Жамбыл облысы Шу ауданының жер ресурстарын басқару



МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1 ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗ ДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.1 Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.2 Жер ресурстарын басқаруды ғылыми . әдістемелік қамту ... ... ... ... ... ... ... .17

2 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ.ТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Топырағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3 Рельефі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.4 Өсімдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.5 Гидрология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

3 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАС. ҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.1 Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.2 Шу аудандық жер қатынастарын басқарудың 2010.2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
3.3 Шу аудандық жер қатынастарын басқару бөлімінің нормативтік құқықтық актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3.4 Шу ауданының жер ресурстарын басқарудың жылдық есебі мен есеп беруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42

4 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ ... ... ... ... ... ...43

5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ ... ... ... ... .53
5.1 Шу ауданының жер қатынастары бөлімінің еңбек қауіпсіздігі саласында ақпарат беру мен мемлекеттік есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
5.2 Шу ауданының жер қатынастары бөлім қызметкерлеріннің әртүрлі төтенше жағдайлардан қорғау және оның бағасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
5.3 Шу ауданының жер қатынастары бөлімінің жұмыстарын орындаудағы өрт қауіпсіздігі талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
КІРІСПЕ

Қазақстан жерге бай ел. Оның қойнауы қазба байлықтарға мол. Сондықтан міндеттерді саралай келгенде экономиканы стратегиялық тұрғыдан дамудың негізгі бағыты жеріміздің ресурстық мүмкіндіктерін іске қосып, оны тиімді пайдалануға байланысты екендігі түсінікті. Елбасы еліміздің экономикасын дамытудағы жер ресурстарын атап көрсете келе, жерді, табиғи байлықтарды және ондағы жылжымайтын мүліктермен қоса алғанда экономиканы ұстап тұрған киттердің біріне теңеген болатын. [10]
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар өрмегінде жер қатынастарын реттеу, оны тиімді пайдалану және қорғау мақсатында мемлекеттік жер кадастрлары мен мониторинг жүргізу, геодезия және картография салаларында түбегейлі өзгерістер жасалды. 1996 жылы Мемлекеттік жер комитетіне Қазақстан Респубикасы геодезия және картография бас басқармасының міндеттері мен өкілеттігі қоса жүктелді. 1997 жылы Мемлекеттік жер комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі болып қайта құрылды.Қазіргі уақытта жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстанның жер қорларына басшылық жасау жөніндегі бірден–бір өкілетті органға айналды. Мемжерком, кейіннен агенттік барлық деңгейдегі билік және басқару органдарымен тығыз байланыс жасай отырып, Қазақстан Республикасында жер реформасын жасауды және үйлестіруді қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде елімізде жаңа жер ресурстарын басқару агенттігінің негізі қаланды. [15]
Жер ресурстарын басқару агенттігінің атқаратын тағы бір жауапты міндеттердің бір еліміздің мемлекеттік шекарасын халықаралық заңнамалар негізінде делимитациялау мен демаркациялау болып табылады. Алдағы уақытта асыл қазынамыз-жер қорларын мемлекеттік мүдде, халықтық,
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Жер ресурстарын басқару: Оқулық. – Астана, 2005. – 284б.
2. Алтынбеков Б.К. Шу қаласының жер ресурстарын басқарудың турақтылығын бағалау. Ізденістер, нәтижелер, 2010. - №1. – Б.3-5. (журнал)
3 . Сейфуллин Ж.Т. Гендельман Г.Р. Жерге орналастыру және ғылыми-әдістемелік негіздері: Астана 2006ж
4. Стамқұлов Ә.С, Стамқұлова Г. Ә.Қазақстан Республикасының жер құқығы: Жалпы бөлім - Алматы: Заң әдебиеті, 2006ж-334бет
5. Аудан схемасы жерін бөлуді өңдеу бойынша әдістемелік сілтеулер.
6.Қ Р жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі. Астана: 2004ж.
7. Шу ауданыны әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің әдістемелік сілтеуі.
8. Қазақстанның жер ресурстары журналы, 2007ж. № 8 басылым.
9. Қазақстанның жер ресурстары журналы, 2008ж. № 2 басылым
10.Гендельман М.А. Қырықбаев Ж.Қ Жерге орналастырудың және Кадастрдың ғылыми негіздері. Астана 2004ж Фолиант,154 бет
11.Сейфуллин Ж.Т. Сейтхамзина Г.Ж. Игембаева С.К.Мемлекеттік жер кадастрының жаңа технологиясы» Оқу құралы Алматы :2008ж
12. Хакімжанов Т.Е .Еңбек қорғау «ЭВЕРО», 2008-240 бет
13. Қазақстанның жер ресурстары журналы, 2009ж. № 1 басылым
14. Қазақстанның жер ресурстары журналы, 2009ж. № 3 басылым
15. Қазақстанның жер ресурстары» журналы, 2010ж. № 1 басылым
16. Қазақстанның жер ресурстары» журналы, 2010ж. № 2 басылым
17. Жертану Жер туралы ғылымдар Жер ресурстары наука 2007ж
№3-156-158б Библоогр 3 атау.
18. Жер құқығы: Жамбыл облысы. Жер ресурстары.
19. Егемен Қазақстан 2007ж 16.11ай №355,356-3, 4 беттер.
20 Гендельман М.А. Научные и методические основы землеустройства М
Колос 1978 г стр- 133
21. Конарева Ф М. “Охрана труда” М Агропромиздат 1988г стр- 149
22. Петренко И.Я, Чужинов П.И Экономика сельского хозяйства. Алматы 1992г стр- 128
23. Дегтярев И.В. «Жер Кадастры» Москва Колос 1979ж
24 Нормативный справочник по сельскому хозяйству М 1971- стр 70
25. Агроклиматические ресурсы Жамбылской области, Казахской ССР Гидрометиздат 1987г стр- 52.
26. Луковников А.В. Шкребак В.С. «Еңбеқ қорғау» Москва В.О. Агропромиздат 1991ж
27. Белянов Г.И. «Еңбек қорғау» Москва Агропромиздат 1990ж 52-58бет
28. Сейфуллин Ж.Т. «Қазақстанның жер кадастры» Алматы 2000ж 188бет
29.Аграрлық өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заң жинағы Алматы 1991ж.
30. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 26.06.2003ж
31. Инструкция по охране труда для водителя грузовых автомобилей по “Охрана труда”.
32. Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты. (2010 жылғы қаңтардың 1-не)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Едилбаева Динара Догдырбаевна

Жамбыл облысы Шу ауданының жер ресурстарын басқару

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 050907 – Кадастр

Алматы 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

___________________________________ _______________________ факультеті

___________________________________ ______________________ кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Тақырыбы: ___________________________________ ______________________
___________________________________ _________________________________

___________________________________ _________________________________

Беттер саны
_________________
Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны ___________
Қосымшалар
________________

Орындаған ___________________________________ _________________
(аты-жөні)

20 ___ ж. “____” _____________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі _________________ ___________________________
(қолы) (аты-
жөні)
Жетекші __________________ ___________________________
(қолы)
(аты-жөні)

Арнайы тараулар кеңесшілері:

_________________________ ________________
________________________________
(тарау) (қолы)
(аты-жөні)

_______________________ ________________
________________________________
(тарау) (қолы)
(аты-жөні)

Норма бақылау ___________________
________________________________
(қолы)
(аты-жөні)

Сарапшы ___________________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)

Алматы – 2010 ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті

мамандығы
___________________________________ _________________________________

___________________________________ ____________________________________кафед
расы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент

(аты-жөні)

Жұмыс (жоба) тақырыбы
___________________________________ ______________________________

___________________________________ ___________________________________ ______
___________

___________________________________ ___________________________________ ______
___________

___________________________________ ___________________________________ ______
___________

Университет бойынша 200___ж __________________ № _____ бұйрығымен
бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 200___ж _____________________

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ______________

Дипломдық жобада жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі

___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________
___________________________________ ___________________________________ ______
____

___________________________________ ___________________________________ ______
____

___________________________________ ___________________________________ ______
____

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
___________________________________

___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___

___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___

___________________________________ ___________________________________ ______
____

Ұсынылатын негізгі
әдебиеттер___________________________________ ____________________

___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ __________________

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1 ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗ
ДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

1.1 Жер ресурстарын басқарудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..13
1.2 Жер ресурстарын басқаруды ғылыми - әдістемелік
қамту ... ... ... ... ... ... ... .1 7

2 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ-
ТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2
Топырағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3
Рельефі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.4
Өсімдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.5
Гидрология ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

3 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАС- ҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..32
1. Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... 32
2. Шу аудандық жер қатынастарын басқарудың 2010-2014 жылдарға арналған
стратегиялық
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .38
3. Шу аудандық жер қатынастарын басқару бөлімінің нормативтік құқықтық
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
4. Шу ауданының жер ресурстарын басқарудың жылдық есебі мен есеп
беруі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

4 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ ... ... ... ... ... ...4 3

5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ ... ... ... ... .53
5.1 Шу ауданының жер қатынастары бөлімінің еңбек қауіпсіздігі саласында
ақпарат беру мен мемлекеттік
есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.53
5.2 Шу ауданының жер қатынастары бөлім қызметкерлеріннің әртүрлі төтенше
жағдайлардан қорғау және оның
бағасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
5.3 Шу ауданының жер қатынастары бөлімінің жұмыстарын орындаудағы өрт
қауіпсіздігі
талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6 4
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...67

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

АНЫҚТАМАЛАР

Жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік
азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтардың, заңды тұлға құрмай-ақ,
кәсіпкерлік қызметпен және шаруашылық қызметпен және шаруа (фермер)
қожалығымен айналысуға құқығы бар.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар - меншікке, шаруашылық жүргізуге
немесе жекеленген мүлікті оралымды басқаруға құқығы бар ұйымдар (түрлері
мен нысандары - шаруашылық серіктестердің барлық түрлері, акционерлік
қоғамдар, өндірістік кооперативтер). Заңды тұлғалардың және коммерциялық
емес ұйымдар (мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері,
селолық тұтынушылар кооперативтері және заңдарда көзделген өзге де
нысандар).
Жергілікті атқарушы органдар – аудандық дәрежедегі, облыстық, Алматы,
Астана қалаларының, облыстық дәрежедегі қалалардың, аудандық (қаладағы
аудандардан басқа) атқарушы органдары кент, ауыл (село), ауылдық селолық
округ әкімдері.
ҚР ҮҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган – облыстық, аудандық
жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - құрамына ауыл шаруашылығы
алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық
жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелорациялық желі, қора-
жайлар мен ғимараттар орналасқан жерлер, сондай–ақ басқа да алқаптар (сор,
құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да
алқаптар кіретін ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін берілген жерлер).

КІРІСПЕ

Қазақстан жерге бай ел. Оның қойнауы қазба байлықтарға мол. Сондықтан
міндеттерді саралай келгенде экономиканы стратегиялық тұрғыдан дамудың
негізгі бағыты жеріміздің ресурстық мүмкіндіктерін іске қосып, оны тиімді
пайдалануға байланысты екендігі түсінікті. Елбасы еліміздің экономикасын
дамытудағы жер ресурстарын атап көрсете келе, жерді, табиғи байлықтарды
және ондағы жылжымайтын мүліктермен қоса алғанда экономиканы ұстап тұрған
киттердің біріне теңеген болатын. [10]
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар өрмегінде жер қатынастарын
реттеу, оны тиімді пайдалану және қорғау мақсатында мемлекеттік жер
кадастрлары мен мониторинг жүргізу, геодезия және картография салаларында
түбегейлі өзгерістер жасалды. 1996 жылы Мемлекеттік жер комитетіне
Қазақстан Респубикасы геодезия және картография бас басқармасының
міндеттері мен өкілеттігі қоса жүктелді. 1997 жылы Мемлекеттік жер
комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі
комитеті, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару
агенттігі болып қайта құрылды.Қазіргі уақытта жер ресурстарын басқару
агенттігі Қазақстанның жер қорларына басшылық жасау жөніндегі бірден–бір
өкілетті органға айналды. Мемжерком, кейіннен агенттік барлық деңгейдегі
билік және басқару органдарымен тығыз байланыс жасай отырып, Қазақстан
Республикасында жер реформасын жасауды және үйлестіруді қамтамасыз етті.
Соның нәтижесінде елімізде жаңа жер ресурстарын басқару агенттігінің негізі
қаланды. [15]
Жер ресурстарын басқару агенттігінің атқаратын тағы бір жауапты
міндеттердің бір еліміздің мемлекеттік шекарасын халықаралық заңнамалар
негізінде делимитациялау мен демаркациялау болып табылады. Алдағы уақытта
асыл қазынамыз-жер қорларын мемлекеттік мүдде, халықтық, патриоттық
тұрғысынан қорғау, жер ресурстарын басқару агенттігінің қызметкерлерінің
азаматтық парызы болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне сәйкес, жер ресурсын басқару ҚР
Үкіметінің, облыстық, ауылдық, қалалық атқарушы органдар құзырына кіреді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының жер ресурстары мен ауыл шаруашылық
ұйымдарының соңғы бағасы бойынша ауыл шаруашылық жерлеріндегі топырақтың
деградацияға ұшырауы тек Азия, Африка елдерінде ғана емес, Қазақстанның
көптеген аймақтарында тән екені айқындалады.
Соңғы 20 жылда жер бетінде ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің беткі
қабатының 480 млрд тоннасы жойылған. Барлық жыртылған жерлер мен жайылымның
едәуір бөлігі белгілі бір деңгейде деградацияға ұшыраған.
Қазақстан жер ресурсының аумағы бойынша Азиядағы үшінші ел, ол табиғи
ауыл шаруашылығы аймақтарын қамтитын 272,5 млн. гектарды алып жатыр.
Далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейтті және шөлді төрт аймақтың үлесіне
жалпы аймақтың 87,4% және ауыл шаруашылығы алқаптарының 88,3% жатады.
Қазіргі кезде Республикамызда топырақты зерттеу жұмыстары төмен қарқынмен
жүргізілуде (жылына 2 млн. га жер). Жер ресурсының жағдайын зерттеу үшін,
ең алдымен оның сапалық сипатын анықтау керек, ал бұл үшін жыл сайынғы
топырақ зерттеу жұмыстарының көлемін 5-7 млн. гектарға дейін ұлғайту керек.
[28]
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29
қаңтарындағы Қазақстан халқына Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты жолдауында әртараптандырудың маңызды
сегменттерінің бірі агроөнеркәсіптік кешен екенін, 2014 жылға қарай
агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есеге арттыру
қажеттігін айтты.
Өнімділікті арттыру және еліміздегі азық – түліктіпен қамтамасыз ету
мәселесін шешу үшін, жер ресурсын басқаруда оның табиғи және аймақтық
ерекшеліктерін ескермесек, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің көлемі жыл
сайын азайып, елімізді азық – түлікпен ету алдағы жылдары күрделене түсуі
және жағдайы қиынға айналуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігінің
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29
қаңтарындағы Жолдауынан және 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарынан туындайтын Жер ресурстары Агенттіктің міндеттері туралы деген
тақырыптағы кеңейтілген Алқа отырысы өтті. [16]
Атап өтерлігі, Жер ресурстарын басқару Агенттіктің төрағасы
Ө.Өзбекұлы сөз басынан Ел Президентінің халыққа жолдауынан туындайтын Жер
ресурстарын басқару Агенттіктің алдындағы міндттерге тоқталды. Соның ішінде
біріншіден , Стратегиялық жоспарды іске асырудың базалық шарттарын іске
асыру мақсатында: сенімдік құқықтық орта қалыптастыру бағыты бойынша Жер
ресурстары Агенттіктің орталық аппаратына жер заңнамаларын
алдын ала одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүргізу және Парламент Мәжілісі
қарауында жатқан Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
заң жобасының тезірек қабылдануына ықпал жасау.
Екіншіден, Жолдауда белгіленген ауыл шаруашылығы саласында еңбек
өнімділігін арттыруға қатысты мәселелер бойынша,үдемелі индустриялық даму
бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін, жер ресурстарға қол жеткізу
мақсатында пайдаланбай жатқан жер телімдері мен кен орындарын мемлекетке
қайтару жұмыстарын іске асыруды жандандыру тапсырылды.
Үшіншіден, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мақсатында, Жер ресурстарын басқару Агенттіктің орталық аппараты мен өңір
аралық жер инспекцияларына кәсіпорын басшыларына жерге орналастыру,
геодезия және картография саласынада кадрларды қайта дайындау және олардың
біліктілігін арттыруды қолға алу,инновацияларды кеңінен енгізу, шетелдік
тәжірибелерді пайдалану, осы мақсатта аталған салалар бойынша басқада
ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, салалық оқу орындарымен тыңыз байланыс
орнату.
Төртіншіден, елді жаңғырту стратегиясының кепілі адамдардың
әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Бесіншіден, Жер ресурстарын басқару мен оның аумақтық органдарына,
өндірістік бөлімшелеріне Мемлекеттік Басшы мен Үкіметтің Жер ресурстарын
басқаруына қатысты тапсырмаларын дер кезінде жүзеге асыру және Жер
ресурстары басқарудың стратегиялық жоспарында белгіленген міндеттемелерді
орындау мен бюджет қаржыларын тиімді пайдалану тапсырылады.
ҚР Жер ресурстарын басқарудың Алқасы жайында көтерілген мәселелер
бойынша қаулы қабылданды. Сөз соңында Қазақстан Республикасының Жер
ресурстарын басқару Агенттігі де 2009 жылғы алға қойған міндеттемелерін
толықтай орындады деп айта аламыз. Өңіраралық жер инспекцияларымен
жүргізілген тексерулердің басым көпшілігі Алматы қаласында, яғни, мұнда
республика бойынша жалпы тексерудің 48% жүргізілген, жоғары көрсеткіштер
Атырау, Жамбыл, және Павлодар облыстарында орын алған.Ал төмен көрсеткіштер
Астана қаласында, Алматы және Атырау облыстарында байқалады.
Жер ресурстары – бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың
әлеуметтік – экономикалық қолайлылығының негізі. Оның өзі Қазақстан
халқының игілігіне, болашақ ұрпақтарына пайдалануы тиіс. Осы қағиданың
негізінде, елдің бүкіл жер қорын тиімді, әрі қолайлы пайдалануды және де
қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқарудағы мемлекеттің
алатын орны мен ролі туындайды
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1991- 2001ж. бұйрығы бойынша, Жер
ресурстарын басқару Агенттігіне жер реформаларын үздіксіз басқару және бір
жүйеге келтіруді талап етті. Оның нәтижесі жаңа жер қатынастарының пайда
болуына әкелді. [1]
1. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Қазақстанның жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
болып табылады және заңда қарастырылған арнайы атқарушы, шешуші және
бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асырада, сондай-ақ мемлекеттік жер
ресурстарын басқару, жерге орналастыру аясында мемлекеттік жер кадастры мен
жер мониторингін, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды
реттейді. Сонымен қоса жерге орналастыру, картографиялау, жер кадастры мен
жер мониторингін жүргізу жұмыстарын тікелей жер ресурстары және жерге
орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының еншілес кәсіпорын
жүйелерімен бірге, мемлекеттік ауыл шаруашылық аэрофото-геодезиялық
зерттеулер институты, геодезия және картография жүйесіндегі қазыналық
кәсіпорындар атқарады. [1]
Жер ресурстарын басқару барлық облыстарда, Астана және Алматы
қалаларында жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттері бар. Қарамағын
дағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми - өндірістік
орталығы, оның аудандық және қалалық кадастрлық филиалдары бар еншілес
кәсіпорындар; [3]
Қазыналық кәсіпорындар: "Қазгео-карт", "Оңтүстік геодезия", "Картогра
фия", "Астана топография","Ұлттық картографиялық – геодезиялық қоры",
"Батыс геодезия","Орталық маркшейдер", "Солтүстік геодезия","Шығыс
геодезия" соған қатысты Агенттік мемлекеттік басқару органдары қызметін
атқарады.
Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқаруҮкіметтің құрамына
кірмейтін, заңнамада көзделген шектерде арнайы атқару, рұқсат ету
және бақылау–қадағалау функцияларын, сондай – ақ жер ресурстарын
мемлекеттік басқару саласында топографиялық – геодезиялық және
картографиялық Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы
болып табылады. Жер ресурстарын басқару өз қызметін Қазақстан
Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына,
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің келісімдеріне,
өзге де нормативтік құқықтық келісімдерге, сондай – ақ осы
ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Агенттіктің ережесі мен оның
штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы
заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде
жазылған мөрлер мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер,
сондай – ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады. Жер
ресурстарын басқару азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Сонымен қоса заңнамаға сәйкес уәкілетті болса,мемлекеттің атынан
азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Жер
ресурстарын басқару өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңнамада
белгіленген тәртіппен төрағаның бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер
қабылдайды. Жер ресурстарын басқару облыстарда және Астана, Алматы
қалаларында, аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда заңды
тұлғалар болып табылатын аумақтық органдар болады. Жер ресурстарын
басқаруды бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын
міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық
қатынастарға түсуге тыйым салынады. Жер ресурстарын басқару заңнамалық
келісімдермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,
онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің
кірісіне жіберіледі. [8]
Жер ресурстарын басқарудың өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында
заңнамада белгілеген тәртіппен:
Мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан
және азаматтардан жерді пайдалану мен қоғау мәселелері жөніндегі
және геодезия мен картографиялық саласындағы қажетті ақпаратты
сұратуға және алуға;
заңнамалық келісімдерде көзделген негіздеме бойынша жер
учаскелеріне меншік құқықтары мен жерді пайдалану құқықтарын тоқтату
туралы атқарушы органдардың қарауына ұсыныстар енгізуде;
жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасына қайшы келетін
шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар. [4]

ҚР Жер ресурстарын басқарудың негізгі қызметтері, міндеттері:

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқарумен және оның
жергілікті жерлердегі органдарының негізгі қызметтері мен міндеттері.
1)Жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және
картография салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) Жер реформасын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге
асыру, оны ғылыми, кадрлық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, жерге
орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
3)Мемлекеттік жер кадастрының жердің мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
4)Қазақстан Республикасы жер ресурстарын Жер ресурстарын басқарудың жай-
күйі;
5)Жер ресурстарын басқаруды аймақтандыруды қысқаша ұйымдастыру;
6) Жерлердің пайдаланылуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру;
7) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындайды;
8) Жер ресурстарын басқарудың бір жүйесімен жерге орналастыруды
ұйымдастыру;
9)Жерді қатынастар саласында мемлекет мүдделерін қадағалау,қорғау;
10) Жерді аймақтарға бөлу негізінде оның пайдаланылуын жоспарлау мен оған
болжам жасауды ұйымдастыру, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
11) Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия беру;
12) Пайдаланылмай жатқан жерді және заңдарды бұза отырып пайдалану;
13) Жер заңдарын бұзушылықты жою жөнінде шаралар қолдану;
14) Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты республикалық,
облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама
жүргізу;
15) Егер құрылыс, пайдалы қазбалар кеніштерін дайындау, объектілерді
пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңдарын, жерді
пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл
жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар;
16) Жер заңдары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді
қарау. [3]
1991жылы Президенттің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы ның жер
қатынастары және жерге орналастыру жөнінде Мемлекеттік комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару бүкіл ел аумағындағы
аумақтық органдарын басқарудағы вертикалды құрылымын ұсынады.Қазақстан
Республикасының жер ресурстарын басқару әр облыста, Алматы және
Астана қалаларында жер ресурстарын басқару комиттері бар. Жер
ресурстарын басқару құрамында мемлекеттік меншік субъектілерінің
құқықтық функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер кіреді.
Қазіргі уақытта Жер ресурстарын басқару Қазақстан Республикасының жер
ресурстарын басқару органдарының функционалды орталығыболып табылады, онда
заңдармен қарастырылған Қазақстан Республикасының деңгейіндегі жер
ресурстарын басқару жұмыстары жүргізіледі, яғни жерге орналастыру
мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жер мониторингі және т.б. [6]

1.2 Жер ресурстарын басқаруды ғылыми - әдістемелік қамту
Жер ресурстарын тиімдім ғылыми әдістемелік қамту үшін 2004 жылдан
бастап, 006 республикалық бюджеттік бағдарлама аясында Жер ресурстарын
басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) орындалады.
ҒЗЖ материалдары негізінде, өндіріске жүзден аса жер кадастрлық, жерге
орналастыру жұмыстарының негізгі түрлері бойынша әдістемелік, нұсқаулықтар
дайындалады.
ҒЗЖ алғашқы кезектегі бағыттары:
1. Жер ресурстарын басқару жүйесінің автоматтандырылған жүйесі мен жер
кадастрын жетілдіру (Жер ресурстары ЖРАЖ ЖКЖ).
2. Қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйені пайдаланумен жер
мониторингін жетілдіру.
3. Ландшафтық экологиялық қатынас негізінде ғылыми әдістемелік қамтуды
ұйымдастыру.
4. Жер ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану, әлеуметтік тиімді
жер нарығы және экономикалық ынталандыруға көшу үшін ақылы жер пайдалануды
жетілдіру 2008 жылдан басталған ғылыми зерттеу, жер – мүлік кешенін
қалыптастыру әдістемеліктерін әзірлеу; Қазақстан Республикасының жер
ресурстарын бақылау деп- жедел тапсырмалары мен бағдарламаларға сәйкес,
өзге де міндеттерді, сондай-ақ жер айналымын мемлекеттік реттеу механизмін,
жер және мүлік салынған есептеудің бірыңғай базасы мен әдістемесін қолдану,
салық салудың парапар жүйесін аяқтау жұмыстары тұр.
Жер саясаты саласындағы мемлекеттік стратегияның мақсаты: жер
ресурстары мүмкіндігі мен оны қорғауды барынша тиімді пайдалануды
қамтамасыз ету.
2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, республиканың жер қоры
жағдайының өзгерісін, жер мониторингі жүйесінің бастапқы құрылымын құру
бойынша еліміздің түрлі табиғы аймақтарына 732 стоционарлық (533) және
(199) жартылай стоционарлық бақылау орындары салынды. [3]
2. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.
Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан, аумағы
144,3 мың шаршы километр, халқы 2001 жылдың 1 қаңтарына - 1,1 млн адам.
Облыс орталығы Тараз қаласында 324,1 мың адам тұрады.
Тараз қаласынан басқа облыста 3 қала (Қаратау, Жаңатас, Шу), сондай-ақ
132 кенттік және ауылдық округтер бар. Олардың құрамына 568,1 мың адам
тұратын 382 елді мекендер енген.
Шу ауданы, Жамбыл облысының оңтүстік шығыс бөлігінде, Қордай, Мерке,
Мойынқұм аудандары, Алматы облысының жерімен және Қырғызтсан Республикасы
мемлекетінің шекарасымен шектеседі.Шу ауданының орталығы Төле би ауылы.
Аудан құрамына 18 ауыл округтері мен 1қала Шу қаласы кіреді. Облыс
орталығынан 264 км қашықтықта орналасқан. Шу ауданының халқы 100,0 мың
шамасында. Аудан 1939 жылы құрылған. Географиялық қатынасы негізінен
жазықты. [7]
Жамбыл облысы, Шу ауданында жер ресурстарын басқару басқармасы 1940 жылы
құрылды. 1947 жылы ол облыстық,аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының
жерге орналастыру мен ауыспалы егістік бөлімі болып өзгерді.1959 жылы ол
аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының жерге орналастыру экспедициясы
болып қайта құрылды. 1969 жылы осы экспедиция негізінде Қазгипрожер
институтының филиалы, құрылды, ал 1994 жылы МемжерҒӨО ның Жамбыл филиалы,
1997 жылдан бері ЖамбылжерҒӨО ның ЕМК болды. Жамбыл облысында, Шу
ауданында жерге орналастыру қызметін әр жылдарда В.В. Даниленко,
Н.П.Калашников (1962- 1971), В.Н.Созанович (1971- 1996) басқарды, бұл
қызметті 1996 жылдан бері Н.Ж. Артаев атқарып келеді. ЖамбылжерҒӨО ЕМК
құрамында-6 бөлім, 11 жер кадастрлық филиалдар және облыс орталығының
ЖККААЖ бар. 2008 жылы 276,4 млн. теңге игерілді, таза табысы-7,26 млн.
тенге, табыстылығы - 4,6 болды.
Облыс территориясы 144,2 мың кв. км. Облыста 10 аудан, Тараз облыс
орталығы және үш қала Қаратау, Жаңатас, Шу аудан ортылықтары.
Облыста 1 млн адам тұрғылықты тұрғындар оның ішінде 100 басқа ұлт өкілі
және 65%-ы қазақтар.
Облыстың, Шу аудандық өзіне тән климат ерекшелегі-қуаншылығы мен
континенттілігі. [14]
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің табиғи көрінісі көлемді және әртүрлі.
Облыстағы Шу аудан бойынша өсімдіктердің 3 мыңға жуық түрі бар. Ақшылыққа
пайдаланылатын жердің жалпы көлемі 13,9 мың га. Онда 40 түрлі жануарлар
мекендейі. Балықшаруашылығы 27,8 мың га жерді алып жатыр. Оның ішіне 81 су
қаймасы 59 су қаймасы балықшаруашылығына жарамды. Әсіресе Тасөткел, Псеріс-
Ашыбулақ ірі су қаймалары ерекшеленеді. Мұңда ақ амур, карп сазан көксерке
табан вобла балықтарының түрлері басым.
Облыс территориясында 3 қорық жұмыс істейді:
- "Берікқара шатқалы" мемлекеттік қорығы 17,5 мың га жерді алып жатыр.
Бул жерде Қызыл кітапка енгізімен 50 ден аса ағашты-бұталы өсімдіктерді,
жануарлардан архар , үнді жайрасын жумақ шыбын ұстағымын кездестіруге
болады.
-"Қарақундыз шатқалы" мемлекеттік қорығы 3,07 мың га жерді алып жатыр,
орналасқан жері Іле Алатауның батыс сілемі. Алма, шие, жүзім, алша жеміс
ағаштары үйеңкі, ақ акация, тұт ағаштары, грек жаңғағы ағаштары
учаскелерімен алмасып отырады.
-Андасай мемлекеттік қорығы Шу өзенің оң жағалауында Мойынқұм ауылынан
батысқа қарай орналасқан, көлемі 1000 мың га. Мұндағы өсімдіктердің басым
көпшілігі бетеге, биюргун, сексеул, бұталы ағаштар. Жануарлардан архар,
Қулан, елік қабан, қоян, қырғауыл құр мекендейді.Облыс агрорлы-индустриялды-
23,8% жалпы өнеркәсіп, 20,2%-ауылшаруашылығы, 16,6% транспорт және
байланыс, 6,5% қурылыс, 9,2% сауда, 27,7% басқа салалар. Облыстың 7 ауданы
аграрлы сектор, қалған 3 ауданында таулы-кен комплекстерінің арқасында
өнеркәсіп дамыған.Облыс өнекәсібінің дамуына облыс орталындағы мекемелер
де едәуір үлес қосуда.
Жамбыл облысты фосфорит және ерігіш шпатты ишкізаттың бірегей базасы
болып табылады. Облыс территориясында 71,9%-ы республика фосфорит қорының
балансы, 68%-ы ерігіш шпат, 8,8%-ы алтын, 3%-ы мыс, 0,7%-ы уран. Облыс
түсті металға, баритке, көшірге, техникалық тастарға және құрылыс
материалдарына бай. Шу-Сарысу ойнатының бірнеше жерлері табиғи газға
бөлінген. Амангелді газ орындарының 18 скважинасы бұрғыналып, көгілдір
отынның 820 мың куб метрі берілді. Газ конденсатын өндіру шағын заводының
қурылысы аяқталып келді. Облыс тұрғындары өз газымен қамтамасыз етеледі.
Қорғасынды-мырыш минерализациялы орындары Шу-іле аймақтарында
анақталды. Шатыркөлде мыс кені. Шу ауданында пашметалл өндіру іске асуда.
Облыс республика бойынша су асты қорынан 3 орында. 4520,94 мың м3 тәулік
қорын пайдалануда 40 су орындары анықталды.
Сарысу ауданындағы тұз орындары өнеркәсіптік қызығушылық тудырады.
Жемдік Және техникалық тұз қоры 10 млн тн қурайды. Мемлекеттік
стандартталаптарына сәйкес йодты көбейтуді талап етпей тін тұзды сумен жуу
тәсілдері арқылы ас тұзын өндіруге болады.
Жамбыл облысында минералды сумен емдеудің 2 орны бар, тәүлігіне 0,518 мың
куб метр қоры бар Меркі және Ұзынбулақ-Арасан, химиялық құрамы минералға
жақын оншақты жерасты участке қорлары анықталды.
Облыс ішкі және халықаралық туризмді дамытуға мүмкіндігі бар. Сайрам-Тараз-
Ақшалақ-Ақыр-төбе стансасы-Құлан-Меркі-Шу-Аспара арқылы ұлы Жібек жолы
өткен және бұл жерлерде қызықты мәдени тарихи есткерткіштер орналасқан.
[16]
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жер ресурстарын басқару қызмет
істері агенттігінің Жамбыл облысы, Шу ауданы бойынша басқармасының 2009
жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы аймақтағы кадр жағдайының
мониторингі 2010 жылдың 1 қантарғы облыстағы мемлекеттік қызметшілердің
штаттық саны 5459 бірлік, оның ішінде:
-Саяси мемлекеттік қызметшілер – 174 бірлік;
-Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер – 5285 бірлік;
2009 жылғы 1 қаңтарға қараған жағдайда әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің саны 193 бірлікке қысқарды.
Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 5144 бірлікке тең, оның ішінде:
-Саяси мемлекеттік қызметшілер – 158;
-Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер – 4986;
Мемлекеттік қызметшілердің гендерлік құрамы
158 саяси мемлекеттік қызметшілердің ішінде 6 әйел адам бар, бұл жалпы
санның 3,8 пайызын құрайды.
4986 әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ішінде 2427 әйел адам бар, бұл
жалпы санның 49 пайызын құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің ұлттық құрамы
2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайда облыста 25 ұлттың өкілдері мемлекеттік
қызмет атқаруда, оның ішінде:
-Қазақтар – 4782 қызметші (93%)
-Орыстар – 171 қызметші (3,3%)
-Басқа ұлт өкілдері – 191 қызметші (3,7%) [13]

2.1 Климаты
Жамбыл облысы, Шу ауданының табиғаты температураның құбылмалылы-ғы,
жауын-шашынның әр жылы әр территорияға әр түрлі түсетіндігі ауаның
құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады. Шу
аудан климаты өте тез өзгермелі, маусымға және тәулікке байланысты
температура құбылмалы болып келеді.Сонымен қатар қыс мезгілі өзінің қатаң-
дығымен және тұрақсыздығымен ерекшеленеді.
Ерекше ыстық болған жылдары күндізгі ауа температурасы шөлді
бөліктерде 45-47º-қа дейін көтеріледі, ал тау бөліктерінде 40-42º-қа
жетеді.
Орта тәуліктік ауа температурасының көктем басындағы 0º ауысуы
наурыздың екінші жартысынан байқалады. Таулы аймақтарда наурыздың соңы мен
сәуірдің басында байқалады. Көктемгі кезеңнің өйту мезгілі облыстың жазық
беткейіндегі территорияларында 40-55 күнге, тау беткейлерінде 50-60күнге,
ал тауларда 70 күнге созылады.
Бүкіл жыл бойына 2700 сағ.күн сәулесінің, оның 2000 сағат (74%) жылы
кезеңге келеді.Шөлді және жартылай шөлді аудандардың жылы кезеңдері, жылдық
дымқыл ауа температурасының орташа баяулығы 40-45%, тек төменірек болуы
30%-тен маусым-тамыз айларында байқалады. [5]
Э.Е.Зарянбо классификациясы бойынша ауданның территориясында
агроклиматтың мынадай бөліктері байқалады: өте кебу ыстық, кебу ыстық, өте
кеуіп кеткен тау етегі, таудағы қапырық және ыстығы.
Жаз салқынырақ, әсіресе батыс аймақтарда шілденің орташа темпера-
турасы 22,5-25º.
Дымқыл ауаның төменгі баяулығы жыл бойына 120-130 күнді құрап отырады,
құрғақшылық 50-100 күнді, ал оның ішінде қатты құрғақшылық 10 күнді
алады.Орша суммалы температурасы 0º бастап ауытқуы, яғни көктемнің бастапқы
кезеңі наурыздың екінші жартысында байқалады. Оның созылу барысы 60-70
күн, соңғы көктемгі үсіктер сәуірдің аяғы, мамырдың басына таман басталады.
Күзгі ауытқулар қыркүйектің ортасына таман басталады.
Аязсыз кезеңнің барысы 120-190 күнге созылады, батыстан шығысқа қарай
бағытталып отырып, көбейе түседі.
Тұрақты қар жамылғылары желтоқсанның бірінші декадасында қалыптасады.
өйту барысы 60-100 күн, қардың орташа биіктігі 20-40 см, судың қардағы
сақталуы 40-75 мм, жазықтықтағы орташа температура көбіне -32º-40º,
төмендегенде -37º -47º.
Жамбыл облысы, Шу ауданының оңтүстік, таулы аймағының ауа-райы
жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес. Ылғал да біршама жақсы түседі.
Жамбыл облысы, Шу ауданының ауаның жылдық орташа температурасы 0,5 және
10,5 градус арасында ауытқып тұрады. Ал Солтүстік және таулы аудандарда 6,5-
8 градус, орталық аудандарда 9-10 градус шамасында болады.
Ең суық ай – қаңтардағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудандарда
минус 5-9, солтүстік аудандарда 12-14 градус. Ал жылдың суық кезеңіндегі
ауаның орташа температурасы 3-4 және 7-8 градус суықтық аралығында. Кей
жылдары аяз 42-47 градусқа дейін жетеді.
Жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Жамбыл
облысы,Шу ауданының шөл аймақтарында ол жылына 100-150мм, жазықтықта 450-
500 миллиметрге дейін түседі. Жауын-шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда
жылы кезеңінде неғұрлым мол түседі, оның 30-40 проценті көктемде жауады.
Қар жұқа түседі, әр тұрақтамайды. Ол ең қалыңдағанда лблыстың солтүстігінде
10-нан 20-35 сантиметрге дейін, оңтүстігінде – (15-30, тау бөктерлерінде –
20-40, тау бастарында 20-40 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді.
Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда – 80 – 100 оңтүстікте
40-60 сантиметр. Э.С. Зарембо классификациясы бойынша облыс территориясы
мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді: өте құрғақ, ыстықтау (Iа), өте
құрғақ, ыстық (II),өте қуаң тау бөктері (III),қуаңдау және ыстықтау таулы
аудан (IV).
1а. Өте құрғақ ыстықтау агроклиматтық ауданға Бетпақдаланың шығыс
бөлігі (Сарысу ауданының солтүстік-шығыс, Мойынқұм ауданының солтүстік
бөлігі) жатады.Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 миллиметр. Жылдың
мезгіліндегі ауаның орташа ылғалдылығы 45 процент, ал оның ең төмен (30
проценттен төмен) болатын кезі жылына 160 күн.
Қыс ызғары апрельдің екінші онкүндігі мен октябрьдің басында түседі. Аязсыз
кезең 130-165 күнге созылады. Тұрақты қар қабаты декабрьдің бірінші
онкүндігінде қалыптасады да, 85-100 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 10-
20 сантиметр.
Шөл және шөлейт аймақтардың көп бөлігі негізінен көктемгі және күзгі
жайылым ретінде пайдаланылады.
1б. Өте құрғақ, ыстық агроклиматтық аудан Бетпақдаланың қалған шөлді
бөлігі, Шу мен Мойынқұмның солтүстік бөлігі мен соған жақын құммен іргелес
аудандарды қамтиды. Бұған Сарысу және Талас аудандары (оңтүстіктегі тау
бөктеріннен басқа), Луговой, Мерке аудандарының солтүстік бөлігі мен
Мойынқұм ауданы кіреді.
Тиімді температураның жиынтық мөлшері 3400-3900 градус, ал
гидротермикалық коэффициент 0,2 – 0,3. Жылдық жауын-шашын мөлшері 140-230
миллиметр, оның мөлшері батыстан шығысқа қарай көбейеді. Тиімді температура
тұсындағы жауын-шашын мөлшері солтүстік аудандарда 145 миллиметр. Бұл
аймақта атмосфераның құрғақтығы айқын байқалады. Жыл бойына ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 30 проценттен кем болатын уақыт 160-170 күн, әр
түрлі дәрежеде аңызақ соғатын уақыт 120-140 күн. Ең ыстық айдағы (июль)
ауаның орташа температурасы 24-27 градус. [25]

2.2 Топырағы
Жамбыл облысы, Шу ауданы территориясы негізінен мынадай топырақ-
геоморфологиялық аймақтарға (Ассиг және басқалар, 1967 жыл) бөлінеді: 1.
Биік таулық аймақ. 2. Таулы далалық аймақ. 3. Аласа таулы және тау
етегіндегі аймақ. 4. Шөлді аймақ.Топырақты зерттеулердің материалдарының
негізінде олардың детальді жағдайлары және физикалық-химиялық анализдерінің
келесі ерекшеліктері айқындалады.
Жоғарыдағы осы аталған топырақ құрамының ерекшеліктері, дәндік
егістерге, көпжылдық шөптерге, агротехникамен агроминералды көңдерді
енгізуге өте ыңғайлы.
Аудан территориясында келесі негізгі топырақты геоморфологиялық
зоналар айқындалады: биік таулы зона, таулы далалар аймағы, төменгі тау
аймағы және тау беткейлері, шөлді аймақ болып бөлінеді.
Топырақ жамылғысы таулы – көгалды альпалық және таулы көгалды
субальпалық топырағымен, яғни көгалды жасыл өсімдіктермен қалыатасқан.
Топырақтың аздаған қыртысының күштілігі мен жер бетіне шыққан тау
жыныстарының қатаң климатты жағдайларға байланысты бұл жерді су егін
шаруашылығына қолдану мүмкін емес.
Таулы қара топырақ пен қою каштан топырақтар көп кездеседі, құрамында
3-9% гумус және 1%-ке дейін азот бар. Топырақтың қырлары щебенкаланған,
щебенканы тасты айдауға мүмкіндік бар жерлер бар. Оларды жетілдіруге
эрозияға қарсы алғы шарттар қарастыру қажет. Шалғынның көп бөлігі мал
ұстауға мүмкіндік жасайды, ал сулы дымқыл жерледі пайдалану екінші
мүмкіншілік болып есептеледі.
Төменгі жерлер мен тау етегі жазық таулы шыңдармен, қыраттармен,
тауарасындағы жазық далалармен, Қырғыз, Талас және Қаратау жоталары, Шу-Іле
тауларымен жалғасады (абсолют биіктігі 1200-700м).
Беткейлер қабаты негізінде ашық каштан және сұр түстес топырақтан
тұрады. Ашық каштанды топырақ белбеуі біркелкі емес, жауын-шашынның көп
мөлшердегі түсуімен айқындалады және ауаның жазғы құрғақшылығына байланысты
дымқыл ауаның жоғары деңгейдегі булануына жағдай жасалады. Жыртуға жарайтын
қабатта гумус 3%-тен артық емес, жалпы азот 0,10-0,5%, ал фосфордың
0.15...0,23% құрамына енген.
Механикалық құрамы орташа және ауыр құмды глиналы болып келген.Ауыл
шаруашылық мәдени дақылдардан өнім жинаудың жоғарылау негізі, ол
топырақтағы дымқылдың сақталуын және органикалық, минералды
қорытқыштартарды пайдалану. [25]
Кейбір жерлерде эрозияға қарсы шаралар жүргізуді талап етеді. Мысалға:
жағалауларды, шұңқырларды бекіту, қар еру кезеңінде қарды тоқтату
жұмыстарын жүргізу, яғни суды жинай білу.
1. Биік таулы аймақ Қырғыз және Талас Алатауының тау жоталарына
(абсолюттік биіктігі 4600-2000 метр) орналасқан. Топырақ беті тау-шалғынды
– альпілік және тау шалғынды-субалтпілік болып келеді, ол түрлі шырынды
шалғынды өсімдіктерден құралған. Топырақ қуатының нашарлығы, тау
жыныстарының жер бетіне шығып жататындығы және қатал табиғат жағдайлары бұл
не альпілік және субальпілік шалғындар жақсы жазғы жайылым болып табылады.
Сондай-ақ оны шауып аса бағалы жемшөп дайындауға болады.
2. Таулық далалық аймақ. Қырғыз Алатауының солтүстік баурайын және
Қаратау жотасының шығыс бөлігін қамтиды (абсолюттік биіктігі 2000-1200
метр). Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 миллиметр шамасында. Өсімдігі бұта
тектес, астық тұқымдас түрлі шөптер болып келеді. Топырағы тау жыныстарының
жел үрлеп үгілуінен қалыптасқан. Қара топырақ пен қара-қоңыр топырақ басым,
оның құрамында 3-9 процент қарашірік және 1 процент азот болады. Жеткілікті
мөлшерде шабындықтардың болуы мал ұстауға қолайлы. Тәлімі егіншілік қосымша
жүргізіледі.
3. Аласа таулы және тау етегіндегі аймақ. Бұл аймаққа Қырғыз бен Талас
Алатауы жазық тау бастары, тік беткейлер, тау етегіндегі жазықтар, Қаратау
мен Шу-Іле таулары аңғарларындағы абсолюттік биіктігі 1200-700 метр
алқаптар кіреді.Топырағы боз қызыл қоңыр және сұр түсті. Боз қызыл қоңыр
топырақты белдеу жыл бойында және әр маусымда жауын-шашынның біркелкі
түспейтіндігі, жазда ауасының құрғақ болуы және ылғалдың тез буланып ұшып
кетуге бейімділігімен сипатталады. Оның айдалатын қабатында 3 процент
қарашірік, 0,10-0,15 процент азот, 0,15-0,23 процент фосфор болады.
Мехеникалық құрамы орташа және ауыр саздақты. Айдалатын топырақтағы ауыл
шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың бірден бір жолы ылғал жинау және
оны сақтау, сондай-ақ органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолдану
болып табылады. [5]

2.3 Рельефі
Шу ауданынң рельефі тұрақсыз аудандарда айдалатын жерлер беткей лерді
көлденеңінен қайырмасыз жырту, сай, жыралардың жиектерін бекіту, еріген қар
суларын жинау, ауыспалы егіске жоңышқа енгізу сияқты эрозияға қарсы
шаралар жүргізуді талап етеді.Боз қызыл қоңыр топырақты белдеуден төмен
жайпақ тау етегіндегі жазықтарда Шу-Іле және Қырғыз Алатауын бойлай сұр
топырақты алқап созылып жатыр. Оның жазы ыстық, құрғақ, қысы қысқа, суық
келеді. Қысқы-көктемгі температура көктемгі-жазғы температураға тез
ауысады. Жауын-шашынның басым бөлігі қысқы-көктемгі кезде түседі.
Әсіресе кәдімгі сұр және бозғылт сұр топырақ көп жерді қамтыған. Сұр
топырақ Қырғыз, Талас, Қаратау жоталарының етегін, абсолюттік биіктігі 600-
800 метр тау және өзен аңғарларын алып жатыр. Жер асты сулары өте терең
орналасқан, сондықтан топырақ құралау және өсімдіктердің су режиміне оның
әсері болмайды. Топырақ раң тәріздес және жусанды шөптер негізінде
құралған. Мехеникалық құрамы жағынан жеңіл, орта және ауыр саздақты болып
келеді, көп жағдайда майда тастардан құралады.
Кәдімгі сұр топыраққа тән сипат қарашірік қатабының жұқалығы (35-60
сантиметр), мұнда қарашірік мөлшері аз (2 процент) және 50-90 сантиметр
тереңдікте иллювиальды карбонатты горизонттың болуы. Топырақ қоректік
элементтерге тапшы (жалпы азот 0,12-0,13 процент) келеді. Әйтсе де ол жақсы
дренеждалады әрі сорланбайды.
Кәдімгі сұр топырақ үнемі суарғанда және органикалық, минералдық
тыңайтқыштарды қолданған жағдайда жақсы өнім береді. Малта тастар жер
бетіне жақын орналасса қоректік заттардың шайылып кетуі жиі кездеседі.
Сондықтан минералдық тыңайтқыштармен топырақ үстеп қоректендірілуі қажет.
Суарылмаса топырақ қатты құрғайды, бұл уақытта оны жайылым үшін пайдалануға
болады. [25]
2.4 Өсімдігі
Колхоздар мен совхоздар қарақұмық, күнбағыс, эспарцет, әртүрлі эфир
майлы дәрі-дәрмектік өсімдіктер, қыша, субетеге, түйе жоңышқаның күнбағыс
және жүгерімен араластырылған қоспасы сияқты бал өндіруге тікелей қатысы
бар ауыл шаруашылық дақылдарының ауыспалы егісін кеңінен қолдануы қажет.
Бұл дақылдар үшін өз алдына ауыспалы егіс алаңы бөлінеді немесе аңыздық
жерлер пайдаланылады. Ауыспалы егіс арқылы далалық дақылдарды жоғары
шірнелі өсімдіктермен араластырып егу жұмыстары да бал шаруашылығы үшін
кең жол ашады. Бұл әр шаруашылықтың 125-150-ден ара семьясын ұстап, едәуір
қосымша табыс алуына мүмкіндік береді.
Өсімдіктерді аралар арқылы тозаңдандыру жұмысы едәуіржүргізілгенімен
ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру жөніндегі резервтер әлі де
толық пайдаланылмай жүр. Омартадағы тозаңдандырылатын егістер мүмкіндігінше
дұрыс орналастырылуы тиіс. Егістің ең қашық деген жерінің өзі бал арасының
ұясынан 500-700 метр, жеміс бағы 200-250 метрден аспауы керек. Егер
тозаңдандыратын дақыл 100 гектардан аса жерді алып жатса онда омарталар
егісті жағалай онша алыстатылмай бір-біріне жақын орналастырылады. Аралар
гүл тозаңына үзбей жиі барып тұруы үшін қант сиропы қойылған осы гүл
тозаңының хош исіті тұнбасы беріледі. (1 бөлік қантқа 1,5-2 бөлік су
алынады).Бал арасын ұстау және көбейту. Ара семьясын бөліп, қалыптастырудың
бірнеше әдісі бар. Негізінен олар ешқандай қалаусыз-ақ бөліне береді. Содан
кейін одан балалайтын аралар іріктелініп алынады. [5]
Бір гектар тозаңдандырылған дақылдардағы ара семьясының орташа нормалары
Кесте-1
Алма, алмұрт 2,5
Шие, тәтті шие 2,5-3
Таңқурай, қарлығанның ірі жемісті сорты 0,5-1
Қарақат, қарлығанның уақ жемісті сорты 3,3-5
Бүлдірген 0,5-1
Қарақұмық 1
Күнбағыс 0,5
Қияр және бақашалық дақылдар 0,3
Мақта өсімдігі 2
Жоңышқа 2-3
Жабық грунтте өсірілген қияр (100 шаршы метрде) 1
Парниктегі қияр – бір ара семьясы
500 парник рамасын тозаңдандырады

Кесте-1-дей балалайтын араларды топтастыру үшін бірнеше семьялардан
аралар іріктелінеді. Мұндай топты аралардың құрама семьясы деп атайды. Бір
семьядан құрастырылған үйір дербес семья деп аталады. Ара шаруашылығында
дербестік бөлініс кеңінен тараған. Бал арасының жаңа семьясын құрастыру
мерзімі жергілікті жердің табиғат жағдайына, ауа райына және омартадағы
семьялары апрель, май июнь айларында құрастырылады. Егер ара семьясы
ойдағыдай қыстап, көктем олардың өсуіне жақсы әсер етсе, онда іріктеп
сұрыптауды немесе семьяға жаппай бөлуді ерте бастауға болады. Ертерек
қолайлы мерзімде құрастырылған семья, бал арасын көптер өсіріп, оларға
арнап қысқы азығын да дайындап үлгіреді.Өндірістің барлық салалары сияқты
ара шаруашылығы да жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Жоспар негізінде
өндірілген бал мен балауыздың жалпы және товарлы өнімі, сол сияқты
тозаңдандырылған ауыл шаруашылық дақылдарының көлемі алынады. Жоспарға
шамамен төмендегідей көрсеткіштер ара семьясының өсімі, сатылып алынғаны,
сатылғаны және оның жыл басындағы саны, өндірілген және жұмсалған бал мен
балауыздың мөлшері, жұмсалған еңбек пен ақшалай қаражат, өнімнің өзіндік
құнының калькуляциясы мен кірісі, ауылшаруашылық дақылдарын тозаңдандыруға
пайдаланылған омартаның есебі, сол сияқты бал өсірушілердің материалдық
ынтасын көтеру жөніндегі шараларды кіргізу қажет.
Тұқымдық жұмыстың алғашқы екі тәсілін кез келген омартада қолдана
беруге болады. Сондықтан облыстың шаруашылықтарында кеңінен таратылуы тиіс.
Жаппай селекциялық істі жүзеге асыру араны асырап, азықтандыпу үшін толық
жағдай жасау, мол өнімді ара семьясын анықтау, одан жаңа семья құрастыру
және жас аналық, аталық араларын өсіріп шығару жұмыстарын жүргізу қажет.
Мұндағы бір ерекше ескеретін өзара жақын аналық және аталық араны
жұптастырып, шағылыстыруға жол беруге болмайды. Өнімі төмен, әлсіз өмірге
беімсіз ара семьясын дер кезінде шығарып тастау қажет. Мұның сыртына қақпақ
қойылады. Ұядағы араларға күн сайын таза су беріледі. 24 сағаттан соң
немесе бірнеше тәуліктен кейін (улы химикаттарға байланысты) өсімдік түгел
өңделіп болғаннан соң аралар сыртқа шығарылады.Араны қысқа әзірлеу. Ара
семьясы ойдағыдай қыстаған күнде көктемде күшті, көңілді шығады. Мұндай
семьядағы аналық ара көктем туа үсті-үстіне жұмыртқалап тұқымын көбейте
бастайды. Қысқа әдетте ең күшті, күйлі деген жас ара семьясын көбірек
қалдырған жөн. Әр семьяға азыққа 22 килограмнан бал сақталуы тиіс. Мұның 14-
16 кг балы ұядағы соты рамаларында 8-6 кг.
Жамбыл облысының барлық аудандарында аралар далада еркінше қыстайды.
Қыс айларында омарташы араны күтіп бағумен бірге ұялар мен рамаларды
жөндейді, сөйтіп алдағы маусымға әзірлік жүргізеді, арнаулы курстерде
немесе өз бетінше оқып, мамандығын көтереді. [5]

2.5 Гидрология
Жамбыл облысы, Шу ауданының териториясындағы жер үсті суларының ағысы
біркелкі таратылмағандықтан,оны пайдалану күрделі проблемаға айналып
келеді,Қолда бар 247 суландыру көзінің ішінен ағысы облыс көлемінен
асып,сонау қырғыз ССР-на дейін созылып жатқан ірілері үшеу ғана – Шу,Талас
және Аса өзендері.Жамбыл облысы, Шу ауданының өзендерінің жылдық,көпжылдық
орташа ағысы 5,0 миллиард текше метрге жуықтайды да, оның шамамен жартысына
жуығы өз бастауын Қырғызстан территориясынан алады. Өзендер негізінен
қардан жане мұздан қорек алады.5,0 млрд текше метір жылдық жалпы су
ағысының 2,5 млрд текше метрі суландыру мен өнеркәсіп мұқтаждарына
жұмсалады,қалған су табиғи шабындықтарды,жайлымдарды суландыруға,көлдерді
толтыруға жұмсалады.Өз бастауын Қырғызстан территориясындағы Тянь-Шань
тауының биік жоталарындағы қар,мұздарынан алып жатқан Шу өзені обылыстағы
ең басты өзен болып саналады.Ол оң қанаттан Қарақожыр,сол қанаттан Қошқар
өзендерінің қосылуынан пайда болған.Өзен екі мезгіл тасиды,көктемде және
жазда.
Шу өзенінің ағысын ретке келтіріп отырған жағдайда Орта-тоғай су
қоймасында республика аралық су бөлісу жағдайы Орта-тоғай – учаскесіндегі
тасөткел торабында жүргізіледі Шу өзенінен Қордай, Шу, Мерке, Мойынқұм және
Луговой аудандарының жері нәр алады. Шу өзенінен суландырлатын жердің
аумағы 89,5 мың га.Шу өзенінде инжинерлік жүйемен салынған Тасөткел су
көтергіш платинасы бар, Маңызы жағынан облыста екінші орын алатын өзеннің
бірі Талас.Ол өз бастауын Талас Алатауының терістік беткейіндегі қар мен
мұздан алады. Өзеннің көпжылдық орта жылдық ағысы 980 млн шаршы метір.
Өзеннің орта және төменгі ағысында Талас өзені Қазақ ССР-на қарасты
Жамбыл,Сарысу және Талас аудандарының жерін суландырады.Суландыру көлемі 27
мың га. Бұлардан басқа Қаратау баурайларынан,Қырғыз жоталарынан және Шу-Іле
тауларынан құлап аққан ұсақ өзендер көп.Шағын өзендер суландыруға
жұмсалады. [25]
3. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
1. Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану
Аудан жерін және оларды жер пайдаланушылармен, жер учаскесінің меншік
иелерінің иелігі бойынша санаттармен, алқаптарға бөлу жөнінде, аудандық
жер қатынастары бөлімі қолданыстағы заң актілеріне сәйкес жер телімін
есепке ала отырып, жылдық жер баланысын дайындау үшін жерді- есепке алу
жұмысын жүргізеді.
Экономикалық даму: Жер салығын төлейтін жер учаскесінің меншік иесі
немесе жер пайдаланушылардың нақты санын анықтау.
Жер салығын төлеуге негіз болатын, жерді кадастрлық бағалау туралы
ақпараттарды аудандық жер кадастрлық мекемесімен алмасу.
Аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер
кодекісінің152-бабын басшылыққа алып, аудандық жер кадастрлық мекемесі мен
бірлесе отырып ауылшаруашылық жерлерінің табиғи-шаруашылық жағдайы, жер
учаскесінің кадастрлық құны туралы мәліметтер жүйесін жинақтайды. [11]
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін құру жерге орналастыру
жұмыстарын, топырақты зерттеу және іздестіру жер-кадастрлық карталар, жер
телімдеріне идентификациялық құжаттар дайындаумен қамтамасыз етіледі.
Соңғы 3 (үш) жылға жасалған сараптама бойынша (1-кесте) жер
пайдаланушылармен, меншік иелерінің, жерді иелену көрсеткіші жоғарлауда.
Яғни, жерді құқықтандыруға қажетті ақпарат алу қажеттігі туындайды.
Сондықтан, жер – кадастырлық мәлеметті ұсыну үшін, барлық мүделлі
жақтардың қатысуымен, ақпараттық жүйе құру қажет. [9]

Жамбыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
Биік таулы аймақ
Жерді түгендеу жұмыстары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жамбыл облысының топырағы әралуан
Алматы облысының 2012 - 2016 жылдар бойынша ауыл шаруашылығының жерлерінің динамикасы
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру
Пәндер