Сәндік қолданбалы өнер


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

  1. Сәндік - қолданбалы өнер - заттарды көркемдеуҚазақ халқының ою - өрнектеріЖүннен жасалатын заттарСүйекті көркемдеп өңдеуАғаш материалдарын көркемдеуЗергерлік өнер
  1. ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРБейнелеу өнері пәнінің сабақ жоспарларыОқытудың технология мәдениеті
  2. СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІСәндік қолданбалы өнердің техникалық құралдары

4 ФОРМАЛАРДЫ СТИЛЬДЕУ

4. 1 Кілем

4. 2 Кестелеу

4. 3 Керамика

4. 4 Гобелен

4. 5 Сәндік қолданбалы өнердегі стильдеу

5 ЭСКИЗ ЖОБАЛАРЫ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ БАСТАУЫ

5. 1 Интерьердегі сәндік бұйымдардың компьютерлік жобалары

5. 2 Мектеп эскиз жобаларын жасау әдістемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Қосымша А

Қосымша Б

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері өзінің тәрбиелік мүмкіндіктерін бүгін де жоғалтқан жоқ, керісінше, заман сұранысына қарай, оның көкейкестілігі бұрынғысынан да артып отыр. Оны өнертану, педагогика ғылымдары саласында жарық көрген еңбектер дәлелдеуде.

Жалпы білім беру мектебінде бейнелеу өнерін оқытудағы басты міндеттерінің бірі - оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін жейілдіру болып табылады. Осы мәселе қазіргі кезде белсенді шығармашылыққа тәрбиелеу міндеттерін басты назарға алуды міндеттейді.

Диплом жұмысының мақсаты сәндік қолданбалы өнер сабақтарында техникалық оқу құралдарын мейлінше тиімді пайдалану және болашақ шығармашылық ойды жобалау олардың эскиздерін мәдениетті, әрі көркем жасай білу.

Бейнелеу өнерінде кез келген көркем ойды көрнектілікпен көрсейте білудің өзі өнер.

Диплом жұмысының актуальділігі орта мектеп оқушыларына көркем ойды компьютер бағдарламаларының көмегімен іске асыруды меңгеруді үйрету. Жұмыстың мақсаты - ойға келген сәндік бұйымның көркем формасын эскизде айқын көрсетіп, оған қатысты мәліметтерді нақты эстетикалық дәрежеде бейнелеп беру мәдениетіне үйрету.

Зерттеу міндеттері - көркем өнер принциптеріне сүйене отырып, халық өнері және сәндік қолданбалы өнер түрлерін зерттеп білу арқылы шығармашылық ой елесіндегі көркем формалар эскиздерін жасауды игеру.

Зерттеу объектісі - орта мектептің бейнелеу өнері сабақтарының бағдарламасына сәйкес, интерьердегі сәндік қолданбалы өнер туындыларын орналастыру, оның көркемдік мәні мен қажеттілігін талдау.

Балалардың көркем - шығармашылық қабілетін дамыту, көркемдік о й өрісін жетілдіру, әрі оның қалыптасуына әсер ету, олардың қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдап әшекей заттарды жасай білу мүмкіншіліктерін іске асыру. Осы мәселерді диплом жұмысының қолжазбасы мен тәжірибелік жұмыстарында оқу - әдістемелік тәсілдерімен дәлелдеу міндеттерін мақсат етіп қойдық.

Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының ережелерінде орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгеруілуге тиісті білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің мазмұны мен көлемін айқындайтын, типтік оқу жоспарының инвариантты бөлігіне енетін бағдарлама.

Білім беру стандартының ережелерінің де талаптарында көркем өнер туындылары арқылы оқушылардың ұлтжандық, рухани - адамгершілік, көркемдік - эстетикалық, мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, байқампаздық, ұқыптылық, ептілік қасиеттерін тәрбиелеуді басты назарда ұстау керек деп көрсетеді.

