Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
АҢДАТПА
Дипломдық жобада Алматы облысы, Іле ауданының табиғи- ауылшаруашылық жерлердің сұрақтары қарастырылған. Өтеген батыр, Боралдай, Покровка, Первомайский кенттерінің аумағының жерлерін аймақтарға бөлу жұмыстары жүргізіліп және де экономикалық есептеу жұмыстары қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте рассмотрены вопросы природно-сельскохозяйственных земель Илийского района Алматинской области. Рассмотрено зонирование поселков Отеген батыр, Боралдай, Покровка, Первомайский, а также экономическое обоснование работ по зонированию земель.
ANNOTATION
The questions of natural-agricultural earths of Iliyskogo of district of Almatinskoy of area are considered in a diploma project. Zonirovanie of settlements of Otegen is considered batyr, Boralday, Pokrovka, Pervomajskij, and also economic ground of works on zonirovaniyu of earths.
МАЗМҰНЫ
2. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ ЖАЙЫНДА
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
КІРІСПЕ
Жер - адамның өмір сүруіне қолайлы, геологиялық жағдайымен қалыптасқан, қойнауы мен биосферасының сан-алуан байлығымен сипатталатын және еңбекті қолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің рөлін сипаттай отырып XYII ғасырдағы көрнекті ағымның ғалымы У. Петти «Тұтыну құндары мен заттық байлықтарының көзі тек еңбек кана емес. Еңбек - байлықтың атасы, ал жер оның анасы» деген.
Қазақстан Республикасының аумағында жер табиғи жағдайлары бойынша он аймаққа бөлініп ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының жерлерін аймақтарға бөлу - ҚР жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жерді аймақтарға бөлудің негізгі мақсаты - жерді тиісті мақсатта пайдалануға қолайлы немесе қиын болатын немесе шектеу туғызатын аймақтардың өзгешеліктерін анықтап, жерді пайдалану мерзімін бөлу арқылы жер аумағын анықтау.
Жерді аймақтарға бөлу негізіне табиғи ауылшаруашылық территориялық аймақтарға бөлу жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлудің негізі - табиғи аймақтарды көрсете отырып, табиғи-ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құрамында бірнеше аймақтар анықталады.
Жерді аймақтау аудан территориясының кешенді табиғи антропогендік факторларының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі қолайлылығы негізінде, өнеркәсіп обектісінің орналасуы, тұрғылықты халықтар жағдайы және аймақтық территорияның экономикалық және табиғи жағдайы бойынша бірдей аймаққа бөлінуіне қарай негізгі мөлшеріне түзету коэффиценттерін енгізу арқылы жүзеге асады.
Жерді аймақтау төмендегілерді есепке ала отырып жүргізіледі:
- Территорияның аудан және облыс орталықтарына қатысты орналасуы;
- Жерді қолданудың ерекше жағдайлары, ауылшаруашылық жерлердің пайдалануда шектелуі;
- Облыс орталығының ірі өнеркәсіп орталығының қала маңындағы аймақтарда орналасуы;
- Ауылшаруашылық жерлердің құрылымы;
- Жайылымның сулылығы және басқада факторлар;
Жердің нысаналы мақсатының жіктемесі жерді аймақтарға бөлу жобаларының негізінде әзірленеді және оны облыстардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары бекітеді. Жерді аймақтарға бөлу жергілікті органдардың шешімі бойынша жүргізіліп, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224, 0 мың шаршы км. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала. Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған, аумағы- 224 мың шаршы км. (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631, 7 мың адам (2000 жылғы санақ бойынша) . Әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солт-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Қала еліміздің оңтүстік шығысындағы теңіз деңгейінен 270-630 метр биіктікте, Жоңғар алатауының солтүстік баурайында, Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Талдықорған республикадағы ең жасыл желекті қалалардың бірі. Партер мен бақтар жасыл желекпен көмкеріліп тұрады. Қалада тарихи және мәдени мұраның көзі ретінде сақталған ескерткіштер бар. "Жетысу" жері - Алматы облысының аумағы- ол көп ғасырлық тарихи бар, өте әсем және ғажайып өлке. Алматы облысының туристік-рекреациялық мол потенциалы бар. Мұнда ішкі, сондай-ақ халықаралық туризмді өркендетудің мүмкіндіктері мол.
- Табиғаты
Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір, негізінен, антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесік атырау-құмның, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тау аралық ойпандар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - бесбасқан ( 4442 м ) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1, 0 мың шаршы км-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т. б. ) өз маңындағы жазық өңірлері сұғына еніп жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Іле, Күңкей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің, т. б. жоталарынан Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңт-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандыдала, Бозой үстірттері) .
1. 2 Геологиясы
Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрииге дейінгі кристалды тақтатасы тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер, т. б. палезой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плеистоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса басту кезеңі герцин қатпарларымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінен басында алпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоник процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер - соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонин сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас көмір, қоңыр көмір (ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жер асты сулары бар. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтасты дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті лесті (сары, борпылдақ топырақ), құмды сазды қабаттардан тұрады. Таудан келген жер асты және жер үсті ағындарының сүзілуі нәтижесінде жер асты суының мол қоры жинақталған. Мұнда апатты жер сілкінулері болған.
1. 3 Климаты
Аумағы қарлы шыңды тауларға байланысты әртүрлі климат жағдайына бөлінеді. Жердің теңіз деңгейінен жоғарлығына байланысты табиғи тік бағытты аймақтықтың білінуі климат жағдайының ауысуынан байқалады. Биіктік таңбаларының өсуіне қарай ауаның ылғалдылығы, температуралық режім ауысады, жауын - шашын мөлшері көбейеді. Алматы облысының климаты негізінен, континентітік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде - 10-16°С, оңтүстігінде - 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 5-9°С жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын, негізінен, көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. балқаш және Алакөлге жағалауларында бриз желі соғады.
1. 4 Гидрографиясы
Өзендері Балқаш - Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы, Қошқаркөл. Іле өзені бойында Қапшағай бөгені және СЭС-і салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.
1. 5 Топырағы мен өсімдігі
Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктері басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзендерінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қар топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер (биіктігі 600-1300м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі, боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Жер пайдаланымның тегіс жерлерінде барлық ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі, жеміс-жидекті мәдениет те, көкөніс мәдениеті де: қант қызылшасы, соя, дәнді жүгері, қызанақ, қияр, дәнді-дақылдар - бидай, арпа, сұлы, шөптер, сонымен қатар алма, өрік, қара өрік, шие, т. б.
Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, Алтай қоғажайы, тастесер, т. б. өсімдіктер басым. Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы.
1. 6 Жануарлар дүниесі
Жазық жерінде қарқұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр, т. б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, аққіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға, т. б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке; зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі, т. б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, шармай, алабұға, аққайраң, т. б. балықтар бар. .
2 ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2. 1 Жерге орналастыру жайлы жалпы түсінік
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады (ҚР ЖК 149-бап) .
Жерге орналастыру - бұл еңбектің жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаның қамтамасыз ету мақсаты мен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерге әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар жасауға, жерді маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Негізгі жерге орналастыру жұмыстарына мыналар жатады:
- а/ш және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу;
- а/ш мекемелерінің, шаруа қожалықтарының және басқа шаруашылықтық құрылымдардың жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып қайтадан құру (совершенствование существующих),
- а/ш мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу.
- Топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т. б. зерттеу және ізденіс жұмыстары жатады.
2. 1 сурет
Жерге орналастыру құрылымы
Шаруашылықаралық жерге орналастыру екі негізгі бөліктерге бөлінеді:
1) Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру.
2) Ауылшаруашылық Ішкішаруашылық жерге орналастыру ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мекеменің территориясында жасалады.
2. 2 Жерге орналастыру жобасын құру
Мұнай өнімдерін шығаратын компаниялар мұнай және газ өнімін экспортқа және импортқа шығару мақсатында құбырлар мен қызмет көрсету нысандарын, т. б. қарқынды түрде салуда. Сапалы жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу құрылыс объектілерін дұрыс, әрі тиімді орналастырылуының кепілі.
Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу келесі этаптардан тұрады:
- Дайындық жұмыстары;
- Геодезиялық тірек пункттерін далалық іздестіру жұмыстары;
- Техникалық жобаны құру;
- Кадастрлық түсіріс;
- Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын бекіту;
- Жер учаскесінің көлемін анықтау;
- Жер учаскесінің шекараларының сызбаларын жасау;
- Кадастрлық жұмыстардың нәтижелерін бақылау және тіркеу.
Дайындық жұмыстары кезінде жерге орналастыру жобасына қажет барлық мәліметтер жиналды: жер учаскесінің бөліп беру туралы әкім қаулысы, учаскенің сату-сатып алу туралы шарты, жер учаскесінің шекаралары көрсетілген топографиялық пландар мен сызбалар, мемлекеттік және жергілікті геодезиялық пункт торларының схемасы және олардың координаталары, жерді пайдалану жайында мәліметтер.
Далалық іздестіру жұмыстары жер учаскеінің қазіргі кездегі жағдайын білу мақсатында жасалады. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстары геодезиялық торлардың бүтіндігін тексеру және геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін тиімді құрылғыны таңдау, координаттарды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Далалық және іздестіру жұмыстары нәтижелері негізінде шығын сметасы және графикалық материалдар енгізілген техникалық жоба құрылады.
Кадастрлық түсіріс жасау үшін дәстүрлі геодезиялық түсірістерден басқа аэроғарыштық түсірістер қолданылады, себебі қазіргі кездегі түсіріс жұмыстары мен оларды ары қарай өңдеу 1:2000 (аэроғарыштық түсіріс) және 1:5000, 1:1 («кадастр» типіндегі космостық түсіріс) масштабтағы пландарды алуға мүмкіндік береді.
Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын бекіту кезінде де қашықтықтан зонттау мәліметтері қолданылды. Шекараларды белгілеу үшін ортофотоплан мен ортокосмопландар қолданылып, түсірістердің камералды және далалық шифрді анықтау арқылы учаске белгіленді. Бекітілген шекараларды сызбада ортофотопланмен бірге жер учаскесінің рәсімдеу актісінде көрсетті. Мұндай әдісті қолдану жұмысты ыңғайлы етеді, себебі, сызбада тек шекараларды ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар фото түсіріс пен космостық түсіріс ситуациясын да көруге болады. Координаттарды анықтау кезінде де жаңа әдіс қолданылады, координаттар мен шекараларды ортофотоплан арқылы есептелінеді, сонымен қатар кеңістіктік фототриангулияция арқылы да координаттарды есептеуге болады.
Жер учаскесінің көлемдерін аналитикалық әдіспен анықталады. Қазіргі кезде ГАЖ пакеттері полигональді көлемдегі объектілердің аумағын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. .
Жерге орналастыру жұмыстары кезінде аэро және космостық түсірістерді қолдану мынадай нәтижеге алып келеді:
- техникалық әдіс арқылы шекараны анықтау, экстремумдарды табу (территорияның шекаралық координаттары), түсіріс типін анықтау, жергілікті жерді түсіру;
- түсірістерді координаттармен байланыстыру;
- түсірістердің , ортофотопланды жасау;
- объектілердің шекараларын шифрлерін анықтау;
- жер учаскелерінің шекараларын бекіту, көлемін, координаттарын анықтау;
- шекараны бекіту құжатын құру.
Мұнай және газ өндірісінде жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде барлық межеленетін объектілер үш түрге бөлінеді: алаңдық (өндіріс алаңдары, т. б. ), сызықтық (автожолдар, құбырлар), нүктелік (электр қондырғылар) .
Қазіргі кездегі жерге орналастыру жұмыстары кезінде жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жұмыстың тиімділігі, сапасы арттырылуда.
2. 3 Мемлекеттік жер кадастры
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 152-бабына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры (жер кадастры) Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелерінің құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
ҚР Жер кодексі суармалы жерлердің мелиоративтік кадастрын да қарастырады, аталған кадастр суармалы жер учаскелерінің мелиоративтік жай-күйі туралы, олардың сапалық сипаттамаларын табиғи және ирригациялық -шаруашылық жағдайлар бойынша бағалау туралы, оларды пайдалануды есепке алу туралы мәліметтердің жүйесін білдіреді.
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ҚР бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді . . .
Мемлекттік жер кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргізіледі. Мемлекттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрлық жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады.
Жерге менщік нысанына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаландың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық есепке алуға жатады (ҚР ЖК 152-бабы) .
Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
Жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
Мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
Жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай -ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
Жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды (ҚР ЖК 153-бабы) .
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелеріне нөмірлер беру мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудің бірлігі есептік кварталдар болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz