Алматы қаласында ауыр металдар мөлшері бойынша жерді аумақтарға бөлу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық техникалық университеті
Намазбаев Ж. О.
Алматы қаласында ауыр металдар мөлшері бойынша
жерді аумақтарға бөлу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 050907-Кадастр
Алматы 2011
1
1. 1
Алматы қаласы жер қорының құрылымы, динамикасы және табиғи экономикалық жағдайы . . . 5
Алматы қаласы жер қорының құрылымы және оның динамикасы . . . 5
1. 6
2
2. 1
3
3. 1
3. 2
Топырақ жамылғысының сипаттамасы . . . 11
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері, сипаттамасы және жүргізу тәртібі . . . 42
Жер кадастрының құрам бөліктері, түрлері, принциптері . . . 44
Жер кадастры жұмыстарын геодезиялық қамтамасыздандыру . . . 51
Геодезиялық өлшеулер жүргізудегі тірек торлары . . . 51
4 класс полигонометриясы, 1 және 2 разрядты . . . 53
Жердің химиялық заттармен ластану
Деңгейінің көрсеткіштері . . . 77
Кіріспе
Алматы қаласының қазіргі ландшафт жағдайы қайта құрылған. Кенттелген табиғат, көптеген салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындар, автокөліктік қатынас жолдары ауа алабы, су экожүйелерін, топырақ жамылғысын, қала бедері мен өсімдіктері жағдайын өзгертіп, олардың ластануының қарқынды өсуіне әсер етті. Қала аумағындағы мекен ету ортаның жағдайы жердің ластану көрсеткіштері арқылы суреттелуі мүмкін. Қалалық жерлер өзінің агроөндірістік бағасын жоғалтқан және өндіріс процестеріне немесе басқа да адамдар қызметін іске асыруға кеңістік негізінде қолданылады.
Қалалық жерлерге салық салу жүйесі, әр түрлі құрылыстар үшін учаскелер бөлу, жер пайдалану және жер иелілігінің ақылылығын, аукциондарда және басқа қажеттерге сатылғанда бағасын анықтау үшін, Алматы қаласы аумағын функциональды құнымен аймақтарға бөлуді құру қажеттігі туралы сұрақ туады.
Қала сияқты күрделі аумақтарды бағалағанда бүкіл аумақты, оның жеке қасиеттерін және қасиеттер жиынтығын немесе қаладағы аудан бойынша аумақтық дамуын, салу құрылысын, экономикалық мүмкіндіктерді, табиғи және өзгерістердің ықпалын және тағы басқа себептердің әсерін бағалау керек. Экологиялық жағдайды бағалайтын дифференциалдық әсердің біріне топырақтың ауыр металдармен ластануы жатады. Топырақ табиғи әртүрлілік объектісі ретінде және экожүйенің міндетті бөлігі табиғи ортаның жағдайын әмбебап реттеушісі болады. Бұл жұмысты жүргізу негізі жердің сапасының әртүрлілігі табиғи сонымен бірге болып жатқан өзгеріс әсеріне байланыстырылған. Аймақтарға бөлуді жүргізгенде қала аумағы ластану дәрежесі бойынша айырмашылығы бар, бірнеше жағдайға (урбокешендерге) бөлінген.
Аймақтарға бөлу негізінде экологиялық жағдайдың өзгеру дәрежесі және сипаты бойынша бағаланып, аумақ белгілі зоналарға және учаскелерге бөлінген. Негізгі бағалау критериі болып, қала аумағының антропогендік жағдайын анықтайтын жердің ауыр металдармен ластану қарқындылығы алынған. Жұмыстың құрылу негізі 2000-жылдан бері осы уақытқа дейін 100- стационарлық экологиялық алаңда жүргізіліп отырған, Алматы қаласы жер мониторингісінің жүргізуі бойынша жиналған қордағы мәліметтерін жинақтап қорытқан. Аймақты табу химиялық элементтер мәліметтерінің аналитикалық қатарын сұрыптау және олармен ластану деңгейлерін бағалау бойынша, сонымен бірге топырақтың ауыр металдармен ластану картограммасы бойынша талдауы негізінде жүргізілді. Жер жағдайы туралы жүйелік ақпарат алу үшін, қала жеріне әсер ететін барлық антропогендік әсерлер кешенін сипаттайтын және стационарлық экологиялық алаңдардан тұратын аумақтық жүйе байқау пункттері құрылған [3] .
Стационарлық экологиялық алаңдар профилі әр түрлі табиғат жағдайында, әр түрлі мақсаттағы және сонымен бірге ластану деңгейлері әр түрлі жерлерде орналасқан. Байқаулар 10 жыл мерзімінен аса, ұзақ уақытта өткізіледі.
Мониторингілік жұмыстар қала аумағының әкімшілік және физико-географиялық ерекшеліктерімен аймақтық деңгейдегі, меншік түріне және пайдалану нысанына байланыссыз жердің барлық санаттарында өткізіледі.
Стационарлық экологиялық алаңдар қаланың оңтүстік шекарасынан солтүстігіне, шығыстан батысқа қарай созылып, үзік-үзік профильді жүйе түзіле, ластану деңгейі әр түрлі жерлерде салынды. Алаңдарды өндірістік кәсіпорындар, көлік жолдары бойында, жанар- жағар май, майлайтын материалдар қоймалары, мектеп, театр, тынымбақ, саябақ, автокөлік тұрақтары, жанар май құю орындары және басқа өнеркәсіптік кәсіпорындарының жанында салынған [12] .
Стационарлық экологиялық алаңдар көлемі 1 гектардан аспайды. Осы жерде байқау алаңның өлшемі 10×10м, төрт бұрышты немесе тік төрт бұрышты түрде түрі және ластану деңгейі, пайдалану сипаты бойынша бірыңғай жер учаскесі. Сынаманы алу конверттік әдіспен 0-5 және 5-20см тереңдіктен алынады.
Жерді аймақтарға бөлу схемасы есеп беру жұмысынан және 1: 4 масштабтағы картадан тұрады. Далалық тексеруде 1:2 масштабтағы топографиялық негіз қолданды. Осы картада 100 стационарлық экологиялық алаңдардан тұратын бағыт жолы торабы белгіленді.
1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Алматы қаласы жер қорының құрылымы және оның динамикасы
Жерді аймақтарға бөлу жердің бекітілген пайдалану мақсаты және пайдалану режимін (1 қосымша), жер-кадастр ақпараттарын есепке ала отырып жүргізілді. Алматы қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің 01. 11. 2005 ж. мәліметтері бойынша қалалық жер қорының көлемі 31927, 5 га құрайды. Жер пайдалану мақсаты экономикалық, табиғат және басқа жағдайлар негізінде, жер пайдаланушылардың шаруашылық бағытын, сәулет-жоспарлау, экологиялық, санитарлық және басқа арнайы талаптарды есепке ала отырып белгіленеді [1] .
Қалалық жер қорының жалпы құрылымынан ауыл шаруашылығына мақсатына бөлінген жерлер - 2, 0 мың га, елді мекендер жері - 20, 8 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер - 2, 7мың га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері - 4, 2мың га, орман шаруашылығының жері - 0, 32 мың га, су қорының жері - 1, 2 мың га, босалқы жерлер - 0, 8 мың га [6] .
Қоршаған ортаның техногендік ластануының өсуіне байланысты қаланың табиғи ландшафтын, бірегей және әдеттегі кешенін сақтау, ерекше қорғалатын аумақтарды және жасыл екпе ағаштардың алаңын көбейтуді шешудің маңызды екенін көрсетеді.
Бүлінген жерлерді, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар орнын айқындау және уақтылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге айрықша мән беру керек. Сонымен бірге өзен арналарының маңында санитарлық тазалау шараларын ұйымдастыру қажет. Қаланың су ресурстарының экологиялық жағдайын және оның мелиоративтік, гидрологиялық көрсеткіштерін жақсарту керек.
Мониторинг жұмыстарын орындауды жалғастыру және қызметі өрісін үлкейту үшін шындап ақшалай қаржыландыруды керек етеді [2] .
Алматы қаласының жер қоры
Кесте 1
1. 2 Климат
Экологиялық жағдай кешенінен қала ландшафтысына негізгі әсер беретін - климат, бедер, өсімдік және топырақ. Қала аумағындағы қоршаған ортаға қауіп тудыратын климаттың өзгеруі және бұның негізгі себебі адамдардың антропогендік әрекеті. Қаланы индустрияландырудың дамуы физико-географиялық және табиғи климат ерекшеліктеріне экологиялық талаптарға жеткілікті түрде көңіл бөлмегендіктен экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соқты [3] .
Климаттың метеорологиялық режімі тек қана табиғат құбылысына ғана емес, сонымен бірге басқа да көптеген аномалдық құбылыстарға да байланысты.
Алматы қаласы аумағы қарлы шыңды тауларға байланысты әртүрлі климат жағдайына бөлінеді.
Жердің теңіз деңгейінен жоғарлығына байланысты табиғи тік бағытты аймақтықтың білінуі климат жағдайының ауысуынан байқалады. Биіктік таңбаларының өсуіне қарай ауаның ылғалдылығы, температуралық режім ауысады, жауын - шашын мөлшері көбейеді.
Қаланың оңтүстік бөлігіне көп мөлшерлі жауын-шашын, жеткілікті ылғалдылық, температуралық режімнің жылдық маусымдық өзгерісінің аз болуы тән. Қаланың солтүстік бөлігіне жаз және қыс мезгілдерінде температуралық режім оңтүстікке қарағанда қаталдау, жауын-шашын мөлшері аздау және құрғақшылық жағдайы көптеу климаттық көрсеткіштер тән. Табиғат аймағының әртүрлі климат жағдайының анық көрінісін білуге әртүрлі биіктікте орналасқан жұмыс істеп тұрған екі метеостанция бойынша көпжылдық мәліметтері келтірілді.
• Усть - Горельник (теңіз деңгейінен биіктігі 1943 м)
• Алматы, ГМО (теңіз деңгейінен биіктігі 847 м) .
Климат көрсеткіштерінің негізі бойынша келесі заңдылықтарды көрсетуге болады.
Қаланың жоғарғы жағында температуралық режім бойынша +10° және одан жоғары температураның қосындысы 1387° құрайды, жер биіктігінің төмендеуіне байланысты, бұл шама едәуір 3411° дейін өседі.
Жылдық орташа температура Усть - Горельник м/с-ның мәліметі бойынша +3. 7°, Алматы, ГМО м/с-ның мәліметі бойынша +8. 8° жылы. Ең жылы шілде айының температурасы қаланың оңтүстік жағында +14. 6°, солтүстік жағында +23, 3°. Қаланың солтүстік және оңтүстік жағында ең суық қаңтар айының температурасы бірдей және -7. 4° суық.
Ауаның абсолюттік максимал температурасы Усть-Горельник м/с-ының мәліметі бойынша +32°, Алматы, ГМО м/с-ы бойынша +43°. Ауаның абсолюттік минимальды температурасы максимал температураға сәйкес -28°, -38° аяз.
Климат үшін температуралық инверсия тән қасиет, олай болса, жердің биіктігіне қарай температура көтеріледі. Қыста тау етегінде жазық жерге қарағанда едәуір жылы.
Жауған жауын-шашын мөлшері өте маңызды климат факторы болып табылады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде төмен, 629мм-ді құрайды. Абсолюттік биіктіктің жоғарылауына қарай жауын-шашын мөлшері 916мм-ге дейін көбейеді.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығына биіктік шамалары да әсер етеді. Аумақтың жазық бөлігінде ең биік ылғалдылық желтоқсан және қаңтар айларында -74-75%, ал ең төмен ылғалдылық шілде, тамыз айларында - 44-45% байқалады.
Тауда жыл бойында ылғалдылықтың бөлінуі өзгеше: ең жоғарғы ылғалдылық жаз кезінде 60-65%, ал төмен-қыс айларында 52-55% болады.
Қала аумағы негізінде оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бағытындағы жел әсерінде болады. Желдің жылдамдығы болар-болмас, 1, 5-1, 8м/сек-тан аспайды. Жылдағы қатты жел (15 м/сек артығырақ) болатын күн саны тауда - 2, тау етегінде - 9, жазықта - 15 күнді құрайды. Аспаптар жиі желсіз жағдайды көрсетеді. Тауда жергілікті тау аңғары желі көп болады.
Қар жамылғысының қалыңдығы аздау: солтүстікте ең үлкен қалыңдықтан орташасы 12см-ге тең, оңтүстікте тау етегінде -28см, тауда-68см. Қар жамылғысының пайда болуы 31 қазан, ал кетуі 2 сәуір және 7 мамырға келеді. Қар жамылғысымен болатын күндер саны Алматы, ГМО м/с-ы бойынша 111, Усть-Горельник м/сы бойынша -173 күн.
Іле-Алатауы етегіндегі аймақтың климат жағдайы атмосфераның өзін-өзі тазалануының мүлде әлсіз қорымен сипатталады. Температуралық режімге, жауын-шашын және желге негізінде ауаның солтүстіктен трансконтинентальдық ауысуы және ауа ағымдарының тау беткейіне соғылғанда қалың қажалу қабаты түзілуіне тау жоталарының әсері бар екені байқалады.
Сонымен қатар климат үшін температуралық инверсия тән, бұл аумақтағы климат жағдайының тереңдеп, тіктік ауа ауысуына кедергі жасап, жер беті қабатына ластағыш заттардың үздіксіз жиналуына әкеліп соғады. Бұл біздің қала үшін тұмша түріндегі айқындалуына тән құбылыс.
Қаланың жоғарғы жағында (оңтүстік бөлігінде) тау аңғары желі осы аудандағы ауаның тазарып тұруына әсер етеді. Қаланың солтүстік аумағы тау жүйелерінен алыс болғандықтан ауаның өзін-өзі тазартуы зор әлуетімен сипатталады. Бұл жерде атмосфераның өзін-өзі тазартуы тау жүйелерімен бұзылмаған орташа атмосфералық айналымға байланысты ауа ағымдары арқылы жасалады.
Қаланың метеорологиялық климат жағдайына табиғи жағдайлар ғана емес, сонымен бірге басқа ауытқу факторлары да әсер етеді. Соның бірі бұл атмосфераның әртүрлі техногендік қоспалар мөлшерімен ластануы жоғары деңгейге дейін жетеді. Қала климатының айтарлықтай тағы бір ерекшелігі қала сыртындағы жерлермен салыстырғанда ауаның температурасы бірнеше есе жоғары. Жылу әсері әсіресе тас ғимараттар, асфальт және басқа жасанды жамылғыларда шоғырланып, өзгеше жылу жинақтағыш бола алады. Олар күндіз күн энергиясын сіңіріп, түнде ақырындап суып, жылуын атмосфераға береді. Үй салынған учаскелерде буланудың аздығынан ауаның абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы төмендейді. Ауаның температурасы жоғарылануы әсерінен, сонымен бірге, қала сәулетінің дұрыс еместігінен, ауа ағымының көлденең қозғалысы төмендейді. Қалада ауа бөлшектерінің биік шоғырлануына тұмша түріндегі тұрақты тұман түзілуіне әсер етеді. Тұман қала аумағына алыстан көруді және күн сәулесінің түсуін азайтады.
Ауа алабындағы төменгі ауа қозғалысының жағдайы, қала құрылысының сай еместігі, ауа алабының экологиялық сыйымдылығын төмендететін басқа жағдайлар, өсімдік, жер жағдайының, грунт және жер беті суларының сапасын төмендетеді.
Сонымен, кенттелген ірі Алматы қаласы табиғи ортаның барлық құрауыштары - атмосфера, температура, ауа, жауын-шашын, ауаның айналымы, ылғалдылығы өзгертіп, микроклиматтың жергілікті жағдайын түзді, осы күні, табиғи аймақты өзгертіп қана қоймай, климат жағдайының бастапқы режіміне де қатты әсер етті. Қала аумағы неғұрлым өскен сайын, соғұрлым оның климат жағдайы өңірінен айырмашылығы көбейе түседі.
1. 3 Бедер және геология
Қала ландшафтының құрылу бедері әртүрлі: көлемді қыратты-ойпатты жазықтан, оңтүстігінде тау етегінен аласа тауларға, “Медеу” шатқалында Іле Алатауының орта және биік тауларына ауысатын бедерден тұрады.
Жазықтың беті аздап қыратты-ойпатты оңтүстіктен солтүстікке қарай жайпақ еңісті. Қаланың солтүстік бөлігінде абсолюттік белгілер теңіз деңгейінен 620-700м жоғары. Оңтүстік бөлігінде абсолюттік белгілер теңіз деңгейінен 800м-ден 1900м-ге дейін жоғары.
Аздап адырлы-қыратты тау етегіндегі жазық көне эрозиялық құрғақ жыралармен, сайлармен, уақытша ағын сулармен тілімделген. Жазық аумағының аз бөлігі жыртылған, көптеген каналдармен және арықтармен жырымдалған, көпжылдық жеміс ағаштарын өсіруге және ауыл шаруашылық дақылдарын егуге қолайлы.
Бедерде Үлкен және Кіші Алматы, Есентай және басқа да кіші өзендерінің аңғарлары анық айқындалған. Қала аумағының көп бөлігі тұрғын үйлер, әртүрлі кәсіпорын ғимараттары, көше, тынымбақтар және басқа объектілер салуға жоспарланған. Қала жерінің литологиялық құрылысы алювиальді және пролювиальді - делювий шөгінділерінің төрттік кезеңімен сипатталады, бұл әртүрлі саздақтар, саздар, құмдақтар, құмдар және қиыршық, малтатас шөгінділерінен құрылған.
Аллювий шөгінділері борпылдақ саңылаулы болып құрылып, құрамында құм немесе малтатас, әксаздың шаңды бөлшектерінің мөлшері көп болады, көбінесе қиыршықты-малтатас шөгінділері төселінеді. Пролювиальды делювий шөгінділері ірі материалдардан - аздап жұмырлы қойтастар, тасшақпалар, тасқиыршықтар, саздақ және балшық қатпарлы құмнан құрылған. Мұндай шөгінділер тау өзендерінің шығарынды конусында жиі байқалады. Бұл конустар өзімен-өзі қосылып ұзын тау етегін түзеді. Бедер жағдайы бойынша бұл жерді үй, өнеркәсіп объектілерін және ағаштар отырғызуға тиімді пайдалануға болады.
- Қаладағы су ресурстарының жағдайы
Қалада су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау міндеті өте өткір мәселелердің бірі. Қаладағы су көздері болып қазіргі тұрақты өзен сулары саналады: Үлкен және Кіші Алматы, Есентай және көптеген кішкене өзендер- Бутаковка, Қарғалы, Ащыбұлақ, Жарбұлақ және басқалары. Сумен қамтамасыз етудің негізгі көздерінің бірі ҮАК. Барлық өзендер - тау өзендері. Тау өзендері сулары режімінің ерекшелігі көктемде мамыр айынан бастап су тасып, күзде қыркүйек айына қарай тартылады.
Қаланы сумен қамтамасыз ету жер беті суларымен -Ү. Алматы -23% және К. Алматы өзендерімен қамтамасыз етіледі. Судың көп бөлігі шаруашылық және техникалық сумен қамтамасыз ету, саяжай учаскелерін суғару үшін, электр энергиясы өндірісі үшін қолданылады. Өзен арналарының елді мекендер арқылы өтуі біршама ластануына әсер етеді. Өзен арналарының жоғары жағына қарағанда төмен жағының ластану деңгейі жоғары болады. Қаладағы сулардың ластануының негізгі себебі су жағалауларындағы үй құрылыстары және шаруашылық объектілері, тұрмыс және өндіріс қалдықтары, сарқынды сулардың құйылуы, рұқсат етілмеген қалдық үйінділерімен былғануынан болады. Өзендердің ластануы сонымен қатар тазалағыш жабдықтардың тиімді жұмыс істемеуінің нәтижесінде, канал жүйелерінің жиі сынып қалуы да экологиялық шешілмейтін мәселелердің бірі.
Үлкен және Кіші Алматы, Есентай өзендері бойында халық санының өсуі және шоғырлануы, сонымен бірге табиғи өзен арналарын бетондау да су арналарының гидрологиялық теңгермесін бұзуға себеп болды.
Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, ҮАК жоғарғы және төмен ағымдарындағы суда балық шаруашылық су қоймасы бойынша топтастырумен мыстың мөлшері нормадан асқан. Химиялық талдау мәліметтері бойынша 6 алынған сынама бойынша (сынама 2005 жылы алынды) мыстың мөлшері 0. 05-0. 10мг/л құрайды, бұл шама 50 және 100 есе ШРК-дан асқан. Кіші өзендердің өзін- өзі тазалау қабілеті өте төмен болғандықтан, су жағалауларын қорғауды қатаң сақтау керек. Су жағалауларын және оның белдеуінде жерді жыртуға, ағаштарды кесуге, құрылыс жүргізуге тиым салу керек. Өзен суларының жасанды желдетілуін жақсарту керек.
1. 5Қаланың жасыл қорының жағдайы
Қазіргі уақытта қала экологиясына байланысты көптеген сұрақтар қаланы жасылдандыру жағдайымен байланыстырады. Қала аумағының жасыл желегі топырақ қорғау, эстетикалық және сауықтыру маңызы бар, санитарлық-гигиеналық, табиғат қорғау қызметін орындайтын және экологиялық тепе-теңдікте өте маңызды қызмет атқаратын бөлігінің бірі [4] .
Қала шегіндегі жасыл желектердің пайдалану мақсаты әр түрлі: ортақ пайдаланудағы (саябақтар, дендросаябақтар, тоғай, көгалдар, тынымбақтар, демалатын аумақтар), шектеулі пайдаланудағы (өндірістік кәсіпорындар, оқу орындары, аурухана, мекемелердің аумағындағы жасыл желектер), арнайы пайдаланудағы (ботаникалық бақ, хайуанаттар бағы, суды қорғау аймағы, “Атакент” ІБСО) . Қала аумағында табиғи өсімдіктер тек құрылыс жүрмеген учаскелерде, өзен аңғарларында, тау етегіндегі террассаларда, жол бойында ғана сақталған.
Соңғы жылдара ағаш-бұта ағаштарды отырғызу азайып кетті. Отырғызылған ағаштар аз, үлкен жолдардың бойындағы 1940-50 жылдарда отырғызылған көне ағаштардың орнын толтыра алмайды. Жыл сайын 2мыңға жуық ағаштар жойылады, оның ішінде 35%-ға жуығы заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі объектілерге және жолдарды кеңіту үшін берілген жаңа учаскелерде. Осы кезде қаланы жасылдандыру жақсара бастады. 2003жылы қаланың оңтүстік жағында 83га жерге дендросаябағы салынды. Сейфуллин атындағы саябақта біраз жер учаскелеріне ағаш және бұта екпе ағаштар отырғызылды. Көгалдар мен гүлбақтарын отырғызу шаралары жүргізілді. Баум тоғайында және саябақтар аумағында екпе ағаштардың зиянкестерін жоюға шаралар өткізілді. Сынып құлайын деп тұрған ағаштарды кесуге және агротехникалық шараларды өткізуге қаржы бөлінді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz