схема;

- облыстық және әкімшілік аудандардың жерге ораластыру схемасы;

- шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;

- шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастыру жобалары;

- жеке учаскелерді құру, жақсарту, мелиорация, рекультивация жөніндегі жұмысшы жобалар.

Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай - ақ жылжымайтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар жүйесі болып табылады.

Оның мазмұны қоғамдық өндіріс, бәрінен бұрын экономиканың аграрлық сектор талаптары мен анықталады. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызды қызметіне жатады:

- ауыл шаруашылығын жүргізу үшінжаңа құнарлы жерлерді анықтау;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, бірлестіктер, шаруа қожалықтары және басқа шаруашылық құрылымдарпда бар жер пайдаланушылар мен жер иеленушіліктерін жетілдіру және жаңадан құру;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері аумағында шаруашылық жерін ұйымдастыру;

- мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру;

- қалалардың, поселкелер мен ауыл елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.

Жерге орналастыру қызметіне: топографо - геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т. б. іздестірулер мен зерттеулер жатады, қолданылатын материалдар тек қана жерге орналастыру жобаларын негіздеу және құру үшін пайдаланып қоймай, сонымен бірге мелиорация, жол құрылыстарында және т. б. қолданылады.

Жерге орналастыру мазмұнының күрдегілігіне қарай түрлерге және әртүрге бөлінеді. Оның өзіндік әртүрлі формалары объектінің аймақтық табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылықтың әлеуметтік және өндірістік типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп түрлі формаларының әрекет етуіне байланысты. Ал жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:

  • дайындық жұмыстары;
  • жобаны құру;
  • жобаны қарау және бекіту;
  • жобаны натураға шығару;
  • жеке меншікке, жер пайдаланушыларға, арендаторларға құжаттарды рәсімдеу және беру;
  • жобаның жүзеге асуына авторлық бақылау.

Аталған кезеңдер ккөлемі және мазмұнымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі әдістер және тәсілдермен жүргізіледі.

Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.

Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу - барлық жерге орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың пәні болады.

Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы - таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.

Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қәзіргі әдістерін кең қолданады(есептік - варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико -математикалық (ЭММ), болжамдау әдістері және т. б. ), ұғымның диалектік - материалистік әдісіне негізделген.

Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т. б.

Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады, сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.

Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейтін өңделгенжобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару, жалпы қажетті басқару ережелерімен жерге орналастыру процессі толық және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды орындауды талап етеді.

Жерге орналастыру өзінің жүзеге асуының барлық тарихи кезеңінде алдына қойған мәселелерді түрлі құралдармен және жобалау тәсілдерімен орындады.

Жеке немесе өзіндік жер иеленушілік пен жер пайдаланушылық болған мерзімде(мысалы Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы стольпиндік реформа жүргізілгенде) шаруа қоғамдарының шектері және әсіресе аула, кіші аулалар мен хуторлар, басқада жер иеленушілердің шекараларын жоғары дәлдік қағидасы аналитикалық тәсілмен жобалаған.

Осыған байланысты жерге орналастыруды жобалау туралы ғылым ең бастысы аудандарды бөлу ұсынылған математикалық және геодезиялық тәсілдер бойынша ұсынылған, сондай-ақ жерді иелену мен пайдалану құқығын заңды рәсімдеу ұсынылған. Революциядан кейінгі жылдары және Кеңес Одағы кезінде жерге орналастыруды жобалау революциядан бұрынғы жылдардан алынып сақталған, дегенмен жерді ұлтандыру негізінде жердің қайта қалыптастыру (1917 - 1921жж) жерге орналастырудың кластық және әлеуметтік мазмұны түпкілікті түрде өзгерді. Жерге орналастыру ғылымы толығымен немесе оның құрам бөлігі- жерге орналастыруды жобалау сол уақытта қалыптасқан колхозды - совхозды жер пайдаланумен дамып отырды.

Кейбір тұғырықтық құбылыстарды өткізгеннен кейін, жер пайдаланудың қалыптасқан формаларын түпкілікті өзгерісін жерге орналастыру ғылымы жер құрылымының жаңа тәсілдерін іздеуге мақсат қойған болатын, бұл қайта қалыптасқан колхоз және совхоздарды ұйымдасқан - шаруашылық бекітуді талап етеді. Біртіндеп, колхоздардың шекарасын нақты мәнге шығару қарапайым тәсілінен жерге орналастыру бұрын қалыптасқан а. ш кәсіпорындың жерін құрудың ең күрделі тәсілдеріне өтті.

Жерге орналастырудың ірі жер массивтерін, адамдардың коллективтік еңбегін ұтымды пайдалануды және машина техниканы пайдалану өндірісін қамтамасыз ететін ең жетілген жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі туды. Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа шекаралары рәсімдеумен байланысты жерге пайдалану құқығына мемлекеттік актілерді беруге жер пайдалануды дайындау, бірінші жоспарда колхоз және совхоздың шаруашылық орталығын орналастыру жөнінде, өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру және оған жер массивтерін бекіту, қажетті алқаптар құрылысын белгілеу, дұрыс ауыспалы егісті енгізу және т. б. жаңадан орналастыру бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді шешуге алып келеді. Жерге орналастыру ауылдар арасынан ауылдар ішіне ауысуынан, шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыруға өтті. Көрсетілген мәселерді шешу жолдарын ғылыми өндеудің объективті қажеттілігі туды. Жерге орналастыру ғылымында және тәжірибесінде жобалау әлеуметтік - экономикалық бағыттан жер өлшеу - техникалық (геодезиялық) бағытта болды.

Ол енді әлеуметтік-экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары көрнекті ғалым П. Н. Першин (1890 - 1970ж. ж. ) сол уақыттағы жерге орналастыру ғылымына ұйымдасқан - құқықтық және жер өлшеу - техникалық бағытымен қарама қайшы келді. П. Н. Першин алдын ала көрді халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі барысында «Аумақты жерге орналастырумен құрылған мемлекет ұйымдастырушы әрекеттің жемісі болады, қоғамдық шаруашылық формасында қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталған.

Ауыл шаруашылығын реттеумен байланысты жаңа жерге орналастырудың мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И. Д. Шулейкин берді. Оның актив қатысуымен қысқа мерзім ішінде (1932 - 1938ж. ж) Аумақты Ұйымдастыру Ғылыми Зерттеу Институтын құрылды, үлкен ғылыми жұмыстар жүргізді, оның нәтижесі бір қатар монографияларда жарық көрді.

АҰҒЗИ трудтарымен Жерге орналастыру мектебін құру және дамыту үшін қажетті бағыт құрылды. Бұл ғылыми мектепті отыз жылдан артық уақыт ВАСХНИЛ академик С. А. Удачин (1903 - 1974жж. ) басқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобасының түсінігі
Жоба алды жұмыстар
Жерге ораналастыруды жобалау
Жерге орналастыру жобасы
Жерге орналастыру жобалау
Жерге орналастыру жобаларын топтастыру
Жерге орналастыру
Берілетін учаскені орналастыру
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары
Жер пайдалануды орналастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz