Экономика және оның негізгі мәселелері



Жоспар:
Кіріспе
І. Экономика теория пәні және оның зерттеу әдістері
ІІ. Экономика ғылым ретінде даму кезеңі
ІІІ. Экономикалық жүйелерінің негізгі түрлері
ІV. Экономикалық категориялар мен функциялары
V. Қорытынды
VІ. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың экономикалық мәселелерді белсенді түрде талдай білуге, экономика жағдайын ойлау қабілетін, экономика туралы білімділік ой-өрістерін кеңейтіп, осыған байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыру болып табылады.
Экономикалық тероия адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі, адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндірілуі қажет. Басқаша айтқанда, өмірге қажетті азық – түлік, киім, тұрғын үй, отын, т.с.с. тұтынуға жарамды заттар өндірілуі керек.
Осыған орай не өндіру, қалай өндіру, кімдер үшін өндіру деген сұрақтар адам баласының әрбір жеткіншек буындарының алдында тұрған маңызды міндет. Адамзат өмір сүруі үшін тұтыну қажет. Тұтыну қалай тоқтамаса, өндіріс те солай тоқтамауы керек. Нәтижесінде өндіріс қоғамдық өндіріс болып саналады. Себебі жеке өнім өндірушілер өздерінің қажетін өтеп ғана қоймай, қоғам мүшелері үшін де қызмет атқарады. Қоғамның өндіргіш күштері даму барысында, алдымен адамдардың еңбекке қабілеттердің өсуіне байланысты, алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайда болуына сәйкес, тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіп, зкономика тауар – ақша немесе нарық қатынасы пайда болды.
Нарық қатынастарының дамуы елімізде білім беру жүйесінің алдына айқын талаптар қойып отыр. Ғылыми прогресс пен экономикалық, әлеуметтік салалардағы жедел өндірістерді ескере отырып, білім беру жүйесінде қазіргі оқу бағдарламаларын енгізу арқылы білім берудің мазмұнын жаңарту қажет. «Білім» беру бағдарламасында: «Мемлекеттік білім беру жүйесінде жүргізілетін реформаларының мақсаты, оны нарықтық экономика жағдайларында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере отырып, сапалы өзгерістерін қамтамасыз ету болып табылады», - делінген.
Сондықтан білім беру саласы жаңа мазмұнға ие бола отырып, қазіргі заман талабына сай, жан – жақты дамыған, іскер, жаңашыл азаматтар дайындауы тиіс. Өскелең ұрпақтың өмірге естене араласуы мен іс – әрекетінің тиімділігі, білім деңгейі мен тәрбиесі педагогтар еңбегіне тікелей байланысты. Бұл бағытта білім беретін оқу орындарында экономика пәнін оқытудың рөлі
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мамедов О.Ю. Қазіргі экономика. Ростов-на-Дону, 1995ж.
2. Экономикалық теория курсы. Оқулық. проф. Чепурин М.Н., проф. Киселева Е.А. жалпы редакциясымен, Киров 1999ж.
3. Экономика курсы. проф. Райзберг Б.А. жалпы редакция басшылығымен, Москва, 1997ж.
4. Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Экономикалық теория негіздері. Москва, 1996ж.
5. Котлер Ф. Маркетинг негіздері, М., Прогресс, 1990ж.
6. Шеденов У.Н. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004ж.
7. Нуреев Р.М. Микроэкономика курсы. Москва, 1999ж.
8. Назарбаев Н.А. «Қазақстан - 2030» Алматы. Бiлiм, 1997ж.
9. Назарбаев Н.А. «ХХІ ғасыр табалдырығанда». Алматы. «Өнер», 1996ж.
10.Жолдасова Г. Экономика негіздері: Оқу құралы, 2-басылым. – Астана: Фолиант, 2011. – 224б.
11.Женсхан Д. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2008 ж.
12.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008, 27 б.б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Құлан ауылшаруашылық колледжі

Курстык жумыс

Экономика және оның негізгі мәселелері

Орындаган: Төребеков Асылбек
Тексерген:

2014 жыл
Жоспар:
Кіріспе
І. Экономика теория пәні және оның зерттеу әдістері
ІІ. Экономика ғылым ретінде даму кезеңі
ІІІ. Экономикалық жүйелерінің негізгі түрлері
ІV. Экономикалық категориялар мен функциялары
V. Қорытынды
VІ. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес Экономикалық теория негіздері курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты - болашақ мамандардың экономикалық мәселелерді белсенді түрде талдай білуге, экономика жағдайын ойлау қабілетін, экономика туралы білімділік ой-өрістерін кеңейтіп, осыған байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыру болып табылады.
Экономикалық тероия адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі, адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндірілуі қажет. Басқаша айтқанда, өмірге қажетті азық - түлік, киім, тұрғын үй, отын, т.с.с. тұтынуға жарамды заттар өндірілуі керек.
Осыған орай не өндіру, қалай өндіру, кімдер үшін өндіру деген сұрақтар адам баласының әрбір жеткіншек буындарының алдында тұрған маңызды міндет. Адамзат өмір сүруі үшін тұтыну қажет. Тұтыну қалай тоқтамаса, өндіріс те солай тоқтамауы керек. Нәтижесінде өндіріс қоғамдық өндіріс болып саналады. Себебі жеке өнім өндірушілер өздерінің қажетін өтеп ғана қоймай, қоғам мүшелері үшін де қызмет атқарады. Қоғамның өндіргіш күштері даму барысында, алдымен адамдардың еңбекке қабілеттердің өсуіне байланысты, алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайда болуына сәйкес, тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіп, зкономика тауар - ақша немесе нарық қатынасы пайда болды.
Нарық қатынастарының дамуы елімізде білім беру жүйесінің алдына айқын талаптар қойып отыр. Ғылыми прогресс пен экономикалық, әлеуметтік салалардағы жедел өндірістерді ескере отырып, білім беру жүйесінде қазіргі оқу бағдарламаларын енгізу арқылы білім берудің мазмұнын жаңарту қажет. Білім беру бағдарламасында: Мемлекеттік білім беру жүйесінде жүргізілетін реформаларының мақсаты, оны нарықтық экономика жағдайларында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере отырып, сапалы өзгерістерін қамтамасыз ету болып табылады, - делінген.
Сондықтан білім беру саласы жаңа мазмұнға ие бола отырып, қазіргі заман талабына сай, жан - жақты дамыған, іскер, жаңашыл азаматтар дайындауы тиіс. Өскелең ұрпақтың өмірге естене араласуы мен іс - әрекетінің тиімділігі, білім деңгейі мен тәрбиесі педагогтар еңбегіне тікелей байланысты. Бұл бағытта білім беретін оқу орындарында экономика пәнін оқытудың рөлі ерекше. Себебі бүгінгі түлек жаңаша өмір сүріп қана қоймай, қоғамның әлеуметтік - құқықтық, қоғамдағы экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру, қоршаған орта өзгерістеріне бейімделе бейімделе білуі мен қоғамда өз орнын таба білуге үйрету. Снымен қатар студенттерді эконмикалық мәдиенетпен, қоғамның экономикалық дамуының заңдылығымен таныстыру, оларды жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы негізінде материалдық құндылықтарды өндіру мақсатында еңбек ете білуге үйрету және өз Отанының патриот азаматын тәрбиелеу. Экономикалық теорияны оқыту - ұқыптылыққа үйретуге үлкен мүмкіндіктер тудырады, экономикалық түсініктердің мағынасына терең үңілуіне көмектеседі.Әр түрлі экономикалық тәсілдердеің, тасымалдардың қолданылуы білім сапасының көтерілуіне қол жеткізеді. Сонымен бірге, олардың танымдық белсендігі мен өзіндік қабілеттерінің қалыптасуына, ынталандыру идеялармыен жақын танысуына қолайлы ықпалын тигізеді.

1) Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымғға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз - ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.
Шаруашылық үрдістерді зерттеген кезде, экономикалық теория жалпы ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады.Осындай жалпы ғылыми әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар:

Бақылау, модельдеу.
Біріншісіне көңіл аударсақ, басқа ғылыми қызмет сияқты, экономикалық зерттеуде эмпирикалық міндеттемені атқарады, яғни тәжірибелік негізде құрылады. Мұны, бақылау әдісі айқындайды,яғни экономикалық құбылыстарды, олардың НАҚТЫ түрінде көру және фактілердің жиынтығын, қазіргі кездегі болып жатқан жағдайларды көрсетеді.Мысалы, бақылау әдісі арқылы,тауар бағасының осы кезде және келер уақытта қалай өзгеретіндігін анықтауға болады.
Модельдеу әдісі - әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды олардың теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған "диагноз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.
Ғылымда экономикалық үдерістер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар - М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері - В. Леонтьев, Л. Конторовин, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім - математик, физик және кибернетик - Дж. Нейман. Ол Пристон университетінін экономисі 0. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.
Ғылыми абстракция әдісі
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі - ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның таңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары, т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.
Ғылыми абстракция дегеніміз зерттейтін құбылыстың тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау үрдісінде категориялар,ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен үрдістердің жеке-дара жинақталғанын білдіреді.Мысалы, баға қозғалысын алсақ,бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ үрдіс тәрізді, бірақ та баға динамикасын нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді.
Анализ және синтез
Анализ және синтез әдістері әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс мөлшерін анықтайтын бұл - анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын бұл - синтез (1.5 сурет)

Анализ және Синтез
Экономиканың микро- және макроэкономикаға бөлінуі анализ және синтез әдісінің бөлінуімен байланысты, яғни шаруашылық жүйесіндегі екі әр түрлі деңгейді қарастырады.
Микроэкономика - бұл шаруашылық жүйесінің жеке элементтерін қарастырады. Ол жеке фирмалардың, үй шаруашылғының экономикасын зерттейді. Микроэкономика көбінесе анализ әдісіне жақынырақ.
Макроэкономика шаруашылық жүйесін түгелдей қарастырады, яғни экономикалық бірліктердің жиынтығын қарастырады. Мысалы: әлемдік экономиканы, ұлттық шаруашылықты және т.б. Былай айтқанда, егер де микроэкономика жеке ағаштарды зерттесе, ал макроэкономика - жалпы орманды зерттейді.
Макро- және микроэкономика бір- бірімен өзара байланысты болғандықтан, кейбір кезде оларды бір-бірінен айыру оңайға соқпайды. Көптеген экономикалық теорияның сұрақтары мен тақырыптары бұл екі салаға да қатысты және сол салаларға кіреді.
Индукция және дедукция

Индукция және дедукция
Индукция жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар,үрдістер шығарады. Дедукцияда керісінше,жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің,үрдістердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады.
Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады (индукция). Өз кезегінде,жалпы баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Кең көлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт -- аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес.
Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель, т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды -- заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI-XVII ғасырларда қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастар 1861 жылғы
реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты -- Меркантелистер мектебі. Ол (мерканте -- итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған.
Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғүрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген үғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі кеп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі.
Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға еткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да, қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады.
Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді. Ф. Кенэнің "Экономикалық кестесі" қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алғабасу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады.
Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия -- еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат - қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар.
Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (ұлпа) жүзеге асырылды. Сонымен бipгe XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капи - талистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бip топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гон - конг сияқты елдер қaзipгi заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде коғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.
Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісі әсерінен деуге болады. Ceбeбi социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ.
Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ecкepiп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын iздейді. Әрине, енбекақының өcyi, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелepiн шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын.
Қaзipгі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапо - ния, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түcipгeн пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкеpici экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асы - рылды.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкеpiciнің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәpi де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты.
Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

2) Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. Экономия терминін алғаш ұсынған Ксенофонт бойынша, термин мағынасы үй шаруашылығы (ойкос - үй, шаруашылық; номос - заң) деген ұғымды білдіреді.
Көп ғасырлар бойы экономия сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Бірақ феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашалығын жүргізу ережелерін ғана емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты экономия ұғымы жаңа мәнге ие болып, саяси экономияға айналды, ол грек тілінде полис - мемлекет; ойкос - үй шаруашылығы; номос - заң дегенді білдіреді. Саяси экономика ұғымын ғылымға енгізген А. Монкретьян болатын. 1615 жылы онвң Саяси экономия трактаты деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері баяндалған. Экономика - қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым. Мәселен, экономиканың көрнекті өкілі, ағылшын экономисі Уильям Петтидің Еңбек - байлықтың атасы, жер - оның анасы деген әйгілі қағидасы мәлім.
Қазіргі экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында (ХVI ғ. аяғы - XVII ғ. басы) дами бастады. Алғашқыда буржуазия өндіріске емес, байлықтың бейнесінде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын айналым саласына әрекет еткен. Сол себепті де бастапқы экономикалық ілім ретінде меркантелизм (итальян тілінде mercante - саудагер) ілім қалыптасты.
Меркантелизм екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде ол алтын мен күмісті байлықтың жалғыз нысаны ретінде идеализациялауға тән монетаризм түрінде танылады. Монетарист ақша балансы теориясын ұсынды. Оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Жасыл экономикаға көшу міндеттері
Экономикалық өсу және экологиялық мәселелер
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселесі
Экономика ғылымындағы Нобель сыйлығының лауреаттары,экономикалық теория қалыптасу кезеңдері
Экономикалық өсу және экологиялық мәселелер туралы
Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта қр-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары
Кәсіпорында кадрлық саясатты жетілдіру
Пәндер