Өнердің түрлеріне қызығушылығын дамытуды, өнер арқылы ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрлерді құрметтеу сезімін қалыптастыруды, көркемдік - шығармашылық іс-әрекет тәжірибелерін меңгертуді және әртүрлі материалдармен жұмыс істеу шеберлігін жетілдіруді басты мақсат етіп қояды. (www. edu. kz бастауыш білім стандарты. )

Диплом жұмысының мақсаты:

білім берудің стандартының ережелерінде айқындалған міндеттерді іске асыруды көздейді.

Жас өспірімдерді сәндік қолданбалы өнердің сан алуан салаларынан білім беру арқылы күнделікті тұрмыста кезігіп жататын әртүрлі материалдардан бұйымдар мен сәнді заттар жасау арқылы олардың қызығушылығын, еңбекке деген сүйіспеншілігін дамыту. Тәжірибелік жұмыс процесінде ғылыми мәселелерді шешу, өз бетімен көркемдік шығармаларды бағалай білуге баулу. Қолдан жасалатын сәндік қолданбалы бұйымдардың кезеңдік технологияларын икемділікпен игеріп шығу.

Зерттеу нысаны: Сәндік - қолданбалы өнерде техникалық құралдарды қолдану арқылы эскиз жобаларын жасау тәсілдері және әдістемесі. Интерьердегі СҚӨ бұйымдарының компьютерлік эскиз жобалары.

Зерттеу пәні: бейнелеу өнері пәні сабағында сәндік қолданбалы өнерді оқыту.

Диплом жұмысының міндеттері: Мектеп оқушыларының өнер пәндері сабақтарында өнер арқылы ұлттық әдет - ғұрыпты қастерлеу, көркемдік ойлау мен іс әрекет тәжірибелерін үйлестіре білу, икемділік пен дағдыны жетілдіру.

Кез келген материалдардан көркем форманы ойлап табу және олардың стильдік мазмұнын шебер қалыптастыру әдістерін меңгеріп алуды әдетке айналдыру. Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарды оқушылардың көркем форманы тану арқылы өз мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім бес тараудан тұрады, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар.

  1. СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Халықтық сәндік-қолданбалы өнер - әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген.

Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері - көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады.

Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Сол сияқты қазақ халқының рухани мұраларының бірі қолданбалы өнерінің тасқа қашалған көне іздерін V-VІІІ ғасыр ескерткіштері мен Орта Енисей жазбаларынан тапсақ, одан бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық мұрасы өз желісін үзбей, әр түрлі деңгейде бой көрсетіп отырады.

  1. Сәндік - қолданбалы өнер заттарды көркемдеу

Сәндік - қолданбалы өнер жалпы өнер атаулының кең бөлімі, олар күнделікті тұрмыста қолданылатын көркем бұйымдар жасап шығару бағыты.

Интерьерді және тұрмысты көркемдеу мен безендіру заттарына, киім-кешек, сәнді маталар, кілемдер, жиһаздар, көркем әйнек, фарфор (қыш), фаянс, зергерлік және басқа да көптеген көркем бұйымдар мен мүліктер қатары жатады.

Әр елдің тұрмыс тіршілігіне қарай сәндік қолданбалы өнер өзінің бастауыш ежелден халық өнерінен алады. Мысалы, ағашты көркем әшекейлеу көптеген елдердің сәндік қолданбалы өнерінде кең қолданыс тапқан. Қазақ халқында түрлі бояулармен сандықтарды, кереге мен уықтарды және басқа да тұрмыстық заттарды ұлттық нақышта әшекейлеу болғандығы көпке мәлім.

Сондай әшекейлеу түрі металда да кезігеді. Халық шеберлері сандық бетін металмен қаптап, бедерлеп майлы бояу түрлерімен әшекейлеген.

Ежелден қыш құмыраларды бояумен әшекейлеген мысалдары археологиялық зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.

Қазақстан сәндік қолөнерінде ағашты ұқсату, оларды көркемдеп ою тәжірибесі мол болған. Алғашқа бедерлеп ою салу ерте замандардан келе жатқан өнер. Сәндік қолданбалы өнердің ең күрделі түрлерін тас пен сүйекті әшекейлеу де жатады. Өнердің осы түрлері халқымыздың өздік мінезі қалыптасқан әсіресе, сүйек өңдеп жиһаздарды әшекейлеп безендіру жұмыстарында орын алады. Қазақ шеберлері өзіне ғана тән үлгісі бар сүйекке бедерлеп ою-өрнек салу әдістерін ойлап тапқан.

Қазіргі заманда сәндік қолданбалы өнер кең етек жайып кеткен. Заман талабына және сұранысқа сай бұл өнердің жаңа көзқарастағы көркем түрлері пайда болып, зерттеу мен бірге ізденістер жалғауда. Біз, орта мектеп бағдарламасының бейнелеу өнері пәні сабақтарында халық өнері мен бірге сәндік қолданбалы өнердегі жаңалықтарды оқытуды тыс қалдырмауымыз керек. Өнер бір орында тұрмайды, ол үнемі қозғалыста болады. Сол үлкен қозғалысьтағы көркем сәндік өнер шығармаларын таңдап, олардың жасалу технологиясын жас өспірімдерге жеткізу білім берудің мақсаты.

Әрине, сәндік қолданбалы өнер көп тармақты болғандықтан мектеп оқушыларының жасына, қабілетіне қарай кезеңдерге бөліп оқыту маңызды. Мысалы, бастауыш сыныптарға қол асты материалдардан жасалатын әшекейлі формалар болуға тиіс.

Сәндік қолданбалы өнер сабақтарында тек үнемі қазақ халықының өнерін үйретумен шектеліп қалмауы сондықтан, әр елдің өнерінен хабардар болып, оларды мұқият зерттеп өз біліміңді кеңейте беру бүгінгі күн талабы.

Ал, енді сәндік қолданбалы өнердің түрлеріне жеке-жеке тоқталайық, олар, ою-өрнек, жүннен жасалатын заттар, сүйектен жасалатын көркем әшекейлер, ағаштан ойылып жасалатын бұйымдар, зергерлік өнер.

D:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Айген\download\4.jpeg

1 сурет. Сәндік қолданбалы өнер бұйымдары

  1. Қазақ халқының ою-өрнектері

Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді.

Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.

Ою-өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрынғы халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түрінен саналады. Біз осы еңбегімізде бұрынсоңды әдебиеттерде жазылып, өмірде күні бүгінге дейін жиі кездесетін мұралар мен қазіргі шеберлердің іс үлгілерін зерттеу нәтижесінде оның - талған ою-өрнектердің 200-ден астам түрімен таныстырамыз. Бірақ осынша көне әрі тың да жауапты мәселені әңгімелемес бұрын кейбір ғылыми деректерге біраз тоқталып өтейік.

Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествосын ғылыми негізде арнайы жекелеп зерттеу ісі басталғалы 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл іс ең алдымен біздің Отанымыздың ғалымдары, олармен қатар Батыс Европа мен Америка ғалымдары да кезінде қызыға кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австриялық ғалым В. Куррердің бояу және бояушылық өнері жанында, Ф. Т. Куглердің, советтік ғалым С. В. Ивановтың, В. В. Стасовтың, Ф. К. Вояковтың, С. А. Давыдовтың, А. А. Боголюбовтың, В. Чепелевтың және қазақ ғалымдары Ә. Марғұланның, Т. Бәсеновтың, Ә. Масановтың, М. Мұқановтың және тағы басқа зерттеу материалдарын айтса да жеткілікті. Бұлар еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені бейнелетінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромб тәрізді өрнектер) т. б. қайдан шықты екен құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарладың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек деседі. Өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді. Қазақтың ою-өрнектеріннің түрлері де, атаулары да көп. [ 3; 7б]

Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюларды. Екіншісі, басқа халықтардың ауысқан жаңа, интернационалдық ою-өрнектер. Бұл топшылау да орынды сияқты шынында да осы күнгі көп жапырақты гүлдермен геометриялық өрнектер, жазу-сызуды бейнелеген өрнектеу, креспен тігу әдісі, өрнектеп шілтер тоқу, өрнектеп тескен үлгі бойынша торлай тігіп әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері кейінгі халықтар достығының нәтижесінде ғана сіңісіп, қазақтық ою-өрнек өнерін байыта түскендігі белгілі. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мол өсіру мен аңшылықты, екіншіден жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр көріністерін, төртіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік - осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Қазақ халқының этнографиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтері де ою, сызу, бедерлеу, бейнелеу, өрнектерінің де белгілі орын алғандығы байқалады. Мысалы, бұрынғы ру таңбалары, малдардың ен-таңбалары, діни сенімдер негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау және т. б.

Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын не қағазға, не жарғақ теріге не матаға түсіріп, ойып алатын. Оюдың қиындысын «үлгі» дейді. Үлгі қиюмен көп айналысқан және сол үлгі бойынша ою ойып, іс істеуді сүйсен шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын қосып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырады. Қай кезде болса да ер өнері еліне ортақ. Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап ұнасым мен әдемілік жағынан көздің жауын алғандай ою-өрнектердің үлгісін беріп жүрген халық шеберлері қазір де көп. Сәрсембин Рахым ақсақалдың оюлары бірнеше рет одақтық көрмелерде жүлде алды. Оның ою-өрнектері республикада, одақта шығып жатқан халық творчествосы туралы жинақтарға енді.

Қазақтың қолөнерінде өрімшіліктін неше түрлі әдемі өрнектері бар. Оның әліде болса. Бізге кездеспеген, не көңілден қақас қалған түрлері және әр жерде әр түрлі айтылатын атаулары өте көп екені байқалады. Бұл пікірді зерттеуші этнографтар да ертеден-ақ айтып келеді. Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.

  1. Ай, күн, жұлдыздарға - көк әлеміне байланысты өрнектер.
  2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланыстылары.
  3. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
  4. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер.
  5. Құстарға байланысты өрнектер.
  6. Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнеліөрнектер.
  7. Қару-құралдарға байланысты өрнектер.
  8. Геометриялық фигуралар тектес өрнектер.

Сондықтан біз қазақ өрнектері малшылық, көші-қон, жарықшылық заманындағы тұрмысты, айналасындағы табиғатты, аңшылықты, геометриялық түсініктердің сырт тұрпатын байқаудан туған ұғым негізінде дамыған деген болжамға толық қосыламыз.

Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт формасын дәлдеп, суреттің неғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағына көбірек назар аударады. Ол ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның көркем, әшекейлі болу жағына баса назар аударады. [ 3; 10-15б ]

http://abyroi.kz/wp-content/uploads/678678671.jpg

2 сурет. Қазақ халқының ою-өрнектері үлгілері

D:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Новая папка (2)\aigen\images (6).jpg

D:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Новая папка (2)\aigen\images (5).jpg D:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Новая папка (2)\aigen\images (8).jpg

3 сурет

1. 1. 2. Жүннен жасалатын заттар

Төрт түлік малдың жүні халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шектеп сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.

Қазақ халқының шаруашылығында мал жүннің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қолы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы. Жүк артып, күш көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны «жабағы» дейді. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де жылы күні тігіледі. Түйе жүнінен неше түрлі жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл әрі жылы болады, қылшық шықпайды.

«Шуда» деп түйенің мойындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулдық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көп ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп «шертер», «керуші» деп аталатын ән-күй аспаптарына шек есебіне де тағылған. [ 3; 36. ]

Қазақ өмірінде қой жүнін өңдеудің маңызы айрықша зор болуы. Қойдың жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүні» және «шет-пұштақ» деп бес түрге бөліп атайды. Жабағы жүннен (көктемгі жүннен) сырт киім тікті, кілем тоқып, арқан есіп, т. б. жасады. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.

Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кещектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға жарамсыз. [ 3; 37б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың кәсіби шеберлігін қалыптастыру
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Киімнің негізгі міндеттері
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Жас маманға ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыт-бағдары
Батик өнерін үйрету әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz