Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері



КІРІСПЕ
І. Құқықтың пайда болуы
ІІ. Құқықытың пайда болу жөніндегі теориялар
ІІІ. Құқықтың кәзіргі кездегі түсінігі
ҚОРЫТЫНДЫ
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып есептелетін құқықтың пайда болу мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы мәселесін зерттеуді курстық жұмыстың басты мақсаты деп қойдық.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, коғамдық қатынастарды реттетпін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттіц күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқықтың пайда болу мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып, әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы – мемлекет және құқық саласында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді кешенді түрде шешу болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С. С. Теория права М. БЕК, 1993
4. Хропанюк В. Н. Теория государства и права М, 1995, 1996
5. Хутыз М. Х. Сергейко П. Н. Энциклопедия права М., 1995.
6. Бейсенова А., Біржанова Қ., ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: “Жеті жарғы” 1997.
7. Сапаргалиев Г.С. Основные государства и права Казахстана.
Алматы, 1994.
8. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: “Жеті – Жарғы” Алматы., 1996.
9. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысща және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: “Жеті –Жарғы” 1996.
10. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: “Жеті – Жарғы” 1997.
11. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы, “Жеті – Жарғы, 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2009

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І. Құқықтың пайда болуы

ІІ. Құқықытың пайда болу жөніндегі теориялар

ІІІ. Құқықтың кәзіргі кездегі түсінігі

ҚОРЫТЫНДЫ

Қосымша

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып
есептелетін құқықтың пайда болу мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының
көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми
зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеу жасап келді. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы
мәселесін зерттеуді курстық жұмыстың басты мақсаты деп қойдық.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — адам мен қоғамның
жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, коғамдық
қатынастарды реттетпін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттіц күшімен
қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқықтың пайда
болу мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау
және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып,
әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы – мемлекет және құқық саласында
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған
институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді
кешенді түрде шешу болып табылады.
І. Құқықтың пайда болуы
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп,
өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс құралдарын жасап алып, өздері
шаруашылыққа айналысады. Сөйтіп, терімшіліктен өндіру шаруашылығына ауыса
бастайды. Мал бағудан егіншілікке ауысады.
Егіншіліктің нәтижесінде отырьқшылық қалыптсып, елді мекендер, қалалар
салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және
диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономи-каның аталған салалары
бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің
өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға - мал өнімі,
малшыларға - жер өнімі, қолөнершілерге -тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға
делдалдық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады[1].
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де
өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық
жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек
өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке
отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер
бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы
меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша
түрі - жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты
қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар,
мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланады да, байлар пайда
болды. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым
өзіне тән белгілерінен айрылып, құлдырады. Оның орнына жеке меншікке
негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты.
Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп,
еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара
алмады.
Меншік иелерінің - байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру
мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге
бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшы-лықтар пайда бола
бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің
нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын
саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір
сатысында мемлекет және құқық пайда болды.
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының жолдары.
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін
процесс. Ол әр халықта әрқилы болып өткен.
Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап айтуға болады:
1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстың жолы (Ежелгі Шығыс, Африка,
Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған. Өздерінің дамуы
барысында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты
мына белгілерден көрінеді:
- рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді
қауым болып иелену мен оларға ұжымдық меншік ру-тайпа ақсүйектерінің
(абыздар, әскери көсемдер және с.с.) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-
тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді
бұлардағы басқарудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған,
ал ру-тайпа аңсүйектері шенеуніктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық
болудан өзгеріп мемлекеттікке көшкен.
2. Мемлекет дамуының Батыстық (еуропалық) жолы. Мемлекеттер дамуында
бұл жолды Рим, Афины елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер
болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының
белсенді түрде болғанын сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын
атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген
плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нәтижесінде плебстер
демократиялық жеңілдіктер алған. Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы
жолдарының болуына қарамастан, олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы
күш - ру-тайпалық құрылыстың (қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі
мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын.
Сондай-ақ, құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған, әрбір
мемлекетте оның даму барысына әрқилы қозғаушы күштер өз ықпалын тигізген.
Құқық дамуында да екі жолдың бар екені мәлім:
1. Құқықтың пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс елдері): мұнда
құқықтың қалыптасуы мен дамуына үрдістер зор ықпалын тигізген. Сондықтан,
қазірдің өзінде де Ежелгі Шығыс елдерінің кейбіреулерінде құқықтың басты
қайнар көзі ретінде діни нормалар қолданылуда.
2. Құқықтың пайда болуының батыстың (еуропалың) жолы. Бұл елдерде әдет-
ғұрыптық құқықтардан басқа заңдар мен президенттік (үлгі боларлық шешім)
құқық та дамыған.
Дегенмен, құқықтың пайда болуына ортақ түрткі фактор (себеп) - сан
алуан күрделі қоғамдық қатынастардың пайда болуы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылым-дық,
басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі
сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда
болған. Ол төңкеріс кезінде малшылык пен егіншілік қалыптасты, ажарланған
тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды.
Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру,
өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды,
қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп, қоғамдық байлық қалыптаса
бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер
әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мыңжылдықтарда сол
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды.
Мемлекет және құқық тарихы қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі
болып табылады.
Сонымен, құқықтың өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік
заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
-жеке меншіктің қалыптасуы;
-таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
-қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің
өмірге келуі.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
объективтік заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың қалыптасып
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-
бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан, құқық мемлекеттен аз да болса
бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің
басталуынан бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп,
басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен
құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық
нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі - мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моральдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы,
мұсылман елдеріндегі Құран заңы; екіншісі - жеке меншік бағытындағы
қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп-
басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық
- үстем таптың заңға айналдырған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға
айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап
қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүддесін қорғаумен бірге
қоғамдық мақсатты да реттеп-басқарып отырады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып
келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипатына және мәдени өсу
дәрежесіне байланысты. Мысалы, К. Маркс "Гота программасына сын" еңбегінде:
"Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес
мәдеии дамуынан жоғары бола алмақ емес", - деген.
Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени т.б.
мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.
Сонымен, құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік
аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

ІІ. Құқықтың пайда болуы жөніндегі теориялар

1. Теологиялық теория. Бұл теорияны жақтаушылар құқықты құдайдың
жаратқаны, құдайдың адамдарға берекелі өмірге, әрі жер бетінде тәртіпті
сақтау мақсатындағы берген құрылымы деп түсіндіреді.
2. Құқықтың табиғи жаратылыстың теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың
пайымдауы бойынша мемлекеттің белгілеуі арқылы анықталған құқықтармен қатар
адамның жаратылыстың табиғатынан туындайтын да құқықтардың бар екендігі
алға тартылады.
3. Құқықтың тарихи теориясы. Бұл теория құқықты тарихи түрде
туындайтын, сөйтіп әрі қарай дамитын құбылыс деп таниды. Теорияның бір
ерекшелігі мұнда құқықтың ұлттың өзгешеліктері болады да, олар мемле-кеттік
құқық дамуы барысында ескеріліп отырады. Бұл теория құқық дамуы барысындағы
ұлттық ерекшеліктерді ескеріп отыратынын мойындағанымен заң шығарушылардың
рөлін жеткілікті дәрежеде тани қоймайды, яғни мойындамайды.
4. Құқықтың психологиялық теориясы. Бұл теория құқықтың түзілуін
(пайда болуын) адамдардың психикасына (жүйке жүйесіне) байланыстыра
қарастырады. Сонда, осы теорияның түсіндіруі бойынша, құқық деп - адамдар
қоғамда қабыл алынып мақұлдаған мінез-құлық ережелерін баянды ету маңсатын
білдіретін психологиялық тілек-ықыласын бірінші орынға қояды. Мұның өзі
адамның жаратылыстың табиғатында (жүйкесінде) көрініс тапқан, өйткені
белгісіздік пен екіұштылыққа адам төзбеген ғой деп дәлелдейді.
5. Құқықтың маркстік теориясы. Осы теорияны жақтаушылар құқықтың терең
тамыры экономикада деп нақты дәлелдер келтіріп, құқық экономикалық базиске
тәуелді деп сендірген. Құқықтың экономикадан жо-ғары тұруы мүмкін емес,
өйткені мемлекет экономикасының белгілі бір мерзіміне қандай құқықтың
нормалардың қажет болатынын тек экономика ғана айта алады. Дегенмен құқықты
таптар күресімен байланыстыра қарау, сөйтіп құқықтан тек үстем таптың
көзқарастарын іздестіру артық кеткендік болады. Олай болатын себебі,
әлгілердің барлығы, дұрысын айтқанда қоғам мен мемлекеттің типіне (түріне)
байланысты болып келеді. Өйткені, құқықтық қоғам, құқық қаналушы таптарды
езіп-жаншуға бағытталмаған, қайта ол қоғамдағы қатынастарды дамытып, бәріне
тең құқьқтылық жағдай жасауға бағытталған.
Бұлардан басқа, құқықтың мемлекетпен байланыстыратын басқа да
теориялар бар. Атап айтқанда, барлығымыз білетіндей, адам қоғамы мыңдаған
жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып,
сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін,
мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Көне
заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?
- деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді
мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып
өтейік.
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді, бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды.
Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі,
иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл
теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы- әке,
мемлекеттің басшысы - монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі
Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер,
Михайловский т.б.).
Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.
IV - III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері:
Блюнчли, Г. Спеисер, Вормс, Прейс т.б.
XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам
қоғамы да табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен
мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы - миы сияқты қоғамды
басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды
деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория - ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері:
Г. Гроцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж.Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И.Ра-дищев т.б.
Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық,
теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре
алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында
қайшылықтар басталды. Сондықтан, қоғамда бостандықты, әділеттілікті,
теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың
мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория - XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л.И.
Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі -бәрі келісіп ұжымдық түрде
басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық
процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы - XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гумплович, К.
Каутский, Е. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес
әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап өзіне бағындырып,
бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады - деп түсіндіреді.
Материалистік теория - Мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық
тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша
өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа
бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының
тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, эко-номикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан, бір теорияның
көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге
болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен
жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда
болуы, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін - тарихи материалистік
теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды - қоғамның
антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол
дұрыс.
Кемшілігі - мемлекет пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі,
жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын
шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктері.

ІІІ. Құқықтың кәзіргі кездегі түсінігі

Құқық — адамзаттын әділдік және азаттық, идеяларына негізделіп,
көбінесе зандарда баянды етілетін, коғамдық қатынастарды реттейтін нормалар
жүйесі.
Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып,
оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудын үш
жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда,
құкықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялык тұрғыдан карау,
яғни, құқыкты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3)
философиялық тұрғыдан қарау, яғни, құкықты бостандық пен әділдік денгейімен
байланыстыру.
Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең
түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құкыктық сана, құкықтық
қатынастар да жатады.
Құкыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде жалпы және айрықша белгілер
тән.
1. Құкық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек
құкыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген
әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік
дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдык әмірін тәртіптеп,
сонын нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді.
Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Құқық туралы қалыптасқан теориялардың жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Құқықтың типологиясы
Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Құқықтың тарихи типтері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Пәндер