ҚР бағалы қағаздар нарығы


+Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясы
Болатбаева Балауса Тоқтарқызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы:
«Бағалы қағаздар нарығы және оны жетілдіру жолдары»
5В050900-«Қаржы» мамандығы бойынша
Алматы, 2013
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясы
Кафедра «Басқару және бизнес»
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Е. К. Садвакасов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Бағалы қағаздар нарығы және оны жетілдіру жолдары»
5В050900-«Қаржы» мамандығы бойынша
Орындаған :
орта кәсіптік білім негіздегі
3-ші курс студенті Б. Т. Болатбаева
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы Е. Н. Несипбеков
Нормобақылау: Ш. Р. Абжалелова
Алматы, 2013
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясы
Казахская инженерная, финансово-банковская академия
Кафедра Басқару және бизнес/Управление и бизнес
Мамандығы/Специальность 5В050900 - Қаржы/«Финансы»
«Бекітемін»
«Утверждаю»
Кафедра меңгерушісі
Зав. кафедрой
«» 20__
Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма
Задание на выполнение дипломной работы
(аты-жөні) (фамилия, имя, отчество)
Жұмыстың тақырыбы/Тема работы:
Негізгі белгілер/Исходные данные:
Тапсырманы берген/Задание выдал
(жетекшінің қолы және күн белгісі)
(подпись руководителя и дата)
Тапсырманы қабылдаған/Задание принял
(студенттің қолы және күн белгісі)
(подпись студента и дата)
МАЗМҰНЫ :
Кіріспе . . . 4
1 Бағалы қағаздар нарығының теориялық негіздері . . . 6
1. 1 Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні және мазмұны . . . 6
1. 2 Ұлттық бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу және оның даму кезеңдері . . . 17
2 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының жағдайы және (KASE мысалында) талдауы . . . 30
2. 1 Эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының сипаты . . . 30
2. 2 Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының қызметін бағалау . . . 46
3 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының мәселелері және даму болашағы . . . 52
3. 1 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын жетілдіру бағыттары . . . 52
3 . 2 Қор нарығында акция табыстылығының тәуекел деңгейін бағалау . . . 64
3. 2 Алматы қаласының қор нарығын дамытудың 2015 жылғы жоспары . . . 70
Қорытынды . . . 78
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 80
Қосымшалар . . . 82
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасын жақсартып, бекіту үшін қор нарығын дамыту керек және де қор нарығы әр түрлі меншік нысандарының және кәсіпкерліктің еркін қызметін қамту керек.
Зерттелген тақырыптың өзектілігі . Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы үлкен орын алады, ол капиталдың қозғалысын реттеп және оның өзін өзі реттеу жағдайларын жасай отырып, олар сонымен қатар портфельді инвестициялар ағымы арқылы дамуына ықпал етеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы -ақша массасының өсуін шектейтін, несие-ақшалай институтарының баланстарының заңдылығын қолдайтын және мемлекет бюджетінің дефицитін қаржыландыратын қайнар көзі.
Ғылыми тәжірибелік жаңалығы. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік басқару ғылыми дәлеледенген және дұрыс жасалған, болып жатқан жағдайларды ескеретін экономикалық өсу мақсаттарына сай келетін концепцияға сүйену керек. Бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық институттар қызметіне бағытталған және реттеуші рөлді мемлекеттік органдарға берілген. Қазақстанда бұндай орган бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша ҚР Ұлттық банк Департаменті, қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, меншікті реттеу бойынша Мемлекеттік комитет және жекешелендіру бойынша Мемлекеттік комитет. Реттеу органдары инвесторларды қаржылық жоғалтулардан қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Бұл, біріншіден, бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларын тіркеу; екішіден, экономиканың барлық субъектілеріне шынайы ақпарат беру; үшіншіден, бағалы қағаздар нарығында бақылауды және құқықты жүзеге асыру.
Бағалы қағаздар нарығының проблемаларының тиімділігі ролінің кілті - меншік қатынасы. Осы қатынастар ғана қоғам типін және мақсатты бағытын, әлеуметтік және экономика-технологиялық құрылымын анықтайды. Меншік қатнастары материалдық қажеттіліктермен байланысты болғандықтан қор биржасындағы қызмет әлеуметтік-экономикалық жағдайға, республиканың даму темпіне тікелей әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада ерекше бөлінеді, ал қор нарығының ең маңызды бөлігі қор биржасы, сондықтан да қор биржасына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл нарықтың сату-сатып алуының объектісі арнайы тауар - бағалы қағаздар.
Тақырыптың қазіргі жай күйін бағалау . Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы өзін инвестициялық механизм ретінде әлі де көрсете алған жоқ. Республиканың елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қаржы секторы реформасын аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға шақырады және де оны реттеуде мемлекеттің үлкен ролін айтады. Мемлекет мұнда екі түрлі қатысады: берілген қызметтің заңдылығын қанағаттандыратын гарант ролінде және дербес қатысушы-эмитент ретінде. Қор нарығында мемлекеттің кәсіби және реттеу қызметін біріктіру - бұл көрініс әлемде көп, бірақ бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылардың дамымауына байланысты үкіметтің дұрыс есептелмеген қадамы нарықтың жалпы стагнациясына әкелуі мүмкін.
Қазір қалыптасып келе жатқан мемлекттік бағалы қағаздар және жаңа эмитеттерінің агрессиялық әсері бар, көп жағдайда шынайы активтері жоқ мемлеттік нарықтың орнына кәсіпкерлік, тұрғын, кәсіпорындардың құрылысындағы инвестициялық проекттерге қызмет көрсететін қор нарығы пайда болу керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының толық теориялық мағынасын ашу және олардың мемлекет бюджетінде алатын орны, рөлі мен көрсеткіштерін көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеті : мақсатқа жету үшін, ең алдымен бағалы қағаздардың мән-мағынасын ашу, бағалы қағаздардың қалыптасуын кезеңдерін зерттеу, бағалы қағаздар нарығына толық теориялық анықтама беру, бағалы қағаздар нарығының дамуының негізгі бағыттары мен жолдарын анықтау және оны тәжірибеде ұштастырып қорытынды жасау.
Әдістемелік теориялық негіздеме. Диломдық жұмыстың жазу барысына Қазақстандық экономистердің Көшенова Б. А. Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Куликов В. Ю. Блеутаева К. Б. Сейітқасымов Ғ. С., Сарсенов Р. О., Бейсенова, М. С., Бокаева А. Х., Еркебаев Б. К., Саймагамбетова Г. А., Абжанова А. К., Ахметова Г. И., Шапшанов С. Қ., оқулықтары мен мақалалары негі болды. Сонымен бірге жұмыстың толық зерттелуіне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау агенттігінің, Қазақстан Республикасының Қор биржасының да ақпараттары негіз болды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік базасы ретінде Қазақстан Республикасының Қор биржасы алынды.
Дипломыдқ жұмыстың құрылымы талаптарға сай кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде жұмыстың теориялық сипаты қарастырылған. Яғни бағалы қағаздар нарығының мән-мазмұны, қалыптасу мен даму кезеңдері айқындалды. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының қазіргі бағалы қағаздар нарығының жағдайы мен бағалы қағаздар түрлеріне жалпы сипаттама бірге олардың өзгеру динамикасы зерттелінді. Үшінші бөлімде бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары мен стратегиялық дамуының миссиясы көрініс алды. Қорытынды бөлімде дипломдық жұмыста бағалы қағаздар нарығының экономикалық белсенділігі және оның экономикадағы маңыздылығы нақтыланады.
1 Бағалы қағаздар нарығының теориялық негіздер
- Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні және мазмұны
Бағалы қағаздар нарығы - бұл қаржылық құралдардың айналысы жүргізілетін ерекше нарықтың түрі деп айтуға болады. Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі бола отырып, өзінің өзектілігімен ерекшелінеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы тек мемлекет Үкіметіне ғана емес, сондай-ақ нарықта әр түрлі қызметпен айналысатын өндірістік, өндірістік емес кәсіпорындарға, қаржылық ұйымдарға және халыққа да қажет.
Бағалы қағаздар нарығын түсіну және оған анықтама беру бойынша көзқарастар әр түрлі. Бағалы қағаздар нарығының қызметіне экономистердің пікірлері бір-бірімен келіспеу жағдайлары да кездеседі. «Бағалы қағаздар нарығы» және «қор нарығы» атты санаттардың өзара айырмашылығы, ұқсастығы жөнінде экономистердің пікірталасы талқыланады.
Профессорлар М. В. Романовский және Г. Н. Белоглазованың пікірлерінше, бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздар арқылы жинақтардың инвестицияларға айналу аясын қамтитын қатынастар деп қарастырады. Олардың тұжырымдамасы бойынша «бағалы қағаздар нарығы» және «қор нарық» түсініктері ажыратылмайды және ұқсас санаттар ретінде қарастырады Профессор М. В. Романовский бағалы қағаздар нарығының келесі қызметтерін бөледі:
- инвестициялық, яғни жинақтардың, салымдардың шоғырлануы және олардың экономика аялары мен салалары арасында инвестициялық ресурстар түрінде қайта бөлінуі;
- сақтандыру, яғни бағалы қағаздар нарығының мерзімді құралдарын қолдану арқылы әр түрлі активтердің саудасы кезіндегі бағаларды тұрақтандыру мен тәуекелдерді қайта бөлуі;
- ақпараттық қызмет, яғни іскерлік белсенділікке және бағалы қағаздардың баға кесуіне әсер ету жағдайындағы бағалы қағаздармен тұрақты сауда туралы ақпарат беруі.
Сонымен қатар, осы экономистер жоғарыда аталған қызметтерге қосымша коммерциялық, баға және реттеушілік қызметттерді анықтайды.
Бағалы қағаздар нарығы бойынша профессор М. В. Романовскийдің тұжырымдамасы Б. Б. Рубцовтың пікіріне сай келеді. Б. Б. Рубцовтың пікірі бойынша, бағалы қағаздар нарығының экономикалық мазмұны ретінде қаржылық активтердің алмасуы үшін жағдайларды қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Бір жағынан, бұл несие мен меншік иелену қатынастарының жүйесі, екінші жағынан бұл қаржылық құралдармен жүргізілетін қатысушылардың өзара байланысын қамтитын элементтер жүйесі ретінде танылады.
Л. Н. Иванова және Н. В. Огорелкова экономистері бағалы қағаздар нарығы мен қор нарығын келесідей түсіндіреді: бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару мен айналысы бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде сипат алатын қаржы нарығының бөлігі; қор нарығы - бұл тауарлы бағалы қағаздар (тауарлық вексельдер, коносаменттер, тауарлық варранттар) мен ақшалы бағалы қағаздарды (чектер және т. б. ) шегерген жағдайындағы нарық.
А. А. Килячков және Л. А. Чалдаева өз еңбектерінде «бағалы қағаздар нарығы», «қаржы нарығы» мен «қор нарық» түсініктерін ажыратпайды. Олар үш ұғымды бір ұғым ретінде таниды. Еңбекте, тек бір ұғымға - қаржы нарығына көңіл аударылған. Олардың пікірінше, қаржы нарығы - бұл бағалы қағаздардың эмиссиясы және сату-сатып алуы жүргізілетін капитал нарығының бөлігі ретінде сипатталатын мемлекеттің нарық жүйесінің бөлігі. Ал, қор нарығына экономистер келесідей тұжырымдама береді: «Өндірістік және сауда кәсіпорындарына инвестицияларға қажеттілігі бар. Инвесторлар мен қарыз алушылардың байланысы қор нарығының мамандандырылған мекемелері арқылы жүргізеді» [4] .
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты.
1 суретте көрсетілгендей кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
Е с к е р т у - [10] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 1. Төлеу жағдайына байланысты бағалы қағаздардың түрлері
2 суретте көріп отырғанымыздай бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
- Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп таралған түрлері қазыналық векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
- Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
- Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындары мен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.
- Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
- Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал арасындағы қағаздар.
Е с к е р т у - [10] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 2. Шығарылуына байланысты бағалы қағаздардың жіктелінуі
Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал арасындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
1) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
2) бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
3) жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда , жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден - бірі түрі. Акция компанияның акционерлер алдында қарыз міндеттемесі. [3] .
3 суретте көрсетілгендей акция бірнеше түрге жіктеледі. Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді.
Е с к е р т у - [10] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 3. Акция түрлері
Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
1) Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабының қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер болып есептеледі.
2) Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітап ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.
Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануы олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушысы арналған акцияны қолдайды. Себебі еш жерге тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма - қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолайлығын туғызады.
Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизімі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқандағы сертификаттың сырт жағында екі жақтың қол қойылған “ индоссамент ” деген белгі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа сертификаттарын алады. Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды иемденуші тікелей, яғни қолма-қол екіншіге береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқын белгілеу тәртібі әртүрлі. Бұл туралы атулы акция иесі корпорацияда хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизмнің жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын жүзеге асырады. Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді . Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді.
Артықшылықты акциялар- меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төлеуін қамиамасыз етеді. Бұл акция дауыс құқын бермейді. Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады:
- Қатысушылар және қатыспаушылар: қатысушылар артықшылығы өз иемденушісі үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Қатыспаушылар акциясы иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқы жоқ.
- кумулятивті және кумулятивті емес: егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивиденттерді келесі жылдың дивидендтеріне қосуға болмайды.
- конвертабельді және конвертабельді емес. Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Артықшылықты акциялардың көбі конвертабельді. Ал конвертабельді емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ. Біз, бұл анықтамамен келіспейміз. Себебі, аталған тұжырымдама «механизмді» түсінуінің анықтамасы ретінде болады. В. Д. Мельников өзінің ғылыми еңбегінде қаржылық механизмді қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың түрлері, әдістері және формалары ретінде сипаттайды.
«Инфрақұрылым» термині - (латын тілінен infra- астында, structura - құрылымы, орналасуы) экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы - бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. ҚР бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын 8 суретте қарастыра аламыз.
Е с к е р т у - [8] негізінде автормен құрастырлған
Сурет 4. БҚН қатысушылары
Бағалы қағаздар нарығы - бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеу бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы 2 үлкен топтан тұрады - қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Сонымен қатар, инвестициялау процесіндегі орнына байланысты бағалы қағаздар нарығы алғашқы және қайталамалы бағалы қағаздар нарығына жіктеледі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады.
Бірінші рет бағалы қағаз ретінде және ауқымды айналысы болған құрал ретінде вексель танылады. Ол негізінен банктік қағаз ретінде болды, себебі, сол XII-XIII ғасырлар кезеңдерінде ақша ағындары банктік-саудалық мекемелер арқылы жүргізілген. Вексельдің дамуы үш ғасырлардан кем емес уақытты алады. Бірінші вексельдік жарғы Италияның Болон қаласында 1569 жылы шықты. Сонымен қатар, вексель - бағалы қағаздар нарығының негізгі элементі болып табылатын биржаның пайда болуына себеп болды.
Голландияда буржуаздық қатынастардың дамуы вексель мен тауар биржалардың, кейіннен қор биржаның пайда болуына әкелді. Антверпендік биржа барлық бағалы қағаз түрлерінің дамуына зор үлес қосты. Бірінші биржалар банктермен байланысты вексельдік болды деп айтуға болады. Себебі, қор биржалардың пайда болуына әкелетін бағалы қағаздарға маңызды алғышарттары болмады. Биржаларда негізгі қатысушылар ретінде итальяндық көпестер, банкирлер болды. Қорытындылай келе, бірінші биржалар вексель айналымы аясында банктердің қызығушылықтарына қызмет көрсететін мекемелер ретінде танылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz