Қазақтелеком саласын автоматтандыру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
2. Қазақтелеком қызметтерінің ақпарттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері;
3. «Қазақтелеком қызметтері» автоматтандырылған жұмыс орнын құру теориясы;
4. Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары және техникамен қамтамасыз етілуі.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Қазақтелеком» АҚ филиалы- Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының Жаңақала аудандық өндірістік телекоммуникация торабы мекемесінде 20. 01. 2014-22. 02. 2014 аралығында диплом алды практикадан өттім .
Бұл диплом алды практикада байланыс операторы ретінде жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерін және меншікті телекоммуникация жүйелерін құру, құрастыру, пайдалану және техникалық жағынан күтім жасау, сондай-ақ калааралық және халықаралық байланыс операторы міндетін атқару жүзеге асырылады және бір ай мерзімге созылады.
Диплом алды практикамның мақсаты жоғары оқу орнындағы алған жалпы инженерлік пәндерді оқығаннан кейін алған теориялық білімімді жетілдіру, кеңейту. Өндірістік практиканы өту алдында алдыма келесі міндеттерді қойдым:
- Мекеменің қызметімен, ақпараттық жүйесімен, техникалық құрылғыларымен, программалық қамтылуымен танысу;
- ЖОО- да алған теориялық білімімді практикада қолдану;
- Практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толықтай орындау;
- Ішкі тәртіпті және жұмыс орынында қауіпсіздік техникасын сақтау;
- Өндірістік практика бойынша есепті оқу жоспарында бекітілген мерзімде дайындап және қорғау.
Қоғам дамуының технологиялық, қаржы экономиялық, тарифтік, инвестициялқ, әкімшілік-шаруашылық, кадрлық, әлеуметтік, ақпараттық-жарнамалық және басқа да қызмет салаларын қамтитын жалпы даму тұжырымдамасын іске асыру. Халықаралық Электр байланысы Одағының Регламентіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің Байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысуды жүргізу құқығына ие болу болып табылады. Сонымен қатар байланыс арналары бойынша барлық ақпарат түрлерін үздіксіз таратуды ұйымдастыру, телекоммуниация желілерін, соның ішінде жай-күйіндегі кез келген өзгерістер түрінде тиімді пайдалану.
1. «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
"Қазақтелеком" акционерлік қоғам Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” барлық желісін - телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. 2001 - 05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көл. 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995 жылдан бастап көрсетілетін байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көл. 43 пайызға артып, 29, 5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды. Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186, 8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130, 6 млн. арна-км болды. қалааралық және халықар. телефон байланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн. арна/км-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станиялары қалпына келтірілді, 30 мыңнан астам телефон іске қосылды. ТрансАзия талшықты-оптикалық байланыс желісінің қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты. Осындай байланыс желісінің Шымкент- Ақтөбе- Атырау- Ресей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2 млн-ға жетті. “Қазақтелекомның” “Kazakhstan on-lіne” сауда таңбасымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды. Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде “Интернет аймағы” қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 “Қазақтелеком” өз абоненттеріне “Қазақстан Интернеті” атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай Интернетті пайдаланушылардың саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды. Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды. Ақтөбе, Тараз, Оралда қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары іске қосылды. Алматы мен Астанада қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық қағидаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды.
«Қазақтелеком» АҚ ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің кең ауқымын ұсына отырып, Қазақстанның ұлттық байланыс операторы жəне бұрынғы кеңестік аймақтағы қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық компанияның бірі болып табылады. Қоғам мен оның еншілес мекемелері өндіретін өнімдері мен көрсететін қызмет түрлеріне сəйкес жеке құрылымы мен басқаруы бар екi нарықтық бизнес-сегментінде ұсынылған. Өндіретін өнімдері мен көрсететін қызмет түрлеріне сəйкес Эмитетiның қызметі нарықтың мынандай екi сегментіне бөлінуі мүмкін: ¾ Бекітілген байланыс қызметінің сегменті сым байланысы қызметін, деректер беру мен желіаралық қосылыстар қызметін ұсынады. ¾ Ұялы байланыс қызметінің сегменті сымсыз байланыс қызметін ұсынады. Қоғамның ҚР-ның əрбір облысында аймақтық бөлімшелері бар жəне ол елдің барлық аумағында байланыс қызметін қамтамасыз етеді. Топ «Астанателеком» мен «Алматытелеком» телекоммуникациялық орталықтарын қосқанда 24 филиалдан тұрады. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы бағалау мəліметтеріне сəйкес Компания 3, 622 млн. астам бекітілген байланыс желілеріне қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы телефонмен қамтамасыз ету тығыздығы орташа алғанда əр 100 адамға 25 телефонға тең (Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша) . «Қазақтелеком» АҚ- ы жақын жəне алыс шетелдердегі 40-тан астам операторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Қоғам бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен, телекоммуникация торабын модернизациялау жəне сандық түрге ауыстырумен, жаңа технологияларды енгізумен, ауылдық мекендерді телефонмен қамтамасыз етумен жəне Интернетке кеңжолақты кіруді дамытумен айналысады.
Қоғам қазіргі уақытта төменде көрсетілген бірқатар ірі инвестициялық жəне коммерциялық жобаларға қатысуда:
Серпінді жобалар. «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық торабын Next Generation Network технологиясына ауыстыру дəстүрлі дыбыс беру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар телефонмен көріп отырып сөйлесу, мультимедиялық конференция өткізу, дауыстық, жазбаша жəне мультимедиялық хабарларды беру қызметтері бар жаңа мультимедиялық сервис түрлерін көрсету мүмкіндігін бере алады. Бұл жобаға сəйкес аналогтық телефон станцияларының абоненттері цифрлық телефон станцияларын пайдалану кезеңіне соқпай өтіп жаңа платформаға ауыстырылады. Конвергенттік желі дəстүрлі дыбыс беру мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар жаңа мультимедиялық сервис түрлерін: телефонмен көріп отырып сөйлесу, мультимедиялық конференция өткізу, дауыстық, жазбаша жəне мультимедиялық хабарларды беруге жағдай жасайды. 2005 - 2009 жылдары Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Талдықорган, Өскемен, Петропавл, Шымкент, Көкшетау, Атырау қалаларында жергілікті NGN торабы іске қосылды.
2008 жылдың аяғында NGN желісінің жалпы сыйымдылығы 712 066 абонентті құрады. 2009 жылы NGN желісінің 191 968 порты эксплуатацияға берілді, нəтижесінде 31. 12. 09 жылы NGN желісінің сыйымдылығы 904 034 портты құрады.
CDMA. Tехнологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыс телекоммуникация торабын жаңғырту жəне дамыту 2008 жылы «ВОСТОКТЕЛЕКОМ» ЖШМ-мен бірге ауылдық мекендерде CDMA 450 торабының құрылысын салу жұмысы басталды. Жобаның мақсаты ауылдық мекендердің қатынасы қиын алыс жəне тұрғындары шағын аудандарын қысқа мерзімде телефонмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сымсыз WLL CDMA құрал-жабдығының негізінде телекоммуникацияның ауылдық торабын салу болып табылады. Бір CDMA станциясының қызмет аумағы ауылды жерде 25-35 шақырымды құрайды жəне 1000 абонентті қамтиды. 2008 жылы Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай орындалатын «CDMA технологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту жəне дамыту» өтімді жобасының аумағында тұрғын саны елу адамнан асатын байланыс жүйесі жоқ елді мекендерді телефонмен қамтамасыз ету жұмыстары сəтті аяқталды. 2008-2009 ж. ж. аралығында «CDMA технологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыс телекоммуникациялар желілерін жетілдіру жəне дамыту» үздік жобасы шеңберінде 399 базалық бекеттерді орнату бойынша жумыстар ойдағыдай аяқталды жəне 200 000 абонент қосылды. Инвестициялық жобалар DWDM магистральдық торабын салу Ең ерекше жобалардың ішінен талшықты-оптикалық кабель мен DWDM-ді спектральды тығыздау негізінде салынып жатқан Ұлттық ақпараттық супермагистралының (ҰАСМ) құрылысын бітіру қажет. ҰАСМ-нің өткізгіштік қабілетін түбегейлі арттыруға көрші мемлекеттердің ұлттық байланыс тораптарының арасында қуатты интерфейс жобаларын жүзеге асыру жалғасуда. DWDM технологиясы (ITU-T Rec. G. 692 и Rec. G. 694. 1 стандарты) бір мезгілде бірнеше ақпараттық каналдарды бір оптикалық талшық арқылы беруге мүмкіндік береді. Бұл каналдың өткізгіштік қабілетін арттырады. Сонымен, атап айтқанда, қазіргі уақытта еліміздің сандық телекоммуникациялық инфрақұрылымының негізін құру жұмысы аяқталды. Бұл өз кезегінде маңызды мемлекеттік жобалардың бірі - «электрондық өкімет» жобасын қалыптастыруды ары қарай іске асыруға мүмкіндік береді жəне онан басқа ҰАСМ Қазақтанның əлемдік ақпараттық кеңістікке араласуын қамтамасыз етті. ҰАСМ жобасын іске асыру Республиканың орта-азиялық аймақтағы ірі транзиттік ақпараттық орталыққа айналуын тездетеді. ҰАСМ-ның кең көлемде жұмыс жасауы телефон мен Интернет пайдаланушыларының саны бойынша Қазақстанның əлемнің ең дамыған 50 ел қатарына кіруіне мүмкіндік береді жəне Республиканың əлемдік ақпараттық кеңістікке араласуын тездетеді. Халықаралық байланыс операторларымен түйісу шлюздерін ұйымдастыру Қазіргі уақытта бар тораптарды ұлғайту жəне жаңаларды салу бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. «Қазақтелеком» АҚ-ның көршілес мемлекеттермен желі тораптарында қуаттарды дамыту мақсатында операторлармен кездесулер өткізілуде жəне осының барысында шетелдік серіктестерге «Азия-Европа» транзиттік маршрутты ұйымдастыру шеңберінде Қоғамның жілісін одан əрі пайдалану мүмкіндіктері беріліп отыр. Кездесулер барысында Қоғамның келесі серіктестерімен келісімдерге қол жеткізілді: ¾ «Узбектелеком» АК - Бейнеу елді мекені ауданында екінші шекаралық түйісудің құрылысы жөнінде (келісімді бекітетін хаттамаға қол қойылды) ; ¾ «МТТ» ААҚ и «China Telecom» (ҚХР) - транзиттік сыйымдылықтарды ұсынудың үш жақты альянсын құру жөнінде (кездесу хаттамасына қол қою жүргізілуде) ; ¾ «СЦС Совинтел» АҚБ и «China Unicom» (ҚХР) - транзиттік сиымдылықтарды ұсынудың үш жақты альянсын құру жөнінде (кездесу хаттамасына қол қою жүргізілуде) ;
- «China Network Communications» (ҚХР) - бірлескен түйісудің құрылысы жөнінде;
- «ТрансТелеКом» компаниясымен (Россия) - бірлескен түйісудің құрылысы жөнінде. Шекаралас мемлекеттермен келесі шлюздер салынды жəне пайдалануға берілді:
- Үшарал-Достық - ҚХР-мен шекара;
- Сарыөзек - ҚХР-мен шекара;
- Петропавл - Ресеймен шекара;
IP/MPLS желісін дамыту 2005 жылы ҰАСМ негізінде өткізу қабілеті 622 Мбит/с IP/MPLS ұлттық магистральды деректер беру желісі құрылды. 2009 жылы Алматы-Астана-Ақтөбе қалаларының арасында магистральдік желі 20 Гбит/с- қа дейін, үлкен облыстық орталықтарда: Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шымкент, Өскемен 2*10 Гбит/с- қа дейін жəне Қазақстанның басқа облыстық орталықтарында 2*Гбит/с-қа дейін ұлғайтылды. Желі республиканың барлық облыс орталықтарын қамтиды жəне Metro Ethernet желілерін салуға жəне Қазақстанның барлық қалаларында Интернет желісіне қатынау қызметін ұсынуға негіз болады, сондай-ақ NGN келесі буын желісін салу үшін тасымалдау ортасы болып табылады. Деректер берудің магистральды желісі шағын бизнестен бастап мемлекеттік құрылымдарға дейін кез келген көлемдегі тапсырыс берушілерге желілердің қажетті қорғалуын мен өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ете отырып, виртуалды жеке желілер салып беруді қамтамасыз етеді. ҚР шұғыл жəне анықтама-ақпараттық қызметтерін шақыру кезінде нөмір теруді өзгерту Жоба бойынша жұмыс Пошта мен электр байланысы əкімшілігінің Еуропалық конференциясының (СЕРТ) ұсыныстарына жəне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Байланыс əкімшіліктерінің арасында 2006 жылғы 17 маусымда қол қойылған келісімге сəйкес жүргізілуде. 2009 жылдың қараша айында атқарылған жұмыстар нəтижесінде Қоғамның телекоммуникациялар желісінде «1UV» анықтама-ақпараттық қызметтерге номерлер кірісін біржолғы енгізу жүзеге асырылды, «0ХУ» номерлер кірісі эксплуатациядан шығарылды. Қазіргі уақытта 8, 8-10 префикстерін 0 жəне 00 ауыстыру бойынша дайындық жумыстары жүргізілуде, бұл 2010 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Коммерциялық жобалар. Трафикпен алмасу орталығын құру Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту жəне тəуелсіз провайдерлерді тарту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ-ның қатысуымен Қазақстанның тəуелсіз провайдерлерінің арасында трафикпен алмасудың бір орны болатын Ұлттық Трафикпен Алмасу Орталығын (ҰТАО) құру жобасы іске асты. Өз кезегінде ҰТАО провайдераралық арналарды ұйымдастырудағы шығындарды азайтуға жəне жаңа «ойыншылар» үшін «рынокқа кіруді» жеңілдетуге мүмкіндік береді. Оператор ҰТАО-ға қосылу арқылы қосымша күрделі шығынсыз оның кез келген қатысушыларымен трафикпен алмаса алады. Интернет Дата орталықтарын құру (IDC) Интернет Дата орталығы желілік жəне есептеу жабдықтарының, сондай-ақ арнайы бағдарламалық жасақтаманың кешені ретінде ұсынылады. Шын мəнінде IDC осы заманғы ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің кең ауқымын ұсынатын, деректерді өңдейтін қуатты орталық болып табылады. IP/TV жобасы Кəбілді телевидениемен салыстырғанда кең қызмет ауқымы бар цифрлы IPTV телевидение қызметтерін енгізу жобасы болашағы бар инновациялық жоба болып табылады. Ол тұтынушыларға бірнеше ондаған телеарналарға кіруден басқа да мынандай ерекше мүмкіндіктерді ұсынады:
- «Бейне сұрату»: DVD болмаса да, ТВ-интерфейс арқылы үйден шықпай-ақ, кинофильмді таңдау жəне көру мүмкіндігі. Бұл жағдайда фильмнің көрсетілу сапасы DVD сапасына сəйкес келеді;
- Телекөрсетілімді басқару мүмкіндігі: «үзіліс» түймешігін басу арқылы көрсетілімді тоқтату, бірнеше арнадағы телехабарларды бір уақытта «виртуалды» бейнемагнитофонға жазу жəне оларды кейінірек көру (бұл жағдайда тұтынушыға қосымша жабдықтың қажеті жоқ) ;
- Виртуалды кинозал: үйден шықпай-ақ, кинопрокат хиттерін көру мүмкіндігі;
- Ойындар, радиохабар, анықтамалық ақпарат алу (телефон анықтамалығы, қаланың/облыстың/елдің/əлемнің интерактивті картасы, пойыздардың/ұшақтардың кестелері, валютаның котировкасы, ауа райының болжамы) сияқты қосымша интерактивті сервистер, e- commerce жəне тағы басқалар.
2009 жылы Қоғам жобаның екінші кезеңі бойынша жұмыстарды аяқтады. Қазақстанның 10 ірі қалаларында жəне Астана, Алматы ққ IPTV аймақтық тораптары іске қосылды. Жоба Қазақстанның барлық облыстық жəне көпшілік аудандық отралықтарда сандық телевизия қызметтерін беру мүмкіндіктерін келешекте қамтамасыз етуді қарастырады.
SIP-тұғырнаманы дамыту Дəстүрлі офистік станциялар ұсынатын қызметтер жиынтығынан асып түсетін қызмет түрлері бар виртуалды офистік станция (Hosted PBX), виртуалды бірыңғай нөмір, əмбебап дыбыс поштасы жəне автоматты хатшы SIP телефониясының негізгі қызметтері болып табылады. Абонент кастомизирленген WEB-портал арқылы мультимедиялық қызметтерді өзі басқара алады. Абоненттік WEB-портал абоненттерді қызметтерді басқарудың ыңғайлы құралымен, web-интерфейс арқылы қосымша қызметтерді алу жəне жандандыру мүмкіндігімен, «click to dial» функциясының көмегімен тура порталдан қоңырау шалумен, тағы да басқадай қызметпен қамтамасыз ете алады.
2. Қазақтелеком қызметтерінің ақпарттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері
Ақпараттық жүйені (АЖ) қарастырудың технологиялық және функциональдық аспектілерінен тәуелді бірнеше құрамдас элементтерге бөлуге болады. Олардың құрамы: технологиялық, техникалық, бағдарламалық, лингвистикалық, математикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық және эргономикалық қамтитын көмекші жүйе.
АЖ технологиялық қамтуы қолданушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді автоматтандырушы, тапсырмаларды ЭЕМ және жұмыстың орнатылған режимінде басқарудың басқа да техникалық құралдарының көмегімен шешетін көмекші жүйеден тұрады.
АЖ техникалық қамтуы ақпараттық технология (АТ) жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешенінен тұрады. Барлық техникалық құралдардың ішінен орталық орынды ЭЕМ алады. Құрамдас элементтері әдістемелік, басқарушы материалдар, осы көмекші техникалық құралдарға қызмет көрсететін техникалық құжаттама.
Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.
Ақпарат жүйесінің құрылымы - ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.
Ақпарат жүйе ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:
- техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;
- ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар;
- лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар;
Қоғам Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерін жəне жекеменшік телекоммуникация жүйелерін құру, құрастыру, пайдалану жəне оларға техникалық күтім жасау қызметтерін жүзеге асырады, Халықаралық электр байланысы одағының Регламентіне жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес басқа мемлекеттердің Байланыс əкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысу құқығымен жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісі операторының, оның ішінде қалааралық жəне халықаралық байланыс операторының міндеттерін атқарады.
Қоғам мынадай қызмет түрлерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асырады:
1) таксофон желісі, телеграф байланысы мен АТ-50 жəне телекс абоненттік телеграфтау желісі, деректер беру қызметтері, оның ішінде арналар мен пакеттерді коммутациялау қызметтерімен бірге, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісінің дыбыстық байланыс базалық қызметтерін;
2) телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін тарату үшін арналар мен байланыс жолдарын, оның ішінде цифрлыларын жалға беру; 3) қосымша қызметтер көрсету, оның ішінде, конференц-байланыс, сөздік пошта, хабар күту, шақыру күту, шақыру жіберу, шақыруларды бұғаттау, шақыруларды селективтік қабылдау, шақырушы абоненттерді идентификациялау, шақыруларды іріктеу, жедел шақыру, қайта шақыра отырып нөмірді теру, деректер банкі қызметтері, бейнеконференциялар өткізу, интерактивтік ақпарат құралдары қызметтері, “клиент сервер” типті жүйелерді пайдалану жəне жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері немесе жеке телекоммуникация жүйелері арқылы көрсетуге болатын басқа да қызметтерді;
4) ақпараттық-анықтамалық қызметтердің жəне операторлар арқылы қалааралық жəне халықаралық байланыс қызметтерінің барлық түрлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық жəне өзге де қызметтермен тегін қосылыстарды;
5) бағдарламалық өнімдерді, жабдықтарды, консалтинг қызметтерін жеткізуден тұратын ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді енгізу жəне сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтер.
6) жоғары технологиялы байланыс қызметтерін:
а) зияткерлік байланыс желісі, кадрларды қайталап көрсету қызметтері;
б) интернетке коммутациямен қатынау;
в) бөлектелген арналар арқылы интернетке қатынау;
г) ашық цифрлы арналарды ұйымдастыру;
д) VPDN (жеке коммутациялы виртуалды желілер) ;
е) ;
ж) басқа да жоғары технологиялы байланыс қызметтері.
7) сымсыз байланыс қызметтерін:
а) барлық пейджингтік жəне басқа да ұқсас сымсыз деректер мен хабарлар беру қызметтерін енгізу, пайдалану, қабылдау жəне беру;
б) барлық дербес байланыс қызметтері мен барлық дербес байланыс жүйелерін, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген транкингтік ұтқыр жүйелерді жəне стандарттардың ұялы байланыс қызметтерін қоса отырып, бірақ бұлармен шектеліп қоймай, енгізу, пайдалану, қабылдау жəне беру.
8) спутниктік байланыс қызметтері: телекоммуникацияны пайдаланушыларға спутниктік байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында радиожиілік спектрі мен геостационарлық жəне төменорбитальдық байланыс спутниктерінің орбиталарын пайдалану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz