CDMA-450 технологиясының негізінде Жамбыл облысы Қаратау қаласында сымсыз желіні ұйымдастыру


АҢДАТПА

Бұл бітіру жұмысында CDMA 450 технологиясының негізінде Жамбыл облысы Қаратау қаласында сымсыз желінің ұйымдастырылуы қарастырылады. Осы аймақтағы қолданыстағы желіге талдау жасалады. ZTE өндіруші-фирманың жабдықтары таңдалады. Сонымен қатар, қамту аумағының, радиорелеу жолының және байланыс тұрақтылығының есебі жүргізіледі.

Өміртіршілік қауіпсіздігі тарауында нөлдеу жұмысы орындалады, ұйымдастырылып отырған сымсыз жүйеге қызмет көрсету және пайдалану кезіндегі мәселелері қарастырылады.

Экономикалық бөлімде жылдық пайдалану шығындары мен табысты қоса алғанда, жобаның абсолютті экономикалық тиімділігі және өтелу мерзімі анықталады.

АННОТАЦИЯ

В данной выпускной работе рассматривается организация беспроводной сети на технологии CDMA 450 в городе Каратау Жамбылской области. Проводится анализ существующей сети на этом участке. Выбирается оборудование фирмы-изготовителя ZTE. Также выполняются расчеты зоны покрытия, радиорелейной линии и устойчивости связи.

В разделе безопасности жизнедеятельности выполняется зануление оборудования, рассматриваются вопросы при обслуживании и эксплуатации проектируемой беспроводной системы.

В экономической части производится расчет абсолютной экономической эффективности и срока окупаемости, включая годовые эксплуатационные расходы и прибыль.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 9

1 CDMA-450 СТАНДАРТТЫ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ШОЛУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ 10

  1. Қаратау аймақтық телекоммуникация торабы 10
  2. Ауылдық телефон байланысының дамуы 10
  3. CDMA-450 технологиясында сымсыз желіні ұйымдастырудың негізгі мақсаты 11

1. 4 CDMA стандартының негізгі қағидалары 13

1. 5 CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу қағидасы 14

1. 6 BSC жүйесінің сипаттамалары 18

1. 7 CDMA - 450 технологиясының қауіпсіздігі 19

1. 8 СDМА -450 технологиясының Қазақстан Республикасындағы даму бағыттары 20

2 ТАҢДАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ 22

2. 1 ZXC10-BSS базалық станцияның ішкі жүйелерінің жалпы құрылымы 23

2. 2 ZXC10-BSS базалық станциясының ішкі жүйесінің мінездемелері24

2. 3 BSS жүйесінің техникалық мінездемелері 25

2. 4 ZXC10-BSS ішкі жүйесінің мінездемесі 26

2. 4. 1 SVBS ішкі жүйесі 26

2. 4. 2 PCFS ішкі жүйесі 27

2. 4. 3 CPS ішкі жүйесі 27

2. 4. 4 CDSU ішкі жүйесі 28

2. 4. 5 BDS ішкі жүйесі 28

2. 4. 6 RFS ішкі жүйесі 29

2. 4. 7 TFS ішкі жүйесі 29

2. 4. 8 PS ішкі жүйесі 30

2. 4. 9 BSM ішкі жүйесі 30

3 CDMA-450 ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН СЫМСЫЗ ЖЕЛІСІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ 31

3. 1 Қаратау қаласының қамту аумағын есептеу 32

3. 2 Жаңатас қаласының қамту аумағын есептеу 36

3. 3 Радиорелейлі жолдың профилін анықтау және антеналардың биіктіктерін анықтау 38

3. 4 Байланыс тұрақтылығын есептеу 41

3. 4. 1 Пролет энергетикасын есептеу 41

3. 4. 2 ЦРРЖ жұмысына гидрометеорлар мен атмосфераның әсерін есептеу 42

3. 4. 3 Көп сәулененудің таралуының нәтижесіндегі кідіріс 44

3. 4. 4 Радиотолқынның көп сәулененудің таралуының нәтижесінде байланыстың бұзылуына кететін уақыт нормасын тексеру 45

3. 4. 5 Радиотолқындардың субрефракциялануының нәтижесінде сигналдың кідірісінің пайда болуы 45

4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 50

4. 1 CDMA-450 стандартындағы ұялы байланыс желісін құру кезінде персоналдың жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын талдау 50

4. 2 Нөлдік қорғаныш өткізгішіне қойылатын талаптар 51

4. 3 Нөлдеуді есептеу жолы 51

4. 4 Нөлдеуді есептеу 55

4. 5 Қоршаған ортаны қорғау 58

4. 5. 1 Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін таңдау 58

5 БИЗНЕС-ЖОСПАР 61

5. 1 Түйін 61

5. 2 Компания және сала 61

5. 3 Қызметтерді (өнімдерді) бейнелеп жазу 62

5. 4 Нарықтық өтімді талдау. Нарық қызметтерін зерттеу 62

5. 5 Менеджмент 63

5. 6 Маркетинг стратегиясы 64

5. 7 Қаражат жоспары 64

5. 8 Табысты есептеу 66

5. 9 Эксплуатациялық шығын 67

5. 10 Экономикалық тиімділіктің көрсеткішін есептеу 70

қОРЫТЫНДЫ 71

әдебиеттер тізімі 72

ҚОСЫМША А 74

ҚОСЫМША Б 76
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда телекоммуникация саласына жоғары талаптар қойылуы нарық қатынастарының дұрыс жолға түсуі мен нарық өтімі үшін байланыс операторларының аралық бәсекеге түсу күресінің күшеюімен түсіндіріледі. Осыған орай замандас технологиялардың негізінде телекоммуникацияның сапалы игерілуінде және құрылуында қажеттіліктер туындайды.

Жылжымалы байланыстағы сымсыз технологияның даму процессі жиіліктердің жаңа диапазондарын игеруінің негізінде шоғырланған. Ұялы байланыс жүйесінің негізі - оның әр түрлі географиялық аймақта қолданылуы, яғни арнаның жиілікпен бөлу технологиясының жүзеге асуы болып табылады.

Байланыс саласындағы кодтау технологиялары және цифрлық байланыстың дамуы жылжымалы байланыстағы құралдардың ілгері басуына жағдай жасады. Нәтижесінде аналогтық жүйелердің орнын цифрлық жүйелер басты.

Бірінші және екінші ұрпақ жүйелерінде арналарды жиілікпен (FDMA - Frequency Division Multiple Access) және уақытпен (TDMA - Time Division Multiple Access) бөлгенде байланыс сапасы ұсынылатын арна санына және жүктемеге байланысты анықталды, егер арналар бос болмаса абонент мүлдем қабылданылмайды. Осы технологияларының кемшіліктерін болдырмау үшін цифрлық жүйені өндірушілер арналары кодпен бөлінген көпстанциялы қатынау технологиясына, басқаша айтқанда, CDMA-ге ауыстыруға көңіл аударды.

CDMA (ағл. Code Division Multiple Access) - шу тәрізді сигнал технологиясына кеңейтілген спектрде қолданылуына және әр қолданушыға кеңейтілген спектрде таралатын жекелеген код ұсынуға негізделген.

2003 жылдың тамыз айында Қазақстан мемлекеті жылжымалы байланыстың CDMA стандартын дамыту үшін лицензия алуға конкурс ұйымдастырды. Конкурс талаптарына сай, лицензия алған операторларға 800 МГц және 450 МГц жиіліктерін алу құқығы берілді. Соңғы жиілік ауылды жерлерде, яғни абоненттердің аз тығыз шоғырланған аумақтарында және барынша үлкен территорияда жылжымалы байланысты дамытуға арналған.

Қазіргі кезде 15 млн. халқы бар Қазақстанда бұл байланыс жүйесін пайдаланушылар саны 3, 5 млн. болды. Бүгінгі күні байланыс компаниялары CDMA ұялы байланыс қызметін 80-нен астам қалалар мен ауылды мекендерге ұсынады.

Жаңа стандартта жұмыс істейтін операторлардың пайда болуы тарифтердің төмендеуіне, жаңа тарифті жоспарлардың пайда болуына, сапаның және қызмет түрлерінің өсуіне алып келеді.

Бұл дипломдық жұмыста Жамбыл облысы Қаратау қаласы үшін CDMA 450 технологиясының негізінде радиорұқсатты қолданумен көпарналы телекоммуникациялық жүйені жобалау нұсқасы қарастырылады.

1 CDMA-450 СТАНДАРТТЫ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ШОЛУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

  1. Қаратау аймақтық телекоммуникация торабы

Тараз қаласында байланыс қызметтерін Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясы АҚ «Қазақтелеком» филиалы қамтамасыз етеді. KCell, Beeline, Dalacom сияқты байланыс операторлары жұмыс істейді. Байланыс желісі толығымен дерлік цифрлық, ҚТС-да абоненттік линияда алтысандық нөмірлену жүйесі қабылданған.

Орналасуы:

Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Әкімшілік орталық - Тараз қаласы. Жамбыл облысында 10 аудан бар. Территория ауданы - 144, 2 мың шаршы км, құрамына төрт қала кіреді - Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу.

Қаратау қалалық телекоммуникация торабы Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының бөлімшесі болып табылады.

Қаратау - таудың етегінде орналасқан көркем қала. Қалада облыс орталығы Тараз қаласымен қосатын темір және тас жол торабы бар.

Қаратау қаласының халық саны 18 мың 440 адам.

Қаратау - дамып келе жатқан инфрақұрылымы, гүлденіп келе жатқан кәсіпкерлері, негізінен фосфор өнімдерін шығарумен және мәрмәрді бүкіл Қазақстанға жіберумен, гүлденумен, дайын өнімді шығарумен айналысатын шаруа қожалықтары бар аудан орталығы.

Соңғы кезде кіші бизнес объектілерінің белсенді дамуы байқалады. Үш мектеп, аймақтық аурухана, мәдениет үйі, нан өнімдерінің комбинаты жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың әл-ауқаттылығы - орташадан жоғары. Қаратау қаласының АТСК станциясының жөндеу сыйымдылығы - 2000 нөмір, әрекеттігі сыйымдылығы - 2000 нөмір. 1975 жылдан пайдаланылып келеді. 2008 жылдың 1-ші наурызына қараған жағдай бойынша телефон орнатуға берілген өтініштердің саны - 2768 өтініш. Осы дерек негізінде жобаны жүзеге асыру қажеттілігі жетіледі.

  1. Ауылдық телефон байланысының дамуы

Ауылдық телефон байланысындағы инфражүйенің құрылу және даму проблемасы дамуға кететін үлкен шығындармен, сонымен қатар халықтың төлеу қабілетінің аласа деңгейімен түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта ауылдық жердегі телефонизация телекоммуникация саласының ең күрделі проблемаларының бірі болып келеді. Оның үстіне орта телефон тығыздығы 100 тұрғынға кемінде 10 қосудан тұрады.

Осы кезеңде маңызды мүмкіндердің бірі - сымсыз сөйлесу пунктерді құру бағыты болып табылады. (СП-сөйлесу пункті) . Бұл пунктерге сенімділік артады, алайда үлкен ауылдардың телефонизациясы үшін жарамайды деуге болады. Ауылды аймақтарда пайдалы сөйлесу пунктерін құру үшін келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз ету қажет:

- эксплуатациялық шығындар көлемі табыс көлемінің 2% құруы қажет;

- пунктерді орналастыру бөлмелерін жалға алмау және операторлар жұмысқа жалданбауы қажет;

- дебиторлық қарыздың болмауы және аудан орталығына трафик тұйықталуын қамсыздандыру;

- жобаның қаржыландырылуы.

Қоныстанған пунктерде шағын - 6 нөмірлі АТС орналастырылды, NMT-450 стандартты ұялы радио телефон жүйесі қосу желісінің ролін атқарды. Алайда бұндай шешімнің кешілігі-есеп тәсілінің және көрсетілген қызметке арналған ақы жинауының болмауы болып табылды.

Кейіннен биллинг бағдарламасы өңделген болатын. Соңында ауылдық сөйлесу пункті ұялы радиотелефон жүйесінен құралды. Радиотелефоннан қоңырау шалу үшін, абонент алдымен керек нөмірді теріп алады. Қоңырау сервисті телефондық карталар жүйесіне маршрутталады да ( СТК ), кейіннен пин - код арқылы абонент аутентификацияланады. Егер жүйеде сондай пин - коды бар карта бар болса, онда жүйе абонентті керекті нөмірге қосады. 5 мың абоненттерге арналған СТК жүйесі NMT - 450, GSM- 900, CDMA - 450 стандарттарының кез келген коммутатор үлгісімен бірлесіп әрекет ете алады.

Ауылдық радиотелефонға ( ұйымдық - техникалық шаралар көмегімен) жалпы нөмірден өзге екінші нөмір меншіктеледі ( бес таңбалы - жергілікті аудан орталығының) .

  1. CDMA-450 технологиясында сымсыз желіні ұйымдастырудың негізгі мақсаты

Ұялы байланыс желісі Жамбыл облысы Қаратау қаласы үшін ұйымдастырылады. Қаланың және жақын қоныстанған шағын аудандардың географиялық және халық қонысының тығыздығының ерекшеліктерін ескеріп тиімді және үнемді технология мен құрылғыларды таңдадық.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - аз қоныстанған Қаратау қаласында қызмет ету аймағын үлкейтуге мүмкіндік беру. Ұялы байланыс қызметі қаланың 95%-на қамтамасыз етілуі тиіс.

Дипломдық жұмыста жылжымалы байланыс жұйесінде (СПС) CDMA технологиясының басқа жиілік диапозонында (900 МГц) жұмыс істейтін стандартына қарағанда тығыздығы аз аймақтарда бір уақыт аралығында стационарлық байланыс қызметін қамтамасыз ететін CDMA - 450 стандарт технологиясын пайдаланудың маңызы жоғары. Бұндай қасиеттердің ішінде, әсіресе, шек қойылған жиілік қорларда маңызы бар спектр қолданылуының жоғары деңгейде болуы. Тариф мөлшерінің аз болуы тығыздығы аз және күн көріс жағдайы нашар аймақтарда маңызы жоғары болып табылады. Сонымен қатар, CDMA 450 басқа диапазондарға қарағанда ұяның үлкен аумағымен қамтамасыз етеді, бұл үлкен аудандарды радиоқамтумен қамтамасыз ету кезінде базалық станциялар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы CDMA 450 жүйесі базалық қабылдау/тарату станциясынан (BTS), базалық станция контроллерінен (BSC), мобилді коммутация орталығынан/ мекен орнын тіркегішінен (MSC/VLR), мекен орнының негізгі тіркегіші/ аутентификация орталығынан (HLR/AC) құралады. Бұларға басқа да қосымша элементтер енуі мүмкін, ол жүйенің ерекшеліктеріне байланысты.

CDMA 450 жүйесі жиілікті пайдаланудың халықаралық стандарттарының талаптарына жауап береді, яғни ол:

  • BTS қабылдауы / MS таратуы: 452, 975 - 454, 975 (МГц) ;
  • BTS таратушы / MS қабылдауы: 462, 975 - 464. 975(МГц) .

Енді берілген облыста желі құру үшін керек құрылғылар тізімін келтірейік.

Мобилді коммутация орталығы (MSC) Қаратау қаласында орналасады. Базалық станциялар (BTS) бір-бірімен және радиобайланысты басқаратын базалық станция контроллерімен (BSC) радиорелейлі күре жолдар арқылы байланысады.

CDMA 450 стандартына арналған бір BTS-тің жабу радиусы 40 км шамасында, яғни Қаратау қаласына бір базалық станция (BTS) жеткілікті болуы тиіс. Алайда базалық станцияның саны абоненттер санына байланысты алған жөн. Ұйымдастырылатын жүйе қалалар мен ауылдарды қамтитын болғандықтан, әр аймаққа базалық станцияның саны бөлек есептелінеді

Елімізде ұялы байланыс қызметін пайдаланушылар санының өсуі операторлардан желіні құру және сапалы қызмет көрсету үшін қосымша шығындарды қажет етеді. Абоненттердің талаптары өсуде, олар мәліметтерді тарату және жоғары жылдамдықты Интернет сияқты қосымша қызметтерді күтеді. Бұл талаптарға CDMA стандарты жеткілікті жауап береді.

CDMA 450 шешімдерін және коммерциялық қолайлы өнімдерді көптеген әлемдегі озық компаниялар ұсынады. Солардың ішінде Airvana, Ericsson, Huawei, Lucent Technologies, Nortel Networks, QUALCOMM және ZTE. Оларда 450-470 МГц жиілік диапазондарында IMT-2000 шешімдері бар. Әрбір компанияның желі құру және оны ары қарай дамыту мәселелерінің өзіндік шешімдері бар. Соның ішінде бізге қолайлы болатыны қытайлық ZTE компаниясының ұсынылған шешімі.

Қазақстан аймағы географиялық және демографиялық жағынан ерекше болып келеді: территориядағы халықтың төмен тығыздығы. Бұл ұялы байланыстың дамуын тежейтін фактор болып отыр. Сол себептен халқы аз қоныстанған және қашық жатқан көптеген елді мекендер байланыс мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілмеген. Осы сипаттарды ескере отырып Жамбыл облысын Қаратау қаласында сымсыз байланыстың CDMA технологиясын қолданып 450 МГц жиілігінде желі құру тиімді деп есептеймін.

1. 4 CDMA стандартының негізгі қағидалары

CDMA (ағл. Code Division Multiple Access) - шу тәрізді сигнал технологиясына кеңейтілген спектрде қолданылуына және әр қолданушыға кеңейтілген спектрде таралатын жекелеген код ұсынуға негізделген. Сол себептен, TDMA мен FDMA технологияларының кемшіліктерін болдырмау үшін цифрлық жүйені өндірушілер арналары кодпен бөлінген көпстанциялы қатынау технологиясына, басқаша айтқанда, CDMA-ге ауыстыруға көңіл аударды.

CDMA - ұялы байланыс стандарттарының ең танымал түрі. CDMA ұялы байланысының технологиясы қазіргі кезде өзінің ерекшелігіне және көптеген қасиеттеріне байланысты басқа технологиялармен салыстырғанда пайдалану ауқымы үлкен.

CDMA принципі бастапқы ақпараттық сигналдың (яғни сөз сигналының) спектрін кеңейтуге ынталанады. Олар екі әртүрлі әдіспен жүзеге асады, біріншісі «жиілік бойынша секіру», екіншісі «тура тізбек». «Жиілік бойынша секіру» (немесе FH - Frequency Hopping) . яғни кездейсоқ заң бойынша берілген аралықта таратқыштағы тасымалдаушы жиілік тұрақты түрде өзінің мәнін әрбір сөйлесу арнасына салыстырмалы түрде үлкен емес уақыт интервалында өзгертіп отырады. Жүйенің қабылдағышы да таратқыш сияқты гетеродин жиілігін тура сол алгоритммен өзгертіп, тек керекті арнаны болашақта өңдеу мен бөлінуді қамтамасыз етеді. FH көмегімен цифрлық ұялы байланыс жүйесінде техникалық сипаттамаларды жақсарту үшін GSM-де қолданады.

Екінші әдіс «тура тізбекті» (немесе DS - Direct Sequence) жұмыс істейтін және перспективті CDMA желілерінде қолданатын шусияқты сигналдарды қолдануға негізделген әдіс. Әрбір абоненттің ақпараттық сигналын жалғыз және қайталанбайтындай шусияқты сигналға модуляциялайды, осыны бастапқы ақпараттық сигналды кеңейту деп атайды. Осы жерде осындай кодтардың нұсқа сандары миллиардқа жетеді, бұл біздің ғаламшарда әрбір адамға жеке байланыс құруға болатынын айта кету керек. Әрбір абоненттің жіңішке жолақты ақпараттық сигналы желідегі тұтынушыларға бөлінген жиіліктік спектрдің барлық еніне кеңейтіледі. Қабылдағышта сигнал теңестіруші кодтың көмегімен қалпына келудің орнына, нәтижесінде бастапқы ақпараттық код қалпына келеді. Осы уақытта айтылған қабылдағышта басқа тұтынушылардың сигналдары «ақ шу» сияқты болып табылады да кеңейтілген күйінде қалып, қабылдағыштың қалыпты жұмыс істеуіне кішкене ғана кедергі келтіреді.

CDMA әскери байланыс жүйелерінде жайдан-жай қолданылған жоқ. Ол сигналдардың спектрін кеңейту алдын-ала дайындалған жасанды бөгеуілдерге қарсы тұра алатын қасиеті де бар. Егер радиосигналдың базасын өте үлкен шамаға кеңейтсек, онда оны шу деңгейінен төмендетуге болады, мұны потенциалды қарсылас та байқайды. Қабылдау жағында бастапқы сигнал қалпына келеді. Сонымен, осыған ұқсас жүйелерді осы жиілік диапазонын қолданатын радиоқұрылғылардың жұмысына кедергі келтірместей етіп қолдануға болады.

1. 5 CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу қағидасы

CDMA-450 450 МГц жиілік диапозонында жұмыс атқаратын маңызды шешім болып табылады. CDMA-450 - үшінші ұрпаққа өтетін алғашқы қадам.

Қазіргі кезде дүние жүзінде 320 000-ден аса абоненттерге қызмет атқаратын 5 CDMA-450 коммерциалық желісі қызмет атқарады. 10-ға жуық мемлекет бұл жүйені жүзеге асыруға өз ұсыныстарын білдіруде.

CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу принципін түсіндіретін құрылымдық сұлба 1. 2 суретте көрсетілген. Тасымалдаушысының спектрі алдын-ала кездейсоқ шу көзінің сигналымен көбейтіліп, кеңейген ақпаратты сигнал Уолш бойынша кодталып, осы тасымалдаушымен араластырылады. Әрбір ақпараттық сигналға өзінің Уолш коды арналады, кейіннен олар таратқышта бірігіп, сүзгі арқылы өткізіледі және жалпы шусияқты сигнал таратушы антеннамен сәулелендіріледі.

Қабылдағыштың кірісіне пайдалы сигнал, фондық шу, көрші ұяшықтағы базалық станциядан келетін бөгеуілдер және басқа абоненттердің кездейсоқ сигналдары түседі. ВЧ-сүзгілеуден кейін сигнал корреляторға түсіп, осында спектрді қысу мен берілген Уолш кодының көмегімен цифрлық сүзгіде пайдалы сигналдың бөлініп алуы жүреді. Бөгеуілдің спектрі кеңейтіледі, және коррелятордың шығысында шу түрінде пайда болады.

Сурет 1. 1 - CDMA стандартты ұялы байланыс жүйесінің жұмыс істеу қағидасы

Берілген суретте CDMA әдісін қолданатын жүйелерде, кездейсоқ шу көзінің синхронизациясын өзгерте отырып, жиілік жолағының бір бөлігін желінің барлық ұяшықтарында қолдануға болады. Бұл 100%-тік жиіліктік ресурсқа қол жеткізуді пайдалануы - бұл CDMA стандартты желінің абоненттік сыйымдылығының жоғары екендігінің және ұйымдастыруды оңайлататын бір фактор көрсетілген. Уолш коды 64 болғанындықтан, бұл теориядағыдай шын мәнінде жүзеге аспайды, жүйенің абоненттік сыйымдылығы ішкі жүйенің интерференциясымен шектеледі, ол интерференция көрші ұяшықтағы базалық станциялардың және қозғалмалы станциялардың бір мезеттегі жұмысынан туындайды.

CDMA жүйесінде абоненттердің саны ішкі бөгеуілдердің деңгейіне тәуелді. Базалық станцияның келісілген станциялары «жақын-алыс» эффектісіне өте сезімтал, базалық станцияға жақын орналасқан мобильді станция үлкен қуатта жұмыс істейді де, басқа «алыс» сигналдарды қабылдаған кезде бөгеуілдердің жоғары деңгейін құрып, жүйенің өткізгіштік қабілетін төмендетеді. Бұл жағдай барлық мобильді станцияларда болады, бірақ ортогоналды шусияқты сигналды қолданатын жалпы жиілік жолағында жұмыс істейтін CDMA-жүйесінде сигналдардың бұзылуы ең жоғары дәрежеде болады. Егер осы жүйеде қуатты реттеу болмағанда бұл жүйе сөзсіз TDMA базасындағы ұялы желілердің сипаттамаларына орын беретін еді. Сондықтан СDMA жүйесінің басты проблемасы әрбір станцияда индивидуалды қуатты басқару.

Кодпен қатынайтын жүйенің тиімді жұмысы тек базалық станцияның кірісінде әртүрлі абоненттердің сигналдары түзетілген жағдайда ғана жүзеге асады. Түзету дәлдігі жоғары болған сайын, жүйенің қамту аумағы да көп болады.

Қуатты басқарудың дәлдігі жоғарылаған сайын, ішкі бөгеуілдердің деңгейі төмендейді. IS-95 стандартында мобилді станциялардағы қуатты реттеу динамикалық диапазон 84 дБ-де 1 дБ қадамымен, яғни ±0, 5 дБ дәлдігімен жүзеге асады. Көрші өлшемдер арасындағы интервал 1, 25 мс-қа тең. Қуатты басқаратын биттер 800 бит/с жылдамдықпен трафик арнасы бойынша таратылады. Тізбектеп қосылулы көпсәулелі сигналдарды бөліктеп өңдеу талап етілетін сигнал/шу қатынасын 6-7 дБ қамтамасыз етеді. Кезінде параллельді жұмыс істейтін бірнеше арналарда сәулелерді әртүрлі өңдеу мобилді станцияның қайтақосылуының «жеңіл» режимін қамтамасыз етеді.

CDMA жүйе ұяшығының абоненттік сыйымдылығы реттеуші алгоритмді пайдалану арқылы оптимизацияланады. Бұл алгоритм әрбір абоненттік терминалдың сәулелендіруші қуатын жіберілетін қатенің болу ықтималдығы деңгейін алуға болатындай етіп шектейді. Жүйеде қуатты реттеудің үш механизмі қарастырылған: тура арнада- тұйықталмаған иілім, кері арнада - тұйықталған иілім, кері арнада - сыртқы реттеу иілімі.

CDMA стандартты қозғалмалы байланыста сандық желілер келесі элементтерден тұрады (сурет 1. 2) :

  • Қозғалмалы байланыстың коммутациялық орталығы MSC (Mobile Switching Center) - СПС желісіндегі қозғалмалы абонентердің арасындағы қосылу мен СПС пен СТОП желісіндегі абоненттердің қосылуын қамтамасыз етеді;
  • базалық станция BS (Base Station) - қозғалмалы абоненттермен радиоинтерфейсті жүзеге асырады;
  • базалық станцияның контроллері BSC (BASE Station Cintroller) - базалық станцияларды басқару мен коммутациялық орталықпен байланысты қамтамасыз етеді;
  • орналасқан орынның негізгі немесе үйдік регистрі HLR (Home Location Register) - берілген коммутациялық орталықта тіркелген абоненттер туралы мәліметтердің базасынан тұрады ;
  • орналасқан орынның қонақтық регистрі VLR (Vision Location Register) - берілген коммутациялық орталықтың қызмет көрсететін аумағында болған абоненттер жайында мәліметтер базасынан тұрады;
  • аутентификация орталығы AC (Authentication Center) - қозғалмалы абоненттің полномочиясын тексеруді қамтамасыз етеді және оны байланыс желісіне қатынауды жүзеге асырады;
  • құрылғының теңестіру регистрі EIR (Eguipment Identity Register) - құрылғының идентификациясын басқаруға қажетті мәліметтер базасынан тұрады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысына CDMA-450 стандарты негізінде сымсыз қатынау желісі
CDMA стандартты ұялы байланыс жүйесінің жұмыс істеу қағидасы
Алматы облысы үшін CDMA 450 технологиясының негізінде радиорұқсатты қолданумен көпарналы телекоммуникациялық жүйені жобалау (Телекоммуникация.Радиоэлеклектроника)
CDMA желіcін құрудағы техникaлық еcептеу
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
LTE желісінде MIMO технологиясының жалпы принциптерін қарастыру
CDMA стандартындағы байланыс арнасының құрылымы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Қабылдаушының ақпаратты пайдалануы
Ұялы байланыстың транспорттық желі технологиясын таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz