Дипломдық жұмыстың құрылысы


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ

ЖҰМЫСТЫ

ОРЫНДАУ

«рАДИОБАЙЛАНЫС

ЖӘНЕ РАДИОНАВИГАЦИЯ»

ЖӘНЕ

«АВТОМАТИКА, ТЕЛЕМЕХАНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС»

(АҚПАРАТТАР ТАРАТУ ЖҮЙЕЛЕР)

МАМАНДЫҚТАР ҮШІН

1. Жалпы қойылатын талаптар

Дипломдық жұмыс студент- диплом жазушының нақты тақырып бойынша дайындаған квалификацияланған жұмысы. Тақырыпты таңдау мамандық және мамандандыру ережелеріне сәйкес Академияның бұйрығы бойынша бекітіледі.

  1. АТС (СПИ) және «Радиобайланыс және радионавигация» мамандықтарының дипломдық жұмысының құрылымы.

Дипломдық жұмыс түсініктеме жазбадан және графикалық бөлімнен болу керек.

  1. Түсініктеме жазба:

- РЕФЕРАТ

Рефератта (аңдатпа) орындалған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсету керек. Реферат 300-500 белгіден аспауы керек. Әріқарай, екі пробелден кейін «Негізгі сөздер» және тағы екі пробелден кейін суреттердің, кестелердің, әдебиеттер тізімінің түсініктеме жазбасы және демонстарциондық беттердің жалпы саны бойынша мәліметтер.

- МАЗМҰНЫ

- КІРІСПЕ - 2-3%

Кіріспеде жұмыстың көрсетілген актуалдығы, мақсаты және жұмыстың жалпы бағыты қойылған мәселенің кәзіргі заманға сай қысқаша сипаттамасы көрсетілу керек.

- 1 МӘСЕЛЕНІ ҚОЮ - 20 %

Берілген тарауда техникалық тапсырма талданады, жеке түрде мақсатқа лайық негіздеу, түйіндерді және жүйелерді құру негізі, диплом жұмысының ерекшеліктері, талданған құралдардың негізі технико- эксплуатациялық талаптары. Шешілген есеп талданады және қарастырылып жатқан объектінің осы заманға сай алатын орны. Берілген мәселелерде ғылым, техника және техникалық әдебиеттердің жағдайы қарастырылады. Қарастырылған мәселенің шешу жолының басқа түрлерін немесе солардың кемшілігін және артықшылығын талдайды. Берілген мәселелерді шешу жолдары және оларды игеру жаңа әдістері көрсетілуі керек. Қойылатын мәселе, құралды таңдау және дәлелдеу, олардың құрылымдық сұлбасының жүйесі, техникалық шешімнің қойылған есебі, талданған нысанның жалпы сипаттамасы келтірілген жұмыстың нәтижесі болады. Мәселені жетілдіру, сипаттамалық күйіне қатысты сұрақтары, авторлық куәлікке және патентіне сілтеме кіргізу керек, және де стандартқа сәйкес болу керек.

-2 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІ - 30-40%

«Радиобайланыс және радионавигация»

Теориялық бөлімнің негізгі мазмұны радиоқабылдағыштардың және радиотаратқыштардың жетілдірілуі немесе талдауы болады, дипломдық тақырыпта бүрынғы бар құрылғылар есепке алынады, қарастырылған құрылғылардың құрылымы және функционалды сұлбасы көрсетіледі. Соған сәйкес осы саладағы жаңалықтар және техникалық жаңа жетістіктер есепке алынуы керек. Сонымен қатар бұл бөлімде дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде жекелей түрде қарастырылған есептеулердің мысалдары көрсетілу керек.

-3 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМІ - 40-50%

Практикалық бөлімінде дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес келетін программа арқылы құрылатын блок схемадан тұрады. Дипломдық жұмыс көлемінде жұмыстық құжаттарды толығымен шығаруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттардың көлемін кафедраның әдістемелік нұсқауына сәйкес жобаның жетекшісі әр бір нақты жағдайға байланысты белгілейді. Каскад элементерде қолданылатын номиналды мәндерді таңдап өңдеу құрылғысының әр бір каскадтарының есебі жүргізіледі және есептелетін каскадтардың принциптік электрлік сұлбалары қарастырылады.

- ШЕШІМІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Шешімі және қорытындылау бөлімінде жасалған жұмыстардың негізгі нәтижелерін көрсету қажет. Жалпы тұжырымдар жасалуы тиіс. Кәсіпорындар үшін жұмыстың іс жүзінде жүзеге асырылу мүмкіндігі және нәтижелердің пайдасы мен ұтымдылығы жан - жақты ашылуы тиіс. Сонымен қатар, дипломдық жұмыста көтерілген мәселердің болашақтағы даму жағдайлары да қарастырылады.

- ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Дипломдық жұмысын жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі жүгіну тәртібімен рәсімделеді. Автордың аты - жөні, әдебиеттің атауы, қаланың аты, баспаның атауы және жылы көрсетіледі.

2) Сызба бөлімі:

Дипломдық жұмысының тақырыбын ескере отырып жжұмыстың жетекшісі сызба бөлімінің тізбесін анықтайды. Дипломдық жұмыстың сызба бөлімі А1 форматта 5 беттен кем болмау керек (плакат немесе слайдта істеуге болады) . Сызба бөлімінде барлық қажетті функциональды, құрылымдық, ұсталымдық (принципиалды), монтаждық, конструкциялық сұлбалар, формулалар, түсіндірмелі кестелер, графиктер көрсетілуі керек. Плакаттарда дипломдық жұмысының жетекшісінің, рецензенттің (пікір жазушының), дипломдық жобаның безендірілуінің дұрыстығын тексерген кафедра оқытушысының қолдары қойылуы тиіс.

3. Түсіндірмелік жазбаның безендіру

Дипломдық жұмыс (көлімі 50-60 бет) түсіндірмелік жазбадан және 5 беттен кем емес сызба бөлімінен тұрады. Дипломдық жұмыс ПЭВМ пайдалана отырып терілуі тиіс: беттердің форматы А4 (кітаптық), беттердің параметрлері, (жоғарғы және төменгі жолақ - 2 см, сол жақтан - 3 см, оң жағынан - 1, 5 см), негізгі мәтіннің әріптері және беттердің реттік саны. Times New Roman, әріптің көлемі - 14 кегль, азатжол (абзацты) қалдыру - 1, 25 см, тегістеу (выравнивание) - ені бойынша, қатарлар арасындағы интервал - “одинарный”, тасымалдардың автоматты түрі қойылады, беттердің төменгі жағының ортасына реттік саны қойылуы тиіс.

Мәтін ақ қағаздың бір бетіне ғана жазылады. Бір бетте түзету екеуден аспауы тиіс. Түсіндірмелі жазба түсінікті әрі қысқа жазылуы тиіс.

Дипломдық жобаның түсіндірмелі жазбасы мына құрамды қатаң сақтауы тиіс:

  • титульдық бет;
  • дипломдық жұмысқа тапсырма;
  • реферат (көлемі 300-500 белгіден тұрады)
  • мазмұны;
  • кіріспе (түсіндірілмелі жазбаның жалпы көлемінің шамамен 2 - 3 % құрайды) ;
  • 1 Мәселені қою - 20 % (бірінші тарау) ;
  • 2 Теориялық бөлім - 30 - 40% (екінші тарау) ;
  • 3 Практикалық бөлім - 40-50% (үшінші тарау) ;

- Шешімі және қорытындылау;

- Пайдаланылытын әдебиеттер тізімі;

  • жетекшінің пікірі;
  • рецензия.

Дипломдық жұмысының сыртқы (титульдық) беті сонымен қатар дипломдық жұмысының тапсырмасы арнайы бланкаға толтырлады (1 үлгі) .

Мазмұнының мәтіні рефераттан кейін орналастырылады. Әр бөлім жаңа беттен басталып жазылады. Түсіндірмелі жазбаның бөлімдерінің реттік саны барлық құжаттар шегінде, арап цифрымен белгіленіп, нүктесіз және азат жолдан жазылуы тиіс. Бөлімдердің атауы жазба әріптерімен жазылады (2 үлгі) .

Реферат, мазмұны және кіріспеге реттік сан қойылмайды. Түсіндірмелі жазба 3 бөлімнен тұрады.

Дипломдық жұмысының түсіндірмелі жазбасының бірінші бөлімі «Мәселенің қойылу негіздемесі» пунктімен аяқталуы тиіс.

Бөлімнің ішіндегі бөлімшелер екі цифрлармен нөмірленеді. Олардың арасы нүкте арқылы бөлінеді (бірінші - бөлімнің нөмірі, екінші - бөлімнің ішіндегі бөлімшенің нөмері (2 үлгіні қарау керек) ) . Бөлімшелер кіші әріптермен жазылады.

Бөлімдер мен бөлімшелердің аттарының сөздері қатардан қатарға тасымалданбайды. Асты сызылмайды. Егер, бөлімнің атауы екі сөйлемнен тұратын болса, онда олардың арасына нүкте қойылады.

Тақырып пен келесі мәттінің арасы екі интервал.

Бөлімнің аты мен бөлімшенің аты арасы бір интервал (2 үлгі) .

Соңғы мәттінің мен келесі тақырып арасы үш интервал.

Бөлімнің атынан соң, бөлімшенің атынан кейін нүкте қойылмайды (2 үлгі) .

Мәтінде бір затты бірнеше терминдермен атауға болмайды. Сондай - ақ орыс транскрипциясында жазылған шет - елдік сөздер (жақша ішінде) сол тілде түпнұсқада жазылуы керек.

Мәтінде келтірілген сандық мәліметтер физикалық өлшем бірліктері, яғни толық түрде, сөздерді қысқартпай жазылуы тиіс.

Математикалық символдарды цифрсыз пайдалануға болмайды (мысалы, -, +, , :) . Түсіндірмелік жазбаның беттеріне араб цифрларымен реттік саны қойылады.

Беттердің реттік саны беттердің төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

Дипломдық жұмыстың сыртқы беті (титульдық бет) беттердің жалпы реттік санына кіреді. Сыртқы бетке реттік сан қойылмайды.

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы екінші бет болып есептеледі, одан соң, аңдатпа, мазмұны және т. б.

Түсіндірмелік жазбада пайдаланылатын барлық сұлбалар, кестелер, суреттер бірденнен оларға жүгінген беттен кейін қойылып жалпы реттік санға (нөмірлеуге) кіреді.

Әдебиеттер тізімін түсіндірмелі жазбаның тура нөмірленуіне енгізу қажет (5 үлгі) .

Түсіндірмелік жазбада пайдаланылған әдебиеттерге жүгіну міндетті түрде көрсетілуі тиіс (квадратты жақша ішінде әдебиеттер тізімінің нөмірі жазылады (2 үлгіні қараңыз) . «ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» тараудың тақырыбы болып есептеледі және жазба әріптерімен жазылады.

Түсіндірмелік жазбаның мәтініндегі қысқартулар және аббревиатураларды бірінші рет көрсетілген сәтте толық түрде таратылып жазылуы тиіс.

Иллюстрациялар, кестелер, формулалар

Сұлбалардың және спецификациялық беттердің штампы болуы керек және рамкаға алынуы тиіс. Ал, тек мәтіннен және суреттен тұратын беттер рамкаға алынбайды. Түсіндірмелі жазбада келтірілген барлық сұлбаларға штамп қойылады. Штамптық көлемі: 15 135 мм (арнайы бланкада көрсетілген сұлбалардан басқасы) .

Бөлімнің шетінде суреттер араб цифрларымен тізбектей нөмірленеді.

Суреттің нөмері және суреттің реттік санынан тұрады және нүкте арқылы бөлінеді, мысалы «1. 7 сурет» (бірінші тараудың жетінші суреті) .

Суретке жүгінген жағдайда оның толық нөмірін көрсету қажет, мысалы, (1. 7 сурет) .

Суреттер түсіндірмелік жазбада суреттерге жүгінген кезде бірден беріледі. Қажеттілік туған жағдайда суреттерге түсіндірмелі мәліметтер беріледі (суреттің астындаға мәтін) .

Түсіндірмелік мәліметтен кейін сурет сөзі және оның аты беріледі: «1. 7 сурет» - жанама тозудың түрлі қарқындылылығының нәтижесінде рельс басының бүзылу (зақымдану) сұлбасы (3 үлгіні қараңыз.

Графиктер сурет ретінде есептеледі.

Сұлбаларды, графиктерді және суреттерді пайдаланылған әдебиеттерден сканирлеуге тыйым салынады. Сандық мәндегі материалдар кесте арқылы беріледі. Әр кестенің мазмұндық атауы болуы тиіс.

Кестенің атауын кестенің төменгі тұсының сол жағына, азат жол қалдырмай бір қатарға нөмірімен сызықша арқылы жазу керек: «Кесте 1. 3 - Кен жарығының тереңдігі».

Кестелерге тарау шегінде араб цифрылармен реттік саны қойылды (бірінші - тараудың нөмірі), нүкте арқылы бөлінеді (3 үлгіліні қараңыз) .

Кесте келесі бетке тасымалданатын жағдайда тақырып жазу керек:

1. 3 Кестенің жалғасы.

Кестені келесі параққа тасымалдағанда «1. 3 - кестенің қосымшасы» деген тақырып қою керек.

Кестені мәтіндегі оның бірінші аталуынан орналастыру керек немесе одан кейінгі келесі парақта.

Формулалар мен теңдіктерді бөлек жолға жазу керек. Әр формула мен теңдіктің үстінен және астынан бір жолдан кем емес орын қалдыру керек. Түсіндірмелі жазбада кездесетін барлық формулалар араб цифрларымен белгіленеді. Олар бөлімнің нөмірінен және формуланың реттік нөмірімен және формуланың реттік нөмірінен тұрады. Формулалар парақтың абзацтан басталған сол жағында орналасады. Формуланың нөмірі жолдың соңында дөнгеленген жақшаларға алынады.

Символдар мәндерінің түсіндірілуі формуланың астында жазылады. Жол «мұнда» деген сөзден жолдық әріптен басталады, абзацсыз, қос нүкте одан кейін қойылады. Әр символдың мәні және сандық коэффициенттің мәнін нүкте - үтір арқылы әр жолға жазылады (2 үлгісін қара) .

Есептеулерді ЭВМ - қолдануымен жүргізу керек. Сондай - ақ есептеу алгоритмнен, программалардан және есептеу нәтижелерінің қорытындыларынан туру керек.

Графикалық бөлімді безендіру

Дипломдық жұмысының графикалық бөлімі ГОСТ - 2. 3011-68 (СТССЭВ 1181 - 70) стандарттағы талаптардағы форматты қағаз парақтарында орындалуы керек.

Келесі форматтарды қолдану руқсат етіледі: АО - 1189 841; А1 - 841 594; А2 - 594 420; А3 - 420 297; А4 - 294 210 мм.

Графикалық бөлімі түсіндірмелермен, сұлбалар мен кестелермен толық тырылуы мүмкін. Бірақ қолданылған жазба ГОСТ - р 2. 316 - 88; 2. 104-68 талаптарына сай неғұрлым қысқа болғаны жөн.

Графикалық бөлім парақтарындағы кестелер орындалу тәртібі нөмірленуі керек. Егер кесте біреу ғана болса, онда кесте нөмерленбейді және «кесте» сөзі жазылмайды.

Масштабтар келесі талаптарға сай алынады: ГОСТ-р 2. 302-68 (СТ СЭВ 1180-18) ; кішірейту үшін 1:2; 1:2, 5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:800; үлкейту үшін 1:1; 2, 5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1.

Стандартты шрифт қолданылады. Әріптердің еңкейу бұрышы 75 градус. Әріптердің биіктігі - 2, 5; 3, 5; 7; 14; 20; 28; 40 мм. Бөлек жағдайларда шрифт еңкейуінің қолданылуы керек.

Биіктік пен әріптердің цифрлардың қалған өлшемдері арасындағы байланыс ГОСТ 2. 304-8 арқылы анықталады.

Графикалық бөлім 185 мм (6 үлгісін қара) бұрыштық штамп өлшемімен анықталады. Әр демонстрациялық парақтың қос рамкасы болуы керек: бірінші рамка А1(841 мм) формат өлшемдерін анықтайды, ал екіншісі (ішкі) келесі. Сұлба бойынша біріншіге сәйкес сызылады: оң жағы, жоғарыдан, төменнен - 5 мм, сол жағы - 20 мм (6 үлгі) .

үлгі 1

Қазақстан Республикасы Бiлiм жӘне Ғылым Министрлiгi

М. Тынышпаев атындағы

Қазақ КӨлiк жӘне Коммуникациялар Академиясы

«Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультеті

Кафедра: «Радиотехника және телекоммуникациялар»

Қорғауға жіберілсін

Кафедра меңгерушісі

аты-жөні

«___»2007 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ХАТТАУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Тақырыбы:

Диплом жазушы

Жетекшісі

Н. бақылау аты-жөні

АЛМАТЫ, 2008 ж.

3 Практикалық бөлім

3. 1 Рельс тізбектерінің сенімділік көрсеткіштері және істен шығу моделі

Сенімділік көрсеткіштері - бұл объектінің сенімділігін құрайтын, бір немесе бірнеше қасиеттердің сандық сипаттамасы [12, 13] .

Кездейсоқ шаманың (көлемнің) қалпына келтірілмейтін объектілердің сенімділігін бағалау үшін кездейсоқ шаманың (көлемнің) мүмкіндік сипаттамасы пайдаланылады - Т объектінің жұмысқа қолданылуынан бастап бірінші істен шығуына дейін көрсетіледі. Қалпына келтірілмейтін объектілердің сенімділік критериясына мыналар жатады:

  • істен шықпай жұмыс істеу мүмкіндігі Р(t) ;
  • істен шыққанға дейінгі жұмыс бөлу тығыздығы f(t) ;
  • істен шығу интенсивтілігі(t) ;
  • бірінші істен шығуға дейінгі орташа жұмысы Тср.

Белгілі эксплуатациялық жағдайда берілген уақыт интервалында немесе берілген жұмыс көлемінде бірде - бір істен шығу болмаған жағдайды - істен шықпай жұмыс істеу мүмкіндігі деп атайды.

Белгілеуге сәйкес:

Р(t) =Р(Т>t) ; (3. 1)

t - істен шықпай жұмыс істеу уақыты, Т - жұмыс істеуінің басынан бастап бірінші істен шығу уақыты.

Істен шығудың статистикалық мәліметтері бойынша істен шықпай жұмыс істеу мүмкіндігінің бағалануы:

(t) = , (3. 2)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібі
Зерттеудің міндеттері жоғары сынып оқушыларының лидерлікке даярлығын тәрбиелеудің теориялық негіздерін айқындау
Қазақ темір жолы
Жоғары мектепте оқытудың сабақтан тыс формалары
Информация, информатика
Мұнай өңдеу зауытында мұнай айдау процесін басқару жүйесін әзірлеу
Функционалды киімнің элементтері
«Су ресурстары қызметі» ЖШС-ң құжат айналымын автоматтандыру
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Оқу процесінің негізі - жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz