Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

«Экономикалық теория» курсы бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері»

Орындаған:

Қабылдаған:

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Ақшаның қажеттілігі

1. 2 Ақшаның пайда болуы және оның мәні

1. 3 Ақшаның формалары мен түрлері

2 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

2. 1 Несите қатынастарының пайда болуы

2. 2 Несиенің мәні

2. 3 Несие капиталы және несие капиталының нарығы

2. 4 Несие мен ақшаның өзара әрекеті

2. 5 Несие теориясы және оның дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көшті.

Экономикалық санат ақша маңызы ретінде тұтастық үш ақша қасиетін көрсетеді:

- жалпыға бірдей делдалдық айырбас;

- төмегі құнның (меновая) дербес формалары;

- сыртқы заттың еңбек өлшемі;

Ақша бес қызметті орындайды: құн өлшемі; айналым құралы; төлем құралы; жинақтау құралы және қазынаны құру; әлемдік ақшалар.

Айналым ретінде ақшаның қызметі. Алынған тауарларды төлеу үшін, ақша қызмет көрсетеді. Тауар сатып алушы және оны төлеу бірге жұмыс жасалынады, бұл ақша қызметінің ерекшелігін көрсетеді. Ақша тауар иеленушілердің қысқа мерзімдік төлем құралы болып қолданылады. Сол ақша белгілері әр түрлі келісімдерде көп қайтара қолдану және бір келісімге қатысушыдан екінші бір қатысушыларға орын ауыстыру ретінде қолданылады. Бұл қызметте қолма-қол ақша белгілері қолданылады.

Ақша айналымы ақша белгілерінің қолдай және аударым түрлерінің үздіксіз айналым процесін көрсетеді.

Ақша айналым құрылым әртүрлі нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.

Осы курстық жұмыста ақшаның пайда болу теориялары, атқаратын негізгі қызметтері, ақша айналысы қарастырылған. Соның ішінде ақша айналысын кең көлемде қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналыстары, металл және қағаз ақша айналыстары, ақшаның айналыс заңы ашып сипатталған. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы, Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлаудың мәселері қамтылған.

1 АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Ақшаның қажеттілігі

Біздің пікіріміз бойынша, нарықтык экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Акша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Қоғамдағы ақшаның кажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т 1 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатыпалу - са-туда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек жэне осы сомаға баска тауарды (Т ) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай калуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни тауар ендірісі мен айналысының өнімі, олардың айрықша тауар жөніндегі мәселелерді қарастырамыз.

Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзақка созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына кажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Байқап отырғанымыздай, акша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.

Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.

Акша - коғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.

Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, баға мен еңбекақы орналасқан.

Қазіргі кездегі нарықта акшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету максатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасы туралы айтуға болады. Ол сызба «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» кітабында (Мәскеу-Ленинград, 1991 ж., 13-бет) келтірілген. Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары (кәсіпкерлер) және фирмалар (заңды гұлгалар) айырбастайды, бұл. ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған акшалай төлемдердің карама-карсы ағымымен теңестіріледі. Та-уарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағытталған; ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне карсы бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер (үй шаруашылықтары) және фирмалар өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар нарығымдағы фирмалар өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды - жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды сатып алады.

Осы жағдайда барлық ресурстар үй шаруашылықтарына тиесілі, бұл шаруашылықтар сәйкес акша төлемдерін ресурстар үшін фирмаларға сатады; яғни төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т. б. түрді қабылдайды.

Ішкі айналымда ел масштабындағы жиынтық айналымдағы ұлттық табыс пен ресурстар козғалысы көрсетілген. Акшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланыскан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекакы түріндегі еңбек төлемінің кажеттілігін туындатады. Сондықтан акша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау қүралы ретінде қолданылады, өйткені материалдык құндылықтарды бөлу коғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады. Сонымен қатар акшаның болуы мынадан туындайды:

1. Шаруашылық кызмет нәтижелерін нақты өлшегіштерде ғана емес, сонымен қатар құндық өлшемдермен есепке алу қажеттілігінен;

2. Меншік нысандарының әр түрлі болуымен және оларға сәйкес ендірістік қатынастардың болуымен, олар тауар-ақша катынастарына негізделген коммерциялык есеп негізінде шаруашылық кызметтің ұйымдастырылуын және жүргізілуін алдын ала болжайды.

1. 2 Ақшаның пайда болуы және оның мәні

Экономикадағы акшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т. б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т. б. сияқты казіргі кездегі экономикалык ғылым өкілдері дамытты.

Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.

Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) акшаның туындауын мемлекетігің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзкарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айыбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық кұны.

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аяғни және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды калыптастырады. Тауардың тұтыну құны және кұны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық кұны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:

- карапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы кауымдық кұрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде (1 қой = 1 кап бидай) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне карама-қарсы тауарда өз кұнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу кабілеті соңғының кұнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;

- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі коғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, күнның карапайым (кездейсок) түрінен жайылыңқы формасына өту жузеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (түз, мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсок форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар аркылы жүзеге асырады. Алтынның 10 фунциясы 10 кг темірге, 1 қойға, 1 қап бидайға айырбасталады; құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар алынады (басқаша айтқанда ығыстырылады) . Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы құн салыстырылады. 10 кг темір, 1 қой, 1 қап астық 10 унция алтынға теңес-тіріледі.

Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары - малды, егін егуші халықтар - астықты, қалаларда - металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т. б. колданды.

Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол акшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның накты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:

- кұнның ақшалай формасы ары карайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір акшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи касиеттеріне (біртектілігі, бөлінбеуі, өз қасиеттерін сақтау қабілеті, жоғары құны және т. б. ) байланысты бөлу жүзеге асты. 1 функция - 1 фунт стерлинг. Алтын ақшалар өз кұнын ақшалай тауардың құндык субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген баска тауардың құны сиякты жұмыс уакытымен анықталады, соның нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламалардын, айырбасы болып табылады. Сондықтан да акшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық элеменетінен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.

Ақшаның мәні үш касиеттің біртұтастығымен өрнектеледі: ақшаның жалпы тікелей айырбасталу касиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әркашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабыл-дануы тиіс; ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қам-тамасыз етеді жэне эр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады; ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.

1. 3 Ақшаның формалары мен түрлері

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттык айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, кағаз жэне несиелік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толықынды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша - номиналды қүны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген Құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады. Толыққұнды ақша - сатып алушылық күны ақша қаты-настарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар күнынан асатын акша. Толыкқұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

  1. Металдық;
  2. Қағаздық;
  3. Несиелік;
  4. Электрондык ақша.

Металл ақшалар - бұл толықкұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдык құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл акшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтык құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі. Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т. б. белгілейді.

Металл акшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ХІХ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сэәкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.

Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде кұн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың коспаларынан дайындалды. Монеталар толықкұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді. Толыққүнды монеталар бағалы металдардан және олардың коспаларынан дайындалады, олардың номиналдық кұны нақты қүнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардагы номиналдык құн құрамындағы металл кұнынан асып кетеді.

Монеталарды кұю эмиссия ретінде қарастырылады. Әмиссия латындық сөзінен аударғанда «шығару» деген мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы - бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бүл касиет алтынға қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сэйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

  • Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи касиеттеріне;
  • Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру - өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа терендігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек. Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, акшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары кұндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (кұн белгілері) алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.

Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сактау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз акшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.

Қағаз ақшалардың өзіндік кұны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тә н екен-дігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады жэне шектен тыс эмиссия негізінде акша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес келмеуі нэтижесінде құнсызданады, сэйкесінше ол инфляцияға әкеледі.

Әрбір егеменді мемлекет өзінің үлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі купюра мен бағаммен кағаз ақшаларын шы-ғарады. АҚШ өз валютасын - доллар, Ресей - рубль, Қазақстан -теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олар-дың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі. Өндірістің дамуы, коммерциялык жэне банктік несиелеу са-ласының кеңеюі ыэтижесінде металл ақшалар тауар айналы-мының қажеттіліктерін қанагаттандыруды тоқтатты жэне оның орынбасарларымен қатар несиелік кағаздар пайда болды.

Қағаз ақшалар сатып алу жэне төлем кұралдары ретінде мем-лекет қажеттіліктерін қанагаттандыру үшін арналған. Қазақстан-дағы олардың эмитенттері болып ¥лттық Банк есептеледі. Шыға-рылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару кұны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемле-кеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз акшалар екі қызметті ғана аткарады: айналым құралы жэне төлем кұралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы жайлы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы туралы
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті
Ақша несие банк
Ақшаның экономикалық мәні, қызметтері және түрлері
Ақша айналысы мен заңы
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы
Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz