Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті



Кіріспе
§1. ҚР Президенттінің құзыреті.
§2. ҚР Президенттінің актілері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жұмыс – ҚР Конституциялық құқық пәнінің маңызды институты болып есептелетін Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет АҚШ-та пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдірінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдайды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырлармен сипатталады: Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағындайды қызметінен босатады; Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған заңдарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға құқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығара алуға құқығы бар; Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады және тб өкілеттігі өте көп. Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында және басқаларында қызмет етеді.
ҚР-ның Конституциясында Президентке оның мемлекет басшысы ретіндегі жағдайымен байланысты кең ауқымды өкілеттіктер шеңбері белгіленген. ҚР-ның Президенті мемлекет басшысыретінде Республиканың ішкі және сыртқы саясатының
1. “Қазақ Советтік Социалисттік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы”Жалпы Декларация, 1990 жыл 25 қазан.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 1991 жыл 16 желтоқсан.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 жыл 28 қаңтар.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.
5. “Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 1998 жыл 7 қазан
6. “Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының «Егемен Қазақстан» Астана, Ақорда, 2007 ж. мамырдың 21-і. №254-III ҚРЗ.
7. Сборник законодательных актов «10 лет Конституции РК» Алматы, 2005 г.
8. “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 1995 жыл 26 желтоқсан.
9. “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 1995 жыл 18 желтоқсан.
10. “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 1995 жыл 16 қазан.
11. “Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 1995 жыл 28 қыркүйек.
12. “Республикалық Референдум туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 1995 жыл 2 қараша.
13. “Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 29 желтоқсан.
14. “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 2000 жыл 25 желтоқсан.
15. “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 21 желтоқсан.
16. “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 21 желтоқсан.
17. “Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы” ҚР Президентінің Жарлығы 1995 жыл 1 науырыз.
18. “Қазақстан Респу

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Конституциялық құқық пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2010

Жоспар:

Кіріспе
§1. ҚР Президенттінің құзыреті.
§2. ҚР Президенттінің актілері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыс – ҚР Конституциялық құқық пәнінің маңызды институты болып
есептелетін Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті мәселесіне
арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың
проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы
ретінде Президент лауазымы бірінші рет АҚШ-та пайда болды. Қазіргі кезде
көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі
танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдірінің саяси
жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік
басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару
жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық
билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік
Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдайды иеленеді.
Президенттік Республика мынадай қырлармен сипатталады: Үкімет Президент
алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке
тағындайды қызметінен босатады; Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге,
Парламент қабылдаған заңдарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға құқылы;
Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығара алуға құқығы бар;
Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады
және тб өкілеттігі өте көп. Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген
мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда,
Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей
республикасында және басқаларында қызмет етеді.
ҚР-ның Конституциясында Президентке оның мемлекет басшысы ретіндегі
жағдайымен байланысты кең ауқымды өкілеттіктер шеңбері белгіленген. ҚР-ның
Президенті мемлекет басшысыретінде Республиканың ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын айқындайды.Осыған байланысты Президент жыл
сайын Қазақстан халқына жолдау арнайды, онда елдегі жағдай сипатталып, ішкі
және сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары тұжырымдалады. Мұндай жолдау
бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің, мемлекеттік биліктің
және басқа орталық органдарының қызметінде көрініс табады. Мемлекет басшысы
ретінде Президент Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді.
ҚР Президенттінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен
алдын ала айқындалады. Президентке тізілімі Конституцияда және Президенттің
1995 жылғы 26 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Президенті туралы”
Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіктер
берілген.
Зерттеудің нысаны ҚР Конституциялық құқық пәнінің Қазақстан
Республикасы Президентінің құзыреті мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау
және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып,
әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы – Констиуциялық құқық саласында
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған
институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді
кешенді түрде шешу болып табылады.

§1. ҚР Президенттінің құзыреті

Н.А. Назарбаев басқарудың президенттік жүйесін: “мемлекеттің бүгінгі
тандағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары емес, объективті
факторлар тудырды. Және бұл, біздің елеміз үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді
болашақ ү.шін қажет” деп жазды. 12 – шақырылған ҚР-ның Жоғары Кеңесі
өзінен-өзі тарқағаннан және Президентке заң шығару органының кейбір
өкілеттігі уақытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды
мәселелері бойынша жедел және сапалық денгейі айтарлықтай жоғары
Конституциялық және жай заңдық күші бар жүздеген Жарлықтар шығарды. Бұл заң
шығармашылық салада президенттік қабілеттілік пен мүмкіндікті көрсетті және
оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда айтарлықтай мәні болды.
Конституциясының Президентін мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын
белгілейтін 40 бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып
табылады. Конституцияның көрсетілген осы бабына сәйкес Президент мемлекет
басшысы болып табылады. Президент халықаралық қатынастарды Президент атынан
бағыланады. Сонымен қатар Президент мемлекеттің жоғарғы лауазымы болып
табылады. ҚР-ның Конституциясында Президентке оның мемлекет басшысы
ретіндегі жағдайымен байланысты кең ауқымды өкілеттіктер шеңбері
белгіленген. ҚР-ның Президенті мемлекет басшысы ретінде Республиканың ішкі
және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Осыған байланысты
Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдау арнайды, онда елдегі жағдай
сипатталып, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары
тұжырымдалады. Мұндай жолдау бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің,
Үкіметтің, мемлекеттік биліктің және басқа орталық органдарының қызметінде
көрініс табады. Мемлекет басшысы ретінде Президент Республиканың
мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді.

ҚР Президенттінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен
алдын ала айқындалады. Президентке тізілімі Конституцияда және Президенттің
1995 жылғы 26 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Президенті туралы”
Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіктер
берілген.

Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі

Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс
сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның
депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің
кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай
ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген
баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.
Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен
консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика
Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент,.т Мәжілісінің
келісімімен Республика Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны
қызметтен босатады.
Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын
қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады.
Сенатқа он бес депутатты тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын
шақырады; Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды;
Сенат төрағасы лауазымына кандидат ұсынады; Парламент Палаталарының кез
келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарына қатысуға және сөз
сөйлеуге құқылы; Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда Парламент
Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен босату жайындағы өтінішін
қарайды; Конституцияда көзделген жағдайларда және тәртіппен Парламентті
тарата алады.
Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі
Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен
консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика
Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент,.т Мәжілісінің
келісімімен Республика Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны
қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің
құрылымын айқындайды; Республика Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы
органдарын құрады, таратады және қайта құрады; Республика Үкіметінің
мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет
министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша
Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент
Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің,
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің
күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады.

Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі

Президент Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін қызметке
тағайындайды; Конституциялық Заңға сәйкес оларды мерзімінен бұрын
қызметінен босатады; президент, парламент депутаттары сайлауын өткізудің,
республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселе бойынша;
Заңдардың, халықаралық шарттардың Конституциялық сәйкестігі бойынша;
Конституция нормаларын ресми түсіндіру мәселесі бойынша; қызметтен босату
және кетіру мәселесі бойынша Конституциялық Кеңеске жүгінеді.

Президенттің соттарға және судьяларға қатысты өкілеттігі
Президент Жоғарғы Сот Кеңесі ұсынысы бойынша қызметке сайлау және
қызметтен босату үшін Жоғарғы Сот Төрағасын, Жоғарғы Сот алқасы төрағалары
мен судьяларды Сенатқа ұсынады; облыстың және оларға теңестірілген
соттардың төрағаларын, облыстық және оларға теңестірілген сот алқаларының
төрағаларымен судьяларын қызметке тағайындайды; Әділет министірінің Әділет
біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынысы бойынша
Республиканың басқа да соттарының төрағалары мен судьяларын тағайындайды;
Республика Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін және
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі
Республика Президенті:
1) республика Қарулы Күштерінің жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады,
Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады;
2) республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен
аумақтық тұтатылығына, саяси тұрақтылығына, азаматтардың
қауіпсіздіәгіне, елеулі және тікелей қатер төнген әрі мемлекеттің
конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте,
Премьер – Министрімен және Республика Парламент Палаталарының
төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейін, бұл туралы
Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл
аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдайды енгізуді,
Республиканың Қарулы Күштерінің қолдануды қоса алғанда, аталған
жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;
3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан
тікелей қатер төнген ретте республика бүкіл аумағында немесе оның
жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы
мобилизация жариялап, бұл туралы республика Парламентіне дереу
хаьарлайды;
4) Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Республика Қарулы
Күштерінің бейбітшілік және қауіпсіздік сақтау жөніндегі халықаралық
міндеттерді орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасын бекітеді;
6) өзіне бағынысты Республика Президентінің күзет қызметін және
Республикалық Ұланды жасақтайды;
7) Республика азаматтарын мерзімді әскери қызметке және мерзімді әскери
қызметтің қызметшілерін запасқа шығару туралы шешім қабылдайды;
8) Парламент Сенатының келісімімен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің
төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
Республика Президентінің прокуратура органдарына қатысты өкілеттігі
Республика Президенті:
1) Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл
мерзімге қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;
2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының
орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемінде бір рет Бас Прокурордың елдегі заңдылықтың жәй –
күйі туралы есебін тыңдайды.
Республика Президентінің Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттігі
Республика Президенті
1) Республика Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін,
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
Төрағасының орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және
одан босату үшін Парламент Мәжілісіне ұсынады;
2) Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекітеді;
3) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының тағайындалған республикалық
референдумға, Парламент, жергілікті өкілді органдар депутатарын,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға әзірлік
барысы туралы және референдум мен сайлау нәтижелері жөніндегі
хабарламасын тыңдайды.

Республика Президенттінің Ұлттық банкке қатысты өкілеттігі
Республика Президенті:
1) Парламент Сенатының келісімімен Республика Ұлттық банкінің
Төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Ұлттық банк Төрағасының ұсынысы бойынша Ұлттық банк Төрағасының
орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемінде бір рет Ұлттық банк Төрағасының Республика
Ұлттық банкінің жұмысы туралы есебін тыңдайды.

Республика Президентінің Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетіне қатысты өкілеттігі

Республика Президенті:
1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл
мерзімге қызметке тағайындайды; оларды қызметінен мерзімінен бұрын
босатуға хақылы;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
туралы Ережені бекітеді;
3) әр тоқсанда кемінде бір рет Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есп комитетінің жұмысы туралы
хабарламасын тыңдайды.

Республика Президентінің әкімдерге қатысты өкілеттігі

Республика Президенті:
1) Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалар мен республика астанасының әкімдерін қызметке
тағайындайды;
2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері
актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
3) өз құзіретіндегі мәселелр бойынша әкімдерге тапсырмалар береді
және орындалуы жөнінде әкімдердің есебін тыңдайды;
4) өз қалауы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға, сондай-ақ
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика
астанасының әкімдеріне тиісті маслихаттар өз депутаттар жалпы
санының үштен екісінің даусымен сенімсіздік білдірген жағдайда,
оларды қызметтерінен босатуға хақылы.
4-1) аудандардың, қалалардың (астана мен республикалық маңызы бар қалаларды
қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің,
ауылдардың, селолардлың (поселкелердің) әкімдерін тағайындаудың немесе
сайлаудың тәртібін белгілейді.
Республика Президентінің өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органдарға қатысты өкілеттігі

1. Республика Президентінің өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органдар басшыларының өкілеттігі жаңадан сайланған Президент
қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл орайда олар Мемлекет басшысы
осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейін өз міндеттерін атқара
береді.
2. Республика Президентінің өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органдар басшыларының ұсынуы бойынша Республика Президенті:
1) осы мемлекеттік органдар туралы ережелерді, олардың құрылымы мен жалпы
штат санын бекітеді;
2) егер Республика Президенті өзгеше белгілемесе, Республика Президентінің
өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар
басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) аталған мемлекеттік органдардың ведомстволарын құрады, таратады және
қайта ұйымдастырады. Егер Республика Президенті өзгеше белгілемесе, бұл
ведомстволар орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшін көзделген
мәртебені иеленеді.
3. Республика Президенті өзі белгілейтін тәртіп пен мерзімде Республика
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар
басшыларының аталған органдардың жұмысы туралы есептерін тыңдайды.

Республика Президентінің республикалық рефернедумға қатысты өкілеттігі

1. Республика Президенті конституциялық заңға сәйкес өз бастамасы
бойынша, Парламенттің, Үкіметтің немесе сан жағынан облыстардың,
Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалрдың бәрін бірдей
дәрежеде білдіретін Республиканың сайлау құқығы бар кем дегенде екі жүз
мың азаматының бастамасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы
шешім қабылдайды.
2. Республика Президенті Парламенттің, Үкіметтің немесе Республика
азаматтарының рефенедум өткізу туралы бастамасы бойынша мына
шешімдердің бірін қабылдайды:
1) референдум өткізу туралы;
2) референдум өткізбей-ақ, оның мәні ретінде ұсынылып отырған мәселе
жөнінде республика Конституциясына, Конституциялық заңына, заңына
өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешімді қабылдау қажеттігі
туралы;
3) референдум өткізу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы. Егер
Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды
республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай
тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының
кемінде бестен төртінің көпшілік дауысымен Парламент Конституцияға осы
өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай
жағдайда Республика Президенті бұл заңға қол қояды немесе оны
республикалық референдумға шығарады.
3. Референдум бастамашыларының келісімімен Республика Президенті оны
өткізгенге дейін оның бастамашыларының өз еркін неғұрлым анық білдірі
үшін референдумға ұсынылатын мәселенің тұжырымын нақтылауға хақылы.

Республика Президентінің өзге де өкілеттігі
Республика Президенті:
1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегі жағдай және Республиканың ішкі
және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы ауызша немесе жазбаша
жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессиясында жария етілсе, ол
талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды;
2) стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджетті және оның орындалуы
туралы есепті әзірлеу тәртібін белгілейді, мемлекеттік бағдарламалар мен
стратегиялық жоспарларды бекітеді;
3) Республиканың мемлекеттік наградаларымен наградтайды және құрметті,
жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық
дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; аталған наградалардан,
атақтардан, щендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан
шығу, Республика азаматтығын қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды;
5) Саяси баспана ьеру мәселелерін шешеді;
6) Азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;
7) Республика Мемлекеттік хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды;
8) Ұлттық валютаның қолдану тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді;
9) Заңға сәйкес Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
арнйы мемлекеттік органдар құрады, таратады және қайта құрады;
10) Президенттің Әкімшілігін құрады;
11) Қауіпсіздік Кеңесін, Жоғарғы Сот Кеңесін және өзге де консультативтік-
кеңесші органдар құрады;
12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да
өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Президенттің идеялық-ғылыми қызметі

Конституция мен заңдар Президентке идеялық-ғылыми сипаттағы
құжаттар қабылдауға құқық береді. Алайда бұл қайсыбір идеологияға
Президенттің бүйрегі бұрып тұруы тиіс деген сөз емес. Президенттің
идеологиялық және ғылыми көзқарасы мемлекеттің мәні мен сипатын және оның
қызметінің принциптерін белгілейтін конституциялық қағидалармен
ерекшеленеді. Қазақстанда орнықтырылушы құқықтық, демократиялық, әлеуметтік
және зайырлы мемлекеттің тамыры ғасырлар бойы қалыптасқан жасампаздық
мұраттар мен көзқарастардың тереңінде жатыр. Бұл идеялар Қазақстанның
жағдайына орай бағдарламаларда, тұжырымдамаларда өз орнын тауып, ресми
танылуы және содан кейін тиісті мемлекеттік органдардың практикалық
қызметінің идеялық-тоериялық негізіне қызмет етуі тиіс.
ҚР Конституциясына сәйкес Президент мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтіндіктен ол идеологиялық
қызметті де атқарады. Сондықтан Конституция мен заңдар оған мемлекет
қызметінің идеялық-ғылыми негізін айқындайтын құжаттар қабылдауға құқық
береді. Конституцияға сәйкес Президент елдегі жағдай және Республиканың
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Қазақстан
халқына жолдау арнайды. Мұндай жолдауда ішкі және сыртқы саясаттың әр түрлі
саласындағы басым бағыттар белгіленеді. Мемлекеттің тиісті салалардағы
қызметінің идеялық-тоериялық негізін айқындайтын әр түрлі тұжырырымдамалар
жан-жақты талқыланғанан кейін Президенттің өкімімен мақұлданады. 1996 ж.
30 сәуірде Президент ҚР экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын
мақұлдады. Оның Конституция, республика заңдары негізінде, халықаралық
конвенцияларға орай әзірленгені Тұжырымдамада тура атап көрсетілген. Ол
Қазақстандағы саяси, құықтық, экономикалық және әлеуметтік және басқа
реформалардың ерекшеліктерін белгілейді. Тұжырымдамада экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптерін, стратегиялық
мақсаттарын, міндеттерін және басым бағыттарын көрсетеді.
Президент мақұлдайтын тұжырымдамалық құжаттардың маңыздылығы
оның обьективтілігін, ондағы идеялардың, қағидалардың ғылыми негізділігіне
байланысты болады. Егер тұжырымдамалық қағидалар атүсті әзірленген, яғни
негізсіз болса, онда ол мемлекеттік және қоғамдық өмірге теріс ықпал етуі
мүмкін.

2. ҚР Президентінің актілері

Республика Президенті актілерінің нысандары.

Республика Президенті ҚР-ның бүкіл аумағында міндетті күші бар
жарлықтар мен өкімдерп шығарады.
Республика Конституциясының 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген
ретте Президент заңдар шығарады, ал Конституцияның 61-бабының 2-тармағында
көзделген ретте заң күші бар жарлықтарын шығарады. Парламент пен
палаталарының құзыретіне енбейтін өзге жағдайларда Республика Президенті
заңға тәуелді актілер жарлықтар мен өкімдер шығарады.
Республика Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкімет
бастамасымен шығарылатын Президент актілері, тиісінше осы актілердің
заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасы
Төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойлып тиянақталады.
Республика Президенті тиісті жарлықтар мен өкімдер шығаратын
мәселелер тізбесі осы Конституциялық заңның 21 және 22-баптары бойынша
анықталады. Қажет болған жағдайларда Республика Президенті өз
өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде өзінің тиісті өкілеттіктерінің қандай
акт нысанында, жарлық немесе өкім нысанында жүзеге асырылатындығын дербес
анықтай алады.

Республика Президентінің жарлықтары.

Президентінің жарлықтары Республика Конституциясы мен заңдарының
негізінде және соларды орындау үшін шығарылады.
Республика Президентінің жарлықтарымен:
1) Президенттің Республика Президентінің актілерін шығаруды талап ететін
конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін және
өкімет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және
заңдармен білгіленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
3) Парламенттің заңдық құзіретіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да
мемлекеттік органдардың заңмен белгіленген құзіретіне жатпайтын
мәселелерді құқықтық реттеу жүзеге асырады.
4) Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуметтік- саяси дамуының
стратегиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.
3. Республика Президенті шығаратын жарлықтардың ғана
нормативтік-құқықтық акт күші болады.

Республика Президенттінің өкімдері.
1. Республикалық Президентінің Өкімдері Конституцияның, заңдарды және
Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарады.
2. Республикалық президентінің өкімдерінен:
1) Әкімшілік- өкімдік, жедел жіне жеке сипаттағы мәселелерді шешу эүзеге
асырылады.
2) Республика Президентінің құзіретіне сәйкес конституциялық мәртебесі жоқ
лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.

Республика Президенттінің актілерін дайындау және оларды Президенттің
қарауына өткізу.
1. Республика Президенті актлерінің жрбаларын дайындауды мыналар жүзеге
асырады:
1) ПрезидентӘкімшілігі Басшысының басшылығымен- Президент Әкімшілігінің
құрылымдық бөлімшелері;
2) Республика Үкіметі;
3) Республика Жоғарғы Соты, Бас Прокуроры;
4) Үкімет құрамына кірмейтін республикалық орталық атқарушы органдары;
5) Республика Президенті белгілейтін өзге де мемлекеттік органдар мен
лауазымды тұлғалар.
2. Республика Президентінің қарауына енгізілетін актлердің жобалары:
1) қазақ және орыс тілдерінде дайдаланып, Президенттің қарауына
енгізіледі.
2) Заң техникасы мен іс жүргізу талаптарына сай келуге тиіс.
3. Президент шығарған актлерді нөмірлеу Республика Президентінің өкілеттік
мерзіміне жүргізеді. Президент актлерінің түпнұсқалары мен оған қосымша
материалдар Президент Әкімшілігінің тиісті құрылымдақ бөлімшесінде
сақталады және заңда белгіленген мерзім аяқталған соң Республика
Президентінің архивіне жібереді.
4. Президент актлерінің жобаларын дайындаудың заңмен белгіленген
тәртібінің сақталуын және оларды мемлекет Басшысының қарауына ұсынылуын
бақылауды Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

Республика Президентінің актілеріне өзгертулер мен толықтырулыр енгізу,
сондай-ақ олардың күшін жою тәртібі.
1. Өзгертулер мен толықтырулар:
1) Республика Президентінің жарлықтарына Президент жарлықтарымен
енгізіледі;
2) Республика Президентінің өкімдеріне Республика Президентінің
өкімдерімен енгізіледі.
2. Республика Президенті жарлықтарының күшін жою Республика Президенті
жарлықтарымен, Республика Президенті өкімдерінің күшін жою Республика
Президентінің жарлықтарымен және өкімдерімен жүргізіледі.
3. Республика Президентінің бірдей заң күші бар актлерінің арасында
алшақтық туындаған жағдайда, егер Республика Президентінің тиісті
актісінде өзгеше көзделмесе, кейінірек күшіне енген акт басшылыққа алынуы
тиіс.

Республика Президентінің актлерінің күшіне енгізу мен жариялау тәртібі.
1. Президенттің нормативтік сипаты бар актілері, егер Президент өзгеше
белгілемесе, олардың ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен
кейін Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енгізіледі.
2. Нормативтік сипаты жоқ Президент актілері, егер Президент өзгеше
белгілемесе, оларға қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
3. Президент актілері ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілері туралы заңымен
белгіленген ресми баспа органдарында жарияланады.
4. Президент актілері, сол сияқты өзге де баспа органдарында жариялануы,
теледидар, радио арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
Халықтың көші-қоны туралы
Мемлекеттік аппарат
ҚР Парламенті және оның ҚР мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орны
Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесі
ҚР-сы Парламенті
Пәндер