Дәлелдеу және дәлелдеме: түсінігі және белгілері



Кіріспе
§ 1. Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме ұғымы
§ 2. Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субъектілері
§ 3. Алдын ала тергеу және сот тергеу сатысындағы дәлелдемелерді жинау
Қорытынды
Тергеу органдарының міндеті — қылмысты ашу, дәлелдемелер жинау, оларды баянды ету, зерттеу және бағалау жолымен қылмыс істеген адамдарды анықтау. Сонымен бірге тергеуші іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға және зерттеуге міндетті, тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс материалдарына негізделген жорамалдар мен болжамдарды, қылмыстың жасалуының мән-жайларын, қылмыс жасаған адамдар, сол адамдардың қылмыс жасау себептері туралы мәліметтерді тексеруге міндетті.
Анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот қылмыстық, іс бойынша алдын ала тергеу мен сот тергеуін жүргізіп, сол істің мән-жайын анықтау үшін дәлелдемелерді қолданады.
Тергеуші немесе анықтаушы дәлелдемелерді тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, қылмыс болған жерді қарағанда, тінту жүргізген кезде, жауап алған уақытта, тағы да басқа тергеу жұмыстарын жүргізгенде ғана табады.
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының, жауабымен, сарапшының, қорытындысымен, айғақты заттармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де кұжаттармен анықталады.
Мәселені толық түсіну үшін, алдын ала тергеу сатысында жүргізілетін тергеу әрекеттерінің жедел іздеу шараларынан айырмашылығы қандай, соған тоқталайық.
1. Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері ҚІЖК бойынша жүргізіледі, ал жедел іздеу шаралары 1994 жылғы 15-к,ыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Жедел іздестіру қызметі туралы» Жарлығы бойынша және осы айтылған жарлық негізінде қабылданған Ішкі істер министрінің бұйрықтарымен, нұсқауларымен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі.
2. Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижесінде біз тек қана қажетті мәліметтер жинаймыз. Жедел іздестіру нәтижесінде анықталған мәліметтер қылмыстық іс бойынша дәлелдеме бола алмайды. Ондай мәліметтер дәлелдеме болу үшін қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіп бойынша анықталуы қажет.
Жедел іздестіру қызметінің нәтижелері ҚІЖК 130-бабына сәйкес дәлелдемелер жинауды, зерттеуді және бағалауды реттейтін ережелер бойынша анықталса, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде пайдаланылады. Мәселен, қылмыс істеді деген сезікпен ұсталған адам қамауда отырып полиция тыңшысына (агентіне) қылмысты қалай жасағанын, не ұрлағанын, оны қай жерге жасырғанын айтса, бұл мәліметтер дәлелдеме болып мынадай жағдайда саналады: «жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер, аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдалануы мүмкін» (16.03.2001 ж. қабылданған
1. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлiм. Б. Төлеубекова А., Жеті Жарғы 2000.
2. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. У. Нурмашев А., Жеті Жарғы 2008.
3. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Жалпы бөлiм. Б. Төлеубекованың ред. жетекшiлiгiмен. А., “Has”, 112-бет, 2004.
4. Тарасов-Родионов П.И. Предварительное следствие. М., “Госиздат”, 227-236 беттер, 1955.
5. Миньковский Г.М. Окончание предварительного расследования и осуществление права обвиняемого на защиту. М., 18-19 беттер, 1957.
6. Миньковский Г.М. Уголовный процесс РСФСР. Воронеж, 224-бет, 1968.
7. Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования. Киев, 10-11 беттер, 1957.
8. Жогин Н.В., Фаткуллин Г.Н. Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М., “Юридическая литература”, 304-бет, 1965.
9. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Жалпы бөлiм. Б. Төлеубекованың ред. жетекшiлiгiмен. А., “Has”, 29-бет, 2004.
10. Маркс К. , Энгельс Ф. Шығ. 2-ші басылым. 20 т.
11. Томин В.Т. О понятии принципа советского уголовного процесса. М, 1965. С. 193-194
12. Ларин А.М. Расследование по уголовному делу: процессуальные функции М., 1991. С. 25, 38.
13. Науно-практический коментарий к Уголовно-процессуальному кодексу РСФСР. М., 1997. С.52,122
14. Галкин Б.А. Советский уголовно-процессуальный закон. М., 1962. 98-б

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Р Е Ф Е Р А Т

Дәлелдеу және дәлелдеме: түсінігі және белгілері

Орындаған:

Алматы, 2011

Кіріспе

Тергеу органдарының міндеті — қылмысты ашу, дәлелдемелер жинау, оларды
баянды ету, зерттеу және бағалау жолымен қылмыс істеген адамдарды анықтау.
Сонымен бірге тергеуші іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға және
зерттеуге міндетті, тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс материалдарына
негізделген жорамалдар мен болжамдарды, қылмыстың жасалуының мән-жайларын,
қылмыс жасаған адамдар, сол адамдардың қылмыс жасау себептері туралы
мәліметтерді тексеруге міндетті.
Анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот қылмыстық, іс бойынша алдын ала
тергеу мен сот тергеуін жүргізіп, сол істің мән-жайын анықтау үшін
дәлелдемелерді қолданады.
Тергеуші немесе анықтаушы дәлелдемелерді тергеу әрекеттерін жүргізу
барысында, қылмыс болған жерді қарағанда, тінту жүргізген кезде, жауап
алған уақытта, тағы да басқа тергеу жұмыстарын жүргізгенде ғана табады.
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер
куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының, жауабымен, сарапшының,
қорытындысымен, айғақты заттармен, іс жүргізу әрекеттерінің
хаттамаларымен және өзге де кұжаттармен анықталады.
Мәселені толық түсіну үшін, алдын ала тергеу сатысында жүргізілетін
тергеу әрекеттерінің жедел іздеу шараларынан айырмашылығы қандай, соған
тоқталайық.
1. Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері ҚІЖК бойынша
жүргізіледі, ал жедел іздеу шаралары 1994 жылғы 15-к,ыркүйектегі Қазақстан
Республикасы Президентінің Жедел іздестіру қызметі туралы Жарлығы бойынша
және осы айтылған жарлық негізінде қабылданған Ішкі істер министрінің
бұйрықтарымен, нұсқауларымен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі.
2. Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижесінде біз
тек қана қажетті мәліметтер жинаймыз. Жедел іздестіру нәтижесінде
анықталған мәліметтер қылмыстық іс бойынша дәлелдеме бола алмайды. Ондай
мәліметтер дәлелдеме болу үшін қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген
тәртіп бойынша анықталуы қажет.
Жедел іздестіру қызметінің нәтижелері ҚІЖК 130-бабына сәйкес
дәлелдемелер жинауды, зерттеуді және бағалауды реттейтін ережелер бойынша
анықталса, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде пайдаланылады. Мәселен,
қылмыс істеді деген сезікпен ұсталған адам қамауда отырып полиция тыңшысына
(агентіне) қылмысты қалай жасағанын, не ұрлағанын, оны қай жерге жасырғанын
айтса, бұл мәліметтер дәлелдеме болып мынадай жағдайда саналады: жедел-
іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға жасырын негізде көмек көрсетуші
адам тікелей қабылдаған нақты деректер, аталған адамнан куә, жәбірленуші,
сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алғаннан кейін дәлелдемелер ретінде
пайдалануы мүмкін (16.03.2001 ж. қабылданған ҚР заңы).
3. Жедел іздестіру жұмыстарын тергеуші емес, қылмысты жедел
іздестіру бөлімінің төтенше уәкілі жүргізеді. Ал қылмыстық іс бойынша
тергеу әрекеттерін тек қана тергеушілер жүргізеді.
4. Тергеу әрекеттері тек қана қылмыстық іс қозғау туралы қаулы
шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі, ал жедел іздеу шаралары қылмыстық іс
қозғалмай тұрып та, тергеу жүріп жатқанда да, тергеу аяқталып үкім
шыққаннан кейін де жүргізіле береді.
5. Тергеушілердің және жедел іздестіру жұмыстарын жүргізетін
төтенше уәкілдердің қолданатын кұралдары мен тәсілдері бір-біріне сәйкес
келмейді.
Тергеуші ҚІЖК-ге сүйене отырып жұмыс жасайды, жауап алады, тінту
жүргізеді, қамауға алады т. б. жүзеге асырады.
Анықтаушы, тергеуші, проқурор және сот өздері жүргізіп отырған істер
бойынша ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен куә, жәбірленуші есебінде жауап алу
үшін, сараптама жүргізу үшін, қандай адамды болса да шақыртып алуға, іс
бойынша қажетті нақты деректерді анықтауға көмегі тиетін заттарды,
кұжаттарды, сондай-ақ кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды
адамдардан, азаматтардан мәліметтер талап етуге құқылы.
Сезікті, айыпталушы, қорғаушы, айыптаушы, сондай-ақ жәбірленуші және
оның өкілі, ақы талапкері, ақы жауапкері және олардың өкілдері, сол сияқты
кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым дәлелдемелер тапсыра алады.
Анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот іс бойынша жинап алынған барлық
дәлелдемелерді толық, жан-жақты объективті түрде тексеруге тиіс.
Қорыта айтқанда, анықталған деректер іс бойынша дәлелдеме болу үшін
оларға мынадай талаптар қойылады:
1. Фактілер қылмыстық іске байланысты болуы қажет, қылмыстық іс бойынша мән-
жайды дәлелдеу керек. Мысалы, кісі өлтіруді тексеріп жатқанда, біреу
басқа адамның ұрлығы туралы айтса, ол фактілер іске қатысты бола
алмайды.
2. Фактілер қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болуы үшін ҚІЖК-де тәртіп
бойынша анықталуы тиіс. Мысалы, куәдан жауап алу, тінту жүргізу, т. б.
іс үшін маңызы бар мәліметтер тергеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде
табылуы тиіс.
3. Қылмыстық іс бойынша дәлел болатын фактілер ҚІЖК 115-бабының 2-
тармағында көрсетілген дәлелдер көзінен алынуы қажет, сонда ғана олар
рұқсат етілген деп танылады (128-баптың 5-бөлігі). Мысалы, із кезуші ит
қолдану нәтижесінде табылған фактілер, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу
кезінде табылған деректер ҚІЖК-де көрсетілген дәлелдерді жинауды зерттеуді,
бағалауды реттейтін тәртіпке сәйкес келмейінше, іс бойынша дәлелдеме бола
алмайды.
Өткен ғасырдың 30-40-жылдары айыпталушының өзінің кінәсін
мойындауы ”дәлелдемелердің патшасы” делінген еді. Ескі заң бойынша, егер
айыпталушы осы қылмысты жасадым десе болды, басқа дәлелдемелер ізделінбей,
сот өзінің үкімін шығара беретін. Негізінде сарапшының берген қорытындысы
бойынша оны ғылыми төреші- судья деп санауға болмайды.
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән – жайларды анықтайтын,
заңды түрде алынған деректер іс бойынша дәлелдемелер деп танылады.
Анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген әрекеттердің болғандығын,
айыпталушының сол әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және
айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс
шешу үшін маңызы бар басқа да мән- жайларды, ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен
анықтауына негіз болатын, заңды түрде алынған деректер, қылмыстық іс
бойынша дәлелдеме болып табылады.
Заңды түрде алынған деректер негізінде анықтаушы, тергеуші прокурор,
сот ҚІЖК-де белгілен тәртіп бойынша мыналарды анықтайды:
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген
іс-әрекеттердің болғандығы немесе болмағандығы;
- айыпталушының іс-әрекет жасағандығын немесе жасамағандығын және
айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін сондай-ақ, істі дұрыс
шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтайтын болса, олар қылмыстық
іс бойынша дәлелдемелер болып табылады (ҚІЖК 115- бабының 1-бөлігі).
Мысалы, тергеуші қылмыс болған жерде пышақ тауып алды делік.
Осы табылған пышақ дәлелдеме болу үшін, басқа фактілер дәлелденуі
тиіс. Ол фактілер мынадай: табылған пышақ кімдікі, яғни пышақтың иесін табу
керек, пышақ қолданылды ма, жоқ па, қылмыскер қылмыс болған жерге пышақты
тергеуді шатастыру үшін әдейі тастап кеткен жоқ па?
Басқаша айтқанда, пышақ қылмыс болған жерден табылды деген факт
ешкімге күмән келтірмеуі тиіс, ал пышақтың қылмыспен байланысы бар ма, жоқ
па деген сұрақты дәлелдеу керек.
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі де-
ректер, куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының, көр-
сетулерімен; сарапшының қорытындысымен; айғақты заттармен;
іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен
анықталады.

§ 1. Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме ұғымы

Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме — қылмыстық іс жүргізу
құкығы курсының, қылмыстық процестегі әдістемелік-құқықтык негіздерін
зерттейтін бөлімі. Дәлелдеу туралы ұғымда әртүрлі ғылымдардың жетістіктері
пайдаланылады, оның ішінде логиканың, психологиянын, криминалистиканың, сот
медицинасының, психиатриянын және баскалардың.
Қылмыстык істі тергеу және сот талкылауы жүргізілетін кылмысты езінше
өтіп кеткен оқиғалар мен фактілерді анықтайды. Кез келген қылмыс, коршаған
әлемнің құбылысы ретінде әртүрлі объектілерде айқын із, ал адам санасында
өте оңды іздер – көрген окиғалар мен фактілер туралы есте қалдырады.
Бұдан шығатын қорытынды дәлелдеме дегеніміз — бұл белгіленген жағдай
негізінде кандай да бір мән-жайдың бар екенін тұжырымдайтын немесе жокқа
шығаратын ой жүгіртудің белгілі бір логикалық тәсілі.
Дәлелдеу затын игерудің негізгі әдісі материалистік гносеология, яғни
таным теориясы, ол мынадай түсініктеледі:
а) әлем объективті өмір сүреді;
б) ол танылады;
в) адам шынайы ақиқат зандарын ашуға қабілетті;
г) бүкіл материя белгілі бір қасиетке ие, мәні бойынша тітіркенушілікпен,
бейнелеу қасиетімен.
Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуінің мақсаты іс бойынша ақиқатты айқындау
болып табылады. Философиядағы ақиқат — бұл объективті бар нәрсенің санадағы
қабылдануының тура бейнесі. Қысқаша, ақиқат дегеніміз — шындықтың дәл өзі.
Дәлелдеудің негізінде іс бойынша ақиқатты анықтауға жататындығы туралы
жағдайды мойындау ақиқатты табу процесіндегі танымның орнын білуді
объективті түрде талап етеді.
Профессор Б.Х. Төлеубекованың пікірі бойынша: Қылмыстық сот
өндірісіндегі акиқат өткен оқиғаны дәлелдеу процесінде материалдандырып,
дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізу.
Қылмыстык процестегі сот зерттеуінің пәні, яғни нақты іс бойынша
акиқатты анықтау мақсатын көздейтін анықтау-тергеу органдарының, соттың
және сараптау мекемелерінің бүкіл қызметі адамдардың қылығына қатысты, олар
коғамға қауіпті қылмысты деген болжамдары бар оқиғалардан тұрады.

§ 2. Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субъектілері

Дәлелдеу процесі - іске қатысы бар, іс жүргізу құжаттарында тіркелген
накты мәліметтерді жинактау, бекіту, зерттеу (тексеру) және бағалау бойынша
кылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген дәлелдеу субъектілерінің кызметі
түрінде көрінеді.
М.С.Строговичтің пікірі бойынша: дәлелдеу процесі дәлелдемелерді
табудан, оларды қарап тексеру және іс жүргізіп бекітуден, тексеруден және
бағалаудан тұрады.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі - бұл шартты түрде
дәлелдемелерді жинактау мен бекіту, дәлелдемелерді тексеру, дәлелдемелерді
бағалау тәрізді төрт негізгі элементтен тұратын ойлау және практикалык
кызметтің органикалык бірлігі.
Дәлелдеу субъектілері. Қылмыстық іс жүргізу зандарында (ҚІЖК 62—67-
баптар) көзделген жалпы ережелер бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайларды
дәлелдеу міндеті төмендегілерге жүктеледі:
— іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдарға;
— өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске
қатысушыларға;
— кыллмыстық процеске қатысушы басқа адамдарға.
Бұл органдар мен адамдар фактілермен дәлелденген немесе дәлелденбеген
деп тануға іс бойынша тергеудің кез келген сатысында дәлелдеу қорытындысын
шығаруға сол бойынша соңғы шешім кабылдауға құқылы.
Дәлелдемелерді жинақтау мен тексеру жауап алу, беттестіру тануға
апару, алу, тінту, тексеру, эксперимент, сараптама жүргізу арқылы және
занда көзделген баска тергеу мен сот әрекеттері бойынша жүргізіледі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде дәлелдеу процесінің элементтері
баптардың аталуымен көрсетілген: дәлелдемелерді жинау (125-бап);
дәлелдемелерді бекіту (126-бап); дәлелдемелерді зерттеу (127-бап);
дәледемелерді бағалау (128- бап).
Дәлелдеу процесінде занда көзделген тәртіппен дәлелдеме болып
табылатын төмендегі нақты мәліметтер жиналады, зерттеледі және бағаланады:
а) өтіп кеткен қылмыс оқиғасының орны бар екені туралы мәліметтер;
б) қоғамға кауіпті іс-әрекеттің осы әрекетті жасаған кінәлі адамның бар
немесе жоқ болуы, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар;
в) күәнің, жәбірленушінің, күдікті мен айыпталушының жауаптары, сарапшының
қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекетінің хаттамалары
және басқа да құжаттар.
Сонымен іс бойынша корытынды шығаруға негіз болып табылатын нақты
мәліметтер жиынтығына өзінің табиғаты мен тәсілі бойынша әртүрлі бүкіл
дәлелдемелік процесс пен оны кұрайтын элементтер сипаттамасы жөнінде
ескерілуге тиіс мән-жайлары тергеу мен сотты қызыктыратындай мәліметтер
енеді.

§ 3. Алдын ала тергеу және сот тергеу сатысындағы дәлелдемелерді жинау

Алдын ала тергеуде дәлелдемелерді жинаудың бір ғана тәсілі бар. Ол -
тергеу іс-әрекеттерін жүргізу.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 125-бабы дәледемелер жинаудың тәсілі
ретінде іс үшін маңызы бар заттар мен құжаттарды кәсіпорындардан,
мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан талап ету,
сол тәрізді ревизия мен тексерулер жүргізуді және оның нәтижелерін талап
ету.
Бұрын атап өткендей, сот дәлелдемелер жинаудын субъектісі болып
саналады. Бұл жөнінде занда тікелей атап көрсетілгені сияқты кылмыстық іс
жүргізу кодексінің ережелеріне сай талдап көрсетеді.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 42-тарауына сәйкес дәлелдемелерді
зерттеу кезінде соттың кұкығы бар:
- сотталушыдан, куәлардан, жібірленушіден, сарапшыдан жауап алуға;
- сот отырысында ұсынылған заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, құжаттарды
жариялауға, дәлелдемелерді жинақтауға;
- сараптама тағайындауға;
— сарапшыдан жауап алуға;
- іс болған орны меҝен-жайды тексеруге;
- заттай дәлелдемелерді тексеруге;
- хаттамаларда және басқа да кұжаттарда тіркелген фактілерді жариялауға
кұқығы бар.
Дәлелдемелер жинау барысында әрүрлі ғылыми — техникалық құралдар
қоданылуы мүмкін. Осыәан орай олардың мүмкін болатын мәселелері туындайды.
Дәлелдемелерді жинау кезінде тек қана занда тікелей көзделген ғылыми
техникалық құралдар колданылуы мүмкін (дыбыс және бейне жазбалар,
фотосуретке, киноға түсіру).
Заң дәлелдеме жинау құралдары мен тәсілдеріне тергеу жүргізу және
басқа да әрекеттерді жатқызады. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес олар
мыналар:
— тексеру, куәландыру;
— тінту, алу;
- күдіктіні кылмыс жасау ҝезінде ұстау; -тану;
— тергеу сараптамасы;
- күдіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден, куә, сарапшыдан жауап алу;
— беттестіру;
— сараптама; телефон және басқа да сөйлесулерді тындау. Сол сияқты
дәлелдемелерді жианау құралдарына мыналар да
жатқызылады:
а) жариялау, жедел-іздестіру шаралары;
б) жариялап іздесгіру шаралары.
Бұдан басқа қылмыстық іс жүргізу кодексінде нақты мәліметтер жинаудың
мынадай тәсілдері көрсетілген:
а) сот-медициналык, куаландыру;
б) заттар мен объектілерді зерттеу;
в) тексеру (кеден ісінде);
Нашақорлық құралдары мен ес тандыратын заттарды, қаруларды, оқ-
дәрілерді, қопарғыш заттар мен құралдарды өз еркімен тапсыру актісі;
Қазақстан Республикасының Жедел іздестіру қызметі туралыЗаңына сәйкес
жедел іздестіру кызметінің нәтижелері іс бойынша дәлелдеу көздері болып
табылатын іс жүргізу кұралдарымен (хаттамалармен) бекітілген, тікелей
қылмыс белгісін көрсететін нақты мәліметтерді құрайды. Олар дәлелдеуге
жататын мән-жайларды анықтау үшін маңызы болуы мүмкін, қылмыс құрал
жабдықтарының, ұрлануынан құндылыктардың, заттардың табылған орны бар
екендігі туралы және қылмыс іздерінің сакталғандығы туралы, т.б.
Жедел іздестіру шараларына жататындар: үйді, мекен-жайды, кұрылысты,
тұрғылықты жер учаскелерін және транспорт құралдарын тексеру; пошта
жөнелтілімдерін, телеграф және баска сөйлесулерді бақылау, телефондары
сөйлесулерді тындау, байланыстың техникалық жүйелерінен ақпарат алу, оларды
тез арада жеткізу, жедел сараптама.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабы жедел іздестіру қызметінің
нәтижелерін қылмыстык істер бойынша дәлелдеуге пайдалануды көздейді. Жедел-
іздестіру қызметін жүзеге асырған, құпия түрде органдарға ықпалын тигізген
адамдар арқылы тікелей кабылданған нақты мәліметтер көрсетілген адамнан
куәсі, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы ретінде жауап алынғаннан кейін
дәлелдеме түрінде пайдаланылуы мүмкін.
Жедел іздестіру жолымен алынған кино түсірілім материалдарын,
телефондағы, басқа да сөйлесулерді тындау нәтижелерін, заттай дәлелдемелер
мен құжаттарды пайдалану тергеу не сот әрекеттерінің хаттамаларына
тіркеледі.
Жедел іздестіру қызметінің материалдары тергелуге кылмыстық іске
катыстылығымен, ондағы нақты мәліметтерді бақылауға мүмкіндігімен,
шынайылығымен белгілі бір көлемде ұсынылуы тиіс.
Жедел іздестіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Дәлелдемелердің түсінігі және белгілері
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер туралы
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
Пәндер