Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара қатынасы



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жай сөйлем, өзіндік белгілері
2. Құрмалас сөйлем, өзіндік белгілері
3. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тіл атқаратын қызметтердің ең бастысы – коммуникативтік функция. Бұл функция сөйлем арқылы іске асады, сөйлемнен басқа тілдік элементтердің ешқайсысы да ол қызметті атқара алмайды. Сөйлемнің басқа тілдік элементтерден, солардың ішінде сөздер тіркесінен ең негізгі өзгешелігі – оның коммуникативтік ең басты және бірден-бір тұлға екендігінде. Сондықтан сөйлем синтаксистің ең негізгі объектісі деп есептеледі. Адам өз ойын, көңіл –күйін басқаларға сөйлем арқылы білдіре алады, сөйлем арқылы ғана басқалардың ойын біледі. Сөйлем – қисындық пайымдауды жарыққа шығаратын материалдық көрсеткіш. Бірақ бұдан сөйлем мен пайымдау тепе-теңдік бірлікте деген қорытынды шықпайды. Логикада сөйлем аяқталған ойды білдіреді деген анықтама бар, бірақ ойды аяқтау үшін кейде бір емес, толып жатқан сөйлемдер айту қажеттігі тәжірибеден белгілі. Сөйлем аяқталған ойды емес, жеке ойды білдіреді. Ондай жеке ойлар қисындық жағынан аяқталмауы да мүмкін. Сондықтан сөйлем –аяқталған ойды емес, жеке ойды оған тетелес басқа ойдан бөліп көрсететін коммуникативтік дербес тұлға. Бұдан сөйлем әрдайым ойды білдіреді деген қорытынды шығаруға да болмайды. Сөйлем адамның көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, өзін қоршаған әлемге қатынасын т.б. байқатуы да мүмкін. Мысалы, Тәйт! Әй-әй-әй! Мәссаған! Ойдайт дерсің! Бұл жағдай сөйлемді анықтауда оның тек оймен, санамен қатынасын ғана басшылыққа алудың жеткіліксіз болатындығын байқатады.
Қ. Жұбанов: «Сөзбен білдірілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкін. Ойды бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де түгел білдіруге болады. Қыс. Күн боран. Жердің үстін жапқын қар, -дегенде қыс деген жалғыз сөздің өзі де түгел бір ойды білдіріп тұр» деген пікір айтады. Ал С.Аманжолов еңбегінде: «Сөйлем дегеніміз –сөз таптарының, тұлғалардың, яғни сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасын көрсететін, сөйтіп барып, тиянақты ойды білдіретін категория» деген ойлар айтады.
Сөйлемге тән белгілер, оның грамматикалық сипатын айқындайтын синтаксистік категориялар- коммуникативтік пен модальдық және предикаттық белгілер. Бұл категориялардың әрқайсысынң өздеріне тән ішкі мағыналық және сыртқы материалдық көрсеткіштері бар.
Коммуникативтік категорияның ішкі синтаксистік мағынасы – басқаларға бірдемелерді хабарлау, білдіру, яғни қатынас жасау болса, ал оның сыртқы материалдық көрсеткіші- тиянақталған интонация. Сөйлем атаулының қандайы болса да, басқалармен қатынас жасау, оларға өзінің
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Т. Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.- Алматы: Санат, 1995. – 176 б.
2. С. Аманжолов. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.-Алматы: Санат, 1994. - 320 б.
3. Қ. Есенов. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 1995. – 136 б.
4. М. Балақаев, Т. Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Санат, 2003. -240 б.
5. Ғаламтор желісі. www.google.kz

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара қатынасы

Орындаған: КО-31 тобының студенті
Ибрагимова З.
Тексерген: ф. ғ.к., доцент Жуынтаева З.Н.

Қарағанды - 2014
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жай сөйлем, өзіндік белгілері
2. Құрмалас сөйлем, өзіндік белгілері
3. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тіл атқаратын қызметтердің ең бастысы - коммуникативтік функция. Бұл функция сөйлем арқылы іске асады, сөйлемнен басқа тілдік элементтердің ешқайсысы да ол қызметті атқара алмайды. Сөйлемнің басқа тілдік элементтерден, солардың ішінде сөздер тіркесінен ең негізгі өзгешелігі - оның коммуникативтік ең басты және бірден-бір тұлға екендігінде. Сондықтан сөйлем синтаксистің ең негізгі объектісі деп есептеледі. Адам өз ойын, көңіл - күйін басқаларға сөйлем арқылы білдіре алады, сөйлем арқылы ғана басқалардың ойын біледі. Сөйлем - қисындық пайымдауды жарыққа шығаратын материалдық көрсеткіш. Бірақ бұдан сөйлем мен пайымдау тепе-теңдік бірлікте деген қорытынды шықпайды. Логикада сөйлем аяқталған ойды білдіреді деген анықтама бар, бірақ ойды аяқтау үшін кейде бір емес, толып жатқан сөйлемдер айту қажеттігі тәжірибеден белгілі. Сөйлем аяқталған ойды емес, жеке ойды білдіреді. Ондай жеке ойлар қисындық жағынан аяқталмауы да мүмкін. Сондықтан сөйлем - аяқталған ойды емес, жеке ойды оған тетелес басқа ойдан бөліп көрсететін коммуникативтік дербес тұлға. Бұдан сөйлем әрдайым ойды білдіреді деген қорытынды шығаруға да болмайды. Сөйлем адамның көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, өзін қоршаған әлемге қатынасын т.б. байқатуы да мүмкін. Мысалы, Тәйт! Әй-әй-әй! Мәссаған! Ойдайт дерсің! Бұл жағдай сөйлемді анықтауда оның тек оймен, санамен қатынасын ғана басшылыққа алудың жеткіліксіз болатындығын байқатады.
Қ. Жұбанов: Сөзбен білдірілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкін. Ойды бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де түгел білдіруге болады. Қыс. Күн боран. Жердің үстін жапқын қар, -дегенде қыс деген жалғыз сөздің өзі де түгел бір ойды білдіріп тұр деген пікір айтады. Ал С.Аманжолов еңбегінде: Сөйлем дегеніміз - сөз таптарының, тұлғалардың, яғни сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасын көрсететін, сөйтіп барып, тиянақты ойды білдіретін категория деген ойлар айтады.
Сөйлемге тән белгілер, оның грамматикалық сипатын айқындайтын синтаксистік категориялар- коммуникативтік пен модальдық және предикаттық белгілер. Бұл категориялардың әрқайсысынң өздеріне тән ішкі мағыналық және сыртқы материалдық көрсеткіштері бар.
Коммуникативтік категорияның ішкі синтаксистік мағынасы - басқаларға бірдемелерді хабарлау, білдіру, яғни қатынас жасау болса, ал оның сыртқы материалдық көрсеткіші- тиянақталған интонация. Сөйлем атаулының қандайы болса да, басқалармен қатынас жасау, оларға өзінің ойын, көңіл-күйін, ішкі толғаныстарын білдіруге, жарыққа шығаруға арналады. Осы себептен де сөйлемді коммуникативтік категория, коммуникативтік негізгі тұлға дейді.
Модальдық категория сөз иесінің беріліп отырған хабарға өзіндік көзқарасын байқатады. Ол өзінің мағынасы арқылы сөйлемнің айтылу мақсатын, сазын білдіреді. Модальдық сипатына қарай сөйлемдер хабарлы, бұйрықты, сұраулы, лепті болып бөлінеді. Модальдық категорияның сыртқы материалдық көрсеткіші - интонация мен әр түрлі морфологиялық және лексикалық элементтер. Модальдық мағынаның көрінісі, берілуі тілдерде біркелкі болмайды. Модальдық мағына материалдық жағынан грамматикалық та, лексикалық та болады. Грамматикалық модаль негізінде етістік райлары арқылы жасалады. Бұл жағынан алғанда, модальдық категория предикаттық категориямен үндеседі. Лексикалық модаль тілдегі модаль сөздер арқылы беріледі.
Предикаттық категория - сөйлемнің сөйлем екенін танытатын негізгі белгілердің бірі. Ол бастауыш пен баяндауыштың бір-бірімен байланысынан туады. Сондықтан бұл екі мүшенің байланысы предикаттық қатынас деп аталады. Предикаттық категория сөйлем мазмұнының айналадағы ақиқат өмірмен қандайлық арақатынаста екенін білдіреді. Басқаша айтқанда, хабардың жақтық, шақтық, әр түрлі модальдық мәндері предикаттық қатынастың мағыналық түрлері болып есептеледі.
Предикаттық байланыс - сөйлемнің негізі, қаңқасы. Бұл байланыс сөйлемдегі ой қазығы, баяндалатын әрекет, белгі иесі бастауышпен сол әрекетті, белгіні білдіретін баяндауыш арасында болады. Қисындық жақтан алғанда, бастауыш субъектінің, баяндауыш предикаттың материалдық көрсеткіштері. Сондықтан да бұл екеуі арасындағы байланыс - предикаттық байланыс немесе предикация деп аталады. Бірақ бұл айтқандардан грамматикалық бастауыш пен логикалық субъект грамматикалық баяндауыш пен логикалық предикат тепе-теңдік бірлікте деген қорытынды шықпайды. Бұлар арасында көптеген айырмашылықтар бар.
Сөйлемнің бұл айтылған үш түрлі белгісі, категориясы - бір-біріне байланыссыз, бөлек-бөлек жатқан дүниелер емес, өзара бірлікте, бір сөйлем ішінде кейде қабаттасып та жүретін белгілер. Коммуникативтік пен модальдық категориялар сөйлем сайын кездеседі. Бұл екеуінсіз сөйлем жоқ. Ал предикаттық категория жоғарыда келтірілген - Тәйт әрі! Мәссаған! Дегендер тәріздес сөйлемдерде болмайды, яғни сөйлем сайын болуы шарт емес [1, 6-7].
Негізгі бөлім
Жай сөйлем, өзіндік белгілері
Жай сөйлем - бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі - құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады.
Ал енді жай сөйлем деген не, соған тоқталайық. Бұл - күрделінің қарсысы. Мұның өзі де шартты алынған термин. Жай сөйлем негізінде, бір-ақ ойды білдіретін объект - субъектілік қарым-қатысы болуы ғажап емес [2,161].
Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады: Студент оқып жүр. Марат - студент. Қос сыңарлы жай сөйлемде сөз саны елеулі қызмет атқармайды, бастысы - сөйлемнің екі тұрлаулы мүшесінің неше сөзден құралғанына қарамастан, бір ғана тиянақты ойды білдіруі. Оның етістіктен ғана жасалған баяндауышқа аяқталуы міндетті емес. Есім баяндауышты да жай сөйлем бола береді.
Жай сөйлем жеке сыңарлы болғанда, ол сөйлем не тек бастауыштан, не тек баяндауыштан тұрады: Біздің ауыл. Қала көшесі. Таң атып келеді. Күн батып бара жатыр. Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек. Жай сөйлем бірнеше топқа бөлінеді. Олар: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, атаулы.
Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.
Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.
Құрмалас сөйлем, өзіндік белгілері
Құрмалас сөйлем - синтаксистің үлкен бір саласы. Тіліміздегі жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері де бір предикаттық қатынастың негізінде құрылса, құрмалас сөйлемдер ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде жасалады.
Кез келген жай сөйлемдер өз-өзінен құрмаласа бермейді. Жеке жай сөйлемдер бір бүтін құрмалас болу үшін олардың арасында мағыналық, тұлғалық және интонациялық тығыз байланыстылық болу қажет. Жеке жай сөйлемдегі заңдылық (бастауыш, баяндауыштың негізінде құралу) құрмалас сөйлемнен де талап етіледі. Соңғысы екі предикаттық қатынастың негізінде құралады деуіміздің себебі де осыдан [3,4-5].
Сонымен, жай сөйлемдердің құрылыс материалы жеке сөздер мен сөз тіркесі, оралымдар болса, құрмалас сөйлемнің құрылыс материалы жеке жай сөйлемдер болады.
Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған былайша анықтама беруге болады: Құрамындағы екі не одан да көп сөйлемдердің предикаттық қатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық және интонациялық жағынан өзара тығыз байланыса жұмсалып, күрделі бір ойды білдіре айтылуын құрмалас сөйлем дейміз [3,5].
Құрмалас сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Құрмалас сөйлемдердің бұл үш түрінің бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері бар. Салалас құрмалас сөйлемге енетін әр сөйлемнің баяндауышы тиянақты болса, ал сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауыштары тиянақсыз келеді. Ал аралас құрмалас сөйлем кемінде үш сөйлемнен құралып, онда сабақтас құрмалас сөйлемнің де, салалас құрмалас сөйлемнің де қасиеттері болуы тиіс [4, 232].
Белгілі бір грамматикалық категориялардың өздеріне тән айырым белгілері, грамматикалық көрсеткіштері болады. Құрмаластың өзі жай сөйлемдерден өрбіп шыққаннан кейін, оның да өзіне тән айырым белгілері, зерттеу объектілері болады.
Құрмалас сөйлемнің айырым белгісі дегенімізде, ол оны жай сөйлем синтаксисінен ажырата алатындай болу керек. Жалпы белгілер төмендегідей:
1. Жай сөйлемнің құрылыс материалы жеке сөздер мен сөз тіркесі болса, құрмаластың құрылыс материалы жеке сөйлемдер болады. Мұның өзі оларда болатын предикаттық қатынастың санын айқындайды: жай сөйлем бір предикаттық қатынасқа негізделсе, құрмалас сөйлем ең кем дегенде екі предикаттық қатынасқа негізделеді. Мысалы: Мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарсылық мәнді құрмалас сөйлемдер
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі
Пәндер