Халық банк


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

1-тарау. Банк тарихы

Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.

Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.

Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.

Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.

Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.

Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.

1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322, 7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1, 8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44, 1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы, 1986 ж. ) .

60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.

Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.

1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.

1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.

Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.

1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.

2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33, 33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.

Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі.

Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.

2- тарау. Банктің депозиттік операциялары

Депозиттік операциялар - банктердің ақша қаражатын салымдарға (пассивтік депозиттерге) тарту немесе иеліктерінде бар қаражатты басқа банктерге немесе кредиттік-қаржы институттарына (активті депозиттер) орналастыру.

Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің ролі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Депозиттік есепшоттар әртүрлі болуы мүмкін, және олардың жіктелуінің негізінде салымдар көздері, оларды мақсатты пайдалану, табыс табу дәрежесі және т. б. критерийлер жатыр. Ең көп қолданылатындары төменде келтірілген.

Салымдар санаттарына орай депозиттер былай бөлінеді:

заңды тұлғалардың (кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің) депозиттері;

жеке тұлғалардың депозиттері.

Экономикалық тағайындалуы бойынша депозиттер 4 топқа бөлінеді:

  1. мерзімдік;
  2. талап етілгенге дейін;
  3. халықтың жинақ ақша салымдары;
  4. бағалы қағаздар.

Кез келген коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтайтын нарықтың мүмкіндіктеріне орай банк ресурстарының тиімділік критерийлер қисынын табуға болады. Мұндайда тиімділік критерийлері банктердің бәріне ортақ және таңдап алынған банктің депозиттік саясатының ерекшеліктерін көрсететін арнайы деп бөлуге болады. Жалпы критерийлерге мыналарды жатқызуға болады:

  • банктің тұрақтылығын, қаржылай орнықтылығын қолдайтын депозиттік, кредиттік және басқа операциялардың өзара байланысы. Атап айтқанда, активтердің және пассивтердің (сомалары, мерзімдері, өтімділіктері, тәуекел дәрежелері және табыстылығы бойынша) келісілуі қажет, яғни банк депозиттік саясатты жүргізу кезінде депозиттер портфелінің тиімді қалыптастырылуына аса маңызды назар бөлінуі қажет, ал депозиттер портфелін салымшылардың банкке тәуекел дәрежесін, өтімділігін, табыстылығын анықтайтын критерийлердің негізінде жіктелген талаптардың жиынтығы ретінде қарастырған жөн;
  • тәуекелді азайту мақсатымен банктің ресурстарын диверсификациялау;
  • депозиттік портфельді сегменттеу (клиенттер, өнімдер және нарықтар бойынша) ;
  • әртүрлі клиенттер топтарына сай келетін жол табу;
  • банк өнімдері мен қызметтері бәсекелес банктің өнімдерінен айырмасы болуы тиіс;
  • ресурстардың тиімді қисынының қажеттілігі, жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфелінде тұрақты ресурстардың үлесі (оның ішіндедепозиттік операциялар бойынша) ұлғайған кезде тұрақты және «айнымалы» ресурстардың тиімді ұштасуын қамтамасыз ету;
  • салымдардың түрлерін және негізінен депозиттік портфелді қалыптастыру барысында өмір сүру циклының концепциясын есептеу.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Депозиттерге кепілдік беру (сақтандыру) қорына қатысушы болып табылады. «Қазақтандық жеке тұлғалардың депозиттеріне (салымдарына) кепілдік беру (сақтандыру) қоры» АҚ 1999 жылғы 15 қарашада тіркелген. Қордың негізгі мақсаты - республика қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және салымшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қор талаптарына сәйкес сақтандырылған жеке тұлғалардың теңгемен болсын, шетел валютасымен болсын, барлық салымдары бойынша ақшаның қайтарылуы қамтамасыз етіледі. Депозиттердің барлығын не ұлттық, не шетел валютасында, резиденттерге және резидент еместерге (шетел азаматтарына) ашуға болады. Айтылған депозиттер түрлерінің барлығының өз ерекшеліктері бар.

«Халықтық - стандарты»

Бос ақшаны іске жаратудың ең қарапайым және сенімді жолы. Бос ақшаны салудың ең оңай әрі сенімді тәсілі.

  1. Салым мерзімі 1, 3, 6, 9, 12, 18, 24, 30, 36 айды құрайды.
  2. Капиталдандыру: ай сайын.
  3. Салым бойынша сыйақы төлеу салым мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
  4. Салымды толықтыру мүмкіндігі көзделмеген.
  5. Салымды ішінара алу мүмкіндігі көзделмеген.
  6. Салымның ең төменгі мөлшері: 15 000 теңге, немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро.
  7. Сыйақы мөлшерлемесі Банктік салым шарты немесе Шарттың қосымша келісімі бойынша басқаша белгіленбесе, салым мерзімі ішінде өзгеріссіз қалдырылады.
  8. Мерзімі ішінде өзгеріссіз қалдырылады.

«Халықтық - зейнетақылық»

Зейнеткерлер мен зейнеталды жасындағы адамдарға арналған салымдар. Зейнеткерлер мен зейнетке шығар жастағы тұлғаларға арналған.

  1. Ерекше шарттар: салымшылар 50 жастан асқан немесе 50 жасқа дейінгі, зейнеткерлік куәлігін ұсынған тұлғалар болуы мүмкін.
  2. Салым мерзімі 6 және 12 айды құрайды.
  3. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгеріссіз қалдырылады.
  4. Сыйақы төлеу: ай сайын, банктік салым шарты бекітілген күннен бастап әр 30 күн сайын.
  5. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төменгі мөлшері - 500 теңге немесе 5 АҚШ доллары, немесе 5 евро енгізілгенде мүмкін болады.
  6. Салымды ішінара алу мүмкіндігі көзделмеген.
  7. Салымның ең төменгі мөлшері: 2 000 теңге немесе 20 АҚШ доллары, немесе 20 евро.
  8. Қосымша: Банкке келмей-ақ, Интернет банкинг арқылы өз шоттарыңыздан аудару арқылы салымды толықтыру мүмкіндігі бар.

«Halyk - әмбебап»

Жинақ ақшаны басқарудың тиімді әдісі. Жинақ ақшаларыңызды басқарудың ыңғайлы тәсілі.

  1. Салым мерзімі 9, 12 айды құрайды.
  2. Капиталдандыру: ай сайын.
  3. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғаннан кейін.
  4. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төменгі мөлшері - 7 000 теңге, немесе 50 АҚШ доллары, немесе 50 евро енгізілген жағдайда мүмкін болады.
  5. Салымды ішінара алу: жинақтаушы шотта 75 000 теңге, немесе 500 АҚШ доллары, немесе 500 евро мөлшеріндегі төмендейтін қалдық сақталған жағдайда мүмкін болады.
  6. Салымның ең төменгі сомасы: 75 000 теңге, немесе 500 АҚШ доллары, немесе 500 евро.
  7. Банктік салым шартында немесе Шартқа қосымша келісімде басқаша белгіленбейтін болса, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгеріссіз қалдырылады.
  8. Қосымша: Банкке келмей-ақ, Интернет банкинг арқылы өз шоттарыңыздан аудару арқылы салымды толықтыру мүмкіндігі бар.

«Halyk - балалар үшін»

Балаларыңыздың жарқын әрі сенімді болашағы үшін. Балаларыңыздың жарқын да сенімді болашағы үшін.

  1. Ерекше шарттар: салым 16 жасқа дейінгі, кәмелет жасына толмаған салымшының атына қабылданады. Қажетті құжаттар берілгеннен кейін, салымшымен туыстық қатынастарының бар/жоғына қарамастан, кез келген тұлға Салымшының атына ақша салушы бола алады.
  2. Салым мерзімі 1 жылдан бастап 10 жылға дейін. Салымның ең жоғарғы мерзімі баланың 16 жасқа толу талабымен реттеледі.
  3. Капиталдандыру: ай сайын, әр 12 ай сайын.
  4. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғаннан кейін.
  5. Салымды толықтыру мүмкіндігі: ең төменгі мөлшердегі қосымша жарна - 1000 теңге немесе 10 АҚШ доллары енгізілгенде мүмкін болады.
  6. Салымды ішінара алу мүмкіндігі: көзделмеген.
  7. Салымның ең төменгі мөлшері: Алматы және Астана тұрғындары үшін - 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары. Қалған өңірлер үшін - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары.
  8. Қосымша: Банкке келмей-ақ Интернет банкинг арқылы өзіңіздің ағымдағы шоттарыңыздан аудару жолымен салымды толықтыру мүмкіндігі бар.

14 жасқа толмаған салымшының атына Салымшы енгізген салымға салымшының заңды өкілдері (ата-анасы, асыраушылары, қамқоршылары) иелік етеді, ал 14 жасқа толғаннан кейін - салымшының өзі иелік етеді.

16 жасқа, кәмелетке толмаған салымшыға салымды төлеу - ол Қазақстан Республикасы азаматының туу туралы куәлігін ұсынғанда, тек заңды өкілдерінің (ата-анасы, асыраушылары, қамқоршылары) қатысуымен беріледі.

Егер салымшы 14 жасқа толмаған болса, салым және ол бойынша сыйақысы салушыға, салымшының немесе оның заңды өкілдерінің тек қана жазбаша бас тартуының негізінде, олар міндетті түрде банкте болған кезде беріледі.

«Білім беру жинақтау салымы» депозиті

Білім алу қолжетімді бола түсті.

  1. Салым мерзімі: 5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды;
  2. Салым валютасы: теңге;
  3. Нысаналы мақсаты: Қазақстанда және шетелде берілген білімге ақы төлеу;
  4. Банктік сыйақы мөлшерлеме: жылдығы 7%-ға дейін (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7, 3%-ға дейін) .
  5. Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы:салым қалдығынан 5%салымшылардың басым санатына арналған салым қалдығынан 7%.
  6. Салымның ең төменгі мөлшері /төмендемейтін қалдық: 15 000 теңге
  7. Салымды толықтыру: мүмкін. Қосымша жарнаның ең төменгі мөлшері - 10 000 теңге. Қосымша жарналар үшінші тұлғалардан Салымшының/Салымшының заңды өкілінің сенімхаты негізінде қабылдануы мүмкін.
  8. Капиталдандыру: ай сайын
  9. Салымды ішінара алу: оқу орнының шотына қолма-қолсыз аудару арқылы білімге ақы төлеуге көзделген
  10. Салым мерзімінен бұрын бұзылғанда сыйақы мөлшерлемесі: Салым кем дегенде 30 күнтізбелік күнді қоса алған нақты мерзімге сақталғанда салым сомасына сыйақы есептелмейді. 30 күнтізбелік күннен ұзақ нақты сақталған мерзімге сыйақы стандарттық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
  11. Ерекше талаптар: жасына қарамастан, тек ҚР азаматы Салымшы болуы мүмкін. Бір Салымшыға республика бойынша тек бір салым шарты ресімделуі мүмкін.
  12. Салымды ресімдеуге қажетті құжаттар:ЖСН-і бар, Салымшының жеке басын куәландыратын құжат;
  13. Салымышының әлеуметтік жағдайын куәландыратын құжат (Салымшылардың басым санаты бойынша) ;
  14. Салымды үшінші тұлғалар кәмелетке толған/толмаған Салымшының атына ашатын болса, Салымшыдан/Салымшының заңды өкілінен (-дерінен) сенімхаты қажет.

«Білім беру жинақтау салымы» депозиті жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады.

Мемлекеттік сыйлықақы есептік жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына есептеліп, негізгі салым сомасына қосылады (капиталдандырылады) . Мемлекеттік сыйлықақы мынадай жағдайларда:

  • нақты салым мерзімі 20 жылдан асып кеткен жағдайда;
  • шарттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда;
  • салымшы қайтыс болғанда, Салымшы іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған сот шешімі күшіне енген күннен бастап, белгісіз жағдайлармен жоқ болып кеткенде немесе қайтыс болды деп жарияланғанда тоқтатылады.

Мемлекеттік сыйлықақы мынадай жағдайларда:

  • мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Салымшының немесе оның заңды өкілінің бастамасымен нысаналы мақсатты сақтамастан, шарт бұзылғанда немесе салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылғанда;
  • салымшы білім берілетін ұйымнан оқудан шығарылған күннен бастап үш күнтізбелік жыл өткенде;
  • жинақтау МБЖЖ туралы заңнамада белгіленген мерзімнен аз болған жағдайда мемлекеттік сыйлықақының төлену фактісі анықталғанда;
  • Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда қайтарылады. Тиісті қаржылық жылға белгіленген 100 есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайды.

Салымшылардың басым санаттары:

  • жетім қалған балалар және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, соның ішінде кәмелет жасына толған, алайда жасы 23-тен аспаған;
  • мүгедектер;
  • көп балалы отбасынан шыққан балалар, төрт және одан көп бірге тұратын, жасы кәмелетке толмаған балалар, соның ішінде орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі (магистратура) білім беретін ұйымдарда күндізгі оқу түрінде оқитын балалар, олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін кәмелет жасына толғаннан кейін, алайда 23 жастан аспаған балалар;
  • орта есеппен адам басына шаққандағы кірісі азық-түлік кәрзеңкесінің құнынан төмен отбасының балалары.

Қазақстан Халық банкі жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ең ірі қазақстандық банк атағын дәлелді. Халық банкі екінші деңгейдегі банктер арасында бірінші болып халық депозиттерінің көлемі бойынша бір миллиард АҚШ долларлық рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

№ 1 кесте. «Қазақстан Халық Банкіне» түскен салымдар, мың теңгемен

Ақша қаражаттары
2013
2012
2011
Ақша қаражаттары: Жедел салымдар
Ақша қаражаттары: Жеке тұлғалардың салымы
2013: 640451
2012: 543591
2011: 426219
Ақша қаражаттары: Заңды тұлғалардың салымы
2013: 461661
2012: 401705
2011: 420648
Ақша қаражаттары: Барлығы
2013: 1102112
2012: 945296
2011: 846867
Ақша қаражаттары: Ағымдағы шоттағы салымдар
Ақша қаражаттары: Заңды тұлғалардың салымы
2013: 494459
2012: 603249
2011: 570595
Ақша қаражаттары: Жеке тұлғалардың салымы
2013: 156337
2012: 150637
2011: 140014
Ақша қаражаттары: Барлығы
2013: 650796
2012: 753886
2011: 710609
Ақша қаражаттары: Жалпы сомасы
2013: 1752908
2012: 1699182
2011: 1557476

Халық банкі жеке тұлғалардың салымдары нарығында жетекші орын иеленудің одан әрі жалғастыруда. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банктің екінші деңгейлі банктердің депозиттері нарығындағы үлесі 20, 1% құрады, бұл ретте Банктің мерзімді салымдар бойынша үлесі 18, 3%, талап етуге дейінгі депозиттер бойынша - 32, 75% құрайды. Банк екінші деңгейлі банктер арасында жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің абсолюттік өсімі бойынша 2013 жылы көшбастаушы болып табылады.

Банкке түскен салымдарды жыл бойынша талдайдын болсақ, көріп тұрғанымыздай 3 жыл ішінде көрсеткіштер саны көбейген, яғни бұл банк үшін қолайлы жағдай. 2011 жылы салым мөлшері 1557476 мың тг. болса, 2012 жылы 1699182 мың тг. болған. Яғни 1422306 мың тг. өскен. Ал 2013 жылы, 2012 жылмен салыстырғанда 53726 мың тг. көбейген.

Салымдарды түрлері бойынша талдау

2013 жыл

Жедел салымдар 1102112 мың тг., ал ағымдағы шоттағы салымдар 650796 мың тг. болған. Яғни жалпы соманың (1752908 мың тг. ) 62. 8% жедел салым, қалған 37. 2% ағымдағы шоттардағы салымдар құрайды.

2012 жыл

Жедел салымдар 945296 мың тг., ал ағымдағы шоттағы салымдар 753886 мың тг. болған. Жалпы соманың (1699182 мың тг. ) 55. 6% жедел салым, қалған 45. 4% ағымдағы шоттардағы салымдар құрайды.

2011 жыл

Жедел салымдар 846867 мың тг., ал ағымдағы шоттағы салымдар 710609 мың тг. болған. Жалпы соманың (1557476 мың тг. ) 54. 4% жедел салым, қалған 45. 6% ағымдағы шоттардағы салымдар құрайды.

Көріп тұрғанымыздай, 3 жыл ішіндегі көрсеткіштерді салыстыра келгенде, жалпы соманың көп бөлігін жедел салымдар алып отыр. Яғни банк жағдайы тұрақты екенін көрсетеді.

Сурет № 1. Салымдардың жылдық көрсеткіштерін салыстыру

Жедел салымдар

мың теңге

Түрлері
2013
салыст.
2012
салыст.
2011
Түрлері: Жеке тұлғалар
2013: 640451
салыст.: 96860
2012: 543591
салыст.: 117372
2011: 426219
Түрлері: Заңды тұлғалар
2013: 461661
салыст.: 59956
2012: 401705
салыст.: -18943
2011: 420648
Түрлері: Барлығы
2013: 1102112
салыст.: 156816
2012: 945296
салыст.: 98429
2011: 846867
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы банк жүйесі
Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері
Коммерциялық банктер қызметінің жіктелуі
Өндірістік іс-тәжірибе туралы есеп
АҚ «Халық банк» тарихы
Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Банктік тәуекелді басқару
Халық банк акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz